Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Al-Farabi Kazakh National University

Доцент Атаханова Г.М.

 

 

Қажетті қорғанудың теориялық мәселесі

Қажетті қорғану- қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолмен қорғау.

Түйін сөздер:қажетті қорғану, қылмыскер, жаза, қылмыстық құқық

 

КазНУ имени Аль-Фараби Тұрдағали Б.Ж.

Студент 2 курса

Юридического фаультета

КазНУ имени Аль-Фараби

Атаханова Г.М.

К.ю.н., и.о профессора

Кафедры уголовного право, уголовного процесса

И криминалистики

 

Теоретические проблемы необходимой обороны

Необходимая оборона - не является преступлением причинение вреда посягающему лицу в состоянии необходимой обороны, то есть при защите личности, жилища, собственности, земельного участка и других прав обороняющегося или иных лиц, охраняемых законом интересов общества или государства от общественно опасного посягательства путем причинения посягающему вреда, если при этом не было допущено превышения пределов необходимой обороны.

Ключевые слова: преступность, преступления, наказания, уголовное право, необходимая оборона

 

Turdagaly B.J. 2nd year student

Al-Farabi Kazakh National University

Atahanova G. M.

Candidate of jurisprudence,

Acting professor

Chair of criminal law,

Criminal trial and criminalistics

Al-Farabi Kazakh National University

 

Self-defense - not a crime to cause harm an attacker in self-defense, that is, in the protection of their persons, houses, property, land and other rights of the defendant or other persons legally protected interests of society or the state of socially dangerous assault by causing harms harm if this were not exceeded the limits of necessary defense.

 

 

Keywords: criminality, crimes, punishments, approval, criminal law

 

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Қажетті қорғану.Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға тағайындайды.

Іс әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше жиынтығының болуы қажет.

Бірінші шарт: нақтілі қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның мемлекеттік мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организмді болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адам тарапынан орын алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін.

Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіетін қауіпті жою зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (ҚК 34-бабы).

Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.

Мұндай мән-жайларға жататындар:

  • Қажетті қорғану;
  • қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
  • жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
  • аса қажеттілік;
  • орынды тәуекел ету;
  • күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
  • бұйрықты немесе өкімді орындау.

Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, басқа адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қолсұғушылықтан қорғауға құқығы бар. Қажетті қорғану кез келген азаматтың заңды құқығы. Кез келген азамат билік өкілдерінің немесе басқа адамдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне немесе қашу арқылы қол сұғушылықтан құтылуына қарамастан қажетті қорғану құқығын пайдалана алады. Қажетті қорғану әрекеті қолсұғушылыққа жатқызатын және қорғану ретінде сипаттайтын шарт-жағдайлпр болғанда ғана құқыққа сай деп есептелінеді.

Қол сұғушылық мынадай болуы тиіс:

  • қоғамға қауіпті болу, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян тигізетіндей болуы қажет;
  • қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни басталған, бірақ аяқталмаған;
  • шынайылық. Ол қылмыстың әрекеттің қорғанушының қиялында ғана емес, объективтік шынайылығында opын алуын білдіреді;
  • жеке адамдардың құқықтары мен мүдделері ғана емес, басқа адамдардың, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің мүдделерін де қорғауға жол беріледі;
  • зиян тек шабуылдаушыға келтіріледі, үшінші тұлғаға зиян тигізілмеуі керек;
  • қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс.

Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы — бұл қауіпті қолсуғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру (өлім немесе ауыр дене жарақаттары).

 

 

Әдебиеттер:

1. Курс уголовного права. Общая часть. Том 1: Учение о преступлении / Под ред. Н. Ф. Кузнецовой, И. М. Тяжковой. М., 2002. С. 480.

2. Флетчер Дж., Наумов А. В. Основные концепции современного уголовного права. М., 1998. С. 350-352.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.