Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 6 страница



 

Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы.

 

Лабораторияларда жұмыс істейтін қызметкерлер қолданылатын реактивтердің улылық деңгейін, жарылғыштық және жанғыштық қасиеттерін жақсы білулері керек.

Жиі және көп мөлшерде қолданылатын реактивтерді үлкен көлемді ыдыстарда, банка немесе үлкен бөтелкелерде, алған жөн. Ал аз мөлшерде, сирек қолданылатын реактивтерді, керісінше, кішкене көлемді ыдыстарда, 1-10 г мөлшерінде алады. Қымбат және сирек кездесетін реактивтерді жеке, ерекше жағдайда, оларды сақтау және қолдану нұсқауларын қатаң сақтай отырып ұстайды.

Ертінділерді, әсіресе олар қымбат және сирек кездесетін реактивтерден дайындалатын болса, шығынды көп шығармай, тек керекті мөлшерде ғана дайындауға дағдылану керек. Көп уақыт сақталған реактивтер бұзылады және оларды сақтайтын үлкен ыдыстар лабораторияда орын алады. Кейде көп уақыт сақталған қатты реактивтер кесекке айналып, оларды банкалардан алудың өзі қиынға соғады. Ол кесектерді ұсақтау керек бола қалған жағдайда темір таяқшаны қолдануға болмайды, фарфор шпателін немесе шыны таяқшаны қолданады.

Реактивті банкадан аларда оның ауыз жағында шаң-тозаң, май, парафин және т.б. бөгде заттардың болмауын қадағалау керек. Оларды фарфор қасығымен, шпателімен алып, воронка арқылы ауыстырған жөн. Ұнтақ реактивтер үшін қолданылатын воронкалар әртүрлі размерлі болады. Көбінесе кең басының диаметрі 50-200 мм, аяқ жағынікі 20-38 мм, ал биіктігі 55-150 мм болатын воронкалар пайдаланылады.

Төгілген ұнтақты қайта банкаға салуға болмайды. Банкада аз мөлшерде реактив қалғанда оны көлемі аз ыдысқа ауыстыру керек.

Реактиві бар барлық банкаларда этикет болуы қажет. Ондай белгіні шыны ыдыстың сыртына шыныға жазатын қарандашпен де жазып қоюға болады. Ондай қарандашпен жазатын шынының тұсын аздап жылтса, жазу оңай жазылады. Этикеті немесе белгісі жоқ ыдыстардағы реактивтерді қолдануға болмайды. Улы заттары бар ыдыстармен өте сақ болу керек.

Улы және күшті әсерлі заттарды сақтаудың, оларды есепке алудың, қолданудың арнайы бекітілген нұсқауларын қатаң сақтау керек. Лаборатория жұмысшыларының ішінен жауапты бір адам тағайындалады. Ол адам барлық жұмысшыларды улы заттармен қалай жұмыс істеу керектігіне үйретуі қажет. Улы заттардың буының да ауаны ластайтынын естен шығармаған жөн. Улы заттар сақталған ыдыстарды жеке, арнайы кісі тазалап жуады. Оларды сақтайтын ыдыстар ерекше таза болуы шарт. Өлшегенде де арнайы ыдыстарға салып өлшейді.

Ылғалды бойына сіңіретін гигроскопиялық заттар жабық ыдыстарда сақталады, олардың тығынын парафинмен құйып тастайды немесе ол үшін менделеевтің сылағын, сургучты пайдалануға болады. Үлкен ыдыстағы реактивтермен сақтықпен айналысу керек. Себебі оларды оңай сындырып алуға болады.

Кейбір реактивтер дәнекерленген ампулаларда сақталады. Оны ашу үшін егеуді пайдаланады. Ампуланың ұшынан бір сантиметр қашықтықта егеумен сызат түсіреді. Ол жерді сулап алғанда сызат оңай түседі. Сол ұшынан саусақпен мақта арқылы ұстап, сызат түскен жерден сындырады.

Ампулаларды жұмсақ материалмен орап қағаз қорабта сақтаған дұрыс. Жарықтың әсерінен өзгеретін реактивтерді сары және қара түсті шыны ыдыстарда, қағаз қорабтарда сақтау керек. Мысалы, сутегінің фторлы қышқылын ертіндісін парафиннен, церезиннен, эбоиттан немесе полиэтиленнен дайындалған ыдыстарда сақтайды.

Кейде шыны ыдыстардың ішкі беттерін парафинмен қабаттайды. Мысалы, пергидрольді (сутегі тотығының 30 %-ды ертіндісі) және сілті ертінділерін тек осындай ыдыстарда ғана сақтаған қолайлы.

Кейбір реактивтер көп сақтағанда бұзылады да, түрлерін өзгертеді. Мысалы, анилин көп сақтағанда бүлініп сарғыш түске айналады. Ондай өзгерістер болатынын үнемі есте сақтау керек.

Басқа бір реактивтер өздігінен жанады. Оларға ақ және сары фосфор, пирофорлы металлдар, металлорганикалық қосылыстар жатады. Отқа қауіпті реактивтердің қатарына эфирлер, спирттер, көмірсутектері, ароматты қосылыстар, күкіртті көміртегі, ацетон және т.б. жатады.

Өзара реакцияласқанда жанатын немесе көп жылу бөлетін реактивтерді бірге сақтауға болмайды. Концентратты тотықтырғыштарды қайта қалпына келтіретін – көмір, күкірт, крахмал, фосфорлармен бірге сақтауға болмайды.

Өздігінен жанатын, отқа қауіпті реактивтерді арнайы ыдыстарда сақтайды. Бертолет тұзын, калий марганец қышқылын, натрий тотығын және басқа да тотықтырғыш заттарды органикалық заттармен араластыруға болмайды. Хлор қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Ол органикалық заттармен біріккенде жарылыс береді. Тіпті хлор қышқылының тұздары ешбір себепсіз де жарылуы мүмкін. Лабораторияда мұндай заттардың көп қорының болмағаны дұрыс.

 

Сусыз ертінділер мен бояулар

 

Сусыз ертінділер дегеніміз спиртте, эфирде, бензолда және т.б. органикалық заттарда ерітілетін ертінділер. Кәдімгі жағдайда органикалық еріткіштерді органикалық сұйық және қатты заттарды еріту үшін қолданады, мысалы, майлы заттар; органикалық емес заттарды еріту үшін сирек қолданады: кейбір тұздарды, сілтілерді және минералдық қышқылдарды.

Қазірде органикалық еріткіштер аналитикалық химия тәжірибесінде сусыз титрлеу деп аталатын жағдайда қолданылады.

Аналитикалық мақсатта қолданылатын органикалық еріткіштердің ертінділерінің қасиеттерінің су ертінділерінің қасиеттерінен айырмашылығы болады. Себебі органикалық емес заттардың ертіндідегі қасиеттері қолданылған еріткіштерге байланысты болады.

Ертінділерді дайындаудағы есеп сол ертіндінің қолданылуына байланысты жүргізіледі. Егер ертінді аналитикалық мақсаттан басқа мақсатқа дайындалатын болса, онда ерітілетін заттың мөлшерін судағы ертінділердікі сияқты процентпен, г/л-мен, молмен береді.

Ертіндінің қолдану мақсатына байланысты химиялық таза немесе техникалық еріткіштер қолданылады. Олардың химиялық таза түрлері техникалық түрлерін тазарту арқылы алынады.

Лабоаторияларда қолданылатын көптеген органикалық еріткіштер жанғыш келеді. Ондай еріткіштерді көп ұстамау керек, қорының да аз болғаны дұрыс.

Отқа қауіпті еріткіштердің қатарына жататындар: диэтилді эфир, спирттер, ацетон, күкіртті көміртегі, бензол, бензин, петролейлік эфир және т.б. Ал хлортуындылары: төртхлорлы көміртегі, дихлорэтан, үшхлорэтилен отқа қауіпті емес заттардың қатарына жатады.

Барлық органикалық еріткіштер организмге қауіпті. Сондықтан ондай еріткіштердің буымен дем алмауға тырысу керек. Олармен сорғыштың астында жұмыс істеген дұрыс. Оларды буландыру жұмыстарын да сорғыш шкафтар бар жерде, соның астында істеу керек.

Органикалық еріткіштер қымбат тұратындықтан оларды үнемдеп ұстаған жөн. Көп жағдайларда суы жоқ, құрғақ түрін қолданады.

Органикалық еріткіштерде еріту тәртібі.

 

Органикалық еріткіштерде ерітудің суда ерітуден айырмашылығы бар:

  1. Егер затты ұшқыш еріткіштерде ерітетін болса, онда олардың ұшпауына қарсы іс-шаралар қолдану керек;
  2. Егер сусыз еріткіштерде ерітетін болса, онда оған ауаның ылғылдылығының түспеуін қамтамасыз ету керек.

Егер зат жеңіл еритін болса, онда операцияны тығыз жабылатын ыдыста жүргізуге болады. Алдымен ыдысқа затты салады да, содан кейін еріткішті қосады да шайқап ерітеді. Егер зат нашар еритін болса, онда арнайы араластырғышы бар приборды пайдаланады.

Мысалы: Ацетилцеллюлозаны ацетонда ерітіп көрелік. Мойны кең банкаға қабық тығын дайындап аламыз да, бірін тура ортасынан, ал екіншісін шеткерірек кең етіп екі тесік істейміз. Орталық тесік сынап қақпақты бекіту үшін қажет. Ал шеткі тесікке резина тығыны бар шыны түтік еңгізеді. Сынап қақпағы ацетонды буландырмайды, ал шыны түтік арқылы ерітетін затты еңгізеді. Белгілі жағдайда сапырғыш шыны таяқша орнықтырылады. Сынап қақпақшаның белгілі бір деңгейіне дейін сынап толтырылады. Аппарат жұмысқа дайын. Ұшпайтын еріткіштерді қолданғанда сынап қақпақша керек емес, аппараттың құрылысы жеңілдейді.

Заттың еруін жылдамдату үшін қыздыруға болады. Онда міндетті түрде суытқыш керек. Көбінесе қыздыруды қолданбайды.

1. Ерітетін зат пен еріткішті қосу тәртібін сақтау өте маңызды. Егер ерітетін зат ұсақ ұнтақ болса, онда колбаға алдымен еріткішті құяды да, артынан араластыра отырып аздап салып ұнтақты ерітеді. Ал керісінше істегенде жабысқақ түйіршік пайда болады да, оның еруі узаққа созылады.

2. Жұмыс аяғында алынған ертіндіні сүзіп, бөгде заттардан тазалайды.

3. Егер ерітуді төменгі температурада жүргізу керек болса, онда колбаны мұз немесе суық су арқылы суытады. Ол үшін ертінді бар ыдысты одан кең ыдыстың ішіне бекітіп орналастырады да, мұзды немесе суық суды кең ыдыс пен ертінді бар ыдыстың аралығына толтырады. Суық суды қолданғанда оны сифон арқылы суытып отыруға да болады.

Сонымен жалпы ертінділерді дайындау барысында келесі жағдайларды ескеру керек:

1. Суда дайындалатын ертіндінің барлығы дистілденген суда дайындалуы керек. Тұздардың судағы ертінділерінің белгілі бір концентрациясын дайындағанда кристаллды суды да есепке алу қажет;

2. Дәлдікпен дайындалатын ертінділерді дайындағанда өлшегіш колбаға барлық қажетті суды бірден құймау керек;

3. Өлшегіш колбалардағы колибровка тек белгілі бір температура мен сол колбаға ғана есептелген. Сондықтан сұйықтың дәл көлемін тек стандартты температурада ғана алуға болады.

4. Ертіндіні дәл берілген концентрацияда дайындау қиын болатындықтан, ертіндіні пайдаланбай тұрып, оның концентрациясын немесе қалыптылықтың түзетуін тағайындап алу қажет;

5. Ертінді бар ыдыста міндетті түрде этикет болуы қажет;

6. Барлық ертіндіні таза жуылған ыдыста дайындау керек. Дайындалған ертіндінің ластанбауын қадағалау қажет;

7. Жарықтың әсерінен бүлінетін ертінділерді қара шыны ыдыстарда сақтау керек. Кейбір ертінділерге сары түсті ыдыстар қолданады. Кей кезде шыны ыдысты қара қағазбен орап та сақтайды. Қара лак аздап болса да жарық өткізеді. Сондықтан ыдысты алдымен сыртынан қара қағазбен желімдеп, сол қағазды қара лакпен жапқан дұрыс;

8. Сілтінің ертінділерін көміртегі қос тотығының әсерінен сақтау керек. Ол үшін тығынға хлоркальций түтігін орналастырып, оны натрон известімен немесе басқа көміртегінің қос тотығын сорғыш қатты затпен толтырады;

9. Сілті ертінділерінің алдымен жоғарғы концентрациясын дайындап алады да, оларды тұндырып және сүзгеннен кейін қажетті концентрациясына дейін сұйылтады;

10. Қолдың терісіне, киімге, аяқ киімге зиянды әсер ететін ертінділермен жұмыс істегенде өте сақ болу керек;

11. Барлық ертінділерді тексеру қажет. Дәлдікпен дайындалатын ертінділерді - титрлерін анықтау арқылы, жуықтап дайындалған ертінділерді – тығыздығы арқылы немесе басқа белгілі жолдармен;

12. Дәлдікпен дайындалған ертінділерден басқа ертінділерді дайындағаннан кейін міндетті түрде сүзу керек. Бұл сулы және сусыз ертінділерге бірдей қатысты;

13. Ертінділерді органикалық сұйықтарда дайындағанда тек таза еріткіштер қолданылады, ал керек болған жағдайда сусыз еріткіштер қолданылады;

14. Шыны ыдыстардың тығындарын ауыстырмау керек.

Осы ережелердің барлығын дұрыс орындағанда алынған нәтиже дұрыс болады, зерттеу уақыты қысқарады, химиялық реактивтер мен материалдар аз кетеді.

 

Бояғыштар және бактериологиялық бояулар.

Бояғыштар - әртүрлі материалдармен немесе биологиялық субстраттармен қосылысқанда оларға түр беретін заттар. Бояғыштардың әсерінен ол заттар жарықтың көзге көрінетін сәулесін таңдамалы түрде өз бойларына сіңіреді.

Мал дәрігерлік тәжірибеде бояғыш заттар гистология және цитология салаларында, тіндер мен торшалардың ұсақ құрылыстарының компоненттерін бояп, білу үшін кеңінен қолданылады. Олар сондай-ақ, биохимиялық зерттеулерде сутегі иондарының концентрациясын анықтау үшін индикатор ретінде де қолданылады. Бояғыштардың гистологиялық кесінділерде белгілі бір субстраттармен реакцияласып, олардың түсін өзгертетін қасиеттері гистохимияда кеңінен пайдаланылады.

Мысалы: Құрамында белок бар триптофанды, гистидинді және тирозинді гистохимиялық жолмен анықтау үшін кесіндіге құрамында бисдиазоқосылысы бар ертіндімен әсер етеді. Онда белоктың молекуласы диазокомпоненттегі бос диазотобымен қосылысып азобояғыш зат түзеді. Олардың бояуын үдете түсу үшін ароматты аминмен немесе фенолмен әсер етеді. Триптофан, гистидин, тирозинқосылыстары шоғырланған жерде жақсы боялғандық байқалады.

Бояғыш заттар өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданыс табуда.

Бояғыштардың атаулары олардың түстеріне және басқа да кейбір қасиеттеріне негізделген. Ұтымды жасалған жіктелуі жоқ. Көбінде техникалық және химиялық жіктелулері қолданылады.

Техникалық түрі олардың тоқыма өндірісінде қолданылуларына негізделген. Онда барлық бояғыш заттар 3 топқа бөлінген:

1. Тоқыманы тікелей бояйтын бояғыш заттар. Тоқыманы бояғыш зат бар ваннаға салып қояды;

2. Тоқыманы оларға бояғыш заттарды бекітетін металл тұздарымен, танинмен өңдегеннен кейін бояйтын бояғыш заттар;

3. Кубты бояғыш заттар. Тоқымамен реакцияда жүретін тотығу процессінің салдарынан барып бояғыш зат сіңеді.

Химиялық жіктелуі бойынша да бояғыш заттар 3 топқа бөлінеді:

1. Қышқылдық бояғыш заттар - өздерінің молекулаларында оларға қышқылдық қасиет беретін -SO3 H,-COOH, сияқты функционалды топтары бар бояғыш заттар;

2. Негіздік бояғыш заттар – құрамында бояғыш заттарға негіздік қасиет беретін аминді-иминді топтар бар заттар;

3. Бейтарапты бояғыш заттар – құрамында ешқандай топтар болмағандықтан қышқылдық немесе негіздік қасиеттері жоқ топтар.

Осындай жіктелулері бояғыш заттардың боялатын материалдармен қатынасын сипаттайды. Қышқылдық және негіздік бояғыш заттар боялатын материалдағы қарсы зарядты ионданған топтармен қатынасады, олармен тұздар түзеді, боялу жақсы сіңіп, берік болады. Ал бейтарап бояғыш заттар, керісінше, кейбір заттармен ұқсас болып келеді де, сол заттарды бояйды.

Органикалық қосылыстардың белгілі бір класстарына жатуларына байланысты бояғыш заттар бірнеше топтарға бөлінеді:

Нитрозобояғыштар – құамында NH = O тобы бар, бірақ хинон тотықтарының изомері түріде болатын зат. Мысал ретінде жасыл нафтолды келтіруге болады.

Нитробояғыштар – құрамында хромофор ретінде нитротоптары бар және ауксохром ретінде тотық топтары бар заттар. Мысал ретінде сары нафтолды келтіруге болады. Гистология мен гистохимияда белоктардың шоғырлануын зерттеу үшін қолданылады.

Азобояғыштар – бояғыш заттардың ең көп тараған тобы, құрамында бір-(моно), екі-(би) немесе бірнеше(поли) –N = N топтары бар заттар. Мысал ретінде виталды бояу үшін және рН-ты анықтауда индикатор ретінде қолданылатын қызыл метилді және майлардың гистологиялық бояғышы Судан ІІІ-ті келтіруге болады.

Нафтохинонды бояғыш заттар. Оған мысал ретінде Alcanna tinctoria- дан алынатын қара-қошқыл түсті, индикатор ретінде қолданылатын алканнинді келтіруге болады.

Антрахинонды бояғыш заттар – құрамында антрохинонның хинон құрылысы бар зат. Мысал ретінде тұздың қатысымен бояғанда лак түзетін сіңіргіш бояу алазаринді келтіруге болады. Ол темірдің үш валентті ионы бар жерде қызыл түске, ал темірдің екі валентті ионы бар жерде сия түске бояйды.

Хинониминді бояғыш заттар – хинонимин және хинондимин туындылары. Мысал ретінде С витаминін анықтау үшін, гистологияда метахромды бояу ретінде қолданылатын индофенол бояғыш затын келтіруге болады.

Тионин-тиазинді негізгі бояғыш заттар. Гистологияда метахромды бояу ретінде қолданылады. Галлоцианин – оксазинді әлсіз қышқыл бояғыш зат, гистологияда нуклеин қышқылдарын анықтау үшін хром лагы түрінде қолданылады; бейтарап қызыл – виталды бояу үшін және рН-ты анықтауда индикатор ретінде қолданылатын азинді бояғыш зат.

Екі- және үшарилметанды бояғыш заттар. Молекуласындағы сутегінің екі немесе үш атомы ароматты радикал арилмен алмастырылған және оның біреуінің хиноидты құрылысы бар метан туындысы. Көбірек тарағаны үшфенилметанды түрі. Мысал ретінде гистохимияда лейкопарофуксинкүкірт қышқылы ретінде альдегид топтарын анықтау үшін қолданылатын парарозанилин-парафуксинді – фенолфталеинді, метил көгін келтіруге болады. Бұл топқа ксангенді бояғыш заттар да жатады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарының гистохимиясында қолданылатын пиронитті және акридинді бояғыш заттарға жататын, флуорресцентті микроскопта қолданылатын – акридин сарғышын келтіруге болады.

Полиметинді бояғыш заттар. Құрылысында оттегі, азот немесе күкірт атомдарымен шектелген, түйіндес екі қатардағы байланысты көміртегінің тақ санды атомдарының түйдегінен тұратын заттар. Мысал ретінде қызыл жарыққа сезімтал фотографияның пластинкаларын алу үшін қолданылатын пинациано немесе 1,1 – диэтил; 2,2 – хинокарбоцианин-иодидтерді келтіруге болады.

Каротиноидті бояғыш заттар. Оларға жататындар: каротин, биксин майларды, маргариндерді бояу үшін қолданылады.

Аталып өткен бояғыш заттардан басқа әртүрлі салада, әртүрлі мақсатта қолданылатын бояғыш заттардың класстары да бар. Оларды материалдарды бояу үшін және гистологиялық тәжірибеде қолдануда өз ерекшеліктері бар. Оған жататындар: азотметинді, индигоидты, оксиокетті, полициклді, фталоцианинді, күкіртті және т.б. бояғыш заттар.

Бактериологиялық бояулар.

 

Микроорганизмдерді бояу – індетті аурулардың микробиологиялық диагностикасында микроорганизмдерді табу және микроскоп арқылы микроорганизмдердің морфологиясын зерттеу үшін қолданылатын әдіс.

Микроорганизмдерді бояу микроб компоненттерімен бояғыш заттың арасында жүретін интрохимиялық реакцияларға жатады. Ондай бояулар екі топқа бөлінеді – негізді және қышқылды болып. Негізді бояуларда бояғыш катион және түссіз анион болады, ал қышқылды бояуда – бояғыш анион және түссіз катион. Негізді бояулар белсендірек болып келеді. Оның себебі кәдімгі жағдайда бактериялардың сыртқы заряды теріс болып келеді, ал олардың ішіндегі заттардың табиғаты қышқыл (ДНК және РНК).

Негізді бояғыш заттардың бояйтын бөлігі оң зарядты, олар қышқылды бояғыш заттарға қарағанда микроб торшаларының құрылысымен көп ұқсас, қышқылды бояғыш заттар торшаларды тек рН-тың төменгі көрсеткішінде ғана бояйды. Қалыпты рН көрсеткішінде қышқылды бояғыш заттар торшаға нашар сіңеді және жуған кезде жуылып кетеді. Сондықтан қышқылды бояғыш заттармен қалыпты жағдайда препараттың фоны боялады да, онда боялмаған микроорганизмдер жақсы көрінеді.

Бояулардың негізді және қышқылды түрлерінен басқа бейтарап түрі бар. Ол түрі негіздік және қышқылдық түрлерінің қоспасы, онда катионның да, анионның да бояулық қасиеттері бар. Бұл бояу ацидофилді де, базофилді де элементтерді бояйды. Бұған мысал ретінде Гимза бояуын келтіруге болады. Оны спирохеттерді де, қарапайымдарды да бояу үшін қолданады.

Құрамындағы белоктардың амфотерлігіне байланысты торшалар бір жағдайда қышқылдық бояғыш затпен, ал екінші бір жағдайда негіздік бояғыш затпен боялуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда орталықтың рН көрсеткішіне байланысты торша бірде қышқылдық, ал бірде негіздік қасиет байқатады.

Көбірек қолданылатын бояғыш заттардың қатарына жататындар: метилен көгі, тиопин (көк), негізгі фуксин, сафранин және эозин (қызыл), бис-марк-браун немесе везувин (қоңыр), метилгрют (жасыл), метилвиолет, кристаллвиолет (сия түсті). Олардың ішінде тек эозин ғана қышқыл бояу. Ол кейбір арнайы жағдайларда қолданылады. Барлық бояулар аморфты немесе кристаллды ұнтақ түрінде сатылады. Олардан бояғыш ертінділер дайындайды.

Бояғыш ертінділерді дайындау. Жұмыс бояуларының барлығының дерлік әуелгі материалы спирттің қаныққан ертіндісі болып келеді. Оны қорда, жақсы, тығыз жабылатын шыны ыдыста сақтайды. Дайындау технологиясы: тығыз жабылатын тығынды флаконға 10 г құрғақ бояуды салады да, оған 100 мл 96º спирт ректификат құйып, күнделікті араластыра отырып, бірнеше күнге қояды. Осындай қаныққан ертіндіден микроорганизмдерді бояуға жарайтын спирттің судағы ертіндісін жасайды.

Жиі қолданылатын ертінділердің қатарына жататындар: карболды фуксин (Циль фуксині)– 10 л фуксиннің спирттегі қаныққан ертіндісі және 909 мл 5 %- ды карбон қышқылының ертіндісі.

Сұйытылған фуксин - 10 мл карболды фуксин және 90 мл дистілденген су.

Сілтілі метилен көгі – 30 мл көктің спирттегі қаныққан ертіндісі, 100 мл дистілденген су және 1 мл 1 %-ды сілтінің ертіндісі.

Микробиологиялық жұмыстарды орындағанда ең негізгі компонент су болып табылады. Лабораторияларда бейтарап реакциялы дистілденген су қолданылады.

Суды бейтараптау үшін екі колбаға 200 мл- ден зерттелетін суды құяды да, олардың әрқайсысына 1-2 тамшыдан дистілденген суда дайындалған 1 %-ды нейтральрот ертіндісін қосады. Егер судың рН-ы 5,4-5,5-ке тең болса, онда су қызыл-қызылша түске боялады. Енді бір колбаға тамшылатып 1 %-ды көмір қышқыл сода ертіндісін оның түсі өзгергенше қосады. Екінші колба бақылау ретінде болады. Бейтараптылықтың көрсеткіші ретінде сарғыш- (оранжевый) түс алынады. Егерде ол түс 10-30 сек. аралығында өзгермесе, онда реакция аяқталған деп есептеледі.

Микроорганизмдерді бояу үшін Лабораториялық жануарлар рН-ы 6,8 – 7,0 аралығындағы суды қолданған дұрыс.

 

 

Лабораториялық жануарлар

 

Лабораториялық жануарлар – лабораториялық жағдайда, питомниктерде эксперимент немесе өндірістік тәжірибе жүргізу мақсатымен арнайы өсірілетін жануарлардың әртүрлі түрлері. Оларды ауруларды анықтау, әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларды кескіндеу, аурулардан емдеу-сақтандыру және химиялық факторларды зерттеу мақсаттарында; биологиялық препараттар – ауруларға қарсы қолданылатын сары сулар, вакциналар, культуралар, тіндер және т.б. өндіру үшін қолданылады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.