Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

WEB браузер дегеніміз не?



Комьютерлік желілер.

Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады.

Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін.

Жалпы жағдайда компьютерлік желілердің құрылуына арнайы аппараттық қамтыма (желілік жабдықтау) және арнайы программалық қамтыма (желілік программалық құралы) қажет. Ақпарат алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе параллельді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе құрамында болатын стандартты құралдар қолданылады.

Желі қаншалықты үлкен?

Компьютерлер тобын желі деп санау үшін ол қаншалықты үлкен болу керек? Желі көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Ол екі компьютерден тұратындай кішкентай, сондай-ақ, миллион компьютерлерді алып жатуы мүмкін. Егер сіз үйде екі компьютерді біріктірсеңіз – желі құрдыңыз деген сөз. Сіздің оқып жатқан мекемеңізде, кітапханада немесе компаниядағы барлық компьютерлер одан да үлкен желілерге бірігуі мүмкін. Әлемдегі ең үлкен желі – ол миллиондаған компьютерлерді біріктіретін Интернет.

Жергілікті және ауқымды желілер

Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін. Жергілікті және ауқымды желілер арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қолданылады. Брандмауэр арнайы компьютер немесе желілер арасында ақпараттардың рұқсатсыз алмасуына кедергі болатын компьютерлік программа.

Желілердің типтері қандай болады?

Компьютерлерді біріктірудің көптеген түрлі әдістеріне қармастан, компьютерлік желілердің екі түрін ажыратады: бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) және клиент-сервер желісі (Client/Server Network).

Бір рангілі желі деген не? Бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) – бұл тең мүмкіндікті компьютерлердің бірігуі.

Әдетте бір рангілі желі 10-нан көп емес компьютерлерді біріктіреді және ол үйде немесе кішігірім офистерде ұйымдастырылады. Microsoft Word сияқты мәтіндік редакторларды қолдану үшін компьютерлік бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатқандай, ата-анаңыздың компьютеріне орнату қажет болады.

Ал клиент-сервер деген не? Клиент-сервер желісі үй жағдайында емес, мектеп, кәсіпорындар немесе кітапханалар сияқты ұйымдарда жиі кездеседі. Желілердің мұндай типінде сервер деп аталатын компьютер желінің жүрегі болып табылады. Ол ақпарат пен ресурсарды сақтап, оларды осы желінің басқа компьютерлерге қол жеткізетіндей етеді. Осы ақпаратты алу үшін желіні қолданатын қалған компьютерлер клиенттер деп аталады. Егер кітапханаға кітап тауып алу үшін барсаңыз сіз компьютер-клиентке отырасыз, ал ақпаратты серверден аласыз. Егер сіз MSN сайтынан ақпарат алғыңыз келсе, сіз клиент рөлін атқаратын өз компьютеріңізге отырып, оны Интернет деп аталатын желіден MSN серверінен аласыз. Сіз дәрігерге барған кезде тіркеу орнында желі арқылы сервермен байланысу үшін сіз жөнінде онда сақтаулы ақпаратты алу мақсатында компьютер-клиент пайдаланылады. Мұның бәрі – клиент-сервер желісін қолдану мысалдары.

Клиент-сервер желісі желіге оннан астам компьютерлерді біріктіру үшін ең жақсы амалы болып табылады Олар бір рангілі желілерден әлдеқайда қымбат, алайда үлкен компаниялар үшін ақпараттың көлемді ауқымын сақтау қажет болғанда бұл ең жақсы таңдау.

Компьютерлер бір-бірімен өзара қалай әсерлеседі?

Желі жұмысы құрылғының барлық элементтері бір-бірімен қандай да бір әдіспен біріккеніне негізделген. Әрбір компьютер және принтер, сканер, портативті компьютерлер сияқты құрылғылар түрлі өлшемді кабельдер, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктіріледі. Бүгінгі күні компьютерлерді радиотолқындар көмегімен біріктіретін өткізгішсіз желілер де бар.

Желілер үшін құрамына кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар (network interface cards). Желілік адаптер, немесе NIC, - бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде өткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байланысуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған.

Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін және қабылданатынын анықтауға жәрдемдеседі.

Желілік хаттамалар хаттама ретінде, не адамдарға қарым-қатынас үшін қажет. Мысалы, егер сіз отыратын затты «орындық» деп, ал көршіңіз оны «тас» деп айтатын болса, онда бір-біріңізбен түсінбеушіліктің туындауына алып келеді.Кейде бұл сөздерге ғана қолданып қана қоймай, белгіленген ережелер жиынтығыннан тұратын адамдар қарым-қатынасының әдістері де болып табылады.

Интернеттің жұмыс істеу негіздері.

Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:

¨ TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.

¨ IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.

 

Желілердің желісін қалай құра аласыз?

Сіз өз желіңізді басқа бір желімен байланытыра алуыңыз желілер артықшылығы болып табылады. Сіз ірі желілер желісін алғанға дейін байланыстыра аласыз. Әдетте басқа желіге телефон желісі арқылы қосылуға немесе кабель арқылы жұмыс істейтін жоғары жылдамдықты қосылыс немесе арнайы телефон жолдары арқылы да қосыла аласыз. Интернет те желілердің желісін құрайды.

Интернет деген не?

Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет–бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.

Интернетті кім бақылайды?

Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді.

Бүкіләлемдік тор деген не? Ол Интернеттің бөлігі болып табыла ма?

Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде:

Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW(World Wide Web атауынан).

WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады.Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін.

Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP)сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар:белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын,программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі.

Жаңалықтық топтар(newsgroups):USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады.

WEB браузер дегеніміз не?

WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).

HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.

 

WEB браузерді қалай пайдаланады?

WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады. Сіз желіге браузердің терезесі арқылы кіре аласыз.

2.1 схемада Microsoft Internet Explorer интернет браузер көрсетілген.

 

Схема 2.1:

Microsoft Internet Explorer терезесі

Сіз браузерді жүктесеңіз сіздің дербес үй парағыңызды көре аласыз. Сіз үй парағыңызда басқа да беттерді ашуға мүмкіндік аласыз, сіз оны әрдайым өзгертіп отыруыңызға болады. Флэш – бұл WEB браузерде жұмыс істеуге арналған кішкене программа. Ол арқылы дыбысты, анимацияны және интерактивті WEB парақты қосуға болады. Интернет желісіндегі флэш – мультфилмдерде жиі кездестіруге болады және т.с.с. Осының барлығы сіздерге интернет желісінде активті ойындармен ойнауға және детальды ойындармен ойнауға мүмкіндік береді.

 

Қалай басқа сайтқа кіруге болды?

Сіз браузерді ашқанда және берілген беттегі хабарды зерттегенде, сіз басқа да беттерді көріп шыға аласыз.Сіз беттер арасында әртүрлі тәсілдермен орналаса аласыз. Жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі, нәтижелі әрі ыңғайлы, не өрмекті жасайтын, жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі – гипермәтін (hypertext) деп аталады. Гипермәтін – ақпаратты әр түрлі беттерде, тіпті сайттарда байланыстыру. Гипермәтіндік сілтемелер вев-беттерде көп жағдайда, асты сызылған сөздер, сөйлемдер тіпті графиктер арқылы көрсетіледі. Сіз веб-бетті тышқан көрсеткішімен жылжытсаңыз да, асты сызылған болмаса да, сіз гиперсілтемені жеңіл айыра аласыз. Сіз тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге нұсқағанда, ол нұсқаушы алақан нұсқаушысына ауысады. Егер гипермәтіндік сілтемені шертсеңіз, сіз келесі, яғни тақырып мәтіндегі бетке ауысасыз.

Мысалы, сізге өте маңызды антарктикалық зерттеумен байланысты тарихи баяндама істеу қажет. Сіз келесі мәтінді веб-беттен табасыз. Мысалда жоғары бірнеше сөздердің асты сызылғанын ескеріңіз. Веб-беттерде олар көбінесе көкшіл түспен ерекшеленеді. Ол –гипермәтіндік сілтеме. Егер бұл веб-бет болса, сіз сол сілтемені шертіп, сол сөзге анықтама және мысалдар берілген бетке ауыса аласыз. Ал егер Ф.Ф.Беллинсгазгер сілтемесін шертсеңіз, онда сіз мына зерттеушінің өмірбаяны туралы әңгіме айтылған бетке өтер едіңіз. Дәл сол сияқты, мұз айдынына сөзіне шертсеңіз, сол табиғат бейнесі суреттелген бетке өтесіз.

Дүниежүзілік өрмектің көмегі арқылы басқа бетке немесе басқа сайтқа көшудің жаңа тәсілі – веб-мекен жайларды қолдана аласыз. Мекен – жайы болмағандықтан, үйді табу қиын, сондықтанда кез-келген веб-сайттың өзіне тән мекен –жайы болады. Ол мекен-жай әмбебап локатор қоры (Uniform Resource Locator) немесе URL деп аталады.

Сонымен URL деген не? URL –сөзбе-сөз айтқанда, берілген беттің интернетте орналасқан орны. URL –дің жазылуында «/» (слэш) таңбасы қолданылады және оны қолдануда ашық жер қалдыруға болмайды. Әр бір URL-де негізі ұқсас ақпараттар бар. Мысалы, төменде көрсетілген URL-ға қараңыздар:

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.