Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 8 страница



Өмірінің соңындағы адамның созылмалы ауруы болашақ ауруының себебі, себебі әлсіз мүшенің қуат арнасы туғаннан бітеліп қалады. Тәндік кемшілік те, құмарлық пен надандық байлауының әсерінен болған біздің қалауымыз, іс-әрекетіміз, өмір сүру қағидамыз. Біздің тәніміз білімсіздіктен ауырады, егер өмірінің соңына таман рухани білім алмаса, келесі өмірінде де аурудан зарлап шегеді. Сол сияқты біздің жақсы от басында, бай отбасында, білімді отбасында, нашар отбасында т.б. жерлерде өмірге келуімізде де белгілі бір заңдылық бар. Ол – бүкіләлемдік әділет заңы немесе қарымта қайтару заңы. Әрбір тірі жан иесінде өмірлік бағдарлама мен өлшеніп берген өмір бар. Жан өзінің мерзімі біткен уақытта тәнді тастап кетеді. Егер де біздің өміріміз Жаратушының еркінде болмаса, дәрігерлер барлық науқастарды емдеп жазар еді. Бізге Жаратушы көмекке Ғазиз жанды жіберген. Ол сізді белгілі бір іс-әрекетке итермелейді, сол кезде ауруыңыздан жазылып аяғыңыздан тік тұрып кетесіз. Барлық қарымталық аурулар құмарлық пен надандық байлауының басқаруымен болады, егер де адам рухани ілімді оқып үйреніп ізгілік байлауына қол жеткізсе, онда оның қарымтасы жеңілдейді.

Сұрақ: – Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ала ма?

Жауап: – Барлық қасиетті кітаптарда тірі жан иелерін қорлауға, қинауға, зорлауға болмайтыны туралы жазылған. Ешкімге, ешбір жан иесіне зияныңды тигізбесең, саған да сондай қарым-қатынас орнайды. Сіздің іс-әрекет пен қылығыңыз ғана емес, ойыңыз бен сөзіңіз де тірі жан иелеріне әсер ететінін біліңіз. Өзінің ақылын басқара алмайтын адам, өзіне жан-жақтан жау тауып алады, сөйтіп оның өмірдегі мақсаты орындалмайды.

Экономикалық география ғылымдарының докторы, доцент Қастер Сарқытқанұлының бірінші толғауы

Тақырыбы: Қысқаша өмірбаяны. Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады? Пәндік әлемде қандай білім аламыз? Тәнді қалай бағындыруға болады? Адамда неше жан болады және қай жерде орналасқан? Ұшатын тәлеңкелер. Басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма?

Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,

Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.

Осы сенің қызығың, қуанышың

Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек. Абай

 

Сұрақ: – Қастер бауырым сенің тағдырың біздің жергілікті азаматтардан өзгеше. Оның себебі сен басқа елде туып-өскен азаматсың. Осы туралы оқырмандарға толықтай және кеңінен баяндап берсең, себебі біздің елдің де қазақтарын Қытай еліндегі қандастарының тағдырлары алаңдатуда, көбірек білгісі келеді. Қытай еліндегі қазақтар біздер сияқты емес – ұлттық салт-дәстүр мен пайымдауды қаз-қалпында сақтап қалған. Біз де еліміз егемендік алғалы ғана өз ата-бабаларымыздың, ұлтымыздың тарихын зерттеуге, бұрынғы салт дәстүрлерімізді жаңғыртуға мүмкіншілік алып отырмыз. Сондықтан да біздің елдің қазақтарының Қытай еліндегі бауырларынан үйренерлері көп пе деп ойлаймын. Осыған не дейсің?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, сұрағыңызға толықтай жауап беруге тырысып көрейін. Ол үшін сөз басын тарихтан таратуға тура келеді. Ата-шежіреге жүгінгенде арғы бабаларымыздан бақ қонып, дәулеті өскен әулет көрінеміз. Алысқа бармағанда өз атам Құйғанбай да іргелі, ауқатты адам болыпты, Кеңес үкіметі орнаған алғашқы үркін-қорқын жылдары Шығыс Қазақстаннан Қытай асып кетіпті. Қара Ертістің әлде бір жерінде «Құйғанбай өткелі» аталған мал өтетін өткел бар деседі. Атам тек малға бай емес, басқа да кенде болмапты. Атпал-атпал ұлдары мен гүлдей көркем қыздары да болыпты. Әкем үйдің кенжесі екен. Атам оның өмірге келгенін көрмей өмірден озыпты. Сондықтан әжем ұлының атын әкесінің сарқыты деп Сарқытқан қойған. Әжем Кален Алтай қазақтарына аты кеңінен мәлім бақсы болған адам екен. Әкемнің ағалары ер тұлғалы, жаужүректі, еңбекқор болған адамдар екен. Әкемнің Байшуақ деген ағасы дүрбелең жылдары қол бастап моңғол жеріне өтіп кетсе, Күншуақ деген ағасы Көктоғай кенінде жұмысшылыр көтерілісіне басшылық еткен. Ал, енді бір ағасы Жаншуақ сері, әрі өз заманының кәсіпкері болған. Әкемнің өз басы он бес жасында Шынжаңдағы «Үш аймақ көтерілісі» аталған ұлт-азаттық төңкеріске қатысып Шынжаңда бейбітшілік орнаған соң Үрімжіде кадрлар дайындайтын «Партия мектебінде» оқып бітіргеннен кейін Қаба ауданында 21 жасында әкім болған.

Экономикалық география ғылымдарының докторы,доцентҚастер Сарқытқанұлы –атасы Құйғанбай ақсақал мен әкесі Сарқытқан сияқты терең ойлайтын, сөзді түйдек-түйдегімен лақтыратын, жаны жайсаң, көңілі жомарт, қытай, жапон, ағылшын тілдерін өзінің ана тілінен кем білмейтін текті тұқымнан шыққан аптал азамат. Өзінің аққұбаша өңі мен сұңғақ бойына ерекшежарасып тұрғанқайратты қара шашы, күлімдеген жанарлары бірқалыпты шуақ шашып, жүзінен иманды адамдарға ғана тән мейірімділік пен жоғары саналылық, ширақ жүріс тұрысынан, дене бітімінен жастық жалыны лапылдап тұрған, маңдайы кере қарыс, парасатты, адамгершілігі мол, оқығаны мен тоқығаны көп, Қытай қазақтары мен Қазақстандағы қандастарының тілі мен ғұрып дәстүрлерін, ауыз және жазба әдебиетін жетік білетін, қаламының ұшының желісі бар, орда бұзар отызды аралаған, сирек кездесетін – санасы мен жеке басының мәдениеті өте жоғары, талантты да, зиялы ғалым.

Қастердің адаммен тіл табысуы, инабаттылығы мен жанының жомарттығы өзіне ғана жарасқан ерекше бір жан. Арғы бет елінен өз бетінше ата жұртқа келіп ғылми атақ дәрежесін Қазақстанда қорғаған білікті де, білімді, бірнеше шығыс елдерінің тілдерін еркін меңгеруі өз алдына, сол елдердің әдет ғұрпын да жетік білетін – болашағынан көп үміт күттіретін ұлтмыздың санаулы бір туар азаматтарының бірі. Өзінің табиғат берген қабілетінің арқасында биіктен биікке самғай білді, әлі де самғауда. Қазіргі уақытта Алматы қаласында Қазақтың мемлекеттік университетінде дәріс оқиды.

Қастер бала күнінен оқуға ынталы болып, түрлі тақырыптағы кітаптарды көп оқитын. Ол 9 класқа түскен жылы бақытқа қарсы әкесі Сарқытқан мезгілсіз қайтыс болып, отбасына түскен ауыртпалықты анасы және ағаларымен иықтасып бірге көтеру үшін 17 жасында Іледегі Талды көмір кенінде бала жұмысшы атанып түпсіз терең көмір шахталарынан алғашқы қоғамдық өмір жолын бастайды. Алайда, білімге ынтық жас анасының талабы мен өзінің қалауы бойынша қайтадан талапкер атанып 19 жасында Үрімжінің Шынжаң университетіне түсіп 23 жасында бітіріп шықты.

Қастердің әжесі Қален апа Алтай қазақтарына аты кеңінен мәлім қолының шипасы бар бақсы болған, қасиетті адам.

Ал нағашы атасы Қылышбай қажы Қытай қазақтарына танымал тарихшы-шежіре адам болып, дін және саяси билікте бірдей ұстап ел басқарған өз заманында озық ойлы, дана ақсақалы болған.

Қастердің шыққан биіктері, алған асулары, адамгершілігі мен парасаттылығы, ата-баба, әке өсиетінің, аманатының абыроймен ақталғанының дәлелі емес пе!

Қастер Сарқытқанұлының тағы бір қайталанбас ерекшелігі – өмірге философиялық (даналық) көзқараспен қарайтынында, өмір ағымын осы тұрғыдан бағалап, өз ойлары мен пайымдауын іс жүзінде дәлелдеп, имандылыққа, табысқа жету жолдарының бұралаңы мен қалтарыстарының құпияларын көпшілікке, әсіресе оралман ағайындарға түсіндіру мен насихаттауды өзіне парыз деп санайды. Осы қасиеттерінің өзі-ақ Қастердің рухани байлығы терең, санасы жоғары, адамгершілігі мен парасаты мол екенінің дәлелі емес пе?

Сұрақ: – Қастер Сарқытқанұлы, сұрағымды мынадай философиялық ойлармен бастағым келіп отыр. Алма ішіндегі дәнді санау қиын емес. Бірақта, бір дәнде қанша алма барын кім айта алады?

Жауап: – Әсет аға, бұл сұрағыңызға қысқа да нұсқа жауап берейінде, ар жағын өз ойыммен жалғастырып отырайын. Бір дәнде қанша алма барын айта алмаудың жауабы – шексіздік! Міне осы фәни өмірдегі қуаныш пен қасіреттің шарты – шексіздікте бұғып жатыр.

– Пенде болған соң белгілі уақытта фәни өмірге келіп, белгілі бір уақытта бақи әлемге кетеміз, шексіздіктің бізге әсері жоқ сияқты. ­Өйткені, ғарыштың шекарасы барын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Қысқасы, ғарыш шексіз болғандықтан да, сіздің де мүмкіншілігіңіз шексіз, осыны өміріңіздің бір бөлшегі немесе басты шарты етіп алыңыз.

Біз байқаймыз, адамның болмысының басым бөлігінің белгілі бір қалпы жоқ, неге десеңіз, адам ойының, қиялының шегі-шекарасы жоқ. Осыдан өзіміздің де шексіз екенімізге көзім жетті.

Бізді өмір бойы жұмыс істеуге үйретті, бірақта ешкімде, ешқашанда жақсы тұрмыс жағдайы мен ақша табудың жолдары мен әдістеріне үйреткен жоқ. Жаратушы бізді деніміз сау, бақытты және молшылықта ғұмыр сүру үшін жаратқан – бұл жерге шыр етіп түскендегі әр пенденің туа салғандағы құқы мен еркі!

Сен ең алдымен мыңдаған кедергілерді жеңе отырып, ақша табу мен молшылықта тұруды үйрен, сонан кейін осы бар байлығыңнан бас тарт. Өз маңдай теріңмен тапқан байлықтан бас тарта білу – рухани күш пен тазалықтың шыңы! Сен байлығың мен дүниең болғанда ғана басқаларға қамқорлық жасай аласың, ал түгің жоқ кедей болып «мен құдай жолындамын, рухани тазамын», – деп, не өзіңе, не елге пайдаң тимей, құр кеуде қаққаныңның кімге қажеті бар?! Кедейлік пен жоқшылық – күнә!

Демек, молшылық пен байлықтың да ғарыштағы басқа заттар сияқты шекарасы жоқ. Бұл біздің шектеліп қалған санамызға берген ғарыштың жауабы. Біз өмір сүру қағидасын жоқшылыққа негіздемей, керісінше гүлдену мен молшылықты өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдауымыз қажет.

Егер біздің ақыл-есіміз, өреміз белгілі бір шеңбер мен қағидадан аумағынан шыға алмаса, жоқшылықтың барына ғана сенсек, біз бүкіл ғұмырымызды осылай ғана бағалаймыз. Егер біз жоқшылықта өмір сүрсек, бүкіл қуатымызды, қалауымызды осыған ғана бағыштап, өмірімізді жоқшылықпен өткіземіз. Адамдардың басым бөлігі жоқшылықты ғана ойлағандықтан «Менің мұнан артыққа мүмкіншілігім жоқ», «Менің балаларымда киетін киім де жоқ, мен қалай ғана молшылыққа сенемін» немесе «Менде біраз ғана қаржы болса, бұдан жақсырақ тұрар едім...». т.б.

Осы Қазақстанға келгелі он жылдың ішінде бір байқағаным, тәуелсіз еліміздің тұнып жатқан шексіз байлығының ішінде шомылып жүрсе де – өмірде жолы болмаған қандастарымыздың басым бөлігі нашар тұрамыз деген сенімді жүректеріне ұялатып алған, себебі олардың ойлаулары мен пайымдаулары да кедей, жұтаң, таяз. Осындай жоқшылықты ғана ойлағандықтан олар жоғары әлемдерден – ойымен, қалауымен, сөзімен өздеріне тек жоқшылықты ғана тартады, өздері Жаратушыдан осыны ғана тілейтіндерін білмейді, аңдамайды. Жаратушы осы ниет-қалауларын қабылдап сұрағанын беруде. Қытай халқының саны, жер көлемі мен Қазақстан халқының саны мен жер көлемін, әр адам басына шаққанда келетін үлесін салыстыруға келе ме?!

Осы жоқшылықтан құтылу жағдайлары қайсы? Мұның жауабын осы күнделікті тіршілігіміз өтіп жатқан әлемнен табамыз. Біз осы әлемде өмір сүріп жүрміз, сондықтан, оларды басқа әлемде табуымыз мүмкін бе? Нақ шындық – осындағы байлық пен молшылық бәрімізге де артығымен жетеді. Осыны бүгінгі таңда 1,3 миллиард халқы бар Қытай елі дәлелдей білуде. Біз де ғарыштың шексіздігінің бір бөлшегіміз, осыны нақтылы түсінсек, жоқшылықтан құтылудың мыңдаған жолдары мен әдістері бар. Мен осы жоқшылықтан құтылған адамдарды көптеп кездестіремін. Олардың барлығы да, соның ішінде өзім де осы шексіздіктің біз де бір бөлшегі екенімізді өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдап алдық, осыны жүрегімізбен түсіндік.

Сұрақ: – Қастер Сарқытқанұлы, тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, біз тағдырымыздың соққысын тұрпайы денемізбен және нәзік денелерімізбен де аламыз. Болашақта болатын оқиғалардың тұқымы және ауыратын ауруларымыз нәзік денелерімізде: ауруларымыз төменгі есте, ал болашақтағы оқиғалар – жоғарғы нәзік әлемде бұғып жатыр. Дененің, жердің, ғарыштың қабықтары көзге көрінетін және көрінбейтін болып екіге бөлінеді. Адам өміріндегі барлық болатын оқиғалар алдын ала белгіленіп қойылған, тек уақытын ғана тосуда, сондықтан да қарапайым адам өз еркімен мұны өзгерте алмайды. Кей кездерде болашақта болатын оқиғаларды түсімізде көреміз, біз өзгерте алмаймыз, болатын нәрсе қайтсе де іске асады. Қазақ осыны тағдыр немесе: «пешенеңе не жазса соны көресің», – дейді. Егер адам фәни дүниенің шырмауынан шыға алмаса, Құдайға сенбесе қарымта қайтару заңы мүлтіксіз жұмыс істейді, оған күмәныңыз болмасын, ал егер Құдайға сеніп, имандылық жолына түсіп ораза ұстаса, онда оның күнәлары кешіріліп жеңілдей бастайды. Осыған сәйкес адамның тұрмыс жағдайы да түзеліп, бақытты өмір сүре бастайды. Осы кезде Жаратушы адамның тағдырына араласып қарымтасын өзгертіп жібереді. Осы ойды атам қазақ «Алланың жаққан отын адам үрлеп сөндіре алмас» деп қысқада нұсқа түйіндеген.

Біз өзіміздің ақымақтығымыздан қорғаушыны жерден іздейміз. Кейбір күшті тұлға өмірімізде жарылқаушы болады деп ойлаймыз, оның да осы өмірдегі уақытша пенде екенін ұмытып кетеміз. Өмірде бәрі де өзгеріске ұшырауы мүмкін: сізге қамқоршы болып жүрген адамыңыз қас жауыңызға айналуы, жан досыңыз дұшпаныңызға, ерлі зайыптылар арасындағы бірін бірі алдау т.б. сезім тұрақсыз болғандықтан: сүйіспеншіліктен өшпенділікке, достықтан қастыққа, сондай-ақ өмірдегі араласып жүрген жора-жолдастарыңыз да тұрақсыз. Сондықтан да, адамды толық қанағаттандыратын және толық бақытқа жеткізетін жалғыз тұрағы – Аллаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі. Ол үшін біз рухани іліммен дами беруіміз қажет. Бұл дегеніңіз – мәңгілік ақиқат, бақыт.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

 

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті. Абай

 

Сұрақ: – Қастер бауырым, пәндік әлемде қандай білім аламыз? Оның қандай кемшіліктері бар? Алланы қай уақытта есімізге аламыз?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, өзіңіз де жақсы білесіз – адам пәндік әлемде академиялық білім ғана алады, оның өзінің төрт кемшілігі бар. Пенде әрқашанда қателеседі, дүниенің түбін қуады, біреуді алдауға бейім тұрады және сезім мүшелері жетілмеген. Біз қартайғанда Алланы есімізге аламыз да, қиналғанда Одан: «Не үшін азапқа салдың», – деп сұраймыз. Біз ойлаймыз, барлық тартып жүрген бейнетімізге басқалар кінәлы, тіпті Жаратушыны да кінәлаймыз, тек қана өзімізді ғана кінәламаймыз. Әлемде бәрі де Жаратушының еркімен істелінеді, қурай басы да Құдайсыз қимылдамайды. Біздің қалауымыз көп, бірақта біздің ойлағанымыз орындала бермейді. Егер де осыған лайық болсақ қана қалауымыз орындалады. Мысалы, біз баламызды жақсы көреміз, бірақта оның айтқанының бәрін орындай бермейміз, шамамыз жеткенін немесе ол осыған лайықты деп санағанымызда ғана қалағанын тауып береміз. Барлық тірі жан иелері Алланың жаратқан, сондықтан да Ол бәрін бірдей сүйеді.

Сұрақ: – Тәнді қалай бағындыруға болады?

Жауап: – Есіңізде болсын, тән өз ықтиярымен сізге бағынбайды, тәнді бағындыру үшін оның істегісі келетініне санаңыз арқылы әрекет етіп, тәнді ерік күшіңіздің көмегімен ауыздықтап, айтқаныңа көніп, айдағаныңа жүретін етіп бағындырып алыңыз. Осы жерде өзіңіздің қандай адам екеніңізге, өзіңіздің көзіңіз анық жетеді – бос белбеу ынжықсыз ба, әлде ерік, күш жігері мықты, алған бетінен қайтпайтын қайсар да қайратты жансыз ба. Бұл жан мен тәннің айқасы. Тәннің тілін алсаң нәпсің билеп: ауруың, іштарлығың, дүниеқоңыздығың, көре алмаушылығың, нәпсіқұмарлығың, қызғаншақтығың, жексұрындығың, надандығың, жауыздығың, қомағайлығың, көрсеқызарлығың, суайттығың, сұғанақтығың, жымқырмалығың т.б. келеңсіздіктер жинала, өрши келе жарға жығады. Сорлы, мүсәпір, бейшара, созылмалы науқастан жазылмайтын, ешкімге сүйкімің жоқ пенде болып шыға келіп, екі дүниенің де қызығын көрмей, аяғы ит өліммен өліп тынасың.

Сұрақ: – Адамның жаны қайда болады және қай жерде орналасқан?

Жауап: – Адамда болжам бойынша ғазиз жан болады. Ғазиз жан Алланың қуатының (энергиясының) жүректе орналасқан кішкентай бір бөлшегі. Сондықтан, «Құдай – жүректе» (Орысша, «Бог – в сердце») деген сөз бар. Ғазиз жан адамның іс-әрекетіне араласпайды, тек бақылайды және рұқсат беріп отырады. Абайдың айтуынша: «Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде». Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым, Оның ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді. Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір жан иесінің жүрегінде. Ал «Ғалам Алла тағаланың ішінде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік бейнесін көрсетеді, яғни бүкіл ғалам оның ішінде.

Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл-Кудата әл-Хамадани (1048 – 1138) жүректе Алланың орны барын былай деп ашық жазады:

«Алла сіздің түріңіз бен бейнеңізге, сіздің іс-әрекетіңізге қарамайды, Ол сіздің жүрегіңізге қарайды. О, достым, жүрек бәрін көріп отыратын Алланың орны болып табылады».

Мәшһүр Жүсіптің енді атағы шыға бастаған кезі екен. Біреу Абайға келіп, мен Мәшһүр Жүсіппін депті. Сонда Абай: «Алла қайда, құбыла қайда?», – деп сұрапты. Анау: «Алла аспанда, құбыла Мекеде», – деп жауап беріпті. «Жоқ сен Мәшһүр Жүсіп емессің», – деп әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде Абайға сәлем берем деп Мәшһүр Жүсіптің өзі келіпті. Сонда Абай өткендегі сұрақтарын қайта қойыпты. Сонда Мәшһүр Жүсіп: «Алла адамның жүрегінде, құбыла өзің туып өскен жерің – отаныңда», – деп жауап беріпті. Сонда Абай разы болып: «Сен нақ Мәшһүр Жүсіптің өзі екенсің ғой», – деп құшағына басыпты.

Сұрақ: – Жаратушы пендесіне қаншалықты ерік берген?

Жауап: – Алланың адам баласына ерік бергені соншалық – Ол өз тағдырыңды өзіңе берген, жаман болуың да, жақсы болуың да өз қолыңда. Алла айтады ғой: «Сен маған бір табан жақындасаң мен саған қырық табан жақындаймын». Мәйітті шығарар алдында молдалар сұрайды: «Мына кісінің қарызы бар ма?», – деп. Егер адам кешірмесе Алла да кешірмейді. Сондықтан да біз үнемі Жаратушының бақылауында болғандықтан да жаман қылық түгіл, жаман ой ойлаудан да аулақ болуымыз керек. «Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең мағыналы сөзінің түп төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі.

Сұрақ: – Өлгелі жатқан науқастың кей кезде аяқ астынан тәуір болып кетуінің себебі неде?

Жауап: – Кейбір кезде жүгірумен, шынығумен немесе біреудің ақыл кеңесімен ауруымыздан тез жазылып кетеміз, осының бәрі өзімнің жетістігім деп санаймыз, бағалаймыз. Негізінде бұл жүрегімізде орналасқан Ғазиз жан ол бізді іс-әрекетке итерді, бізді рухани кітаптар оқуға, немесе дұрыс жолға түсуіміз үшін бір адамды жіберді, ақыл-кеңеспен көмектеседі. Егер де сіз қатты науқастанып жатқанда, ауруыңыздың шипасы Алладан келмесе дүниедегі ең білгір дәрігер емдесе де көмектеспейді. Сондықтан да біз Алланың еркімен тәуір боламыз, ауруымыздан жазыламыз. Біз Аллаға сенгенде ғана табиғи өмір сүре аламыз.

Сұрақ: – Қастер Сарқытқанұлы, басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, әр ғаламшардағы материалдық жағдайлар әр түрлі, сондықтан ондағы тірі жандардың дамулары да түрлі деңгейде болатыны даусыз. Бұның өзі қазіргі кезде көп айтылып-жазылып жүрген Танылмаған Ұшатын Объектілер (Неопознанные Летаюшие Объекты) туралы түсінік береді. Олар материалдық жағынан бізден жоғары даму сатысында болғандықтан, көптеген қасиеттерін көрсете алады. Соңғы кездердегі жер бетіндегі жарамсыз өзгерістер мен құбылыстарға байланысты олардың бізге деген ынталары өсіп, тыныс-тіршілігімізді бақылау жасап жүрулері мүмкін. Себебі, олар әлемнің біртұтастығын бізден гөрі анығырақ сезінеді. Жер бетіндегі үлкен өзгерістердің бүкіл материалдық әлемге әсері болуы мүмкін. Олай болса олардың өміріне де әсері бар. Олардың біздің өмірімізді бақылауға мәжбүр болуын түсіну қиын емес. Олар материяны бізден гөрі жақсы басқарады, сондықтан олар өте жылдам ұшақты меңгерген, материяны бір түрден екінші түрге қалауынша өзгерте алады, көзге көрінбейтін күйге түсіп, жоғалып кете баратын мүмкіндіктері де бар. Оған көптеген көріністер, адамдарының кездесулері дәлел бола алады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.