Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 14 страница



 

32. Әмір Темір (1333-1405)

 

Дүниені дүр сілкіндірген жаһангер, атақты қолбасшы, шыққан тегі Барластан тайпасы. Әкесі Тарабай атты бек кішігірім ұлыс басқарған. Әмір Темір туған жеріндегі өзара соғыстар кезінде жұлқынып алға шыққан. Өкімет билігін өз қолына алып, Орта Азияны 35 жыл жалғыз өзі басқарып билеген. 26 жасында сайыста аяғынан жараланып – «Ақсақ Темір» аталады. Иран, Үндістан, Кавказ еліне жорық жасаған. 72 жасында Қытайға жорыққа бара жатып жолда қайтыс болған. Әмір Темір көптеген мешіт, медресе соқтырған. Соның ең кереметі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ғимараты. Самарқанд қаласында Гүр-Әмір ғимаратында жерленген.

 

33. Бәйдібек би (1356-1419)

Төрт құбыласына түгел сөзін өткізген, дәулеті шалқыған байлығымен, ұлысты басқарған парасатты би, батыр. Әкесі қараша да, бабалары да өз заманында би, әулие, абыз, батыр болып өткен. Бәйдібек би атақты Ақсақ Темірмен замандас, тұстас, қызметтес. Деректер бойынша 63-ке дейін жасаған, 3 әйелінен көптеген ұрпақтар көрген. Марау (Сары бәйбіше), Зеріп, Нұрила (Домалақ ана) әйелдерінен туған Байтоқты, Жалмамбет, Тілеуберді (Жарықшақ) ұлдарының ұрпақтары Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулат ел басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырған. Кесенесі Қаратаудың Балабөген өзенінің шатқалында.

34. Марау ана (Гүлжамал)

 

Бәйдібек бидің бірінші әйелі, Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған 10 ұлдан тек Байтоқты ұлы ғана тірі қалған. Байтоқтыдан Мырзақазы деген, кейін Сарыүйсін атанып кеткен жалғыз ұл қалады. Марау ана өжет, бір беткей, қайсар, өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне ермейтін мықты адам болған екен. Ел-жұрты құрметтеп, атын атамай «Сары бәйбіше» деп кеткен.

 

Зеріп ана

 

Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріп ана Азық елінің қызы, өте сұлу жан болған екен. Анадан Шапырашты әулеті тараған, Жалманбет туған. Қонысы Шаян өзенінің бойында жайлауда болыпты. Ардақты ана 80 жасында дүние салған. Қаратаудың шатқалында, Қосмола биігінің жанында жерленген.

 

Жалманбет батыр

 

Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен туған ұлы. Жастайынан жорға ұстап, атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген екен. Жалманбеттің әйелі Жұпардан Досымбет туған, кейін Шапырашты атанып кеткен. Атасы мен әкесіне тартып, ол да батыр болып ер жетеді. Жалманбет әйелі Жұпар қайтыс болғаннан кейін, оның өсиеті бойынша, балдызы Қарашашты алады. Одан Ысты (Нұртай), Ошақты (Қырбай) балалары тарайды.

 

37. Жұпар ана (Шапырашты)

 

Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат қызыл бидің қызы. Жұпар ана жасында еркекшора болып өскен, ер мінезді ана болған. Шапыраштыға жүкті болғанда

Жолбарыстың жүрегіне жерік болған екен. Жұпар келін атасының малын жайлауға ерлермен бірге айдасып, би атаның талай алғысын алған екен.

 

38. Сыланды ана (Қарашаш)

 

Жұпар ананың сіңілісі, Қарашаш сұлу сабырлы, әрі ақылды болыпты. Өн бойын таза ұстап, иіс суын қолданып, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Сондықтан ел «Иісті келін, Сыланды келін» деп атаған. Шежіреде өсіп-өнген ұрпақтары (Иісті балалары, кейін Иісті, Ысты атанып кеткені көрсетілген. Ұлдары Нұртай, Қырбайдан Ысты, Ошақты тарайды. Енесі Зеріп ананың жанына жерленген.

 

39. Домалақ ана (1356-1419)

 

Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Нұриләнің ұлы Тілеубердіден (Жарықшақтан) Албан, Суан, Дулат тайпалары тараған. Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірімін шашқан, барынша кішпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған. Болжампаз, көреген қасиеттерін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, «Домалақ ана, Домалақ ене» деп атап кетіпті. Оңтүстік Қазақстан обылысында, Қос Бөгеннің сағасында қастерлеген ұрпақтары сәулетті күмбез соққан.

 

40. Жарықшақ ата (Тілеуберді) (1398-1475)

 

Бәйдібек бидің үшінші әйелі Домалақ анадан туған ұлы. Бәйдібек би Домалақ ананы Ташкентке, әкесі Қараша биден қалған әулие-жайға иелік еткізеді. Қалада Жарықшақ медреседе оқып, білім алады. Оқуға ықыласты, зерек бала кейін Бұхардағы жоғары медресені де бітіреді. Нағашыларының қолдауымен Ташкент әмірлігінің кеңесшісі, кейін Жетісу өлкесінің ұлыс бегі болған. Бірінші әйелі Тәуекел бибіден Албан, Суан, екінші әйелі Бибифатимадан (Бипаштан) Дулат туады.

 

Шахан ата

 

Бәйдібек бидің ұрпағы, ғұмыр бойы бабасының шырақшысы болған делінеді. Өсиеті бойынша мазары бітеу, есік жасалмаған. Түркістанда жерленген.

 

42. Шерімбет Әздер

 

Түркістанда ғұмыр кешкен Әзірет Сұлтанның шырақшысы Шерімбет Әздер Арыстанбаб әулиенің басына орнатылған күмбездің түбі құзданып, құлауға айналғаннан хабардар болып, оны қалпына келтіру ниетімен бабаның басына қоныс аударады. Әулиеге жерді қайта жандандыру оңайға түспеген, айналасында елді мекен болмаған, қалың тоғай басқан жер. Шерімбет Әздер сол қоныстағы елдің ірілерін жинап, мазарды жаңартуға шақырады. Көпшілік қолдап, қаржы жинауға келіседі. Әке ісін баласы Нарымбет жалғастырады. Шерімбет Қожа Ахмет баба кесенесінде ертеден зікір зікір жағынан басшылық ететін әздер тобының өкілі болған. Ол жерден қолдарын біржолата үзбеген, зікір салуға қатысып, басшылық етіп тұрған. Арыстанбаб мазарында жерленген.

 

Байшегір ата (1363-?)

 

Тоқтығылұлы Байшегір Әмір Темір замандасы саналады. Он екі ата Жалайырдың бір атасы, бір елі. Қожа Ахмет Иассауидің мазарының соғылуына белсенді қатысып, сол өңірдің ауқаттыларының бірі ретінде жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Байшегір ата медреседе оқыған, білімді, діндар сонымен қатар бақуатты да жылқылы болған. Ел басқарған әділ би, батыр. Орақты батырмен бірге ел мен жерін жаудан қорғаған. Өз кіндігінен 4 ұл тараған. Қожа Ахмет Яссауидың ғимаратына жерленген.

 

44. Тектұрмас ата

 

Өз аты Сұлтан Махмүдхан делінеді. Қарахан тұсында Таластың төменгі ағысында елді билеп, әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған. Ислам дінін халық арасында тарату, уағыздауға өмірін арнаған әулие. Кесенесі жаңартылған. Тараздан 2 шақырым жерде, Талас өзенінің оң жағасында, қыратта орналасқан.

45. Рабия Сұлтан Бегім (?-1485)

 

Дешті-Қыпшақ ханы Әбілқайырдың жары. Рабия Сұлтан Бегім Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы. Әбілқаирмен 16 жыл отасып, 1468 жылы қайтыс болғанда, 17 жылдай күйеуіне аза тұтып, тұрмысқа шықпаған. Әбілқаирдан Сүйініш және Кішкене деген 2 ұл табады. Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Қожа Ахмет Иассауи ғимаратының оңтүстік шығысында соғылған күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні құлап қалуы мүмкін деген» сылтаумен қиратқан. Қазіргі күмбезі жаңартып салынған.

 

Бабажа хатун

 

Айша бибінің жастайынан күтушісі, тәрбиелеушісі болған. Айша бибі кенет қайтыс болғаннан кейін, Бабажа хатун өле-өлгенше жанында шырақшысы болып өткен. Кейін дүниеден қайтқанда, Қарахан әулие адал тәрбиеші әйелдің басына да күмбез тұрғызады.

 

47. Қасым хан (1445-1518)

 

Қазақтың ұлы хандарының бірі, Жәнібек ханның ортаншы баласы. Қазақ хандығын басқарып, оны ең жоғарғы қуаттылығына жеткізген. Жолы болғыш қолбасшы Қасым ешбір жеңіліп көрмеген Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына себепші болған. Көрші елдермен қатынас орнатып, бейбітшілік саясатын жүргізген. Керей хан мен Жәнібек ханның ісін жалғастырып, Қазақ хандығын нығайтып, халқын көбейтіп, жерін кеңейткен. Қасым ханның «қасқа жолы» деп аталған әдет заңдары кезінде «Жеті жарғы» заңдарының негізінің бірі болған. Ескі Сарайшық қаласында жерленген.

 

Есім хан (?-1645)

 

Шығай ханның баласы, Есім хан билік басына ағасы Тәуекел хан қайтқанда келеді. Бұл кезде қазақ хандығының жағдайы күрделене бастайды. Жоңғар хандығы қаһарлы күшке айналып үлгерген еді. Есім хан түрлі амалмен шешім тауып елді аман алып шығады. Тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға еңсегей бойлы «Ер Есім» атанған. Ойраттар одағы Есім ханнан 200 жылғы соғыс тарихында ең ауыр жеңіліс көрген. «Есім салған ескі жол» Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Осы жинақта алғашқы рет жеті атаға дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырылған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи ғимаратында жерленген.

Жанай батыр

Шоңайұлы Жанай Шапырашты Емелдің шөбересі, қазақтың туын ұстап қолбасшылық еткен. Тәукел хан мен Есім хан кезінде өмір сүрген. Тәукел хан мен Жанай батыр өзара қатты үзеңгілес серік болған. 70-ке келгенше сайыстарға қатысқан. 79 жасында қарт бөрі байрақ туды жұрт алдында жас жолбарыс Қарасай батырға өз қолымен тапсырып, одан туға адал болуы жөнінде ант алған. Батыр жаулаған жерде сарбаздарына халыққа зәбір көрсетуге тиым салады екен. Неғұрлым жауды өлтіргеннен гөрі – атты болса оның атын жарып, не болмаса жаудың оң қолын шауып тастайды екен.

50. Қарасай батыр (1589-1671)

Қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшы, есімі Шапырашты руының ұранына айналған. Қарасай Алтынайұлы Алатау бөктерінде туып өсіп жастайынан батыр атанып, Жетісуда жоңғарларға қарсы азаттық сағысында қол бастаған. 17 жасында Шапыраштының туын қолына алып, өмірінің соңғы күніне дейін оны биік ұстаған. Есімханның батасын алып қазақтың Қарасай батыры деген атаққа ие болған. 50 жыл бойы өзінің сарбаздарымен бірге бел шешпей, қоян-қолтық, арқа сүйей жүріп, 200-ден аса қиян-кескі ұрыстар жүргізіп, талай жеңістерге жеткен. Қалмақтардың Дәржі, Батур, Қожамжар қолбасшыларын, көптеген батырларын қан майдандағы жекпе-жекте жеңген. 1670 жылы Қарасай батыр өзінің досы Ағынтайдың қасына көшіп барады. Көкшетау жерінде Айыртаудың Құлшынбай төбесінде арғын Ағынтай батырмен қатар жерленген.

 

51. Ағынтай батыр (?-1672)

Батыр заманында Есімхан мен Жәңгірханның сенімді серіктерінің бірі болған. 1620 жылдан бастап жоңғарлармен өткен ірі шайқастың бәріне қатысқан. Атан түйедей ірі кісі, ол денесіне сай орасан қара күштің иесі, жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. 1627 жылы Жайықта болған шайқаста жекпе-жекте 11 қалмақтың батырын жеңген. Ағынтай Қарасай батырмен айырылмас дос болған, ел оны Қарасайдың қанды көйлек жан серігі атаған. Тарихта екеуінің Жәңгір ханды қалмақтың тұтқынынан алып шыққаны айтылған. Көкшетау жерінде, Айыртауда екі батыр қатар жерленген.

52. Өтеп батыр (1626-1723)

Қарасай батырдың ұлы Өтеп – батыр, қолбасшы. Әкесімен бірге жорықтарға қатысып, соғыста жау қолынан, Қарасай батырдан бір жыл асып қайтқан. Сарықоржын, Бақай, Сарытоғай жерлерін қалмақтардан босату сайыстарына қатысқан. Ақбота ұлының Атығай баласы да кейін атақты батыр болып танылған. Өтеп батыр Алматының Жамбыл ауданында жерленген.

 

53. Әнет баба (1626-1723)

Әнет Кішікұлы – орта жүздің биі, Тобықты руынан шыққан. Бұхар медресесінде оқып, ғұлама атанған. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік, ақыл-парасатты болған. Атақты үш бидің және бірнеше жас билердің тіл ашар ұстазы болып, батасын берген. Әнет баба Тәуке ханның кеңесші биі болып, әділет заңы «Жеті жарғыны» құрастырушы 7 бидің бірі. Қазақ халқын нығайтуға, қалмақ жоңғар шапқыншылығынан елін қорғауда ақылымен халық сеніміне ие болып Әнет баба атанған. 8 ұлының бесеуі қалмақтармен соғыста қаза тапқан. Түркістанда жерленген.

 

54. Құрбан ата (1620-1710)

Жаманбайұлы Құрбан Орта жүздің Қоңырат руынан, ежелгі Отырар жерінде дүниеге келген. Ол кісннің кіндігінен тараған Киікші, Жары, Сасық, Тіней, Жартыбас, Көтен аталары бұл күнде өркен жайған, іргелі елге айналып отыр. Құрбан ата ел қадірлеген қасиетті кісілердің бірі болған, адамшылықты пір тұтқан, кісі ақысын жемеген, әділетсіздікке жаны қас, иман жүзді, аса діндар кісі болған. Мазары Арыстанбаб ғимаратының ауласында.

 

55. Тәуке хан (1680-1718)

Жәңгірханның баласы Тәуке хан билігінің тізгінін қолға алғанда, ел ағасы жасына келіп, ақыл тоқтатқан, мол тәжірибе жинақтаған білікті кезі екен. Тәуке хан өзінен бұрынғы билеушілерге қарағанда өресі биіктігін танытты. Ол өзінің билігін даланың ақсүйек өкілдері – билердің көмегімен нығайтты. Түркістан қаласын орталық қылып, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, Қазақ хандығын нығайтуда жетістіктерге жетті. Ел іргесін анталаған дұшпаннан аман сақтауда, халықтың ішкі жағдайын реттеуде ерен еңбек сіңірген. Әз Тәуке – ұлы билердің басын қосып, «Жеті жарғы» заңдарын толықтырған. «Қанға – қан, жанға – жан», – деген қатал заңның орнына, «құн төлеу» жазасы Тәуке хандығында қолдана бастаған. Көз жұмар алдында қазақтың ұраны «бірлікте» деп артына сөз тастап кеткен екен. Түркістанда жерленген.

 

56. Төле би (1663-1756)

Ұлы жүздің төбе биі, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандардың кеңесшісі болған Төле би Әлібекұлы қазақ топырағындағы ғажап тұлға. Жастайынан әділдігімен, шешендігімен елге танымал болған, көкірегі қазына, тоқығаны мол адам. Өте білімдар, ақылды, данагөй, биік парасатты шешен. Тәуке хан билік құрғанда, Түркістанды орталық етіп, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар-ойраттарға қарсы одақ құруға белсене ат салысқан. Әз-Тәукенің «Жеті жарғы» әдет заңын шығарған бидің бірі. Халықтың «ең қиын заман» кездерінде басшылық дарнынын анық көрсеткен. Би атамыз Ташкент қаласында, Шайхантәуірде жерленген.

57. Қазыбек би (1665-1765)

Келдібекұлы Қазыбек би атақты шешен, Орта жүздің төбе биі. Арғын ішінде Қаракесек. Әз-Тәуке құрған Билер кеңесінің мүшесі. «Жеті жарғы» заң жиынын шығарушылырдың бірі. Жастайынан есті сөзді жаттап өскен ол ер жете келе тіл өнерінің арқасында «бала биден дана биге» айналып, Қаз дауысты Қазыбек би, «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. 18 жасында тұңғыш рет елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны аңызға айналған. Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердіңі басы-қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған.

58. Әйтеке би (Айтық) (1666-1722)

Байдібекұлы Әйтеке Алшынның Әлім руынан шыққан, Бұқара жерінде Қыз-бибі етегінде өмірге келген. Халық «айыр тілді» Әйтеке атаған би жастайынан әкесі мен ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару ісіне араласқан. 21 жасында бүкіл Кіші жүз биі сайланған. Тәуке хан кезінде Билер кеңесінің мүшесі болып, «Жеті жарғы» заңдар жинағын құрастыруға қатысқан. Жалаңтөс, Ақша ханның ұрпағы болып келдеді. Сондықтан да «Әйтекедей аталы бол» деген сөз қалған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи зиратында жерленген.

 

59. Әбілқайыр (1693-1748)

Кіші жүздің ханы, Шыңғысқан әулетінен. Күшімен, айласымен, батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шыққан. 1726 жылы үш жүздің ұлы жиынында қазақ қолына бас сардар болып сайланған. Тәуке ханнан кейін тағына үміткерлердің бірі болған.

Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат сайланған. Әбілқайыр сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей патшалығына, одан кейін жоңғар Қалден Серенге арқа сүйеуді ойластырған. Бірақ бұл екі бағыттағы үміті ақталмаған. Орта жүздің ханы Барақтың қолынан қаза табады. Түркістанда жерленген.

 

Жолбарыс хан (1690-1740)

Жолбарыс Абдуллаұлы ұлы жүздің ханы, батыр момын кісі болған деседі. Шағатай ұрпағы болып келеді. 1739 жылы Абылай ханмен тізе қосып басқыншыларға қарсы күрес ұйымдастырып, Ташкент, Сайрам қалаларын жоңғарлардан азат еткен. Қожа Ахмет Иассауи сағанасының жанында күмбезде жерленген. Кейін күмбезі бұзылғандықтан, сағана ішіне құлыптасы көшірілген.

Абылай хан (1711-1781)

Уәлиұлы Абылай хан халқымыздың әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Абылай хан әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қауіпі төніп тұрған, қиын заман болатын. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би, Әбілмәмбет, Бөгенбайлардың тәрбиесін көріп өседі. 15 жасынан қан майданды көзімен көріп, кейін небір қырғын шайқастарда жеке басының ерлік, тапқырлығымен жеңіс туын желбіреткен. Бүкіл өмірін халқын аман сақтап қалу мақсатына бағындырып, барлық ақыл-ойы мен қажыр-қайратын сарқа жұмсаған. Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан пендешіліктің бәрін тәрік етіп, шын мәнінде иісі қазақтың бір туар көсемі бола білді. Айырықша қасиеті бар, киелі, керемет құдырет иесі болып саналады. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи мазарында жерленген.

62. Бұхар жырау (1693-1787)

Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт жырауды «Көмекей әулие» деп атаған. Демек ол кісі сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Қазақ елінің болашағы қыл үстінде тұрған кезде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, жұртты басқыншы жауға қарсы біріктіруде, бір тудың астына топтастыруда көп септігі тиген.

63. Қабанбай батыр (1691-1769)

Жоңғарларға қарсы күрескен батырлардың ішіндегі киелі батырлар әулетінен шыққан Қабанбай батыр ерекше орын алады. 100 астам шайқасқа қатысып, қолбасшылық істеп бас сардарлық міндетті атқарған. Абылай хан батыр қолбасшысына «Дарабоз», «Хан батыр Қабанбай» деген құрметті атақтар берген. 40 жыл қылышын қынабына салмаған, атты жасақтар шайқасының тамаша білгірі, «ат үстіндегі жекпе-жектің теңдесі жоқ шебері» болған. Халық Ер Қабанбай атап, батырына өлең-жыр, аңыз, қисса-дастандар арнаған. Жары Гауһар да ері мен бірге жорықтарға қатысып, «батыр қыз» атанған.

64. Бөгенбай батыр (1690-1775)

 

Абылай ханның ту ұстар батырларының бірі Қанжығалы Бөгенбай батыр қалмақ, жоңғар басқыншыларына күресте атағы шыққан. Әкесі Ақша-Тәуке ханның кезінде 80 мыңдай қол ерткен батыр, әрі қолбасшы болған. Ақша батыр ұлын Ташкентте сарбаздар мектебінде оқытқан. Бөгенбай 19 жасында 30 мың жасаққа қолбасшы болып, казак-орыстарды талқандап, Еділден әрі асырып қуған. Аңырақай шайқасында Әбілқайыр екеуі қолбасшылық етіп, қазақ жасағы жеңіске жетеді. Жалпы батыр 60 жылдан астам жаугершілікте болады. Қызыл шоқпар батырлығымен қоса ақыл-ой иесі, саналы, терең ойлы данышпан батыр елшілік жұмысына да қатысқан. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи зиратында жерленген.

Науырызбай батыр (1706-1781)

 

Шапырашты Науырызбай батыр Алматы маңындағы Жалпақтас, Серіктас жерлерін мекендеген. Батырдың дене бітімі адам баласында сирек кездесетін, мың кісінің ішінде оның иығы «түйе өркешіндей» ерекше көрініп тұрады екен, ел арасында ол кісіні «Торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты» деп атаған. Ұлы жүз жасақтарына «түмен басы» болып сайланған. Аңырақай шайқасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, даңқы бұрынғыдан да арта түсіп батыр атанады. Кейін Абылай ханның қасында қолбасшы болып, қолындағы көк найзасын 70 жасына дейін тастамаған.

66. Жәнібек батыр (...-1751)

 

Жәнібек Қошқарұлы өзінің ерлік істерімен халық ішінде батыр атанады. Атасы Шақшақ Есім ханның қолбасшысының бірі болған. Ұзақ ғұмыр жасап, Жәнібек батыр қазақтың Тәуке, Сәмеке, Абылай, Әбілқайыр хандарымен, атақты үш би, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен бір болып, еліне елеулі қызмет еткен ерен тұлға. Көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Абылай ханның негізгі кеңесшісі ретінде Ресеймен саяси, сауда байланыстарын нығайтуға қатысқан. 1743 жылы Ресей патшайымы Жәнібек батырға «Тархан» атағын берген.

 

Есет батыр (1667-1794)

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.