Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Компьютерлік вирус дегеніміз не?



1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар – өз көшірме-лерін жасап, соларды компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек-тілерге жасырын енгізіп, тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол көшірмелер ары қарай да жылдам көбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.

Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін программалардың дұрыс орындалуына кесірін тизізу мақсатында әдейілеп жазатын адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер-вандалдар) жасайды.

38. Компьютерлік вирус жұққандығының негізгі белгілері? Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері

Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;

Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);

Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;

Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);

Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;

Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);

Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;

Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі;

Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программа-ның келіп түсуі т.с.с.

39. Компьютерлік вирустардың жіктелуі? Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бөлуге болады:

Таралу ортасы бойынша;

Жұғу тәсілі бойынша;

Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;

Алгоритм ерекшелігіне қарай;

Көлемінің тұрақтылығына байланысты.

Таралу ортасына қарай

Желі вирустары –компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады.

Файлдық вирустар – com және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.

Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT- кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.

Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.

Компаньон-вирустар (companion) – бұлар файлды өзгертпейді, бірақ EXE-файлдар үшін СОМ типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірісіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.

Паразиттік вирустар – өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді. Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен «құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады

Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm) компаньон-вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға өз көшірметерін жібереді. Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің (желідегі негізгі компьютер) жұмыс өнімділігін төмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей, өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді. Өткен ғасырдың 80-ж. аяғында «Моррис құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ- тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты.

Көрінбейтін вирустар (стелс – Stealth) немесе тығылатын вирустар – бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.. Стелс-вирустарды тауып алу қиын, өйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе диск секторларын білдірмей араластырып, сол сәттерде әлі бүлінбеген мәліметтерді «өңдеуге» кірісіп жатады.

Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше түрлі айла жасап, өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирустар тобын айтады. Полиморфтық вирустар ( полиморфиктер, елес-вирустар (призраки), мутант-вирустар) – оңайлықпен табылмайтын вирустар, өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар болмайды. Мұндай тәсіл алгоритмді өзгертпей, бірақ оларды табуды қиындататын бос командаларды (қоқысты) көптеп қосу арқылы іске асырылады.
Полиморфтық вирустар ішіндегі ең көп тарағаны OneHalf деген вирус.
Макровирустар мәліметтерді өңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде MS Word пен Ms Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.

Троян программасы керекті программа қасына жасырынып, біртіндеп өзінің бүлдіру-құрту істерін (мысалы, FAT-кестесін) өте сақ ептілікпен жүргізеді және компьютердегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының басқа вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ.
Троян программасы көбінесе сатылатын немесе өте қажет программаларға жабысып таралады. Оны «троян аты» деп те айтады.

Көлеміне байланысты
Біртұтас (монолит) вирустық программаны ол ауру жұққызғаннан кейін компьютер жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға болады.
Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше бөліктерге бөлініп тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады. Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да, тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгіреді.

40. Антивирустық программа дегеніміз не? Оның түрлерін ата? Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -- Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғышпрограммалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципы: Компьютерді(C;D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу.Компьютердегі(C;D) өзіне сәйкес қимыл орындамайтын немесе вирустанған файл-программаларды табу, олардың қауіптілік дәрежесін анықтау Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

— резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

— резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедеуі жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылыпалады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оныңішінекіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зияндыәрекетін тигізеді.

41.Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері? Компьютерлік вирустар "таза" компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады.Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты "инкубациялық мезгіл" деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

— информацияны қорғаудың жалпы шаралары — дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

— профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

— вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдіңнегізгі екі түрі белгілі.

программалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек.

.

Детектор-программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Доктор-программалар немесе "фагтар" вирус жұққан программалар мен дискілерді "вирус" әсерін алып тастау, яғни "жұлып алу" арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор-програмалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор-ревизорлар — доктор-программа мен ревизорлар арасынаан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде "емдеп" бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар — компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина-программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус - Д.Лозинскийдің Aidstest: программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады.Бұл программаны пайдаланып компьютерді вирустардан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, с:) мынадай командамен тексеріп отыру керек: аіdstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда оны мына командамен емдеу қажет:

Аіdstest с:/f

Тек программалық файлдарды ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады:

Аіdstest с:/f/g

Бұдан басқа И.Даниловтың қуатты полифаг-антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы да жиі қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін web c: /f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (Ғ1 пернесі - көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болыпжатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.

42. Алгоритм дегеніміз не?Алгоритм сөзі қандай ғалымның құрметіне қойылған?

Алгоритм деген сөздің өзі ІХ ғасырда өмір сүрген орта азиялық белгілі математик Мұхамедтің арабша атынан (әл-Хорезм) латынша (algorіthmі) жазылуынан таралған.Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған.

Мұхамед Әл-Хорезми әдісін жақтаушылар алгоритмиктер деп, белгілі бір қасиеттері бар ережелер жүйесі алгоритм деп аталып кетті.

Қазіргі кездегі түсінігіміз бойынша алгоритм ұғымын кез келген процесті орындау үшін берілетін нұсқаулардың жиынымен байланыстыруға болады. “Мұнда есептің алгоритмі берілген” деген сөйлемді “Мұнда белгілі бір есепті шешуге қажетті амалдар беріліп, олардың орындалу реті көрсетілген” деп түсінуге болады. Күнделікті өмірде біз алгоритмнің көптеген түрлерімен кездесіп отырамыз. Мысалы, шай қайнату, торт пісіру, дәрі-дәрмек жасау, көше тәртібін сақтау, таныс адаммен сөйлесу, лифтімен көтерілу т.б.с.

Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл нұсқаулары алгоритм деп аталады. Алгоритмнің басқаша тағыда бір анықтамасы:

Алгоритм дегеніміз – анықталған мақсатқа жету үшін орындаушыға арналған, орындалу тәртібі ұйымдастырылған, түсінікті, ықшамды, шектелген нұсқаулар тізбегі. Алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттілік, анықтылық, жалпылық, нәтижелілік.

Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгортимнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттілігі деп аталады.

Алгоритмнің әрбір нұсқауы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуі қажет. Алгоритмнің бұл қасиеті анықталғандығы деп аталады.

Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл бір типті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуді шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады.

Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мысалы шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді.Сондықтан да кез келген алгоритмді орындағанда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек алгоритмнің бұл қасиеті нәтижелілігі деп аталады.

43. Алгоритмнің қандай түрлері бар?

Алгоритмдердің жасалуының үш негізгі түрі бар: сызықтық, тармақталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады.

Орындаушының әрекеттері қандай да бір шартты нұсқауларға тәуелді орындалатын болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары бірнеше рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.

44. Тармақталу алгоритмінің жазылу түрін көрсетіңіз?

армақталған алгоритм (Разветвляющийся алгоритм; bifurcating algorithm) — 1) толық емес формасы — бұл алгоритм берілген шартқа тәуелді болғандықтан кейбір әрекеттерді орындамауы мүмкін; 2) толық формасы — мұндай алгоритм берілген шартқа байланысты әрекетгердің біріншісін немесе басқасын орындайды

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.