Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

АЛДЫН АЛА ДАЙЫНДАУ БЛАНКТЕРІ

КІРІСПЕ

Инженерлік мамандықтың қазіргі кездегі жас түлегінің негізгі қасиеті ретінде оның ғылыми-техникалық потенциалын айтуға болады, яғни оның өзбетінше проблеманы көру қабілеттілігі, өнертабыс деңгейінде жаңа конструкторлық – технологиялық шешімдер іздестіру мәселесін қоя білуі және оны шеше ала білуі, бұл шешімдер бір жағынан сапа бойынша әлем деңгейіндегі бұйымдарды жасауды, ал екінші жағынан осындай бұйымдарды жасағанда және пайдаланғанда ресурстарды жан-жақты қарқындандыруды және үнемдеуді қамтамасыз етеді. Міне мамандардың осындай қасиеттері елдің интеллектуалды потенциалын құрастырады, оның ойдағыдай дамуын, яғни оның экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде ғылыми пәндердің (қоғамдық, техникалық, арнайы) көпшілігін оқыту процесі теориялық және практикалық есептерді шешуге негізделген, сонда бұл есептің қойылуы алдын ала дайын, оны шешу тәсілі белгілі және ұсынылған тәсілмен ұқсас есепті шешу мысалы беріледі. Сонымен қатар есепті шешу нәтижесі оқытушыға белгілі, ал кей кездерде білім алушыға да белгілі болады. Бұлай қарастыру білімді игергенде және пысықтағанда дұрыс болады. Дегенмен, мұндай тәсілдің нәтижелігі кейбір ғылыми пәндерді оқығанда жоғары бола қоймайды, өйткені қойылған есептің шешімі терең ойлауды керек етпейді және әдетте керітартпа жұмысқа айналады.

Жас маман жасампаз, жаңалық жасаушы болуы үшін бар білімді игеріп, дағдыларды жақсы иемдену жеткілікті болмайды. Бұған қосымша ол шығармашылықты ойлауға үйренуі тиіс, өзінің шығармашылық қабіліттерін жандандыруға және дамытуға мүмкіндік алуы керек. Бұларды іске асыруға «Инженерлік шығармашылықтың инновациялық әдістер» және «Техникада инновация жасау әдістері» деген пәндердің көмегі тиеді, ал бұлардың зерттейтін объектісі болып шығармашылық іс-әрекет процесі, соның ішінде өнертабыстық іс-әрекет табылады. «Шығармашылыққа және өнертапқыштыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Көп ғасырлар бойы адамдардың шығармашылық іс-әрекетке икемделуі және оларды өнертапқыштыққа оқыту бұл сұраққа қазіргі кезде бірмағыналы болады деген жауап беруге болады.

Пәндердің негізгі мәселелері:

- жас маманды өзбетінше жаңа техниканы жасау, техника мен технологияны жетілдіру мәселелерін қоя білуді үйрету;

- іргелі және техникалық пәндерді зерттегенде алынған білімдерді қолдану дағдыларына әдеттендіру;

- өнертабыс деңгейіндегі шығармашылық мәселелерін шешу әдістемесі негіздерімен таныстыру;

- жорамал өнертабысқа сұраным құрастыруды үйрену.

Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет

Қазіргі кезде әртүрлі іс-әрекет түрлері белгілі: рухани, материалды, өндірістік, ғылыми және т.б. Шығармашылық іс-әрекет деп қоршаған орта туралы жаңа білімдер алуға, алдында ешқашанда болмаған сапалы жаңа құндылықтарды жасауға бағытталған іс-әрекетті түсінеді. «Шығармашылық» деген ұғым адамның тіршілік әрекетінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады, ал адам өзінің қабілеттілігін, тапқан білімдері мен дағдыларын, өмірлік тәжірибесін пайдалана отырып, бір нәрсені жасайды, жетілдіреді, жаңартады.

Шығармашылық деп субъекті қызмет бабында мәселені қоюға немесе таңдауға, оны шешу шарттары мен тәсілін іздеуге және осы кезге дейін болмаған бір нәрсені жасауға арналған субъектінің іс-әрекетін айтады.

Шығармашылық іс-әрекеттің саласы мен нәтижелеріне байланысты шығармашылықты мынадый түрлерге бөледі: ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық, көркемөнер, педагогикалық және басқалары. Әртүрлі көркемөнер салаларында шығармашылықтың нәтижесі болып көркемөнер туындылары табылады: өлең және қара сөз, сурет және т.б.

Ғылыми шығармашылақ деп қоршаған ортаны тану мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған және іргелі ғылымдармен, яғни математикамен, физикамен, химиямен, философиямен, байланысты болады.

Ғылыми-техникалық және техникалық шығармашылықтың іс жүзіндегі анық мақсаты болады және қоғамның пайдалы мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Шығармашылықтың мұндай түрлері ғылым жетістіктерінің негізінде техникалық мәселелерді іздестірумен және оларды шешумен байланысты болады. Олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылағы боламайды және көбінесе оларды біріктіріп, инженерлік шығармашылақ деп атайды.

Ғылым мен техника аясында шығырмашылық іс-әрекет нәтижелері мыналар болуы мүмкін:

- материалды өнім (бұйым, энергия, зат);

-әлеуметтік – экономикалық тиімділік (өзіндік құны төмендеуі, еңбек өнімділігі жогарылауы, материалды өнімнің сапасы және т.б.);

- ақпарат (жаңа мағлұматтар, басылымдарда көрсетілген, ғылыми ашылымдар, өнертабыстар және т.б.).

Инженерлік шығармашылық түрлерінің біреуі болып өнертапқыштық табылады.

Өнертапқыштық деп ғылыми идеялардың техникалық шешімдерге айналдыру процесін айтады. Мынаны ұмытпаған жөн, яғни өнертапқыштық іс-әрекеттің өнімі, яғни өнертабыс ғылыми жетістіктерді игерудің нәтижесі бола тұра, ғылыми идея мен техниканың материалды объектісі арасындағы аралық орынды алып жатады. Былайша айтқанда, өнертабыс әлі толық жасалған машина, толық жасалған технологиялық процесс немесе материал бола алмайды Дегенмен ол нақты физикалық пішінде келтірілген идея болады, сонда оны қоғамның жаңа немесе бар мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған техниканың жаңа объектілерінде іске асыруға болатындығын көрсетеді.

Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді

зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер

Инженер шығармашылық мәселелерді шешу процесінде, әртүрлі жұмыстарды орындау барысында, сезініп немесе интуициямен әралуан ұғымдарды пайдаланады, мысалы, салыстыру, индукция, идея, синтез және басқалары, ал бұл ұғымдар (техникалық, экономикалы,, биологиялық және т.б.), өз кезегінде, объектінің жаратылысына тәуелсіз кез келген объектіні зерттеуге арналған әдістемелік құрал болады. Инженерлік шығармашылықтың негіздерін игерген кезде магистранттар бұл ұғымдарды дұрыс түсінуі үшін олардың мәндері мен анықтамалары еске салынады.

Салыстыру және өлшеу

Салыстыру ақиқаттың мазмұнын жіктеуге, реттеуге және бағалауға арналған ойлау операциясы болады. Объектілердің ұқсастық және ерекшелік белгілерін анықтау, олардың қасиеттері мен техникалық сипаттамаларының арақатынастары саластыру мақсатымен салыстыру операциясын жүргізеді. Белгілі класс, топ құрастыратын біртекті объектілерді салыстыруға болады. Бір кластағы объектілерді берілген бағалау көзқарас тұрғысында маңызды болатын белгілер бойынша жүргізеді, сонда бір белгілермен салыстырылатын объектілер басқа белгілермен салыстыруға болмайтынын ұмытпау керек.

Өлшеу объектінің (нәрсе, процесс, құбылыс) бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайтын және өлшем бірліктер талаптарын қанағаттандыратын өлшемінің сандық мөлшерін алуға арналған операция болады. Өлшеу операциясында берілген шаманы өлшеудің бірлігі ретінде алынған онымен біртекті шамамен салыстырады.

Индукция және дедукция

Индукция жеке фактілер мен оқиғалардан жалпы қағидаларға, ережелерге өтуді қамтамасыз ететін ой тұжырымының бір түрі болады. Толық, танымал және ғылыми индукция деп үш түрге бөлінеді.

Жалпы индукцияда кластың барлық элементтерін қарастыру негізнде бүтен класс туралы жалпы қағида шығарылады. Ол нақты қорытынды береді, бірақ класс элементтерінің саны жеңіл байқалатын кластарға қолдануға болады.

Танымал индукция үшін қорытындылаудың негізі болып класс элементтерінің бір бөлігі осы белгіні иемденсе болғаны, кластың барлық элементтері осы белгіні иемденеді. Танымал индукцияның пайдалану аясы шексіз болады, бірақ оның қорытындысы ықтималды түрде болады және оны соңынан дәлелдеуді керек етеді.

Ғылыми индукция берілген класс элементтерінің бір бөлігінен барлық класс туралы қорытынды шығарылады, бірақ қорытынды жасау үшін зерттелетін класс элементтерінің маңызды (себептік) байланыстарын ашу арқылы осы белгі барлық класқа тән екенін тлап етеді.

Дедукция деп бір немесе бірнеше ой пікірлерден логика заңдары негізінде ой пікір шығару түріндегі ой тұжырымының бір түрін түсінеді. Дедукция пайдаланғанда әдетте жалпы ережелер мен қағидалардан логикалық ойлау арқылы олардын жеке салдарды шығарады. Индукция мен дедукция бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірін-бірі толықтырады.

Талдау және синтез

Талдау деп ойша немесе іс жүзінде объектіні жеке бөліктерге бөлуді айтады. Талдау объекті элементтерінің құрамын, олардың қасиеттері мен функцияларын, объекті элементтерінің арасындағы маңызды байланыстарды анықтауға, олардың ішінде негізгі және екінші кезектегі факторларды бөліп алуға мүмкіндік береді. Талдау мақсаты болып күрделі бүтіннің элементтері түрінде бөліктерді тану саналады. Дегенмен талдау объектінің әрбір бөлігінің атқаратын рольі мен маңызын толық анықтауға мүмкіндік бере алмайды, бұларды объекті элементтерінің бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде ғана іске асыруға болады, яғни барлық элементтер жиылып, бүтінді құрастырғанда орын алады. Бұл үшін талдаумен бөлшектелгендерді бүтіндік қалпына келтіру керек.

Синтез депталдау көмегімен бөліп алынған жеке бөліктерді, олардың қасиеттерін, ара байланыстарын бір бүтінге іс жүзінде немесе ойша біріктіру операциясын түсінеді. Синтезбүтін функцияларына көңіл аударады, сонда бұл бөліктердің осылай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді және осылардың арқасында жеке бөліктердің атқаратын рольдерін түсініп, объектінің бүтін түріндегі қылығын түсіндіруге болады.

Абстракциялау

Абстракциялаудеп объектінің көптеген қасиеттері мен белгілерінің ішінен қарастырлып отырған жағдайда ең маңыздыларын ойша бөліп алып, объекті таным түрлерінің біреуін түсінеді.

Модельдеу

Модельдеудеп нақты объектілер мен құбылыстарды олардың модельдерін құрастыру және зерттеу арқылы тану процесін түсінеді. Объекті модельі нақты объектінінің орнын басатын материалды немесе ойша объекті болады және ол нақты объектінің қасиеттерін (геометриялық, физикалық, динамикалық, функционалды) бейнелейді немесе қайталайды. Модельдеудің екі түрі белгілі: материалды және идеалды модельдеу. Инженерлік іс-әрекетте материалды модельдеу және математикалық модельдеу кеңінен пайдаланады.

Математикалық модельдеу идеалды модельдеудің бір түрі болады, сонда модель нақты объектінің қасиеттерін, қоршаған ортамен ара қатынасы мен әрекеттесуін математика тілінде баяндау арқылы жасалады, ал модельді зерттеу математикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі

Ұқсастық деп нәрселердің, процестердің немесе құбылыстардың қайсы бір қасиеттерде немесе басқа арақатынастарда (физикалық әсер, жұмыс істеу принципі, функционалды қажеттігі бойынша) сәйкес болуын түсінеді. Ұқсастық эвристикалық амал бола тұра, жаңа техникалық шешім іздеудің әртүрлі әдістерінде кеңінен пайдаланады: бақылау сұрақтары әдісі, синектика, эмпатия және басқалары. Сонда төрт түрдегі ұқсастық қолданады: тікелей, жеке, символикалық және фантастикалық.

Тіеклей ұқсастықта жетілдірілетін объекті оған жақындаутехниканың басқа саласындағы немесе табиғаттағы ұқсас объектімен салыстырады және дайын шешімді қолданыға тырысады.

Жеке ұқсастықта шешім іздеген тұлға өзін жасалатын объектімен теңдестіреді. Мәселе шешуші объекті кейпіне кіріп, объекті функциясын орындағанда қандай қиындықтарға душар болатындығын өзінің сезімі арқылы анықтайды.

Символикалық ұқсастық объектінің мәнін парадокстық түрде (екі-үш сөзбен) бейнелейтін кейбір қорытындыланған, абстракциялы ұқсастық болады. Мысалы, мрамордың символикалық ұқсастығын «құбылмалы тұрақтық» деп тұжырымдауға болады, ал тіреуіш механизмді «берік тоқтату» деуге болады.

Фантастикалық ұқсастықта мәселенің шарттары бойынша керектіні орындауға қандай да болмасын фантастикалық құралдар немесе кейіпкерлер енгізіледі. Фантастикалық ұқсастық амалына өнертабыс мәселелерін шешу теориясында (ТРИЗ) өте үлкен көңіл аударады.

Өнертапқыштық іс-әрекетте жасалатын объектілердің жаңалығы мен өнертабыстық деңгейін дәлелдеу үшін оларды осы кезде әлемде белгілі ұқсастармен және қарсы үлгілермен салыстырады.

Ұқсас деп өзінің кейбір белгілерінің жинағында басқа объектіге сәкес келетін объектіні түсінеді.

Қарсы үлгі деп ұқсастардың көпшілігінің арасындағы қарастырылатын объектімен ең көп жалпы белгілері иемденетін жалғыз ұқсасты түсінеді.

2-дәріс

Техниканың инвариантты ұғымдары

Техникалық жүйе – анық пайдалы функцияны орындау үшін белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған айқын тәртіппен өзара байланысқан элементтердің жинағы.

Сыртқы жүйе – қарастырылып отырған техникалық жүйе бөлік болып кіретін ірі жүйе.

Ішкі жүйе – жүйенің жалпы мақсатына қол жеткізуге бағытталған өзінің тікелей мақсаты болатын өзіне тән тәуелсіз функцияны орындауға мүмкіндігі бар және басқа жүйенің бөлігі болатын жүйе.

Техникалық объект – айқын мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған ертеден белгілі құрылғы немесе адам не автомат жасаған нақты құрылғы.

Технология – анық техникалық объектілердің көмегімен заттарды, энергияны немесе ақпараттық сигналдарды бастапқы күйден соңғы күйге айналдыруға арналған тәсіл, әдіс немесе бағдарлама.

Техникалық шешім – техникалық объектінің мейлінше сығымдалған және тұжырымдалған баяндамасы, яғни қойылған мақсаттарға сәйкес жобаланатын техникалық объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін оның қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетеді. Өнертапқыш шығармашылық инженерлік мәселені сәтті шешу нәтижесінде техникалық шешім алады. Кез келген техникалық объекті қоршаған ортамен айқын әрекеттестікте болады. Техникалық объектінің қоршаған ортасына оның сыртқы жүйесі, тірі және жансыз табиғаттың объектілері және басқа техникалық объектілер жатады, сонда бұлар техникалық объектімен функционалды немесе еріксіз әрекеттестікте болады және де әсерін тигізеді.

Техникалық объектінің қоршаған ортамен әрекеттесуі әртүрлі байланыс арналары арқылы жүреді, сонда оларды екі топқа бөлуге болады (1-сурет).

Бірінші топқа қоршаған ортадан техникалық объектіге берілетін зат, энергия және ақпараттық сигналдардың ағыны кіреді. Оларға мыналар жатады: Ат – кірістегі функционалды шартты әсер және Ав – кірістегі еріксіз әсер (температура, ылғал, шаң, шыбын-шіркей).

1-сурет – Техникалық Байланыс ағындарының екінші тобына техникалық

объекттің қоршаған объектіден қоршаған ортаға берілетін ағындар жатады, атап

ортамен әрекеттесуі айтқанда, Ст – шығыстағы функционалды шартты

әсер және Св – шығыстағы еріксіз әсер (электрлік – магниттік өрістер түрінде, судың, жердің, ауаның ластануы).

Бұл жерде мынаны есте ұстаған жөн, яғни ағындар тек қана үш түрде болады – заттар, энергия немесе ақпараттық сигналдар ағындары.

Әрбір техникалық объект сатылы бағынышты болатын баяндамалармен көрсетіледі. Әрбір деңгейдегі баяндама екі қасиетпен сипатталады:

- кез келген кейінгі баяндама алдыңғы баяндамамен салыстырғанда техникалық объектіні толығырақ сипаттайды;

- әрбір кейінгі баяндамаға алдыңғы баяндама кіреді.

Осындай қасиеттерді келесі баяндамалар иемденеді: техникалық объектінің мұқтаждығы (Потребность) мен қызметі, техникалық қызмет (ТФ), қызметтік құрылым (ФС), физикалық жұмыс істеу принципі (ФПД), техникалық шешім (ТР), жоба (ТП) (4-сурет). Осы баяндамаларды толығырақ қарастырамыз.

Техникалық объектінің баяндамасы оның мұқтаждығының немесе қызметінің баяндамасынан басталады. Яғни мұқтаждық – техникалық объектінің қажеттігінің немесе оны жасау мақсатының қысқаша баяндамасы. Оған келесі

4-сурет – Техникалық объектті мәліметтер кіреді: керекті әрекет

баяндау деңгейлері (әрекеттің аталуы); осы әрекет әсер

ететін объекті (өңделетін бұйым); ерекше шарттар мен шектеулер.

Техникалық қызмет – қалаған мұқтаждықты қанағаттандыруға арналған техникалық объектінің физикалық операцияны іске асыру бойынша орындайтын әрекеттің баяндамасы. Сондықтан техникалық қызмет баяндамасына мына мәліметтер кіреді: техникалық объекті қанағаттандыратын мұқтаждық және осы мұқтаждықты іске асыратын физикалық операция (өзгеріс).

Физикалық операцияның баяндамасы кіретін және шығатын зат, энергия немесе сигналдар ағындарының көрсетілуінен және кіретін ағындарды шығатын ағындарға айналдыруға арналған әрекет (Коллер операциясы). Коллер құрастырған негізгі физикалық операциялар 2-кестеде келтірілген.

Физикалық операция баяндалғаннан кейін техникалық объектінің техникалық қызметі тұжырымдалады.

 

2-кесте – Коллердің физикалық операциялары

Операцияның аталуы Операцияның баяндамасы
Сәулелену – сіңіру Сәулелену энергияға, затқа немесе ақпаратқа қарайды,сіңіру энергия, зат немесе ақпарат құйылыстарына қарайды. Бұл екі негізгі операциялар бір біріне қарама қарсы болады және ағынды (зат, энергия немесе ақпарат) жасаудың немесе жоюдың міндетті шарты болады. Қайнар көздер мен құйылыстар табиғи немесе жасанды болуы мүмкін.
Өткізу – тұйықтау Ағын пайда болуы үшін қайнар көз бен құйылыстан басқа олардың арасында өткізетін кеңістік болуы қажет, сонда кеңістік ағынның қайнар көзден құйылысқа дейін қозғалуын немесе таралуын қамтамасыз етеді (мұнда арнайы ағын ұйымдастыру қарастырылмайды, мысалы, құбыр көмегімен).
Жинау – шашырау Негізгі «жинау» операциясы барлық бағыттар бойынша таралатын энергия, зат немесе сигналдар ағынның (кеңістікте бытыраған немесе үлкен алқап қозғалған) бір бағытта ағуын немесе бір нүктеде шоғырлануын қамтамасыз етеді. «Шашырау» операциясы шоғырланған немесе реттелген ағынды шашырату үшін, яғни барлық бағытта тарату үшін немесе кеңірек алқапқа бағыттау үшін керек.
Жүргізу (орындау) – жүргізбеу (орындамау) «Жүргізу (орындау)» операциясы техникалық құралдар көмегімен шоғырланған ағынның анықталған белгілі жолмен (траекториямен) қозғалысын қамтамасыз етеді, мысалы, құбыр, топса. «Жүргізбеу (орындамау)» операциясы ағын қозғалысы мен таралуының табиғи бағытына техникалық объект ешқандай әсер тигізбейді деген мағынада қолданады (жарық сәулесі, судың еркін ағуы). Жүргізу (орындау) – байланыстармен шектелген қозғалыс, жүргізбеу (орындамау) – еркін қозғалыс.
Өзгерту – кері өзгерту Бұл бір біріне қарама қарсы болатын ең көп тараған операциялар болып табылады және олар энергияның, заттың немесе сигналдың қасиеттерін өзгертуді қамтамасыз етеді. Энергия өзгерісі деп оның бір түрден екінші түрге айналуын түсінеді. Зат өзгерісі деп заттың сапалы өзгеруін, яғни кейбір қасиеттердің қосылуын немесе олардың жойылуын түсінеді. Сигналдардың өзгерісі деп бір кіретін физикалық шаманың басқа шығатын физикалық шамаға айналдыратын операцияны түсінеді.
Үлкейту – азайту Бұл негізгі операциялар ағынның күйін өзгертеді, яғни қандайда болмасын склярлы немесе векторлы физикалық шаманың мәндерін өзгертеді. Сонда кіріс пен шығыста бір физикалық шама қарастырылады деп саналады.
Бағытты өзгерту – бағытты өзгерту Бұл негізгі операциялар мәні тұрақты болатын векторлы физикалық шаманың бағытын өзгертуді қамтамасыз етеді. «Бағытты өзгерту» және «жүргізу (орындау)»операцияларын іске асыру үшін кей кездерде бірдей физикалық әсерлер мен сәйкес құрылыстық элементтер пайдалануы мүмкін екенін ескеру керек.
Теңестіру – тербелу Негізгі «теңестіру» операциясы тербеліп тұрған (оқтын-оқтын соғатын немесе тұрақсыз) ағында тұрақты ағынға айналдырады. «Тербелу» операциясы керісінше өзгертулер жүргізеді.
Байланыстыру – үзу (айыру) Негізгі «үзу (айыру)» операциясы сөндіргіш сияқты жұмыс істейді, яғни энергия, зат немесе ақпарат ағынын үзеді (тоқтатады) және сәйкес оны бір пункттен екінші пунктке берілуін тоқтатады. «Байланыстыру» операциясы, керісінше, энергия, зат немесе сигналдар ағынының қозғалысын немесе берілуін қайта орнына келтіреді.
Жалғау – ажырату Негізгі «Жалғау – ажырату» операциялары әртүрлі мәндегі физикалық шамаларды иемденетін әр текті ағындарға (энергия, зат немесе сигналдар) қатысты болады.
Біріктіру – бөлу Негізгі «Біріктіру – бөлу» операциялары сәйкес біртекті энергия, зат немесе сигналдар ағындарын бір ағынға біріктіруді немесе, керісінше, бір тұтас ағынды бірнеше біртекті ағындарға бөлуді қамтамасыз етеді.
Жинау – беру Энергия, зат немесе ақпараттар ағындары бір жерге жинастыруы мүмкін және керек болған жағдайда одан алуды талап етілуі мүмкін. Міне осыларды іске асыру үшін екі негізгі «Жинау – беру»операциялары керек.
Бейнелеу – кері бейнелеу «Бейнелеу» операциясы өзгерту процесінде кірер жердегі нақты энергия, зат немесе физикалық сигналдар ағыны шығар жерде көзбен шолып байқауға, бағалауға және есептеуге қолайлы графикалық, сандық немесе басқа түрдегі ақпараттық бейнелеуді алу керек болған жағдайда қолданады. «Кері бейнелеу» операциясы кірер жерде сандық мәні немесе графикалық бейнесі беріліп, шығар жерде нақты зат немесе энергия ағынын алу жағдайларымен байланысты болады.
Бекіту – босату «Бекіту» операциясы техникалық объекттің еркін қозғалыс санын азайтумен, тіпті оны кеңістіктің белгілі бір нүктесінде бекітіп, оның еркін қозғалу дәрежесін нольге дейін азайтумен байланысты болады. «Босату» операциясы еркін қозғалу дәрежесін үлкейтумен немесе кеңістіктегі орынның анықтығын азайтумен байланысты болады.

 

Техникалық объектілердің көпшілігі элементтер қатарынан тұрады (агрегаттар, тораптар, тетіктер), сондықтан оларды құрастыратын элементтерге бөлуге болады. Әрбір элемент өз бетінше техникалық объекті бола тұра, анық қызмет атқарады және белгілі физикалық операцияны іске асырады, яғни элементтердің арасында екі түрдегі байланыс болады және екі түрдегі құрылымдық ұйымдастыру болады. Осыған байланысты құрылыстық қызметтік құрылым және ағынды қызметтік құрылым деп ажыратылады, бұларды бір бүтін қылып біріктіріп, техникалық объектінің қызметтік құрылымының (ФС) баяндамасы түрінде көрсетеді.

Құрылыстық қызметтік құрылым техникалық объектінің жеке элементтерінің арасындағы және қоршаған орта объектілерімен қызметтік өзара байланысты көрсетеді. Сонымен, техникалық объекті бірнеше элементтерге бөледі , сонда әрбір элемент ең болмағанда бір қызмет атқаруы тиіс. Техникалық объекті элементтерге бөлу нәтижелері мен олардың атқаратын қызметтерінің баяндамасын қызметтер талдау кестесіне рәсімдейді. Осылармен бірге қоршаған ортаның техникалық объектімен қызметтік немесе еріксіз әрекеттестікте болатын және оның құрылысына елеулі әсерін тигізетін объектілерін бөліп алады. Белгілі физикалық операцияларды іске асыру процесіне қатысатын техникалық объектінің элементтері олар өзгертетін (немесе айналдыратын) заттар, энергия немесе ақпараттық сигналдар ағындарын құрастырады. Бұл техникалық объектінің жеке элементтерінің кірер және шығар жерлерінің арасындағы ағынды байланыстар сөзбен немесе графикалық рәсімделген баяндамада бейнеленеді, яғни техникалық объекттіңағынды техникалық құрылымында.

Ағынды қызметтік құрылымда әрбір элемент анық физикалық операцияны іске асырады. Осындай іске асыру бір немесе бірнеше физикалық – техникалық әсерлердің негізінде істелінеді.

Физикалық – техникалық әсерлер деп физикалық заңдардың және олардан шығатын салдардың әртүрлі қолданулары, техникалық құрылғыларды физикалық әсерлер мен құбылыстар пайдалануы мүмкін болатынын түсінеді. Әдетте, физикалық – техникалық әсерлерде «кіріс» пен «шығыс» арасында анық себеп-салдарлық байланыс орын алады. Физикалық – техникалық әсердің стандартты тұжырымдалған (анық құрамды) техникалық қолдану мен машинамен өңдеуге қолайлы баяндамасы болуы керек.

Қазіргі кезде ғылымда белгілі және әдебиеттерде баяндалған 3000 астам физикалық – техникалық әсерлер бар. Олардың саны әлемдегі ғылым мен техника дамуының қарқынды өсуіне байланысты үздіксіз өсуде.

Физикалық жұмыс істеу принципі (ФПД) – техникалық объекті элементтерінің арасындағыосы элементтер мен біртұтас техникалық объектінің сәйкес қызметтерін орындауын қамтамасыз ететін олардың іске асыратын физикалық процестер мен құбылыстар деңгейінде өзара байланыстар баяндамасы.

Әдетте, физикалық жұмыс істеу принципінің баяндамасына техникалық объектінің принципиалды схемасы қосылады және принципиалды схемада жеңілдетілген түрде техникалық объектінің негізгі құрылыстық элементтері, ағындар бағыттары мен пайдаланатын физикалық – техникалық әсерлерді сипаттайтын негізгі физикалық шамалар көрсетіледі.

Техникалық шешім (ТР) – физикалық жұмыс істеу принципінің немесе қызметтік құрылымның құрылыстық рәсімделуі. Нақты техникалық объектінің техникалық шешімі техникалық объекті алдымен біртұтас, сонан соң оның элементтерін сипаттаушы белгілер арқылы екі деңгейдегі сатылы құрылым түрінде кез келген дәрежедегі талдаумен баяндалуы мүмкін. Техникалық шешім баяндамасы графикалық суреттермен толықтырылады.

Техникалық шешім баяндамасында келесілер беріледі:

- негізгі элементтердің нұсқауы (тізімі);

- кеңістікте элементтердің өзара орналасуы;

- элементтерді өзара жалғастыру және байланыстыру әдістері мен құралдары;

- уақыт бойынша элементтердің әрекеттесу реті;

- элементтердің құрылыстық орындалу ерекшеліктері (материал, геометриялық пішін);

- біртұтас техникалық объекті немесе жеке элементтер үшін параметрлердің принципиалды маңызды арақатынастары.

Техникалық объектінің және оның барлық элементтерінің (тораптардың, агрегаттардың, тіпті тетіктердің) параметрлерінің шамалары, әдетте, техникалық жоба деп аталатын баяндамада беріледі. Бұл жерде жоба деп жұмыстық сызбалар мен конструкторлық құжаттарды түсінетіндігін айтқан жөн. Жоба техникалық объекті жасауға және пайдалануға керекті барлық керекті мәліметтерді қамтиды.

Әлемдегі жақсы үлгілерден жоғары деңгейде бұйым алу мақсатымен техникалық объекті жобалағанда конструктор жобалау – конструкторлық шешімдерді таңдаудың сатылы дәйектілік мәселелерін шешуі керек. Бұл дәйектіліктің техникалық объектінің сатылы баяндамасымен толық сәйкестігі болады.

3-дәріс

Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері

Инженерлік шығармашылық мәселелерінің ең көп тараған класы болып мәлім техникалық объектіні (құрылғы, процесс, зат) жақсарту оған белгілі өзгеріс енгізу жолымен шешілетін мәселелер табылады. Бұл объекті жасалатын жақсартылған модель үшін қарсы үлгі болады. Техникалық жүйе ретіндегі қарсы үлгінің құрылысы туралы жеткілікті толық түсінік алу үшін оның функционалды талдауын жүргізеді. Техникалық жүйелердің функционалды талдауы техникалық жүйе құрылысы туралы функциналды көзқараста жеткілікті толық түсінік алуды қамтамасыз етеді. Талдау барысында техникалық жүйенің құрамы қандай, бөліп алынған жүйе элементтері қандай техникалық функцилар орындайды, олардың арасында қандай функциналды байланыстар бар деген сұрақтарға жауап табуға тырысады. Бұл сұрақтардың жауаптары қарастырылатын техникалық жүйені жетілдіргенде ең тиімді жаңа техникалық шешім әрі қарай іздестіруді маңызды жеңілдетеді.

Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі

Функционалды талдау негізіне екі сатылы иерархиялы құрылымға бөлу және қарастыру приципі қойылған, сонда кез келген техникалық жүйені элементтерге бөлуге болады және әрбір элементтің кем дегенде техникалық жүйенің немесе оның басқа элементтерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған белгілі функциясы болады. Сонда қарастырылатын жүйе жоғарғы деңгейді, ал бөліп алынған функционалды элементтер төменгі деңгейді білдіреді. Егжей-тегжей талдау жағдайында әрбір төменгі деңгейдің бөліп алынған элементтері өзбетінше жүйе деп қарастырылады және ол, өз кезегінде, бірнеше функционалды элементтерге бөлінуі мүмкін.

Техникалық жүйені элементтерге бөлу функционалды талдаудың маңызды операциясы болып табылады. Техникалық жүйені функционалды элементтерге дұрыс және бірмағыналы бөлуге олардың орындайтын функцияларына байланысты элементтерді жіктеу мүмкіндік береді. Бұл жіктеу техниканың барлық салаларына инвариантты функционалды элементтердің келесі топтарынан тұрады:

1) бастапқы;

2) көтеретін;

3) байланыс элементтері;

4) беріс элементтері;

5) қозғалтқыштар;

6) басқару элементтері;

7) жылдамдықтар мен үдеулерді басу элементтері;

8) ағындар мен көлемдерді қалыптастыратын элементтер;

9) жылжытқыштар.

Бастапқы элементтер деп техникалық жүйенің объектілермен тікелей әрекеттесетін элементтерін айтады. Бұларға машиналардың жұмыстық органдары, техникалық жүйенің жағдайын тіркейтін аспаптардың датчиктері жатады, мысалы, экскаватор шөміші, станоктың ажарлайтын дөңгелегі және т.б. Жүйелердің көпшілігінде бастапқы элементтердің функциясы техникалық жүйенің өзіндік функциясына жарым-жартылай немесе толық ұқсайды.

Көтеретін элементтер техникалық жүйенің белгілі пішінін, кеңістікте элементтердің анық орналасуын немесе қозғалуын қамтамасыз етеді. Бұларға балкалар, қаңқалар, тұрқылар, станиналар және т.б. жатады.

Байланыс элементтері бір элементтің басқа элементтерге қарағанда белгілі дәрежедегі еркін қозғалысын қамтамасыз етеді. Бұларға керекті байланыстарды іске асыруға арналған көтеретін және басқа элементтердегі тесіктер, ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар (болттық, винттік, шлицтік, пісірілген, дәнекерленген және басқалары), әртүрлі кинематикалық жұптар (мойынтіректер, топсалар және т.б.), іліністер және жүйе элементтері қозғалысының еркіндік дәрежесін санын шектейтін басқа элементтер.

Беріс элементтері аралықта механикалық энергияны, қозғалысты,статикалық күштер мен моменттерді бір мезгілде оларды түрлендіріп немесе қозғалыс, моменттер, күштер заңдары мен түрлерін, олардың бағыттарын өзгертіп беруді іске асырады. Бұларға икемді тісті, фрикционды берістер, сонымен қатар винттік, қос иінді – бұлғақты механизмдер жатады.

Қозғалтқыштар берілген энергия түрін механикалық энергияға айналдыру нәтижесінде керекті қуат алуды қамтамасыз етеді. Бұларға бу машиналары мен турбиналар, іштен жанатын қозғалтқыштар, электрлік қозғалтқыштар, инерционды және серппелі механизмдер және т.б. жатады.

Басқару элементтері деп орындайтын органдарға басқаратын әсер беру туралы ақпаратты қалыптастыру мақсатымен ақпаратты жинайтын, сақтатайтын және өңдейтін элементтерді түсінеді. Бұларға электрлік, акустикалық және басқа сигналдарды өлшейтін датчиктер,ЭЕМ, реле және басқа құрылғылар жатады.

Жылдамдықтар мен үдеулерді басу элементтері техникалық объектілердің, қатты денелердің, газ тәрізді, сұйық, сусымалы заттар мен олардың қоспаларының қозғалыс жылдамдықтарын, тербелу амплитудаларын азайтуды қамтамасыз етеді. Бұларға әртүрлі амортизаторлар, тежегіштер, сөндіргіштер және т.б. жатады.

Ағындар мен көлемдерді қалыптастыратын элементтер газ тәрізді, сұйық, паста тәрізді немесе сусымалы заттар мен олардың қоспаларын көлемдердің керекті шамасында және пішінінде сақтау, тасымалдау үшін қажет. Бұларға әртүрлі бактар, баллондар, құбырлар және т.б. жатады.

Жылжытқыштар қозғалтқыштың энергиясын немесе басқа қайнар көз энергиясын техникалық жүйенің қозғалыс кедергілерін немесе өңделетін денелердің (қатты, сұйық, паста тәрізді) кедергілерін жеңуге жұмсалатын жұмысқа айналдыруды қамтамасыз етеді. Бұларға әртүрлі көлік құралдырының жылжытқыштары (доңғалақтар, шынжыр табандар және т.б.), шнектер, транспортерлердің таспалары, итергіштер жатады.

Техникалық жүйелер элементтерінің келтірілген жіктеуі жүйенің кез келген элементінің функциясын көбінесе дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қиын болған жағдайларда шығару ережесін пайдалануға болады, яғни қарастырылып отырған элементке мынадай сұрақ қойылады: « Егер бұл элементті алып тастасақ, онда басқа элементтердің немесе техникалық жүйенің жұмысында қандай жағымсыз салдар пайда болады?» Осылай жағымсыз салдарды жоюға арналған әрекет қарастырылып отырған элементтің функциясы болады.

Функционалды талдау әдістемесі

Техникалық жүйенің функционалды талдауы келесі процедуралардан тұрады:

- қарастырылатын техникалық жүйенің функциясының баяндау;

- жүйе әрекеттесетін қоршаған орта объектілерін анықтау;

- техникалық жүйені элементтерге ажырату және олардың орындайтын техникалық функцияларын баяндау;

- техникалық жүйенің құрылыстық функционалды құрылымын жасау.

Техникалық жүйенің функциясын баяндау. Техникалық жүйенің функциясын сөзбен баяндайды, сонда оның орындайтын әрекетін, әсер ететін объектіні және керек болған жағдайда жүйе әсерінің орындалу шарттары мен шектелулері көрсетіледі. Техникалық жүйенің функциясын баяндағанда алдымен қарастырылатын техникалық жүйе жататын техникалық объектілердің класын ескереді (өңдейтін машина, машина – қозғалтқыш, тасымалдаушы машина және т.б.). Бүтіндей функция баяндамасын нақты тұжырымдауға тырысады, сонда техникалық жүйе қанағаттандыруға тиісті керекті талаптар ескеріледі.

Жүйе әрекеттесетін қоршаған орта объектілерін анықтау. Қоршаған орта объектілері ретінде техникалық жүйенің жоғарғы жүйесінің элементтері (автомобиль қозғалтқышы үшін – ілініс муфтасы, рама немесе шанақ, компьютер мониторы үшін – процессор және т.б.), жанды және жансыз табиғат нәрселері (адамдар, жануарлар, өсімдіктер, су, тастар және т.б.) алынуы мүмкін. Нақты техникалық жүйе әрекеттесетін қоршаған орта объектілерін анықтағанда техникалық жүйе қоршаған ортамен әрекеттесуі өзара зат, энергия немесе ақпарат алмасуы түрінде болатындығынан бастайды. Техникалық жүйе тікелей кіретін жіне шығатын ағындармен алмасатын қайнар көздер мен қабылдағыштар қоршаған ортаның объектілерін құрастырады.

Техникалық жүйені элементтерге ажырату және олардың орындайтын техникалық функцияларын баяндау. Техникалық жүйенің функциясын баяндағаннан соң және ол әрекеттесетін қоршаған орта объектілерін анықтағаннан кейін оны бірнеше іріленген әрбіреуі ең аз өзбетінше функция иемденетін құрылыстық элементтерге ажыратады. Бұл ажыратуды инженерлік практикада орын алған құрылымдық ажыратуға сәйкес техникалық жүйені агрегаттарға, блоктарға, тораптарға, тетіктерге, бөлінбейтін элементтерге бөлу арқылы жүргізеді. Сонда бөлінбейтін элемент ретінде басқа элементтердің жұмысын қамтамасыз ететін ең болмаса бір функция атқаратын және де оны әрі қарай ажыратқанда өзбетінше функция атқара алмайтын элементтер пайда болатын элементті түсінеді.

Техникалық жүйені функциналды элементтерге ажыратқанда негізгі элементтерге ерекше назар аударады. Негізгі элемент ретінде қоршаған орта объектілерімен тікелей әрекеттесетін және функциясы техникалық жүйенің функциясымен бірдей болатын техникалық жүйенің элементтерін түсінеді. Әдетте техникалық жүйенің негізгі элементтері болып техникалық жүйенің бастапқы элементтері табылады, мысалы, метал жонатын станоктың құрал-сайманы (кескіш, фреза), автоқаламсаптың шарикті сырығы және т.б.

Техникалық жүйе элементтерінің функцияларын баяндағанда функцияның мазмұнын дұрыс көрсетуге және олардың белгілі элементтерге жатқызуға ерекше назар аударады. Сонда қарастырылатын элемент функциясының ең кіші санын көрсетеді. Жиі элемент тек қана бір негізгі функция атқарады. Негізгі функция келесі белгілермен сипатталады:

- негізгі функцияны әдетте элементтің жеке бөліктері орындамай бүтін элемент орындайды;

- негізгі функция әдеттегідей жоғарғы деңгейдегі элементтердің жұмысын және жиі қарастырылып отырған элемент алынған бөлшектелген элементтің жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Техникалық жүйенің құрылыстық функционалды құрылымын жасау. Техникалық жүйенің құрылыстық функционалды құрылымын жасағанда оны элементтерге ажырату және әрбір элементтің функциясын баяндау нәтижелерін кесте немесе графикалық түрде көрсетеді.

4-дәріс

Техникалық объектілердің даму белгілері

Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер

Техникалық объектінің сапасы – техникалық объектінің қажеттігіне сәйкес бар және болатын мұқтаждықтарды қанағаттандыруға жарамдығынан туындайтын оның қасиеттерінің жинағы. Техникалық объектінің сапасын бағалауды оның сапасына кіретін және бұл техникалық объекті белгілі жасау, пайдалану (тұтыну) және қайта кәдеге асыру жағдайларына сәйкес қарастырылатын қасиеттердің сандық сипаттамалары болатын көрсеткіштер көмегімен жүзеге асырады. Техникалық объектінің салыстырмалы сипаттамасы болып оның техникалық деңгейі табылады.

Техникалық объектінің техникалық деңгейі – бағаланатын объектінің техникалық жетілгендігін сипаттайтын көрсеткіштердің мәндерін негіздік үлгілердің сәйкес көрсеткіштерімен салыстыруға негізделген техникалық объекті сапасының салыстырмалы сипаттамасы. Негізгі үлгілердің көрсеткіштері техникалық объектілердің осы түрінің дамуы озық ғылыми – техникалық жетістіктерді көрсетеді. Техникалық объектінің техникалық деңгейін бағалау процесі бағаланатын объектінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің тізімін таңдаудан, осы көрсеткіштердің мәндерін анықтау мен бұйымның техникалық деңгейін бағалауды (дәйектелімді) дәлелдеуден тұратын операциялар жинағы болады.

Техникалық объектінің техникалық деңгейін бағалау нәтижелері бойынша оны әлемдік деңгейдегі осындай үлгілермен салыстырып, үш дәйектелімнің біреуіне жатқызуға болады:

- бағаланатын техникалық объекті әлемдік деңгейден асып түседі;

- бағаланатын техникалық объекті әлемдік деңгейге сәйкес болады;

- бағаланатын объекті әлемдік деңгейге жете алмайды.

Кезкелген техникалық объекті сипаттайтын параметрлер мен көрсеткіштердің арасында ұзақ уақыт аралығында (кейде техникалық объекттің қарастырылып отырған класының барлық өмірлік тарихында) бір қалыпты өзгеру тенденциясы немесе өзінің шегіне жеткенде белгілі деңгейде ұстап тұру тенденциясы болатын әрқашан бір немесе бірнеше параметрлер мен көрсеткіштер болады. Бұл көрсеткіштерді жетілгендіктің және прогрессивтіктің өлшемі ретінде қабылдайды және де олар техникалық объектілердің жеке кластары мен біртұтас техникаға өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай параметрлер мен көрсеткіштер техникалық объектінің даму белгілері деп аталады. Олардың техникалық объекттің сапасын бағалағанда үлкен маңызы болады.

Жаңа бұйымдар жасағанда жақсы әлемдік жетістіктердің деңгейін асып түсуге тырысатын мамандарға даму белгілерінің шамалары өте маңызды болады. Бұл мәселелерді шешкенде даму белгілері техника мен технологиялар дамуының прогрессивті бағытын көрсететін компас рольін атқарады. Кез келген бұйымның техникалық деңгейі, әдетте, бірнеше даму белгілерімен сипатталады. Сондықтан прогрессивті даму принципіне сәйкес техникалық объекттің әрбір жаңа буынын жасаушылар бір белгіні мейлінше жақсартып, ал қалғандарын нашарлатпауға тырысады.

Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі

Техникалық объекттердің әртүрлі кластары үшін даму белгілерінің жинағы әжептәуір бірдей болады, сондықтан техниканың біртұтас дамуы оның дамуын анықтайтын белгілердің бірыңғай жинағына бағынады. Бұл даму белгілерінің жинағы белгілердің келесі төрт тобынан тұрады:

- қызметтік белгілер. Бұлар техникалық объектінің қызметін іске асыратын маңызды көрсеткіштерді сипаттайды;

- технологиялық белгілер. Бұлар тек қана техникалық объекті жасаумен байланысты болады;

- экономикалық белгілер. Бұлар тек қана қарастырылып отырған техникалық объекті көмегімен қызметті іске асырудың экономикалық пайдалылығын анықтайды;

- антропологиялық белгелер. Бұлар техникалық объекті жасағанда туындайтын адам факторының немесе адамдарға әсер ететін жақсы және жаман факторлардың мәселелерімен байланысты болады.

Жалғыз белгі, ол қаншалықты маңызды болғанмен, жасалатын техникалық объектінің қызмет атқаруының және оны жасау процесінің тиімділігін жан жақты сипаттай алмайды. Сондақтан жұмыстық топ, яғни жаңа техникалық объекті жасау тапсырысын орындаушылар, тапсырыс берушімен бірігіп, жобаланатын объекті пен оны жасау процесінің техникалық деңгейін едәуір толық сипаттайтын даму белгілерінің құрамын қалыптастырады. Даму белгілерін таңдау процедурасын және бұл процедураның маңыздығын мойындау таңдаудың саясаты немесе стратегиясы дейді.

Жобаланатын техникалық объектінің даму белгісін таңдағанда, алдымен, мемлекеттік стандартқа ГОСТ 23851-77 «Өнеркәсіптік өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау», сонымен қатар халықаралық стандарттарда (ISO, SAE), ұлттық шетелдік және отандық стандарттарда, берілген техникалық объекті жасайтын фирмалардың проспекттерінде келтірілген көрсеткіштерге бағдарлайды.

Даму белгілерінің жинағын тайдап алғаннан кейін техникалық объектінің қызықтыратын класы үшін әрбір белгінің баяндамасы жасалады.

Белгінің баяндамасына келесі мәліметтер кіреді:

1) Белгінің мәні;

2) Белгіні өлшеу формуласы мен тәсілі (шкаланың көрсетілуі мен өлшем бірлігі);

3) Уақыт бойынша белгі шамасының өзгеру аралығы мен сипаты;

4) Үш баллдық шкаламен белгінің жалпылық дәрежесін бағалау:

- белгі бірдей немесе жақындау қызметтерді атқаратын техникалық объектілердің қарастырылып отырған класына қатысы бар;

- белгі белгілі жалпы қасиеттерді иемденетін әртүрлі қызметтерді атқаратын техникалық объектілердің бірнеше кластарына қатысы бар;

- белгі кез келген қызметті атқаратын техникалық объектіге қатысы бар;

5) Үш баллдық шкала бойынша белгінің өткен уақыттағы және болашақтағы салыстырмалы маңызының өзгеруін бағалау:

- өзектілігі жоғарылайды;

- өзектілігі өзгермейді;

- өзектілігі төмендейді;

6) Белгіні жақсартудың негізгі әдістері мен құралдары.

Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы

Техникалық объектілер дамуының қызметтік белгілері

Дамудың қызметтік белгілері техникалық объекті пайдаланудан, нақты пайдалану жағдайларында оны қолданудың құрылыстық және технологиялық мүмкіншіліктерден түсетін пайдалы тиімділікті сипаттайды, яғни оның қызметін жүзеге асыратын негізгі көрсеткіштерді сандық бағалайды. Дамудың қызметтік белгілеріне өнімділік, дәлділік, сенімділік және арнайы белгілер жатады.

Өнімділік белгісі уақыт бірлігінде өңделетін заттың, энергияның немесе ақпараттың көлемін сипаттайды. Ол техникалық объекті дамуының техникалық деңгейінің интегралды көрсеткіші болады және әрдайым жеке көрсеткіштер (объекті өңдеу жылдамдығы, шығатын ағынның шамасы) арқылы өлшеуге немесе есептеуге болады.

Дәлділік белгісі техникалық объектінің берілген техникалық қызметті орындау сапасын сипаттайды және кіретін зат, энергия немесе ақпарат ағынынын өңдеу дәлділігін сандық бағалауды жүзеге асырады. Техникалық объектінің техникалық қызметіне байланысты өлшеу дәлділігінің, өңдеу дәлділігінің, нысанаға тигізу дәлділігің белгілері деп ажыратылады.

Сенімділік белгісі. Сенімділік – техникалық объектінің берілген уақыт аралығында қажетті қызметін берілген жұмыс істеу тәртіптерінде және қолдану, техникалық қарау, жөндеу, сақтау, тасымалдау, басқа әрекеттер жағдайларында орындау қабілеттілігін сипаттайтын барлық параметрлердің шамаларын ұстап тұру қасиеті. Сенімділік күрделі қасиет бола тұра, тоқтаусыз жұмыс істеу узақтығы немесе берілген уақыт аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдылығы, қарастырылып отырған уақыт аралығында тоқтау саны, күрделі жөндеуге дейінгі орташа техникалық ресурс, жұмыстық күйіне қайта оралту қабілеттілігі, техникалық қарау мен жөндеу жұмыстарының көлемі, сақтау мерзімі түрінде байқалады.

Арнайы белгілер. Бұлар жеке белгілер болып табылады және нақты техникалық объектілердің өздеріне жүктелген қызметтерді қажеттігіне сәйкес орындайтын айрықша қабілетін бағалайды.

Техникалық объектілер дамуының технологиялық белгілері

Технологиялық белгілер өндірісті техникалық дайындауда, жасағанда, пайдалануға дайындағанда (орнату), пайдаланғанда, техникалық объекті техникалық қарау мен жөндеу жүргізгенде еңбекке, материалдар мен қаржы құралдарына, уақытқа және басқа ресурстарға жұмсалатын шығындарды сипаттайды. Техникалық объекті дамуының технологиялық белгілеріне жасау еңбек көлемділігінің, технологиялық мүмкіншіліктердің, материалдар пайдаланудың, техникалық объектті элементтерге бөлшектеу белгілері жатады.

Техникалық объекті жасау еңбек көлемділігінің белгісі жинақталған жобалау, жасау жән

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.