Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжат-тарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бірақ мұны бекіту деп есептеуге болмайды. ЖШС қатысушыларының басқа жағдайларда жауапкершілік көтеретін реттер де бар, мәселен, ҚР АК 44-6. 3-т. сәйкес егер занды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкінің меншік иесінің ісәрекетінен туындаған болса, заңды түлғаның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкінің меншік иесі несие берушілер алдында субсидиарлық жауапкершілікте болады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары оның міндеттемелері, жарғылық капиталына қосқан салымдары, ал олардың кемшілігі бар жерде - өздеріне қосымша тиісті мүліктері көлемінде, өздерінің салған еселі салымдары бойынша жауап береді. ҚЖС ерекшелігі - мүлкі жетіспей қалған немесе банкротқа үшыраған жағдайда қатысушылардыц бірінің жауапкершілігін өзге қатысушылардың арасында үлестіріп беру болып табылады. Осындай жағдайда қатысушының қосымша жауапкершілігі өзге қатысушыларға олардың үлестеріне бара-бар етіліп жүктеледі. ҚЖС-тің қалған құқықтық ережелері ЖШС-тің құқықтық ережелеріне үқсас болады.

Өндірістік кооператив

Өндірістік кооператив азаматтардың жеке еңбектік қатысуы мен мүліктік жарналарды (үлес/пай) оның мүшелерінің біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде азаматтардың өз еріктерімен бірігуі болып табылады. Бастысы сол, оның мүшелері тек мүліктік жарналарды біріқтіріп қоймай, сондай-ақ міндетті тәртіппен кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысады.

Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауаптылықта болады.

Құрылғаннан кейін кооперативке қосылған кооперативтің мүшесі тек қана өзінің кооперативке мүшелікке өткенен кейін ғана берілген жауап береді.

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Мемлекеттің еңбек қатынастарын реттеуі

2. Реттеудің мемлекет аралық деңгейі

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,]

Қосымша әдебиеттер: [1, 3]

 

7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметін талдау және тиімділігін бағалау

(2/1/-/- сағ)

Практикалық сабақтың жоспары

1. Кәсіпкерлік ызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі

2. Кәсіпкерлік өнім өткізу нарығындағы өнімдерді талдау

 

Кәсіпкерлік – тауар, шикізат немесе жабдықтарды сатып алудан, өндірген өнімді сатудан тұрады. Сондықтан да кәсіпкер сатып алушымен тауарды сату немесе сатып алу жөнінде келісімге келеді.

Келісімге қатысушыларды халықаралық және ішкі деп екіге бөлуге болады. Егер де келісімге әр түрлі мемлеет өкілдері қатысатын болса (осы мемлекетте тіркелмеген фирмалар), онда бұл халықаралық келісім болып табылады. Ал ішкі келісімде бір елдің өкілдері қатысып, сол елдегі тіркелген сатушылар мен сатып алушылар саналады.

Коммерциялық келісімдерді маңыздылық дәрежесіне қарай негізгі және көмекші деп екіге бөлуге болады. Негізгілерге төмендегілермен байланысты келісімдерді жатқызуга болады:

- өнімді сатып алу – сату;

- ғылыми – техникалық біліммен алмасу (патенттер, лицензиялар, “ноу - хау” және т.б.);

- техникалық қызметті сатып алу – сату ( жаңа технологияны енгізу, ерекше объектілерді құрастыру кезіндегі серіктестік және т.б.);

- өндіріс факторларының арендасы;

- тауар, қызмет және жұмыс арендасы;

- халықаралық туризмді ұйымдастыру;

Көмекші келісімдерге тауарларды жеткізумен байланысты, сатушыдан сатып алушыға жұмыс және қызмет көрсетуімен байланысты келісімдер жатады. Оған мыналарды жатқызуға болады:

- халықаралық жүк жеткізу;

- жүкті сақтандыру жөнінде;

- жүкті қоймаландыру, қайта өңдеу және сақтау;

- әр жақ бойынша есеп жүргізу (банктік операция);

Коммерциялық келісімдер қол ақшасыз-ақ жүре береді, яғни тауар алмастыру негізінде. Мұнда бартердің маңызы зор. Бұл келісім толық дамымаған нарыққа сәйкес келеді.

Рынокты зерттеу.Өзіңіз жұмыс істеуге тура келетін рынокты суреттеңіз:

- Жергілікті (аймақтық), халықаралық, өнеркэсіптік, тұтынушылық рынок па?

-Рыноктыдамытудың қандай үрдістері бар: пайда болатын, өсіп келе жатқан, кемелденген, қүрып бара жатқан рынок па?

- Саладағы сатудың шамалас көлемі қандай жэне кәсіпорныңыздың саладағы сатудың жалпы көлеміндегі үлесі қандай болады?

- Тұтынушыларыңыз кім, олар қайда өмір сүреді, олардың элеуметтік -демографиялық сипаты қандай?

- Түтынушылардың әр тобы (рынок сегменті) бойынша сату көлемі қан-дай?

- Негізгі бәсекелестеріңіз кім және олар не арқылы сізден асып түсе алады?

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Кәсіпкерлік өнім өткізу нарығындағы өнімдерді талдау

2. Бәсекелестік жетістікті талдау

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,]

Қосымша әдебиеттер: [1, 3]

 

5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар__________________

 

6 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары

СОӨЖ бөлімінің аты Сабақ мақсаты Сабақ жүргізудің формасы Тапсырманың мазмұны Ұсынылған әдебиеттер
1 Тақырып. Кәсіпкерлік: ұғымы және оның негізгі турлері Берілген тақырып бойынша білімді тереңедету, білімді тексеру Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар, бақылау жұмысын жүргізу Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 6, 11. Қосымша әдебиеттер: 4
2-тақырып. Кәсіпкерлікті қызметтегі тәуекелдігі Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 9, 11. Қосымша әдебиеттер: 4, 5.    
3-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1,2, 11. Қосымша әдебиеттер: 6,7.    
4-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 8, 9, 10,11. Қосымша әдебиеттер: 5,8.    
5-тақырып. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1,2, 11. Қосымша әдебиеттер: 6,7.    
6-тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келсім-шарттық қарым-қатынасы Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1,2, 11. Қосымша әдебиеттер: 6,7.    
7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметін талдау және тиімділігін бағалау   Берілген тақырып бойынша білімді тереңе дету     Оқытылатын тақырып бойынша консультациялар Жаттығуларды жаттықтыратын, ойландыратын жағдайлар. Негізгі әдебиеттер: 1,2, 11. Қосымша әдебиеттер: 1,2.    

 

7 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар

 

7.1 пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы___________

7.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары)

 

Бақылау жұмыстарының тақырыптамасы

 

1. Кәсіпкерлік істі ұйымдастыру және дамыту.

2. Кәсіпорын нарық жағжайында.

3. Кәсіпорын механизімі, тиімділік көрсеткіштері.

4. Кәсіпорынның құрылымы, функциясы.

5. Пайда –кәсіпорынның басты мақсаты.

6. Өнім сапасының реттеушілік ролі.

7. Салықтың мәні және қажеттілігі.

8. Қосылған құнға салық.

9. Кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасына салық.

10. Акциздер.

11. Кәсіпорынның іске мемлекеттің ықрпал жасау механизімі.

12. Кәсіпкердің этикалық кодексі.

13. Кәсіпкердің тартымды имиджі.

14. Кәсіпкерлік психологиясы.

15. Келіссөз жүргізу элементтері: сәлемдесу, танысу.

16. Келіссөз жүргізудің суборнизациясы.

17. Іскерлік контактілерді ұйымдастыру.

18. Іскерлік әңгіме жүргізу ережелері.

19. Іскерлік хат жазысу.

20. Маркетингтің мазмұны және әлеуметтік экономикалық маңызы.

21. Маркетингтің негізгі принциптері. Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.

22. Тұтынушыларды зерттеу.

23. Нарықты сегменттеу.

24. Негізгі капиталдың мәні оның құрамы.

25. Амортизациялық аударым жарнасы.

26. Негізгі қорды пайдаланудың тиімділігі.

27. Айналым капиталының мәні және құрылымы.

28. Қаражаттың ауыспалы айналымы.

29. Қажетті айналым қаражаттарын анықтау.

30. Салықтың мәні және қажеттілігі.

31. Қосылған құнға салық.

32. Кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасына салық.

33. Акциздер.

34. Кәсіпорынның іске мемлекеттің ықрпал жасау механизімі.

35. Кәсіпкердің этикалық кодексі.

36. Кәсіпкердің тартымды имиджі.

37. Кәсіпкерлік психологиясы.

38. Келіссөз жүргізу элементтері: сәлемдесу, танысу.

39. Келіссөз жүргізудің суборнизациясы.

40. Іскерлік контактілерді ұйымдастыру.

41. Іскерлік әңгіме жүргізу ережелері.

42. Іскерлік хат жазысу.

43. Саудалық кәсіпкерлік өзін нені көрсетеді

44. Негізгі сарапшылар, олардың шаруадағы ролі

45. Сарапшылықтың кәсіпкерліктің түрі

46. Консультативтік кәсіпкерлік

47. Жеке кәсіпкерліктің негіздері

48. Жеке кәсіпкерліктің формалары

49. Қандай жағдайда мемлекеттік тіркеу

50. Шаруашлық жүргізу құқығынан құралған кәсіпкерлігі

51. Мекеме шаруашлық достығы таңылады

52. Шаруашлық достықтың формалары

53. Акционерлік қоғамы

54. Халықтық акционерлік қоғамы

55. Акционерлік қоғаммен шығарылатын, акцияның түрлері

56. Акционерлік қоғам мүшелері

57. Кәсіпкерлік кооперативтің мағынасы

58. Бірігу корпоративтік құралымы туралы түсініктеме

59. Бірігу корпоративтік құралымның маңызды қоғамдық және шаруашлық

формалары

60. Қазақстан экономикасындағы бірігу корпоративтардың құралымның ролі

61. Оффшорлық компаниясының түсініктемесі

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.