Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Эмитенттер мен инвесторлар туралы жалпы сипаттама

Факторы ретінде

 

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ОНЫҢ

ТҮРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРУ МЕХАНИЗІМІ

1.1 Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және

құрамдас бөліктері .......................................................................................5

1.2 Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі және түрлері..............................8

1.3 Бағалы қағаздарды шығару механизімі..................................................17

1.4 Эмитенттер мен инвесторлар туралы жалпы сипаттама......................20

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ КӨТЕРУІ

2.1 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер........................................27

2.2 Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау ................................29

2.3 Қ.Р бағалы қағаздардың инвестициялық

белсенділігін арттыру мен оның негізгі бағыттары...................................33

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ

ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

3.1 Бағалы қағазадарды талдау......................................................................37

3.2 “Казпочта” АҚ акцияны шығару проспектісі мен

инвестициялық стратегиясы.....................................................................47

3.3 Бағалы қағаздардың табыстылығын есептеу………………………….53

Қорытынды.....................................................................................................58

Қолданған әдебиеттер....................................................................................60

Қосымша …………………………………………………………………….61

КІРІСПЕ

Қазақстан орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.

Нарық – күрделі, әрі жан – жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана алады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.

Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттің меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы итституттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар түрлері мен жіктелуін қарастыру, бағалы қағаздардың шығарылуымен оның эмитенттерін қарастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасында қандай бағала қағазадар түрлері шығарылатынын қарастырып, оларға талдау жасау. Бағалы қағаздың сапасы мен сандарына мінездеме беру арқылы оның дамуына жағдай жасау. Осы мақсаттарды іске ала отырып, келесі қадамдарды анықтаймыз:

1) Бағалы қағаздар не, ол не үшін керек?

2) Оның түрлері, жіктелуі.

3) Қ.Р бағалы қағаздарды шығару.

4) Бағалы қағаздардың даму жолдары.

5) Бағалы қағазадрға талдау жасау.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндігін жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуде қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

1) эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілер;

2) инвесторлар,яғни уақатша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;

3) бағалы қығаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер,инвестициялық басқарушылар және т.б;

4) қор биржалары, депозитарийлер, клирингтікжәне басқабағалы қағаздарды тіркейтін , сақтайтын ұйымдар;

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Бағалы қағаздар нарығы барлық мемлекеттерде, көптеген қарым-қатынастарда экономикалық өсуді қаржыландырудың өте жақсы және тиімді механизімі болып табылады.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы - әлемдік экономика мен халықаралық шаруашылықтың жоғары дамуындағы негізгі құрушысы. Оның даму деңгейін экономиканың және кәсіпкерлік мәдениеттің жалпы күйіне байланысты шешеді. Бағалы қағаздар нарығын “ экономикалық ауа-райының ” бараметрі деп атайды

Бүгінгі бағалы қағаздар нарығы тиімді инфрақұрылыммен экономикалық қарым-қатынастағы дамыған елдердегі инвестицияны жинақтауды түрлендіруде ең негізгі рольді атқаратын, ақша қаражаттарын қайта бөлудегі ең негізгі механизм болып қатысады.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығындағы үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ.

 

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРУ МЕХАНИЗІМІ

1.1 Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және құрамдас бөліктері

Жалпы айтқанда бағалы қағаздар нарығы деп бағалы қағаздар шығарып, қатысушылары арасында айналымға жіберетін экономикалық қатынастар жиынтығын айтуға болады.

Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да тауарлар анықтамасынан, мысалға мұнай нарығынан айырмашылығы болуы мүмкін емес. Айырмашылығы жеке объект қылып салыстырса ғана көрінеді. Бағалы қағаздар номенклатурасы әлде бір жеке тауар нарығына сәйкес емес, толығымен жалпы тауар нарығын қамтиды. Одан ары, егер тауарлар заводтар мен фабрикаларда шығарылған болса, бағалы қағаздар айналымға кетеді. Тауар өз тұтынушысына жетуі үшін тауар қозғалысының өз жолы ұйымдастырылуы керек, ал бағалы қағаздар үшін өз жолы қажет. Тауар бір не бірнеше рет сатылуы мүмкін, ал бағалы қағаздар шектеусіз көп сатыла береді. Бағалы қағаздар нарығы - әр мемлекет нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі болып тауар нарығы, ақша және ақша капиталы табылады. Тауар нарығы, ақшаға өндірістік байланыста көмекші болады.

Бағалы қағаздар нарығының классификациясы бағалы қағаздар классификациясымен көптеген ұқсастықтар біріктіреді. Айырмашылықтары:

1) Бағалы құжаттардың халықаралық және ұлттық нарығы

2) Ұлттық және аумақтық (территроиалды) нарығы

3) Бағалы қағаздардың жеке нақты түрлері нарығы (акциялар, облигациялар және тағы басқа)

4) Мемлекеттік (мемлекеттік емес) және корпоративтік бағалы қағаздар нарығы

5) Алғашқы және өндірістік бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздардың осы не басқа классификациясының мағынасы оның тәжірибелік маңыздылығымен анықталады [1, 15бет].

Тауар экономикасының ең негізігі мақсаты пайда табу болып саналатындықтан, әр нарық капитал салу нарығы болып табылады.

Ақша қаражаты өндірістік не сауда қызметіне, жылжымайтын мүлікке, антиквариаттарға, қымбат металлдарға және т.б. салынуы мүмкін. Уақыт өте келе осы салынған ақша мөлшері, егер дұрыс жол мен жағдайлар таңдалған болса, көптеген есе қайтарылуы мүмкін, әйткенмен қаралған жағдайда капиталдық іске салыну үшін алдын ала қаржы жинау керектігі есепке алынбай қалады. Дұрыс қарасақ, капиталға қаржы салу үшін алдымен оны жинап алу керек қой.

Капитал жинап, оны алу өрісі – қызметтің қаржыландыру саласы болып саналады. Қаржы қатынастары басым нарықтары болып негізінен:

1) Банктік капитал нарығы

2) Бағалы қағаздар нарығы

3) Валюталы нарық

4) Сақтандыру және зейнетақы нарықтары табылады.

Нарықтың тек капитал салатын нарық, не алғашқы нарық, және сол салынған капитал жинастырылып, көбейтіліп ақыры алғашқы нарыққа түсетін қаржы нарығы сияқтыларды айыра білуіміз керек. Қаржы нарықтары не басқаша айтқанда капитал нарқытары, бұлар қаржы салатын алғашқы тұлғалар мен олардың соңғы қолданушылары арасын жалғастырушы болып табылады.

Бағалы қағаздардың барлығы дерлік қаржы капиталынан бастама алмайтындықтан, бағалы қағаздар нарығы толығымен қаржы нарығына қосыла алмайды. Бағалы қағаздар нарығының ақшаны тек капитал ретінде қарайтын бөлімі, қор нарығы деп аталады және осы бөлімі қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының ең көп бөлігін құрайды. Бағал қағаздар нарығының қалған азғана бөлігі көлемінің аздығына байланысты арнайы аталмай жүр, сондықтан да бағалы қағаздар нарығы мен қаржы нарығының анықтамалары синоним сияқты болып келеді. Бұдан ары бағалы қағаздар нарығының осы бөлігін ақша нарығы және тауарлы бағалы қағаздар нарығы, не басқа бағалы қағаздар нарығы деп атайық. Қалай айтқанмен бағалы қағаздар нарығының орыны 1 суретте көрсетілген.

Бағалы қағаздар нарығының орынын екі бағытта қарауға болады: қаржы мөлшерін әр түрлі табыс көздерінен тарту тұрғысынын және бос қаржы мөлшерін әлде бір нарыққа жұмсау тұрғысынан.

Қаржы мөлшерін жұмылдыру ішкі не сыртқы табыс көздерінен жүргізілуі мүмкін. Ішкі табыс көзіне негізінен амортизациялық қатынастар мен табылған пайда көздері саналады. Сыртқы табыс көзінің негізі болып банктен алған несие және бағалы қағаздардан табылған қаражаттар саналады. Қоғамда негізінен ішкі табыс көздері басымдық танытады, себебі табылған сыртқы табыс көзі ішкісінің осыған бөлініп үлестірілуінен тұрады. Орташа есеппен алғанда дамыған елдерде ішкі табыс көздері 75 пайыз құрайды, ал банктік несиелер мен бағалы қағаздарға барлығы 5 және 20 пайыз құрайды.

Бос қаржы мөлшері көптеген пайдалы инветициялауға болатын істерге жұмсалуы мүмкін: өндірістік не шаруашылықтық қызметіне (өндіріс кәсіпорындары, құрылыс, сауда, байланыс т.б), жылжымайтын мүлікке, антиквариаттарға, бағалы заттар мен қымбат металлдарға, өнер туындыларына. Ақша қаржатын осымен қатар отандық құнсызданып бара жатса шетел валютасына, сақтану не зейнетақы қорларына, әртүрлі бағалы қағаздарға салынуы, несиеге берілуі не банк депозитіне процентке салынуы мүмкін және т.б. Жоғарыда көрсетілгендерге қарасақ, бағал қағаздар нарығы – көптеген қаржы салуға болатын өрістер қатарына жатады, сондықтан оларды өзіне тарту үшін бәсекеге түсуіне тура келеді.

Аталған нарықтар арасындағы қаржының кіріс шығысы негізінен төмендегі факторларға байланысты болып келеді:

1) Нарықтың пайда табу дәрежесі;

2) Нарықтың салық салыну жағдайлары;

3) Капиталын жоғалтып алу және күткен табысын ала алмауы қауіпі дәрежесіне;

4) Нарықтың ұйымдастырылуы мен инвесторға жасалған жеңілдіктер, нарыққа жылдам кіріп шығу мүмкіндігінің болуы, нарықтың ақпараттандыру дәрежесі және т.б.

Бағалы қағаздар нарығын екі топқа бөлуге болатын көптеген қызметтерден тұрады: жалпы нарықтық қызметтер, барлық нарыққа бірдей келе береді, және арнайы қызметтер, бұл оны нарықтардан ерекшелендіріп тұрады. Жалпы нарықтық қызметтерге:

1) Коммерциялық қызметі, осы нарықтағы істелінген опрециялардан пайда көзін табуға арналған қызметтер;

2) Бағалау қызметі, нарық бағаларының қойылу барысын қамтамасыз етіп, олардың үнемі қозғалыста болуын қадағалайды және т.б.;

3) Ақпараттандыру қызметі, нарық өз қатысушыларына сауда объектілері және оның қатысушылары жайында нарықтық ақпараттар жиып, хабарлап отырады;

4) Реттеу қызметі, нарық сауда және онда қатысу ережелерін, қатысушылар арасындағы дауларын шешіп, приоритеттер орнатып, бақылау және басқару органдарын және т.б. құрады;

Бағалы қағаздар нарығының арнайы қызметтеріне төмендегілерді қосуға болады:

1) Қайта бөлу қызметтері;

2) Бағалық және қаржыландыру істеріндегі қауіпті жағдайлардан сақтандыру қызметі;

Қайта бөлу қызметтері өз ішінде үшке бөлінуі мүмкін:

1) Нарық қызметімен айналысатын салалар мен өрістері арасында қаржы мөлшерін тарату:

2) халықтың жинақ ақшасын өндірілмейтін түрден өндіру түріне аудару;

3) қосымша қаржы мөлшерін айналымға жұмсамай, мемлекеттік бюджет дефициттарын инфляциялық негізде қаржыландыру;

Бағалық және қаржыландыру істеріндегі қауіпті жағдайлардан сақтандыру қызметі туынды бағалы құжаттар: фьючерсті, опционды контракттар негізінде пайда болды. Бұл қызмет пен хеджирования механизмі фьючерсті контрактқа негізделген бөлім бойынша қарастырылады.

Бағалы қағаздардың құрамдас бөліктері өзінің негізі ретінде әлдебір бағалы қағаз түрін көреді. Осыған орай бағалы қағаздар нарығында төмендегі түрлерін бөліп алу керек:

1) бірінші және екінші ретті (первичный и вторичный)

2) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған

3) биржалық және биржалық емес

4) дәстүрлі және компьютерленген

5) кассалық және жедел түрі

Бірінші нарық – бұл бағалы қағаздарды өздерінің алғашқы иелерінің алуы; бұл бағалы қағаздардың іске қосылуының алғашқы сатысы; бұл өзінің талаптары мен ержелері бар бағалы қағаздардың алғаш нарықта пайда болуы. Екінші ретті нарығы – бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздардың айнлымға жіберілуі; бұл бағалы қағаздардың бір иесінен екіншісіне аударылу құжаттары мен актілері жиынтығы.

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы – бұл нарықтың басқа қатысушыларының тапсырмасы бойынша нақты бекітілген ережелері негізінде лицензиатты мамандандырылған қатысушы –делдалдар арасында жүретін айналымы. Ұйымдастырылмаған нарық – бұл бағалы қағаздардың нарық қатысушыларының бірде ережесін сақталмай айналымға кетуі.

Биржалық нарық – бұл қорлы биржаларда бағалы қағаздармен сауда жасау ісі. Биржалық емес нарық – бұл қорлы биржалардан тыс бағалы қағаздар саудасы. Биржалық нарық – бұл бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы, оған себеп бұндағы сауда тек нарықтың барлық қатысушыларымен мұқият таңдалған биржа ережелері бойынша, тек биржа делдалдарының арасында ғана жүретін іс. Биржалық емес нарық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған да бола алады. Ұйымдастырылған биржалық емес нарық бағалы қағаздар саудасы және сол салада қызмет көрсетуде, тек компьютерлік байланыс жүйелеріне негізделеді.

Бағалы қағаздар саудасы дәстүрлі және компьютерлік нарықтарда жүргізілуі мүмкін. Соңғысы бойынша бағалы қағаздар саудасы компьютерлік байланыс жүйесі арқылы жүргізіледі, бұл осымен айналысатын қорлық делдалдарды бір компьютерлік нарыққа жинайды [1, 14бет].

Оның негізгі ерекшеліктері болып төмендегілер саналады:

1) сатушы мен сатып алушының белгілі бір жерде кезігу жерінің болмауы, яғни нақты байланыстың да болмауы;

2) сауда жасау және оны жүргізудің толығымен автоматтандырылуы, нарық қатысушыларының ролі негізінен тек сауда жүйесінің бағалы қағаздар саудасына тапсырыс беруімен шектеледі.

Бағалы қағаздардың кассалық нарығы («кэш» шетел тілінен аударғанда нарық) – бұл келісімдерді жедел түрде 1-2 жұмыс күні ішінде орындау нарығы. Бағалы құжаттардың жедел нарығы – бұл ішіне әр түрлі нарықтар қосылған, орындалу мерзімі 2 күннен ары болатын нарық. Көбінесе орындалу уақыты 3 ай болып келеді.

 

1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты: (2 сурет).

1)Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

2)Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

4) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.

3)Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

1) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;

2) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;

3) жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді [2, 29бет].

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі.

 

Cурет 2 - Бағалы қағаздардың жіктелуі

 

 

Акция бірнеше түрге жіктеледі (3 сурет). Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

1) Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.

2) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.

Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.

Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:

Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған “ индоссамент ” деген белгі қойылады.

Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады.

Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.

Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.

 

 

Cурет 3 - Акциялардың жіктелуі

 

Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді [2, 31бет].

Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.

Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:

1) Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:

Үстеме пайданы бөлуге қатысу;

2) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд мүмкіндігіне келешекте қатысу;

3) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.

Қатысушылар артықшылығыөз иемденушісі үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді.

Қатыспаушылар акциясыиесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивиденттерді келесі жылдың дивидендтеріне қосуға болмайды.

Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Артықшылықты акциялардың көбі конвертабельді. Ал конвертабельді емесакциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ [2, 37бет].

Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі - дивиденд төлеуден кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғарғы квотасы төленіп болған соң ғана беріледі.

Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.

Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине, нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.

Облигациядеп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар:

1) Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.

2) Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді.

3) Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқы бар.

4) Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы сомасы көрсетілген. Облигацияда бірнеше элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық қойылым, өтеу туралы нұсқау, эмиссия қамтамасыз етілуі, рейтингі.

Номиналы деп, облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтеу мерзімі келгенде алады.

Купондық қойылым– жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы-төлем.

Өтеу күні – компанияның сатып алушысы облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.

Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәмілесі.

Өтеу туралы нұсқау - эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

Облигациялар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.

Қамтамасыз етілген облигациялар оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Бұл облигациялар корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар жатады. Осыған байланысты мынандай айырмашылықтарды атауға болады:

1) Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.

2) Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.

3) Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар.

Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.

Облигацияның рейтингі – олардың инвестицияланған сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы.

Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.

Жай акциялар тәрізді облигациялар да, иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектіге төленеді. Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға пайыз алу үшін чек толтырып береді.

Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:

1)Қысқа мерзімді- 1жылдан 3жылға;

2)Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;

3)Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылға дейінгі;

Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигацияда пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша, белгіленген соманы төлеуге міндетті емес [2, 46бет].

Сонымен бірге облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен, ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген сыйақы сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады.

Инвесторлар көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация – тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздың екі түрін де қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлемнен жоғары болады деген болжамға байланысты.

Вексель –қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндаттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге ) берген қарыз міндеттемесі.

Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

1) Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді.

2) Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғанына қарамастан міндетті түрде өтеу керек.

3) Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.

Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель немесе тратта болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сома толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керек екені көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, вексель берүшінің аты- жөні жазылып, қол қойылады. Жай вексельдің айналымын 4 суреттегі өрнекпен көрсетуге болады:

 

Cурет 4 - Жай вексельдің айналысы

 

 

1) Вексельді сатып алушы сатушыға береді ( векксель беруші – вексель иемденушіге) ;

2) Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);

3) Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;

4) Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді- вексельді өтейді.

Аудармалы вексельдеп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі [2, 49бет].

Акцептдегеніміз - есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Аудармалы вексельдің айналысын 5 суреттегі өрнекпен көрсетуге болады:

 

Cурет 5 - Аудармалы вексельдің айналысы

1)Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қарыздарға тауарды және траттаны береді.

2)Төлеуші вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге қайтарады.

3)Вексель беруші акцепттелген вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді.

4)Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді.

5)Трассат банкке вексельді өтеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды.

6)Ремитент вексельді несие берушіге жібереді.

7)Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді.

8)Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.

Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда “индоссамент” деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссамент алған адам индоссат деп аталады [2, 51бет].

Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлар мен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді.

Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі.

Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып табылады. Оған банктік, қазыналық және банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады.

Жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат. Оларға достық, қола(бронза), яғни құр-қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады.

Корпоративті бағалы қағаздар – бұл эмитент болып акционерлік қоғам, кәсіпорын және банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болып табылатын бағалы қағаз. Корпоративті бағалы қағаздардың түрлері: қарыздық (долговые), өндірістік және үлестік (долевые) бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Қарыздық бағалы қағаздар –егер ақшалық қаражаттар белгілі бір мерзімге қолдануға берілсе, заемдық қаражаттарды қолданғаны үшін, алдын-ала белгіленген пайызбен қайтаруға жататын несиелік қатынас. Берілген формаға сәйкес, қаражаттарды тартуға, корпаративті бағалы қағаздардың келесі түрлері қолданылады: облигация, вексель, депозиттік және жинақтаушы банктің сертификаттары.

Үлестік бағалы қағаздарды ала отырып, оның иесі кәсіпорын ортақтасы, меншікті үлесті болып табылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі акция ұстаушыны акционерлік қоғамның нақты меншіктің үлесін куәландырады.

Акция және облигациядан тұратын инвестициялық қаржының дәстүрлі қосымшасы болып, өндірістік бағалы қағаздар болып табылады. Оларға: опциондар, фьючерстік келісім шарт жатады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттің ішкі қарыздың пайда болғанындағы форма; бұл мемлекет эмитент болып қатысатын бағалы қағаз [1, 60бет].

Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналымға жіберу, келесі негізгі мәселелерді шешуге қолданады:

1) Инфляциялық емес негізде, яғни айналымға қосымшасыз ақша шығаруға мемлекеттік бюджеттің дефицитін қаржыландыру немесе келесі жағдайда, яғни, бюджеттік шығындар белгілі бір календарлық күнге оның сол күнге қаржылық жарлығынан алып кетсе (кассалық дефицит); бір айға табыстардың түсімі немесе сол кезеңдегі бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін қажет қаражаттарға қарағанда, кварталы азырақ (маусымдық дефицит); жылдық көрсеткіш бойынша бюджет табысы оның шығынынан төмен және бұл дефицит келесі жылдағы бюджетке түсім арқасында жабылмайды (жылдық дефицит);

2) Әлеуметтік қамтамасыз ету, инфрақұрылым, құрылыс салаларында мемлекеттік программаларды мақсатты қаржыландыру;

3) Экономикалық белсенділікті реттеу: айналымдағы ақша массасы, инфляция және бағаға, шығынға, экономикалық өсуге, т.б әсер ету.

1.3 Бағалы қағаздарды шығару механизімі

Бағалы қағаздар -ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік – нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының оюлигациялары, депозиттік облигациялар және т.с.с жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар орасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар АҚШ- та кең таралған. Зейнетақы қорларының облигацияларынамысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай- ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктерге және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздардың шығару шарты бойынша иемденуші – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп, оларды сатып алу- сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға тусіруші эмитент деп атайды. Эмитенттер кімдер? Олар 6 суретте көрсетілген.

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады:

1) қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

2) қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

3) заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды [2, 65бет].

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын – ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарына жариялау міндетті [1, 89бет].

Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру – құқықтық формасы және эмиссия проспектіндегі деректкердің дұрыстығына жауапты адамның

аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:

 

 

Эмитент

 

       
 
   
 

 


Өндіріс секторының

Cурет 6 - Бағалы қағаздарды шығарушылар

 

1) кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

2) шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;

3) акция сатуды бастау және аяқтау күндері;

4) бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны;

5) кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;

6)эмитенттің адресі мен телефоны бар.

Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің кұрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні, олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.

Қорыта айтқанда, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акцияларды алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бірдей болуы керек.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігі жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.

 

Эмитенттер мен инвесторлар туралы жалпы сипаттама

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар – бұлар бағалы қағаздар алып – сатумен айналысатын не оның айналымы мен есебіне қызмет көрсететін жеке тұлғалар не мекемелер; бұлар бағалы қағаздар айналымына қатысты өз араларында белгілі бір экономикалық қатынастармен айналысатын тұлғалар.

Функционалдық қызметтеріне байланысты қатысушылардың төмендегідей негізгі топтары да бар (7 сурет):

1) эмитенттер

2) инвесторлар

3) қор делдалдары

4) бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін мекемелер

5) мемлекеттік заңдылығын қадағалау және бақылау органдары :

Эмитенттер – бұлар бағалы қағаздарды айналымға жіберетіндер.

Инвесторлар – бұлар айналымға жіберілген бағалы қағаздарды сатып алушылар.

Қорлық делдалдар – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттер мен инвесторлар арсындағы байланысты қамтамасыз ететін саудагерлер.

Бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін мекемелер – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздарды алып – сату ісінен басқа барлық қызметтерді орындаушы мекмелер.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуіне бола қызмет ететін мекмелерге төмендегілер жатады:

1) бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырушылары (қорлық биржалар не нарықтың биржалық емес ұйымдастырушылары)

2) есеп орталығы (есептеу палаталары, клирингті орталықтар)

3) депозита

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.