Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Дене бітімдерінде Ауа-От ерекшеліктері бар адамдар 7 страница



Сұрақ: – Жалпы теңіз флотында қанша жыл қызмет істедіңіз?

Жауап: – Теңіз флотында офицер болып он жылдам астам қызмет еттім, сонан кейін денсаулығыма байланысты 1963 жылы екінші рангалы капитан шенінде әскерден босап еліме келдім. Қазір өзім жетпістен ассам да денсаулығым жақсы. Соғыс теңіз флотында сүңгуір қайықты басқару үшін көптеген мамандықтарды игеруге тура келді, осы білімім азаматтық өмірде де қажетке жарады.

– Сүңгуір қайықта қызмет істеген өзін-өзі силайтын офицерлер еш уақытта теңіз бетінде жүзетін соғыс кемелеріне не жағалаудағы қызметке бармайды. Себебі, өзін-өзі және мамандығын силамағандық болады және жазылмаған осындай дәстүр де бар. Әйтсе де, флотта теңіз бетінде жүзетін соғыс кемелеріне командир болуды ұсынады, көндіруге тырысады. Офицерлердің кейбіреулері жағалауда не кемелерде қызметін жалғастыруға қалады. Өйткені су астындағы сүңгуір қайықта қызмет істеген офицерлердің білімі мен дайындығы аса жоғары болады.

Нақ туған жылым 1935 жыл, ал әскерге 1931 жылғы болып алындым. Қазір бұрынғы Кеңес Одағының «құрметті флот офицерімін».

Ескерту: Сабыр ағамыздың жұбайы Ләззат жеңгей – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романындағы кейіпкер Бәтестен туады.

Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның бірінші толғауы

Тақырыбы: Табиғаттың (пәндік, материалдық әлемнің) – ізгілік, құмарлық, надандық байлауларына қалай байланамыз?

Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та, адамгершілік те күтпе! Мүлде ішпейтін адам – нағыз қадырлы адам. Шыңғыс хан

 

Сұрақ: – Жұматай Нұртазаұлы, адам баласының жаратқан Жаратушысын ұмытып, пәндік дүниеге байланып қалуын қалай түсіндіресің?

Жауап: – Әсет аға, ол ойлау жүйемізге, пәндік дүниеге (материалдық) байлануымызға байланысты жағымды не жағымсыз болады.

Табиғат бірде былай, бірде олай,

Кетері мәлім емес әлдеқалай.

Әкесі жан, шешесі дене болып,

Көңіліміз сол себептен екіталай. Шәкәрім

Адам осы әлемде ізгілік, құмарлық, надандық деп аталатын үш арқанға байланған, себебі пәндік әлемді басқаратын осы үшеуі. Осының барлық жанды және жансыз заттарға да қатысы бар. Біз туған кезде ақыл-ойымыздың қалыпына байланысты не ізгіліктің, не құмарлықтың, не надандықтың шырмауына түсіп байланамыз. Біз осы үшеуінің де әсерінде боламыз, бірақ ішінде біреуі белең алып тұрады. Шөппен қоректенетін жануарлар: жылқы, қой-ешкі т.б. ізгіліктің, жыртқыш хайуандар құмарлықтың, ал есек, қашар сияқты жануарлар надандықтың шырмауына байланған. Сондай-ақ өсімдік әлемі: хош исті гүлдер, шөптер, көкөністер – ізгілік, кесіп кететін, шаншып алатын, қышытатындар – құмарлық, ал улы, жабысқақ тікен тәріздестер және жаман иіс шығаратын өсімдіктер – надандық шырмауына маталған.

Адамдар да осылай бөлінеді: ізгілік аясындағылар – білім мен ілімге ұмтылып үнемі ізденетіндер және Жаратушының бар екенін мойындайтын, сенетіндер. Мұндай адамдардың денесі дөрекі, қолапайсыз емес. Олар қайырымды, адамдармен араласуы сыпайы, ауруларға бой алдырмайды, жүрістері мен дене қозғалыстары жеңіл, көңіл күйлері көтеріңкі болғаннан кейін үнемі күліп бірқалыпта жүреді. Құмарлық шылауына оралған адамдар – қайырымдылығы аздау, Жаратушыны мойындап қайыр-садақа беріп жүрсе де, барлық іс-әрекеттерін өзінің сезімдерін қанағаттандыруға бағыштайды. Оларға – көре алмаушылық, қызғаныш, ызалану, кекшілдік, шырт етпе т.б. сезімдер тән. Олар – табанды, тәуекелшіл, жылдам, пікірлерін кесіп айтатын, ішкі жалыны тепе-теңдікте болған кезде адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайтын, көңілді адамдар болады. Надандық құрсауындағы адамдарда көптеген жаман қылық пен қасиеттер болады. Олар Құдайға сенбейді, сенгісі де келмейді. Қылықтары маңайындағы адамдарға бақытсыздық пен зардап әкеледі. Мұндай адамдар жалқау, жұмысқа құлқы жоқ маубас болады. Денелері ауыр элементтерден құралып аурушаң, санасы мен ақылы жануарлар деңгейінде ғана қалыптасады.

Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп,

Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек.

Білімсіз, әрекетсіз еріншекті,

Күнәкер де болмаспыз өлді десек.

 

Жан талпынар талайды көрмек үшін,

Әр сырын дүниенің білмек үшін.

Дене байғұс салмақ боп баса берер,

Жаралған ғой түбінде өлмек үшін. Шәкәрім

 

Сұрақ: – Жұматай Нұртазаұлы, пендеге адам денесі не үшін беріледі?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, сіз өте маңызды сұрақ қойып отырсыз. Тірі жан иесіне Жаратушымен жоғалтып алған байланысын қайта қалпына келтіру және өзін-өзі тану үшін адам денесі беріледі. Қазіргі қауымның санасы – Құдай туралы ілімнің жоқтығынан жануарлардың деңгейінде тұр. Хайуан да ұйықтайды, ішіп-жейді, қосылады, қорғанады, ұрпақ әкеледі, ауырады, жазылады, дәретке отырып өз денелерінен қалдықтарды шығарады. Адамдардың артықшылығы жақсы жағдайда тұрады. Хайуандар мен жануарлар күнәға батпай табиғаттың заңдылығымен өмір сүреді. Олардың шамасы жеткені әлсізін жесе де даму сатысына әсерін тигізбейді, тек нашарлары мен ауруларын сұрыптайды. Біз саналы түрде ағаштарды кесіп, хайуандарды аяусыз жойып қырудамыз. Осындай іс-әрекетімізбен сананың эволюциялық сатылап даму ағымын тоқтатамыз. Сондықтан да осы тірі жан иелері осы денесімен қайта тууға мәжбүр болады. Бұл туралы 1001-ші хадисінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Адамды ниетіне қарай тірілтеді».

Қарымта қайтару заңы бойынша – осы істеген күнәларымыздың жазасын тартпай қоймаймыз. Бұл күнәлардан бір өмірімізде құтыла алмаймыз, бұның өтемін талай-талай өмірлерді өткізіп барып қана өтейміз.

57. Мы сотворили вас, –

– Так что ж не веруете вы?

58. Ужель не зрите вы, как ваше семя

Извержено (во чрево ваших жен)?

59. Вы или Мы – творцы сего?

60. Назначили Мы смерть для вас

уделом равным,

И в этом – планов нашей воли

Никто расстроить не способен,

61. Коль Мы одну из ваших форм

Решим сменить другою

И снова воссоздать вас в виде,

Кой вам доселе был неведом.

62. Поистине, известно вам о первой

форме сотворенья, –

Так что ж об этом вам

Не поразмыслить?

63. Вы видите посев семян (на пашне), –

64. Так в вас иль в Нас

Лежит причина их произрастанья?

 

КОРАН перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой.

Рипол классик Москва 2005, Сура 56 Неотвратимое событие, стр. 566

 

57. Біз сіздерді жараттық

Осыған сіздер сенбейсіздер ме?

58.Шаһуаттарыңыздың (әйелдеріңіздің жатырына)

Құйылғанын қалай көрмейсіздер?

59. Осының жаратушысы – сіз бе әлде Біз бе?

60. Біз сіздерге өлімді біркелкі тағайындадық,

Бұл – біздің мақсатты еркіміз

Ешкімде осыны өзгертуге қабілетсіз,

61. Біз сіздердің бейнелеріңіздің бірін

Басқа бейнеге өзгертуге ниет етсек,

Осы уақытқа шейін өзіңізге белгісіз,

Басқа бейнеде жаңадан жаратамыз.

62. Ақиқатында, сізге алғашқы

жаратылған тұлға белгілі, –

Онда неге осы жайды сізге

Ой елегінен өткізбеске?

63. Сіз тұқымның себілгенін көресіз (егістікте), –

64. Онда барлық өсіп-өрбудің себептері

сізде ме әлде Бізде ме?

(орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)

 

Сұрақ: – Адам баласының осы өмірге келгеннен кейінгі түпкі мақсаты неде?

Жауап: – Адам баласының түп мақсаты – Құдайға қайту екендігі мұсылман қауымының киелі кітабы Құран Кәрімде бүкпесіз ашық көрсетілген.

Табиғаттың заңы мүлтіксіз. Адамдар ойлайды, сәбилер пәк, таза туады – себебі, әлі күнә жасап үлгерген жоқ деп. Өкінішке орай сәбилер пәк емес, олар – өткен өмірлерінің салдарын өсе келе көретін болады.

Сұрақ: – Адамның жаны табиғаттың үш байлауының біреуіне қалай шырмалады?

Жауап: – Адамның жаны тәнде болғанда пәндік табиғаттың байлауының біреуіне шырмалады, ал жан өзі бөлек болғанда табиғаттың байлауы әсер ете алмайды, себебі ол фәни пәндік әлемде емес, бақилық рухани әлемде болады. Кей кездерде ізгілік аясында жүрген адамға керемет жаман ойлар келеді, ол адамның өзі осы ойдан шошып кетіп: «адамға неше түрлі сұмдық ойлар келе береді екен-ау», – деп таңырқайды. Немесе надандық, не құмарлық байлауына шырмалып жүрген адамға керемет тамаша жақсы ойлар келеді. Бірақ осы ойлар біздің санамызды өзгерте алмайды, себебі бұл жерде рухани ілім жоқ. Адам толықтай рухани ілім алмаса сезімнің жетегінен шыға алмай, әре-сәре күй кешіп өмірін өткізе береді. Материалдық білімнің өзі екі түрлі болады: академиялық және пәндік. Біздің жоғарғы оқу орындарында алған біліміміз академиялық, ал өмірден алған сабағымыз пәндік. Академиялық білім жетілмеген, себебі пәндік үш байлаудың (ізгілік, құмарлық, надандық) ықпалынан шыға алмайды.

Сұрақ: – Біздің денеміз неден құралады?

Жауап: – Біздің денеміз Жаратушының барлық пәндік (материалдық) әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге көрінетін, сыртқы қабығымызды құрайтын тұрпайы элементтер. Бұны тамақтың қабы дейді, себебі осы қабық ішкен тамақ арқылы құралады. Адам өлгеннен кейін осы қабық бастапқы қалпына айналып қайта бес бөлікке ыдырап кетеді. Бұл қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден тұрады.

Адам тәнінің өзі үш дененің: көрінетін физикалық, көрінбейтін нәзік және көрінбейтін жоғары денелердің жиынтығы. Топырақ – біздің денеміздің қатты да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз, шашымыз, тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл қанымыз, шырыш, ет арасындағы сұйықтық, қан түйіршіктері лимфа және микрофлорамыз. От – біздің денеміздің газ түріндегі бөлшектері: ол біздің асқазанымызда, бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он үш) түрі бар. Ауа – біздің денеміздегі айланып жүретін қуат бөлігі.

Ауа сүйектің, бастың, мүшелердің бос қуыстарын толтырып, өкпеде, ішек-қарын жүйесінде болады. Эфир – біздің денемізде: мұрын мен құлақ қуыстарын толтырады. Эфир қозғалғанда кәдімгі ауа. Біздің денемізді құрайтын бөлшектер әр адамда әр түрлі мөлшерде болады. Ізгілік аясына байланған адамдарда – жеңіл элементтер басым. Оларда ауа мен эфир көбірек те, топырақ пен су азырақ болады. Құмарлық байлауындағы адамдарда – от, су көбірек те, ауа, эфир, топырақ азырақ болады. Надандық шырмауына байланған адамдардың денесінің бөлігінде топырақ пен су белең алады.

Біз өз денеміздің құрлысшысымыз. Біз өзіміздің ойлау жүйемізбен, қалауымызбен өзіміздің болашақ тәніміздің негізін қалаймыз. Егер де өз денемізді жақсылап жасай алсақ, онда осы денеміздің артықшылығын ойдағыдай пайдалана аламыз. Егер де жасаған денеміз жаман болса – осының зардабын өзіміз шегетін боламыз.

Сұрақ: – Біздің денеміздің табиғаттың үш байлауына шырмалып өзгеруі мүмкін бе?

Жауап: – Біздің денеміздің бөлшектері тіршілік кешкен уақытымызда өзгеріп отыруы мүмкін. Егер адам құмарлық пен надандықтың байлауымен туса, онда ол осы байлаудың жетегінде кетеді деген түсінік емес. Осыны өткен өміріндегі ақыл-ойының қалыптасуының нәтижесі деп түсінуіміз керек. Егер адам қазіргі өмірінде рухани білім ала бастаса, ол рухани дамып денесінің бөлшектерінің сапасы өзгере бастайды. Төменгі ауыр бөлшектердің орнын жеңіл бөлшектер алмастыра бастап – өзінің пәндік байлауын да өзгерте алады. Керісінше: ізгілік байлауындағы адам төмен құлдырап маскүнем не бәңгіші (наркоман) болып кетуі және рухани дамытпайтын істермен, не қылмыстық іс-әрекетпен шұғылданып азып-тозуы мүмкін. Осындай адамның дене бөлшектерінің құрылымы да өзгеріп сала береді. Жеңіл бөлшектердің орнын ауыр бөлшектер алмастырады. Біз қазіргі өмірімізден де: маскүнемнің, бәңгішінің, қанішердің түрлерінің қорқынышты болып кететінін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Адам қартайғанда да түрінің өзгеруінің куәсіміз. Көптеген қариялардың бет әлпеті әлем-жәлем, ұсқынсыз маймылға айналады – бұл оның ниетінің, ақыл-ойы деңгейінің тура көрсеткіші. Ақыл-ой – маңдайды, бет сүйектің пішінін жасайды. Адамның өңіне қарап-ақ оның: ниетін, мінезін және ізгілік жолымен, әлде құмарлық жолымен жүретінін, немесе хас наданның дәл өзі екенін дөп басып айырып, не ойлап тұрғанын да түрінен, бет әлпетінен оқи аламыз. Ол адамның өлгеннен кейін де, о дүниеге қай байлаумен кеткенін анықтауға болады. Адамның санасы қандай білім алғанына қарамастан да әрқашанда айқын болып тұрады. Академиялық білім адамның көзқарасын, ойлау жүйесі мен пәндік әлемге байлануын өзгерте алмайды. Адам өзінің ойлау жүйесі мен ақыл-ойына байланыста келешектегі іс-әрекетін анықтай алады.Немесе Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтпақшы: «Әр адам не үшін жаралса, соған ғана ылайықты өмір сүред»і.

Академик Оразалиевтің үшінші толғауы.

Тақырыбы: Гендікқордың маңызы. Тұқым қуалаушылық пен қарымта аурулары деген не? Адам ауруға шалдыққанда ағза мүшелері қандай белгілер береді? Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ме?

Басы ауырып, балтыры сыздамағанның, Құдаймен ісі жоқ.

Қазақ мақал-мәтелдері

 

Көз алдыңызға елестетіңіз: Белгілі бір себептермен сіз ұзақ уақыт тамақ ішпесеңіз әлсіздіктен мүлдем қозғала да алмай қаласыз. Тіпті сіз қанша білімді, бай болсаңыз да, сіздің байлығыңыз бен біліміңіз әлдекімнің әкеп берген бір үзім нанына татымай қалады. Бір шайнап жұтқаннан кейін-ақ тәніңізге қуаттың құйылып жатқанын байқайсыз. Бұл керемет емес пе? Осы бір тілім нанның өзі сіздің ішіңіздегі неше түрлі қуатты, іс әрекеттерді қайта іске қосып жіберді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де бір тілім нанның қуаты мен күші, 70 жүк вагоны бар пойыз құрамасын жер шарын бір қабат айналдырып шыға алады. Осы бір үзім нанның құрамындағы элементтердің қуаты сіздің ойыңыз, сезіміңіз, еркіңізден де жоғары тұрғанын бір сәтте болмасын ойланып көрдіңіз бе? Осы бір тілім нанды тек қарның ашқанда ғана жеп күш қуатыңды қалпына келтіресің. Осының нәтижесінде іс әрекетіңді, сөзіңді сөйлеуіңді, ойлауыңды, сезінуіңді ары қарай жалғастыра бересің.

Әрине, қазір де, бұрын да бүкіл әлемде тамақ мәселесі бірінші орында болған, әлі де бола береді. Осыны шешу үшін тіршілік иелерінің бәрі де тырбанып жұмыс істейді, осы үшін талай төңкерістер мен соғыстар да болды, болып та жатыр.

Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, сіздің өсімдіктердің гендік қорын жасау туралы мәселені жан жақты көтеріп, осы мәселемен тікелей президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында академик Медеубеков екеуіңіз 1 сағат 5 минут болып, ауызба-ауыз сөйлесіп, ол кісіге істің маңыздылығын, болашақ ұрпақтың қамы, еліміздің қазынасының қайнар көзі екенін, дәйекті түрде дәлелдеп, осыған Нұрекеңнің қолдау көрсетіп, қаражат бөлгенін, біреу білсе – біреу білмес. Өзіңіздің қазақтың академик Вавиловы екеніңізді тағы бір дәлелдеп бердіңіз. Осы туралы не айтар едіңіз?

Жауап: – Әсет бауырым, одақтың күйреуі ғылымды да күйзеліске түсірді. Республикалар арасындағы жылдар бойы қалыптасқан байланыстың үзілуі ғалымдардың жағдайын қиындатты. Селекционерлерді әлемдік коллекция үлгілерімен қамтамасыз етіп отыратын Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы институтымен (ВИР) байланысы жоғалды. Осы жағдайлар түрткі болып өсімдіктердің гендік қорын жасау туралы ұлттық бағдарламаны негіздеп, әлемдік флораның табиғи алуан түрлілігін сақтау, Ұлттық ген қорын құру. Менің мектебім астық тұқымдастардың ауқымды коллекциясын жинақтап, жүйеледі, сонымен қатар түрлі елдер арасында ұрықтық плазма материалымен алыс-беріс жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлдім. Жақында президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесіп, сөйлескенімде ол кісі бар ықыласымен тыңдап, бұндай игі іске көмегін де, қаржысын да аямайтынын айтты. 10...12 миллион доллар қаржы бөлді. Алла қолдаса келесі жылдан бастап Қазақстанда бар 400 мың түрлі өсімдік пен жан-жануарлардың т.б. қалпын сақтайтын қойма құрылысы басталмақшы. Үкімет Ел басымыздан осы жөнінде нұсқау алып қаулы қабылдады. Бұл да болса менің еліме, халқыма деп атқарып жатқан борышымның бір ұшығы, ұсынысымның ескерусіз қалмағанына тәубә деймін. Бұған дейін болған қаншама сорттарымыз жоғалып кетті. Әлгіндей қордың жоқтығынан жоғалды. Әрбір сорт – қайталанбайтын үлгі. Бір жоғалған соң оны қалпына келтіру қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да гендікқор аса қажет.

Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, осы тұқым қуалаушылық пен қарымта қайтару ауруларын қалай түсінесіз?

Жауап: – Әсет Ризаұлы, сен өте келелі де, тылсым сұрақ қойып отырсың. Барлық аурулар екі түрге жіктеледі: қарымта қайтару, тұқым қуалаушылық ауруы және өзіміздің надандығымыздан болатын ауру. Пәндік әлемде бәрі де туады, өседі, өрбиді, қартаяды, өледі. Ауру да сол сияқты туады, асқынады, шегіне жеткен кезде созылмалы түрге ауысады. Өлгеннен кейін ауру нәзік денеде басқа түрде сақталып келесі өмірде қайта пайда болады. Адам пешенеңе жазған тағдырды өзгертуге болмайды деп ойлайды, бірақта өзіміз шектеулі еркіндігімізбен өзімізге ауру тауып аламыз, сондықтан бұдан құтылатын жол – рухани ілім ғана. Менің айтып отырған ілімім дәрігерлік-метофизика. Бұл дегеніңіз ертедегі философтар қолданған дәрігерлік ілім немесе дәрігерлік ілімнің бастауы. «Мета» деген сөз нәзік дене деген мағынаны білдіреді. Шаштың түсуі, тістің мүжілуіне сыртқы ем қонбайды, себебі аурудың себебі сүйектерде жатыр.

Барлық аурулардың себебі – қанға қосылып алып бірге айланып жүрген уларда, олардың ағзаның осал бөлігінде шоғырлануында.

Ауру асқазанда «туады»-да бес даму сатысынан өтеді. Бірақ біз басталған мезетте аурудан құтылу жолын білмегендіктен, ол тән ішіне терең бойлап тұрақтап, созылмалы түрге ауысады.

Барлық аурулар ойлау жүйеміздің бұрыстығынан, ал осыны дәрімен емдеу мүмкін емес. Дәрілер керісінше жүйке жүйесін жаныштап, ағзаның қарсыласу-имундық әрекетін әлсіретеді. Онымен қоймай көптеген дәрілер тәннің тінін терең жаралайды. Көптеген антибиотиктардан асқазан мен ішек жолдары ғана емес есту мен көруіңізді де нашарлатады, өстіп ағзаңыздың қорғану қабілетінің быт-шытын шығарады.

Тұқым қуалаушылық немесе қарымта аурулары біздің ойлау жүйеміздің нәтижесі және өткен кезеңдегі өмірімізбен байланысты. Біз өткен өмірлерімізде өзіміздің іс-әрекетімізбен, ойымызбен тұқымды келесі өмірімізге сеуіп кеткенбіз, енді сол тұқымдар өсіп-өнуде. Себепсіз тымау да тимейді. Көптеген қарымталық тұқым қуалайтын ауруларға алған жарақаттарымыз себепкер. Мысалы, жүрек талмасы – өткен өмірдегі жүрек қызметінің бұзылуынан, ол мүмкін апаттан, пышақтан жарақат алғаннан т.б. Осы жағдай ақылға жазылып қалады, ал ақыл да нәзік денелеріміздің біреуі, ол осы деректі келесі денеңе ауыстырады. Ананың жатырында жаңадан дене құралып жатқанда ол ақылдағы жазылып қалған деректер бойынша құралады.

Ауыр дерттердің әрқашанда себебі болады. Мысылы, өкпе аурулары – көкжөтел, туберкулез, баспа – өткен өміріндегі салауатты өмір сүрмеуінің салдары. Бәңгі шегу, темекі тарту, маскүнемдік т.б.

Ағашта көптеген бұталар бар, олар ағаштың діңі арқылы қоректенеді. Осы бұтақтың жапырақтары күз сайын жерге түседі, ал көктемде қайта шығады. Бірақ, бұл әлгі түсіп қалған жапырақтардың өздері қайта өсті деген емес қой. Бұтақ ауру болуы мүмкін, қорек жетіспегендіктен жаңадан өсіп шыққан жапырақтар да ауруға шалдығады. Біз де өзіміздің қарымтамыз біткеннен кейін сау бұтақта пайда боламыз. Қарымта аурулары адамның өткен өмірімен тығыз байланыста. Егер ол зиянды жерде жұмыс істесе, содан ауырса, келесі өмірінде осы мүшесі әлсіз болады. Бала көтермеу, белсіздік, бездердің ауруы адам өткен өмірінде нәпсісіне ие болмауының салдары. Ол өзінің: тіліне, асқазанына, жыныс мүшесіне ие бола алмаған. Сондай-ақ көздің көрмеу мен саңыраулық, мылқаулық та осыған жатады. Неге жаңа туған сәбилер осындай кемшілікпен туады, олар әлі күнәға батып үлгерген жоқ қой? Осының салдары өткен өмірінде бұғып жатыр. Адам ашуланғанда көзі қанталап, көздің жүйке жүйесі бұзылады, осы жиі қайталана берсе көз әлсіреп көруі нашарлай бастайды, көздің қарашығын суқараңғылыққа апаратын шел басады. Мылқау мен саңыраулар өткен өмірлерінде басынан қатты жарақаттанған, миға зақым келген. Мидың шайқалуы, бастың жаралануы келесі өмірінде қояншық, талма ауруына ұшыратады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.