Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

О-рын, тап-пай, бап-тан-ба

Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б.

Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты едыбысы ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.

Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б.

Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.

Мысалы, жазылуы айтылуы

Лай ылай

Рас ырас

Ренжу іренжу

лайық ылайық

Екі дауыссыздың арасындағы ы, ідыбыстарын түсірмей жазып қою жиі байқалады.

Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б

Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.

Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б.

Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.

Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б.

Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес. Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі кездестіруге болады.

Мысалы, ақшалай-ақшадай, жылылай- жылыдай, бірлі-жарым- бірді-жарым, жаңалай- жаңадай, т.б.

Жалпы халықтық тілдегі мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысы әдеби тілдің нормасына лайықты? Осындай сұрауға келгенде, нормалаушы сөздіктерге, заңдарға қол созамыз. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» «д» нұсқасы алынған (кәрден-кәрлен емес, тірідей- қарадай), «л» нұсқасы да кездеседі (жылай, тірілей, шикілей). Оқушылар үшін бұл нұсқалардың бірін ғана көрсету қажет. Себебі мектеп көлемінде сол бір нұсқа бойынша жұмыс жүргізілсе, бұл тіл дамыту, жазба жұмыстарын нәтижелі етуге әсерін тигізеді.

Қателерді болғызбас үшін қатемен жұмыс түрлерін үнемі, мақсатты, жүйелі жүргізіп отыру қажет. Әрбір жазба жұмыстарынан кейін қатемен жұмысқа мән беріп, оны орындап отыру жөн болады.

 

1.2. Фонетикалыќ талдау

 

Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.

Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.

“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н.Оразханованың “Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] деп аталатын мақаласын осындай үлгілердіњ қатарына жатқызуға болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі, сондай-ақ дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл әрі тез орындалады.

 

Мұғалімдер

 

1. а) Жуан буынды

ә) Жіңішке буынды

б) Аралас буынды

2. а) 3 буынды

ә) 4 буынды

б) 5 буынды

3. а) 1 ашық, 1 тұйық, 1 бітеу буын бар

ә) 2 ашық, 2 бітеу буын бар

б) 3 ашық, 1 бітеу буын бар

4. а) Тасымалданады

ә) Тасымалданбайды

5. а) 3 түрлі жолмен тасымалданады

6. ә) 2 түрлі жолмен тасымалданады

б) 1 түрлі жолмен тасымалданады

7. а) Екпін сөздін соңғы буынына түседі

ә) Екпін сөздін соңғы буынына түспейді

8. а) Буын үндестігі бар

ә) Буын үндестігі жоқ

9. а) Дыбыс үндестігі бар

ә) Дыбыс үндестігі жоқ

10. а) Ілгерінді ықпал бар

ә) Кейінді ықпал бар

б) Тоғыспалы ықпал бар

11. Сөздегі дыбыстардыњ саны:

а) 9, ә) 10, б) 11

12. Дауысты дыбыстар саны:

а) 3, ә) 4, б) 5.

13. Жуан дауыстылар:

а)1,ә) 2, б) 3.

14. Жіңішке даустылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

15. Ашық дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

16. Қысаң дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

17. Еріндік дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

18. Езулік дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

19. Дауыссыз дыбыстар:

а) 5, ә) 6, б) 7,

20. Қатаң дауыссыздар:

а) 0, ә) 1, б) 2

21. Ұяң дауыссыздар:

а) 1, ә) 2, б) 3

22. Үнді дауыссыздар:

а) 2, ә) 3, б) 4

23. Ауыз жолды үнді дауыссыздар:

а) 2, ә) 3, б) 4

24. Мұрын жолды үнді дауыссыздар

а) 2, ә) 3, б) 4

 

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.

 

2. Лексикалық жаттығулар

Әдіскер-ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздікжәне лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.

5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, топтастыруда мына жағдайлар ескеріледі: а) 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру, соған сәйкес жаттығу жұмыстарын түрлендіру; ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті түрде қою.

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі әдістемелік талаптар ескеріледі. Олар: 1)жаттығу мәтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.

Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1)лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;

2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;

3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.

Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар - ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғыш, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.

 

2.1 Лексикалық қателер

4-8 сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін бақылау барысында, жазба жұмыстарын тексергенімізде оқушылардың басым көпшілігі лексикалық қателер жіберетіні байқалады. Ол қателерді төмендегідей топтастыруға болады:

 

1. Сөздіњ мағынасына байланысты туатын қателер

Оқушылар өз ойын жеткізуде, сөйлем құрауда кейбір сөздердің мағынасын түсінбей қолданады.

Мысалы: Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. “Қара” сөзі – түсті білдіретін сын есім емес, қара суықты білдіретін сөз. Осы сияқты контекстегі сөздің мағынасын жете түсінбеген соң оқушылар ол сөзді қолданбайды.

Мысалы: Кемпір мен шалға құс пен аңның етін толтырып береді де, Төстік ағасын іздеуге кетеді. Кенжекей үйді басқа келіндерінен бұрын құрады. Махамбет елге арнап өлең айтты. “Толтырып, құрды, өлең” деген сөздер сөйлемде орнын таппаған.

 

2. Сөздің көп мағыналылығына байланысты қателер

Қазақ тіліндегі кейбір сөздер мен сөз тіркестері ауыспалы мағынада жұмсалады. 8- сынып оқушыларында кездесетін кейбір стильдік қателер осы сөздердің көп мағыналылығын аңғармай қолданудан туады.

Мысалы: Бір елге келсе, ас беріп жатыр екен. Асанды әкел, ұйықтап жатқанда жеп алайық, - деп қағып алды. Алдар үйге келгенде қолдарындағы астарын жасырып қояды. Төстік ата-анасына асты көп етіп жиып береді.

Оқушылар бұл сөйлемдердегі ас сөзін бірде дұрыс қолданса, бірде стильдік қате жібереді, «тамақ» сөзінің орнына “ас” ас сөзін қолданған.

Әсіресе оқушылар метафора, эпитет, теңеу қызметінде қолданылған сөздерге байланысты қателер көп жібереді.

Мысалы: Аюдай денесі қорбаңдап көп арасынан көрініп тұрды. «Қорбаңдап» деген сөзді алып тастасақ, сөйлемнің беретін ойы ауысады. Өйткені ол сөзді қолданбасақ, теңелетін заттың үлкендігі ғана беріліп, икемсіздігі берілмей қалады.

Сөздің көп мағыналылығы ол сөздің стильдік жұмсалуының аясына байланысты сияқты. Сондықтан сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуында тура мағынасына қарағанда экспрессивті – эмоциялы әрі стильдік рең, өрнек көп болады.

 

3. Ойға қатыссыз артық немесе «штамп» сөздерді қолдануда жіберілетін қателер

Оқушылар кейде өз ойын, пікірін жеткізуде қажетсіз, басы артық сөздерді көп қолданады, немесе сөйлемдерде бір сөз тіркесін қайталап қолдана береді. Бұндай қолданыс көркемдікке нұқсан келтіреді. Кейде сµйлемді шұбалаңқы құрып, айтайын деген ойын шашыратып жібереді.

Мысалы: Ер Төстік жоғалып кеткен сегіз ағасын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шығады.

 

2.2 Лексикалық тапсырмалар

1. Сөз, оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер).

I-деңгей.

а) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.

Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс,су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)

Тура мағыналы сөз Ауыспалы мағыналы сөз

 

2. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

Қанат – құстар мен шыбын – шіркейлердің ұшып – қонатын дене мүшесі

Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.

Көз– адамның дене мүшесі, көруге арналған.

Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.

3. Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)

Марат ауыр жүк көтерді_________________________________________

Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі_____________________

Дастарханға ыстық тамақ та келді________________________________

II – деңгей

1. Омоним сөздердің антонимдерін көрсет

 

Аш (сын есім) -
Аш (етістік) -
Кір (сын есім)
Кір (етістік)
Түс (зат есім) -
Түс (етістік) -


 

2. Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.

Үлгі: Дұрыс, жөн – қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.

Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы

Түзу- тік, тура

Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек

Мөлдір- тұнық, таза

 

3. Синонимдер қатарын түзе

Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.

Ит өлген жер__________________________________________________

Көзді ашып жұмғанша___________________________________________

Жүрек жұтқан__________________________________________________

 

4. Мақалдарға қажетті антонимдерді тап

Үлгі: Еңбек етсең ерінбей – жалқау________________________________

 

3. Морфологиялық жаттығулар

 

Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:

1. Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;

2. Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.

Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3)сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.

Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.

2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.

Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:

1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.

2. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе әнгімелер құрастыру.

3. Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету.

4. Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.

Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.

 

4 .Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;

5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.

8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.

Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.

 

4.1.Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны

Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.

Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.

 

4.2 Синтаксиске байланысты жүргізілетін

тіл дамыту жұмыстары

 

Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:

1. Көшіріп жазу жаттығулары.

2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.

3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.

6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.

8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.

10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.

12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.

13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.

14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.

15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.

16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.

 

5. Грамматикалық жаттығулар

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып түсіндірілгеннен кейін жатығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз оқушылардың қажетті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да құбылыстарына қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн.

Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, нығайтады, екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды талдауға қойылатын талаптар туады. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:

1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар тілдік материалдар бойынша бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.

2. Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан – жақты ескерілгені жөн және бұрын өтілгендерді қайталап отыру қажет.

3. Жұмыстың әр түлі кезеңдерінде біртектес материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды.

Қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері, дағдысы есепке алынып, бағаланады. Бағалау жолдары:

1. Бір сабақтың негізінде бағалау.

2. Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.

3. Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Ұстаз жаттығу жұмыстарын грамматика – стилистикалық бағытта ұйымдастырады. Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – стилистикалық талдау жасауға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай ерекшелікпен көрінетінін, қандай стильдік қателер барын байқатады.

Грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Оқушыны қалайда сол ережені өзінің түсінігінше айтып беруге дағдыландыру қажет. Оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой - өрісін дамытумен қатар, ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

 

5.1 Грамматикалық қателер

1. Қазақ тілінде де басқа тілдердегі сияқты айтылуы мен жазылуы түрліше сөздер бар. Мысалы, жазса-жасса, ашса-ашша, шекара-шегара, т.б. сияқты сөздердің дұрыс жазылуын ажырата алмай, қателер жіберілетіні байқалады. Бұл фонетика заңдылығына байланысты тиянақты білімі жоқ екендігінің белгісі.

2. Грамматикадағы «сөз құрамы» тақырыбы бойынша тілдік ережелер мен қағидаларды тиімді жолдармен тиянақты түсіндірмеу салдарынан туынды түбір, түбір сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қосымшалар (жұрнақ, жалғау) мен шылауды да ажырата алмағандықтан қателер жібереді. Әдетте мұндай қателерді грамматикалық ережелерді құрғақ жаттап алған, саналы меңгермеген, нақты сөздерге қандай ереже бойынша, қандай қосымша жалғанатынын жете түсінбеген оқушылар жіберіп отырады. Оның себептері бұл грамматикалық ережелерге сәйкес қажетті жаттығулар мен бақылау жұмыстары атүсті жүргізіліп, оларды оқулықтардан құр көшіріп жазғызумен ғана шектелген жағдайда болады. Бала өз бетімен әрекеттеніп, сол материалды саналы меңгеріп қана қоймай, шығармашылықпен пайдалана алған жағдайда ғана бұл кемшілік жойылатыны белгілі.

Оқушылар сөздердің сыртқы үлгілерін ғана көру арқылы қабылдап, емлелік ережелерге бағына жазылатын сөздер арасындағы байланысты (ассоциацияны) тиісті дәрежеде қалыптастыра алмағандықтан осындай қателерге ұрынады.

Мұндай қателерді болдырмау үшін қажетті талаптар қойылады. Олар: біріншіден, жазу таңбаларын есте сақтап, оларды қолдана білу; екіншіден, сөздердің ең кіші бөлшегі (морфема) мен оның мағынасы арасындағы байланыс саналылықпен қабылдануға тиіс, сонда ғана қателіктен арылуға болады.

 

6. Талдау жұмыстары

 

Жазба жұмыстарының таѓы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог – К.Д.Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері); 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер).

 

6.1 Талдаудың түрлері

Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:

1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.

Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойыншаталдау. Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар

2) үндестік заңы бойынша талдау. Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.

Фонетикалық талдау көлеміне қарай да екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.

Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар табылады, екпін қойылады).

Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:

1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.

Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі – сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112].

Мысалы, 1-карточка Дауысты дыбыстар

Ғылым таппай, мақтанба

ғы-лым

ы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік.

2-карточка Дауысты дыбыстар

Орын таппай, баптанба

О-рын, тап-пай, бап-тан-ба

о: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.-еріндік.

ы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік.

а: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулік

3-карточка Дауысты дыбыстар

Құмарланып шаттанба

а б а б б б а- буындар

Құ-мар-ла-нып шат-тан-ба

ұ: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- еріндік

а: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулік

ы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік

4-карточка Дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар

 

Ойнап босқа күлуге

 

Т б б а а а а- буындар

Ой-нап бос-қа кү-лу-ге

[О]- т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- еріндік

[Й]- үнді дауыссыз

[Н]- үнді дауыссыз

[А]- т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулік

[П]- қатаң дауыссыз

Қазақ тілі бойынша даяр материалды талдау әдісі

Бұл әдіс белгілі бір тақырыпқа таңдалған дидактикалық материалдарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жаттығулардың мәтіндері оқулықтан, жаттығулар жинағынан және көркем әдебиеттерден алынады. Мұғалім өтілетін материалдың ерекшелігіне қарай күнілгері дайындалады. Дайын материалды талдауда оқушылар жаңа материалды өткен тақырыппен байланыстырады, материалдың өзіндік белгілерін бір-бірімен салыстырып, анализ жасайды.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау екіге бөлінеді: ауызшажәне жазбаша талдау. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырылған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болғаны дұрыс.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1)оқушылардың білімі бекітіледі; 2) есту қабілеті дамиды; 3) сенімділік қабілеті нығаяды; 4) байқау қабілеті тұрақталады.

Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтан мұны анализ әдісі деп те атайды. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Талдауды ыдырату деп, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау – фонетикалық талдау әдісі деп аталады.

Лексикалық талдау. Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады. Мұғалім қазақ тілі сабағында сөздің этимологиясына, оның шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, себебі оқушы үйренетін сөзінің қайдан, қалай шыққанын білуге құмартады. Және ондай сөздер оқушының ойында мәңгі сақталады. Кейбір қос сөздердің бір сыңары түсінікті болса, екіншісін түсіну қиын, себебі сөз мағынасынан айырылған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларға қос сөздің түсініксіз сыңарын түсіндіріп, талдау жасауы қажет. Мысалы, «Еліміз ұлан-байтақ». «Ұлан» - моңғол сөзі, «көп» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі сөздіктерді пайдалануға үйретіп, сөздердің мәнін ажыратып, мағынасына талдау жасай алуға дағдыландырған жөн.

 

6.2 Грамматикалық, орфографиялық талдау

Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.

Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға үйренеді.

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі– оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.

Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.

Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.

Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды:

1) оқушылардың білімі бекітіледі;

2) есту қабілеті қалыптасады;

3) сенімділік қабілеті нығаяды;

4) байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.

Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.

 

6.3 Морфологиялық талдау әдісі

Бұл әдіс орта мектептердің 4-9 сыныптарында жиі қолданылады. Өйткені бұл сыныптарда морфологиялық материалдар өтіледі. Соған байланысты морфологиялық талдау әдісі материалдарды бекіту, жаттығу және пысықтау кезінде жиі қолданылады.

Морфологиялық талдау екі топқа бөлінеді:1) сөз құрамдары бойынша талдау; 2) сөз таптары бойынша талдау.

Сөз құрамы бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша (жұрнақ, жалғау), туынды сөз, түбірлі сөз, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.

Сөз таптары бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: зат есім, сын есім , сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер. Бұл талдаулар ауызша, жазбаша талдау тәсілімен орындалады, орындау орнына қарай сыныпта және үйде жүргізіледі.

Сөз құрамы бойынша талдаудың үлгісі

Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім.

Жас- зат есім, құрамына қарай-дара, тұлғасына қарай- негізгі, мағынасына қарай- жалпы

ым- тәуелдіктің 1- жағының жалғауы

да- жатыс септігінің жалғауы, т.б.

 

Сөз таптары бойынша талдаудың үлгісі

Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім.

Жасымда- зат есім

Ғылым- зат есім

Бар-модуль сөз

Деп- көмекші етістік

Ескермедім- етістік

 

Морфологиялық талдау әдісін схемалар , карточкалар бойынша іске асыруға да болады.

 

Синтаксистік талдау

Белгілі бір тілдік материалдың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы – талдау. Ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады. Талдау- түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері жатады. Талдау-түйіндеу әдісін жіктеуге өлшем етіп алуға болады. Соған байланысты талдаудың мынандай түрлері қарастырылады:

1.Түсіндірмелі талдау.

2.Анықтауыштық талдау.

Түсіндірмелі талдауларға: лексикалық талдау, фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау әдістері жатады. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бұл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс- осы синтаксистік талдау әдісі.

Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді:

1. Жай сөйлем бойынша талдау

Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі.

2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау

Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады.

Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.

Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарайүйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады:

1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет;

2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс;

3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек;

4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол болуы қажет.

Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары мынандай элементтерден тұрады:

1.Мәтін, сөйлем таңдалады.

2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады.

3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады.

4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері талданады; ә) құрамалас сөйлем компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.

Мысалы: Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, өйткені ол ауыл жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. (С.Мұқанов).

Талдау: Мұнда екі жай сөйлем бар. Біріншісі- бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді. Екіншісі- Өйткені ол ауыл жігіті болғанымен сауатты еді. Себеп-салдар салалас сөйлем, себебі сөйлемнің бірінші компоненті салдар мағынасында, екінші компоненті себеп мағынасын білдіреді. Жалғаулық шылауы- өйткені, себеп мәнді жалғаулық шылау.

Бірінші жай сөйлем мынадай

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.