Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Ортодоксалды мектептер (астика)

А.К.АБДИНА

Т.М.САДЫКОВА

Д.В.НИ

ФИЛОСОФИЯ

ПӘНІНЕН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

барлық мамандықтарға арналған

 

 

Астана, 2015

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

А.К.АБДИНА

Т.М.САДЫКОВА

Д.В.НИ

ФИЛОСОФИЯ

ПӘНІНЕН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

барлық мамандықтарға арналған

Астана, 2015

C.Сейфуллин атындағы «Бекітемін»

Қазақ агротехникалық университеті Басқарма төрағасының

оқу-әдістемелік кеңесінде бірінші орынбасары

қарастырылып қабылданған _________Әбдіров А.М.

«13» ___мамыр_____ 2011 ж. «__» _________ 2011ж.

 

Философия пәніне арналған оқу-әдістемелік кешені

Құрастырғандар: Абдина А.К., Садыкова Т.М., Ни Д.В.

Пікір жазған: Кульжанова Ж.Т.

ПОӘК-нің аннотациясы: Философия пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде философия тарихы мен оның теориясындағы негізгі түсініктер мен мәселелер, тұжырымдар қарастырылған. Сонымен қатар, философияның қазіргі кезеңінің дамуындағы методологиялық және дүниетанымдық мәселелерді шешуге арнайы бағытталған әдіснамалық нұсқаулар мен философия дамуының тарихи үрдістері баса айтылған. Әр түрлі философиялық мектептер мен бағыттарға жататын негізгі философиялық ойлау жүйесімен танысу Оқу-әдістемелік құралдың басты мақсаты болып табылады. «Философия» оқу-әдістемелік құралының мазмұнына философияның жалпы даму заңдылықтары, оның шығу тарихы, құрылымы және философиялық білімнің дәрежесі мен Көне Шығыстан бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын тарихи-философиялық теориялар кіреді.

 

Философия кафедрасының отырысында 2011 жылдың « » ақпанында қаралып, басылымға ұсынылған, № хаттама

 

Әдістемелік комиссияның отырысында 2011 жылдың «13» наурызында қаралып, басылымға ұсынылған, №7 хаттама

Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................... Пән бағдарламасы.................................................................................

Дәріс материалдары...............................................................................

Семинар тапсырмалары............................................................................. СОӨЖ тапсырмалары................................................................................

Студенттің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары..............

Негізгі түсініктер (глоссарий)....................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................

 

Кіріспе

Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек ?

Біріншіден, философия студентті абстрактілі ойлауға үйретеді және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, философия орасан зор теоретикалық базаны иеленеді, ондағы көтерілген философиялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ішкі рухани жан дүниесін байыта отырып, өмірде өзіндік позициясы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыра алады.

Философияны оқи отырып, адамзат тарихы жолында қордаланып жинақталған барлық білімді негізге алып қарастыратын, философия тарихын қозғамау мүмкін емес.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған. Бұл оқу-әдістемелік кешен дәріс материалдары, семинар сабағына арналған тапсырмалар, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұрады. Сонымен қатар, «Философия» курсы бойынша ОӘК-де бақылау материалдары да қамтылады.

 

 

СИЛЛАБУС ҚҰРЫЛЫМЫ

1.Оқытушы туралы мәлімет:

2. Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

2.Пән туралы мәлімет

Пән: философия 3-кредит

дәріс-15 сағ., машықтану -30 сағ., СОӨЖ -22,5 сағ., СӨЖ-97,5 сағ.

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апталары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Барлығы
Дәріс тер 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 15
Семи нар 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 30
СОӨЖ 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 22,5
СӨЖ 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 6,5 97,5
Барлы ғы 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 135

3. Курс пререквизиттері

Философияны оқу үшін студентте мәдениеттану, қоғамтану, дінтану, логика, этика, эстетика және т.б. пәндерден білімі болуы тиіс.

4. Курс постреквизиттері

Философиядан алған білімдер ғылым тарихы және философиясы, саясаттану, әлеуметтану, психология және т.б. оқу пәндерімен тығыз байланыста болады.

5. Курстың қысқаша сипаты

Қазіргі таңда философиядан сабақ беру барысында философияның өзі адам мәдениетінің өзіндік және ерекше аумағы, қазіргі әлеуметтік мәдени контекстке енген «тірі ағза» екенін ескеру қажет.

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны философиялық кезеңдер, онтология, гносеология, аксиологияның жалпы теоретикалық философиялық сұрақтары сабақтастығына жаңаша қарауды мүмкін етеді. Құндылықтарды қайта бағалау барысында басты құндылық - адам мәселесін қарастыру да жаңаша бағдарға ие болды. Философияны зерттеу ақиқаттың барлық бейнелерінің ара қатынасын аша алатын, қандай да бір пікірге сын айтып, оны негіздей алатын, түсініктермен жұмыс жасай алатын көп жылдық тәжірибемен апробацияланған зерделі ойлаудың ең керемет мектебі.

Курс мақсаттары. Оқытудың дәстүрлі және интерактивті тәсілдерін қолдану арқылы өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, рухани-интеллектуалды мағынасы бар философия тарихын үрдіс ретінде жүйелі түрде сипаттау болып табылады. Философияның негізгі теоретикалық мәселелерін бүтіндей, жүйелі түрде сипаттау арқылы студенттерде адам болмысының мәні туралы мәселелерге келгенде дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру қажет.

Күтілетін нәтижелер. Философияны зерттеу барысында студент философияның дүниетанымдық және гуманитарлы мәнінің негіздерін, оқу және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау қабілетіне ие болуы, ғылыми реферат, баяндамаларды өзіндік құрастыру, іздену барысында қызықтырған мәселелерді тауып оларды өзіндік пайымдау арқылы да, философиялық ой-толғаныстар арқылы да аша білуі қажет, қоғамдық өмір заңдылықтары мен негізгі принциптерін, философиялық антропология және тұлға концепциясы мәселелері, адам өмірі, бостандығы секілді іргелі құндылықтар жайында түсініктері болуы қажет.

Пәнді үйрену барысында студенттер білуі тиіс:

A. Білуі және түсінуі тиіс: философияның пәнін, мақсаттары мен міндеттерін; философияның зерттеу мәселесінің негізгі аумағын; мәдениет контекстіндегі философиялық көзқарастың ерекшеліктерін және оның адамның өмірлік таңдау бағдарына ықпалын білуі тиіс.

B. Нақты мәдениет контексіндегі дүниетанымдық мәселелерін анықтай алуы; дүниетанымдық мәселелерді шешуде және қоюда басқа да тәсілдерін білуі қажет.

С. Негізгі терминдер және философиялық мәселелерді аша білуі тиіс.

D. Мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі философиялық тәсілдері жайында түсінігі болуы қажет.

F.Білім алу аумағындағы біліктілік – маңызды мәселелерді сараптай алу қабілеті, қоғамның мәдени кеңістігінде бағдары бола білу.

6. Курстың мазмұны

6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырыптар атауы Көлемі, сағ. Әдебиеттер Ағымды бақылау, балл
1 Философия мәдениет феномені ретінде. Пәнді оқып үйренудің әдістері және объектісі. Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен рөлі.Философия пәні және қызметтері. Философияның мәдени-тарихи сипаты. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5,6,7,11, 12 Қ.Ә.: 2 0,6
2 Шығыс мәдениетіндегі философия феномені. Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философияда қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы негізгі дүниетанымдық идеялар. Қытайлық философия қарсаңының негізгі мазмұны. Конфуцийшілдік, моизм, легизм, даостық философия. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5,19 Қ.Ә.: 2, 14,17 0,6
3 Антикалық мәдениеттегі философия. Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Платон мен Аристотель философиясы. Жеке бас Бақытты қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. (эпикуршілдік, киниктер, стоиктер) 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5, 10,11,19 Қ.Ә.: 2,8,14,17 0,6
4 Орта ғасырлық мәдениеттгі философия феномені. Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Мәдени таңдаудың басты стратегиясын қалыптастырудағы А.Августиннің рөлі. Томизм римдік католиктік шіркеудің философиясы. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5,9,11,19 Қ.Ә.: 1,2,14,16 0,6
5 Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия. Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Дүниенің исламдық моделі. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Түрік тілдес философияның қалыптасуы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18. Қ.Ә.: 2,14,16,17,18,22 0,6
6 Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Н.Макиавеллидің саяси философиясы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,6, 14,16 0,6
7 Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жаңа Уақыт бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал. Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Батыс адамының белсенді іс-әрекетінің қалыптасуына неміс философиясының әсері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 0,6
8 XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия. XIX ғ. екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. «Өмір» философиясы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,7,10,14,16 0,6
9 XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер мен батысшылдар. Кеңестік мәдениет контекстіндегі марксистік философия. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 0,6
10 Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Ш.Уалиханов, Абай және Шәкәрімнің философиялық көзқарастары. XX ғ. қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Диалектикалық логиканың қазақстандық мектепте қалыптасуы және жетістіктері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16і 0,6
11 XX ғ. - XXI ғ. қарсаңындағы медениеті контекстіндегі батыстық философия. XX ғ. Батыс Еуропа елдеріндегі мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. XX ғ. батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Мәдени талықсытпа жөне адамның одан шығу жолын іздестіруі. Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. 1 Н.Ә.:.2,3,7,14,17 Қ.Ә.: 3,4,9,11-13,15 0,6
12 Болмыс пен таным философиясы. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Эпистемология түсінігі. Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Бейболмыс феномені және өлімді рәміздеу. 1 Н.Ә. : 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19,20,21 0,6
13 Мәдениет философиясы. Философиялық антропология. Әлеуметтік философия. Махаббат философиясы. Дін философиясы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:, 2,14,16,19,20,21 0,6
14 Диалектика теориясының меселелері. Әдіс мәселелері. Танымның негізгі әдістері. Тарих философиясы. Саясат философиясы. Білім философиясы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:2,14,16,19,20,21 0,6
15 Жаһандық мәселелер философиясы. Жаһандық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Жаһандық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселелердің қалыптасуы. Модернизацияның Қазақстандық үлгісінің әлеуметтік-мәдени негіздері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19, 20,21 0,6

6.2. Семинар сабақтарының тізбесі

Тақырып атауы Көлемі, сағ. Әдебиеттер Ағымды бақылау, балл
1 Философия мәдениет феномені. Адамның дүниетанымдық тұрғыда өзін өзі анықтауы және ондағы философияның рөлі. Философиялық білімнің ерекшелігі. Философияның негізгі әдістері. Философияның негізгі қызметтері. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5,6,7,11, 12 Қ.Ә.: 2 1
2 Шығыс мәдениетіндегі философия феномені. Шығыс философиясының кезеңдері мен пайда болуы. Ежелгі Қытай философиясы. Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясының дүниетанымдық ұстанымдарына салыстырмалы талдау. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5,19 Қ.Ә.: 2, 14,17 1
3 Антикалық мәдениет философиясы. Ежелгі Грек философиясының қалыптасуы. Бірінші ежелгі грек мектептері. Софистер және софистика: Протогор, Горгий, Продик. Классикалық философия: Сократ, Платон, Аристотель. Ерте эллиндік философия: киниктер және скептиктер, Эпикур және эпикуршілдер, стоиктер, неоплатонизм және Плотин. 1 Н.Ә.: 1,2,3,4,5, 10,11,19 Қ.Ә.: 2,8,14,17 1
4 Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Ортағасырлық философияның негізгі мазмұны мен мәселелері. Августин және Ф. Аквинский ілімдеріндегі Құдай, Дүние және адамның арақатынасы мәселесі. Универсалий мәселелері: номинализм және реализм. Патристика мен схоластиканың түйінді жағдайлары. 1 Н.Ә.:1,2,3,4,5,9,11,19 Қ.Ә.: 1,2,14,16 1
5 Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық - мұсылмандық философия. Ортағасырлық арабтілді философияның негізгі ағымдары: калам, мутазалиттер, мутакалимдар, суфизм. Шығыстық перепатетизм: Аль-Фараби, Әл-Кинди, Ибн-Сина, Ибн–Рушд (Аверроэс). Суфизм философиясы. Араб-мұсылман философиясындағы білім мен сенім арақатынасы мәселелері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18. Қ.Ә.:2,14,16,17,18,22 1
7 Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Қайта Өрлеу дәуірі философиясының негізгі сипаты мен ерекшеліктері. Философия және өнер: индивидуалдылықты иелену. Леонардо да Винчи. Қайта Өрлеу дәуірі Н.Макиавеллидің әлеуметтік саяси философиясы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,6, 14,16 1
8 Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жаңа Уақыт философиясындағы рационалистік және эмпирикалық тенденциялар. Ағартушылық философия. Неміс классикалық философиясының мәселелері. Жаңа Уақыт философиясындағы әлеуметтік-саяси ілімдері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1
9 XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс философиясының негізгі кезеңдері мен сипаттары. Батысшылдар мен славянофилдер. А. Хомяков ілімі. В. Соловьевтің діни философиясы. Орыс космизмі: Н. Федоров, В. Вернадский, К. Циалковский. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1
10 Қазақ мәдениетіндегі философия феномені Қазақ философиясының ерекшеліктері. Қазақ философиясының қалыптасуы. Қазақ философиясының дәстүрлері мен жаңашылдығы. Қазақ ағартушылығы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1
11 XX ғ. - XXI ғ. қарсаңы медениеті контекстіндегі батыстық философия Неопозитивизм: Б. Рассел, Л. Витгенштейн. Логикалық позитивизм М. Шлик, Р. Карнап. Постпозитивизм. К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейеррабенд, Т. Кун. Прагматизм: Ч. Пирс, У. Джемс, Д. Дьюи. Ф. Шиллер. Постмодернистік батыстық философияны сыни тұрғыдан талдау: жақтастары мен қарсыластары. 1 Н.Ә.:.2,3,7,14,17 Қ.Ә.: 3,4,9,11-13,15 1
12 Болмыс және таным философиясы. Онтология мәселелері. Болмыс және бейболмыс: ұғымдарының арақатынасы. Болмыстың түрлері мен формалары. Материя және субстанция мәселелері. 1 Н.Ә. : 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19, 20,21 1
13 Мәдениет философиясы. Адам, оның мәні мен өмір сүруі. Адам мен қоғам болмысындағы табиғилық пен мәдениліктің арақатынасы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың арақатынасы. Мәдениеттегі ғылым, өнер, дін және мораль арақатынасы. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:,2,14,16,19,20,21 1
14 Диалектика теориясының меселелері. Пайдалылық және құндылық. Білімнің философиялық аспектілері және тәрбие. Адам өмірінің мәні мен ның экономикалық-саяси мақсатқа бағытталуының арақатынасы. Ғылым әдістемесінің мәселелері. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16,19,20,21 1
15 Жаһандық мәселелер философиясы. Адам, техника тарихи прогресс. Жаһандану жағдайында мәдени өзіндік болмысты сақтау мәселесі. Авторитаризм мен тоталитаризмнен демократияға өту. Ғылыми шығармашылық еркіндігі және ғалымның жауапкершілігі. 1 Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19,20,21 1

7.Пән бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі

Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары, сабақтың мақсаты мен мазмұны Ұсынылған әдебиеттер Бақылау түрі Тапсыру мерзімі Баға лау бал дары
1 Философия мәдениет феномені. Философия және дүниеге көзқарас. Философиялық білімнің ерекшелігі. Философияның негізгі әдістері. Философияның негізгі қызметтері. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1,2,3,4,5,6,7,11, 12 Қ.Ә.: 2 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Экспресс-сұрау.Тапсырманың орындалуын тексеру. 4.Негізгі түсініктермен жұмыс. 1 1
2 Шығыс мәдениетіндегі философия феномені. Ежелгі Үнді философиясының кезеңдері мен пайда болуы. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептер. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері мен пайда болуы. Ежелгі Қытай философиясының негізгі мектептері. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1,2,3,4,5,19 Қ.Ә.: 2, 14,17 1.Дәріс жазбасы. 2. Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Глоссарий бойынша тренинг. 4.Кестені толтыру. 5.Баяндаманы сараптау. 2 1
3 Антикалық мәдениет философиясы. Ежелгі Грек философиясының қалыптасуы. Бірінші ежелгі грек мектептері. Софистер және софистика: Протогор, Горгий, Продик. Классикалық философия: Сократ, Платон, Аристотель. Ерте эллиндік философия: киниктер және скептиктер, Эпикур және эпикуршілдер, стоиктер, неоплатонизм және Плотин. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1,2,3,4,5, 10,11,19 Қ.Ә.: 2,8,14,17 1.Дәріс жазбасы. 2. Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Глоссарий бойынша тренинг. 4.Кестені толтыру. 5.Презентацияның қорытындысын шығару. 3 1
4 Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Негізгі мазмұны мен мәселелері. Патристика кезеңдері. Августин философиясы. Универсалий мәселелері.Номинализм (Росцелин, П. Абеляр) және реализм (Ансельм Кентеберийский, Августин Аврелий). Фома Аквинский теолог және схоластиканы жүйелеуші. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1,2,3,4,5,9,11,19 Қ.Ә.: 1,2,14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағына ауызша жауап беру. СОӨЖ: 3.Ауызша пікір алмасу. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5.Кесте толтырудың қорытындысын шығару. 4 1
5 Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық - мұсылмандық философия. Ортағасырлық арабтілді философияның негізгі ағымдары:: калам, мутазалиттер, мутакалимдар, суфизм. Шығыстық перепатетизм: Аль-Фараби, Әл-Кинди, Ибн-Сина, Ибн–Рушд (Аверроэс). Суфизм философиясы. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18. Қ.Ә.: 2,14,16,17,18,22 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағына талдау жасау. СОӨЖ: 3. Глоссарий бойынша тренинг. 4.Эссе бойынша жұмыс. 5.Пікір талас бойынша қорытынды шығару. 5 1
6 Ренессанс және Реформация мәдениеттегі философия. Қайта Өрлеу дәуірі философиясының негізгі сипаты мен ерекшеліктері. Философия және өнер: индивидуалдылықты иелену. Леонардо да Винчи. Қайта Өрлеу дәуірі Н.Макиавеллидің әлеуметтік саяси философиясы. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,6, 14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын талдау. СОӨЖ: 3. Глоссарий бойынша тренинг. 4.Кестені тексеру. 5. Пікір талас бойынша қорытынды шығару. 6 1
7 Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жаңа Уақыт философиясындағы рационалистік және эмпирикалық тенденциялар. Ағартушылық философия. Кант философиясының негізгі даму кезеңдері. Гегельдің философиялық жүйесі. И. Фихте және Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағының қорытындысын шығару. СОӨЖ: 3.Тест тексеру. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5.Толтырылған кестенің қорытындысын шығару 7 1
8 XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Позитивизм, махизм, неопозитивизм философиясы. Өмір философиясы: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон. З. Фрейдтің психоанализмі. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3. Пікірталасты қорытындылау. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5. Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 8 1
9 XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс философиясының негізгі кезеңдері мен сипаттары. Батысшылдар мен славянофилдер. А. Хомяков ілімі. В. Соловьевтің діни философиясы. Орыс космизмі: Н. Федоров, В. Вернадский, К. Циалковский. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3. Пікірталасты қорытындылау. 5. Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 9 1
10 Қазақ мәдениетіндегі философия феномені Қазақ философиясының ерекшеліктері. Қазақ философиясының қалыптасуы. Қазақ философиясының дәстүрлері мен жаңашылдығы. Қазақ ағартушылығы. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 5. Глоссарий бойынша тренинг. 10 1
11 XX ғ. - XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Неопозитивизм: Б. Рассел, Л. Витгенштейн Логикалық позитивизм М. Шлик, Р. Карнап. Постпозитивизм. К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд, Т. Кун. Прагматизм: Ч. Пирс, У. Джемс, Д. Дьюи. Ф. Шиллер. Герменевтика философиясы. Ф. Шлейермахер, В. Дильтей, Э. Гуссерль, Х. Гадамер. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.:.2,3,7,14,17 Қ.Ә.: 3,4,9,11-13,15 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 5. Глоссарий бойынша тренинг. 11 1
12 Болмыс және таным философиясы. «Болмыс» философиялық категория ретінде: оның мағынасы мен ерекшелігі. «Адам – Әлем» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс ілімі туралы. Болмыс пен бейболмыс мәселелері. Монистік, дуалистік және плюралистік философиядағы субстанция, субстрат, материя категориялары. Гносеологияның іргелі түсініктері: білім, таным, ақиқат, адасу,түсіндіру мен түсіну. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә. : 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19,20,21 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағы бойынша жұмыс. СОӨЖ: 3.Пікір талас жүргізу. 4.Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 5. Глоссарий бойынша тренинг. 12 1
13 Мәдениет философиясы. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Қазақстандағы мәдениет дамуының болашағы мен жағдайы: мәдени философиялық аспектілері. Жаһандану философиясының мәселелері. Жаһандық дағдарыс қауіпі және оны жүзеге асырудың негізгі философиялық мәні. Жаһандану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым талабы ретінде. Жаһандық сананы қалыптастыру мәселесі. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:, 2,14,16,19,20,21 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3.Толтырылған кестені талдау. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5.Презентацияның қорытындысын шығару. 13 1
14 Диалектика теориясының меселелері. Пайдалылық және құндылық. Білімнің философиялық аспектілері және тәрбие. Адам өмірінің мәні мен экономикалық-саяси мақсатқа бағытталуының арақатынасы. Ғылым әдістемесінің мәселелері. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16,19,20,21 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын талдау. СОӨЖ: 3.Дебаттың қорытындысын шығару. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5.Қысқа баяндама жасау. 14 1
15 Жаһандық мәселелер философиясы. Философиядағы адам бейнесі. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. ХХ ғ. философиялық антропология философияның бағыты ретінде. Адам өмірінің бірегейлігі. Адамның әлеуметтік бірегейлігі. Еркіндік құндылық ретінде. Еркіндік адамгершілік императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Жаһандану жағдайындағы мәдени өзіндік болмысты сақтау мәселесі. 1.Жоспарға сай семинар сабағына дайындалу. 2.СӨЖ тапсырмасын орындау. Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19,20,21 1.Дәріс жазбасы. 2.Машықтану сабағын қорытындылау. СОӨЖ: 3. Пікірталасты қорытындылау. 4. Глоссарий бойынша тренинг. 5. Толтырылған кестенің қорытындысын шығару. 14 1

8. Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1 С.Мырзалы Философия. - А;2009ж

2 Н.Иманқұл, Т.Бөрібаев. Іліми философия -А;2009ж.

3 Қ.А.Әбішев. Философия. -А;2004ж.

4 А.К.Абдина. Философия. -А;2008ж.

5 Д.Қ.Кішібеков Философия. -А;2002ж.

6 Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия тарихы.- А;2002ж.

7 Ж.Алтай, А.Қасабек, К.Мұхаметәлі. Философия тарихы. -А;1999ж.

8 Х.З.Ақназаров Философия тарихынан дәрістер курсы. -А;1992ж.

9 Батыс философиясының антологиясы. -А;2002ж.

10 Е.Ғарифолла. Фәлсәфа тарихы. -А;2004ж.

11 Ж.Алтаев. Философия- А;2008ж.

12 Н.Иманқұл Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. -А;2006ж.

13 А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова. Философия. Оқулық. А;2013ж.

14 А.В.Канке. Философия. – М;2000

15 Д.К.Кишибеков. Философия. – А; 2002

16 В.Н.Лавриненко. Философия. – М;2005

17 А.А.Радугин. Философия. – М;2007

18 О.А.Сегизбаев. Казахская философия XV-XX вв. – А;1996

19 А.Г.Спиркин. Философия. – М; 2002

Қосымша әдебиеттер:

1 Т. Ы.Әбжанов. Адамға қарай бет бұрсақ. А;1999 ж.

2 Философиялық сөздік. А;1999 ж.

3 Әлеуметтік философия. Хрестоматия А;1999 ж.

4 Ғ.Есім «Хәкім Абай» А;1999 ж.

5 Г.А.Кактаева. Философия. - А;2006ж.

6 Ж.Алтаева. Философия тарихы. А;2006ж.

7 А.К.Абдина, А.Г.Гаппасова. Философия пәнінен кейс-стади. А;2009ж.

8 Қ.А.Әбішев Философия. -А;1991ж.

9 К.К.Бегалинова. Философия тарихы. Астана;2009

10 Философиялық сөздік: оқу әдістемелік нұсқау. Астана; КАТУ, 2010.

11 М.С.Орынбеков. Ежелгі қазақтың дүниетанымы А;1996 ж.

12 Т.Қ.Бөрібаев. Ұлт менталиенті. Астана;2002ж.

13 А.Қасабек, Ж.Алтаев Қазақ философиясы А;1996 ж.

14 Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов Ойлау тарихының белестері А;1994 ж.

15 Т.М.Садықова. Философия. Оқу құралы А;2007ж.

16 В.В.Соколов. Средневековая философия. – М;2010

17 П.А.Сорокин Человек. Цивилизация. Общество. – М;2005

18 А.Тойнби. Постижение истины. – М;2009

19 З.Фрейд. Психология бессознательного. – М;2010

20 А.Н.Чанышев. Курс лекции по средневековой философии. – М;2007

21 Әлемдік философиялық мұра. 20 томдық. Алматы; Жазушы, 2006

22 А.К.Абдина Ғылым тарихы және философия. Астана;2012

9.Курстың саясаты

1.Сабаққа кешікпеу.

2.Сабақтан қалмау керек, қалған жағдайда себебін көрсететін құжат алып келуге тиіс.

3.Оқу материалын қадағалап оқу.

4.СӨЖ тапсырмасын кесте бойынша тапсыру.

5.Оқу жағдайында, өзіндік жұмыста белсенді болу керек.

10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат:

Студенттің білімін бағалау сапасын 3 түрде бақылау ұсынылады:

1.Ағымды бақылау:

- Дәріс сабағына қатысу (10%)

- Семинар сабағына жақсы дайындықпен қатысу (15%)

- Студенттің өзіндік жұмысын орындауы ( СӨЖ –дің барлық түрлерін өз бетінше орындауы) (15)

2. Аралық бақылау:

- екі бөлім арасындағы аралықты қарастыру, нұсқа бойынша тест тапсырмасы немесе жазбаша жұмыс түрінде жүргізіледі.(20)

3. Қорытынды бақылау (40)

- Емтихан қабылдаумен өткізіледі.

11. Бағалау саясаты

Пән бойынша білімін бағалау сызбасы

Студенттің орындайтын жұмыс түрлері балл саны min/ max
I АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ: Дәріс Семинар сабағы СӨЖ 50/100
II АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ Аралық бақылау 1 Аралық бақылау 2 50/100
Қорытынды: 50/100
III ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ Емтихан 50/100
Барлығы 50/100

Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы

Емтихан бағасы 50 - 100
1. Ағымдық бақылау Аралық бақылау 50 - 100
2. Қорытынды бақылау 50 - 100
3. Барлығы: 50 - 100

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті Балдардың пайыздық өлшемі Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

 

 

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

1–тақырып. Философия мәдениет феномені ретінде

«Философия»термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.

Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарға негізделген.

Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда болды.

Философия және дүниеге көзқарас. Философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. «Дүниеге көзқарас» ұғымы «философия» ұғымымен астарлас. Ол өзіне басқа да дүниеге көзқарастартың түрлерін мифологиялық, көркемдік, діни және т.б. қарастырады. Толықтай түйіндегенде, дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарасқа: адамның дүниеге деген бағасы мен түсінігі, философиялық, жалпы ғылымдық, әлеуметтік - саяси, құқықтық, эстетикалық құндылықтық бағдары, болжауы, сенімі жатады.

Материализм – материяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.

Идеализм – идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниеге көзқарас.

Объективті идеализм – адам санасынан тәуелсіз идея.

Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.

Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Дуализм - дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.

Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады.

Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар.

Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық.

Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестетуболып табылады.

Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім.

Философиялық көзқарастың негізі –сана.

Философия әдістері. Философия гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, барлық ғылымдардың әдіснамасы.

Методология (әдіснама) - таным мен олардың жиынтығы туралы әдістер ілімі.

Әдіс - теориялық және практикалық іс әрекеттер принципінің жүйесі.

Әрбір білім аумағының өзіндік зерттеу пәні , қолданатын ерекше әдісі болады.

Философиялық әдістің ерекшеленетін қасиеті – әмбебаптылығында. Бұл әдістер ақиқатқа жол сілтей отырып, барлық жерде қолданылады. Диалектика осы әдістер қатарына жатады. Б&#

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.