Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Ритм немесе адам санасы.



Құндылықтар – болашақ ұрпаққа адам өмірінің мәнін қалай түсінетіндігіңді жеткізудің

пәрменді тәсілдерінің бірі.

Білім беру құндылықтары:

– мемлекеттік құндылық ретінде;

– қоғамдық құндылық ретінде;

– жеке тұлғаның құндылығы ретінде.

Білім берудің бастапқы екі құндылығы бұл мәдени феноменнің ұжымдық, топтық

мәнін білдіреді. Соңғы кездері білім берудегі жеке тұлғаның құндылығына,

ынталандырылуына, адамның өз білімінің сапасы мен деңгейіне немқұрайды

қарамайтындығына басымдық беріліп келеді.

Білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған құндылығын мойындау мен білім беруді

адамның өмір бойына үздіксіз жүретін үдеріс ретінде түсінудің арасында тығыз

байланыс бар. Білім беру тек қоғамның құндылықтарын белгілі бір дәрежеде

сақтап тұрмай, оны байытып, дамыта алуға мүмкіндігі бар. Құндылықтар жеке-

леген тұлғалар мен топтардың мінез-құлқына ерекше ықпал ете отырып, әртүрлі

жағдайларда негізгі бағыт-бағдар ретінде қабылданады.

Метатаным – психологияға метатаным ұғымын J.H. Flavell (1976; 1979; 1992) енгізген. Автор

метатаным құрылымында метакогнитивтік білім, тәжірибе, мақсат және страте-

гия сияқты компоненттерді атап көрсетеді. Бұл ретте автор танымдық қызметті

рефлексивті бақылауды метатанымның маңызды факторларының бірі деп санай-

ды. Сондықтан J. Flavell, A. Brown, M. Reid және т.б. жасаған эксперименттері

балалардың өздерінің танымдық қызметін реттеу мүмкіндіктерін анықтауға

бағытталған.

Метатаным өзінің ойлау қабілеттерін – когнитивтік құралдар мен стратегия-

ларды мойындаудың айрықша түрі, бұл оқушыларда когнитивтік, сондай-ақ

аффективтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға

негізделген субъективті ұстанымды дамытуды білім берудің мақсатына

айнылдыруға мұрындық болады.

Метакогнитивтік

Стратегиялар

– J.H. Havellдің (1992) пікіріне қарағанда, метакогнитивтік стратегия-

лар метакогнитивтік мақсаттарға қызмет етеді, яғни танымдық қызметті

бақылап, мониторингін қамтамасыз етеді. D. Kuhn (1983), В.А.Моляко (1991)

жұмыстарында метакогнитивті стратегияларға атқарылатын міндеттің талапта-

рына сәйкес өзінің когнитивтік стратегияларын таңдау, құру және түрлендіру

рөлі беріледі. Бұндай зерттеулер психологияда көптеп кездеседі. Мысалы,

міндеттің «кешенді құрылымын» құру (О. Зельц, 1981), қайта құрылымдау (М.

Вертгеймер, 1987; К. Дункер, 1965), ұғымдарды түзу стратегиясы (Дж.Брунер,

1977) т.б. Ақпараттық теорияларда (Д.Миллер, Ю.Галантер, 1986; А.Ньюэлл, Дж.

Шоу, 1965; П.Линдсей, Д.Норман, 1974 т.б.) міндеттің шешімін іздеу үдерісін

ұйымдастыратын ерекше эвристикалар мен алгоритмдер атап көрсетілген.

Мұғалімнің

көшбасшылығын

дамыту жұмысы

(МКДЖ)

– мектептерде оқыту мен оқуды жетілдірудегі тәсіл. Бұл жағдайда мұғалімдер

жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ мектеп тәжірибесін жақсарту

мақсатында зерттеу қажет болатын мәселелер мен проблемаларды анықтайды.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Нақты сынып – грек. authentikys – түпнұсқа, шынайы. Гуманистік психология мен психотера-

пияда қолданылатын, жеке тұлғаның маңызды ықпалдастық сипаттамаларының

бірін білдіретін ұғым. Бұл терминді жиі қолданған Роджерстің (Rogers С. R.)

айтуы бойынша, шынайылық – адам қарым-қатынас жасағанда осы тұлғаға

ғана тән, шынайы ой-пікір, эмоция және мінез-құлықтардың ғана көрінуіне

мүмкіндік беріп, түрлі әлеуметтік рөлдерден бас тарта білу қабілеті. Шынайылық

адамдардың тиімді қарым-қатынас жасауының негізі болып табылады.

Бұл мәнмәтінде нақты сынып – бүгінгі күні бар, нақты жұмыс істеп жатқан сы-

Нып.

Өзара білім алуға

көмектесетін

диалогтік оқыту

– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды

проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың

білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабар-

лаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелері

жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған

проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен

тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың

ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз

бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау

қызметінің тәсілдерін үйрету.

Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда

негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар

қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблема-

лы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету

жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.

Пішіндеу – таным объектілерін өз модельдерінде зерттеу: шын мәнінде бар заттар мен

құбылыстардың (тірі ағзалардың, инженерлік құрылғылардың, қоғамдық

жүйелердің, түрлі үдерістердің т.б.) моделін құру.

Рефлексивті делдал

– оқушының өзінің оқуына қатысты рефлексия жүргізуіне көмек көрсетілген

жағдайда мұғалім делдал бола алады.

Рефлексивті

практик (мұғалім)

– өз тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістері туралы мұқият және

үнемі ойластырып жүретін мұғалім.

Рефлексивтік есеп – оқиға немесе үдеріс туралы есеп, ол қарапайым сипаттау түрінде

берілмейтіндігімен қоса, бағалаушы сұрақтарға, сондай-ақ «қалай» және «неге»

деген сұрақтарға жауап береді.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Рефлексия – лат. reflexio – өткенге жүгіну – көп ғасырлық тарихы бар пәнаралық ұғым,

субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, өз белсенділігінің өніміне аударуы.

Дәстүрлі мағынада – өз санасының мазмұны мен функцияларына назар аудару.

Олардың құрамына жеке тұлғалық құрылымдар (құндылықтар, мүдделер, мо-

тивтер), ойлау, қабылдау тетіктері, шешім қабылдау, мінез-құлық шаблондары

Т.б. кіреді.

П.Тейяр де Шарден сияқты айтсақ, рефлексияның арқасында адам жануарлар

арасынан бөлініп шықты, назарын өзіне аударып, өзін пән сияқты меңгере алды,

сонымен қатар жай танып қана қоймай, өзін-өзі тануға, жай біліп қоймай, не

білетінін білуге мүмкіндік алды.

Э.Кассирер айтқандай, рефлексия «сезімдік феномендердің бөлшектелмеген

ағымынан кейбір тұрақты элементтерді бөліп алып, оларды оқшаулау арқылы

бар назарыңды шоғырландыру қабілеті».

Психологияда алғашқылардың бірі болып рефлексияны А.Буземан (1925–

1926) зерттеді, ол рефлексияны «қам жеуді сыртқы дүниеден өзіне аудару» деп

түсіндірді.

Психологиялық зерттеулерде рефлексия екі мәнде қолданылады: 1) Зерттеушінің

зерттеу негіздері мен нәтижелерін ұғыну тәсілі ретінде, және 2) субъектінің,

соның арқасында өзінің өмірін ұғыну және реттеу мүмкін болатын негізгі

қасиеті ретінде.

Синхронды емес

оқыту/форум

– оқытушы мен білім алушының бір мезгілде жұмыс істеуін талап етпейтін

қашықтықтан оқыту әдістемесі. Ол оқу үдерісін икемді және қатысушылары

үшін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Сындарлылық

Теориясы

– лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия)

– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін)

белсенді құру ретінде қабылданатын тәсіл.

Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса

әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар

адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып

шығатыны осыған байланысты болады.

Сыни бағалау – әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау

және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын

түсіндіру қабілеті.

Сыни тұрғыдан

Ойлау

– ағылш. critical thinking – негізделген қорытынды жасай отырып заттар мен

оқиғаларды талдауда қолданылатын және негізделген баға мен түсініктеме

беруге, алынған нәтижелерді оқиғалар мен проблемаларға дұрыс қолдануға

мүмкіндік беретін пайымдау жүйесі. Жалпы, сыни тұрғыдан ойлау деп сыниға

дейінгі ойлауға қарағанда жоғары деңгейдегі ойлау түсініледі.

Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті

дамуының басталу алғышарты деген пікір бар.

Тар мағынада сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сипатталады.

Психолог Дайана Халперн (ағылш. Diane F. Halpern) сыни тұрғыдан ойлауды

күтілетін түпкі нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік

техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады.

Сыныптағы

Атмосфера

– бірқатар факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар

мен оқушыларды оқыту үдерісіне тарту негізінде сыныпта қалыптасатын атмос-

Фера.

Талант – ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен,

жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім

алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.

Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар таңдап

алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің

түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Тәлімгерлік – тәжірибесі аздау мұғалімнің білімін, ойлауын, практикалық қызметінің

тиімділігін жетілдіру қарқынын арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалім мен

тәжірибесі аздау мұғалім арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-

қатынас орнату үдерісі болып табылады.

Ұжымдық диалогтік

оқыту

– ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-

қатынас жасауына ықпал ететін оқыту.

Формативтік

(қалыптастырушы)

бағалау

– оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау.

Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап

отыруға, мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік

береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және

оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың

оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік туғызады. Формативтік бағалаудың

мынадай тәсілдері бар:

– бақылау;

– оқушылардың ауызша жауаптары;

– оқушылардың жазбаша жұмыстары;

– тестілік тапсырмалар.

Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады: холисттік бағалау сызба-

сы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке-жеке

бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде

бағалау. Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді

белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

Ынтымақтастық

оқу

- сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табыла-

ды. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық

адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып

жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері

арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың

алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге

Негізделген

Іс-әрекеттегі

Рефлексия

– бұл өзгерістер ықпалының дәлелдерін жүйелі түрде жинақтаумен бірге

жүретін өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында мұғалімнің оқыту мен оқу

тәжірибесіне белсенді араласуы. Бұл тәсіл білім беру және басқа да салаларда

қолданылатындықтан, іс-әрекеттегі зерттеу терминінің бірқатар түсініктемелері

бар. Алайда барлық жағдайларда оның мәні бір – зерттеуші-практик анықтаған

проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгерту. Іс-әрекеттегі зерттеудің маңызды

ерекшеліктерінің бірі оның оқытушылар мен оқушыларды зерделейтін сырттан

келген зерттеушілер тобы емес, білім беру ұйымының немесе қоғамдастықтың

мүшесі немесе барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатындығы бо-

Лып табылады.

Lesson Study - мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып

табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson

Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі

болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу са-

пасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау

мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді си-

паты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың

жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер ба-

стамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін

оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ

Курс материалдарына қол жеткізу үшін ПШО сайтында тіркелу қажет.

1. Адрес жолына www.cpm.kz енгізіңіз.

2. Оң жақтағы жоғары бұрышта тіркелуге арналған алаңша орналасқан. Тіркеу ба-

тырмасын басыңыз.

3. Ашылған жаңа терезедегі жолдарды толтырыңыз:

1) Аты-жөні, тегі: (мысалы, Ахметов Болат Асанұлы)

2) Логинді латын әріптерімен жазу керек: шаблон бойынша [тегі-нүкте-атының

бірінші әрпі] (мысалы, ahmetov.b)

4. «Жеке ақпарат» алаңшасында мынадай ақпарат болуы керек: келген қаласы, жұмыс

орны, лауазымы, ғылыми зерттеу саласы.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

5. Өзіңіздің бейініңіз үшін фото таңдаңыз

1. «Тіркелу» батырмасын басыңыз.

Байланыс ақпараты

Осы Нұсқаулықтың мазмұнымен танысу барысында мәселелер туындаған жағдайда Сіз

Педагогикалық шеберлік орталығына мына мекенжай бойынша жүгіне аласыз:

Мекенжай: Қазақстан, Астана қ., 010000, Түркістан көш., 2-үй, 3-блок.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.