Жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі. 2-баяндамашы «ЭКСПО» тарихына қысқаша шолу Әсел
Жүргізуші: Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» болып аталды. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмелері Қазақстанның бас қаласы Астанада өткізілмек.
3-баяндамашы: Мүкәрім Мөлдір
ЕХРО ның әсері өлең
Құрметті дөңгелек үстелдің қонақтары ЕХРО көрмесіне факультетіміздің күйшісі Күнекеев Аманның Құрманғазы күйі Сары арқа тамаша күйіне кезек берейік.
Жүргізуші:
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. Ал, енді бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыда пайдасы қандай?
Баяндамашы: Экономика маманы Сейсенбаева Алия.
Сұрақтар:
Жүргізуші: Бүкіл әлемдік көрмені өткізу бірінші кезекте қаланың сәулет-құрылыс өнеркәсібін көкке көтереді, қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындары ашылады, қонақжайлылық қасиет қанатын жаяды. Ең бастысы, «ЭКСПО»-ның арқасында қазақстандық нарыққа алдыңғы қатарлы құрылыс технологиясы келеді, отандастар энерготиімділікке, экологияға көңіл бөле бастайды, жақсы өмір сүруге бұрынғыдан да гөрі талпына түседі.
«ЭКСПО-2017» кезінде астананың түр-тұлғасы қалай өзгереді?
Баяндамашы: Архитектор Усманова Гулмира
Жүргізуші: Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақ елінде жүргізілетін көрме қазақ елінде жүргізілетін дүниежүзілік той десекте болады. Тойымызды тойға ұластырып әнмен өрбітсек жиын қонақтарына бір серпіліс берері анық.
Жүргізуші: — Әлеуметтік желілерде көрменің керектігі немесе керек еместігі жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып жатыр, бірақ, бұл жоба әрбір қазақстандыққа түсініксіз. «ЭКСПО»-ны Астанада өткізудің концептуальды көзқарастары қалыптаспаған. ЕХПО көрмесі бұқаралық ақпарат құралдары көрмені қалай насихаттауда, қандай іс-шаралар жүргізілуде қоғамдық пікірде сауалнама нәтижесі қандай болмақ?
Журналист: Утебаева Сара
Жүргізуші: Мұндай халықаралық іс-шараларды өткізу кім-кімге де үлкен жауапкершілік жүктейді, әділдік салтанат құрғаны абзал. ЕХРО жүргізіде қандай заннамалық жұмыстар жүргізілуде.
6-баяндамашы заңгер кеңесі: Қасымова Ақбота сөз кезегін берейік
Сұрақтар:
Жүргізуші: күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор.
Жүргізуші: ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол бүкіл Қазақстан халқының табысы. Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық Льеж қаласын жеңіп шықтық. Бұл Қазақстанның зор табысы. ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға. Біз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі дауыс берді.Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады! Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілігі.
Қазақ елі: Оралбек
Сөз кезегі тарих ғылымының докторы профессор М.О. Хасенова қорытындылау сөз кезегі беріледі.