Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 2 страница



Тамшылатқыш воронкалардың бөлгіш воронкалардан айырмашылығы олар жеңіл, қабырғалары жұқа, көпшілігінің аяққы түтікшелері ұзын болып келеді. Оларды реакцияда сұйықтарды өте аз мөлшерде, тамшылатып қосу керек болғанда пайдаланылады.

Жұмысты бастар алдында шыны кранның шлифті бетін жұқа етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлайды. Ол май түтікшенің ішіне кірмеуі керек. Тамшы бірқалыпты таму үшін воронкаға қондырғы орнатылады. Ондай воронкаларда краннан кейін бірден кеңейтілген бөлігі ары қарай түтікшемен жалғасады.

Химиялық стақандар әртүрлі сиымдылықтағы (50-2000 мл) қабырғасы жұқа цилиндр тәрізді ыдыстар. Олар аласа, биік; тұмсықты, тұмсықсыз болып келеді. Сондай-ақ шкалалы, Филлипс, тұмсықты конус қабырғалы стақандар бар. Оларды химиялық реакцияларда, препарат дайындау жұмыстарында қолданады.

Кәдімгі шынылардан дайындалған стақандарды жалаң отқа қыздырғанда олар сынып кетеді. Сондықтан олардағы сұйықты қыздыру үшін газға немесе электр плиткаларына асбестенген торша арқылы қыздырады. Су банналарында қыздыруға болады. Стақанды плитаға қояр алдында оның сыртындағы суды, ылғалды орамалмен мұқият сүрту керек.

Түбі жадағай шыны колбалар. Олар шар және конус тәрізді болып келеді, сиымдылықтары 50 мл-ден 10 литрге дейін, шлифті және шлифсіз түрлері болады. Тығыз жабылатын тығынды конус тәрізді колбаны «йод санын анықтайтын колба» деп атайды.

Колбаларды химиялық реакцияларды титрлеуге, препараттар дайындауға т.б. лабораториялық жұмыстарға пайдаланады. Колбадағы сұйықты стақандағыдай қыздырады. Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбаларды ашық отқа да қоюға болады. Штатив шығырына орналастырып қыздыруға да болады. Кейде колбаның бетін жауып қыздыруға тура келеді. Ол үшін сағат шынысын, шыны жапқышты немесе колпақты пайдаланады. Дистілденген суды, реактивтерді сақтау үшін, оларға шаң, бөгде заттардың түспуіне өте қолайлы.

Бунзен колбасы сүзуді вакуум-насос қолдану арқылы жүргізгенде қажет. Колбаның жоғарғы жаында тубусы болады. Оны резина түтікше арқылы вакуум-насосқа қосады. Колбаның аузына резина тығынмен бекітілген ворнканы орналастырады. Сорғыш колбалар әртүрлі сиымдылықты және әртүрлі пішінді болып келеді. Лабораториялық жағдайда көбінесе конус тәрізді колбаларды қолдану ыңғайлы.

Колбадағы сүзіндіні аппаратты қайта ажыратып жатпай құйып алу үшін краны түп жағында орналасқан Бунзен колбасы қолайлы. Ол үшін вакуум-насосты алдын ала жабады да, сүзіндіні кран арқылы дайын ыдысқа құйып алады. Бунзен колбасын атмосферлік қысымға төзімді болу үшін қалың шыныдан дайындайды. Жұмыс уақытында колбаны орамалмен орап немесе қағаз жәшікке орналастырып ұстаған қауіпсіз болады. Жарыла қалған кезде шынының сынықтарынан қорғау үшін колбаға поливинилхлоридтан дайындалған мөлдір пленканы спираль тәрізді жапсырып тастауға да болады. Әрбір колбаға тесігі әртүрлі, жиі қолданылатын воронкалардың ұштарының диаметрлеріне дәл келетін, екі-үш тығыннан дайындау керек.

Әлі қолданыста болмаған Бунзен колбасын мұқият тексеру керек. Сызаты бар колбалар вакуумға шыдамайды. Колбаны вакуум-насосқа қосар алдында оны орамалмен орап немесе қағаз жәшікке орналастырып барып қосу керек.

Кристаллизаторлар – қабырғалары жұқа, түбі жадағай, сиымдылығы мен бетінің диаметрі әртүрлі шыны ыдыс. Оны заттарды кристаллдау және буландыру үшін қолданады. Кристаллизаторларды тек су баннасында ғана қыздыруға болады.

Жуғыштар – ыдыстарды жуу үшін бейімделген аспап. Оларды сиымдылығы 0,5-2 литр колбалардан дайындайды. Полиэтиленнен жасалған жуғыштар қолайлы, бірақ оларды ыстық ертінділерде қолдануға бомайды.

Жуғыштарды дайындау үшін екі тесігі бар резина тығынды колбаны пайдаланады. Майыстырылған бірі ұзын, бірі қысқа екі түтікшені резина тығындағы тесіктерге орналастырады. Түтікшелердің екі жақ басын балқыту арқылы доғалдайды. Осылай жиналған жуғышты дистілденген сумен толтырады, жуғыш жұмысқа дайын.

Тоңазытқыштар – қайта қуу аппаратындағы қайнаған судың буын конденсациялау үшін қолданылады. Суытылған су буы дайын ыдысқа немесе қайта сол қайнатылған ыдысқа жиналады. Осыған байланысты олардың пішіні мен аттары әртүрлі болады. Дайын ыдысқа конденсатты жинау үшін пайдаланылатын тоңазытқыш түзу тоңазытқыш деп, ал конденсат қайта қайнатылған ыдысқа жинау үшін пайдаланылатын тоңазытқыш кері тоңазытқыш деп аталады.

Либихтің түзу тоңазытқышы. Лабораторияда кең тараған тоңазытқыш. Бір жақ басы кеңейтілген ұзын шыны түтік сытанан шыны немесе металл жапқышпен қапталған. Шыны түтіктің ұштары резина түтікшелермен жалғасады. Бір ұшы су құбырымен жалғасады да, ал екінші ұшы ағатын каналға бағытталады. Краннан келетін суық су су буына қарсы ағыста болады да, оны суытады. Негізгі ереже бойынша су төменгі жағынан кіріп жоғарғы жағынан шығуы керек және буы бар түтікшенің сыртындағы шыны көйлек әрқашанда суға толы болуы керек. Олай болмаған жағдайда түтік суға толмаған жерінен сынып кетеді. Тоңазытқышты ұзақ уақыт пайдаланғанда оның шыны көйлегінің ішінде сумен келетін темір тотығының тұнбасы пайда болады. Оны ауық-ауық 10-16 %-ды тұз қышқылының ертіндісімен тазалап отыру керек. Тазалап болғаннан кейін ол арқылы 5-6 минуттай таза су жібереді. Либихтің тоңазытқышы арқылы пары 150ºС-дан аспайтын сұйықты ғана қайта айдауға болады.

Кері тоңазытқыштардың шарикті, бұрандалы және т.б. түрлері болады. Шарикті түрінде тоңазытқыштың трубасы шар тәрізді кеңейтілген, ал бұрандары түрінде спираль тәрізді бұратылған. Мұндай трубаларда олардың тоңазытқыш беттері ұлғаяды, конденсация толық жүреді.

Аллиннің тоңазытқышы тік орнатылады. Оны қисайтқан жағдайда шар тәрізді кеңейтілген жерге конденсат сұйығы толады да конденсация фракциясы дұрыс жүрмейді.

Сокслеттің шарикті тоңазытқышы. Онда сұйықтың буы шардың ішкі және сыртқы қабаттарының арасынан өтеді де, бу сыртқы жақта ауамен, ал ішкі жақта суық сумен суытылады.

Домраттың тоңазытқышы бұрандалы тоңазытқыш, түзу және кері тоңазытқыштардың ролін бірдей атқарады. Температураның өзгеруіне жақсы бейімделген. Ерекшелігі оның сыртқы қабатындағы қоршаған ортаның су буы суытылмайды.

Сифондар. Сұықты қайта құюға бейімделген ыдыс. Оның бір ұшын құйылатын сұйыққа батырады да, бір ұшын саусақпен немесе қысқышпен жауып қояды. Үшінші ұшы арқылы сұйықты сорады да, сұйық түтіктің бүгілген деңгейіне жеткенде саусақпен басып тұрған ұшын ашады,ал үшінші ұшын жабады. Сифонды жоғарғы қысымды пайдаланып та туғызуға болады.

Дөңгелек түпті шыны колбалар кәдімгі және арнайы шынылардан дайындалады. Олар көптеген лабораториялық жұмыстарда пайдаланылады. Олардағы сұйықты жалаң отта қыздыру үшін үстіңгі жағында шұңғылы бар асбесс торшалары қолданылады.

 

 

Арнайы қолдануға арналған ыдыстар.

 

Къельдаль колбасы – алмұрт пішінді, мойны ұзындау болып келген шыны ыдыс. Сиымдылығы 300-800 мл, қиын балқитын, ыстыққа төзімді «Пирекс» типті шыныдан жасалған. Оны тексерілетін заттағы азотты анықтау үшін қолданады.

Дистиллят алу үшін қолданылатын колбалар. Сұйықты қайта айдап дистиллят алу үшін Вюрца, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалар пайдаланылады.

Вюрц колбасы ұзын мойынды, өсінді түтікшелері бар, сұйықты қайта айдау үшін қолданылатын аппарат. Өсінді түтікшелерінің орналасу биіктігіне байланысты әртүрлі температураларда қайнайтын сұйықтарға тиісті аппаратты таңдап алуға болады.

Клайзен колбасының Вюрц колбасынан айырмашылығы екі мойны бар, оның біреуінен қисық пішінді түтікше шығарылады. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданылады.

Арбузовтың колбасы – Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Ондағы екі мойын бір-бірімен қосылған. Егер сұйық аяқ астынан қайнайтын болса, онда ол кеңейтілген бөлігі арқылы қайта колбаға құйылады.

Аллонжылар – имек шыны түтік, сұйықты қайта айдау кезінде тоңазытқыш пен қабылдағышты қосу үшін пайдаланылады. Аллонжының кең басына таңдап алынған тығынның тесігіне тоңазытқыштың түтігін 3-4 см тереңдікке еңгізеді, ал жіңішке ұшын қабылдағышқа қосады.

Дефлегматорлар – дистілдеуге арналған қондырғы. Жоғарғы жағында жанама түтікшесі, кеңейтілген бөліктері бар шыны түтік. Фракциялық қайта қайнатуларда пайдаланылады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Олармен жұмыс істегенде сақтық керек. Себебі олар оңай сынады.

Эксикаторлар – шлифті жапқышы бар, ерекше пішінді қалың шыны ыдыс. Ылғалды бойына тез сіңіретін заттарды сақтау үшін және заттарды өте жәй суыту үшін қолданылады. Жіңішкертілген иық тұсында тигель қоюға арналған тесіктері болады. Фарфордан жасалған жапсырманың төменгі жағына кептіргіш заттар – қыздырылған кальций хлориді, сусыздандырылған күкірт қышқылы, кейде ангидрон немесе фосфор тотығы, силикагель және аллюминий тотығы орналастырылады.

Вакуум-эксикаторда краны бар резина түтікшені кіргізетін тесігі бар. Сол түтікше арқылы вакуум-насосқа қосылады. Жапқышының шлифін өте жұқе етіп вазелинмен немесе арнайы маймен майлар қояды. Жапқышты тік көтеріп емес жылжытып ашады. Жапқышты үстелге қойғанда шлифін жоғары қаратып қояды. Ыстық тигельдерді қойғанда басында эксикаторды толық жаппайды, 1-2 минуттай тосып барып толық жабуға болады.

Газдарды жуу үшін Вульф, Дрексель, Тищенко шынылары қолданылады.

Вульф шынысының қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл – 5 л мөлшерінде болады. Екі-үш ауыз мойны бар, төменгі жағында сұйықты ағызатын тубусы болады.

Дрексель шынысы шыны тығыны бар цилиндр. Цилиндрдің ішінде оның түбіне дейін жететін түтік бар. Одан жанама түтікше кетеді.

Тищенко шынысының Вульф шынысынан айырмашылығы оның ортасында ыдысты бірімен бірі қатынаста болатын екі бөлікке бөліп тұратын қабырға бар.

Кипп аппараты қос тотықты көміртегін, күкіртті сутегін және басқа да газдарды алу үшін қолданылатын аппарат. Аппараттың төменгі жағында кеңейтілген резервуар бар. Кейбір аппараттарда ол жерде тубус болады. Оның үстіңгі жағында шар тәрізді газ шығаратын тубусы бар кең бөлігі бар. Ал үстіңгі жағы алмұрт тәрізді воронкамен аяқталады.

Аппаратты жұмысқа қосу үшін шар тәрізді бөлігіндегі кранды ашып сол арқылы, көлемі 1 см²-тан кем емес керекті газды алатын заттың бөлшектері салынады. Ұнтақ заттарды қолданбаған жөн, газ өте көп бөлініп аппараттың жоғарғы жағынан шығып кетуі мүмкін. Тубус шыны краны бар резина тығынымен тығындалады. Одан кейін тубустағы газ бөлетін кранды ашып, алмұрт тәрізді воронка арқылы тиісті сұйықты құяды. Сұйықты жоғарғы шар тәрізді кең бөліктің ортасына дейін құюға болады. Аппараттағы ауаны шығару үшін газды 5-7 минуттай шығарады да, кранды жауып қояды. Газ жүретін түтікшені газ жинайтын ыдысқа қосады. Кранды ашып-жабу арқылы газдың түзілуін және жиналуын реттеп отырады.

Тамшылатқыш – сұйықты тамшы арқылы қолдануға арналған, науалы шыны тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын түтікше. Тамшы ұстағыш – кейбір зерттеулер мен анализдерде қолданылатын шыны приборлар. Олар бу арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері бар: Къельдаль, Конта, Геккель қондырғылары; чеш тамшы ұстағышы; сулы жапқышы бар тамшы ұстағыш және т.б.

Петри тарелкасы (немістің микробиологі, 1852-1921 жж.) – бактериологиялық лабораторияларда тығыз қоректік ортада бактерияларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. Р.Кохтың ассистенті Петри 1887 жылы ұсынған. Петри тарелкасы екі жадағай шыны тарелкалардан тұрады, оның біреуі қақпақтың ролін атқарады. Олардың диаметрлері мен биіктіктері әртүрлі болып келеді. Жуғанда, залалсыздандырғанда аз сілтісізденетін бейтарап шынылардан жасалады. Кәдімгі тарелкалардың диаметрі 10 см, ал биіктігі 1,5 см болады.

Конвей тарелкасы – пішіні лабораториялық шыны кристаллизаторларға ұқсас, диаметрі см, ортасында диаметрі см қосымша цилиндр дәнекерленген шыны ыдыс. Ертінділердегі, қандағы, зәрдегі аммиакты анықтауға және аммиак бөлу арқылы жүретін ферментті реакцияларда қолданылады.

Жұғын шынысы – сапалы микрокристаллоскопиялық реакцияларды, бактериологиялық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланылады. Жұқа шынылар қыздырғанға төзімді келеді. Олармен жұмыс істегенде оның шетінен ғана ұстау керек немесе пинцетті қолданған жөн.

 

Лабораториялық техника.

 

1. Анықтамасы, классификациясы;

2. Жалпы қолданылатын құрал-жабдықтар мен аппараттар.

Лабораториялық техника – лабораториялық жағдайда әртүрлі зерттеулерді жүргізуге арналған техникалық құрылыстардың, аппараттардың, приборлар мен жабдықтардың жиынтығы.

Малдәрігерлік мекемелерде л.т. биологиялық сұйықтардың, тіндердің және қоршаған ортаның физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушілердің еңбектерін жеңілдетеді және өнімділігін арттырады.

Лабораториялық техниканың дамуының негізгі бағыты - зерттеудің дәлдігін жоғарылату, еңбек өнімділігін арттыру. Олар өлшемдік, көлемдік анықтамалардың классикалық әдістерін өте сезімтал, дәл, жылдам және аз еңбекті электрлік, фотометрлік, ферменттік т.б. әдістермен алмастырады; дәл өлшегіш индикаторлы гемоглобинометр, кондуктометрлік цитометр, фотоэлектрлік колориметр т.б. приборлар қолданылады. Жиі кездесетін анықтау түрлерін жылдам және автоматты түрде анықтау жағдайларына көшіруге бейімделеді.

Лабораториялық техниканың классификациясы:

1. Қолдану сферасында:

· жалпы лабораториялық техникалар – барлық немесе көптеген ветеринариялық-биологиялық зерттеулерде қажетті техникалар;

· арнайы лабораториялық техникалар – бір бағытта немесе белгілі бір зерттеу түрінде қолданылатын техникалар.

2. Ветеринариялық-биологиялық зерттеулердің түріне қарай:

· микробиологиялық;

· биохимиялық;

· гематологиялық;

· гистологиялық;

· иммунологиялық;

· патолого-анатомиялық;

· ветеринариялық-санитарлық;

· өнімдердің сапасын сараптау үшін.

3. Лабораториялық процесстегі орнына қарай:

· анализге дайындау үшін (ыдыстарды, реактивтерді дайындау; сынама алу; зерттедетін затты бөліп алу);

· анализ үшін (іздеген затты табу, оны салыстыру, өлшеу);

· көмекші операциялар үшін (анализге дайындалуға және оны жүргізуге жағдай жасау).

 

3. Жобалар жасауға бейімделу жағынан:

-жалпы техникалық лабораториялық техникалар. Олар тек ветеринариялық лабораторияларда ғана емес басқа да лабораторияларда қолданылады;

-ветеринариялық лабораториялық техникалар, тек ветеринариялық-биологиялық лабораторияларда ғана қолдануға бейімделген.

 

Жалпы қолданыстағы құрал-жабдықтар мен аппараттар.

 

Жалпы лабораториялық техникаларды бірнеше топқа бөледі:

  1. Суды дистілдейтін және минералсыздандыратын аппараттар (дистиляторлар, бидистилторлар, апирогенді су алатын аппараттар, аквадистиляторлар, суды минералсыздандыратын аппараттар);
  2. Қыздыратын, кептіретін, термостаттайтын аппараттар (тигель, муфель пештері, инфрақызыл сәуле беретін аппараттар, колбаларды қыздырғыштар, термостаттар, ультратермостаттар, лабораториялық банналар). Олардың көбі жылу энергиясын жылу көзінен бірден реакция жүретін ыдысқа береді. Жылуды жеткізетін орта ретінде су, май, парафин, құм, ауа және т.б. пайдаланылады;
  3. Өлшегіш аппараттар (техникалық, аналитикалық, тең иықты, торзиондық таразылар);
  4. Центрифуга аппараттары (лабораториялық, клиникалық, вакуумдық, рефрижераторлық, препараттық және аналитикалық ультраценрифугалар);
  5. Табу, идентификациялау және өлшеу аппараттары (микроскоптар, колориметрлер, нефелометрлер, спектрофотометрлер, рефрактометрлер, термометрлер және т.б.);
  6. Араластыратын, сілкіндіргіш аппараттар. Сиымдылығы 50 ден 1000 мл-ге дейін, айналу жылдамдығы 30-1200 об/мин. Жұмыс істеу уақыты бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін. Процесс ыдыс тұрған платформаны қозғау арқылы іске асырылады. Олардың конструкциялары да, пайдалану бағыттары да әртүрлі болып келеді. Көбінесе ыдыстардың пішініне, көлеміне бейімделеді. Олардың көлемі 10 мл-ден 3 литрге дейін, түсірілетін күш 0- ден 60 кг- ға дейін болады. Қозғалу бағыты кезекпе-кезек, шайқалу, айналу, күрделі болып келеді. Тербеліс жиілігі 100- 300 1 минутына; тербеліс амплитудасы 5 -40 мм. Демалыссыз жұмыс істеу уақыты бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін
  7. Көмекші құрал-жабдықтар лабораториялық ыдыстарды өңдеу, жуу, кептіру үшін қолданылатын аппараттар; тоңазытқыштар; сору шкафтары; компрессорлар; вакуум-насостар және т.б.

Лабораториялық техниканың көптеген приборлары, аппараттары және құрал-жабдықтары жалпы техникалық болып келеді.

Суды дистілдеу және ионсыздандыру үшін қолданатын аппараттар.

Дистілденген су (Agua destillata) – ондағы ерітілген қоспалардан қайнату арқылы тазартылған су. Ондай су малдәрігерлік мақсатта еріткіш ретінде дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін кеңінен қолданылады. Кейбір дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін дистіденген суды залалсызданырады. Ондай суды кәдімгі ішетін судан арнайы аппараттар – аквадистилляторлар арқылы алады. Алдымен суды ашық қазанда 15-30 минут қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды қолдану арқылы ондағы ұшқыш заттарды ұшпайтын түріне айналдырады. Ол суды дистілдеу арқылы ұшпайтын қосылыстардан тазалайды. Дистілденген судың бірінші бөлігін қолданбайды. Осындай жолмен алынған дистілденген суды оған шаң-тозаң, бөгде қосылыстардың түсуінен сақтайды. Дистілденген су түссіз, иіссіз, дәмсіз, рН 5,0-6,8 болып келеді. Оны буландырғанда құрамындағы құрғақ қалдық 0,001 %-дан аспауы; құрамында нитриттер, нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, кальций және ауыр металл тұздары болмауы керек. Жоғарғы тазалықтағы су алу үшін дистілденген суды екінші рет қайтадан дистілдейді, бидистілденген су алынады (Agua bidestillata).

Суды органикалық заттардан тазалау үшін екінші рет дистілдеудің алдында оған жуықтап 0,1 мл калий перманганат ертіндісі мен бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Осындай құрамында органикалық заттардың ізі де жоқ суды апирогенді су деп атайды. Бидистілденген суды арнайы кварцтан, қалайы, күміс немесе платинадан жасалған ыдыстарда сақтайды.

Суды тазалау үшін ион алмастыратын қара майлар жиі қолданылады. Ол үшін суды катиониттер және аниониттермен толтырылған колонкалар арқылы кезекпен өткізеді. Осындай жолмен алынған суды минералсызданған су деп атайды. Құрамында минералды заттары жоқ сулар ішуге жарамайды.

Дистілденген су алу үшін күші мен өнімділігі әртүрлі бірнеше аппараттар қолданылады. Мысалы, Д-1 дистилляторы арқылы сағатына 4-5 л; ал Д-25 784 моделді дистиллятор арқылы сағатына 25 л су дайындауға болады. Бірақта олардың барлығының жұмыс істеу принціпі бір – су буын қайтадан суға айналдыру, конденсациялау.

Дистилляторлардың жұмыс істеу принціпі: электр қыздырғыш элементтер арқылы су қайнатылып буға айналдырылады. Ол камераның сырты жылулықты сақтау және операторды күюден сақтандыру үшін қапталған. Түзілген бу сыртынан суық сумен қамтамасыз етілген конденсаторға түсіп суытылады. Осындай жолмен алынған су қажетті ыдысқа жиналады. Оның тазалығы тиісті аппарат арқылы экранда беріледі. Бу түзілетін камерада судың деңгейі үнемі бір қалыпта ұсталып тұрады. Ол үшін арнайы теңелткіш құралы іске қосылады. Су түспей қалған жағдайда электр қыздырғыштар автоматты түрде сөнеді. Приборды ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ондағы суды толық ағызу үшін ағызатын кран бар. Дистиллятор ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін оның түтікшелеріндегі қайнатпаларды тазалап отыру керек.

Апоригенді су алу үшін қосымша жабдықталған «АА-1» аппаратын қолдануға да болады. Онда суды буландыратын камераға химиялық реагенттер қосылады. Ондағы қысымды реттеу үшін артық буды сыртқа шығаратын тесік бар. Судың деңгейін қадағалау үшін суөлшегіш шыны қондырылған. Химиялық реагенттердің дозасы цилиндр тәрізді екі шыны түтікшеден тұратын, әрқайсысы 100 мл сиымдылықты дозатор арқылы реттеліп отырады. Химиялық реагент ретінде «ХЧ» марганец қышқыл калий, алюмокалий квасцысы, фосфор қышқыл натрий препараттары қолданылады.

Дистілденген суды сақтау үшін көбінесе шыны бутыльдер қолданылады. Бірақта оны ұзақ уақыт сақтағанда шынының сілтілік реакциясы болатынын ескерген жөн.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі дистілденген судан да таза су алуды жолға қойып отыр. Өте таза су алу үшін жаңа әдістер іске асырылуда. Ол әдістер бойынша суды ионсыздандыру, адсорбциялау және микросүзгіден өткізу қатарынан қолданылғанда дистілденген судан да таза су алуға болатындығы іс жүзінде дәлелденген.

Суды ионсыздандыру үшін оны иониттермен толтырылған колонкалар арқылы өткізеді. Ондағы катиониттер оң зарядты иондарды, ал аниониттер теріс зарядты иондарды байланыстырады.

Микросүзгілерде диаметрі 0,3 мкм бөлшектерге дейін ұсталады. Сонымен қатар иониттер микроорганизмдерді де ұстауға қабілетті. Бірақ, еске алатын жағдай, иониттерді ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдердің керісінше көбеюі де мүмкін. Сондықтан оларды жиі ауыстырып отыру қажет. Аппарат жүйесінде сағат механизмі бар. Ол жұмыс режімін автоматты түрде қадағауға мүмкіндік береді.

 

Қыздыруға, кептіруге және қызуды тұрақтандыруға арналған аппараттар.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.