Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 4 страница



Бақсы болып кете жаздауым

Бала кезім, ауылда үлкен той болып, үйге қонақ көп келді. Үйде жатар орын болмай апам: «сен көрші үйге барып жат», – деп жіберді. Ол үйде бір келіншек тұратын. Бал-бұл балалық шағым, күйеуі бар жоғын білмеймін. Кейде осы келіншек аузынан сілекейі ағып өзімен-өзі жүретін. Сонда үлкендер айтатын: «Әй, мына жас баланың қор болып жүргені-ай!» – деп.

Ойымда ештеңе жоқ, ымырт жабыла әлгі үйге барып жатып ұйықтап қаппын. Бір уақытта денем бір ысып, бір суып оянып кеттім. Бір мезетте аппақ бүркіт келіп шаңырақтан түсті, қараңғы болса да бәрін көріп жатырмын. Бір қанаты керегенің бір ұшында, екінші қанаты екінші ұшында, алты қанат үйді бірақ алып кетті. Бүркіт «ақпұштап» шаңқылдай бастады. Сол кезде төсекте жатқан келіншек те зарлады. «Айналайын ақ бүркіт айтқаныңа көніп ем, дегеніңді істеп ең, мені қинамашы!» – деп не бір зарлы әуенге салды. Денем бір ысыйды, бір суыйды. Не ұйықтаған емес, не ояу емес. Қозғалайын десем қозғала алмаймын, не іштеңе айта алмаймын. Тек қана көріп жатырмын. Әлгі бүркіт кетті... Бір уақытта ысылдаған ақ жылан келді. Бір жақ кереге шаңырақтан түскен кезде жаңағы келіншек бебеулеп зарлады. Ай не бір зарды айтты-ау! Ол да кетті... Енді бір мезетте аппақ сәуле келді. Әлгі келіншегім енді «ақ сәуле, ақ жарық!» – деп зарға басты. Бір уақытта ол да кетті... Денем бір ысып, бір суып үндей алмай мен жатырмын. Бір уақытта жаңағы келіншек тұрып шам жақты. Шырақ жағып алып шырақтың жарығымен: бет-аузын, қол-басын денесін уқалап, есінеп біраз отырды да, төсегіне барып жатты. Мен де ұйықтап қалыппын. Таң атты, тұрдық. Қарасам келіншек жүр екен. Біраздан кейін келіншекке айттым: «Әй келіншек, сенің үш жының бар екен үшеуін де көрдім, түнде келді ғой». Келіншек: «Қой әрі, ол көрінбеуші еді ғой!» – деді. Жоқ, алдымен ақ бүркіт келді, оған былай деп айттың. Ысылдаған ақ жылан келді, оған былай деп айттың. Ақ сәуле келді, оған былай деп айттың. «Е, онда көрген екенсің» – деді. Сөйтсем бұл келіншек тазалық сақтамай, өзін-өзі ұстай алмай жүрген қасиеті бар адам екен. Осындай қасиеті бар адамдар тазалық сақтамаса ауырып қалады.

Ер жетіп 14-15 жаста бозбалалыққа жеткен шағым. Ауылға неше түрлі бақсылар келеді. Әлгі бақсылар кеткеннен кейін өзім сияқты балаларды жиып алып мен де бақсы болып ойнаймын. Қолыма бір таяқты алып аламын да, қобыздың әуеніне саламын. Сөйтіп жүріп қарағайды жағып қойып, үстінен ары-бері аттап өтіп, біртіндеп әбден белгілі бір әуенге келген кезде – қарағайдың аппақ шоғын, өзімнен-өзім уыстап ұстап алып қолымды жуатын дәрежеге жеттім. Құрдастарым, қыз-келіншектер шілдеханада, тойларда бақсы болып ойна деп, бақсы жоқта мені бақсы қылып алатын болды. Енді жынды кез, зіркілдеп тұрып ойнап беремін. Өзімді-өзім бақсы сияқты сезінетін күйге жеттім.

Бір күні мынадай жағдай болды. Үйде ұйықтап жатыр едім, күндізгі сияқты жап-жарық болып кетті. Оянып кеттім... Үйге 15...20-дай қызылды-жасылды киінген әйелдер кіріп келді. Ылғи сықылықтаған жас әйелдер. Төсекте жатқан мені көрсетті. «Мынау ма, мынау ма?», – деп жан жағымнан келемеждеп қоршай бастады. «Осы ма, осы ма?», – деп бір-біріне көрсетіп жатты. Өзімнің ояу екенімді және нақ көріп жатқанымды біліп жатырмын. Қозғалайын десем аяқ-қолым, тілім мақта секілді, сөздерін естіп бәрін ұғып жатырмын. Бірақ үнім шықпайды, жатқан орнымнан қозғала алмаймын. Көзім бақырайып қарап жатырмын. Бір уақытта арт жағынан саркідірлеу келген қартаң әйел келді.

Өтіп барып: «Осы бала ма?», – деп айтты.

– Осы бала, осы бала – деп жанындағылар сықылықтады.

– Әй, тым жас бала екен. Қоятын шығар, тимеңдер! – деп әлгілерді қақпақайлап үйден шығарып алып кетті. Олар кете салысымен-ақ денемнен суық тер бұрқ ете түсті. Дел-сал болып жатырмын. Өңім бе, түсім бе? Сол күйі талқысып қайтадан ұйықтап кетіппін.

Екі-үш күннен кейін Әжібай бақсы келді.

– Әй, осы үш-төрт күн бұрын, саған түн ішінде кісілер келді ме?

– Келді.

– Не деді?

Болған оқиғаның бәрін айтып бердім. Жастары сықылықтап мені айландырмақшы болды, ар жағынан бір саркідірлеу қартаңдау әйел келіп бәрін алып кетті дедім.

– Ә, балам бұл жын кім нақ әуеніне келтіріп, нақышына салса соның артынан еріп жүре береді. Бұл әркімде бар қасиет. Дамытып ары қарай алып кетсең жақсы боп шығасың. Сен өзің бақсы болғың келе ме? Маған ер, мен сені көп-көрім үлкен бақсы қылып жіберейін. Ол үшін мынауыңның бәрін тастап, менімен жүресің. Жын деген солай болады.

– Ойбай, ешқандай бақсы болмаймын, өзімнің жұмысым бар.

– Ә, олай болса сен мынауыңды қой. Мен жоқта, мен болып ойнайды екенсің ғой? Бақсы болғың келмесе бұныңды қой, мерт боп кетесің. Немесе бір жерің кем болып қалады. Жын деген нәрсе ойнайтын нәрсе емес. Қауіпті де, қиындығы бар қатерлі жол.

– Ойбай қойдым, бұдан кейін ойнамаймын. Жының да өзіңмен кетсін, бақсылығың да өзіңмен кетсін!

Содан кейін бақсы болып ойнағанды қойдым деп отырушы еді жарықтық деп, Жұматай әңгімесін аяқтай бере, Әс-аға осы әкем айтқан әңгімелерге біреу сеніп, біреу сенбес сондықтан өз басымнан нақтылы өткен тылсым оқиғаның біреуін ғана айтып берейін:

Кашпировскидің аяғымды кесіп алып емдеуі

Бұл 1993 жылы болған оқиға. Мен өзіміздің Науалы ауылында МТМ меңгерушісі болып орналастым. Әс-аға, өзің білесің – ол да күні бойы тыным таппайтын жүрісі мен жүгірісі көп мазасыз жұмыс. Ол кезде өзіңіз осында бас агроном болатынсыз.

Сол жылы жазда бір ауру жабысты, тізем қақсайды. Ол кезде 32 жастамын. Таңертең жұмысқа кетем, ал түстен кейіннен бастап сол аяғым тізеден зырқырып қақсайды, жүргізбейді. Кешке таман шойнаңдап жүре алмай қаламын. Жұмыстан келе салысымен төсекте аяғымды көтеріп 1-1,5 сағат қозғалмай жатамын.

Жаз айы аяқталып, жайма-шуақ тамыз айының басы болатын. Менің бір әдетім, өзім ұйықтайтын бөлмемнің терезесін ашып тастайтынмын. Бір күні ұйықтап жатыр едім, ол кезде ұлымыз Әділет үш жаста, Дина екеуміздің ортамызға жатады. Мен әдеттегідей терезе жақта жатқанмын. Түннің бір уағы, терезе ашық тұрған. Бір кісілер күбірлеп терезенің сыртына кеп қалды. Кейде көшеде өткен кісілердің даусы естіліп тұратын. Қорада малды көп ұстаймыз, қарамасаң қағып кетеді. Жастықтың да желігі шығар, ит үріп сезікті сықыр естілсе терезеден қарғып түсіп, мал жақты шолып қайтатынмын. Ұры-қары барма дегендей. Әгәрәкім ешкім жоқ болса, терезеден қайта секіріп түсіп ұйқымды жалғастыра беретінмін.

Түннің бір уағында, өзім күнде секіріп жүрген терезеден бері қарай үш кісі: алдымен біріншісі дүңк етіп, сонан кейін екіншісі, соңынан үшіншісі дүңк-дүңк етіп үйдің ішіне секіріп-секіріп түсті. Қозғалайын десем қозғала алмаймын. Қараңғы, сұлбаларын көріп жатырмын. Әлгі үш кісі төсектің аяқ жағына келді. Сол кезде үй қараңғы болса да бәрінің түрлерін көрдім. Ортада ұзын бойлы Кашпировский, қара водалазка киген, шашын дөңгелектеп кескен. Сол кездерде Кашпировскиді теледидардан жиі көрсететін. Жанында ұзын бойлы жіңішке қара сұр екі жігіт. Түрлері тәжік, өзбектерге келеді. Біреуі әй-шәй жоқ көрпені ашып сол аяғымды көтеріп алды да, тізеден сәл төмен 3 см жерден – бірдемемен тыз еткізіп жіліншігімді кесіп бөліп тастады. Сол аяғым жеп-жеңіл болып қалды. Айналам тұманданып кетті, сөздерін естіп жатырмын. Өзара күбірлесіп жатыр, сөздері орысша. Сонан кейін Кашпировский орысша: «Костный мозг положите на место», – деді. Келіншегім мен ұлым пыр-пыр ұйықтап жатыр. Бір мезетте аяғымды қайта көтеріп, кесілген жіліншігімді орнына қойғандай болды. Көрпемді қайтадан жапты да жанымнан өтті. Терезеден үшеуі ары қарай қайта секіріп кетті. Сол кезде маған қимыл бітті. Жан-жағыма қарадым, Динаны оятайын ба, оятпайын ба деп ойланып: «Қой шошып кетер» – деп оятпадым. Біраз жатқаннан кейін қолма-қол ұйықтап кетіппін. Нақ болған оқиға екенін білемін, таңертең келіншегіме айттым.

– Түнде келген кісілерді көрдің бе?

– Қайдағыны айтады екенсің, ешкімді де көрген жоқпын.

Сонан кейін жұмысқа кетіп қалдым, жырлайтын уақыт жоқ. Түсте келдім. Әкем, келіншегім үшеуміз тамақ ішіп отырғанда түндегі көргендерімді тәпіштеп айтып бердім. Әкеме айттым:

– Теледидердан өзің көріп жүретін Кашпировский екі көмекшісімен түнде келіп аяғымды кесіп алып, емдеп кетті.

– Е, келсе келген шығар. Онда аяғыңды емдеп кеткен ғой. Жақсы болған екен! Менің әкемді ешнәрсемен таңқалдыру мүмкін емес-ті болатын.

Содан бері тіфә-тіфә аяғым ауырғанды қойды. Одан бері 14 жылға аяқ басты аяғымның қақсауы сап тиылды. Қазір ор қояндай орғи басамын! Осы айтып отырғаным нақ болған оқиға. Бұған өзім онша таң қалмағаным, осындай тылсым оқиғалар әкемнің де, аталарымның да бастарынан жиі өткен. Жас күнімнен осы оқиғаларды естіп өскенімдіктен де болар.

Жұматай бауырым, әңгімеміз қызықты болып бара жатыр. Ендеше мен де өзің білетін Өмірбек Сүлейменұлы Шоқпарбаевтің екінші анасы Олжақан Хабарова апамыздан естіген бір тылсым оқиғаны айтып берейін:

 

Олжақан апаның көріпкелдігі, көрген түсі

Жұматай бауырым, Олжақан апамыз бақсылықты ұстамағаннан кейін, өзінің айтуы бойынша аяғынан кем болып кеткен. Олжақан апа жүргенде бір жағына қарай шойнаңдай баса жүретін, аса ақылды, ізетті, рухани санасы өте жоғары, көкірегі ашық – қазақи ескілікті әңгімелердің, мақал-мәтелдердің, өлеңдердің қоймасы, сандығы іспетті, топыраққа көміліп жатқан алтын еді. Біздің балалар жас күнінде ауырып қалса осы кісіге Рахпар екеуміз апаратынбыз. Ең кереметі дәрігерлер жаза алмайтын ауруларды қазақи ем – үзеңгі, жүген т.б. тұрмыстық заттарды қолданып, үшкіріп қолма-қол жазып алатын. Осы емнен кейін кішкентай шырақтарымыз ойнақтап шауып кететін. Бірақ осы емдерді өзім ғана деп сенген адамдарына жасырын түрде істейтін.

Көрші тұрдық. Ораза айында осы апаны басқа апа-әжелермен бірге ауыз аштыруға үзбей шақыратынбыз. Осындай отырыста бір әңгімесін айтты.

– Әсет балам, жақында түс көрдім. Түсімде өзіңнің ағаң Ораз Рахметов пен жеңгең Нұрқияның үйінің шатырынан күн мен ай қатар шығып көтеріліп нұрын шашып тұр екен. Ертеңіне көрген түсімді жақсылыққа жорып Нұрқияға барып айттым. Нұрқия келінімнің қуанышы қойнына симай, асты-үсіме түсіп, жақсылап шәйін беріп, көйлек кигізді. Ол кезде Ораз ағалар Науалының орталығында тұратын, балаларының аты жөнді шықпаған кез. Осы Олжақан апамыздың түсі дәл келіп, Ораз аға мен Нұрқия жеңгеміздің ұлдары Ержан, Ерлан, Ғабиден, Нұрландар қазіргі заман бизнесінің алғашқы қарлығаштары болып жанар-жағар маймен айналысатын «Сонар» фирмасын құрды. Осы ағайынды азаматтардың арқасында бір ғана Науалы ауылынан 800 жас жігіттер мен қыздар Алматыға барып «Сонар» фирмасында жұмыс істеп, бастарына үй, астарына көлік дегендей бір-бір шаңырақ иелері болып шыға келді. Осы кезде ауылдың халқы дағдарысқа ұшырап, ел-жұрт топалаң тиген қойдай мәңгіріп жүрген. Сол уақытқа дейін қазақ баласына Алматыдан гөрі аспандағы жұлдыз жақын болатын.

– Жұматай бауырым, өзің білесің біздің студент шағымызда мынандай қанатты сөз кең тараған болатын: «Алматы қазақтың астанасы, орыстың баспанасы, ұйғырдың асханасы» – деген. Осының бір мысалы институтты бітіре салысымен аспитантураға сынақ тапсырып ғылым жолына түсейін деген ойым болды. Бірақ прописка керек екен. Ол кезде Рахпардың әке-шешесі Алматыда тұратын. Солардың үйінде прописқаға тұратын орын болды. Марқұм қайнағам Әсетолла екеуміз паспорт столының бастығы бір орыс полковникке кірдік. Ол отырғызбай қуып шықты: «Қазақтар Алматы сендердің не теңдерің?», – деп.

Сол кезде «Сонарды» марқұм, топырағың торқа болғыр Ғабиден Оразұлы басқаратын – амал не, мезгілсіз орда бұзар отызда мезгілсіз ажал алып кетті ғой!

Ғабиден бауырымыз өзінің ел-жұртына ауылымыздың жастарына керемет жақсылық пен шапағатын тигізіп кетті.

Рахметов Ғабиден Оразұлы – нарық заманының туын көтерген нар тұлғасы, «SONAR» тұңғыш президенті, ақжарқын, ғасырдың азаматы еді.

Рахметов Ержан Оразұлы – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты. Ержан Оразұлы Парламентімізге екі қабат қайтара сайланды. Ержан бауырымыз маған айтып еді: «Әсет аға, халықтың қалаулысы болу үшін, халықты құр дүрліктірмей, өтірік уәдемен тұлыпқа қаратқызып мөңіретпей, халқың үшін еңбегіңді сіңіріп жақсылық жасай білу керек» – деп. Осының дәлелі ретінде ұлы Абай атамыздың 150 жылдық тойында барлық шығармаларын Лондонда ағылшын тіліне аударып шығып, Абай атамыздың ұлылығы арқылы қазақ халқымызда бүкіл әлемге паш етуінің өзі неге тұрады?!

Ендігі бір мысал, өзі депутат болып сайланған Абай ауданында мал ұрлығыны тиым болмай, елдің берекесі кетіп қапты. Шыдамаған көпшілік Ержанға келіп арыздарын айтып, мұңдарын шағыпты. Осы әңгімені Ержан бауырым маған былай деп баяндап беріп еді.

– Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын шақырып алып: «Осы ауданды не сен биле, не барымташы мен ұры-қарылар билесін. Бір аптаның ішінде ұрлық тиылмаса, мәнсәбіңмен қоштаса бер» – деп қысқа да нұсқа айттым. Сол-ақ екен басқа аудандарда, барымта мен ұрлық өрт боп жалыны бет қаратпай тұрғанда, Абай ауданында пышақпен кескендей сап тиылды.

Жұматай бауырым, осыдан шығатын қортынды Жаратушы барлық болатын оқиғаны алдын ала білдіріп отыратынын қалай ғана мойындамассың! Тылсым дүниені біреу арқылы хабарлап, енді біреу арқылы халықты соңынан ертіп жүретін серкені де халықтың өз ішінен – лайықты дегенін таңдап алатынына қалай ғана таңқалмассың!

 

Ресейдің даңқты спортшысы болған, қоян-қолтық шайқастан (рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правила), панкратионнан (гректердің ережесіз шайқасы) және соғыс самбосынан, осы аталып өткен шайқастардың төртеуінен де халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Ресей Федерациясының спорт шебері, Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы офицері Қасабаев Саяуыш Өндірханұлының толғауы.

Құран Кәримнің ішіндегі аяттардың математикалық заңдылықтарын тауып оқып, жағамды ұстауым. Спорттың адамға қандай пайдасы бар? Қиымылдамау – тат басу дегенді қалай түсінуге болады? Жаяу серуендеудің адам ағзасына тигізер пайдасы бар ма? Арқаны, омыртқаны түзетуге бола ма?

Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уқытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.Ибн – Сина

Мен жігіт, он бес – отыз арасында,

Бұл жаста көп: бересі – аласым да..

Жалыны бойға симай сырттан көрініп,

Күн сайын тұрады артып қайрат күшім. Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Адам өмірінде дене қимылының алатын орны ерекше екенін жұрттың бәрі біледі, ал осы қимыл спортшыларда ең басты орында. Осы жаттығудың және салауатты өмір сүрудің нәтижесінде талай-талай асуларды бағындырған Ресейге танымал, Қазақстанға енді ғана өзін танытып келе жатқан Қасабаев Саяуыш Өндірханұлымен кездесіп, салауатты өмір сүру мен дене жаттығулары жайында өзінің көзқарасын айтып беруді және өзінің өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетуін өтіндім.

Саяуыш сұңғақ бойлы, шымыр денелі, қайратты қара шашы аққұба өңіне жарасып тұрған аса келбетті жігіт. Күлімдеген қой көздерінен парасаттылық пен тектіліктің ұшқыны жалындап тұрғандай. Бүкіл дене болмысынан өлшеусіз қуат, сарқылмас қайрат, мұқалмас жігер, сыңғырлаған денсаулық, жалындаған жастық оты лапылдап тұрғанын сезесіз. Қимылы шалт, сөзі салмақты, әр сөзін байыптап ойланып барып айтады. Жүрісінен, киім киісінен-ақ: «а, мына жігіт кезінде әскери адам болған ғой деп бірден ойлайсыз».

Сұрақ: – Саяуыш бауырым, өзің арнайы діни оқу орнын бітірмесең де, өз бетіңше рухани кітаптарды көп ізденіп оқитыныңды білемін. Ана күні бір сөзіңде интернеттен керемет бір қызық дерек таптым деп едің, ол не дерек?

Жауап: – Әсет аға, осы жақында интернеттен өте қызық та, Жаратушы түсірген қасиетті Құран Кәримнің ішіндегі аяттардың математикалық заңдылықтарын тауып оқып жағамды ұстадым!

– Осының қысқаша мазмұнын оқырмандарымыздың да біле жүргені жөн болар деген байламға келдім. Доктор Тарик Аль Суаиди қасиетті Құран аяттарынан бір нәрсенің, екінші нәрсемен математикалық тең екенін байқапты. Ең таңқаларлығы Құранда «ер адам» деген сөз 24 рет қайталанса, «әйел» деген сөз де 24 рет қайталаныпты, немесе 24=24. Осыған таңырқаған ол аяттарды ары қарай талдаса осындай заңдылық Құран аяттарының бәрінде де тұнып тұр екен. Енді араб тілінде жазылған аяттардағы тең сөздердің кейбіреуіне шолу жасап қарап көрелік:

Дүние (фәни әлемнің бір атауы) деген сөз 115 қайталанса, Ақирет (бақи әлемнің бір атауы) 115 рет қайталанған.

Өмір 145 рет қайталанса, Өлім 145 рет қайталанған.

Пайда 50 рет болса, Зиян 50 рет қайталанған.

Адамдар 50 рет, Елшілер 50 қабат.

Ібіліс 11 қабат қайталанса, Ібілістен қорған іздеңдер деген сөз 11 рет айтылған.

Қарғыс деген сөз 75 рет, ал Алғыс деген сөз 75 рет қайталанады.

Шығын 73 қабат кездессе, Кіріс 73 қабат кездеседі.

Адамды азғырушылар деген сөз 17, Өлген адамдар деген сөз тіркесі 17.

Мұсылман 41, Кәпір 41.

Алтын 8, Жеңіл өмір 8.

Сиқырлы 60, Адасқандар 60.

Зекет 32, Береке 32.

Пікір 49, Үндемеу 49.

Тіл 25, Уағыз 25.

Жайбарақаттық 8, Қауіптену 8.

Ашық сөйлеу 18, Жариялау 18.

Ауыртпалық 114, Шыдамдылық 114.

Мұхаммед 4, Шариғат (Мұхаммед ілімін оқу) 4.

Ер адам 24, Әйел адам 24.

Тағы бір таңқаларлығы – төмендегі сөздер мұншама қабат қайталанады.

Ай деген сөз 12, Күн (тәулік) деген сөз 365 қабат қайталанады.

Теңіз 32, Жер 13 қабат қайталанады.

Теңіз+Жер = 32+13 = 45

Теңіз = 32/45*% 100 = 71.11111111

Жер = 13/45* 100 = 28.88888889%

Теңіз+Жер = 100.00%

 

Қазіргі ғылым жетістігі жақында ғана жер шарының 71.111 пайызын су, ал қалған 28.889 пайызын құрлық құрайтынын дәлелдесе осының бәрін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) кім білдірді? Жауап біреу-ақ: Құдіретті АЛЛА. Осыны қасиетті Құран Кәрим бізге хабарлайды.

 

– Саяуыш бауырым, енді оқырмандарға өзіңді қысқаша таныстыра кетсең, және осы денешынықтырудың адам ағзасына әсері, ерекшелігі неде?

– Жәрәйді Әсет аға, айтқаныңыз болсын, білгенімді айтайын.

Мен, Саяуыш Өндірханұлы Қасабаев 1975 жылы 24 желтоқсан айында бұрынғы Семей облысы,Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім.

1983....1991 жылдары Науалыдағы №2 орта мектепте оқыдым. 1984 жылдан бастап самбо күресімен шұғылданып 14 жасымда спорт шеберлігіне кандидат нормасын орындадым.

1991...1994 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте оқыдым. Осы мектеп қабырғасында оқып жүргенде қазақша күрестен Алматы қаласының жеңімпазы (чемпион) болдым.

1994....1999 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Рязань қаласындағы армия генаралы Маргелов атындағы әскери әуе – десант академиясын ойдағыдай бітіріп, әскери әуе – десантының офицер атағын алып шықтым. Осы оқу орнында спорттың түр-түрлерімен шұғылдандым.

1994 жылы әкери училищенің ішіндегі самбо және жекпе-жек айқас (рукопашный бой) бойынша жеңімпаз болып, әскери әуе – десанттарының құрама командасына мүше болдым.

1995 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе-жек айқастан (рукопашный бой) әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алып спорт шебері нормасын орындадым.

1995 жылы мамыр айында Ресей Федерациясының барлық әскери күштерінің арасындағы жарысында жекпе-жек айқастан күміс жүлдегері болдым.

1995 жылы маусым айында Санкт-Петербург қаласында халықаралық жарыста панкратион (ережесіз айқас) бойынша күміс жүлдегер атандым.

1995 жылы қараша айында бүкіл Ресейлік турнирде Омск қаласында жекпе-жек айқастан алтын медальға ие болып, Ресей Федерациясының жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алдым.

1996 жылы наурыз айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе-жек айқастан әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы болып алтын жүлдені жеңіп алдым.

1996 жылы мамыр айында Иркутск қаласында Ресей Федерациясының барлық әскери күштері арасында жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым.

1996 жылы маусым айында Вильнюс қаласында халықаралық жарыста панкратион күресі бойынша алтын жүлдеге ие болдым.

1996 жылы қараша айында Омск қаласында бүкіл Ресейлік турнирде жекпе-жек айқаста алтын жүлдеге ие болып, Ресейдің «техникасы ең үздік спортшы» атағымен марапатталдым.

1997 жылы көкек айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе-жек айқастан әскери әуе десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.