Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

А.Б.Шнедер, Д.Роджерс зерттеген.



Конвергенттік ойлаумен толықтырылады.

Конвергенттік ойлау (лат. cоnvergere қосылу деген сөзінен) белгілі бір міндетті

шешудің алдын ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалану стратегиясына

негізделген, яғни осы мәселені шешу жөніндегі қарапайым операциялардың реті

мен мазмұны бойынша нұсқаулық беріледі.

Дивергентті қабілеттерді анықтаудың арнайы тестілері бар, мысалы, Gestalt and

Jackson’s компаниясының тесті: сынақ тапсырушыға кірпіш, бір кесек картон,

шелек, жіп, қағаз жәшік, орамал сияқты заттарды пайдаланудың барынша көп

тәсілдерін табу керек.

Жиынтық

(жиынтықтайтын)

бағалау

– оқушылар білім берудің белгілі бір кезеңінде (тоқсанның, жартыжылдықтың

және жылдың соңында) алған жетістіктерін бағалау. Жиынтық бағалау – мазмұн

стандарттарын меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстыры-

лым, тест және жетістіктерін көрсету.

Жақын арадағы

даму аймағы

(ЖАДА)

– оқудың соңынан психикалық дамуды тарту үдерісін сипаттайтын Л.С. Выгот-

ский енгізген ұғым. Бұл аймақ баланың ересектің көмегімен ғана шеше алатын

міндеттерінің мазмұнымен анықталады, бірақ бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін

меңгерген соң ол осы сияқты міндеттерді өзі шеше алады.

Зерттеу-сабақ – оқытуды жетілдірудегі ерекше тәсіл, ол бірнеше кезеңнен тұрады: проблема-

ны белгілеу, шарттарын және оны шешу жолдарын талқылау, экспериментті жо-

спарлау және өткізу, алынған нәтижені талдау және қорыту, қорытынды жасау

және ақпарат алмасу.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Зерттеуге

негізделген оқу

– проблема немесе мәселе көтеру негізінде білім алу. Оқытушылар негізгі білім,

дағдылар түрінде проблеманы шешудің өзіндік жолын іздеуде қолдау табады.

Инклюзивті оқыту – фр. inclusif – қамтитын, лат. include – қамтимын – барлық балалардың

түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан барлығы үшін қолжетімді болу-

ды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл білімді ерекше қажет ететін

балалардың да білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Инклюзивті білім балаларға бағытталған және барлық балалар – оқуда түрлі

қажеттіліктері болатын индивидуумдар деп танитын әдістемені дамытуға

ұмтылады. Инклюзивті білім оқудағы әртүрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету

үшін икемді болатын оқыту мен оқу тәсілдерін жасауды көздейді. Инклюзивті

білім енгізетін өзгерістердің нәтижесінде оқыту мен оқудың тиімділігі артса,

(ерекше қажеттіліктері бар балалар ғана емес) барлық балалар ұтады.

Инклюзивті білімнің сегіз қағидаты:

1) Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;

2) Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;

3) Әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы;

4) Барлық адамдар бір-біріне қажет;

5) Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады;

6) Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, құрдастарының достығына мұқтаж;

7) Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті

мен қажеттіліктері бар;

8) Әралуандылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Конвергентті/

Репродуктивтік

Ойлау (КО)

– лат. cоnvergere – қосылу – белгілі бір міндетті шешудің алдын ала игерілген

алгоритмдерін нақты пайдалану стратегиясына негізделген, яғни осы мәселені

шешу жөніндегі қарапайым операциялардың реті мен мазмұны бойынша

нұсқаулық беріледі. КО «репродуктивтік сөзімен бірге қолданылады, бұндай

ойлау проблеманы шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның

нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі проблеманы жан-

жақты қарастырудың креативті әдісі деп саналатын дивергентті ойлауға қарама-

қайшы.

Креативтілік – ағылш. сreate – жасау, ағылш. creative – жасампаз, шығармашыл – индивидтің

түбегейлі жаңа идея жасауға дайындығымен ерекшеленетін, дәстүрлі немесе

көпшілік қабылдаған ойлау жолдарынан бас тартатын, тәуелсіз фактор ретінде

дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті, сондай-ақ тұрақты

жүйелер ішінде туындайтын проблемаларды шешу қабілеті. Танымал аме-

рикан психологы Абрахам Маслоудың айтуынша, бұл барлығына туа біткен,

бірақ тәрбие, білім беру мен әлеуметтік тәжірибенің қалыптасқан жүйесінің

ықпалынан көпшілігі жоғалтып алған шығармашылық қасиет.

Тұрмыстық деңгейде креативтілік ептілік – шығар жолы жоқ болып көрінетін

жағдайдың өзінде ахуалды, заттар мен құралдарды ерекше жолдарынмен пай-

далану арқылы шыға білу қабілеті деп есептеледі. Кең мағынасы – проблеманы

өткір шешу.

Креативті үдеріс

– негізгі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазияны қолдану арқылы ойлау

және әрекет ету. Екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің нәтижесі

өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже құнды

болуға тиіс.

Критериалды

бағалау

– оқудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өзара байланысты

бақылау-бағалау әрекеттерінің жүйесін қамтамасыз ететін процессуалдық-

әрекеттік метатехнология. Жұмыс/адамдар ол жұмысты басқа адамдардың қалай

орындағанына қатысты бағаланатын «нормативті-бағдарланған» технологиядан

Ерекше.

Коучинг - оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік

беретін үдеріс. Табысқа жету үшін тренерлер үдерісті білуге және түсінуге,

сондай-ақ коучинг жүзеге асырылатын мәнмәтінге сәйкес келетін стильді,

дағдылар мен әдістемелерді меңгеруі керек.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

«Қара жәшік» – мекеменің құрылымымен шектеулі жағдайды меңзейтін сыныпқа қатысты

метафора. Ғылым мен техника саласынан алынған, онда «қара жәшік» оның

ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны

айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан

қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез кел-

ген затты (құбылысты) «қара жәшікпен» салыстыруға болады: транзистор, алго-

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.