Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ

ЖІКТЕМЕСІ


Жалақжара жіктемесі (шынайы жалақжара):

- қабынулық;

- жарақаттық;

- трофикалық.

Эктопия жіктеуі:

1. Туындау уақыты бойынша (Е.Б.Рудаков бойынша):

- туа біткен эктопия;

- жүре біткен эктопия;

- қайталанғыш эктопия.

2. Морфологиялық жəне гистологиялық өзгерістері бойынша:

А. - тұрақты (жай) эктопия;

- өрлеудегі эктопия;

- жазылудағы (эпидермистеуші) эктопия;

Б. – безді эктопия;

- папиллярлық эктопия;

- піспеген жайпақ жасушалық металазия;

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР


Қауіп-қатерлі факторлар:

· гормональдық гемостаз бұзылуы;

· жыныстық өмірдің ерте басталуы (15 жасқа дейін );

· ерте босану (16 жасқа дейін);

· жүктілікке дейінгі жатыр мойнының күйі (эктопия);

· жыныс сыңарларын жиі ауыстыру;

· жатыр мойнының ескі жыртылулары шорланып өзгерген жатыр мойнының пішіні бұзылуы;

· өзіне тəн жəне өзіне тəн емес этиологиялы жатыр мойнының созылмалы қабыну аурулары;

· өзіне арнайы тəн жəне тəн емес этиологиялы жатыр мойнының қабыну ауруларының жиі қайталануы;

· алдын ала терең тексерілмей, жатыр мойнының іншектік бөлігіне ертеде емдеу жүргізілген əйелдер

· кəсіби факторлар: тау-кен, мұнай өңдеу, алюминий өнеркəсіптері;

· анамнезде түсік.

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

ДИАГНОСТИКА


Диагностика критерилері

Шағымдар жəне анамнез:

Анамнез белгілердің тапшылығымен ерекшеленеді. Анамнез жиылудың негізгі міндеті – патология дамуына соқтыратын факторлар болуын түсіну.

Эктопияда шағымдар (жалған жалақжара):

- сілемейлі ақкір;

- ірің тəрізді ақкір;

- етеккіраралық қан аралас шығындылар;

- əртүрлі науқастарда ауырлықтың клиникалық білінулері өзгеріп тұрады жəне ауру симптомсыз өтуі мүмкін.

Эктропионда шағымдар:

- сілемейлі ақкір;

- ірің тəрізді ақкір;

- бел мен іштің төменгі жағында ауыру сезімі;

- етеккір функциясының меноррагия түрінде бұзылуы.

Физикалық тексеру

Гинекологиялық қарауда:

- жас əйелдерде сыртқы кіріс айналасында ала қызыл түсті, əдір бұдыр беткейімен жəне салыстырмалы анық шектерімен көрінеді. Қабынумен тіркескенде түсі, ісіну, қан ағу мəнді күшеюі байқалады. Жеңіл жарақаттанады жəне қан шығып тұрады.

- 40 жастан кейінгі əйелдерде гиперемия анық емес шектерімен көрініңкі тамыр торымен жəне табат бездері болуымен көрінеді.

Кольпоскопияда:

- эктопия бөліктері бау пішініндегі емізіктер шоғыры түрінде, ала қызыл түсті шектері қалыпты эпителимен анық, шеттері фестонды.

- эктопияның эктропионмен тіркесуінде қиғаш жəне айналма жыралары көрінеді. Сірке су қышқылының ерітіндісімен өздегеннен кейін емізікшелер бедерлірек болады, солғын тартады жəне шынытəрізді түрге енеді.

Люгаль ерітіндісімен бояғаннан кейін толыққұнды жайпақ жəне цилиндрлі эпителийдің шекаралары анық болып шығады.

Инструменталдық зерттеулер:

- жатыр мойнын айналар арқылы қарау;

- бимануальдық зерттеу;

- қарапайым жəне кеңейтілген кольпоскопия (вульвоскопия);

- флюоросценттік кольпоскопия;

- цервикоскопия;

- көзделген биопсия;

- цервикальдық өзекті қыру, қырындыны келесі гистологиялық зерттелуі;

- ойықтəрізді биопсия.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:Процесс малигнизациясына күдіктену.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- жатыр мойнын айналар арқылы қарау;

- бимануальдық зерттеу;

- колопоскопия (қарапайым, кеңейтілген);

- іншек, цервикальдық өзек, жатыр қуысы материалдарының микробиологиялық диагностикасы;

- папаниколау бойынша жағынды немесе онкоцитологияға жағынды.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

- Микрофлораны (анаэробтар, хламидийлер, микоплазма жəне т.б.) идентификациялау үшін бактериалогиялық зерттеу жəне иммуноферменттік талдау;

- флюореценттік кольпоскопия;

- хромокольпоскопия;

- цервикоскопия;

- көзделген биопсия (ісік өсіп келе жатуына күдікті аймақты байқағанда);

- келесі гистологиялық қыру зерттелуімен цервикальдық өзекті қыру;

- ойық тəрізді биопсия.

 

Версия раздела (ещё: 1): ПДЛ 2007 (каз)

ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР


Лабораторлық зерттеулер:

- Іншектен, цервикальдық өзектен алған материалдың микробиологиялық диагностикасы;

- Папаниколау бойынша жағынды немесе онкоцитологияға жағынды;

- Микрофлораны идентификациялау үшін бактериологиялық зерттеу жəне иммуноферменттік талдау (анаэробтар, хламидилер, микоплазма жəне т.б.).

Версия раздела (ещё: 1): ПДЛ 2007 (каз)

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ


Дифференциалды диагностика:

- жатыр мойнының дисплазмасы;

- цервицит;

- жатыр мойнының обыры.

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ


Емдеу тактикасы

1. Қабынуға қарсы терапия: бактериоскопиялық жəне бактериологиялық зерттеулер деректерімен сəйкес жалпықабылданған сұлба бойынша жатыр мойыны мен іншектің еріп жүруші қабыну процессін жою.

2. Гормондық түзету.

3. Орналасу орнындық терапия: жатыр мойнының патологиялық өзгерген тінін алып тастау.


Орналасу орнындық терапия:

1. Жатыр мойнының диатермокоагуляциясы.

Көрсетімдер:

- эктопия (жатыр мойнының жалған жалақжарасы);

- эктропион

Қарсы көрсетімдер:

- жыныс мүшелерінің жіті қабынулық аурулары;

- емделушінің кардио түрткіші жəне органикалық текті жүрегі қызметінің ырғағы бұзылуы;

- атипиялық гистологиялық көрініс болуы.

2. Жатыр мойнының диатермоконизациясы:

Көрсетімдер:

- эктопия (жатыр мойнының жалған жалақжарасы) жатыр мойыны майыссуы немес эктропион фонында.

Қарсы көрсетімдер:

- жыныс мүшелерінің өткір қабынулық аурулары;

- науқастың кардио түрткіші жəне органикалық текті жүрегі қызметінің ырғағы бұзылуы;
- атипиялық гистологиялық көрінісі болуы.

3. Криодеструкция:

Көрсетімдер:

- эктопия (жатыр мойнының жалған жалақжарасы);

- эктропион.

Қарсы көрсетімдер:

- жыныс мүшелерінің өткір қабынулық аурулары;

- жатыр мойнының онкологиялық аурулары;

- атипиялық гистологиялық көрінісі болуы.

4. Химиялық коагуляция (солковагин):

Көрсетімдер:

- эктопия;

- эктропион.

Қарсы көрсетімдер:

- жыныс мүшелерінің өткір қабынулық аурулары;

- жыныс мүшелерінің өткір қабынулық аурулары;

- атипиялық гистологиялық көрінісі болуы.

5. Лазерокоагуляция:

Көрсетімдер:

- эктопия (жалған жалақжара);

- эрозияланған эктропион.

Қарсы көрсетімдер:

- жыныс мүшелерінің жіті қабынулық аурулары;

- патологиялық процесстің цервикалдық өзектің төменгі үштігінен жоғары жайылып таралуы;

- атиптік гистологиялық көрінісі болуы.

Ем мақсаттары:жатыр мойнын сауықтыру.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем: жоқ.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:

- Клиникалық сауығу – жатыр мойнының эпителизациясы;

- Жыныс жүйесінің эндокриндік функциясының қалпына келуі (қалыпты етекккір айналымының қалпына келуі);

- Бейімделушілік-қорғанушылық тетіктер мен əйелдердің өндіру функциясының қалпына келуі.

 

Версия раздела (ещё: 1): ПДЛ 2007 (каз)

ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ


Госпитализациялауға көрсетімдер:жоспарлы жəне шұғыл.
- Орналасу орнында емдеу уақытындағы асқынулар.

Версия раздела (ещё: 1): ПДЛ 2007 (каз)

ПРОФИЛАКТИКА


Біріншілік профилактика :

· жатыр мойнының ауруларын ерте табу;

· уақытылы жəне мақсатты бағытталған диспансеризация;

· іншектік, жатыр мойнының, жатырдың жəне қосалқыларының қабыну процесстерін уақытылы емдеу;

· етеккір айналымының бұзылуларын уақытылы түзету;

· босануларды ұтымды жүргізу;

· іш тастаулардың алдын алу;

· жыныстық қатынастар мəдениетін насихаттау;

· контрацепцияның қазіргі əдістерін пайдалану;

· жыныстық өмір ерте басталуының алдын алу (15 жасқа дейін);

· ерте босанудың алдын алу (16 жасқа дейін).

Профилактикалық шаралар:Жатыр мойнының сілемейлі қабатын жарақаттаушы қимылдардан қашу.

 

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:

Эктопиясы бар науқастарды, медициналық оңалту 2 жыл бойы 4-6 айдан кейін, кольпоскопиялық жəне цитологиялық бақылаумен динамикалық байқау.

 

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ

I. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)

1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. PRODIGY Quick reference guide. Bacterial vaginosis. www.prodigy.nhs.uk/guidance.asp?gt=bacterial vaginosis 2. A randomized trial of ofloxacin versus cefoxitin and doxycycline in the outpatient treatment of acute salpingitis. Department of Obstetrics and Gynecology, University of Texas Southwestern Medical School, Dallas. Am J Obstet Gynecol. 1991 May; 164 (5 Pt 2) 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 4. Заболевания шейки матки, влагалища и вульвы, Мед. пресс, 2000 год., под редакцией В.Н. Прилепской. 5. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. /Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. —2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 6.Акушерство, гинекология и здоровье женщины , МедПресс 2005г., Ф.Карр 7. Гинекология. Справочник практического врача., Мед.пресс 2004 год, Сильвия К. Роузвиа. 8. 2001 Consensus Guidelines for the Management of Women with Cervical Intraepithelial Neoplasia. Thomas C. Wright TC, Cox JT, et al., Am J Obstet Gynecol, Volume 189, Number 1, page 295-304.

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

АҚПАРАТ


Əзірлеушілер тізімі:

Мырзабекова Г.Т. Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының бас дəрігері.

Шакаралиева Э.М. Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығы бас дəрігерінің орынбасары.

Гребенникова Г.А. Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Баймурзаева Л.Г. Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

Рослякова А.Г. Алматы қаласы адам репродукциясы қалалық орталығының дəрігері.

 

 




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.