Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Пайдалану – «егер... болса, не болады...?).



Бағалау мен талдау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету

(мәселен, DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, рәміздер, басқа тілдер);

• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша

ақпарат іздеу);

• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, дұрыс жазу бойынша

ғылыми-танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді

пайдалануын талдау және т.б.);

• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін

неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің

жұмыстарын салыстыру, сызбаны немесе тізбекті жасау, мәселен, музыкадағы

дыбыс немесе математикадағы сандар және т.б.).

Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен

технология саласында әзірлеген жобалары);

• ақпарат алмасу (мысалы, PSHE-дегі (жекелей, әлеуметтік және гигиеналық

білім беру) PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс

құралдары);

• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, дұрыс жазу бой-

ынша мәтінді редакциялау және т.б.);

• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта

арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат

жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).

Тестілеу және растау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

• «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске

шығару үшін мәліметтерді жинау (мәселен, бір факторды өзгертудің әсер етуін

салыстыру үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал-жабдықтарды пай-

далану және т.б.);

• дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар АКТ-ресурстарын пайдалана оты-

рып, географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің

көмегімен өзгерістердің әсерін қадағалау);

• интерактивті оқу бағдарламасын (ИОБ) пайдалану (мәселен, болашақта тексеруге

болатын жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сан-

дарды, нысандар мен модельдерді жасау және т.б.).

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІГІН НЕГІЗДЕУ

Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар

топтамасын жоспарлау не үшін қажет?

26-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді

жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара бай-

Ланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар

мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ

беру практикасына Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген

сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде

әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-

тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың

мақсаты:

• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы.

• Сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру.

• Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу.

• Оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау.

• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін

көрсету.

• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын

қамтамасыз ету.

• Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табы-

лады. Осыған байланысты, оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары

төмендегілерді білуге бағытталған:

Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма,

жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

оқушыға бағытталуы керек;

белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет.

Бағдарламаның түйінді идеясы мұғалімдерде неліктен балаларды дәл осылай

оқыту қажеттігі туралы білімді қалыптастырып қоймай, олардың жаңа идеяларды өз

тәжірибесінде іс жүзінде асыруға дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы-

лайша, екінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдер әріптестеріне өз тәжірибесіне

жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істейтін болады. Сонымен

бірге екінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдер өз әріптестері жүзеге асыратын

өзгерістерді ойластырып, зерттейтін болады. Тізбектелген сабақтар топтамасы модуль-

дер енгізілетін құрылымды қамтамасыз етеді, ал жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеулер

өзгерістер үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы эмпирикалық мәліметтерді

алуға мүмкіндік береді.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ

Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру курсының бағдарламасы бойынша оқу нәтижелерін анықтаудың қағидаттарына

сәйкес мұғалімдерді дайындауға арналған. Осы критерийлер мықты практик, рефлек-

сия жасауды білетін және әріптестерінің дамуына қолдау көрсете алатын мұғалімдерге

бағытталады. Бағдарлама өзара байланысты екі бағыттан тұрады:

• оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріне қатысты жеке түсінік пен ұғынуды дамыту;

• әріптестердің коучингісі мен тәлімгерлігі.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңі бойы мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері

тұрғысынан әріптестерге коучинг және тәлімгерлік жүргізу әдістерімен танысатын бо-

лады. Сондай-ақ оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде рефлексия

жасаудың маңызды тәсілі ретінде іс-әрекеттегі зерттеулермен танысады.

Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі төрт аптада мұғалімдер өз сыныбында іс-

әрекеттегі зерттеу жобасын өткізеді, олар оны бірінші «Бетпе-бет» кезең .нде жоспар-

лайды; әріптестерінің шағын тобымен коучингінің екі сабағын өткізетін болады. Коу-

чинг тақырыбы әріптестерімен талқыланып, солардың сұранысына негізделеді және

Бағдарламаның жеті модулінің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келуі тиіс. Мұғалім

коучинг сабақтарында ұсынылған идеяларға екпін жасай отырып, практиканы жақсарту

үшін өз әріптестерінің бірін тәлімгерлікке алады.

Бағдарламаның соңғы төрт аптасында мұғалім өз сыныбындағы іс-әрекеттегі зерт-

теу жобасын іске асыру уақытында олардың нені үйренгені туралы рефлексия жасайды,

талқылайды және жазып алады. Бұдан басқа, мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезінде

жүргізген коучинг пен тәлімгерлігі бойынша рефлексия жасайды, талқылайды және жа-

зып алады. Қорытынды «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер Бағдарламаның екі бағытына

қатысты портфолионы қалыптастыру бойынша жұмыстарын аяқтайды. Портфолионы

бағалау Бағдарламаны табысты аяқтаудың үш түйінді критерийіне сәйкес мұғалімді

бағалаудың маңызды элементі болып табылады. Мұғалімдер:

1. қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік

қалыптастырғанын;

2. осы идеяларды өз практикасында табысты қолданатындығын;

3. жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту

үшін тәжірибені пайдаланатындығын көрсетулері керек.

Екінші деңгей критерийлеріне табысты қол жеткізілгендігінің дәлелін ең алды-

мен портфолиодан көруге болады. Мұғалімдер сондай-ақ екінші «Бетпе-бет» кезеңінің

төртінші аптасында ұсынылатын таныстырылымда үш түйінді критерийлерге сәйкес

келетіндігін көрсетуге тиіс. Бұл таныстырылым портфолионың мазмұнына негізделеді.

Осылайша мұғалімдерді жиынтық бағалау екі компоненттен тұрады:

• Портфолионы бағалау;

• Мұғалімнің портфолиосының мазмұны туралы таныстырылымды бағалауы.

Бағалау үдерісінің екі компоненті Бағдарламаның мақсаттарына сәйкес бағалаудың

теңдестірілген тәсілін қамтамасыз етуге бағытталған. Портфолионы және портфолио

мазмұны туралы таныстырылымды бағалау оқыту мен оқу тәжірибесінде Бағдарламаның

идеяларын іске асырудағы мұғалімнің қабілеттілігін анықтауға бағытталады. Портфолио-

ны және портфолионың таныстырылымын бағалау үлкен мәнге ие, өйткені ол мұғалімнің

тәжірибесін өзгертеді, бұл екінші деңгей Бағдарламасының басты мақсаты болып табылады.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Портфолионың мазмұны

Портфолиоға қойылатын минималды талаптар төменде жазылған. Дегенмен

бағаланатын деректер тұрғысынан, болмаса өздерінің терең білімі мен кәсіби дамуын

дәлелдейтін құжат ретінде мұғалімдер портфолио мазмұнына қосымша материалдар қоса

алады. Мұғалімдер ұсынған қосымша материалдар әріптестерімен және топ тренерлерімен

пікірталас жүргізуге көмектеседі. Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер бағалауға

дайындау үшін өз портфолиосының жекелеген деректерін іріктеп, пысықтайды. Тренер-

лер портфолионың мазмұны, құрылымы мәселелері бойынша, сондай-ақ портфолионы

қорытынды бағалауға арналған деректерді әзірлеуде өз тобының мұғалімдеріне кеңес

беріп, қолдау көрсете отырып, ұстаздарға барынша көмек көрсететін болады.

Бағалауға жататын портфолионың мазмұны

1) Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп (4000 сөз):

• Зерттеу тақырыбын негіздеу (Бағдарламаның 7-модулімен байланысты).

• Осы үшін қабылданған шаралар көрсетілген тәжірибедегі өзгерістер туралы есеп.

• Деректерді жинау (деректерді жинау үшін қолданылған әдістер, оларды таңдаудың

Негіздемесі).

• Негізгі қорытындылар, алынған нәтижелердің интерпретациясы.

• Деректерді талдау (өткізілген оң өзгерістердің түпнұсқалығын анықтау үшін

қабылданған шаралардың әсерінің бағасы; тәжірибені жақсартудағы дәлелдерді көрсету;

іс-әрекеттегі зерттеудің кезекті циклінде озық нәтижелерін алу үшін не өзгерген жоқ және

оны өзгерту үшін қандай шара қабылдау керектігін талдау, болжау және нақты ұсыныстар);

• Жобаны орындау кезінде кездесетін қиыншылықтарды атау.

• Жоба нәтижелерінің салдары, қорытындылары және оның болашақтағы

практикаға тигізетін әсері.

2) Коучингтің екі сабағы бойынша рефлексивтік есеп, соның ішінде:

• Коучинг сабағының екі жоспары.

• Коучингтің сабағы бойынша екі рефлексивтік есеп (әрқайсысы – 1000 сөз):

 Осы мәнмәтіндегі Бағдарламаның нақты идеяларына назар аударудың

негіздемесі (мәнмәтінді анықтау).

 Өткізілген семинарларды сипаттау.

 Өткізілген семинарлар үдерісіндегі жағымды және жағымсыз сәттердің

бағасы.

 Қаралатын идеяларға қатысты мұғалімдердің оқу үдерісінің бағасы.

• Коучинг практикасын іске асыру аясында коучтың оқуы бойынша рефлексивтік

есеп (1000 сөз).

3) Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы аналитикалық есеп (2000 сөз), соның

ішінде:

• Қажеттілікті анықтау: Бағдарламаның идеясына қатысты кәсіби дамытуда

әріптестердің қажеттілігі қандай болды (коучингінің топтық сабақтарында қаралатын

идеяларды талдауға жол беріледі).

• Тәлімгерлік барысында ұсынылған шаралар, қадағалау нәтижелері, кері байланыс.

• Тәлімгерліктің табыстылығын бағалау.

• Әріптестермен жұмыс нәтижесінде тиімді тәлімгерлікке оқыту.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Тәлімгерлік үдерісі бойынша аналитикалық есепке қоса берілетін қосымшалар:

• Тәлім алушының белгілі болған қажеттіліктеріне назар аудара отырып, оның

оқытуын қадағалау.

• Әріптеске берілген кері байланыстың жазбасы, соның ішінде дамыту мақсатын

көрсету.

• Тәлімгерлік тақырыбын есепке ала отырып, тәлім алушының оқуы туралы

Рефлексивтік есебі.

Таныстырылымды бағалау

Екінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасында мұғалімдер портфолионың

мазмұнымен таныстыратын болады. Бұл таныстырылымдар мұғалімнің өз портфолиосын

өзінің жасағанын анықтауға және олардың таныстырылымдық дағдыларын көрсетуге

мүмкіндік береді. Таныстырылымдар Бағдарлама идеяларының мұғалімнің тәжірибесіне

енгізілуіне арналатын болады. Таныстырылымның бейнежазбасы модерация үдерісіне

қолдау көрсете алады.

Бағалау төмендегі мәселелерді анықтауға бағытталады:

 мұғалім өз тәжірибесіне Бағдарламаның 7 модулінің идеялары ықпалдастырылған

өзгерістерді қалай енгізді;

 мұғалім іс-әрекеттегі зерттеу жобасын өткізу нәтижесінде өткізілген өзгерістердің

тиімділігін қалай бағалады;

 мұғалім коучинг арқылы Бағдарламаның идеяларын түсінуде әріптестеріне қалай

көмек көрсетті;

 мұғалім өзінің тәлімгерлік тәжірибесін іске асыру кезеңінде Бағдарламаның иде-

яларын іске асыруда әріптестерінің біріне қалай көмек көрсетті.

Таныстырылымның мазмұны:

• Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері мен оның мұғалімнің болашақтағы практикасы-

на әсері (екінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының бірінші және екінші күндері,

Минут).

Бұл таныстырылымда жоба үдерісін түсіндіруге тырыспау керек, мұнда мұғалімнің

білгеніне ғана емес, оның болашақта оқыту мен оқуда осы нәтижелерді қалай

пайдаланатындығына көңіл аударған жөн.

• Коучинг өткізу кезеңінде әріптестердің оқуын талдау, осындай оқу түрінің

дәлелдемесін қосу (екінші «Бетпе-бет» кезең .ні . төртінші аптасының үшінші күні, 10-12

Минут).

Бұл таныстырылымда мұғалім коучинг сабақтарын қысқаша сипаттауға тиісті (ең

көп дегенде 5 минут). Ол өзінің ойлағаны бойынша көп уақытын түсіндіруге арнай оты-

рып, оның әріптестерінің жаңашылдықты білгенін қалайды және өзінің тұжырымдарын

қолдауға дәлелдемелер күтеді. Бұл мәліметтерде мыналар болуы мүмкін: мәселен, сабақ

барысында жасалған топтың фотосуреті, плакаттар, сабақтағы әріптестерінің бағалауы,

көрсетілімге ұсыну үшін іске асырылатын идеялардың сабақтан кейін жазылған

әріптестердің оқу жоспары және т.с.с.

• Әріптестерінің бірінің тәлімгерлігінің тиімділігі туралы рефлексивтік есеп, тәлім

алушының білім алғандығының дәлелді айғағы (екінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші

аптасының төртінші және бесінші күндері, 20 минут).

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Есепте мұғалім тәлімгерлік үдерісінде бәрінің жақсы жүріп жатқанын немесе онша

еместігін, оның неге олай екендігін сезінуі тиістігі енгізілуі керек, мәселен:

«Меніңше кезекті талқылауым шынында пайдалы болды және тәлім алушыға оның

сұрақтарын қалыптастыруға көмектесті деп ойлаймын».

Есепте сонымен қатар мұғалімнің не істегені туралы қысқаша түсініктеме берілуі

тиіс, мәселен:

«Сабақта менің әріптесім сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатындағы сауалды

пайдалана отырып, оны қалай түйістіруге тырысқаны мені... Сабақтан соң біз екеуміз

кездесіп, осындай түрдегі сұрақтарды пайдалануды талқыладық, сосын мен оған өзімнің

қадағалауды тексеру парағын көрсеттім (дәлелдеме ретінде тексеру парағы ұсынылады).

Таныстырылымның көп бөлігі тәлімгерлік арқылы қол жеткен іске бағытталуы тиіс,

мәселен:

«Менің тәлім алушым айтты ... Келесі сабақта мен оның ... жатқанын байқадым.

Бұл оның ... үйренгенін көрсетеді».

Мұғалім тәлім алушысы нені үйренгендігін негіздеме ретінде айғақтау үшін

фотосуреттерді, бейнеклиптер мен артефактарды, сол сияқты сабақ жоспарын, мұғалімнің

қойған бағаларын пайдалануы тиіс.

Портфолио мен таныстырылымды бағалау критерийлері

Портфолио мен оның таныстырылымы үш негізгі критерий бойынша бағаланады:

1. Мұғалімдер қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша

түсінік қалыптастырғанын;

2. осы идеяларды өз тәжірибесінде табысты қолданатындығын;

3. жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту

үшін тәжірибені пайдаланатындығын көрсетулері керек.

Портфолионы бағалау кезінде топ тренерлері мен тәуелсіз тренерлер төменде берілген

екінші деңгейдегі оқу критерийлері бойынша мұғалімдердің сәйкестігінің дәлелдерін

анықтайтын болады.

1. Кәсіби білім мен түсінік

Мұғалімдер қажетті білім алып, Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша түсінік

қалыптастырды.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• Жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу

қажеттілігінің мәселелері бойынша терең білімдерді игерді (талантты, дарынды және

т.б.) және осы мәселелер бойынша басқа мұғалімдерге қалай кеңес беруді біледі.

2. Кәсіби дағдылар

Мұғалім өз тәжірибесінде Бағдарламаның идеяларын қолданады.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыруда,

соның ішінде – барлық оқушыларға өз әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталуын

қамтамасыз ететін тәсілдерді іріктеу мен пайдалануда басқа мұғалімдерді қолдайды;

• мұғалімдер тобымен мектеп аясында Lesson Study-ге қатыса отырып, оқыту мен

оқу мәселелері бойынша кәсіби диалогтарға бастама көтереді және қолдайды;

• коуч пен тәлімгердің рөлін орындай отырып, мұғалімдердің топтық/жекелей

оқуын басқарады;

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

• мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығының қызметіне бастама көтереді

және қолдайды;

• мектептегі оқыту мен оқу сапасын одан әрі жетілдіру үшін өз әріптестерінің тиімді

қызметін анықтауға және негіз ретінде аталған шешімдерді пайдалану туралы шешімдер

қабылдайды;

• әріптестермен бірлесе отырып, мектептегі тиімді білім беру практикасын

пәнаралық ықпалдастықпен қоса дамыту мақсатында сабақтарды жоспарлауға бастама

көтереді және оған қатысады;

• мектептегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау мәселелері бойынша

неғұрлым тәжірибелі мұғалімдер үшін тәлімгер рөлін орындайды;

• сыныптағы жұмыс практикасы туралы кешенді түрде келіскен шешімдерді ойлап

шығарады және сыныптағы проблемаларды шешу үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге

көмек көрсетеді;

• жұмыс істеп жүрген мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді және тәжірибесі аздау

мұғалімдердің назарын жекелеген оқушылардың оқытудағы қажеттіліктеріне аударуға

көмектеседі;

• мектептегі жиынтық және формативтік бағалауды пайдалану бойынша

әріптестердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді;

• оларды жетілдіру үшін қажетті саланы анықтауды қоса алғанда, оқушыларға,

әріптестер мен ата-аналарға оқудағы жетістіктер мен прогресі бойынша өз уақытында,

сындарлы кері байланыс ұсынады.

3. Кәсіби құндылықтар мен ұстаным

Мұғалімдер жаңа тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту үшін

оның салдарын ескереді.

Бағдарламаны игерген мұғалім:

• мектептегі басқа мұғалімдермен жағымды кәсіби өзара қатынас орнатады;

• мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;

• әріптестердің оқыту сапасын және қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты

мәселелерді талқыға ұсынады;

• зерттеулер нәтижелері мен сыртқы дәлелдемелердің басқа да көздеріне сүйене

отырып, өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жетілдіру үшін инновациялық мек-

теп практикасын зерттейді және баға береді;

• мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында іс-әрекеттегі

зерттеу жүргізеді.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

АПҚ (Американдық психологиялық қауымдастық)

ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН

РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІНЕ ШОЛУ

Сілтемелерді қолдану ережесі

Идея көзі ретінде жарияланған жұмыстарға сілтеме жасаған кезде, тіпті сіз автор

жұмысынан сөзбе-сөз үзінді келтірмесеңіз де, мәтінде автордың тегін және мақаланың

шыққан жылын жақшада көрсеткеніңіз жөн, мысалы:

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейі әлі күнге дейін басқа халықтың

өмір сапасынан артта қалғандығының дәлелдері бар» (Mittler, 2008).

Егер жеке абзацтан үзінді келтіргіңіз келсе, сол бетті көрсету керек, мысалы:

«Қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстарға қарамастан, мүмкіндігі

шектеулі адамдардың және олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі басқа халықтың

өмір сапасынан біршама төмен болып отыр» (Mittler, 2008, page 6)

Егер автордың аты Сіздің өз сөйлеміңіздің ішінде аталса, онда басылым көзінің жылы

жақшаға алынуға тиіс, мысалы:

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасының проблемалары тіпті Митлер

(2008 ж) «қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстар» (6-бет) деп белгілеген

жағдайлардан кейін де сақталып отыр».

Егер екі автор болса, екеуінің де есімдерін көрсеткен жөн, мысалы: (Jordan and

Powell, 1995). Егер авторлар екіден көп болса, онда олардың жұмыстарының аты мәтінде

кездескен жағдайда барлығының есімдері көрсетіледі. Бұдан кейін «және басқалары»

деп көрсетіп, бірінші автордың есімін ғана келтіру керек, мысалы: (Lewis et al, 2006).

Түпкі деректерге сілтеме жасаған дұрыс, бірақ бұл үнемі мүмкін бола бермейді, айталық

сөз өте ерте немесе жеткілікті дәрежеде белгілі емес дерек көздері туралы болған жағдайда

бұндай мүмкіндік жоқ. Кейде Сіз басқа автор атап өткен автордың жұмысына сілтеме жа-

сай аласыз. Мұндай жағдайларда «үзіндіге сәйкес» деген тіркесті қолданыңыз, мысалы:

«Тизард (1962 ж), Тилстондағы үзіндіге сәйкес (1991ж), ... дәлелдер келтіреді».

Сіз бөлімдегі соңғы жұмысқа сілтеме келтіріңіз (бұл жағдайда «Тилстон, 1991»).

Сіз келтірген сілтемелердің барлық дереккөздері (оның ішінде нұсқаулар және

үзінділер) мәтін соңындағы «Пайдаланылған әдебиет» тақырыбында көрсетілуі ке-

рек. Осы дереккөздері, оның ішінде кітаптар, шығарылған жинақтардағы жекелеген та-

раулар, журнал мақалалары, вебсайтта орналастырылған құжаттар, тест материалдары,

нұсқаулықтар, анықтамалық буклеттер және жарнамалар авторлардың атымен әліпби

тәртібіне келтірілуге тиіс, мысалы:

ББА (Біліктіліктер және оқу бағдарламалары жөніндегі агенттік) (2007 ж) Орта

мектептерге арналған жаңа бағдарлама. [онлайн at www.qca.org.uk].

Белл, Дж. (1993 ж) Ғылыми жобаны орындау (2-басылым). Букингем Ашық

Университеті.

Вульиями, Дж. және Веб, Р. (ред) (1992 ж) Мұғалімдердің зерттеулері және арнайы

педагогикалық талаптар. Лондон: Дэвид Фултон.

Дайсон, A. (2001 ж) «Жиырма бірінші ғасырдағы арнайы талаптар: біз қайда болдық

және қазір қайда барамыз», Британдық Арнайы оқыту журналы. 28, (1), 24 – 29.

Ди, Л. (2003 ж) «Оқу қиындықтары бар оқушылар арасында өзін өзі бағалауды

және эмоциялық жағдайын қолдау» «Бізге көңіл бөліңіздер» онлайн конференциясында

ұсынылған құжат, 26 маусым 2003 ж, www.connects.org.uk/conferences.

БМОД (Балалардың, мектептердің және отбасы істері жөніндегі департамент

(2007ж) Ұзартылған мектеп – тәжірибе құру. Лондон: БМОД.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Купер, П. (1996 ж) «Оқушылармен серіктес ретінде: оқушылардың мектеп

басқаруына қосқан үлесі», К.Джоунс және Т.Чартон (ред) Оқушылармен бірлесе оты-

рып, оқудағы және тәртіптегі қиыншылықтарды жеңу. Лондон: Раутледж.

Бір автордың екі жұмысына сілтеме жасаған кезде оларды хронологиялық тәртіпте

келтіріңіз. Бір жылда жазылған бірнеше жұмыстарға сілтеме жасаған кезде белгілі бір

тәртіппен шыққан күнін және әріптік кодын көрсетіңіз, мысалы: «DfES, 2005а; DfES,

Б; DfES, 2005в».

Толық сілтемелер мыналардан тұрады: автордың аты-жөні, тегі; атауы, шыққан күні

(тараулар мен мақалалар үшін тырнақшада; кітаптардың және журналдардың атауы кур-

сивпен немесе астын сызу арқылы); тиісінше редакторлардың тегі; кітаптардың басылған

жері және баспаның атауы; журналдық мақалалар үшін том нөмірлері, шығарылым

нөмірі, бет нөмірлері.

ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Бұл бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте

өткізілген тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат

сияқты әдістердің көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың

пікірлерін немесе олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта

немесе мектептің басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттер-

ден тұрады. Осылайша деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу не-

месе оның беделіне, не болмаса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін.

Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда балаларға қауіп тудыруы мүмкін.

Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен

рәсімдерді іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті

10 іс-әрекет тізімі келтірілген:

• Сіздің зерттеуіңізді өткізу жоспарланған нақты жағдаят саясатынан кеңес алу

және оны ұстану.

Зерттеу өткізу туралы виртуалды оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша

кеңес алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/

blog/category/publications/guidelines/

• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі бойынша мек-

теп саясатының әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы

мәселелер қалай баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?

• Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін

оқушылардың/студенттердің ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат

сұраңыз. Ата-аналарға жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен

түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз және олардың хаты алынғандығындығына көз жеткізіңіз.

Ата-аналардың келісімін жазбаша растауын өтініңіз.

• Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап

айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз.

• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты

мен нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың

келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.

• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың

(оқушылардың, студенттердің, әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай

қамтамасыз етілетіндігі жайында айқын хаттамалар белгіленеді.

• Жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын

таныту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.

• Сұхбат беруші (оқушылар, студенттер, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз

туралы пікір ала алатындығын қадағалаңыз.

• Зерттеуіңіз оқушылардың/студенттердің қызығушылықтарына мейлінше сай

өткізілуін қадағалаңыз.

Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада

қарай аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында,

Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс

істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де

Сіздің жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін

мектеп пайдалы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен

оқушыларға пайда бола ма?

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу

Сыпайы жұмыс істеу және «сыпайы болып» көріну – екі түрлі нәрсе. Бағдарламаның

кез келген тапсырмасында Сіз олардың көмегімен этикалық нормаларға сәйкестікті

қарастыратын және бұл үдерістің осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін шара

қабылдайтын әдістерді нақты анықтап алуыңыз керек. Сіз саясатқа сәйкестігіңізді

және өзіңіз ұстанатын нормалар қажет екендігін анықтау керек. Кез келген жазба-

ша ұсыныстарда не жасағандығыңыз туралы түсінік беріп қана қоймай, қолданған

құралдардың үлгілерін де қосуға тиіссіз, мысалы: ата-анаға баласының сіздің жобаңызға

қатысуына рұқсат беруін сұрап жазған хатыңыз.

Плагиат

Плагиат басқа біреудің жұмысының мақсаты мен қолданыс көлеміне қарамастан,

дереккөзге сілтеме жасамай, өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді. Бұл білімсіздікті

және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді.

Плагиат үлгілері:

• көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану

арқылы);

• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу;

• дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін

немесе сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу;

• құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану;

• онлайн дереккөздерді стильдеу мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу

және қою;

• авторын көрсетпей, өз жұмысының бөлігі ретінде басқа біреудің жұмысын ұсыну.

Мысалы, «эссе банкі» немесе «қағаз фабрикасы» сияқты кәсіби агенттіктер арқылы

жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру не бірлескен жобада басқа біреулер орындаған

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.