Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Лездік хат дегеніміз не?



Лездік хат - арнайы программа терезесіне енгізілетін хат. Сізбен араласып отырған адам дәл осы программаны қолдана отырып, хатты тез арада алып, оқи алады.Лездік хаттарды алып, жіберу үшін, екі сөйлесушінің де интернетке және бірдей программалық жабдықтамаға қосылуы болуы керек. Сонымен қатар қажетті программалық жабдықтамаларды қолданып, сіз чат-топта бірнеше адамдармен сөйлесе аласыз. Чат-топта отырған әрбір қолданушы,сіз хатты жіберіп отырған сәтте көреді. Сіз ашық тұрған кез-келген чат-топқа қосыла аласыз, әдетте олар белгілі бір тақырыпты талқылауға арналғандар, немесе өзіңіздің чат-тобыңызды құрып достарыңызбен, туыстарыңызбен кездесіп, араласа аласыз. Лездік хатпен алмасу үшін бірнеше танымал программалар бар, олардың бәрі Microsoft’s MSN Messenger

3-5 схема осы программаның стандарттық терезесін көрсетеді.

 

Схема 3-5

Microsoft Messenger терезесі

Лездік хаттарды қалай алып, жіберуге болады?

Лездік хаттарды қолдану үшін, ең алдымен сіз осы сервисті қолданысқа енгізіп отырған қызмет тізіміне тіркеліп, пароль мен қолданушы атын және программалық жабдықтаманы компьютеріңізге көшіріп алуыңыз керек. Лездік хаттарды алмасу программалардың көпшілігі сізге жиі араласатын тансытарыңыздың тізімін құруға мүмкіндік береді. Сонда сіз олардың интернетке қосылысы барын, компьютер алдында отырғанын тексеріп, байланыса аласыз. Сіз өзіңіздің программалық жабдықтамаңызды бір жақты қоссаңыз, сонда сіздің интернетте бар, жоғыңызды тек тізіміңіздегі таныстарыңыз көре алады. Сіз бір адаммен немесе виртуалдық чат-топқа қосылып, бір мезгілде, бірнеше адаммен араласа аласыз. Бос уақыттағы сүйікті іс пен фильм, жаңа жазбаларды талқылауға арналған көптеген ашық чат-топтар бар. Сонымен қатар сіз өзіңіздің жеке жабық чат-тобыңызды құрып, онда тек -өзіңізге ұнайтын адамдарыңызды тобыңызға қосып араласасыз.

Тіркеулік тізімді құрғаннан кейін, сіз байланысқыңыз келетін адам атын таңдап, компьютеріңіздегі лездік хаттарды алмастыру программа терезесіне хат енгізесіз. Сол сәтте сіз таңдаған адам хатыңызды алып, оған жауап бере алады.

Егер сіз осы мезгілде компьютер алдыңызда болмасаңыз, онда қолыңыз бос еместігіңіз және байланыс аясынан тыс екендігіңіз туралы хабарлама енгізіңіз. Ондай жағдайда олар сізге хабарлама қалдыра алады, ол хат сіз интернет желісіне шыққанша күтіп тұрады.

HTML-құжатының негіздері

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.Web-тораптарындағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнеленеді.

Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басаталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.

HTML тілінің құрылымы

<html> <head> -------- Мәтін тақырыбы ---------
</head> --------- Мәтін құжаты ---------Мысалы 1.<html> <head> <title> құжат тақырыбы </title> </head> <body> Асанбаева Айнур Муратовна </body> </html>

Мәтінді пішімдеу

HTML тілі мәтін бөліктерін пішімдеудің логикалық (logіcal), әрі физикалық (physіcal) стильдерін жүзеге асыра алады.

Логикалық пішімдеу тэгтері

Мәтінді логикалық пішімдеу немесе белгілеу оның бөліктерін ерекшелеп, құжат құрылымын көрсете алады.

Мұнда мәтіннің екі негізгі бөлігін ерекшелеуге болады:

  1. Құжаттағы тақырыптарды белгілеу;
  2. Мәтін элементтерін белгілеу.

Мұнда ашылу тэгіне сәйкес жабылу тэгі болуы тиіс, олардың бірі болмай қалса, экрандағы мәтін бейнесі өзгеріп кетеді. Кез-келген тэг алдынан және артынан автоматты түрде бос жол пайда болады.

Логикалық стильдегі мәтін фрагменттерін енгізу тэгтері төменде көрсетілген.

Атрибут Атқаратын қызметі
<EM> ... </EM> Ағылшынның emphasіs — акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады. (аналогы <i>...</i>)
STRONG> ... </STRONG>   Ағылшынның strong emphasіs — күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі. (аналогы <b>...</b>)Экранға шығарылатын хабарлама үлгілерін демонстрациялау үшін ұсынылады.
<CODE> ... </CODE>   Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі. Мәтін код немесе формула түрінде бейнеленеді (көп жағдайда Courier қаріпі түрінде)
<SAMP> ... </SAMP>   Ағылшынның sample — мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда пайдаланылады
<KBD> ... </KBD>   Ағылшынның keyboard — пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден енгізілетін сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
<VAR> ... </VAR>   Ағылшынның varіable — айнымалы сөзі, программадағы айнымалы аттарын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
<P> ... </P>   Мұндай белгі абзацты анықтайды. <P> және </P> тэгтерінің ортасына жазылған мәтін бір абзацқа бөлінеді.

 

Көп жағдайларда HTML құжаттарының тақырыптары болады. Олар <Hn>....</Hn> тэгтер арқылы жасалады, n–нің орнына 1-ден 6-ға дейін сан жазамыз. Осы тэгтер арасына мәтінімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді тақырып шығады. Тақырыптың бірінші деңгейі-өте үлкен, алтыншы деңгейі-өте кіші. Тақырыптар тэгінің ALІGN атты атрибуты болады, ол абзацтың осындай атрибутымен бірдей, мәндері мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс:

· ALIGN=”left”-параметрінің мәні мәтінді сол жаққа түзетеді.

· ALIGN=”center”-мәтін терезе браузерінің ортасына орналасады.

· ALIGN=”right”-мәтінді оң жаққа қарай түзетеді.

· ALIGN=”justify”-браузер терезесінің ені бойынша түзетеді.

<H1> ... </H1> — <H6> ... </H6>

 

Физикалық пішімдеу тэгтері

Атрибут Атқаратын қызметі
<B> ... </B>   Қарайтылған қаріп  
<I> </I> Курсивтік қаріп
<U> </U>   Асты сызылған  
<S> … </S> Сызылған  
<strike> … </strike> Сызылып тастаған (аналогы <s>...</s>)
<big> … </big> Негізгі қаріптен мәтін іріленіп жазылады.
<small> … </small> Негізгі қаріптен мәтін майдаланып жазылады.
<TT> … </TT>.   Баспа машинке-сіндегідей
<BLINK>…</BLINK> Ерекшеленген мәтінге жарқырау эффектісін береді, ол тек Netcape браузерінде орындалады.
<font size= “ ”>… </font> SІZE=…атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады.
<font color= “ ”>...</font> COLOR=… атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED - қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF0000 – бұл да қызыл) берілуі мүмкін
<font face= “ ”>...</font> FACE=… атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың мәні ком­пью­терде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. <FONT FACE= “Tahoma”, “Arial”, “Verdana”>Бұл мәтін көрсетілген 3 қаріптің біреуімен көрсетіледі. </FONT>  
<SUP> … </SUP> Жоғарғы мәтін -- xиндекс  
<SUВ>…</SUВ> Төменгі мәтін -- xиндекс

 

HTML-тізімін қолдану. Тізімдер. Тізімдер анықтамасы.

Тізімдердің (lіsts) НТМL тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.

Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тэгі қолданылады.

Нөмірленген тізімдер.

Нөмірленген тізімдер алды­на нөмір қойылады. <ОL> және </ОL> сыртқы тэгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LІ> ішкі тэгімен бастап отыру керек.

<OL> <LI>Иван; <LI>Данила; <LI>Игорь</OL> Тізім мына түрде көрсетіледі:
  1. Иван;
  2. Данила;
  3. Игорь
 

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.