Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Тарихты мифтендіру генелогиясы

5 Тарихты мифтендіру әмбебап феномен ретінде

6 Көшпенділердің тарыхының мифтендірілуі

Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“ тұрғысында болды. Қазақ қоғамын номадизмің қоғамдық қатынастары тарапынан зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай “номадизм“ тұрғысында көшпелі қоғамның мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және оның дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріндегі табиғи-климаттық жағдайдың әсері және әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі тарихшылардың тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту үрдісі кездейсоқтық емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық типіне өтуі және оның сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын пікірлер қалыптасты. Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы санының өсуінен жайылымды кеңейту мақсатында өтті деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер бұл үрдістегі шешуші қызмет атқарған климаттық өзгерістер болғандығына тоқталады. Номадизмнің қалыптасуындағы табиғи ортаның әсерін Л.Н.Гумилевтің еңбегінде жан-жақты талдау жасалынды. Сонымен қатар номадизмнің пайда болуына алғашқы қауымдық қатынастарға ыдыраған көшпелілерге оңтүстігіндегі отрықшы мемлекеттердің саяси және экономикалық қысымы әсер болғандығы туралы пікірді А.М.Хазанов өзінің зерттеуінде ұсынған болатын. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың сана-сезімінде әскери қоғамдық қатынастардың сақталуы олардың көшпелілікпен айналысуының бастауы болды деген тұжырымдар да болды. Г.Е.Марков мал шаруашылығымен және бақташылықпен айналысатын халықтардың номадизмге өтуіне ауқымды факторлар жиынтығы-климаттық, антропогендік, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени негіздер құрайтындығын көрсетті. Көшпелі қазақ қоғамының құрылымында көшпелі тұрмыстың маңызды орын алатындығы рас. Көшпелі тұрмыс қазақ қоғамының саяси құрлысына, әлеуметтік құрылымына, дүниетанымына, мәдениетіне өз әсерін тигізді. Көшпелі қоғамның дамуы, таптық деңгейі, әлеуметтік-экономикалық құрылымы және өз мемлекетін құруға қабілеттілігі жөніндегі мәселелер Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жиі талқыланып отырды.

Көшпелі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде екі бағыттағы тұжырым қалыптасты. Бірінші бағыт көшпелі қоғамның таптарға бөлінгендігін, әлеуметтік жіктелу болғандығын және оның мемлекеттік құрудағы мүмкіндігін ашып көрсетті. Екінші бағыт көшпелі қоғам таптық қоғамға дейінгі деңгейде болды деген пікір білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар қазақ қоғамындағы малға немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы әлеуметтік дифференциацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жасады. Қазақ қоғамында малға қатысты меншік түрінің болғандығын және көшпеліні қанау меншіктеу негізінде жүзеге асқандығын С.Е.Толыбеков және В.Ф.Шахматов зерттеулерінде, жерге қатысты меншік түрінің болғандығын Б.Я.Владимирцов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, К.А.Пищулина, Т.Султанов қарастырған болатын. Мұнда қазақ қоғамында жер өндіріс шарты ғана емес, өндіріс құрал-жабдығы болып табылады деп санады. Дағдылы құқық нормаларына байланысты жерді (жайылымдарды) пайдаланудың қауымдық нысаны сақталған жағдайда малдың ірі меншік иелері көшіп-қону жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік негізінде де жүзеге асырылды. К.А.Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік жіктеліс отырықшы халықтардың әлеуметтік дамуындағыдай заңдылық болды деген қорытынды жасады. Осы бағыттағы көзқарасты қолдаушылар көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арнасында жүріп өтіп, өз эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым қабылдады. Қазақ қоғамының формациялық деңгейін патриархаттық-феодалдық қоғам болды деген баға орнықты.

Екінші бағыттағы зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша көшпелілер ертедегі таптық қоғам немесе дамымаған қатынастар деңгейінде анықталды. Сонымен қатар көшпелілерде әлеуметтік құрылымдар жетілмеген, таптық тартыстың формасы болмады, жеке шаруашылық түрінде ыдырай бастады деп көрсетілді. Көшпелілер мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, бұл оларда отырықшы шаруашылықты өңірлерді жаулап алу арқылы және осылардың тәуелділігінің нәтижесінде қалыптасуының мүмкіндігін ұсынды. Номадизмді зерттеушілер арасында көшпелі қоғамды дәріптеушілер немесе оның артта қалушылығын білдіретін пікірлер пайда болды. Көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп, кейбір жағдайда екеуін бір-біріне қарсы қою зерттеулерде орын алды.

7 Тарих және этносаяси миф

8 Тарихи көзқарастар эволюциясының теориясы

9 Тарихи көзқарастар эволюциясының методологиясы

10 Тарихи зерттеулердегі жаңа бағыттар

11 Қазіргі тарих ғылымы жағдайындағы жаңа концепцияларды қалыптастыру мәселелері

12 Тарихты мифтендіруге байланысты еуроцентристік көзқарастар

13 Түркі дәуірі тарихының мифтендірілуі

Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. «Қасқырды түркілер «бөрі» дейді (моңғолша – шино/чинно). Көне түркілер қасқырды Көк Құрт деп те атаған. Көк дегеніміз – көк түс, көк аспан. Ал, түріктің «құрт» дегені қазақтың «құртылу» деген сөзінің түбірі. Демек, көк бөрі түркілердің тайпасын ажалдан аман алып қалған, көк аспандағы Көк Тәңірісінің өзі жіберген ерекше қасиетті жануар» . Түркі халықтарының генеологиялық мифологиясында халықты жау қоршауынан құтқаратын да, жорықтарда қол бастайтын да, дәрменсіз сәбилерді асырайтын да көк бөрі, не көк қаншық қасқыр деп бейнеленеді. Түркі халықтарының мифтерінде «Көк бөрі – көк аспандағы Көк Тәңірісінің өзі жіберген, түріктер тайпасын ажалдан аман алып қалған құтқарушы, ерекше қасиетті аң...» – деген аңыз жиі ұшырасады. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі: «Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ – қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады. Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты – мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен.

Тәңіршілдік — дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Тәңіршілдік сенімнің Ұлы Тәңірісі – берік қандастық жүйеге негізделген түркі қоғамының Жаратушысы әрі Иесі. Ұлы Тәңірдің елі де, қағаны да, жері де киелі әрі қуатты деп танылған. Тәңіршілдік ұлттық психологияны, яғни ұлттың ділдік сипатын анықтайтын танымдық өлшем. Ибн Фадлан ( Аббас халифатының елшісі) 10 ғ-дың басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде “Бір Тәңірі” деп, басын көкке қаратып мінажат ететіндіктерін” айтқан. Әр түрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке ханның: “…Біз тек қана Бір тәңірге құлшылық етеміз” деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини, Рубрук мәлімдеген. Тәңір ұғымы Шумер сына жазуларында, ғұндарда “зингир” (қазақта “зеңгір” сөзі бар) түрінде кездеседі. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттарының бәрі аспанды білдіреді. Сипаты жағынан Тәңірі ешнәрсеге ұқсамайды. Тәңіршілдік сенімінде соғыста жеңіс сыйлайтын да, билік иесіне билікті ұсынатын да, халықтың ниетіне қарай билеушіні таңдайтын да – Тәңірі. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске түсу халықтың рухани азғындағаны үшін Тәңірдің оларға жіберген жазасы болып саналады. [1]

Тәңір (Тенгри) - ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың табиғат құбылысын, әлем құрылысын мифологиялық сарында түсінуі. Жоғарында бір ғана құдай - "Тәңір" (Тенгри - аспан) жоғарғы әлем саналды. Тәңір дүние мен адам тағдырын биледі. "Ұмай" - молшылық құдай-анасы болды. Тәңір мен Ұмай туралы мифте олардың түркі қағанаты үшін табынар құдіреті боп танылғанын айтады. Орта дүние саналатын кездің бас құдайы - "ыдық Иер-су" (киелі жер-су). Төменгі дүние мифологиясы деңгейінде зиян келтіретін күш, сақтаушы кие "құт" (жан-дүниені таныту), мекендер мен кейбір жер - киелі деген ұғым кең тараған. Адам мен дүние арасында "қам" рухы жүрді. Исламдық "қам" сөзін қабылданған "бақсы" сөзі ығыстырды, "албасты" және "пері" рухының бейнесі санаға енді. Көшпелілер үнемі жол үстінде болатындықтан олардың ұғымында жол киесі бірнешеу. Мысалы, Тәңір шабармандары - "Шұбар атты жол ие" және "Қара атты жол ие", т.б.

14 Монгол дәуірі тарихының мифтендірілуі

Моңғолдардағы буддо-ламаизм тәңір дәрежесін төмендетіп, кез келгентабиғат рухының атына айналдырса, түркілердегі ислам діні мұсылмандық"Алла тағала", "Құдай" сөзінің бір синониміне айналуына жағдай жасады.Түркі-моңғол тілдерінде тәңір сөзі тенгери, тенгри, тегри, тер, тигир, дээр,тура, тангариа, тэнгэр деп айтыла береді .

15 Түркі дәуірі тарихының мифтендірілуінің тарихнамасы

Түркі мифологиясына тоқталатын болсақ, жалпы түркі мифологиясын зерттелмеген сала деп айтуға болмайды, бірақ осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер жеткілікті емес, алынған деректер, мәліметтер толық қанағаттандырмайды. Себебі ата-бабаларымыздың әлі талай қарастырылмаған, зерттелмеген жерлері көп қалған. Ғылыми мәліметтерге сүйінсек біздің жеріміздің тарихына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне көбінесе шетелдік ғалымдар қызығушылық танытып зерттеген, соның ішінде әсіресе түркі мифологиясы назарларынан тыс қалмаған екен. Алайда өз ғалымдарымыздың да зерттеулері де жеткілікті. Олар: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ғ. Марғұлан, Е.Тұрсынов, Ғ. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов т.б. ақын-ғалымдардың түркі мифологиясы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.

Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер – Төстік", "Еділ – Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Мифология дегеніміз аңыз әңгімелердің жиынтығы, ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді.

Орта ғасырлық түркі дүниетанымының негізгі құраушы бастауы түркілік дəстүрлі мəдениет болып табылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, дəстүрлі мəдениет ұлттық бірегейліктің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Екіншіден, дəстүрлі мəдениет халық санасында бірігіп, мифологиялық, діни, этикалық, идеологиялық элементтерді жинақтайды жəне мұны «халық даналығы» түсінігімен белгіленді. «Халық даналығы» қашанда өмірде қалай əрекет ету қажеттігі туралы, қоршаған ортамен қалай қатынас жасау керектігі жөнінде, жақсыны жаманнан қалай айыру керектігі туралы білімдерді білдіреді.

Рухани құндылықтардың көне түркі этникалық кеңістікке кеңірек таралуына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк секілді данагөй ойшылдардың орасан зор рухани ықпалы болғанын байқаймыз. Олар өздерінің қоғамдық, елдік бағдардағы ілімдерін білімділік, қайырымдылық идеяларына арқа сүйей отырып қалыптастыруға тырысқан. Түркі қағандарының рухани құндылықтар əлемінде біліммен қоса əділеттілік, сабырлылық, адалдылық, қанағатшылдық сияқты адами дамудың іргелі негіздері, руханилықтың озық үлгілері мызғымас тірек болғанын аңғару қиын емес. Құндылық болған жерде қоғамдасу бар. Тарихта сондай нағыз топтасқан əлеуметтік күштің бірі – түрік қауымдастығы, түрік халқы болды. Бір кезде «Көкте – тəңір, жерде – түрік» деп əлемге өзі туралы жар салған бұл халық өзінің күш-құдіретіне сүйеніп, сеніп айтқандай.

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.

Түбі бір, шыққан тегі бір туысқан түркі халықтарының алғашқы дүние жайлы, жаратушы Көктәңірі туралы бастапқы түсініктері мен көзқарастары олардың ертегілері мен ежелгі мифтерінде көрініс тапқан депте айтуға болады. Сондықтан да, түркі халықтарының ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі мифтер. Бұл жанрда адамзат өмірінің көптеген білгілері сақталған. Түркі халықтарының мифологиясы ғарыштық құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат бар, онда Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Түркі халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да Құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздар, ертегілердің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнекей және т.б. ат койып атаулары. Археологиялық және этнологиялық деректер Күн және Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы Саймалы-Таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді қүдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған күн тәрізделер Арыс өзенінің бойындаға Алтынтөбеде көптеген алтынбастылардың кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы Көк тәңірдің негізі болды. Ерте заманнан бастап бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Күн басты адамдардың бейнелері біздің рәміздерімізде де кездеседі. Мысалы, көшпелілірдің киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда ол сәулесін шашқан күнге ұқсас (шаңырақ- күн, уықтары-сәулелері). Көз – адам үшін маңызды, екеуін де шырақ деп атайды (шырағым-деген сөз өте ыстық жақындықты білдіреді). Қазақстанның елдік таңбасы Алтын адамның бас киімінде нұрын шашып тұрған күн бейнеленген. Азилық өркниетте Күнмен қатар қастерлеп қарайтын аспан шырағы – Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған, ауа–райын болжалаған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемиетінін, ақырында таусылып өліара келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми түрде айтқанда циклон басым болады. Халықтың дүниетанымы айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген.

16 Монгол дәуірі тарихының мифтендірілуінің тарихнамасы

17 Көшпенділердің тарихының мифтендірілуінің тарихнамасы

Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“ тұрғысында болды. Қазақ қоғамын номадизмің қоғамдық қатынастары тарапынан зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай “номадизм“ тұрғысында көшпелі қоғамның мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және оның дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріндегі табиғи-климаттық жағдайдың әсері және әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі тарихшылардың тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту үрдісі кездейсоқтық емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық типіне өтуі және оның сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын пікірлер қалыптасты. Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы санының өсуінен жайылымды кеңейту мақсатында өтті деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер бұл үрдістегі шешуші қызмет атқарған климаттық өзгерістер болғандығына тоқталады. Номадизмнің қалыптасуындағы табиғи ортаның әсерін Л.Н.Гумилевтің еңбегінде жан-жақты талдау жасалынды. Сонымен қатар номадизмнің пайда болуына алғашқы қауымдық қатынастарға ыдыраған көшпелілерге оңтүстігіндегі отрықшы мемлекеттердің саяси және экономикалық қысымы әсер болғандығы туралы пікірді А.М.Хазанов өзінің зерттеуінде ұсынған болатын. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың сана-сезімінде әскери қоғамдық қатынастардың сақталуы олардың көшпелілікпен айналысуының бастауы болды деген тұжырымдар да болды. Г.Е.Марков мал шаруашылығымен және бақташылықпен айналысатын халықтардың номадизмге өтуіне ауқымды факторлар жиынтығы-климаттық, антропогендік, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени негіздер құрайтындығын көрсетті. Көшпелі қазақ қоғамының құрылымында көшпелі тұрмыстың маңызды орын алатындығы рас. Көшпелі тұрмыс қазақ қоғамының саяси құрлысына, әлеуметтік құрылымына, дүниетанымына, мәдениетіне өз әсерін тигізді. Көшпелі қоғамның дамуы, таптық деңгейі, әлеуметтік-экономикалық құрылымы және өз мемлекетін құруға қабілеттілігі жөніндегі мәселелер Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жиі талқыланып отырды.

Көшпелі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде екі бағыттағы тұжырым қалыптасты. Бірінші бағыт көшпелі қоғамның таптарға бөлінгендігін, әлеуметтік жіктелу болғандығын және оның мемлекеттік құрудағы мүмкіндігін ашып көрсетті. Екінші бағыт көшпелі қоғам таптық қоғамға дейінгі деңгейде болды деген пікір білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар қазақ қоғамындағы малға немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы әлеуметтік дифференциацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жасады. Қазақ қоғамында малға қатысты меншік түрінің болғандығын және көшпеліні қанау меншіктеу негізінде жүзеге асқандығын С.Е.Толыбеков және В.Ф.Шахматов зерттеулерінде, жерге қатысты меншік түрінің болғандығын Б.Я.Владимирцов, М.П.Вяткин, Н.Г.Аполлова, К.А.Пищулина, Т.Султанов қарастырған болатын. Мұнда қазақ қоғамында жер өндіріс шарты ғана емес, өндіріс құрал-жабдығы болып табылады деп санады. Дағдылы құқық нормаларына байланысты жерді (жайылымдарды) пайдаланудың қауымдық нысаны сақталған жағдайда малдың ірі меншік иелері көшіп-қону жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік негізінде де жүзеге асырылды. К.А.Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік жіктеліс отырықшы халықтардың әлеуметтік дамуындағыдай заңдылық болды деген қорытынды жасады. Осы бағыттағы көзқарасты қолдаушылар көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арнасында жүріп өтіп, өз эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым қабылдады. Қазақ қоғамының формациялық деңгейін патриархаттық-феодалдық қоғам болды деген баға орнықты.

Екінші бағыттағы зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша көшпелілер ертедегі таптық қоғам немесе дамымаған қатынастар деңгейінде анықталды. Сонымен қатар көшпелілерде әлеуметтік құрылымдар жетілмеген, таптық тартыстың формасы болмады, жеке шаруашылық түрінде ыдырай бастады деп көрсетілді. Көшпелілер мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, бұл оларда отырықшы шаруашылықты өңірлерді жаулап алу арқылы және осылардың тәуелділігінің нәтижесінде қалыптасуының мүмкіндігін ұсынды. Номадизмді зерттеушілер арасында көшпелі қоғамды дәріптеушілер немесе оның артта қалушылығын білдіретін пікірлер пайда болды. Көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп, кейбір жағдайда екеуін бір-біріне қарсы қою зерттеулерде орын алды.

18 «Қазақ» этнониміне байланысты мифтер

Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.

Мазмұны [көрсету]

Қазақ этнонимын шығу тегі[өңдеу]

 

Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.

 

 

Қазақ хандығы.

Кавказ болжамы[өңдеу]

Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.

Моңғол болжамы[өңдеу]

Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.

Енесай болжамы[өңдеу]

Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.

Қарлық болжамы[өңдеу]

И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.

Парсы болжамы[өңдеу]

Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.

Түрікмен болжамы[өңдеу]

Қыпшақ әлеуметтік болжамы[өңдеу]

Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

Басқа мәліметтер[өңдеу]

“Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың “Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті. Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек.

19 Қимақ-қыпшақ конфедерациясының тарихының мифтендірілуі

Гардизидің "Зайн ал-ахбар" деген еңбегіндегі имақтардың (қимақтардың) шығу тегітуралы аңыздың орысша аударымын келтіріп көрелік."Происхождение имаков таково. Начальник татар умер и оставил двух сыновей: старшийсын овладел царством, младший стал завидовать брату. Имя младшего было Шад. Онсделал покушение на жизнь старшего брата, но неудачно. Боясь за себя он, взяв с собойрабыню-наложницу, убежал от брата и прибыл в такое место, где была большая река,много деревьев и обилие дичи; там он поставил шатер и расположился. Каждый день этотчеловек и рабыня вдвоем выходили на охоту, питаясь мясом дичи и делали себе одежду измеха соболей, белок и горностаяев.Однажды к ним пришли семь человек из родственников- татар: Ими, Имек, Татар,Баяндер, Кыпчак, Ланиказ и Аджлад. Эти люди пасли табуны своих господ; в тех местах,где (прежде) были табуны, не осталось пастбищ; в поисках травы они пришли туда, гденаходился Шад. Увидев их, рабыня вышла и сказала: "Иртыш" - остановись, отсюда рекаполучила название Иртыш. Узнав ту рабыню, все остановились и разбили шатры. Шад,вернувшись, принес с собой большую добычу с охоты и угостил их; они остались там дозимы... Когда снег растаял и земля разукрасилась, они послали одного человека втатарский лагерь, чтобы он принес известия о том племени. Тот, пришедший туда, увидел,что вся местность опустошена и лишена населения: пришел враг, ограбил и перебил весьнарод. Остатки племени спустились к этому человеку с гор; он рассказал своим друзьям оположении Шада; все они направились к Иртышу. Прибыв туда, они приветствовалиШада, как своего начальника, и стали оказывать ему почет. Другие люди, услышав этувесть, тоже стали приходить (сюда); собралось 700 человек. Долгое время они оставалисьна службе у Шада; потом, когда они размножились и рассеялись по горам, образовалисемь племен, по имени названных семи человек. Все эти кимаки отличаются злым нравом,скупостью и негостеприимством. Шад однажды стоял на берегу Иртыша со своимнародом; послышался голос: "Шад? Видел ли ты меня в воде?". Шад ничего не увидел,кроме волоса, плававшего на поверхности воды; он привязал лошадь, вошел в воду исхватил волос; оказалось, что это была жена его Хатун. Он спросил ее: "Как ты упала?".Она ответила: "Крокодил (неханг, крокодил) схватил меня с берега реки". Кимакиоказывают уважение этой реке, почитают ее, поклоняются ей и говорят: "Река - богкимаков"...Ақынжанов осы аңыздың тарихи болмысын талдап көрсеткен, ол бойынша татарортасынан шыққан қай (қимақ) тайпалары мен Ертіс-Алтайдағы жергілікті түрк тілді"йемек" этникалық массивінің араласуы нәтижесінде жеті тайпалы одақ пайда болған. Бұлжағынан айтар ештеңеміз жоқ, бірақ келтірілген аңыздың тек реалды тарихи оқиғаныңфантастикалық сипатта баяндалуы деген тар түсініктен гөрі осы аңыздың бойындааңызданған тарихтан басқа ежелгі йемектік мифтік түсініктердің қарабайырланғанфрагменттері де бар деп есептейміз.Ал осы аңыздардан қандай мифтік мотивтерді табуға болады?1. Жеті тайпалы жұрттың қалыптасуы жөніндегі аңыздың мифтік қабаты бар. Әлдебірпатшаның "жеті баласы" болғандығы туралы генеалогиялық миф. Жеті саны да, аңыздаайтылған 700 саны да түрктік генеалогиялық мифте кездесіп тұратын сан. Біз оны орхон-енисей жазбаларынан да, "Со тайпасы" туралы аңыздан да көре аламыз. Яғни бұл жердетарихи болмыс пен ежелгі миф ұштастырылған.2. Жетім Аңшы туралы ежелгі евразиялық мифтік сюжет. Аңшы айдалаға, көбінесеәлдебір судың жағасына кетіп, аңшылықпен өмір сүреді.

3153. Келтірілген аңызда жігіттің күң-тоқалы жөніндегі әңгімелерде едәуір мөлшердешатасулар бар сияқты. Өйткені а) келіншектің күң болуы мен оның жігіттің көңілдесіболуы - бұл қарапайым сюжет, бірақ келіншектің әлеуметтік мәртебесі төмендетіліпкөрсетілген; ә) жеті жігітті көргенде әлгі күңнің "Ертіс" деп айтуы, өзен атыныңэтимологиясының осы жәйтпен байланыстырлуы - келіншектің шешім қабылдауы - оныңмүлдем басқа мәртебеде екендігін көрсетеді; б) келіншектің суға кетуі, оның шашының субетінен көрінуі, оның айдаһармен байланысы - мүлде басқа образды көрсетеді.4. Су бетінде қалқып көрінген шаш - бүгінгі қазақ ертегілері арқылы реконструкцияланыпотырған "пері қыз" - "Алтыншаш" образының имақтарға да таныс болғандығын көрсетеді.5. Айдаһар немесе жылан, неханг (нақ) - дара мифтік образ, бірақ оның әлдебір ұрғашыбейнесіне қатысты екендігі аңғарылады.Моңғол тілді қайлар түрк тілді йемектер ортасына келіп сіңгенде, олардың "қай" (жылан)атауының баламасы ретінде "ұран" атауы да қолданыла бастады, өйткені бұл сөз де"жылан" деген мағынаны беретін, тек түрк тілінікі болатын. Ертіс өзеніндегі айдаһаркультін "жылан текті" қайлар әкелді ме? Әрине, жоқ, өйткені жылан культі осы өңірдіңтүрк тілді жұрттарына да танымал еді, яғни әлгі "ұран" сөзінің өмір сүруі бекерден-бекеремес еді. Бұл сөз ежелден келе жатқан сөз еді, тек XI ғасырдан бастап этноним ретіндебелгілі бола бастаған.

20 Тарихты мифтендірілуідің мәні мен маңызы

Тарихты мифтендірудің себептері жөнінде және дәстүрлі қоғамда атқаратн қызметі тікелей сол кездегі этногенетикалық мифтер деңгейінде туындады. Мысалы, қандай да ьір бізге беймәлім этнос өзінің шығу тегі жөнінде өзінің шығу тегі туралы нұсқада көрші мемлекеттің тарихы менен байланыстыра отырып және оны тікелей қатысы бар немесе жоқ екендігін дәлелдеуге қолданады. Әрине бұл көптеген нұсқалар нақты тарихи оқиғалардың көрінісі брола алмайды. Бұл мифтер алдын ылы мақсат негізінде құрылды. Жоғарыда көрсетілген анықтама негізінде біз отандық тарихтағы күрделі мәселелер этникалық проццес , билік, қоғамның саяси т.б тарихи оқиғаларға байланысты мифтердің алға қойған мақсатын орындау және нақты оқиғалар осы мифтерде орын алғандығын көрсету.

Тарихты мифтендіру-бизге жеткен когамдық ойдың бир рудименті. Біз оған еш мән бермейміз.

Оған себептердің бірі біршама бағынған кеңестік кезеңде қазақтардың тарихи жады уланған болатын. Бізге барлық уақытта көшпенділік – бұл артта қалушылық, бізде шынайы өткен тарихымыз жоқ деп келді. Осындай терең және өз мүдделеріне бағытталып жасалған рухани отарлауде нәтижесінде қазақтардың сол кезеңдегі буыны осыған сеніп өсті. Оған қоса қазақтар өздерінің мәдениетін бағаламады. Бөгде тарих пен мәдениетке қызығушылық арта түсті.

Біз өзіміздің көшпелі тарихымыз бен мәдениетімізді түсініп бағалауымыз керек. Ол басқа өркениеттерден қарағанда күрделі және көпқырлы. Сондықтан да бізде ежелгі египеттіктердегі сиякты пирамидалар, Месопотамиядағыдай ирригационды жүйелер жоқ, алайда қазақ тарихы ғылыми бағалауда өте маңызды.

Егер біз өз тарихымызды ойдан шығарар болсақ , ол дамымайды.

 

 

2 блок

1. Ежелгі Қазақстан тарыхының мифтендірілу бағыттары

ХХ ғасырда талай мифтер өмірге келсе, ал көне заманда адам тәріздес құдайдың бар екндігі туралы миф кеңінен тараған. Ежелгі замандағы мифтерді еске алсақ, түрлі ағымдар мен доктриналарға толы қазіргі заман идеологиясы сол мифтер негізінде құрылған жоқ па екен деген ойға да еріксіз келетін сияқтымыз.

Миф – ата–бабаларымыздың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалам, сол ғаламдағы алғашқы пенделердің өмір хақындағы түсініктері. Олардың қатарына: аспан, жер, су, жер асты, Құдайлар, рухтар мен аруақтар, құбыжықтар мен перілер, дәулер, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер, ғажайып мақұлықтар т.б. жатады. Ертедегі адам мифті ойдан шығарылған ертегі деп емес, керісінше, бүкіл дүниенің жалғыз ақиқаты деп білген. Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары – ол миф. Миф – фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір мен өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Түркі мифологиясына тоқталатын болсақ, жалпы түркі мифологиясын зерттелмеген сала деп айтуға болмайды, бірақ осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер жеткілікті емес, алынған деректер, мәліметтер толық қанағаттандырмайды. Себебі ата-бабаларымыздың әлі талай қарастырылмаған, зерттелмеген жерлері көп қалған. Ғылыми мәліметтерге сүйінсек біздің жеріміздің тарихына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне көбінесе шетелдік ғалымдар қызығушылық танытып зерттеген, соның ішінде әсіресе түркі мифологиясы назарларынан тыс қалмаған екен. Алайда өз ғалымдарымыздың да зерттеулері де жеткілікті. Олар: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ғ. Марғұлан, Е.Тұрсынов, Ғ. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов т.б. ақын-ғалымдардың түркі мифологиясы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.

Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер – Төстік", "Еділ – Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Мифология дегеніміз аңыз әңгімелердің жиынтығы, ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді.

Орта ғасырлық түркі дүниетанымының негізгі құраушы бастауы түркілік дəстүрлі мəдениет болып табылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, дəстүрлі мəдениет ұлттық бірегейліктің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Екіншіден, дəстүрлі мəдениет халық санасында бірігіп, мифологиялық, діни, этикалық, идеологиялық элементтерді жинақтайды жəне мұны «халық даналығы» түсінігімен белгіленді. «Халық даналығы» қашанда өмірде қалай əрекет ету қажеттігі туралы, қоршаған ортамен қалай қатынас жасау керектігі жөнінде, жақсыны жаманнан қалай айыру керектігі туралы білімдерді білдіреді.

Рухани құндылықтардың көне түркі этникалық кеңістікке кеңірек таралуына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк секілді данагөй ойшылдардың орасан зор рухани ықпалы болғанын байқаймыз. Олар өздерінің қоғамдық, елдік бағдардағы ілімдерін білімділік, қайырымдылық идеяларына арқа сүйей отырып қалыптастыруға тырысқан. Түркі қағандарының рухани құндылықтар əлемінде біліммен қоса əділеттілік, сабырлылық, адалдылық, қанағатшылдық сияқты адами дамудың іргелі негіздері, руханилықтың озық үлгілері мызғымас тірек болғанын аңғару қиын емес. Құндылық болған жерде қоғамдасу бар. Тарихта сондай нағыз топтасқан əлеуметтік күштің бірі – түрік қауымдастығы, түрік халқы болды. Бір кезде «Көкте – тəңір, жерде – түрік» деп əлемге өзі туралы жар салған бұл халық өзінің күш-құдіретіне сүйеніп, сеніп айтқандай.

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.

Түбі бір, шыққан тегі бір туысқан түркі халықтарының алғашқы дүние жайлы, жаратушы Көктәңірі туралы бастапқы түсініктері мен көзқарастары олардың ертегілері мен ежелгі мифтерінде көрініс тапқан депте айтуға болады. Сондықтан да, түркі халықтарының ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі мифтер. Бұл жанрда адамзат өмірінің көптеген білгілері сақталған. Түркі халықтарының мифологиясы ғарыштық құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат бар, онда Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Түркі халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да Құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздар, ертегілердің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнекей және т.б. ат койып атаулары. Археологиялық және этнологиялық деректер Күн және Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы Саймалы-Таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді қүдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған күн тәрізделер Арыс өзенінің бойындаға Алтынтөбеде көптеген алтынбастылардың кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы Көк тәңірдің негізі болды. Ерте заманнан бастап бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Күн басты адамдардың бейнелері біздің рәміздерімізде де кездеседі. Мысалы, көшпелілірдің киіз үйіне жоғарыдан төмен қа

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.