Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Intranet корпоративті желісі

Кіріспе

02.09-16.11.2013 жылы күндері аралығында кәсіби оқу тәжірибемді. Астана қаласы ҚР Шаруашылық басқармашылық әкімшілік ғимараттар дерекциясы РМК басқармасы. Сол оқу тәжірибемде компьютер жөндеумнен айналыстым. Сол тәжірибе барысында дербес компьютермен айтарлықтай жақсы таныстым өзіме жақсы тәжірибе алдым мысалыға алатын болсам дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы жүйелік блокты жетекшімнің көмегімен жөндеуді үйрендім.

Компьютердің әртүрлі түрлерімен таныстым жәнеде компютердін әртүрлі құралдарымен таныстым оның ішінде жүйелік блоктын ішкі құрылыстары мен таныстым. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процесор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видео карта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады.

Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.

Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.

Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:

Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі

Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі

Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі

Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі

Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі

 

 

1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

1.1 ААЖ негізгі түсінігі

ААЖ— ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.

Автоматтандыру , технологиялық қолдану әдісі , экономика – матема-тикалық метод және басқару системасы , адамды алу нәтижесінен толық босатады. Беру және қолдану энергиясын , материалдар немесе көп көлем-дегі өңделген ақпараттар.

Автоматтандырылады :

1) технологиялық , энергетикалық , транспорттық және тағы басқа өндірістік прцестер ;

2) өнеркәсіп , жоспарлау және басқару цехы , кәсіпорын , құрылыс , әскери обьекті , қосу және т.б. ;

3) ғылыми іздеулер , медициналық және техникалық диагностика , програмирование , инженерлік есептеулер , және т.б. Автоматтандырудың мақсаты – жұмыс уақытын үнемдеу , оптимизациялық басқару , адамның денсаулығына зиянды жұмыс уақытынан босату. Автоматтандыру – ғылыми техрикалық процестің бірі ;

Автоматтандыру – ғылыми функциялық басқару элементінің кең тарал-ған түрі. Автоматтандыру өз кезегінде техникалық кибернетиканың бір түрі. Техникалық кибернетика өте қиын автоматтандыруды басқару системасын компьютерлік әдіспен оқытады.

Автоматикалық басқару ХIХ ғасырдың соңында кең қолданыла баста-ды. Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе барысын-да жүзеге асады. Автоматтандырудың өзі екі бөлімнен тұрады : ақпараттық және есептеу.

Подсистема техникалық есептеуі комплекстік компьютерлік әдісін ұсы-нады. Оған бағдарламалық есептеу және локальдық желіге арналған арнайы техника , дүние жүзілік желілерге қосылу , регистрация бөлімі , жиналу және көсету ақпараттары.

Подсистема ақпараттық жүйесіне сырттай ақпараттармен қамтамасыз ету кіреді. Оринтирование на организации базы данных. Базалық система әдетте белгілі бір класқа ғана берілген. Автоматтандырумен қамтамасыздандырыл-ған көптеген әдіспен , яғни есептеу техникасымен , сол белгілі бір ақпаратты шығарып , өңдеу және сонымен қоса экранға шығару. Мұның жұмыс істеу қабілеті жоғары сапалы системамен жұмыс істейді. Жалпы, автоматтандыру қазіргі кезде дамып келе жатқан жоғарғы техника. Бүгінгі кезде бүкіл өнер-кәсіп орындарында қойылып жатыр. Өйткені шығаратын өндіріс затын сапа-ға сәйкес шығару керек. Ол бір ғана компьютермен бақыланады. Және де бұл өте қолайлы да , әрі тиімді. Демек , ол бүгінгі заманның талабы.

Автоматтандыруды , яғни жаңа техника енгізу- күрделі социал - эко-номикалық құбылыс , ұйымдастыру жұмысы , басқару жүйесінің қайта қаралуын, сондай- ақ практикалық нормативті талап етеді . Сондықтан да , кітапханашылардың бүгінгі таңдағы міндеті : жаңа , қолайлы жағдайларға сәйкес келмеген техникалық мінездемесі мен ауқымын анықтау. Кітапхана-дағы нормативтік базаны қайта қарастыру керектігі, ең әуелде , қажетті кі-тапханалық жұмыс техникасының жұмыс істеу барысын кітапхана маманда-рымен байланыстыру . Қазіргі кезде , кітапханашының жұмысын автомат-тандыру өте тиімді, әрі пайдалы болып табылады. Егер еңбек және норматив-тік жұмыстың белгілі бір мінезін анықтайтын өзгерістер, кітапхана – библио-графтық процестерде автоматтандырудың тигізетін әсерінен болады. Осы көзқарастардың әсерінен , ірі кітапханалық – техникалық процестер автомат-тандырудың түрлерінің , яғни тура және жанама түрлерінен ұшырауы сөзсіз еді.

Автоматтандырудың енгізілуі технологиялық дәстүрге жанама әсерін тигізуде , жұмыс жургізу барысына өзгерістер шақырып , жаңа жұмыс түрлерінің тууына мүмкіндіктер туғызады , ол мүмкіндіктер машинаның алдында және машинадан кейінгі өңделген , жаңа ақпарат алуға көмек-теседі.

Автоматтандырудың әсерінен әрқашан өзгерістер болып отыратыны сөзсіз , және бұл өзгерістер тек еңбек , структуралық еңбек процесінде ғана емес, бірақ мұнда квалификациялық деңгей мен білім деңгейіне деген талап ету өзгереді . Бұл себептермен тығыз байланысқан тағы бір өте маңызды сұрақ туады , ол нормативті кітапханашының жұмысын автоматтандыру технологиясының енгізілу жағдайларына сәйкестеу. Кітапханалық – библиографтық қызмет көрсетуді автоматтандыруды , яғни жаттанды және анализ өзгерістерін , кітапханалық функцияны оқып білудің өте қатал да , маңызды проблемасын туғызды . Осы тенденцияларды бақылауға ала оты-рып , осы және басқа да есептеулерге дұрыс араласуға , әрдайым дұрыс ше-шімін табуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта басқаруды автоматтандыру теориясы жаңа бөлімдермен жалпы теориялық басқару ( операцияның өту барысын зерттеу, система миханика, ойын теориялары, баршаға қызмет көрсету ) автоматты басқару тоериялы жүйесін құрайды , маңызды рөл атқарады. Автоматтандыру ғылыми техникалық прогрестің бір маңызды бағыты. Ол осы заманға сай өнеркәсіп өндірісінің сапасы, персоналды қауіпсіздендіру, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, сенімді және қауіпсіз күрделі өнеркәсіп функциясы -мен қамтамасыз ету, техникалық басқару, тәуелсіз принциптер көмегімен жүзеге асады.

1.2 MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы.

MS Accessақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access, (1Сурет)

Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.

Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат).

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.

Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.

Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады.(2 Сурет)

Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызме-ті бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.(4-Сурет)

Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарас-тырып өтейік.(3 Сурет)

2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КЕШЕНІ

2.1 Ақпарат тасымалдаушы және сыртқы жады.

Компьютердің ең маңызды компоненттерінің бірі оның жады болып табылады. Компьютер жадында программалар мен мәліметтер сақталады. Компьютер жады ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Компьютер жадысы:

(5 Сурет)

Мұнда, ішкі жадтың екі негізгі тобы бар:

1) жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ);

2) тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ). Сыртқы жадқа түрлі магниттік тасамалдаушылар, лазерлік дискілер, флеш-жадтар жатады.

(6 Сурет)

Жедел жадтың қосымша кеш-жадтары қолданылады. Ол орталық процессор пайдалануға арналған жадтың кішігірім бөлігі.

(7-Сурет)

Кэш-жад (cache – жасырын қойма, қор) – жылдам әрекет ететін жад, процессор мен ЖЖҚ-ның ортасында орналасады.

ЖЖҚ-дан оқу – әуелі кэштен. Егер қажетті ұяшық кэште орналасқан болса, кэштен алынады (шапшаң).

1. Желі түсінігі.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Сервер (server)– желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегіпайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады, қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

Мәліметтер қоры сервері (database server) – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;

- үлестірілген мәліметтерқорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу

функцияларын атқарады.

Қолданбалы программалар сервері (application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.

Қатынастық сервер (communications server) – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

Қатынау сервері (access server) – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.

Факс-сервер (fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:

- өнімділік;

- сенімділік;

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымдық.

Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:

- жергілікті желілер (LAN – Local Area Network) ;

- ауқымды желілер (WAN – Wide Area Network).

Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмы істейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді);

- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді);

- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді);

- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен желілерді біріктіреді ).

OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation — ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

1) физикалық деңгей;

2) арналық деңгей;

3) желілік деңгей;

4) көліктік деңгей;

5) сеанстық деңгей;

6) көрсетімдік деңгей;

7) қолданбалы деңгей .

Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған әрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты өңдеу нәтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық және аппараттық әрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы әрекеттесуді және олардың арасындағы берілетін мәліметтердің пішімін сипаттау үшін интерфейс (мысалы, Х.25 ) деп аталатын ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

Ауқымды есептеу желілері – бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – Internet.

Internet – түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т.б.) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен мүмкіндіктерге ие болады. ¤з компьютерінен кез келген Internet абоненті басқа қалаға мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын көре алады, Нью–Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесінің суреттерімен таныса алады, IEEE конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындарға қатыса алады. Internet – тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр түрлі желілерді біріктіре отыра ешқандай иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.

Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы – европалық EUNet, Россия университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Россияда Relcom).

Internet-те алмасу режімдері, хаттамалары және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:

- электрондық пошта (E-mail);

- телеконференция (UseNet);

- қашықтан қатынас құру (TelNet);

- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);

- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher);

- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).

Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.

Internet жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар – TCP/IP ( Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol ) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік деңгей, TCP – көліктік деңгей хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарының бар көптеген стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ауқымды желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар – қашықтан басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрылғыларды басқару хаттамасы SNMP.

Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес – ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі бөліктен – желі адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host -қожайын) – желіге тікелей қосылған, өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны домендік аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:

<пайдаланушы идентификаторы>@<домен аты>

Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі түпкі домен, әры қарай бірінші, екінші, үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші деңгей әр мемлекет, келесі деңгей мекемелер типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Казақстан, ru – Россия, su – постсовет мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – АҚШ, ua – Украина, de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге сәйкестікті анықтайтын ішкі домендер үш символдан тұрады, мысалы: com – коммерциялық мекемелер, edu – білім беру және ғылыми мекемелер, gov – мемлекеттік мекемелер, mil — әскери мекемелер, net – желілік мекемелер, org – басқа мекемелер үшін. Екінші деңгейдегі ішкі домен қала, аймақ аттарын белгілейді.

3. БАҒДАРЛАМАЛАУ

3.1 Бағдарламау негіздері.

Бағдарламалау дегеніміз не? VBA (Бағдарламалар үшін Visual Basic) коды арқылы дерекқорға функционалдықты қосу үрдісі. Мысалы, пішін мен есеп құрдыңыз және пәрмен түймешігін басылғанда есепті ашатын пішінге қосқыңыз келеді деп ұйғарайық. Мұндай кезде бағдарламалау макрос немесе VBA іс рәсімін жасау және түймешіктің Басқан кезде оқиға сипатын орнату үрдісі болып табылады, сонда түймешікті басу макростарды немесе іс рәсімін іске қосады. Есепті ашу сияқты қарапайым әрекет үшін барлық жұмысты атқаруға Түймешік шеберін пайдалануыңызға болады немесе шеберді өшіріп, бағдарламалауды өзіңіз орындай аласыз.

Көп Microsoft Office бағдарламалары «макрос» терминін VBA кодына қатысты пайдаланады. Оның Access пайдаланушыларымен шатасып кетуі мүмкін, себебі Access бағдарламасында «макрос» термині Макрос құрастырғыш арқылы жинауға болатын макрос әрекеттерінің атаулы жинағына қатысты болады. Access макрос әрекеттері VBA кодында қатынаулы пәрмендердің ішкі жиынын ғана көрсетеді. Макрос құрастырғыш Visual Basic өңдеушісіне қарағанда жоғары құрылымданған тілдесумен қамтамасыз етіп, VBA кодын үйренбей басқару элементтері нысандарының бағдарламаларын қосуыңызға мүмкіндік береді. Сізге Access Анықтама бөлімдерінде Access макростарына макростар ретінде сілтеме жасалатынын есіңізде ұстау керек. Керісінше, VBA кодына VBA, коды, функция немесе іс рәсімі түрінде сілтеме жасалады. VBA коды сынып модульдерде (жеке пішіндердің немесе есептердің бір бөлігі болып табылатын және осы нысандарға ғана арналған кодты қамтитын) және (арнайы нысандарға байланыстырылмаған және дерекқор арқылы пайдаланылатын «жаһандық» коды бар) модульдерде болады.

Нысандар (пішіндер мен есептер сияқты) мен басқару элементтерінің (пәрмен түймешіктері мен мәтін жолақтары сияқты) макростар немесе іс рәсімдер тіркелетін көптеген оқиға сипаттары болады. Әрбір оқиға сипаты тінтуірді басу, пішінді ашу немесе мәтін ұясындағы деректерді өзгерту сияқты арнайы оқиғамен байланысты. Сондай-ақ, оқиғаларды жүйе оқиғалары сияқты Access бағдарламасының сыртындағы факторлармен немесе басқа оқиғаларға тіркелген макростар немесе іс рәсімдер арқылы іске асады. Егер көптеген макростарды немесе іс рәсімдерді көп нысандардың бірнеше оқиға сипаттарына қоссаңыз, дерекқорыңыз күрделене түседі, бірақ көп жағдайда қажетті нәтижелерді өте кішкентай бағдарламалауды пайдалану арқылы мұрағаттауыңызға болады.

3.2 Бағдарламаны қолдану.

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасы дерекқор бағдарламаларын әзірлеу үшін мүмкіндіктерге толы тұғырмен қамтамасыз етеді. Дерекқор бағдарламасы деректерді және бизнес тапсырмасының логикасын (бағдарлама логикасын) жалғастыратын пайдаланушылық тілдесуді сақтауға және реттеуге жол беретін компьютерлік бағдарлама болып табылады.

Пайдаланушы компьютеріне Access 2007 бағдарламасын орнатпастан жұмыс істейтін Office Access 2007 бағдарламаларын қолдану үшін оларды Microsoft.com қотару орталығынан тегін алуға болатын Access 2007 жұмыс уақытымен бірге үлестіруге болады.

Бұл бөлімде негізгі қолдану жобасын, Access 2007 бағдарламасының жұмыс уақыты және оны қотару туралы талқыланады. Сонымен қатар бұл бөлімде Access 2007 бағдарламасын қолдану арқылы дерекқор бағдарламасын қолдануды қарау туралы беріледі.

Сізге макростарды немесе VBA кодын пайдалану үшін шешіміңізді екі мәселеге негіздеуіңіз керек: қажетті қауіпсіздік және функционалдық. Қауіпсіздік мәселе болып табылады, себебі VBA кодын деректеріңіздің қауіпсіздігін рұқсатсыз ашатын немесе компьютеріңіздегі файлдарды зақымдауы мүмкін кодты жасау үшін пайдалануға болады. Сізден басқа адам жасаған дерекқорды пайдаланғаныңызда, дерекқордың сенімді көзден келгенін білген жағдайда сізге VBA кодын қосу керек. Басқалар пайдаланатын дерекқорды жасағаныңызда, сізге пайдаланушының дерекқорға сенімді күйді арнайы түрде беруін талап ететін бағдарламалау құралдарынан аулақ болуға тырысу керек. Пайдаланушыларға дерекқорыңызды сенуге деген қажеттіліктен құтылуға қатысты жалпы тәсілдер осы бөлімде кейінірек келеді.

Қауіптілігі ықтимал мазмұнды қосу немесе ажырату туралы қосымша ақпарат алу үшін Office құжаттарында макростарды қосу немесе ажырату бөлімін қараңыз (осы бөлімнің кез келген жерінде көрсетілгендей, басқа көптеген Microsoft Office бағдарламалары VBA кодына сілтеме жасау үшін «макрос» терминін қолданады, сондықтан бұл терминді Access макростарымен шатастырмаңыз).

Дерекқорыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін, мүмкін болған кезінде макростарды пайдаланып, макрос әрекеттері арқылы жүзеге аспайтын әрекеттер үшін ғана VBA бағдарламалауына қайта сұрыптау керек. Одан кейін, сізге іске қосу үшін дерекқорға сенімді күй беруді талап етпейтін макрос әрекеттерін ғана пайдаланып көру керек. Осылайша макрос әрекеттерін пайдалануды шектеу пайдаланушылардың дерекқорда компьютерлеріндегі деректерге немесе басқа файлдарға зақым келтіруі мүмкін бағдарламалардың болмайтынына сенімді болуына мүмкіндік береді.

Макростарды кеңінен пайдалануды жартылай қолдау үшін Office Access 2007 нұсқасында Access бағдарламасының ескі нұсқаларын пайдалану арқылы жасалатын қуатты макростарды жасауға мүмкіндік беретін жаңа макрос әрекеттері болады. Мысалы, макрос әрекеттері арқылы жаһандық айнымалы мәндерді жасап, пайдалануыңызға болады және жаңа қателерді өңдейтін макростар арқылы қателерді өңдеуіңізге болады. Access бағдарламасының ескі нұсқаларында мүмкіндіктердің бұл түрлерін VBA пайдалану арқылы ғана қолданылады. Оған қосымша, Access 2007 бағдарламасында макросты нысанның немесе басқару элементінің оқиға сипатына бірден ендіруіңізге болады. Ендірілген макрос нысанның немесе басқару элементінің бір бөлігі болады және жылжыған немесе көшірілген кезде нысанмен немесе басқару элементімен қалады. Access бағдарламасының ескі нұсқаларында макростарды дерекқорыңызды сақтауды кейде қиындататын бөлек нысандар түрінде сақтау керек.

Бағдарламалауды нысанға немесе басқару элементіне қосқаныңызда, сізге теңшелімдердің осы ретімен төмендегілерді пайдалану арқылы қарастыру керек:

Іске қосу үшін дерекқорға сенімді күй беруді талап етпейтін әрекеттері ғана бар макрос

Іске қосу үшін дерекқорға сенімді күй беруді талап ететін әрекеттері бар макрос VBA іс рәсімі

Макросты құрғаныңызда, іске қосу үшін дерекқорға сенімді күй беруді талап етпейтін әрекеттердің қысқа тізімі мен барлық макрос әрекеттерінің ұзақ тізімі арасында Макрос құрастырушысындағы Барлық әрекетті көрсету түймешігін басу арқылы ауысуыңызға болады. Сондай-ақ, Барлық әрекетті көрсетуІске қосу пәрмені макрос әрекетіне арналған дәлелдердің толық тізімін көрсетеді. Макростар құрастыру туралы қосымша ақпарат алу үшін Макростар туралы түсінік бөлімін қараңыз немесе Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтемелерді орындаңыз.

Макростар пішіндерді ашу және жабу және есептерді іске қосу сияқты көптеген бағдарлама тапсырмаларын қараудың оңай жолымен қамтамасыз етеді. Жасалған дерекқор нысандарын бірге жылдам әрі жеңіл байланыстыруыңызға болады, себебі мұнда еске сақтауға қажетті кішігірім синтаксис бар; әр әрекетке арналған дәлелдер Макрос құрастырушысында бейнеленеді.

Жоғары қауіпсіздік пен макростар беретін жеңіл қолданысқа қоса, төмендегілерді жүзеге асырғыңыз келсе, сізге макростарды пайдалану керек:

Әрекетті немесе әрекеттер жиынын пернеге тағайындау. Оған Авто пернелер деп аталатын макрос тобын жасау қажет етіледі.

Дерекқор бірінші ашылғанда, әрекетті немесе әрекеттер қатарын орындау. Оған Авто орындау деп аталатын макросты жасау талап етіледі.

Access параметрлері тілқатысу терезесінде бастау пішінін анықтап, макросты немесе VBA кодын сол пішіннің Ашылуда немесе Қотарылуда оқиғасына тіркегеннің өзінде, Авто орындау макросы басқа кез келген макростардан немесе VBA кодынан бұрын іске қосылады.

Егер төмендегілердің бірін орындағыңыз келсе, сізге макростардың орнына VBA бағдарламалауын пайдалану керек:

Бекітілген функцияларды пайдалану немесе жеке функцияларыңызды жасау Access бағдарламасы пайыздық төлемді есептейтін IPmt функциясы сияқты көптеген бекітілген функцияларды қамтиды. Күрделі өрнектерді жасауды қажет етпестен, есептеуді жүзеге асыру үшін бекітілген функцияларды пайдалануыңызға болады. VBA коды арқылы өрнек мүмкіндігінен асатын есептеулерді жүзеге асыру үшін немесе күрделі өрнектерді ауыстыру үшін жеке функцияларыңыздың құруыңызға болады. Бұған қосымша, жалпы әрекетті бірден аса нысанға қолдану үшін ос функцияларды пайдалануыңызға болады.

Нысандарды жасау немесе шеберді пайдалану Көп жағдайда, осы нысанның Жасақтама көрінісіндегі нысанды жасауды және өзгертуді жеңіл деп табасыз. Кейбір жағдайларда, дегенмен, сіздің кодтағы нысанның анықтамасын шебер пайдаланғыңыз келуі мүмкін. VBA арқылы дерекқордың өзінен басқа дерекқордағы барлық нысанды шебер пайдалануыңызға болады.

Жүйе деңгейіндегі әрекеттерді орындау Макростағы Бағд іске қосу әрекетін Access бағдарламасының ішіндегі басқа бағдарламаны (Microsoft Office Excel 2007) іске қосу үшін орындауыңызға болады, бірақ Access бағдарламасынан тыс басқа да көптеген әрекеттерді орындау үшін макросты пайдалана алмайсыз. VBA арқылы файлдың компьютерде бар екенін көру үшін тексеруіңізге, Office Excel 2007 сияқты басқа Microsoft Windows бағдарламаларымен байланыстыру үшін Автоматтандыру немесе DDE (Динамикалық деректерді алмастыру) мүмкіндігін пайдалануыңызға және Windows DLLs жинағында (динамикалық сілтемелер жинағы) функцияларды шақыруыңызға болады.

Жазбаларды бір уақытта шебер пайдалану Жазбалар жиынын, бір жазбаны бір уақытта қарап шығу үшін VBA кодын пайдалануыңызға және әр жазбадағы әрекетті орындауыңызға болады. Керісінше, макростар жазбалардың бүкіл жиынымен бір уақытта жұмыс істейді.

Егер басқаларына таралатын дерекқордағы VBA кодын пайдалансаңыз, сізге дерекқордың бумасы мен қол қоюына назар аудару керек, сонда пайдаланушылар кодтың сенімді көзден келгеніне сенімді болады. Дерекқордың бумасы мен қол қоюы туралы қосымша ақпарат алу үшін Access 2007 дерекқорын қорғау бөлімін қараңыз. Жалпы бағдарламалау тапсырмаларын орындау үшін Түймешік шеберін пайдалану.

Егер түймешікті пішінге қоссаңыз, Түймешік шебері бағдарламалауды бастауға көмектеседі. Шебер арнайы тапсырманы орындайтын түймешікті жасау үрдісін көрсетеді. Office Access 2007 (.accdb) файлында шебер түймешіктің Басылуда сипатына енгізілген макросты жасайды. .mdb немесе .adp файлында шебер VBA кодын құрады, себебі енгізілген макростар осы файл пішімдерінде қолданылмайды. Басқа кезде қажеттіліктеріңізге жақсы сәйкес келуі үшін макросты немесе VBA кодын өзгертуіңізге немесе күшейтуіңізге болады.

1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

3. Шарлау аумағында түймешікті қосқыңыз келген пішінді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін Жасақтама көрінісі түймешігін басыңыз.

4. Жасақтама қойындысындағы Басқару элементтері тобынан Басқару шеберін пайдалану Түймешік суреті параметрі таңдалғандығына көз жеткізіңіз.

5. Жасақтама қойындысының Басқару элементтері тобында Түймешік түймешігін нұқыңыз.

6. Пішінді құрастыру торында түймешікті орналастырғыңыз келген жерді нұқыңыз.

Түймешік шебері іске қосылады.

7. Шебердің бірінші бетінде, шебердің түймешікке орындау үшін қандай әрекеттерді бағдарламалай алатындығын көру үшін Санаттар тізіміндегі әр санатты нұқыңыз. Әрекеттер тізіміндегі қажетті әрекетті таңдаңыз, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

8. Түймешікке мәтінді немесе суретті бейнелеу қажеттігіне байланысты Мәтін немесе Сурет параметрін таңдаңыз.

Егер мәтінді бейнелеу қажет болса, Мәтін параметрінің жанындағы ұяда мәтінді өңдеуіңізге болады.

1. Егер суретті бейнелеу қажет болса, шебер тізімдегі суретті ұсынады.

2. Егер басқа суретті таңдағыңыз келсе, Office Access 2007 бағдарламасы ұсынатын түймешік суреттерінің барлығын бейнелеу үшін Барлық суреттерді көрсету параметріне құсбелгіні қойыңыз немесе тағы басқа жерде сақталған суретті таңдау үшін Шолу түймешігін басыңыз.

Келесі түймешігін басыңыз.

9. Түймешікке арналған мәнді атауды енгізіңіз. Бұл таңдаулы қадам болып табылады және бұл атау түймешікте бейнеленбейді. Дегенмен, түймешікке кейінірек сілтеме жасау қажет болғанда (мысалы, пішіміңіздегі басқару элементтеріне арналған қойынды ретін орнатсаңыз) мәнді атауды енгізген жөн, түймешіктердің айырмашылығын әлдеқайда жеңілдетеді. Егер түймешік пішінді жапса, мысалы, оны Тмкжабу немесе Түймешік жабу деп атауыңыз мүмкін.

10. Аяқтау түймешігін басыңыз.

Access бағдарламасы түймешікті пішінге орналастырады.

11. Егер қандай шебердің сізге «бағдарламаланғанын» көргіңіз келсе, осы таңдаулы қадамдарды орындаңыз:

1. Егер сипаттар кестесі әлі бейнеленбесе, оны бейнелеу үшін F4 пернесін басыңыз.

2. Сипаттар кестесіндегі Оқиға қойындысын нұқыңыз.

Басылуда сипат жолағында Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Access бағдарламасы Макрос құрастырушысын іске қосып, шебер жасаған макросты көрсетеді. Қажет болған жағдайда макросты өңдеуіңізге болады (макросты өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін Макростар туралы түсінік бөлімін қараңыз немесе Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтемелерді орындаңыз). Аяқтаған соң, Жасақтама қойындысының Жабу тобында Макрос құрастырушысын жабу үшін Жабу түймешігін басыңыз. Егер Access бағдарламасы сізге өзгертулерді сақтап, сипатты жаңартуға нұсқау берсе, өзгертулерді сақтау үшін Иә немесе өзгертілерді қабылдамау үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

Жасақтама қойындысының Көріністер тобында Көрініс түймешігін басыңыз, одан кейін Пішін көрінісі түймешігін басыңыз. Оның күткендегідей жұмыс істеп тұрғанын растау үшін жаңа түймешікті басыңыз.

1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

1. Ақпараттық жүйе түсінігі

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді. Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді: - үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;

- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:

- басқару объектісінің дамуын болжау;

- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;

- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;

- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;

- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.

Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

- ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;

- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;

- негізгі өнімді өндіруді басқару;

- объектінің қосымша – қызмет көрсетуші өндірісін басқару;

- көлік үрдісін басқару;

- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;

- математикалық – техникалық жабдықтауды басқару;

- еңбек қорларын басқару;

- өнім өткізуді басқару;

- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;

- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

- ақпараттық жабдықтау;

- техтикалық жабдықтау;

- математикалық жабдықтау;

- бағдарламалық жабдықтау;

- ұйымдастырумен жабдықтау;

- ленгвистикалық жабдықтау;

- құқықтық жабдықтау;

- эргономикалық жабдықтау;

Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

1. ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті – басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

2. техникалық жабдықтау – ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;

3. математикалық жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

4. бағдарламалық жабдықтау – ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

5. лингвистикалық жабдықтау – есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

6. құқықтық жабдықтау –ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;

7. эргономикалық жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.

Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

1. Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;

2. Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;

3. Өңдеу жоспарын тұрғызу.

Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

Ондағы есеп беру құжаттарында:

1. Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;

2. Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;

3. Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;

4. Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне – жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

1. ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;

2. қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі,

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.