Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 12 страница



Автоматты анализаторлардың көп каналды (12-30) жүйесі қан нұсқасының аз мөлшерін (0,5-2,5 мл) зерттеуге және бірден ондағы глюкозаның; мочевинаның; зәр қышқылының; креатининнің; билирубиннің; жалпы белоктың; аминтрансферазаның; лактатдегидрогеназаның; фосфатазаның; К, Na, Ca, Mg катиондарының; PO4 , Cl аниондарының сан мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді.

Ферменттердің, белоктар мен олардың фракцияларының, қанттардың және қанның минералды құрамының барлық түрлерін анықтауға арналған қосымша блоктар қарастырылған.

Қан торшаларының саны мен көлемін анықтауға арналған кондуктометрикалық приборларэлетродтың арнайы тесігі арқылы өткен тоқ өткізетін ертінді құрамындағы бөлшектердің санын автоматты түрде анықтайды. Мысалы физиологиялық ертіндідегі қан торшаларының санын.

КГ-2 гематологиялық комплексіне кіретін ЦМК-1 типті целлескоптармен немесе кондуктометрикалық цитометрлермен қан торшаларын санау және көлемін анықтау орта мен қан торшаларының тоқ өткізу айырмашылықтарын анықтау арқылы жүргізіледі. Бұл цитометрлер диаметрі 2-80 мкм, көлемі 5-2,5 х 10³ мкм ³ диапазондағы бөлшектерге анализ жүргізе алады. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі сұйық құрамындағы торшалар электродтың калибрленген капилляр тесігі арқылы өткен кезіндегі электр жүйесіндегі қарсылықты (импеданс) өлшеп және тіркеуге негізделген. Электрондық үлгідегі импульстың мөлшері электродтың капилляр тесігі арқылы өткен бөлшектің көлеміне байланысты болады. Арнайы электронды жабдық бөлшектің санын санауға және көлемін өлшеуге мүмкіншілік береді. Алынған нәтижелер торшалардың көлемінің үлкендігіне қарай орналасуының қисық сызығы ретінде сиямен жазылатын жабдыққа түседі.

Анализге қажетті суспензия мөлшерін сынап дозаторы (ЦМК-1) арқылы анықтайды. Кейде ауасыз сынап жүйесін арнайы насоспен (ЦМК-2) ауыстыруға болады.

Приборлар электр насосы, арнайы оптикалық жүйе, материалды өңдейтін және нәтижелерін тіркейтін қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілуі де мүмкін.

Цитологиялық зерттеулерде негізінен гематологиялық зерттеулерде қолданылатын анализге қажетті биологиялық материалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және ажыратуға арналған автоанализаторлар және т.б. пайдаланылады.

 

№ 9 –шы лабораториялық сабақ

 

Тақырыбы: Коллоквиум.

Мақсаты: Студенттерді межелік бақылауға дайындау

Қажетті құжаттар: Тесті материалдары.

 

  1. Лабораториялық ыдыстар дегеніміз не?
  2. Лабораториялық ыдыстарды дайындау үшін пайдаланылатын негізгі материалдар қандай?
  3. Шыны ыдыстарды қандай топтарға бөледі?
  4. Жалпы қолдануға арналған ыдыстар қандай ыдыстар?
  5. Арнай қолдануға арналған ыдыстар қандай ыдыстар?
  6. Арнайы қолданылуға арналған ыдыстардың қандай заттарн білесіз?
  7. Шыны тоңазытқыштардың қандай түрлерін білесіз, олар не үшін қолданылады?
  8. Колбалардың қандай түрлерін білесіз?
  9. Сифондар туралы не білесіз?
  10. Өлшегіш ыдыстардың жиі қолданылатын түрлері туралы не білесіз?
  11. Лабораториялық тәжірибеде қолданылатын фарфордан дайындалатын ыдыстарды аиаңыз, оларға сипаттама беріңіз.
  12. Жоғарғы температураға, отқа төзімді ыдыстар қандай материалдардан және қалай дайындалады?
  13. Кварцтан дайындалатын ыдыстардың қандай түрлерін білесіз? Олардың ерекшеліктерін айтып беріңіз.
  14. Пластикадан дайындалатын ыдыстар не үшін және қалай қолданылады?
  15. Лабораториялық ыдыстарды жұмысқа дайындау не үшін керек және қалай жүргізіледі?
  16. Лабораториялық ыдыстарды тазалаудың қандай физикалық әдістерін білесіз?
  17. Лабораториялық ыдыстарды жуу үшін қолданылатын қандай органикалық ертінділерді білесіз?
  18. Лабораториялық ыдыстарды жуу үшін қолданылатын басқа да қандай заттарды білесіз?
  19. Лабораториялық ыдыстарды тазалау үшін қолданылатын қандай химиялық әдістерді білесіз?
  20. Лабораториялық ыдыстарды қалай кептіреді?
  21. Лабораториялық ыдыстарды кептіру үшін қандай аппаратуралар мен құралдар пайдаланылады?

 

Лабораториялық техника бөлімінің бақылау сұрақтары:

 

  1. Лабораториялық техника дегеніміз не, не үшін қолданылады?
  2. Лабораториялық техниканың классификациясын айтып беріңіз.
  3. Жалпы қолданылатын лабораториялық техника қандай топтарға бөлінеді ?
  4. Суды тазалау үшін қандай аппараттар, қандай заттар қолданылады?
  5. Суды минералсыздандыру, ионсыздандыру, микросүзгіден өткізу дегендерді қалай түсінесіз ?
  6. Дистілденген, бидистілденген сулар қандай сулар ?
  7. Апирогенді су қандай су, оны алу үшін қандай аппаратура қолданылады?
  8. Сұйықты қыздыру процессіне қандай приборлар мен аппаратуралар қолданылады ?
  9. Қандай газ қыздырғыштарын білесіз, олар қалай жұмыс істейді ?
  10. Кептіру не үшін керек, қандай аппаратуралар қолданылады ?
  11. Кептіру-залалсыздандыру шкафтары туралы айтып беріңіз.
  12. Температураны тұрақтандыру не үшін керек, қалай жүргізіледі ?
  13. Термостаттың қандай түрлерін білесіз ? Атап беріңіз.
  14. Заттарды өлшеу не үшін керек ? Таразылардың қандай түрлерін білесіз?
  15. Заттардың массасын дәл өлшеу үшін қандай таразылар қолданылады ?
  16. Аналитикалық таразылардың қандай түрлерін білесіз ?
  17. Арнайы таразылардың түрлерін айтып беріңіз.
  18. Әртүрлі өлшегіш құралына не жатады, оның ең төменгі және ең жоғарғы диапазоны қандай ?
  19. Таразыларды қолдану ережесінің негізгі талаптарын айтып беріңіз.
  20. Цетрифугалар не үшін қолданылады ?
  21. Лабораториялық тәжірибеде центрифугалардың қандай түрлері қолданылады ?
  22. Центрифугаларды пайдалану технологиясын және қауіпсіздікті сақтау ережелерін айтып беріңіз.
  23. Центрифуга пробиркаларының түрлері қандай және олар қандай материалдардан жасалады ?
  24. Микроскоп туралы не білесіз ? Қандай түрлері бар ? Қолдану ережесі.
  25. Фазалы-контрасты микроскоптар қандай микроскоптар?
  26. Аноптральды, люминесцентті микроскоптар туралы айтып беріңіз.
  27. «Лупа» дегеніміз не, қолдануы бойынша қандай түрлері бар ?
  28. Термометрлердің қандай түрлерін білесіз ? Олар не үшін қолданылады?
  29. Август және Ассман психрометрлері туралы айтып беріңіз. Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

№ 10, 11, 12 – ші лабораториялық сабақтар.

 

Тақырыбы: Ертінділерді дайындау реті мен технологиясы. Ертінділердің концентрациясын анықтау.

Мақсаты: Ертінділердің құрамы, түрлерімен және оларды дайындау технологиясымен таныстыру.

Қажетті материалдар: әртүрлі еріткіштер, ерітілетін заттар, фиксанал, молярлы және қалыпты ертінділер және т.б.

 

Ертінділер туралы жалпы түсінік. Лабораторияларда көбінесе қатты заттардан ертінділер дайындалады. Әртүрлі заттар еріткіштерде әртүрлі мөлшерде ериді. Еріткіштерде ерітілетін заттар белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Ол затты сол мөлшерден артық қанша қосқанда да ол ары қарай ерімейді. Осындай ертіндіні қаныққан ертінді деп атайды. Оның концентрациясы сол заттың ерітімділігі деп аталады. Ерітіндінің қанығуы белгілі бір жағдайға және алынған еріткіштің химиялық қасиетіне тікелей байланысты.

Көптеген жағдайларда ерітіндіні қыздыру арқылы оның ерігіштігін жоғарылатуға болады. Тек кейбір тұздар бұл ережеге бағынбайды. Олардың ерігіштігі температура көтерілген сайын төмендеуі немесе белгілі бір температураға жеткеннен кейін төмендеуі мүмкін.

Сусыз көмірқышқыл натрий әртүрлі температурада 100 мл қаныққан ерітіндіде төмендегідей мөлшерде ериді:

 

2-ші кесте

Температура º С         31,9   35,2      
Көмірқышқыл натрий, г.   12,6   21,4   40,8   46,0   51,0   49,7   47,5   46,5

 

Кестеден көрінгендей сусыз көмірқышқыл натрий көп мөлшерде тек 35,2ºС-де ғана ериді екен. Әрбір температурада заттың белгілі бір мөлшері ғана ериді. Температура жоғарылаған сайын ерігіштігі де жоғарылайтын қаныққан ертіндідегі затты суытқанда од заттың артық мөлшері тұнбаға түседі де, ертінді сол суытылған температурада қаныққан түрінде сақталады. Бірақта, кейбір жағдайларда ертіндіні өте жәй суытқанда ерітілген зат тұнбаға түспейді. Ондай жағдайдағы ертінді артық қаныққан ертінді деп аталады. Ол ертінді тұрақты болмайды. Ондағы тұздың тұнбаға түсуі үшін қандай-да бір кристалликтің немесе шаң-тозаңның түсуі жеткілікті.

Ертіндінің тығыздығы еріткіштің тығыздығынан басқаша болады. «Таза» ертінді еріткішке қарағанда жоғарғы температурада қайнайды. Осы қасиеті тұзды банналардың негізіне алынған. Ал ертіндінің қату температурасы, керісінше, еріткіштен төмен болады.

Майлы заттарды еріту қыйынырақ болады. Себебі оларды ұнтақтауға келмейді. Оларды аз мөлшерде және ақырындап еріткішке қосу керек.

Газдардың ерігіштігі. Барлық газ тәрізді заттар белгілі бір мөлшерде суда немесе органикалық еріткіштерде ериді. Олардың ерігіштігі сыртқы қысым мен температураға байланысты болады. Газдың парциалды қысымы неғұрлым жоғары болса, ол солғұрлым көбірек ериді. Ал судың температурасы неғұрлым жоғары болса, газдың еруі солғұрлым төмен болады. Сондықтан да судағы газды шығару үшін оны қайнатады.

Сұйықтарды өзара еріткенде олардың өзара қатынастарында үш жағдай байқалады:

1. Кейбір сұйықтар бір-бірінде ерімейді, оларды қосқанда бір-бірінен бөлініп тұрады. Мысал ретінде су мен майды келтіруге болады;

2. Сұйықтар бір-бірінде белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Мысалы, су мен эфирді қосып шайқағаннан кейін тұндыруға қойса, олар екі қабатқа бөлінеді. Үстіңгі жағында судың эфирдегі ертіндісі, ал төменгі жағында эфирдің судағы ертіндісі анықталады. Қаныққан ертіндідегі олардың концентрациясы белгілі бір температурада белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы, 20ºС судың 100 көлемінде эфирдің 8,11 көлемі; ал эфирдің 100 көлемінде судың 2,93 көлемі еритін көрінеді.

3. Сұйықтар бір-бірінде көп мөлшерде ери береді. Мысалы, су мен спирт бір-бірінде кез келген мөлшерде ери береді. Ондай қасиет көптеген қышқылдар мен суда да кездеседі.

Сұйықтарды бір-бірінде еріткенде қатты заттарды еріткендегідей немесе жылу бөлінеді, немесе жылу сіңіріледі.

Кейбір сұйықтарды бір-бірімен қосқанда қоспаның көлемі кішірейеді. Мысалы, 50 көлемді суды 50 көлемді спиртке қосқанда 100 көлемдегі қоспа алынбайды, ал ол көлем 96,3 – ке тең болады. Мұндай құбылыс – контракция құбылысы деп аталады.

 

Ертінділердің классификациясы және концентрациясы.

 

Еріткішіне қарай ертінді сулы және сусыз ертінділер деп бөлінеді. Сусыз ертіндіге жататында органикалық еріткіштерде – спирттерде, ацетонда, эфирлерде, бензолда және т.б. ерітілген ертінділер. Көптеген тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ертінділері негізінен суда дайындалады.

Нақтылы концентрациялары арқылы ертінділер жуықтап алынған, дәл және эмпириялық концентрациялы ертінділер деп бөлінеді.

Қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың еру процесстерінің айырмаылықтары бар.

Ертінділердің концентрациясы.

 

Ертінділердің концентрациясы қалыпты жағдайда салмақтық және көлемдік процентпен, молмен немесе гармм-эквивалентпен белгіленеді. Сондай-ақ титр және молялдық (молон – моль/кг) бірліктер де бар.

Жуықтап алынған ертінділердің концентрациялары салмақтық (массалық) процентпен, дәл ертінділердікі – молмен, грамм-эквивалентпен немесе титрмен белгіленеді.

Концентрацияны салмақтық процентте бергенде 100 г ертіндідегі (100 мл ертіндідегі емес) еріген заттың мөлшерін көрсетеді. Мысалы, 10 %- ды ас тұзы дегеніміз 100 г ертіндіде (100 мл ертіндіде емес) 10 г ас тұзы және 90 г су бар ертінді.

Егер ертіндінің тығыздығы белгілі болса, онда салмақтық емес көлемдік процентті қолданған қолайлы. Ондай жағдайда қажетті көлемді формула арқылы анықтауға болады:

Салмақ

Көлем = ------------------- ;

Тығыздық

Біздің мысалда көлем V = 20 : 1,203 = 16,6 мл. Мұндай көрсеткіш тек концентрациялы ертінділерде қолданылады, ал сұйытылған ертінділерде (1 %-дан кем) кететін қателіктер өте аз болатындықтан, оны ескермеуге де болады.

1 литр ертіндінің (1 литр еріткіштің емес) молмен берілген концентрациясы оның молярлығы деп аталады. 1 литрінде 1 моль ерітілген зат бар ертінді бір молярлы немесе молярлы ертінді деп аталады. Қандай да бір заттың молі (грамм-молекуласы) деп оның граммен берілген молекулалық салмағын (массасын) айтады. 0,001 молді миллимоль деп атайды. Мысалы, күкірт қышқылының молі 98,08 граммға тең, сондықтан оның молярлық ертіндісі дегеніміз 1 литр ертіндіде (1 литр суда емес) 98,08 грамм күкірт қышқылы бар ертінді.

Егер бір литр ертіндінің концентрациясы грамм-эквиалент санымен берілсе, ондай концентрация қалыпты концентрация деп аталады. Бір литр ертіндіде бір грамм-эквивалент ерітілген зат болса ол ертінді қалыпты ертінді деп аталады.

Заттың грамм-эквиваленті дегеніміз реакцияда 1,008 г ( 1 г-атом) эквивалентті сутегін ығыстырып, өзі қосылған заттың граммен алынған мөлшері. Сол зат араласатын химиялық реакцияға байланысты бір заттың грамм-эквиваленті әртүрлі болуы мүмкін.

Орнын басатын реакцияларда грамм-эквивалентті (Е) сол заттың молекулярлық салмағын (М) қышқыл негізіне (Н) немесе ауысатын электронның санына (n) бөлу арқылы анықтайды:

Е = М : Н немесе Е = М : n;

 

Қалыпты ертінділердің көптеген жағдайларда анализ үшін концентрациялары жоғары болып келетіндіктен, оларды 0,5 қ., 0,1 қ. және т.б. сұйытылған түрде дайындайды.

Титр дегеніміз бір мл ертіндідегі граммен алынған заттың мөлшері. Мысалы, 1 литр ертіндіде 5,843 г күкірт қышқылы бар болса, онда ол ертіндінің титрі: Т = 5,843 : 1000 = 0,005843 –ке тең болады.

Молялды ертінді дегеніміз заттың бір молін бір кг еріткіште еріту арқылы дайындалған ертінді. Мысалы, ас тұзының бір молялды ертіндісін дайындау үшін ол тұздың 58,457 грамын 1 кг суда ерітеді. Мұндай жағдайда есеп мөлшері ертінді мөлшеріне емес 1 кг еріткіш мөлшеріне жүргізіледі.

Ертінділердің концентрациясын көлемдік процентпен беру бір-бірімен араластырғанда еритін сұйықтар үшін қолданылады.

Міне, біз ертінділердің концентрациясын көрсетудің тек негізгі, ең қажетті түрлерін ғана атап өттік. Ал арнайы зерттеулерде ертіндідегі заттардың мөлшерін көрсетудің басқа да бірліктерінің қолданылуы мүмкін.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.