Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімінде Су-Ауа ерекшеліктері бар адамдар 2 страница



Жауап: – Ерекшелік: екі элементтің қосындысынан пайда болған нәзік қуат. Мысалы, ауа мен эфир біздің тәнімізге дене ауасын береді, немесе Ауа-ерекшелігін. Эфирдің элементтері құлақта, танауда, асқазан-ішек жолдарында, ауызда, өңеште, өкпеде, сүйектерде, бас қуысында денеміздің барлық жерінде болып, бұлшық еттердің, сүйектердің, ішектің, жүрек соғысының, қан тамырларының кеңейіп-кішірейуінің, қалдықтардың шығуының т.б. жалпы біздің іс-қимылымызды басқарады. Сондықтан да: «өмір дегеніміз қозғалыс» – деп тектен-текке айтпаймыз. Ауа қозғалысынсыз ішкі мүшелеріміз бен дене қимылымыздың жұмысы тоқтап, осы фәни өміріміздегі тіршілігімізге нүкте қоямыз. Сондықтан бiз әлi толық зерттелiп болмаған эфир туралы бiраз түсiнiк беремiз.

Эфирдi адам өзiнiң сезiмдерiмен бiле алмаса да түрлi нәзiк құралдар арқылы қабылдай алады. Эфир жан иелерiнiң сыртқы және iшкi болмысымен әрекет жасайтын кеңiстiк. Адамның нәзiк болмысы сезiм, ақыл-есiнен бастап тұрпайы болмысы физикалық тәнi осы эфир кеңiстiгiнде әрекет жасайды. Мысалы, ғарыш кеңiстiгiнде ұшып жүрген ғарышкерлермен байланыс эфир арқылы болады. Ғарыштық кеңiстiкте "бос орын" (вакуум) жоқ, толған эфир. Барлық радио, электро-магниттік байланыстар эфир арқылы болады. Кейде радиодан "Әуе толқынында – Қазақ радиосы" тәрізді сөздерді естиміз. Бірақ, "Эфирде – Қазақ радиосы " десе дұрыс болады.

Эфирдiң сезiм тұлғасы (объектiсi) – дыбыс (толқын). Бұл арада "дыбыс" деген сөз дыбыс толқындарын ғана емес, электромагниттiк, ультра-дыбыстық толқындар түрiн бiлдiредi. Барлық жан иелерi эфирдің ішінде және олардың денесінде де эфир бар.

Қазiргi ғылым эфирлiк дененi бiраз зерттеп, нәтижесiн өмірде қолдана бастады. Адамның эфирлiк денесiнiң мүсiнi оның тәнiнiң мүсiнi тәрiздi, тек қана одан мөлшермен 2-10 мм шығып тұрады. Экстрасенсорлық қасиетi бар адамдар оны көре де алады. Эфирлiк дене адамның сыртқы ғарыш әлемімен байланысын қамтамасыз етедi. Адамның сыртқы әлеммен энергия алмасуы (әсiресе күн энергиясымен) осы эфирлiк дене арқылы болады. Ол қарама-қарсы екi полюсi бар электромагниттiк толқындардан құралады. Эфир сырттан энергия түрлерiн тартып, тұрпайы (физикалық) денеге беру және оның керексiз қалдықтарын сыртқа шығару арқылы тазартып отыру жұмысын атқарады.

Сұрақ: – «От ерекшелігі» дегеніміз не?

Жауап: – Су мен Оттың қосындасы тәнімізге денелік от береді, осы қуатты От ерекшелігі деп атаймыз. Денедегі от – жылу мен жарық және қуат көзі. Біздің ғаламшарда жарық, жылу, от көзі күн болса, біздің жүрегімізде – жарық, жылу, от және қуат көзі болып есептеледі. От денемізде зат алмасу ағымын реттеп және қоректік заттарды денеміздің жеті қабатына жеткізіп, қанымызды вирустан, улардан, ауру әкелетін бактериялардан тазалайды. Денеміздің терісінің қызуын бірқалыпта ұстап, өң беріп, көзімізді нұрландырып тұрады. Көздегі нұр денсаулығымыздың айнасы. Дененің қызуы, ас қорту, ойлау, ақылдың жағдайы бәрі – оттың қызметі. Барлық зат алмасу ағымдары және ферменттік жүйе оттың бақылауында болады.

От та біздің тәніміздегі бес элементтердің ерекшеліктеріне таралады, әрбір элементтің ерекшелігі тәніміздің белгілі бір іс-қимылына жауапты.От көзде, теріде, қанда, қанның қызыл түйіршіктерінде, жүректе, майда, тер шығаратын бездерде болады.

Сұрақ: – «Су ерекшелігі» дегеніміз не?

Жауап: – Су мен топырақтың қосындысы тәнімізде дене суын құрайды, осыны Су ерекшелігі дейміз (су, шырыш).

Денедегі су: қан, лимфа және жасаушаларымыздағы барлық сұйықтар. Олар сілекей, асқазан сөлі, дененің шырыш қабаты, плазма мен протоплазма. Су – дене мүшелерінің, жүрек-қан тамырларының, тіндердің іс-әрекеттері үшін өте маңызды. Нәзік деңгейде – нәзік денелердің өмір сүргіштік қабы. Су ерекшелігін «биологиялық су» деп те айтамыз, олар дененің элементтерін, тіндерді бекітіп, биологиялық мықтылығына, тамақты дененің жеті денесіне тасымалдауына және ағзаның қорғаныс қабілетіне жауапты. «Биологиялық су» сондай-ақ, буындарды майлап, теріні ылғалдандырып, жараның жазылуына, қуат пен тұрақтылыққа, есте сақтау қабілетіне, жүрек пен өкпені қуатпен қамтамасыз етуге, қорғанысты (имунитет) арттыруға жауап береді.

Топырақ – біздің денеміздегі бесінші элемент. Жер бетіндегі тіршілік тірісі бар өлісі бар осында, топырақ – осылардың және тәніміздің құрылымының негізі; сүйегіміз, тісіміз, сіңіріміз, бұлшық етіміз, тініміз (жәй етіміз), теріміз, тырнағымыз бәрі де – топырақтан жаралған. Біздің денемізде топырақ пен су элементі басым болғандықтан жер шарында туғанбыз.

Біздің тәніміз 24 элементтен тұрады. Бес тұрпайы: топырақ, су, от, ауа, эфир элементтері біздің тұрпайы денемізді құраса, 19 элемент нәзік денемізді құрайды. Осында біздің іс-әрекетімізді басқаратын бес тұрпайы сезім мүшелеріміз кіреді: ақыл, өре, сезім, адамның жалған «мені», кірленген сана.

Топырақ – Танау, мұрын – Иіс сезу – Шығару мүшелері

Су – Тіл – Дәм сезу – Бала табатын мүше

От – Көз – Көру – Аяқ

Эфир – Құлақ – Есту – Бас

Ауа – Тері – Жанасу – Қол

Жер (топырақ) иіс сезумен байланысқан, осының тұрпайы мүшесі мұрын, осы мүше арқылы топырақтың, жердің, гүлдің, тамақтың исін сеземіз. Мұрын шығару мүшелерімен де байланысқан. Мысалы, ішектің шығаруы дұрыс болмаса, іш қатып дәрет жүрмей қалса, иіс сезуіміз нашарлайды.

Су дәммен байланысқан, сусыз дәм сезе алмаймыз. Біз құрғақ жемісті тілімізге салғанда, ылғалданбағанша дәмін сезбейміз.

От көрумен байланысқан, көз бояудың түрін анықтап, жүруімізді басқарады, сондықтан да соқырлар біреудің көмегінсіз жүре, ал саңыраулар сөйлей алмайды.

Эфир естумен байланысқан, ортада дауысты қабылдап тұрады. Құлақ есту мүшесі ретінде, сөйлеу мүшесі арқылы іс-әрекетті білдіреді.

Ауа жанасу сезімімен байланысқан. Бұл дегеніміз тері, ал қол – іс-әрекет мүшесі.

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамның дене бітіміндегі ерекшеліктерін және олардың жанама түрлерін талдап бере аласыз ба?

Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, сіздің қойған сұрағыңыз өте ауқымды және өте күрделі сұрақ болғандықтан кеңінен, әр қайсысына жеке-жеке тоқталайын:

Ауа ерекшелігі

Ауа ерекшелігі – барлық іс-әрекетімізді басқаратын денеміздегі ауа. Микроскоптың көмегімен тіпті бір жасаушаның да қозғалатынын көреміз. Жасауша бір жағынан өмір сүруі үшін өзіне қажетті микроэлементтерді қабылдап тамақтанып жатса, екінші жағынан ыдырау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды ағзадан шығарып жатады. Ауа тыныс алуымызды басқарады. Тыныс алу да, тамақтың бір түрі, – біздің ағзамыздың қызметінің негізі. Тамақ біздің тәнімізді қоректендіріп, тінімізді, бұлшық етімізді, сүйегіміздің өсуіне дағдай жасаса, ауа осыларды іс-әрекетке келтіреді, осының арқасында қозғаламыз, яғни – өмір сүреміз. Ауа сондай-ақ сезімдерімізді: қорқыныш, үрей, мазасыздану, күйгелектену, ауырғанды білдіріп басқарады. Тәніміздің кез келген жері ауырса, онда осы арада ауа алмасуы бұзылып, ауа шоғырланып тұрып қалған. Жәй ғана терімізді шымшысақ та ауырады, осы кезде ауаның келуін бөгеп тастадық, сондықтан да сынғанда, жараланғанда ауырады. Ауа денеміздің барлық мүшелерінде бар, ауа ағзамыздың белгілі бір мүшелеріне шоғырланады: ішек жолдарына, сүйекке, жанбастың ойығына, құлаққа, теріге. Ауаның суық, құрғақ, құбылмалы, өткір ерекшеліктерін білу арқылы оның көбею себебін анықтауға болады. Осы ауаның белгілі бір мүшеге шоғырлануы оның тепе-теңдік қалпын бұзады, сондықтан да қайта тепе-теңдік қалпына келтіру үшін, оның қарама-қарсы ерекшеліктерін пайдалану қажет. Мысалы:

Ауаның сапасы (нашарлататыны) Қарама-қарсы сапасы (жақсартатыны)  
Жеңіл Ауыр
Суық Ыстық
Құрғақ Ылғалды
Өткір Жұмсақ
Құбылмалы Тұрақты
Шалт Баяу

 

Сұрақ: – Ауа ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан шығаратын қандай себептер?

· дұрыс тамақтанбау

· дұрыс ойламау

· қоршаған ортаның нашарлығы

Жауап: – Дұрыс тамақтанбау дегеніміз, дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар адамдар, осындай ерекшеліктері бар тағамдармен тамақтануы. Мысалы, Осындай адамдар суық, құрғақ, жеңіл, өткір тағамдарды жеуге тиіс емес. Тамақ сіздің ойыңызбан тікелей қарым-қатынаста, сондықтан да жоғарыда аталған тағамдардың сапасы ауа ерекшеліктерімен сәйкес, осы тағамдар сіздің ойыңызды мазасыздыққа, ал сезіміңізді қорқынышқа, үрейге, күйгелектікке ұрындырады, себебі осының бәрі Ауа ерекшелігінің сапасына тән. Есіңізде болсын, біздің ойлау жүйеміз тамақтануымызға тікелей тәуелді!

Сұрақ: – Қоршаған ортаның әсері қалай?

Жауап: – Қоршаған орта да біздің денеміздегі Ауа ерекшелігіне әсер етеді. Мысалы, суық ауа райында жылы киінбесек дірдектейміз, аяғымыз тоңады. Егер қымтанып жүрмесек сырттағы суық, ішіміздегі суықты арттырып, ішкі отымызды сөндіреді, сөйтіп денеміздегі Ауа ерекшелігінің тепе-теңдік қалпын бұзамыз. Тәніміздегі артық ауа – іштің қатуын, жел кеулеп іштің кебуін, жүйке жүйесінің бұзылуын, қозғалу мүшелерінің ауруын, сүйектердің және буындардың қақсауына ұрындырады. Ауа ерекшеліктерінің тепе-теңдігінің бұзылуы – адам ағзасын 83 түрлі ауруға шалдықтырады.

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, дене бітіміміздегі Ауа ерекшеліктерінің өзі неше жанама ерекшеліктерге жіктеледі?

Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, адамның дене бітіміндегі Ауа ерекшелігінің өзі бес жанама ерекшеліктерге жіктеледі. Олардың әрқайсысы ағзамыздың белгілі бір мүшесінің іс-әрекетіне жауап береді. Әрбір жанама ерекшелік белгілі бір жерде орналасып, нақтылы іс-әрекет қылады. Оларды «дененің желі» немесе толқыны деп атайды. Олар ақпаратты жүйкеге бергендіктен: бұлшық еттердің, қан тамырлары мен түтіктердің т.б. қозғалатын мүшелердің бәрі де, алынған бұйырыққа сәйкес – қимылға, әрекетке кіріседі.

Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің Сезім жанама түрі дегеніміз не? Ол қайда орналасқан?

Жауап: – Адамның дене бітіміндегі Ауа ерекшелігінің сезім жанама түрімида, баста, кеудеде орналасқан. Олар бес сезім мүшесінің жұмыстарын қамтамасыз еткендіктен біз: естиміз, көреміз, тамақтың дәмін, топырақтың исін сеземіз, өзіміздің терімізге жанасқан затты да көріп-сеземіз. Жанама ерекшелік ойлау жүйемізге әсер етеді. Басымыздың сыңғырлап тұруы да ауаның бір сапасы, осы кезде ойлау қабілетіміз жақсы ерекшеленіп, арта түседі. Егер де осы жанама ерекшелік тепе-теңдікте болса, онда басымыз үнемі жақсы жұмыс істеп, көңіліміз көтеріңкі, ойлауымыз анық, айқын, ойымыз мөлдір, таза болады. Ауаның жанама ерекшелігі тыныс алуымыздың жиілігіне, жұтуымызға әсер етіп, қалған төрт жанама ерекшеліктердің арасындағы бастысы болып саналады. Ауаның жанама ерекшелігінің тепе-теңдігінің бұзылуы: қорқыныш, үрей, әлсіздік, ұйқысыздық, дәм, иіс сезбеуге, көздің көруінің нашарлауына әкеп соғады. Құлақтағы шуыл, көздің жасаурауы, былшықтануы, танау мен бас қуыстарында шырыштың шоғырлануы да – осы сезім жанама түрінің тепе-теңдігінің бұзылуының салдары.

Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі түрі дегеніміз не? Қай мүшеде орналасқан?

Жауап: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі өңеш пен өкпеде орналасқан. Бұл құлақпен байланысқан мидағы сөйлеу орталығы арқылы сөйлеу ағымының жұмысын қадағалайды. Мысалы, сәбилердің сөзінің бұзылуы – өткен өміріндегі есту мүшесінің бұзылуының салдары. Осы сөз жанамасы еске сақтау қабілеті мен ойдың жетілуіне әсер етеді. Осының тепе-теңдігінің бұзылуы жөнді сөйлей алмауға (тұтығу), құрғақ жөтелге (өкпедегі ауа алмасының бұзылуы), өңештің құрғауына, баспаққа (тамақтың ауруы), жалпы әлсіреуге жол береді.

Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрідегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?

Жауап: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрі асқазанда, ішекте, төсіміздің айрық сүйегінде орналасқан. Ол жүректің, асқазанның, тік ішектің, тоқ ішектің, асқазан астындағы бездердің, сондай-ақ ас қорту мен ішектердің де жұмыстарын қамтамасыз етеді. Осы ас қорту жанамасыныңтепе-теңдігінің бұзылуы ішкен тамақты баяу немесе өте жылдам қортып, асқазан мен ішектердің ауруына, түйілуіне, желдің жиналуына, тамақтың жөнді сіңбеуіне әсерін тигізеді.

Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?

Жауап: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі тік ішек пен қарынның төмен жағында орналасқан. Ол жыныс мүшелерінің, етек кір ағымының жұмыстарын ретке келтіріп отырады. Осы жыныс жанама түрініңтепе-теңдігінің бұзылуы кіші дәрет шығаратын мүшенің, іштің маңының, белдің ауруына, етек кір ағымының бұзылуына, ішектің қатуына, түйілуіне, газдың жиналуына әкеп соғады.

Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түрідегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?

Жауап: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түріөзінің әсерін бүкіл жүйке жүйесі мен қан айналу жүйесі арқылы береді. Біздің бес сезім мүшелеріміз берген ақпаратты жүйке жүйесі арқылы қабылдайды, қан тамырларының біресе кеңіп, біресе тарылуының да себебі осыдан. Осы жүйке жанама түрі қан қысымы мен терлеуімізге жауапты. Осының тепе-теңдігінің бұзылуы қан қысымының жоғарлауына не төмендеуіне, қан айналымының бұзылуына, тахикардияға, жүйкенің ауруына ұрындырады.

Сұрақ: – Тепе-теңдік бұзылғанда қалай реттеуге болады?

Жауап: – Тепе-теңдіктің бұзылу салдары, Ауа ерекшелігінің тоқ ішектің төменгі жағы мен тік ішектің ішіне шоғырлануына себепкер болады. Осыдан құтылу және ауа алмасуын реттеу үшін, таңертең және кешке денедегі қуат көздерін уқалап, ауаның денедегі тепе-теңдігін сақтауға болады. Осы ауаның, тәніміздегі от пен судың да қалыпты қалпын сақтауға септігі тиеді.

Қуат көзінің бірінші нүктесі қабақтың екі арасына орналасқан, осыны екі саусағыңызға май жағып алып, сағат жүрісі бойынша қатты батырмай күніне екі қабат жылу пайда болғанша баяу 1-2 минут уқалаңыз, егер де қатты батырып, жұлқып уқаласаңыз бас қуысыңызды кеулеп алған желіңіз ұлғая түседі.

Қуат көзінің екінші нүктесі төс сүйектің айрығының арасындағы ойыққа орналасқан (солнечное сплетения). Осы нүктені екі не үш саусағыңызбен сағат жүрісі бойынша 2-3 минут уқалаңыз. Уқалауды тек жатқан қалыпта ғана жасаңыз.

Қуат көзінің үшінші нүктесі қарныңыздың ортасында болады, осы аумақты уқалағанда, ауаның тепе-теңдік қалпының бұзылуының салдарынан болған көптеген келеңсіздіктерден арыласыз.

 

От ерекшелігі

Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, От ерекшелігі дегеніміз не?

Жауап: Қастер Сарқытқанұлы, От ерекшелігі – денеміздегі от немесе жалын, запыран. Бұл тәніміздің зат алмасу ағымының барысында пайда болған жылу қуаты. От – ас қорту, сору, еріту, теріміздің жылуын бірқалыпта ұстау, өңімізді, көз жанарымызды, теріміздің түрін және нәзік денелерімізге қоректі тасымалдау жұмыстарына жауап береді. Осының тепе-теңдік қалпы бұзылған кезде: ашу, ыза, көре алмаушылық, қызғану, тойымсыздық сезімдеріне жол ашылады. Барлық құмарлықтар да оттың бақылауында болады. Ол сырттағы оттан нәр алады, сондықтан да сырттағы от өзгеренде, осыған сәйкес тәніміздің ішіндегі от та өзгереді. Көздің қырағылығы мен пайымдау да оттың қол астына қарайды.

Сұрақ: – От ерекшелігі қалай жіктеледі?

Жауап: – От та бес жанама ерекшеліктерге жіктеліп денеміздің әр жеріне орналасады. Ол асқазанда, тері бездерінде, қанда, майда, көзде, терімізде, бірақта негізгі мекені ішек (тонкой и 12-перстной). Оттың тепе-теңдігінің бұзылуы – терінің қабынуына, гастритке, іштегі жараға, шаншуға, көздің, шаштың ауруына, вирустың, удың пайда болуына, қанның ауруына, денеміздің қызуының жоғарлауына т.б. зардаптарға мұрындық болады. Оттың ыстық, ылғалды, майлы, шалт, өткір, анық, жеңіл, сасық, сапасын біле отырып, тәніміздегі оттың ұлғаю себебін анықтай аламыз. Оттың осы қасиеттері де денеде молая береді. Осыны тепе-теңдік қалыпқа келтіру үшін, осыған қарама-қарсы сапа қажет. Мысалы:

Оттың сапасы (нашарлататыны) Қарама-қарсы сапасы (жақсартатыны)  
Ыстық Суық
Ылғалды Құрғақ
Майлы Майсыз
Шалт Баяу
Өткір дәм Тәтті
Жеңіл Ауыр
Сасық Хош иісті

Сұрақ: – От ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан шығаратын себептер не?

· дұрыс тамақтанбау

· дұрыс ойламау

· қоршаған ортаның нашарлығы

· Тазалық сақтамау

Жауап: – Дұрыс тамақтанбау – Оттың сапасына тән тағамдарды ішіп-жеу. Мысалы, дене бітімінде От ерекшелігі бар адам өте ыстық тамақты, сұйықты көп ішуіне, майлы, өткір дәмді тағамды жеуіне, сасық иіспен дем алуына болмайды, себебі кеудесіндегі ыстығы көтеріліп кетеді. Жеңіл тамақпен ғана тамақтануына, 3,5 сағат бұрын пісірілген тағамды, тұрып қалған тамақтарды жеуіне болмайды. От ерекшеліктермен сәйкес тамақтарды ішкенде, денесіндегі от мөлшері ұлғайып, аузынан жаман иіс шығып, терлегенде шыққан тері, кіші және үлкен дәреті сасып кетеді. Бұндай тағам: ойын мазасыздыққа, ашу-ыза, көре алмаушылық, қызғаныш, тойымсыздық, ашкөздік сезімдерін оятып, құмарлығы қозып, ойлау жүйесі жанжалдасуға бейім тұрады.

Сұрақ: – Дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамға қоршаған орта қалай әсер етеді?

Жауап: – Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдар қоршаған ортаға да тәуелді, ыстық жазда, шілдеде сырттағы оттың қызуы көтерілсе, соған сәйкес іштегі жалын да лапылдап жана бастайды, сондықтан да осындай адамдар ыстық ауа райында бойкүйез, салғырт, маубас болып, жаман сезімдері ашу-ыза т.б. белең алады. Ыстық, майлы, өткір, жеңіл тамақтардан денедегі от лап етіп жанып, денедегі ауаны жағып жіберетіндіктен ас қортылмайды, ал керісінше ылғалды тамақ денедегі отты сөндіреді. Оттың ұлғайып, тепе-теңдігінің бұзылуының негізгі себебі, – Ауаның бұзылуы. Денедегі от та, су да өз беттерімен қозғалмайды, оларды қозғалтатын ауа. Сондықтан да денедегі ауаның тепе-теңдігі бұзылғанда, от пен судың да тепе-теңдіктері бұзылады. Біздің тәнімізде оттың 13 түрі бар. Ең бастысы ас қорту оты асқазанда болады, кесек асты ұсақтап бөлшектерге бөледі. Оттың бес түрі бауырда (бауыр оты) болып, ішкен тамағымыздағы бізге жат элементтерді, өзімізге тән элементтерге алмастырады. Оттың әсерімен бауыр келген суды қанға айналдырады. Оттың жеті түрі нәзік денелерімізде болады, олар қоректі бір денеден екінші денеге тасымалдайды.

Оттың бес жанама ерекшеліктері

Сұрақ: – Ас қорту жанама түрідегеніміз не? Қай мүшеде орналасқан?

Жауап:Ас қорту жанама түрі – асқазанда және тоқ ішекте орналасқан. Бұл жанама, қоректік заттардан уларды ажыратуда және ас қорту ағымында өмірлік маңызы бар жұмыстар атқарады. Ас қорту барысындағы жылу алмасуын реттеп, оны баяу не жылдам қылады.

Осының тепе-теңдігінің бұзылуы асқазан мен ішек жолдарын күйдіруге, қыжылдатуға, жара шығуға, тамақтың мезгілімен қортылмауына, ауамен, тамақпен, қышқыл кекірулерге, асқазанның қортпау азабына әкеп тірейді.

Сұрақ: – Қан жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?

Жауап:Қан жанама түріқызыл қан түйіршіктерінде, бауырда және көк бауырда шоғырланған. Бұл жанама қызыл қан түйіршектерінің құралуын басқарады және ас қорту жанама түріне тәуелді, себебі тасымалдау ағымы мен тамақты өңдеу толықтай ас қорту жанама түрінің жағдайына байланысты. Қан жанама түрі, қанның құрамының тепе-теңдігін сақтап отырады. Ағзадағы улар, қан жанама түрінің тепе-теңдігін бұзатын басты себеп. Егер қан құрамында улар мен вирустар көп болса, онда осы қан жанамасының әлсірегені және ауру әкелетін микробтарға қарсы тұра алмайды, инфекциялық, сары ауру (гепатит), қан, тері, инфекциялық аурулар да, осының салдары.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.