Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 7 страница



Қазіргі кезде бет сүйегінің және оның доғасының сынықтарының көптеген оперативтік ем тәсілдері баршылық. (Дубов, Е. Ю. Брагин, Матас-Берини, Ходарович, және Баринова В. Н. тәсілдері). Біз жиі қолданатын хирургиялық ем тәсілдеріне тоқталайық.

1. А. А. Лимберг тәсілі 10 тәулік ішінде қолданылады. Орнынан жылжыған бет сүйек және оның доғасының сынығын, терідегі тілік арқылы арнайы көлденең орналасқан сабы бар ілмекпен іліп алып сыртқа және жоғары тартып орнына салады (44-сурет).

44-сурет. Лимберг ілмегімен бет сүйегінің сынығын репозиция жасау.

2. Бет сүйегі және көз ұясының төменгі қабырғасының сынығын айбат шүңқыры және жоғарғы жақ қуысы арқылы орнына салу.

Айбат шұңқырының аймағында, өтпелі қатпарда тілік жасап шырышты сүйек қабығынан тұратын қиындыны ілмекпен жоғары көтеріп айбат шүңқырын ашады. Гаймор қуысының алдыңғы бүйір қабырғасынан тесік жасап, ол арқылы қуыстағы қан ұйындысын, майда сүйек жарқыншақтарын алып тастайды. Сонан соң саусақпен қуыстың қабырғаларын тексеріп оның сынған жерін және көз ұясының қабырғасы қаншалықты қуысқа кіргенін анықтайды. Гаймор қуысы қабырғаларын, бет сүйегі сынығын, антибиотиктер ерітіндісі, май сіңген дәкемен қуысты толтыру арқылы орнына салынады. Колдуэлл-Люк тәсілімен гайморотомия операциясындағыдай қуыста жұмсақ резинадан түтік қалдырады, оның бір ұшын мұрын қуысынан шығарып қояды.

Өтпелі қатпардағы жараға тігіс салып, 2 күннен кейін тампонды алып тастайды.

Қарағанды медициналық институтының хирургиялық стоматология кафедрасының клиникасында гайморотомия операциясынан соң қуыстың қабырғаларын гетерогенді іш пердемен қаптап үрмелі балонның көмегімен ұстатып қояды. А. В. Клементов, Б. Я. Кельман т. б. қуысты йодоформды тампондауды ұсынады.

3. Сүйекке тігіс салу. Бет сүйегінің сынығын самай немесе ауыз қуысының ішінен жасалған тілік арқылы распатормен орнына салған соң бет-маңдай және бет-жоғарғы жақ аумақтарында қосымша 2 тілік жасап, сынық сызығының екі жағынан бормен тесіктер жасап, одан диаметрі 0,4—0,6 мм болат сым өткізіп ұштарын бір-біріне байлау арқылы сынық бөліктерін бекітуді ұсынады. 4. Н. А, Шинберев бет сүйегі сынығын Лимбергтің бір тісті ілмегімен гипстелген бас қалпағына бекітуді ұсынады.

5. Матас-Берини тәсілімен сынықты сым тұзақпен салу. Бассинидің иілген үлкен инесімен жіңішке сым тұзақты самай етінің аралығына кіргізіп сынықты тұзаққа іліп алып орнына салып бекітеді.

Нәтижелері. Сынық бөліктерін уақтылы, орнына дұрыс салып бекіткен жағдайда асқыну болмайды.

Функционалды өзгеріске ұшырамаған сүйек сынығына 1 жылдан астам уақыт өтсе косметикалық ақауын жою үшін контурлы пластика жасаған жөн.

Ал бет сүйегі сынып төменгі жақ сүйегінің қызметі бұзылғанына 1 жылдан асқан жағдайларда тәжді өсіндінің резекциясы немесе бет сүйегінің доғасына остеотомия операциялары жасалады.

Мұрын сүйектерінің сынықтары

Анатомиялық тұрғыдан қарағанда мұрын сыртқы мұрын және мұрын қуысына бөлінеді. Сыртқы мүрын беттің ортасында орналасып, оның пішіні сүйек және шеміршекті құрылысына байланысты әртүрлі болады. Сыртқы мұрынның маңдаймен жалғасқан жерін мұрын түбірі дейді, төменірек мұрын жотасы орналасқан, ол мұрын ұшымен шектеледі. Бүйір бетінің төменгі жағында танауды шектеп тұратын қанатшалары орналасады.

Мұрын сүйектері көбіне соққы бүйірінен тигенде сынады. Бұл жағдайда сынық соққы тиген жағында ішіне қарай (ортаңғы сызыққа), ал қарама-қарсы бетінде сыртқа қарай ығысады. Егер соққы алдынан артқа қарай тисе мұрын сүйектері маңдай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасқан жіктері бойымен сынады және мұрын пердесі зақымдануы мүмкін. Мұрын сүйектері кеңсіріктің, мұрынның қосымша қуыстарының, көз ұясы сүйектерінің, бас қаңқасының алдыңғы шұңқырында негізінен қатарласып сынуы мүмкін.

Носовтың мұрын сүйектері сынықтарының жіктелуі клиникада қолдануға өте қолайлы.

1. Мұрын сүйектерінің сынық бөліктері жылжымай және сыртқы мұрынның деформацияланбай (ашық, жабық) сынуы.

2. Мұрын сүйектерінің сынық бөліктері жылжып және сыртқы мұрынның деформацияланып (ашық, жабық) сынуы.

3. Мұрын пердесінің зақымдануы.

4. Мұрын пердесінің ашылған кітап тәріздес болып зақымдануы.

Мұрын сүйектері сынған науқастар ауыру сезіміне, косметикалық ақауға, мұрынмен тыныс алудың нашарлауына, кейде бастың айналатынына, лоқсуына шағым айтады. Мұрын сүйектері мидың зақымдануымен қосарлана жарақаттануы мүмкін, сондықтан зақымдану жағдайын және оның организмге әсерін мүқият тексеріп анықтау қажет. Мұрын сынуының ең айқын белгілерінің бірі одан қан ағуы. Сырттай қарап тексергенде мұрынның жұмсақ тіндерінің қатты ісінгені, төменгі қабақтың, сыртқы мұрынның теріасты клетчаткасының, төменгі және жоғарғы қабақ конъюнктивасының қанталағаны көзге түседі. Саусақпен басып тексеру тәсілі сүйек сынықтарының жылжымалығын, ығысып кеткен сүйектердің үшкір қырларын, сықырлауын, мүрын қуысының шырышты қабаты зақымданған жағдайда пайда болған теріасты эмфиземасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қатты ісінген жұмсақ тіндер мұрын сүйектерін саусақпен басып тексеруге қиындық тудырады. Белгісі бары-жоғын анықтау үшін гаймор қуысының алдыңғы қабырғасын, алмұрт тәріздес тесіктің қырларын, көз ұясының төменгі қырларын саусақпен тексеру қажет. Алдыңғы риноскопия тәсілі қан кеткен, тыныс алуға кедергі жасайтын жерлерді, мұрынның шырышты қабатының жағдайын, мұрын пердесінің деформациясын анықтауға мүмкіндік береді.

Сынықтың бар-жоғын, оның сын-сипатын, орналасқан жерін және сынықтардың ығысуын алдыңғы және бүйір проекциясында жасалған рентгенограммадан анықтауға болады.

Мұрын сүйектері сынған науқастарға көмек көрсетуге артқы немесе алдыңғы тампондау әдісімен қан тоқтату және сынықтарды орнына салу іс-әрекеттері кіреді. Мұрын сүйектері сынғанда жұмсақ тіндер жарақаттанса алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу керек.

Мамандандырылған көмек көрсеткенде барынша сыртқы мұрынның пішінін орнына келтіріп, оның физиологиялық қызметін жөндеуді мақсат ету керек. Мұрынның шырышты қабатын 1—2% дикаин немесе 5% кокаин ертіндісімен және сынық сызығы өтетін жердің жүмсақ тіндерін 2% лидокаин, тримекаин немесе новокаин ерітіндісін ендіру арқылы жансыздандырады.

Сынық бөліктерінің жылжыған, жылжымаған, ашық немесе жабығына қарамай сынықты мұрын ішінен (эндоназалды) салады. Ол үшін мұрын қуысына, басына дәке оралған Кохер қысқашының немесе элеватор ұшын кіргізіп сынықтарды, сынық бағытына қарама-қарсы бағытқа итеріп орнына салады. Осы іс-қимылдармен бірге екінші қолының саусақтарымен сынық бөліктерін орнына дұрыс орныққанын бақылап тұрады. Сынық бөліктері қайта ығысып кетпес үшін операциядан соң жоғарғы және ортаңғы мұрын тыныс жолдарына 7—8 күнде вазелинмен майланған йодоформды тампонмен толтырады, ал тыныс алуға мүмкіндік беру үшін мұрынның төменгі тыныс жолына хлорвинилді түтік салынады. Мұрынның сыртқы бүйірлеріне дәкеден жасалған тығыз білік қойылып, олар жабысқақ тартпамен бекітіледі. Уақытында көрсетілген көмек жақсы функционалдық және косметикалық нәтиже береді. Науқастың жүмысқа жарамсыздығы 10 күнге созылады. Жақ-бет жарақатында кездесетін асқынулар, алдын алу және емдеу

Қазіргі кезде асқынулардың ерте және кеш түрлерін ажыратады. Тікелей ерте асқынуларға тыныс алудың жеткіліксіздігі және асфиксия, қан кету, шок және коллапс, ертерек қан кегу, тыныс алу жолдары өткізгіштігінің жеткіліксіздігі және организмдегі су-электролит тепе-теңдігінің жедел өзгеруі жатады,

Кеш дамитын асқынуларға: екіншілік қан кету, бронхопульмональдық бұзылулар, жарақатты (оқ титең) остеомиелит, жоғары жақ қуысының жарақатты синуситі, церебральды өзгерістер т. б, (диплопия, парестезия, гиперестезия, сілекей жыланкөздері, анкилоз, шайнау бұлшықеттерінің контрактурасы жалған буында және т. б.).

Кеш асқынулардың негізгі 4 себебі бар:

1. Бет-жақ аймағының жұмсақ және сүйек тіндердің ақауларымен ауыр жарақаттануы.

2. Науқасты емдегенде мамандандырылған стоматологиялық көмектен қате кетуі.

3. Организмнің жалпы реактивтілігінің төмендеуі.

4. Ауыз қуысының патогенді емес микрофлорасының тез патогенді және жоғары вирулентті микрофлораға айналып, антибиотикке төзімділігінің артуы.

Ерте асқынулар. Асфиксия — өмірге қауіпті асқыну. Бет-жақ жарақатында асфиксияның даму себебіне байланысты 5 түрін ажыратады.

1. Дислокациялық асфиксия. Төменгі жақтың, әсіресе иек бөлігі сынған кезде тілдің артқа кетуінен пайда болады. Тіл түбі көмекейге қысым түсіріп жолды жауып тастайды. Шүғыл көмек көрсету: Науқасты қырымен жатқызады. Мүмкіндігінше тілді жібек жіппен тігіп омырауға бекітеді. Тіл тістің тістесу қырымен қатты жанаспауы керек әйтпесе жарақаттануы мүмкін. Тілді бинт-ке түйреуішпен бекітеді.

Төменгі жақ оқпен жарақаттанып сынғанда тіл де бірге зақымданады. Бұл жағдайда тілді тігудің пайдасы аз. Бұндай науқасты иегімен жатқызып, трахеостома жасайды.

2. Обтурациялық асфиксия. Жоғарғы тыныс жолдарына бөгде заттардың түсуінен болады. Оларды жұтқыншақтан саусақпен алса ауаның енуіне жағдай жасап асфиксияны жояды. Ал тілді тіксе бөгде зат көмекейге және кеңірдекке кетеді.

3. Стенотикалық асфиксия. Дауыс байламы кеңістігіне немесе көмекейдің артқы бөлімінде гематоманың пайда болуынан болады. Мұны клиникалық тексеруден өткізгенде көз жеткізеді. Мойындағы қан аққан тамырды тауып, тігіп, ісінуге қарсы ем жүргізгеннен кейін тыныс алудың жеткіліксіздігі басылады. Егер қысым түсіруші дене көлемі үлкен болса крикотомия жасауға болады. Трахеяны жуан инемен тесіп трахеостома салады, тіл тігілмейді.

4. Қақпақшалық асфиксия. Жұмсақ таңдай немесе жұтқыншақтың артқы қабырғасы жыртылғанда пайда болады. Бүл түрін обтурациялық асфиксиядан ажырату керек. Саусақпен қарағанда жүмсақ тіндердің қиындысы байқалады.

Мұндайда науқасты басын төмен қаратып немесе бүйірімен жатқызу керек. Экстремальды жағдайда коникотомия немесе жуан инемен трахеяны тесуге болады. Хирург-стоматолог жұмсақ тіндерді қалпына қойып тігеді.

5. Аспирациялық асфиксия. Трехея мен бронхқа құсық массалары, қан ұйындысы түскенде дамиды. Көмек көрсету: Трахеостома салынады. Трахеобронхиальды бағана санацияланады. Мұнда көбіне төменгі трахеостомия жасалады. Саусақпен қалқан тәрізді шеміршектің төменгі жиегін ұстап көріп алады. Тілік ортаңғы сызық бойынша сақина тәрізді шеміршектен төмен төс ойығына дейін жүргізіледі (үлкендерге 6—7 см, балаларда 3—4 см). Теріні, теріасты клетчаткасын, беткей фасцияны кеседі. Одан кейін екінші фасцияны кесіп ашады. Клетчатканы тұйық жолмен сыдырады, анатомиялық пинцетпен төмен сырғытып, тұйық ілмекпен веноздық өрімді әрі жылжытады. Одан әрі мойынның үшінші фасциясын тіледі. Сәл тереңіректе көмекейдің бұлшықеттерін ілмекпен ажыратып, трахея қабырғасына, қалқанша безге жетеді. Тұйық ілмекпен безді жылжытады. Трахеяны ашпас бұрын мұқият қан кетуді тоқтатады. Құрғатып сүртеді де операциялық алаңға салфеткалар қояды. Үшкір екі тісті ілмекпен трахеяны екі жағынан көтеріп қандауырмен кеңірдектің екі сақинасын (4—5-ші) кесіп, аспаптың ұшын 0,5—1 см енгізеді. Шырышты қабаттың тітіркенуінен тыныс түтігін кескенде жөтелу рефлексі пайда болады. Кеңірдектің жиегін Груссо кеңейткішімен ажыратып трахеостомалық түтік енгізеді. Одан бұрын ішіне — 5% кокаин ертіндісі немесе 2% дикаин ертіндісін тамызу керек. Сонда ғана жөтел рефлексі болмайды.

Жарақаттың бұрышы бірнеше жерден тігіледі. Трахеостомиялық түтіктің ұшын дәкеге бекітіп мойынға ұстатады. Тігіс сызығының бойын аздап таңып жабысқыш пластырмен бекітеді. Түтіктің түбіне ылғалданып қалмас үшін кленка жапқыш енгізеді.

Қан кету. Ерте және кейін қан кету, қан тамырлары жыртылғанда бірінші 24-48 сағатта өтеді.

Біріншілік көмек. Жараға қысым түсіретіндей етіп таңу. Профузды қан кететін жағдайда тамырды саусақпен басу керек. Жалпы ұйқы артериясын VI мойын омыртқасының бүйір өсіндісінің тұсында басады. Бұл нүкте төс-бұғана-емізікше бүлшықетінің алдыңғы қырымен қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегінен жүргізілген көлденең сызықпен қиылысқан жері. Бұл жерді бас бармақпен басады, ал қалған саусақтар мойынның артында қалады.

Жалпы ұйқы артериясына қысымды таңба салуға болады. Мойынның жарақаттанған жеріне тығыз білік салып, қолынан өткізе дәкемен байлап тастайды. Бұл сау жағындағы ұйқы артериясын қысымнан сақтайды. Мойындағы жарақаттан қан кеткенде, алдымен мойынның қан тамыр шоғырын төс-бұғана-емізікше бұлшықеттерінің алдыңғы жиегінен ұзынша тілікпен жалаңаштап, жалпы ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венасының астына провизорлы лигатура енгізеді, содан кейін ғана жарақатты тексеріп таңады.

Сыртқы ұйқы артериясын байлау. Науқасты шалқасынап жатқызып, жауырын астына білік қойып басын шалқайтады. Төс-буғана-емізікше бұлшықетінің алдыңғы қырынан төменгі жақтың бұрышына дейін 5—6 см тілік жасап, теріасты май қабатын, беткей фасция және теріасты булшықетін, мойынның меншікті фасциясын кеседі. Төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің медиалды жиегін жалаңаштап, оның алдыңғы жағын жарып сыртқа қайыра-ды. Қынаптың артқы қабырғасын да кеседі. Тұйық жолмен венозды бағаналар мен тіласты нервін жылжытады. Егер бет венасын жанынан әкетуге мүмкіндік болмаса оны байлап, кесіп қояды. Одан кейін үйқы артериясының фасциясын ашады. Жалпы ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық веналарының арасында, артқа таман кезеген нерв орналасқан. Жалпы үйқы артериясының бойымен оның бифуркациясына жетеді. Ол қалқанша тәрізді шеміршектің алдыңғы деңгейінде. Сыртқы ұйқы артериясы ішке және алға қарай орналасқан және ол ірі тармақтар береді. Ал ішкі ұйқы артериясының тармақтары жоқ. Сыртқы ұйқы артериясын ішкі мойындырық венасы мен кезеген нервтен ажыратып алған соң, астына екі лигатура салып бір-бірімен 1 см қашықтықта жоғарғы қалқанша және тіл артериялары араларында байлап, сол аралықтан қияды. Артерияның ортаңғы шетіне екінші лигатура салады. Лигатураны байламай тұрып самай артериясының пульсі тоқтап қалмауын байқап алу керек.

Тіл артериясын байлау. Төменгі жақасты аймағында параллель болатындай етіп жақтың жиегінен 2 см төмен ұзындығы 6 см тілік жасайды. Теріні, теріасты май клетчаткасын, мойынның беткей фасциясын, беткі жапырақшасын кеседі. Төменгі жақасты сілекей безін жалаңаштап ашып, мобилизациялап, жоғары және ішке әкетеді. Шамамен Пирогов үшбұрышын анықтайды, ол (алдынан) жақ-тіл бұлшықетінің артқы қырымен (артынан) қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарынша сіңірімен және (жоғарыдан) тіласты нервісімен шекараланады. Үшбұрыш аймағында тіласты-тіл бұлшық еті, одан ішкері тіл артериясы орналасады. Бұл бұлшық еттің талшығын қысқашпен жылжытады да тіл артериясын ашып, тігіп байлайды. Егер манипуляция дөрекі орындалса жұтқыншақ қабырғасын жыртып алу қаупі туады.

Бет артериясын байлау. Төменгі жақтың қырынан 2 см төмен параллель ұзындығы 5 см тілік тілінеді. Тіліктің бастамасы төменгі жақ бұрышынан 1 см алға орналасу керек. Теріні, теріасты май қабатын, мойын фасциясын, теріасты бұлшықеті кесіледі. Меншікті шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегінен өтетін бет артериясын ажыратып алып, байлап таңады. Оның жанында бет венасы болады. Кеш асқынуларға екіншілік қан кету бронхопу-льмональды асқыну, контрактура, сынықтар консолидациясы, жалған буындардың түзілуі, жарақатты остеомиелит және гайморит.

Екіншілік қан кету. Жарақаттанғаннан 7—15 күннен соң, әсіресе оқ тиіп жарақаттанғанда кездеседі. Негізгі себептер: тромбтың іріңді қалқуы немесе қан тамырдың тесілуі. Кеш қан кету бірнеше рет қайталануы мүмкін. Бұл жарақаттың сипатына, іріңді асқынудың ағымына, ол жарақатты хирургиялық өңдеудің сапалылығына байланысты. Кеш қан кету 2—5% жағдайда кездеседі. Ол кенеттен пайда болады, күндіз немесе түнде екіншілж қан кету пайда болғанға дейін мынадай белгілері біліне бастайды: а) жа-рақатта еш себепсіз ауыру сезімі күшейеді; б) жарақаттан қан шыға бастайды; в) қанды сілекей аралас қақырық немесе жөтел пайда болады; г) ауыз қуысы түбінде және мойында ірі қан тамырлар маңайында іріңді процестер күшейеді. Дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін ұйқы артериясын қысу қажет. Шұғыл дәрігерлік көмек — қысқаш салып, тамырды екі лигатурамен көрші жұмсақ тіндерге бекітеді. Қан тоқтатқаннан кейін науқастарға антигеморрагиялық, антибактериялық дәрілер тағайындалады. Қатаң төсек режимі, арнайы бақылау жасайды.

Тыныс алу жеткіліксіздігі. Негізгі үш түрі бар: орталық, шеткі және аралас.

Орталық түрі көбінесе бет-жақ аймағы, бас-ми жарақаттары бар науқастарда кездеседі. Шеткі тыныс алу түрі бас-ми жарақатымен қатар іш пен төс жарақаттанған кезде болуы мүмкін. Сондықтан тыныс жолдарында айқын обтурация көрінеді. Әсіресе жұтқыншақта, құсық массалары, қан мен аралас бөгде заттар білінеді. Клиникалық көрінісі: тыныс алуы бұзылады. Көмек көрсету ауыз қуысын тазарту, жұтқыншақты тазартып, ауаның енуін қамтумен сипатталады. Ол егер ауыр болса трахеостома салуға тура келеді.

Аралас түрінде ажырату мен көмек көрсету қиынға түседі. Негізгі күш трахеобронхиальды бағананы тазартып, өткізгіштігін қалыптастыруға бағытталады. Өкпе вентиляциясы жақсарғаннан кейін қан айналым жақсарады. Венамен қан келу толығады, қысым теңесіп, жүрек қызметі қалпына келеді. Сондықтан тахикардия азайып, артериялық қысым төмендейді.

Дұрыс орналаспаған сынықтарды консолидациялау. Жиі өз уақытында көрсетілмеген көмек немесе қателік салдарынан болады. Бұл окклюзияның бұзылуына әкеледі.

Төменгі жақтың дұрые бітіспеген сынықтарын қайта бөлшектеп, оларды дұрыс жағдайға келтіріп бекіту. Мұндай операцияларда өзі қататын пластмассаларды металмен араластырып остеосинтез жүргізген жөн. Бұл операция өте күрделі, себебі, сүйектер бітісіп кеткен. Сынықтарды бөлшектегенде қызыл иек шырышты қабығы жарақаттануы мүмкін. Сынықтарды репозициялағанда тістесу бойынша жүргізген жөн. Сондықтан алдын ала тіске құрсау салады.

Баяуланған консолидация және жалған буын. Төменгі жақ сынған кезде сынықтардың консолидациясы негізгі мерзімнен 2— 3 аптаға кешігуі мүмкін. Оның себебі: авитаминоз, инфекциялы аурулар, зат алмасудың бұзылуы, ішкі секреция бездерінің дерттері (диабет). Жергілікті себептерге: сынықтардың ығысып жылжымалы келуі, жұмсақ тіндермен сүйек фрагменттері арасында интерпозиция, сүйек тінінің ақауы, трофикалық бұзылулар, сүйек жарақатындағы қабыну процестері. Бұл асқынуларды емдеудің мақсаты: себебін жою, организмнің қорғаныс қызметін нығайту.

Кейде сынықтар мүлде бітпегендіктен, жалған буындар қалыптасады. Бұл кезде сүйек сынықтарының ұштары муфти тәрізді фиброзды тінмен өзара байланысқан болады. Жалған буынның түзілу себептері: төменгі жақ сынықтарын кеш немес жеткіліксіз иммобилизацияланудың тиімсіздігі, сүйек фрагмент терін дұрыс репозицияламау, сынық ұштарының аралығындағы бұлшықеттің болуы, жақтың патологиялық сынуы, сынық ұшындағы қабыну процесінің дамуы.

Клиникасы. Сүйек сынықтарының консолидация мерзімі бас талғаны, рентгенограммада әр сынықта компактілі пластинка көрінеді.

Емдеу. 2 см-ден асқан сүйектің сынуы кезінде мықты фиксацияның өзінде қалпына келмей жалған буын дамиды. Мұндай жағдайда сүйек рамасы немесе бұрандалы пластинкамен остесинтез синтездеу әдісі тиімді келеді. Сынықтарды бекіткеннен кейін түзілген ақауға, аутотрансплантат енгізеді.

Жарақатты остеомиелит. Төменгі жақтың жарақатты сынығы кейде жарақатты остеомиелитпен асқынады. Ал жоғарғы жақта мұндай асқынулар сирек кездеседі.

Остеомиелиттің дамуына жергілікті факторлардың әсері бар:

1) Сынықтың ұзақ уақыт қозғалмалылығы инфекцияныц енуіне жағдай жасауы.

2) Сынық тұсында созылмалы процестері бар түбірлер мен тістердің болуы.

3) Остеомиелиттің дамуына сьшық сызығының сипаты мен сынық аралығындағы жарықшақтардың көп болуы.

Төменгі жақтың жарақатты остеомиелитінің 4 клиникалық кезеңі бар:

1) Жасырын кезеңі — жарақатта біріншілік реакцияның болуы.

2) Жедел қабыну белгілері бар кезең. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде басталады. Бұл кезең әдетте 7 күннен кейін басталып, тіндердің ісінуінің ұлғайып температурасының артуымен сипатталады. Жалпы әлсіздік болады. 4—5 күн ішінде жақ маңында абсцесс немесе флегмона түрінде іріңдіктер түзіледі.

3) Іріңдіктердің ашылуы. Бұл кезеңде жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып, ауыру сезімі басылып, инфильтрат және беттің жұмсақ тіндерінің ісінуі азаяды. Іріңді жыланкөздер пайда болады. Басында азаяды, бірақ жоғалып кетпейді. Іріңнің бөлінуі қабынудың айқындылығы мен жеделдігінің дәрежесіне байланысты.




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.