Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html



news.html: сіздің веб-сайттағы парағыныңыздың аты. Мысалда, файл аты -"news" html- құжат.

 

Web сайттар қалай ұйымдастырылады?

Бүкіл әлемдік тордың мүмкіндіктері өте көп және өте қолайлы.Сілтемелер көмегі арқылы сайттарға оңай шолу жасауға болады. Кейбір жағдайда Web сайтта адасып қалуға да болады.Ол қандай жағдайда? Егер сіз ақпараттарды өз ретімен дұрыс пайдаланбасаңыз. Сіз оңай болу үшін сайттың ұйымдасу құрылымын жақсы білгеніңіз жөн.

Web сайттар әдетте 3 түрлі жағдайда ұйымдастырылады:

1)сызықты Web сайт;

2)ағаш тәрізді құрылымды Web сайт;

3)жүйесіз Web сайт (ретсіз).

Сызықты Web сайт – кітап бойынша әдетте 1-ші парақтан 2-ші парағын ашу т.с.с. ашу арқылы құрылады. Сіз 1-ші парағын 1) (үй парағын) ашу арқылы бастайсыз да 2-ші параққа көшесіз, одан кейін 3-ші параққа т.с.с кетеді.

 

Схема 2.2 Сызықты Web сайт

 

 

 

Ағаш тіріздес құрылымды Web сайты – бұл ағаштың гендік таралымы тәріздес болып келген әр түрлі опциясы бар және сайттағы ақпараттарды көретін құрылымы бар ұйымдастырылуды айтады. Сіз 1-ші парақтан бастайсыз, ал одан әрі бірнеше парақтың біреуін ғана таңдайсыз.2.3 схемада көрсетілген.

 

2.3 схема. Ағаш тәрізді құрылымды Web сайт

Жүйесіз Web сайт – практика жүзінде ұйымдастырылымы жоқ сайт. Ол ақпаратты массивтен тұрады. Ол әр түрлі жүйесіз сілтемелермен біріккен. Сіз әр түрлі парақтарға барып одан қайту жолы өте қйынға соғатын сайттың түрі болып есептеледі.

 

 

 

2.4 схема. Жүйесіз Web сайт (ретсіз).

Схема 2.5:

Internet Explorer браузер терезесінің негізгі компоненттері

Сызықты батырмалар сізді бүкіл әлемдік торға саяхат жасауыңызға тиімді қолдануыңызға мүмкіндік жасайды.

 

Схема 2.6:

Internet Explorer браузер терезесінің стандартты сызықты батырмалары

Әр батырманың атқаратын қызметі:

Назад (Back)алдыңғы қаралған веб-параққа қайта келу

Вперед (Forward): келесі бетке өту, егер мұның алдында Назад кнопкасы басылған болса

Остановить (Stop): веб-парақтың жүктелуін тоқтатады

Обновить (Refresh/Reload): ағымды парақты ашып, оны жаңартады.

Домой (Home): сіз таңдаған үй парақ беттін көрсетеді.

Поиск (Search): сізге қажетті тақырыпты Интернеттен іздеген кездегі ашылатын парақ

Избранное (Favorites): сілтемелердің тізімі.

Мультимедиа (Media): WindowsMedia.com сілтемесінде ән тыңдау

Журнал (History): соңғы қарастырылған веб-парақтар тізімі

Почта (Mail): электронды поштаны ашады және сілтеме мен хабарламаларды

Печать (Print): ағымды веб-парақты баспаға шығарады

 

Іздеу жүйесі дегеніміз не?

Іздеу жүйесі дегеніміз- кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзіңізге қызықты, қажетті ақпараттарды табу, іздеу WEBсайтын айтады. Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар, оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.

Олар:

1. «Паук»- автоматтандырылған программа. Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB- сайттарды табады. Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды. Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді. Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.

2. Индекстеуші программа. Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа. Ол WEB-сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа. Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.

3. Іздеу жүйесінің деректер қоры. Барлық ақпараттардың жиынтығы. Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады. Ол да тұтынушыға көрінбейді.

4. Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.

Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз. Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін, олардың бір- бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.

Іздеу жүйесінің негізгі 3 түрі бар:

Метамәліметтер арқылы. Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе. Оған мысал ретінде мыналарды алуға болады:

Yahoo!: http://ru.yahoo.com

MSN Search: http://search.msn.com

Alta Vista: http://www.altavista.com

 

Универсалды іздеу жүйесі. Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады. Оған мысал ретінде:

Google: http://www.google.ru

Yandex: http://www.yandex.ru

Rambler: http://www.rambler.ru

 

Іздеу агенті. Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.

Мысалы: Bot Spot: http://bots.internet.com

Copernic: http://www.copernic.com

 

Көптеген сайттың іздеу жүйесі негізгі парақтан құралады. Оған жолына кілттік сөздерді теру арқылы материалдарды пайдалану арқылы іздестіруге болады. Сіз бір немесе бірнеше сөздерді ендіріп, оны кілт есебінде пайдалануға болады. Мысалы, географиялық ашылымдардың тарихы туралы негізгі мәтіндік жолға ендіріп, пайдалануға болады. Іздеу жүйесі сізге осы сөзден тұратын барлық сайттардың тізімін береді. Географиялық ашылулар тарихын іздеуде Google сайты сізге 11800 сайттан аса тізім береді. Іздеу жүйесінде нәтижеге жету үшін қандай сөзді ендірудің ерекше маңызы зор. Мысалы, сіз географиялық ашылымдар тарихын іздеген кезде, altaBista жүйесінен 23 мың сайттан кем нәтиже аласыз. Көптеген іздеу жүйелері сізге көмек файлын ұсынады. Ол сізге бұл іздестіру жүйесінде біраз жеңілдіктер береді. Көмек файлдарын пайдаланудан қорықпаңыз. Олар сізге бүкіләлемдік тордан сізге қолайлы іздеу мүмкіндіктерін көрсетеді.

 

Желіден алынған ақпараттың сенімді және айқындылығын қалай бағалауға болады?

 

Сіз қажетті ақпаратты іздеуді білесіз және сізге мыңдаған WEB – сайттар немесе одан да көп миллиондаған бар екені белгілі. Қажетті ақпаратты алудың қауіпсіз екенін қалай білуге болады? Қандай ақпарат басқа ақапараттан жақсы екенін білесіз?

 

WEB сайттың типтері.

 

Бүкіл әлемдік тордағы табылған ақпаратты бағалаудың ең жақсы жолы – оны қайдан тапқаныңызды көре білуіңізде.

WEB сайттың ең негізгі 7 типтері бар:

1. Насихаттау сайты. (Advocacy site) қоғамдық лөзқарастың өзгеруіне қатысты қолданылады, активті түрде қолдау немесе түсім ақы жинау. Мынандай WEB – сайттар оған мысал бола алады, саяси компаниялар, ұйымдардың WEB-сайты, қоршаған ортаны қорғаудың бір нәрсеге сіздерді сендіру арқылы жүзеге асырылады, бір іске салым салуға шақыратын WEB-сайттар. Бұған мысал ретінде мына сайтты келтіруге болады: http://www.wwf.ru

2. Коммерциялық сайттар (Commercial site ) ол сайттарға сатуға арналған товарлардың жарнамасы мен ақпараттары туралы енгізілген сайттар; тапсырыс қызметін ұсынатын сайттар;бизнес және қандайда бір өндірісті арттыруды ұсынатын сайттар. Бұған мысал ретінде Microsoft http://www.microsoft.ru.

компаниясының сайттарын айтуға болады.

3.Ақпараттық сайттар(Informational site) мәліметтерді және статистиканы, тізімдер мен түрлерді, анықтаматарды, әртүрлі ақпараттарды ұсынады. Оған мысал ретінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының ақпараттық және технологиялық сайтын алуға болады: http://www.informika.ru.

4.Ойын- сауық сайты (Entertainment site) Бұл сайт музыканы, ойындарды және де ойын-сауық индустриясының ақпараты мен жаңалықтары туралы да ұсынады. Бұл сайтқа музыкалық топтардың және телевизиялық желілерді құрушылардың немесе жаңа фильмдердің сайттары мысал бола ала алады. Ойын –сауық сайттарының мысалы ретінде мына сайттар табылған: MSN http://zone.msn.com/en/root/freeonline.htm немесе ойын - сауық порталы EnForce.Ru http://www.enforce.ru.

5..Білім беру сайты (Educational site) бұндай сайттар әдетте шетелде болады және оның URL бар. Ол EDU мен бітеді. Олар білім беру институттарын алға ұмтылдырып немесе мектептер туралы ақпаратты ұсынады. Бұл топқа колледждермен университеттердің сайттары кіреді және тағы да басқа жоғары мектептердің сайттары кіпеді. Оған мысал ретінде Москва мемлекеттік университетінің сайты кіреді: http://www.msu.ru .

6.Жаңалықтар сайты(News site) бұл сайттар жергілікті, аймақтық және халықаралық дәрежедегі жаңалықтарды, болып жатқан оқиғалардың ақпаратын ұсынады. Олар журналдар мен газеттегі басылымдар мен немесе телевизиялық бағдарламаның ұйғарымдарымен сәйкес болуы мүмкін. Ресейлік газеттер http://www.rg.ru/, Известия http://www.izvestia.ru/, Интернет сайты немесе кабельдік желі, мысалы, http://www.rbc.ru/.

7.Дербес сайттар(Personal site) Визиттік карточкасы, фотоальбомы және нақты адамның басқа да дербес ақпараты.

 

Веб сайттың сенімділігі

Сайттың қай типке жататынын анықтау үшін негізгі 5 белгі арқылы тексеруге болады. Және бұл ақпарат сенімді басылғанын көрсетеді. Міне осы 5 белгі

1. Авторлық: бұл сайтты кім жасады? Бұны жасаған адамдар мен мекемелердің білімділігі мен біліктілігі бар ма? Жаңалықтар мен ақпартаттардың астында жасырынған сайттардан сақ болыңыздар.

2. Дәлдік: сіз өз өзіңізге көмектесуге болады, егер сайттағы ақпарат нақты болса. Сайтқа назар аударыңыз онда сілтемелер тізімі бар ма? Бұл сілтемелерді басқа да сенімді сайттарға қосады ма? Сайт түрлері профессионалды көріне ме және бұнда орфографиялық немесе басқа да бір қателер жіберілмеген бе?

3. Обьективтілік: сайттың обьективтілігі бар ма? Басқа сөзбен айтқанда бұндағы сайт мінсіз бе? Бұл оргументтер барлық жақтан қаралама? Немесе еш қорытындысыз тек фактілер ұсынады ма? Бұл сайт қандай да бір сайттың бір жағы ғана туралы ақпарат береді ме?

4. Дер кезілік (өзектілік): сайт өзекті және әр кез жаңартылып отырады ма? Бұл 2 жыл бұрын өтіп кеткен «болашақ» туралы хабар береді ме?

5. Хабарлылық дәрежесі:сайт әр салада ақпараттар ұсынады ма? Немесе бір аудиторияға арналған нақты ақпарат ұсынады ма? Сайтта сілтемелер тізімі бар ма? Басқа да Веб беттерге немесе Веб сайттарға берілген тақырыпқа қосымша бір ақпарат беріледі ме?

Алынған ақпаратты қолдану ережелері.

Олар қорғалған ба? Интернеттен алынған ақпаратты қолдану – бұл ұрлық. Бұл жазылғандардың барлығы немесе университет үшін жазылғандардың барлығы авторлық құқығы мен қорғалған болып табылады. Сіз жазғанның барлығы авторлық құқық туралы түсінік бермейді және көшірмесін алуға болмайды деген түсінік жоқ. Егер сіз бір нәрсені рұқсатсыз қолдансаңыз, онда сіз ұрлық жасаған болып саналасыз. Сізге білу қажет:

Сізге қалай ақпарттарды алып, және басқаларды сол ақпаратты қайдан алғандығыңыз туралы ақпараттандыру қажет.

 

Ұрлық туралы түсінік және шығармашылық жөніндегі заң

Елестетіп көріңіз, сізге курстық жұмысығызды орындау қажет, бірақ оны жазуға сізде уақыт жоқ. Ал сіз болсаңыз жақсы баға алғыңыз келеді. Сіздің басыңызға жақсы ой келеді. Сіз интернетке кіріп , дайын ғылыми жұмысты сатып аласыз және сол жұмысты өз атыңыздан өткізесіз. Ал мұғалім болса бұл туралы тіпті білмей де қалады, сондықтан бұл ешкімге зиянын тигізбейді. Жақсы бірақ сіздікі дұрыс емес екендігін білесіз, мүмкін қандай да бір жұмысты өзіңізге атқаруға тура келетін шығар. Сіз интернетке кіріп, ақпарат іздеуші программаларды пайдаланып, екі –үш жерден ақпарат аласыз. Сол арқылы сіз «копировать» және «вставить» батырмасын басу арқылы өз компьютеріңіздегі құжаттар қатарына енгізесіз. Бұл жұмыс бір жағынан күнәсіз көрінгенімен- ұрлық болып саналады.

Ұрлық: - бұл басқа бір адаммен жасалынған жұмысты өз атыңыздан ауыстырып пайдалану. Егер сіз интернеттен автордығ рұқсатынсыз бір ақпаратты қолданған олсаңыз ,сіз онда ұрлық жасаған болып табыласыз. Ең тиімді жол- бұл ережелерді түсініп, әрдайым қоданып жүру.

 

Электрондық поштаны қалай жіберуге болады?

Электрондық пошта немесе e-mail. Бұл көп қолданылатын интернет мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзінде миллиондаған хаттар алынып, жіберіліп отырады. Интернет желісіне қосылуы бар әрбір адам хатты алып, жібере алады.

Төмендегі 3-1 кестесіндегі электрондық хаттардың жалпы түрі көрсетілген.

 

3-1 кесте.

 

Электрондық поштаның жұмыс істеуі.

Электрондық поштаның жұмыс дәлдігі тура кәдімгі поштаныкіндей. Оның арнайы жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, хаттары мен мекен-жайы бар. Электрондық хаттарды жеткізу саналы секундта жүреді. Кәдімгі поштаға қарағанда, e-mail-дің жұмыс істеу тездігі өте жоғары, оны «shail-mail» дейді. Электрондық хаттарды алып, жіберу үшін сізге электрондық поштамен жұмыс істейтін арнайы программалық жабдықтама қажет. Ол бүкіл әлемдік торда немесе компьютердің бөлек программасында болады. Мысалы, «Microsoft Outlook». Бұл программалық жабдықтамалар бірдей жұмыс атқарады және келесідей қадамдар ұсынады:

· Сіз хат жазасыз.

· Сіз «жіберу» батырмасын басып, программаңыз оны форматқа конверттейді.

· Цифрленген хат интернет арқылы пошталық серверге кетеді.

· Пошталық сервер алынған хаттарды жинап, оны түгендеп, бөліп, мекен- жайларына жібереді.

 

 

Электрондық поштаның «тіркеулік тізімін» құру.

Электрондық хаттарды алып, жіберу үшін сізге «тіркеулік тізім» қажет. Сіздің оқу орныңыз, компания немесе интернет провайдеріңіз сізге «тіркеулік тізім» құрып бере алады. Сонымен қатар, сіздің хаттарыңызды тегін алып, жіберетін арнайы веб- сайттар бар. Сондай сайттың бірі «mail.ru». E-mail-дің әр мекен-жайы белгілі бір бөліктен тұрады. Оған кіреді: қолданушының аты (өзі таңдаған) @ белгісі және домен аты. Мысалы: Алтынай электрондық поштасының тіркеулік тізімін mail.ru -дан алатын болса: altynai_erboloba@ mail.ru

Электрондық поштаның әрбір тіркеулік тізімі үшін сіз қолданушының арнайы аты мен кодын аласыз. Электрондық поштаны тексерген сайын, олар сізге керек болады. Сізге біреу хат жібергенде, ол сізге тек арнайы мекен-жай көмегімен келеді.

 

3-2 кесте. . Электронная почта созданная в Mail.ru

 

 

Электрондық хаттарды алу және жіберу

Электрондық пошта хаттары бірдей форматта болады. Әр хатқа негізгі элементтер кіреді. Хатты алғанда және жібергенде әрбір элемент не үшін керектігін білетіндіктен сізге қиынға соқпайды.

Олар 3-4 кестеде көрсетілген.

 

3-4 кесте. Электрондық поштаның кәдімгі элементтері.

 

Бұл элементтер:

Хат алушының аты мен мекен-жайы: Жай хат жібергендегідей, сіз хат алушының аты мен мекен-жайын көрсетесіз.

Хат жіберушінің аты, мекен-жайы: Сіздің атыңызбен мекен-жайыңыз. Бұл автоматты түрде электрондық пошта программасымен енгізіледі. Хат алушылар үшін сіз оны ауыстыра аласыз.

Тақырыбы: Хатта талқыланатын зат туралы, ол хат алушының жаңа хаттар тізімінде жазылады.

Күні мен уақыты: автоматты түрде толтырылып, уақыты мен күнін көрсетеді.

Хат тұлғасы: хаттың жазылу аймағы.

Құжаттар: хатқа сіз түрлі файлдар, графикалық суреттер, өлеңдер қоса аласыз.

Көшірме: бұл жолға сіз хат алушының мекен-жайын енгізесіз, егер сіз хаттың көшірмесін біреуге жібергіңіз келсе.

Жасырын көшірме:дәл сол хаттың көшірмесі, бірақ артықшылығы хат алушы осы хаттың көшірмесі басқа біреуге жіберілгенін білмейді.

Хатты жазып болған соң, сіз оны шығарып алып, сақтай аласыз, егер ол керек болса. Сонымен қатар сіз хат жіберушіге жауап қайтарып немесе хатты тағы басқа біреуге жібере аласыз.

 

Электрондық поштаны қолдануға арналған басқарулар.

Жай поштаға қарағанда электрондық поштамен мәліметтер тезірек барады. Оның қолдану қолайлылығы мен жылдамдығы арқасында кейде адамдар бұл өзара байланыс құралы екенін ұмытады.

Адаммен бетпе-бет сөйлескенде сіз оның қандай көңіл-күйде екендігін көре аласыз. Достарыңызбен араласқанда, сіз олардың бет-әлпеті мен мимикасын, қарашық қозғалысына, киінгені мен қаншалықты тез немесе баяу сөйлегеніне қарайсыз. Соған қарап, оның қандай жағдайда екенін білесіз. Ал электрондық поштада ондай мүмкіндіктен айырыласыз, бірақ кейбір нұсқауларға еріп, жақсы сөйлесе аласыз.

Төменде нұсқаулар берілген, олар «торлық этика» деп аталады.

· Тақырыпты нақты жазыңыз. Тақырыпқа хаттың басты мазмұнын қамтитын информацияны жазыңыз. Хат алушы хатты ашпай тұрып, онда не туралы жазылғанын біледі.

· Ешқашан мәтінді регистрдің жоғарғы жағында жазбаңыз..

· Хатты қатесіз жазуға тырысыңыз, бұл сізге араласуға кедергі болуы мүмкін.

· Электрондық хат арқылы кредиттық карточка нөмері, маңызды кодтар мен құжаттарды жіберуден сақтаныңыз.

· Хатқа жауап бергенде, хаттың басты мазмұнын жазыңыз, сонда хат иесі оны түсінеді. Барлық хатты түгелімен жібермеңіз.

· Хаттың аяқ жағын өз қолтаңбаңызбен толықтырыңыз. Қолтаңба сіздің атыңызды немесе электрондық жәшігіңіздің мекен-жайын, басқада маңызды информацияны қосады. Қолтаңбаны төрт жолаққа сидыруға тиістіміз.

· Қызықты хат құрастыра отырып, қысқартылған арнайы сөздер еңгізіп, абзац арасында бос жолақ қалдыру да пайдалы .

· Жұлдыздарды қолдана отырып, сіз оның сөзге деген мұқияттылығыңызды көрсетесіз.

Бұл * өте * пайдалы.

¨ Төменгі сызықша белгісін қолданыңыз.

Мысалы: _ Honey_

¨ Смаиликтерді қолданып, қысқаруларды енгіземіз, бұл хатқа қосымша эмоция береді.

 

Электрондық пошта көмегімен тағы не істеуге болады?

Электрондық хаттамаларды жеке адамдар мен кішігірім топтарға жіберумен қатар, сіз дискуссиялық топқа қатыса аласыз.

Дискуссиялық топ:бұл электрондық пошта арқылы араласатын адамдар тобы. Олардың көпшілігі ортақ қызығушылығы бар адамдар. Сіз электрондық хабарламаны топтың басты мекен-жайына жібересіз, сосын пошталық сервер автоматты түрде хатты бірнеше данаға көшіріп, топтың басқа мүшелеріне жібереді.

Электрондық пошта жалпы қызығушылықты талқылауды жеңілдетеді. Мысалы: егер бір топ оқушылар жазғы сабаққа қатысса, семинар ұйымдастырушылар барлық оқушылар үшін дискуссиялық топ құрайды. Жекелеген топ оқушылары жіберілме (рассылка) тізіміне жазылысымен, бір-біріне хат жаза алады. Хат басты адреске жіберілген соң, оны басқалары да алады.

Интернетте әртүрлі тақырыпқа қатысты көптеген дискуссиялық топтар бар. Олардың көптігі сонша, топтың ішінде топтар бар. Сізге ұнаған тақырыпқа арналған топты тапқан соң, оларға жазылу туралы өтініш пен хат жібересіз. Топ мүшелеріне байланысты сізге қабылдануыңыз немесе жазылушылар тізімінде тұрғаныңызда хабарлайды. Әр дискуссиялық топтың өз ережелері бар. Белгілі бір топта жұмыс бастамас бұрын осы ережелерді сақтанғаныңыз жөн.

 

Мен электрондық поштаны күткім келмесе не істеймін?

Электрондық поштаның жылдамдығына қарамастан, хат алушы дәл сол кезде жауап беретініне кепілдік жоқ. Интернет арқылы осы уақытқа сіз лездік хат алмауы программасын қолдана аласыз. «Осы уақыт» дегеніміз, сіз хатты программаға енгізген бетте, досыңыз оны оқи алады.

Интернет арқылы араласудың басқа да мүмкіндіктері бар.

Ең кең таралғаны ол: лездік хат алмасу.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.