Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 4 страница



10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті
органның спорттық медицина мәселелері бойынша
құзыреті

1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган:
1) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысады;
5) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
6) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды;
7) спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша:
1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2014 N 229-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің
функциялары

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;
4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына енгізу және трансферттеу;
5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;
6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;
7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтерді көрсету;
8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;
10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!
2-тарауды 11-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
іс-қимыл

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.
3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.
7. Алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен, ақпараттық-коммуникациялық желілерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,
АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті,
сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының
бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның
компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:
1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;
2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
3) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
5) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалауды жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.
Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.
2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетін аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргiзiледi және ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.
Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.
Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.
Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне аттестаттау

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының және олардың орынбасарларының, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, филиалдары басшыларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) болып табылады.
2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.
3. Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАР,
ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ)
СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ЖӘНЕ ЖАРНАМА

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:
1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;
2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;
3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы стандарттар;
5) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары;
6) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттары.
2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!
17-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
сәйкестігін растау

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтердің) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;
2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама мақсатында таратуға;
3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесі мен дауысын пайдалануға;
4) медициналық, фармацевтикалық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда және басқа да ғылыми кеңестерде дәрілік заттарды жарнамалауды қоспағанда, қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;
4-1) өнеркәсіптік өнімдерге, рецептуралық бланкілерге жарнамалық ақпаратты орналастыруға;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың плакаттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көзге көрінетін) жарнамасын орналастыруға;
6) дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы анық ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету мақсатында ұсыну жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;
7) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;
7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді жарнамалауға;
8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін қызметтерін жарнамалауға;
9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ/ЖИТС-ті, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;
10) жарнамада өзінің танымалдығына байланысты дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға;
11) көрсетілетін қызметті, дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаны бірегей, барынша тиімді және қауіпсіз ретінде жарнамаға беруге;
12) дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге;
13) ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық активті қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға;
14) жарнамаланатын көрсетілетін қызметтерге, дәрілік препаратқа, медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;
15) адамның тіндеріне (тіннің бөлігіне) және (немесе) ағзаларына (ағзаларының бөлігіне) қатысты заңсыз мәмілелер жасасу туралы ұсыныстарды жарнамалауға тыйым салынады.
4. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Медициналық қызметтердiң, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мерзімді баспасөз басылымдарында, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.
Рецепт бойынша босатылатын, оның iшiнде құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған мерзімді баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.
5-1. Дәрілік заттардың жарнамасы толық (дәрілік затты пайдалану үшін тиісті шектеулерді қоса алғанда) және анық мәліметтерді қамтуға тиіс, олардың болмауы дәрілік заттарды орынсыз пайдалану немесе тұтынушы үшін қисынсыз қатерге әкеп соғуы мүмкін.
6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.