Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Даланы, сай – саланы. Ат шаптырып, ас беріп, 1 страница



Айлап қарап ақыры, Мыңдап қара сойыпты. Бір бармағын табады. Содан соң қол тарапты.

Қабекең беріп батасын,

«Шыңқожа» деп атапты,

Арқаның осынау жотасын»

Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 жыл.

– Әсет Ризаұлы, біз осы Шыңқожа батыр бабамыздың тарихи деректерінен байқайтынымыз, сол кезеңде өмір сүрген бабаларымыздың денсаулығының өте күшті болуы және батырлар 70 – 80 жасқа дейін ат үстінде найзасын тастамай ел қорағандығы, ал Бұхар жыраудың 90 – нан асқан шағында өлең жыр шығаруы таңқаларлық нәрсе емес пе, осының өзі бабаларымыздың салауатты өмір салтын ұстап, қартайған шақтарында да іс – қимыл әрекеттерін тоқтатпауының арқасында Жаратушының берген 100 – 120 жыл ғұмырын толықтай сүргендерінің айғағы емес пе?

– Рахым Алмабекұлы, сізге ұнаса өзім көрген, куә болған тағы бір оқиғаны айтып берейін.

– Ой бауырым, бүгін сен менің құлағымның құрышын қандыратын болдың ғой. Осы әңгімелерді жадыңа сақтап айта білгенің үшін өзіңді, бірінші Алла қолдап, ата бабаңынң аруағы қоршап жүрсін!

– Әумин, тілегіңіз қабыл болсын!

– Менің атамның әкесі он ағайынды болыпты. Арғы бабаларымыз: Қаракерей, Байыс, Тума, Ақша, Қарабас, Қожакелді, Көкі, Қылқабай, ал Қылқабай ұлы Босқынбай атамыздан он ағайынды ұл: Нысанбай, Жолбарыс, Аблан, Қабылан, Есім, Өмір, Естемес, Отаршы, Малшы, Қасен екен. Солардың төртеуінің ұрпақтары бармыз. Сол ұрпақтарының біреуі менің атам Жолбарыс ұлы Мұқашбектің бауыры, Есімұлы Саңқайбай атаны 100 жасында Науалыда бір бауырымыз Мақыш ұлы Солтансейіттің жаназасында кездестірдім. Саңқайбай ата 104 жасында Аякөзде үлкен баласының қолында біраз ғана сырқаттанып жатып көз жұмды. Саңқайбай атамыздың өңі шырайлы, бойы екі метрден астам, қақпақ жауырынды, батыр тұлғалы, денесі тіп –тік, жүрісі серіппелі, әскери адамдардікі сияқты аршынды екен. Аузындағы тісі түгелдей бүтін, қимылы жас жігіттердікі сияқты ширақ, көз жанары өткір, құлағы сақ. Түрі жетпіске енді ғана толған адам сияқты. Мен барып танысып өзімнің Жолбарыс ұлы Мұқашбектің немересі екенімді айттым, осы ашығу ілімін енді бастап жүрген кезім. «Ә, мен сенің атаңды, өзімнің ағам Мұқашбекті жақсы білемін, 1937 жылы нахақтан ұсталып, атылып кетті – ау, есіл ер! Оның бар жазығы молла болып Құдайға сенгендігі мен ауқатты жеке шаруа жер иесі және көзі мен көкірегі ашық болғандығында ғана болды ғой. Қайта жақсы, ағайымның көзі Ризадан сендер өсіп жетіліпсіңдер, бұғанда шүкір» – деп мені бір желпінтіп алды. Сонан кейін өзінен кәрі бір шалды әкеп менімен таныстырды «Әсет, танысып қой Құрман деген ағаң болады, менің 78 жастағы екінші балам» дегенде, жас шалдың өзінен 10 – 15 жас үлкен шалды ұлым деуі маған біртүрлі ерсілеу күлкілі сяқты, күлейін десем екі шалдан ұят, күлмейін десем бұрын соңды мұндайды естіп көрмеген басым, күлкі қысып әкетіп барады. Қыстығып, қымқырылып күлкімді әзер дегенде тежедім. Ол кісінің тағы бір ерекшелігі аузына келген сөзді, ойды мәймөңкелемей тура айтады екен. Осы жаназада ауылдың ақсақалдарының ішінде «аяқтыға жол, ауыздыға сөз», төрден орын бермейтін дегендей балапан шалдардың ішінде шоқтықтары биік, жастары 80 – нің о жақ, бұ жағындағы Есетай, Нұртаза, Төлеген т.б. ауылдың қадірменді кәриялары отырған. Саңқайбай ата: «Әй балалар, немене бос сөйлеп отырсыңдар», – деп саңқылдаған даусымен бір тисіп өтті. Ана шалдар жасын силағандікі ме білмеймін, бәрі де таяқтарымен жер шұқылап, молданың алдындағы шәкіртке ұқсап, төмен қарап бұқпынтайлап үндемей отыра берді. Өзінен кәрі, таяққа сүйеніп орнынан әзер тұрып – отыратын, аяқ қолдары селкілдеп берекесі кетіп жүрген өлмелі ақсақалдарды өздерінен жап жас адамның «бала» деп айтқанына енді күлмеске шарам қалмады. Былайырақ шығып өзіме өзім келгеннен кейін: «Ата, сіз осы денсаулыққа қалай жеттіңіз, осының құпиясы неде?», деген сұрақ қойдым. Менің екі жұдырығым бір уысына сиып кететіндей, еті қашпаған күректей алақанының салалы саусақтарымен сақалын сипап тұрып: «Біз ауқатты тұрдық, 1932 жылы кәнпеске басталғанда үркінді болып, бас сауғалап Қытайға өтіп кеттік. Ол жерде байларда малайлықта болдым. Егін суғардым, шөп шаптым, бидай ордым. Осы жаққа келгенде де әлі күнге дейін қара жұмыстан қол үзіп көрген жоқпын, малға шөпті өзім дайындаймын, тыным таппайтын мазасыз адаммын. Бос отыра алмаймын. Өмірімде арақ, темекі дегенді аузыма алып көрген пенде емеспін. Бие байлап қымыз сауамын, айына екі қабат саумал ішіп ішімді тазалаймын. Бірақта өмірімді серілікпен өткіздім, кездескен көлбең етектіні құр жіберіп көрген емеспін. Атаң жүзге келсе де әлі қауқары бар», – деп біркелкі жарқырап тұрған аппақ күрек тістерін көрсетіп, қулана жымиып қойды.

– Рақым Алмабекұлы, енді осы күнделік – кітапты жазуымызға себепкер болған, және менің денсаулығымды дұрыстауыма кітабымен шипа болған Поль Брэггтің өміріне қысқаша шолу жасасақ:

– Кітаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша жарнамасы Брэгтің өзі, жеке тәжрибесі және өмір сүру қағидасы болды. Ол 90 жасында күшті, шапшаң, иілгіш. Шыдамды, қысқаша айтқанда қылшылдаған бозбала сияқты болатын.

Поль Брэгг күнделікті 3 – 5 шақырымға жүгірді, тауға шықты, көп малтыды, теннис ойнады, биледі, жаяу ұзақ жүріп, гантель, гирь көтерді, серфингпен (тақтайдың үстінде тұрып алып толқында сырғанау) шұғылданды. Жұмыс күні 12 сағатқа созылды, бірақ шаршауды, ауруды білмеді, әрқашан сергек, тың, өмірге құштар және адамдарға көмектесуге дайын тұратын.

Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда сырғанап жүргенінде алапат толқын басып кетіп, қайғылы қазаға ұшырады. Оны 5 баласы, 12 немересі, 14 шөбересі және мыңдаған ізбасарлары жоқтады. Паталоганатомдар тексергенде оның жүрегі, қан тамырлары және басқа іш құрлыс мүшелері өте жақсы, керемет жас баланікіндей болған. Брэгг бір сөзінде «менің тәнім жас мөлшерін білмейді», – деп айтқан.

Поль Брэгг денсаулықты түзеу негізінде дұрыс тамақтану жүйесін басшылыққа алған, етті мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған. Өзінің жүйесінде ашығу бағдарламасына көп көңіл бөлген. Шоғырланып қалған улардан, қалдықтардан, маңқа – шырыш тұздан ағзаны тазалау үшін: аптасына бір тәулік, 3 айда бір қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу кезінде тек таза су ғана (дистилированный) ішу керек деп үйретті.

Біздің замандастарымыз нағыз аштық дегенді, ағзаның нақ тамақты сіңіру қабілетін ұмытып кетті. Қазіргі адамдар, тамақ ішкісі келмесе де, күніне бірнеше рет тамақтануды әдет еткен, созылмалы гастритінің салдарынан болатын қобалжуды «аштық» деп қабылдайды. Осы әдетті өзгертудің түкте қиындығы жоқ, тек санаң тәніңді басқарса болғаны.

Брэгг таңертең мүлдем тамақ ішпеген, адам өзінің тамағын денелік күш қуат жұмсап барып ішуі керек, қазақша айтсақ: «Таңғы ас Тәңірден» – деп есептеген. Оған күніне екі мезгіл тамақ ішу жеткілікті болған.

Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Тамақтың, дене шынықтырудың, ашығудың нақтылы мүмкіншіліктерін білмей, олар ғажайыпты өздері түсінбейтін айдаладан іздейді.

Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмір сүрудің еш қиындығы жоқ. Аурудан азап шегіп, мезгілсіз қартайғандар, тез жазылу мен жасарудың жолын армандайды. Есіңізде болсын: денсаулықты еңбектенсең ғана табасың! Оны сатып алуға болмайды, ешкімде оны сізге сатпайды. Мен табиғат заңдылықтарын зерттеймін, бұзбаймын, нәтижесінде денім сау және өте қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы өзіңді – өзің тазалау жолдары, дене шынықтыру – қартаймайтын, солмайтын, әр күніңізге шаттық силайтын өмірге алып келеді».

– Әсет, қарашы қандай керемет! Поль Брэггтің 95 жасқа, Рақманқұл ақсақалдың 90 –ға таяуы, Саңқайбай атаның 104 – ке келуі, Найман бабамыздың тоқсан жасында ұрпақ әкелуі, Бұхар бабамыздың 90 – нан асқан шағында да қырғын соғыста халыққа жігер беріп, намыстарын қайрауы, Қабанбай мен Шыңқожа батырлардың қартайғанша қолдарынан найза тастамауы, ал Мамай бидің жетпісінде ел басқарып, елуде найза өңгергенін, алпыста арынды болғаны, жетпісінде аспанға атылған жылан екенін, сексенінде тайдай секіретінін, тоқсанында топтан торай шалдырмайтынын, жүзінде екі келіншегінің көңілін қалдырмайтынын айтуының өзінде үлкен мән бар. Себебі денсаулығының арқасында осылай болатынына сенімді болған және осылай болған да, өзін өзі осыған иландырып алған. Жүз жасқа дейін тамаша табиғи денсаулықпен жүру, өмір сүру, ұрпақ әкелу олар үшін қалыпты жағдай болған. Аталарымыздың Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп балаларына ат қоюдың өзі осының бір дәлелі емес пе? Жаугершілікте, соғыста немесе басқа қырсықтан өліп кетпесе Жаратушының, табиғаттың адамға берген 100 – 120 жыл ғұмырын толықтай сүрген, ауру сырқау, улану дегендер жоққа тән болған. Ең бастысы табиғат заңдарын бұзбаған, осының жетегімен өмір сүре білген.

Ал қазіргі замандағы біздің замандастарымыз 60 – қа жетер жетпестен өздерін қартайдық деп иландырып алып, өмірден түңіліп, денсаулықтарын түзетумен шұғылданудың орнына, баяғы «әніне салып» бей берекет өмірлерін жардан омақаса құлағанша жалғастыра беруде.

 

31 Наурыз жұма, ашығуымның жетінші тәулігі

Науалы ауылының тұрғыны Жұматай Абылханның баяндауы бойынша, әкесі қадірменді қария Нұртаза Абылхановтың жас шағында бір еркек қойдың етін ерегесіп түгел жеп қойып «Найманның тажалы атануы» туралы әкесінің айтқан әңгімесі.

Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру, ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.

Мұхаммаед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

Салмағым өзгермепті, кешегі қалыпта. Түске таман дәрігерге барып қан қысымымды өлшеттім, оң қолімдікі де, сол қолімдікі де 130/100 әлі дұрыс емес. Бүйрегімнің қысымы жоғарлап тұр, бүйректерім сыздап әлі ауырады. Қан қысымын өлшегенде, төменгі сан бүйректеріңнің жағдайын көрсетеді. Өзімнің жеңілдеп қалғанымды сеземін, көңіл күйім жаман емес. Күні бойы бал, лимон қосылған ыстық таза суды қалағанымша іштім, тәулігіне 2,5 – 3 л. Ашығуды бастағаннан бері бүгін екінші рет үлкен дәретке отырдым, қап қара қоқыстар шықты. Осы қоқыстар шығысымен – ақ денем жеңілдеп, көңілім сергіп қалды.

Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, ауру деген не?

Жауап: – Ауру біздің ағзамыздың улы заттарға толы екенін көрсететін табиғаттың әдісі. Біз ашығу арқылы денемізде жиналған тағам қалдықтары мен уларды шығаруға табиғатқа көмектесеміз. Бұл әрбір хайуанға белгілі. Ашығу – хайуандардың емделінуінің жалғыз жолы. Бұл таза хайуандарға тән болмыс.

24 не 36 сағат немесе 3 – 10 тәулік ашыққан уақытыңда, ағзаңда денсаулық күші жұмыс істей бастайды, осы күштер ағзаңды жаңалайды. Осы қуат әрқашан да өзіңмен бірге. Таза сумен толық ашыққан уақытыңда – шайнауға, жұтуға, қортуға, сіңіруге, шығаруға жұмсалған өмірлік күшің енді ағзаны тазалауға кіріседі. Ашығу – терең ішкі тазалау, өмір күшін қалпына келтіретін физиологиялық демалыс.

– Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, келесі әңгімені айтатын өзіңіздің жақсы көретін шәкірттеріңіздің бірі Абылхан Жұматай, енді кезекті соған берсек қайтеді?

Жауап: – Неге бермеске. Мен іскер азамат Жұматайдың өзінде, ақылды, биязы келін Динаны да, ұлы Әділетті, қызы Зерені де өте жақсы білемін. Өзің мұрындық болып ашқан Науалыдағы тұқым сынайтын алқаптың Абылхан Жұматай, Мұхаметжанов Әнуар, агрономдар Орақбаев Кәдірбек, Кәттебаев Зият, Бодауов Тұрарбектердің жетекшілігімен қайта ашылуы да мені қатты қуантады. Қазір олар менің талай сорттарымды алып еге бастады. Нәтижесі жаман болмас деп ойлаймын.

 

Науалы– екі өзеннің ортасында,

Жазылған Жер шарының қартасында.

Қыры – мал, ойы егін, суы балық,

Алланың жаратушы арқасында.

Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел,

Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер.

Желбіреп көк желегі, тал – терегі

Жаратқан Құдай артық не деген жер.

Басына Науалының Ақжар таяу

Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу.

Көңілің көтерілер, денең сергіп,

Самал жел Көкөзектен соқса баяу.

Қарғалы, Көлденеңмен мен сулы Құсақ,

Маңырап қой өреді, жылқы жусап.

Қызығын осы жердің көретұғын

Анадан бала болып қайта тусақ.

Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен.

Құсақ пен Қарасудың екі арасын

Баласы Құдас атаң қылған мекен.

Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан,

Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан

Бұл жерді Қожакелді мекен қылып,

Ұрпағы ат арқандап, малын баққан.

Дейді екен Қарасуы Аймаңдадың,

Аты бар бәрінің де мекен – жайдың.

Наулы – тоғыз Тума ту тіккен жер,

Ерназар – төрт сарысы Қасен байдың!

95 бес жасқа келген, әлі тың, соғыс және еңбек ардагері Данабек Байсалханов ақсақалдың өлеңі. Данабек ақсақал мен Нұртаза ақсақалдар құрдас, әрі сырлас дос болған адамдар. Данабек ақсақалдың бір ерекшелігі еш уақытта тоя тамақ жемейді, кешке тамақ ішпейді, уақытының бәрін өлең, қисса шығаруға арнайды.

 

Ескерту: Байсалханов Данабек ақсақалдың туған шешесі Захария әже 107 – ті жасқа келген, ал Захария әжеміздің туған бауыры осы кітапта баяндалатын Саңқайбай ата 104 – ке келген. 107 жасқа келгенше Захария әжеміз инені өзі сабақтап, тауық – құстарын өзі бағып қағып, үй шаруасын жайғап тыным таппайтын адам болатын. Фәни өмірден бақи әлемге ауырмай – сырқамай бір – ақ күнде аттанды.

Абылхан Жұматай 40 – тың қырқасына шыққан, қамал алатын жасқа келген шымыр денелі, аса қайратты, қара торы, мейірбан өңді, сұңғақ бойлы, терең ойлы, әр сөзін салмақтап сөйлейтін, айтқан уәдесіне құрыштай берік, алған бетінен қайтпайтын, қайсар да, жаны жомарт, мінезі кең жігіт ағасы. Тағы бір ерекшелігі, қазір Қытайдың Гоньжоу қаласындағы «Азия мост» компаниясының президенті жан досы Ахметбек Нұрсиленов екеуі де Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатша соғады. Өздері суырып салма ақын, жан жақты дамыған, салауатты өмір салтын ұстанатын, ірі кәсіпкер жігіттер. Жұматай заман ауысқанда, досы әрі әріптесі Әнуар Мұхаметжанов екеуі бұрынғы талқаны шыққан Талдықорған облысы, Панфилов ауданының іргелі шаруашылығы болған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Головацкийден қалған, талан таражға түскен мүліктерінен бір жүгері өңдейтін зауытты сатып әкеп іске қосып, қазір жүгері тұқымының гибридін өсірумен шұғылданады. Аталық пен аналық жүгерінің тұқымдарын өздері егіп будандастырады. Былтырдан бастап академик Рахым Алмабекұлы Оразаливтің сорт сынайтын тірек бөлімшесі, бидайдың асыл тұқымдарын өсірумен, көбейтумен де шұғылдана бастады. Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі жеке шаруа қожалығы «Науалы жүгері зауытының» және «Әділет» шаруа қожалықтарының иелері, әрі демеушілері. Ауыл халқының көпшілігіне жұмыс тауып беріп отырған – елім, халқым деп жаны ашып, сол халықты қорғай да білетін абзал жандардың бірі.

Әкесі Нұртаза ақсақал арғы ғасырдың барлық қилы замандарын бсынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер кісі еді. Қарадан хан болған дегендей, арғы аталары артықша туған жандар болатын. Сондай асыл нәсілдің соңғы көзі Абылханов Нұртаза ақсақал, бейнелеп айтқанда, ана тілдің академигі, әңгіменің – Әуезові еді. Жұматай мен Дина бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Жұматайдың жұбайы Дина қазақтың әдепті де әдемі, көргенді, білімді келіндерінің бірі. Дина да суырып салма ақын, әрі бала тәрбиесінің хас шебері. Жұматайдың жұмысындағы оң қолы, сүйенер тірегі. Үлкендері Әділет Алматы қаласындағы, дарынды балаларға арналған академик Жәутіков атындағы физика – математика мектебінің 10 – шы сынып оқушысы. Оқу үлгерімі өте жақсы, ағылшын тілін еркін меңгеріп алған. Алдына қойған мақсаты: «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада жоғары оқу орнынын бітіріп, еліне, халқына қызмет ету.

Әкем Нұртаза 86 жасында өмірден өтті, соңғы кезге дейін тамақты жақсы ішті. Өмір бойы жылқының етін айтпағанда, қазы қартасы мен қымызы бір күн де алдынан кетіп көрген жоқ. Марқұм, дене қимылы ширақ өте еңбоққор, шежіре, оқымаса да санасы өте жоғары, ғұлама шешен, сөзге жүйрік, көкірегі ашық, көрген – түйгені мол, өткен ғасырдағы қазақ билерінің асыл сынықтарының бірі еді. Соңғы жылдары ғана майлы, тұзды тамақтарды көп жегендіктен аяғынан жөнді баса алмай, қимылы баяулап, шау тартып қалды. Бұл кісінің тағы бір кереметі, неше түрлі қисса – дастандарды мүдірмей жатқа соға беретін және де әңгіме айқанда майын тамызытып, тыңдаған адам өзін бейнетаспа көріп, оқиғаның ішінде өзі бірге араласып жүргендей әсер алушы еді. Тағы бір ерекшелігі, айтқан әңгімесін қайта айтқызссаңыз бейне үн таспаға жазып алғандай үтір, нүктесіне дейін өзгеріссіз сол қалында қайталап айтып беруші еді, жарықтық. Егер тамақ мәзірін дұрыс сақтап ішкенде 100 – 120 жыл ғұмырды жасар еді – ау!» Оның үстіне соңғы 2 – 3 жылда, құрдастарым кетіп қалды, сойлесетін адам жоқ деп сары уайымға өзін өзі салып, намазын оқып болғаннан кейін: «Алла осы өміріңе разымын, бүгін алсаңда ризамын», – деп Жаратушыдан бақи өмір тілейтін және өзін осыған иландырып та алды ғой деп ойлаймын. Менің әкем Қытай жерінде жас күнінде ағаш шебері, ұсталық, тері илеу мен қайысшылық өнерлерін игеріп, саудамен де шұғылданды. Жалпы саудагерге тән әдет, таразыдан жеу, кісі ақысын қағу деген ұғымдарға жан – тәнімен қарсы болды. Өмірінде темекі шегіп не арақ ішіп көрмеген пенде. 80 жасқа дейін жылқысына, малдарына шөпті өзі шауып, арбасымен тасып жинайтын.

«Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын».

Мұхаммед ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.)

 

Енді сіздерге әкемнің өз аузынан естіген әңгімелерімнің біреуін айтып берейін:

– «1952 жылы Қытайдағы Дөрбіжін қаласында 5 – 6 саудагер бірігіп семіз қой сойғызып, май жеп жарысатынбыз. Майды шайнамай жұтуды үйрендік. Сол кезде өзімнің ұн тартатын екі меншік диірменім болды, ал Ертістің бойында Керейлер жалпы астық екпейтін халық, апталап жатып менен ұн сатып алады. Сол жылы жұмыстарым да болып, оның үстіне: »Нүке келіп қонақ болып қайтыңыз», – дегеннен кейін Ертістің бойымен Алтайға қарай құлдап жүріп кеттім. Қыс кезі, күн еңкейіп қалған, шыңылтыр аяз, ымырт жабыла Исатолла деген бір Керей бар еді, әлгінің үйіне келдім. Мені көріп: «Ой, Нүкең кеп қапты ғой!» – деп бәрі жік жаппар болды. Мені аттан түсіріп алып үйге кіргізді. Сол кезде Керейде көп нан болмайды, тары жейді. Ол кезде қазақ келген бетте жөн сұраспайды, үйдің иесі малдарын жөндеп далада.Үйге келіп төрде отырғанымда, әйелі үлкен ағаш шары аяқпен толтырып бықтырып, бүктіріп тары алып келді. Аш келген адам әлгіні соғып алдым. Бір уақытта үйдің иесі мен әйелі күбірлесіп жүр, олардың тошаласы үймен қатар болады. Тошала деген ет сақтайтын жер. Әйеліне ет салып жатқан кезде: »ағарған жағынан», – деп айтты. «Ә, ағарғаны не салады екен, жаңағы тарыны бекер – ақ жеппін» – деп ойладым. Етін салды, әңгімелестік, уақыт өтті. Олар негізінде екі, үш үйден ғана отырады, біраздан кейін көршісі келді, сәлем берді. Бәрі мені таниды, мен олардың көпшілігін танымаймын. Әйелі ет түсіріп, үлкен астаумен бірақ әкелді, оларда жайма салу деген болмайды. Қарасам, әйелі де бір мың болғыр адам екен, ағарған жағы дегенді өте дұрыс түсініпті, ылғи аппақ май, анда санда ғана бір қаракесек ет, бүкіл бір құйрықты ұшасымен бірге салған сияқты. «Әке – ау, қалай болар екен» – деп бір ойладым да, үй иесі, көршісі үшеуміз үш жақтап турадық. Қолға бір қара ілінбейді, үлкен қырма табаққа турап жатырмыз, турап жатырмыз әйтеуір бір уақытта турап біттік. «Ал енді жеңдер», – десем, әлгілер «Нүке сіз жеңіз», – деп табақты маған қарай итеріп қояды. «А, Найман шал аруағынан айналайын, мені қолдай көр! Керейлердің алдында ұятқа қалдыра көрме», – деп өзімді өзім бекітіп алдым. Егер Қаракерей, Байыс, Тума деп жатса түк емес қой, бұлар Найман деп сөйлейді ғой. «Кеудесіне нан піскен жаман Найман, табағымыздың шетін оя алмай кетті», – деп айтады. Ол кезде Найман мен Керей арасында іштей бір тартыс бар, Керей негізі тау халқы, тары ғана егеді. Олай болса деп, ет түсер түспестен кірісіп кеттім. Бұрынғы үйренген әдіске салып майды жұта бердім, жұтып жатырмын, жұтып жатырмын, бір майдың да дәмін татқан жоқпын. Кеңірдегіме кеп қалған уақытта қозғалақтап қоямын, табақтың жартысынан аса табақты өздеріне қарай итердім, қаракесек ет жеген жоқпын. Үй иесі мен көршісі мен тоймай табаққа қол салатын түрлері жоқ, сүйек мүжіп өздерімен, өздері отыр. Әлгілерге ызам да келіп отыр, не болса да тағы да қозғалақтап қойып қайта кірістім. Табақ бітуге аз қалғанда, май өңеміше тұрып қалды. Әлгілерді әңгімеге айландырған боп, табақтағы майды түгел бітірдім. Қарасам екі шеңгел қаракесек ет қалыпты, не болса да деп бір шеңгелін аузыма тастап жібердім. Қаракесекті шайнап жеу керек, жүрегім лоқсыңқырап әлгілерге сездірмей үш қылқынып барып әрең жұттым. Қалған бір шеңгел ет, енді мен үшін уайым болды. Енді не істеймін деп отырғанда ойыма бірдеме сақ ете түсті: « мына Найман аш келген бе деп, мына құдағилар сөгер, мынаны құдағилар жесін», – деп табақты ары қарай итере салдым. Әйелі де ана жақтан қарап отыр екен, келді де табақты іліп ала жөнелді. Керейлер әйелдерінен бөлек отырады екен. Сонымен сүйек мүжіп отырған үй иесі мен көршісі аш қалды, өздерінен өздері көрсін дедім. Шәй, сорпа келді, бір тегене құрт әкелді езіп, осы құртты ішіп алдым. Бір уақытта жатар алдында денем өзінен өзі қызып дуылдай бастады. Кешке жақын Ертісті бойлап келе жатқанда су алатын ойықтарын көргенмін, атты қараған болып жаңағы ойыққа барып, бетіндегі қаймақ мұзды қағып тастап басымды салдым. Қаңтардың аязындағы мұзды суды басым мүлде сезбейді, басымды екі үш қабат малып алдым. Басымды шүберек белбеумен сүртіп, құрғатып түк болмағандай болып үйге келіп жатып қалдым. Бағана «ағарған жағы» дегенде арты қалай болар екен деп, таңертең ерте кетемін, ақша аударуым керек деп құлағына құя бергенмін. Маған не болса да ерте кету керек. Ағарғанның арт жағы қиын болатынын өзім сезгенмін, әйтпесе бір екі күн жатайын деп келгенмін. Содан жаттым, не ұйықтап, не қойғанымды білмеймін, дөңбекшідім. Таңға жақын көзім ілінгендей болды. Таң алаң елеңде тұрып едім, әйелі де сақ екен, мен өйтіп – бүйтіп далаға шығып жуынғанымша бір шәугім шәйін қайнатып қойыпты. Бір шәугім шәйді аузымның күйер күйгеніне қарамай ішіп алып атқа қондым. Атқа енді міне берейін деген кезде кешегі көршісі сап ете түсті. «Ойбай Нүке, кететін боп қалдың ба? Сізді бір – екі, үш күн жатады деп ойлап едік», «мен жатайын – ақ деп едім, жатқызбасың жатқызбай бара жатыр», – дедім, бірақ ол оны түсінген жоқ. «Сіз ерте кетеді дегеннен кейін бір қуырдақ қуыртып қойып едік», – деді. Аттап өтуге болмайды, еріксіз үзеңгіден аяғымды алып үйіне кірдім. Үйіне кіріп едім, сиырдың ашты қуырдағы екен, екі – үш қарбытып жеп жіберіп, екі – үш кесе шәйін ішіп алып атқа қондым. Күн шықпай шығып кеттім, еңкейсем болды май жетіп келеді, әлі өңешімде тұр, шалқайыңқырап қойып жүремін. Қаңтардың аязы, денем өзінен өзі қызып аязды елейтін емеспін. Қалың үлкен ішігім бар еді, оны бөктеріп алдым. Жұқа ішігімді ғана киіп, тымақтың құлағын көтеріп байлап алып жолмен келе жатырмын. Керейлер жарты не бір шақырым жерде жол бойлай екі – үш үйден отырады. Жол Ертісті бойлап жүреді. Көрген адамдар бір біріне айқайлайды: »Қараңдар ананы, Иса келе жатыр, Иса келе жатыр!», – Онысы Иса пайғамбар дегені, Иса аязда жеңіл киіммен жүре береді деп естігендері бар шығар. Енді біреулері, есі дұрыс емес деп күлсе, көпшілігі мына аязда қалай жүр деп, аң – таң қалады. Мен өз қайғыммен өзіммен өзіммін. Алтай жерінің Ертіс бойында қаңтардағы аязы 45 – 50 градустен кем болмайды. Күні бойы жүріп, түс ауған кезде өңешіме жетіп келетінін қойды. Күн еңкейген кезде өзіме өзім келіңкіредім.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.