Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 4 страница



6. Центрифуганың барлық үйкеліске қатысатын беттерін үнемі қадағалап, уақытында майлап отыру керек. Майдың түрі нұсқауда көрсетіледі.

Лабораториялық тәжірибеде центрифугаға арналған шыны пробиркалар жиі пайдаланылады. Центрифуга кезінде олардың түбіне көп салмақ түсетінін ескеру керек. Оның астына резинадан немесе басқа жұмсақ материалдан жасалған төсеніш қабат салады.

Центрифугамен жұмыс істейтін кісіні арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Тек дірілдің пайда болу себебін біліп, соны уақытында ескерсе болғаны. Ол үшін зерттелетін зат бар пробиркаларды центрафуж таразыларында өлшеуге де болады. Роторларды ауыстырғанда оларды соғылыстан, қышқыл мен сілтілердің әсерлерінен сақтаған жөн. Қауіпсіздік техникасын дұрыс сақтамау апатқа ұшыратуы мүмкін.

Жылдамдық рефрижераторлық және ультра центрифугаларда қорғаныс құралдары қарастырылған, ротордың жұмыс камерасының бронды қорғаныс қабаты бар.

Лабораториялық центрифугаларды сақтау шараларын арнайы нұсқаулар бойынша инженер техниктер жүргізеді. Центрифугаларды ұзақ уақыт сақтау керек болса оларды консервациялайды.

5-ші кесте

Центрифугалардың түрлері және олардың көрсеткіштері

Аттары және белгілері Айналым минутына Масса Кг Конструкциясындағы Ерекшеліктері
Лабораторлық үстелдік – ЦЛН-2 3000 -6000   Роторы бұрышты типті
Бұрышты аз көлемді ЦУМ-1 2000 - 8000 Екі бұрышты ротор, электр сағат,тежегіш
Клиникалық лабораториялық ЦЛК-1 1000,1500, 3000   Крест түрлі ротор
Лабораториялық стационарлық – ЦЛС – 3 3000 - 6000   Бұрышты ротор, крест түрлі ротор, электр сағаты,автом. тежегіш
Лабораториялық стационарлық – ЦЛС-31М 3000 - 18000 Электр тахометрі, электр сағаты, автом.тежегіш
Лабораториялық рефрижераторлық – ЦЛР-1 1000-6000 3000-18000   Крест.ротор, екі бұрышт ротор,электр сағаты, ГХ автоматты тежегіш, 0+4ºС диапазонды суытқыш
Рефрижераторлық вакуумды ЦВР-1 20000-га дейн   Бұрышты ротор,электр сағаты, автом.тежегіш,-10+10ºС фреонды суытқыш,вакуум насос
Препаративті ультрацентрифуга УЦП-1М 35000-50000   Екі ротор, температура -4 +20ºС аралығында
Ультрацентрифуга УЦА-1 45000-65000 Т -25 +25ºС аралығында

 

Өндірістік центрифугалардың лабораториялық центрифугалардан айырмашылығы олардың көлемі үлкен және роторларының құрылысы күрделі болып келеді. Олар химико-фармацевтикалық, микробиологиялық, химиялық, тамақ өнеркәсібінде, тау-кен өндірістерінде және т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады.

 

Іздеген затты табу, оны ұқсастыру және өлшеу параметрлерін

алу үшін қолданылатын аппараттар.

 

Микроскоп – объектілердің немесе бөлшектердің кәдімгі көзге көрінбейтін құрылыстарының үлкейтілген кескінін алу үшін қолданылатын оптикалық прибор. Биология, ветеринария, медицина және басқа да салаларда жиі қолданылады, кең тараған.

Екі линзадан тұратын жүйенің заттардың кескінін ұлғайтатыны XVI ғасырда Нидерланды, Солтүстік Италия көзілдірік шеберлеріне белгілі болған. Микоскоп тәрізді приборды 1590 ж. Нидерландыда Янсеннің шығарғаны туралы деректер бар. Бастапқыда қарапайым, бір объективтен ғана тұратын микроскоп болған. Артынан күрделілендіріліп оған окуляр қосылған. 1609-1610 жж. Галилей өзінің трубасындағы объектив пен окулярдың ара қашықтығын өзгерте отырып, оны микроскоп ретінде қолданған. Содан бастап микроскоп тез тарап, жетілдіріле бастайды.

Приборға «микроскоп» деген терминді 1625 ж. Рим академиясының мүшесі И.Фабер ұсынған.

Микроскопты қолданумен биология саласындағы алғашқы ғылыми-зерттеу табыстары Гуктың еншісінде. Ол 1665 жылдары бірінші рет өсімдік торшасының құрылысын сипаттап жазды. 1673-1677 жж. А.Левенгук микроскопты қолдана отырып еркек жыныс торшаларын, әртүрлі қарапайымдыларды, сүйектің құрылысын тауып, олардың сүреттерін салды.

Қазірде микробиологиялық объектілерді зерттеу үшін микроскоптың әртүрлі моделдері пайдаланылады. Олардың ішінде кең тарағандары: МБИ-1, МБИ-3, МБР-3, МВД. Барлық микроскоптардың құрылысында механикалық бөлігі мен оптикалық жүйені ажыратуға болады.

Биологиялық микроскоп таға тәріздес, салмақты штативке бекітіледі. Негізі тіреуішпен қамтамасыз етілген, оның ішінде микромеханизмі орналастырылған. Микорскоптың тубусын қозғайтын макро- және микровинтер, объективтерге арналған револьер, тубустарды ауыстыру үшін жоғарғы жағында ұя, визуалды зерттеуге арналған бинокуляр, сүретке түсіруге арналған монокуляр қондырғылары бар.

Микорскоптың зат қоятын үстелі ондағы препаратты қарама-қарсы бағытта қозғайтын жабдықпен қамтамасыз етілген. Айна арқылы шағылысқан жарық сәулесі конденсор арқылы жиналады. Конденсор металл қорабтағы бірнеше линзалардан тұрады. Конденсордың жарықтық күші (апертура) линзалардың санына байланысты. Байқау әдістеріне байланысты конденсордың жарық, ашық, қисық, фазды контрасты жазықтар беретін түрлері қоланылады. Айна мен конденсордың арасында конденсордың апертурасын реттейтін иристі диафрагма бар. Ондай диафрагма конденсордың линзаларының аралығында орналасуы да мүмкін.

Микроскоптың негізгі оптикалық элементі объектив. Ол зерттелетін объектінің үлкейтілген және төңкерілген кескінін береді. Объектив - бірімен бірі ортақтастырылған линзалардың жүйесі. Объективке ең жақын орналасқан линза фронтальды линза, ал қалғандары коррекциялық линазалар деп аталады. Объективтегі кескінді оптикалық жүйе – окуляр арқылы көреміз.

Микроскоптарға жарық көзі ретінде әртүрлі лампалар – қыздыру, сынап-кварц лампалары пайдаланылады. Препарат арқылы өтетін жарық көзі препараттың астынан түседі, ал шағылыстыру арқылы зерттегенде - үстінен немесе жанынан түседі. МБИ-6, МБИ-15 микроскоптарында арнайы жарықтандырғыш жүйе микроскоптың конструкциясының құрамына кіреді. Басқа жағдайларда өндірісте шығарылатын жарықтандырғыштардың әртүрлімаркалары пайдаланылады. Объективтер 6,3-100 есе, ал окулярлар - 7 -15 есе үлкейтеді. Жалпы микроскоптың үлкейту мүмкіншілігі 44-150 есе.

Биологиялық микроскоптан басқа стереоскопиялық, жанасымды, қара жазықты, фазды-жанасымды, интерференциялық, ультракүлгіндік, инфрақызылдық, поляризациялық, люминесценттік, рентгендік, көшірмелік, телевизиялық, голографикалық, салыстырмалы түрлері бар.

Қара жазықты микроскопта қара жазық арнайы конденсор арқылы немесе кәдімгі конденсордың орталық тұсын қара қағазбен жабу арқылы іске асырылады. Айырмашылығы жарық максимум, диафрагма толық ашылады және жарықтандыру реостаты іске қосылады. Зерттелетін препараттар таза белгілі бір қалыңдықтағы зат және жабылғы шыныларды пайдалану арқылы дайындалады. Зат шынысының қалыңдығы 1,2 мм-ден, ал жабылғы шынының қалыңдығы 0,17 мм-ден аспауы керек. Препарат тамшыны мыжу әдісімен дайындалады. Препарат пен конденсордың арасына иммерция майын орналастырады. Ары қарай конденсордың винттері арқылы объектіні тауып, жазықтың орта тұсына орналастырады да, тиісті үлкейткішпен зерттеуге кіріседі.

Фазалық-контрасты және аноптральды микроскоптар арқылы түссіз, мөлдір, опикалық жағынан бір-бірінен айырмашылықтары аз заттарды алдын ала өңдеусіз-ақ тексеруге болады.

Түссіз біркелкі заттарда жарық толқынының таралуы оның интенсивтігіне әсер етпейді, тек жарықтың өту жылдамдығы қоршаған ортадағы жылдамыдығынан жоғары болады. Оның аз-кем болуы препараттағы жарықтың шағылуының аз-кемдігіне тікелей байланысты. Бұл өзгерістер фазалық өзгерістер деп аталады. Биологиялық объектілерге (тірі торшалар, тіндердің кесінділері және т.б.) олардан өтетін жарықтың тек фазалық толқынының өзгеруі тән. Адамның көздері боялған препараттар арқылы өткен, толқу амплидудасы өзгерген жарықтың ғана интенсивтігін анықтай алады, ал жарықтың фазалы өзгерістерін қабылдай алмайды. Сондықтан түссіз объектілер кәдімгі микроскоптармен зерттегенде көрінбейді. Оны көру үшін Зерниктің ұсынған арнайы конденсор жабдығын пайдаланған жөн. Онда жарық толқынының фазалық өзгерістері интенсивтік өзгерістерге айналады да объект көзге көрінеді.

Фазалық контрасты әдіспен жұмыс істегенде кәдімгі биологиялық микроскоптан басқа арнайы жабдық керек. Ол үшін конденсор мен объективті фазалық конденсормен ауыстырады да, револьвер дискісін нольге қояды. Микроскоп үстеліне препаратты қойып, фокусын анықтап, жарықты түзейді. Мұндай әдісте Келлер әдісі бойынша анықталған оптималды жарықтық болу қажет. Лампаның қызуын реостат арқылы, микроскоп жазығындағы жарықты диафрагма арқылы реттеп отырады. Револьвер дискісінің көрсеткішін объектив көрсеткішімен дәлдестіреді. Окулярдың орнына қосымша микроскопты қосып, оның жұмысын екі сақинаны біріктіру арқылы реттейді. Ендігі кезекте қосымша микроскопты окулярмен ауыстырады да зерттеуге кіріседі.

Фазалы контрасты әдістің жетілдірілген түрі ретінде аноптральды контрасты әдіс ұсынылған. Оның фазалы-контрасты түрінен көп айырмашылығы жоқ. Ерекшелігі объективінің мүмкіншілігінің жоғары болуында және боялмаған препаратта тығыздығының оптикалық айырмашылығының минималды көрсеткішін анықтауға мүмкіндігі. Неғұрлым объектінің тығыздығы жоғары болса, солғұрлым оның кескіні жарығырақ көрінеді.

Люминесцентті микроскопты қолдану. Люминесценттік (флюоресценттік) дегеніміз кейбір заттардың оған түскен жарықтың әсерінен толқыны басқа (көбінесе ұзын) сәулені бөліп шығаруы.

Кәдімгі жарықта белгілі бір түсі бар заттар ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде басқа түске айналады. Ультракүлгін сәулесінде көзге көрінбейтін объект флюоресцентті сәуленің әсерінен анық көрінетін болады. Ондай объект қараңғы фонда әртүрлі түспен көрінеді, сондықтан флюоресцентті микроскоппен қараңғы жерде жұмыс істеген қолайлы.

Көзге көрінетін сәуледе фрюоресценттік микроскоптың жабдығы өте жарық жарық көзінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Микроскоптың айнасымен жарық көзінің арасына көк-сия түсті жарық фильтрі (УФС-3, ФС-1 және т.б.) орналастырылады. Сары жарық фильтрін (ЖС-3 немесе ЖС-1) микроскоптың окулярына кигізеді. Осы жарық фильтрлері арқылы препаратқа түскен көк-сия түсті жарық люминесцентті қоздырады. Бірақ бұл жарық қозған люминесцентті көруге кедергі жасайды, сондықтан сары жарық фильтрі қолданылады.

Жабдықты жарықтандыру Келлер әдісімен іске асырылады, тек конденсордың диафрагмасы толық ашық болуы керек. Флюоресценттік қасиеті жоқ иммерсия майын қолданудың маңызы өте зор. Кедр немесе басқа иммерсия майына өзіндік флюоресценттік қасиетін жою үшін 1 грамына 2-10 тамшы нитробензол қосады.

Люминесцентті микроскоптың артықшылығы:

· түрлі-түсті кескінді беру;

· қара фонда өздігінен сәулеленетін объектінің жоғарғы деңгейдегі контрастылығы;

· мөлдір және мөлдір емес тірі объектілерді зерттеу мүмкіншілігі;

· әртүрлі өмір процессін даму сатысында зерттеу мүмкіншілігі;

· кейбір микроорганизмдер мен вирустардың шоғырларын анықтау;

· цито-гистохимиялық және экспресс диагностикалық жетілдірілген әдістерді дамыту.

Кәдімгі көзге нашар көрінетін детальдар мен объектілерді аздап үлкейтіп қарау үшін үлкейтетін оптикалық прибор – лупа қолданылады.

Лупалардың қарапайым түрі бір, екі немесе бір-бірімен желімделген бірнеше линзалардан тұрады. Күрделі түрі – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта бекітілген линзалар мен призмалардың жүйесі. Қарапайым түрі 1,25-3 есе, ал күрделі түрі 40 есе үлкейтеді.

Лупалар қолданылуына қарай тұқымдық (4х), өлшегіш (10-16х), фотопленканы, слайдты қарау үшін (6х), қалталық (жинақталатын), қарапайым (2,5х, 4х, 6х) және күрделі (6х, 10х, 20х), тоқыма саласы үшін штативті (4х, 7х), материалды бөлшектеу үшін (40-80х) және телескопиялық болып жіктеледі.

Лупалар медицина мен ветеринария салаларында офтальмологияда, оториноларингологияда, хирургияда, лабораториялық істе және т.б. кеңінен қолданылады.

Микроскоптармен жұмыс істеудің жалпы ережесі:

· микроскопты пайдалану туралы нұсқауды қатаң сақтау;

· оның тазалығын үнемі қадағалап отыру;

· жарықты дұрыс пайдалану;

· әрбір нақтылы жағдайда оптикалық жүйенің ең ұтымды вариантын таңдай білу (окуляр-объектив-конденсор).

Микорсопты шаң-тозаңнан сақтау үшін оны жабық жерде, қапшықта, шыны қалпақтың астында ұстайды. Ауық-ауық оптикалық жүйенің тазалығын тексеріп, тек сыртынан ғана сүртіп отырады. Ол үшін шашты қылқаламды, жұмсақ материалды сумен немесе спиртпен ылғалдап пайдаланады. Мақта, малілерді қолдануға болмайды, себебі олардың оптикада қалған талшықтары зерттеу жұмысына кедергі жасайды. Бензин, ксилолды да пайдалануға болмайды, олар линзалардың желімін ашып жіберуі мүмкін. Олармен прибордың механикалық үйкелістегі бөліктерін сүртіп, маймен майлайды.

Микроскоп жылына бір рет шебер-оптикпен қаралып, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіледі.

Термометрлер. Малдәрігерлік тәжірибеде өте жиі қолданылатын прибор. Онымен кез келген объектінің – тірі организмнің, ауаның, судығ, топырақтың, бөлменің, әртүрлі сұйықтың және дайындалатын материалдың температурасын анықтауға болады. Қолданылуы бойынша медициналық, ветеринариялық, лабораторлық, сулық, топырақтық, бөлмелік және т.б. болып жіктеледі.

Термометрлердің олардың әсерлері бойынша жіктелуі бар:

1. Дилатометрикалық (температураға байланысты дене көлемінің өзгеруі);

2. Манометрикалық (жабық кеңістікте температураға байланысты қысымның өзгеруі);

3. Электр термометрлері (болометрлер – қарсы күш, пирометрлер, термопаралар, жартылай өткізгіш-термисторлар және т.б.);

4. Оптикалық (радиациондық және оптикалық пирометрлер);

5. Термохимиялық (температураның әсерінен түстерін өзгертетін заттардың қасиетін пайдалану).

Дилатометрикалық термометрлер қолдану түрлеріне байланысты әртүрлі сұйықтармен – сынаппен, бензолмен, спиртпен, газбен, азотпен, пентанмен және т.б. толтырылады. Толтырылған сұйықтың аттарымен аталады. Оларды максималды және минималды деп бөледі.

Манометрикалық термометрлер. Әсерлеріне байланысты екі түрі бар:

1. газды (азот, гелий) және сұйықты (сынап, ксилол, метил);

2. булы (хлорлы – метил, этил, этилді эфир, ацетон, бензол).

Бірінші топтағы термометрлер жабық кеңістіктегі газдың немесе сұйықтың қысымын өлшеу үшін, ал екінші топтағы термометрлер – сұйықтың үстіндегі қаныққан будың қысымын өлшеу үшін есепталген. Олар арқылы арнайы диаграммалық лентаға немесе диаграммалық дискіге жазып, сызу үшін олар сағат механизмімен немесе электр моторымен қамтамасыз етілген.

Электр термометрлері әсерлері бойынша қарсылық (болометрлер), термоэлектрлік (термопарлар мен пирометрлер), термисторлар (жартылай өткізгіштер) болып бөлінеді.

Оптикалық термометрлердің екі түрі бар: радиациондық және оптикалық пирометрлер. Радиациалық пирометрлер қызған заттан радиация түрінде тарайтын жылулық сәулені ұстайды және жинақтайды, ал оптикалық түрі – қызған денеден шығатын сәуленің жарықтығын белгілі температура жарықтығымен салыстырады.

Термохимиялық термометрмен анықтау әдісі температураға сезімтал қарындаштар және этил спиртімен сұйылту арқылы дайындалған бояулар арқылы анықтауға негізделген.

Ветеринариялық тәжірибеде максималды – сынапты және минималды – спиртті термометрлер жиі қолданылады. Сонымен қатар термогигробарометрлер, Август және Ассман психрометрлері, жазатын термографтар бар. Бұлар мал тұратын орындардың температураларын анықтау үшін қолайлы.

Мал қораларының, азықтарды сақтайтын орындардың температуралық-ылғалдылық микроклиматын аықтау үшін психрометрлер қолданылады.

 

 

Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар.

 

Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар төмендегідей жіктеледі:

  1. Микробиологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар. Бұл топқа жататын аппараттар жұмыс жағдайында тазалықты, зарарсыздықты қамтамасыз етеді. Оларға жататындар: автоклавтар немесе булы стерилизаторлар; зарарсыздандыратын кептіргіш шкафтар; культураны сақтайтын, өсіретін және тасымалдайтын аппараттар; агар кесетін штативтер; төмегі температура шкафтары; вирустарды сақтауға арналған аппаратуралар; микрофлораның құрылысын, қасиетін және құрамын зерттеуге арналған аппараттар; Люминесцентті микроскоп; инфрақызыл спектрометрлер; ультрацентрифугалар; ферментті процесстердің кинетикалық, массалық әдістерін қолдана отырып микроорганизмдердің зат алмасу процессін зерттейтін приборлар; газды хроматографиялы спектрометрлер және т.б.;
  2. Гистологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: терілердің, сүйектердің, еттердің, жалпы тіндердің жұқа кесінді ретінде препараттарын дайындауға, оларды бояу және ұсақтауға арналған микротомдар, оның пышақтарын қайрайтын жабдықтар, гомогенизаторлар, тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар;
  3. Гематологиялық зерттеулерге арналған аппараттар: эритроциттердің шөгу реакциясын анықтайтын приборлар, Сали гемометрі және гемоглобинді анықтауға арналған гемоглобинметрлер, Горяев камерасы, гематокритке арналған центрифугалар, лейкоциттерді санауға арналған он бір клавышты счетчиктер және т.б.;
  4. Цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар гематологияда қолданылатын аппаратуралар тәрізді – зерттейтін биоматериалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және оларды ажыратуға арналған автоанализаторлар;
  5. Иммунологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: серологиялық реакция компоненттерін сұйылтып құюды жеңілдеті үшін қолданылатын Флоринскийдің топты дозаторы, микротитрометрлер, қанның тобын және резусын анықтайтын аппараттар және т.б.;
  6. Биологиялық сұйықтарды биохимиялық зерттеуге арналған жалпы техникалық өлшегіш приборлар: фотоэлектр колориметрлер, фотометрлер, фотоэлектр абсорбциометрлер, спектрофотометрлер, поляриметрлер, рефтрактометрлер, флюориметрлер, денситометрлер, жалынды фотометрлер, сұйықтардың электрлік және иондық қасиеттерін анықтайтын аппараттар мен приборлар: электрофорез аппаратурасы, рН-метрлер, хроматография аппаратурасы, осмометрлер және т.б.. Сұйықтың тығыздығын анықтау үшін: ареометрлер, урометрлер, лактоденситометрлер, вискозиметрлер.

Субстраттар мен ферменттерді анықтайтын лабораториялық техникалар кеңінен тарауда. Ол реактивтердің алдын ала дайындалған жиынтығы мен биологиялық сұйықтың реакциясы арқылы анықтауға негізделген. Реактив жиынтығы қағаз, лента, ұяларға сіңіріледі, ал оларға биологиялық сұйық тигенде олардың түрлері өзгереді. Бояудың интенсивтігі денситометр арқылы жазылып, анықталады.

 

Микробиологиялық және бактериологиялық ортаны зерттеуге арналған аппаратуралар мен жабдықтар.

 

1. Бактриологиялық және вирусологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар мен жабдықтар.

 

Қазіргі кездегі микробиологиялық ғылыми-зерттеу лабораторияларында электрондық және люминесценттік микроскоптар, инфрақызыл спектрометрлер, ультрацентрифугалар және басқада техникалық жетістіктердің жаңа аппаратуралары қолданылады. Сонда да тәжірибелік микробиологияға жаңа ғылыми жетістіктердің өте жәй еңгізіліп жатқанын атап өту керек.

Қазіргі микробиология саласында қолданылып жүрген көптеген әдістер өткен ғасырда ұсынылған әдістер (Пастер пеші, Кохтың аппараты, Дригалдың шпателі, Петри тарелкасы және басқалары).

Жалпы микробиологиялық аналихдің дамуын екі сатыға бөлуге болады:

1. Көмекші;

2. Меншікті микробиологиялық деп.

Көмекші сатысына лабораториялық ыдыстарды жуу, кептіру, зарарсыздандыру, қоректік ортаны дайындау, оны ыдыстарға құю басқа да дайындық операциялары жатады. Ал меншікті микробиологиялық сатысына зерттейтін материалдарды алу және оны қоректік ортаға себу, микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу және оны серологиялық және биохимиялық әдістер арқылы идентификациялау операциялары жатады.

Көптеген көмекші операциялар көп жұмыс істеуді қажет етеді. Мысалы, мақта-марлі, мақта тығындарын дайындау, оларды зарарсыздандыру, аз уақыт пайдаланылуына қарамай, көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан да оларды дайындау үшін арнайы машиналар шығарылған.

Қазірде мақта-марлі тығындарының орнына металл қақпақшалары ұсынылған. Олардың бактериологиялық (16х150 мм) және серологиялық (12х100 мм) түрлері бар.

Микробиологиялық анализдің көмекші операцияларының біріне жататын агар «косяктарын» дайындау. Ол үшін арнайы штатив шығарылған. Оның көмегімен пробиркалардағы агарды 0-15º шамасында қисайтып шайқауға болады. Бір операцияда 50 пробиркаға дейін бірден өңделеді. Сұйытылған жылы агар ортасы пробиркамен штативке орналастырылғаннан кейін реттеуші винтпен оны белгілі бір градусқа қисайтады. Штатив берік, жеңіл жуылатын материалдан жасалады.

Байлау материалдарын, хирургиялық инструменттерді, қоректік ортаны, лабораториялық ыдыстарды, ластанған материалдарды зарарсыздандыру үшін автоклав немесе қаныққан су буының қысыммымен жұмыс істейтін бу стерилизаторы қолданылады.

Автоклав ең бірінші рет Гейденрихпен 1884 ж. тәжірибеге еңгізілді. Конструкциялары бойынша автоклавтар тік (АВ-75АВ-20), көлбеу (АГ-2, АГ-200), тасымалды және шкафты (АШ-250А, АШ-380, АШДВ-250А және т.б. болып бөлінеді.

Автоклавтың негізгі деталдары су буландыратын және зарарсыздандыратын камералар. Олар дәнекерленген біртұтас конструкциялы болғанымен функциялары жөнінен бөлектенген. Осындай конструкция зарарсыздандыратын камераға жүкті салғанда, оны алғанда ол камераға будың келмеуін қамтамасыз етеді және автоматты түрде жұмысқа қажетті қысымды ұстап тұрады. Су буының камерасы резина салынғын шойын немесе болат қақпақпен жабылады. Екі камерада металл қапшықтың ішіне орналастырылған, төсенішке бекітіледі, ішкі және астыңғы жақтарынан асбестпен оқшауланған. Зарарсыздандыратын камераның жоғарғы жағында буға арналған тесік бар. Автоклавтың жұмысын бақылау үшін манометр, қорғаныш қақпақша, су өлшегіш шыны және судың аппаратқа түсуін реттеп отыратын крандар жүйесі бар. Қажетті қысым ондағы приборлар арқылы автоматты түрде реттеледі. Медициналық автоклавтарда зарарсыздандыру 265 кгс/см² қысымда, 138ºС температурада жүргізіледі.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.