Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 13 страница



– Келісемін,– деп бүкіл халықтың көзінше Құран ұстатып, сүйдіріп, уәдемді алып, намазға жығылттырды. Онан кейін «Ақ жолмен» әулиелердің басын аралап, зиярат етіп келдім. Келгеннен кейін емге шығарды. Емдейтін ауруларым: нашақорлар, арақ ішетіндер, құмар ойнайтындар. Анда-санда орданың имамы болмай қалған кезде дем саламын.

2001 жылдың Қадыр түнінің «Таң» намазынан кейін түс көрдім. Түсімде бір ақсақал адам: «Әулие бала сүйгіздім», – деді. Осы кезде келіншегім жатыр эрозиясымен ауыратын, бала көтеру мүмкін емес деген болатын. Тылсым күштің әсерімен келесі жылғы оразада, дәлірек айтқанда, Қадыр түніне бір күн қалғанда келіншегім босанып, ұлды болдық. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, «Ақ анаға» ниет етіп едік, атын «Ақ ана» Қадыр түнінің құрметіне есімін Қадырбек деп қойды. Мен өзімді «Ақ ананың» алдында өмір бойы қарыздармын деп есептеймін.

ХIII ТАРАУ. Арыстанбабтан бастайық

Арыстанбаб

Арыстанбаб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы (пірі) саналады. Аңыз бойынша Арыстанбаб Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген киелі құрмасын тілінің астына сақтап келіп, Қожа Ахмет Иассауи өзінің хикметтерінде: «Саған келіп түнесін, маған келіп тілесін» деген өсиетін кіші қажылыққа бет бұрғандар ең алдымен «ұстазға бас иіп, басына түнеп шығуы тиіс» – делінеді. Арыстанбаб 33 дінді көріп-біліп, соның ішінде тек исламға ғана мойын ұсынған екен. Ғимараты Ақсақ Темір әмірімен соғылған.

 

2. Қожа Ахмет Иассауи Әзірет Сұлтан

(шамамен 1083-1166)

Дүниеге Шымкент маңайындағы ескі Исфижаб қаласында келген. Бүкіл өмірін ислам дінінің адамшылық, әділдік, адалдық жолдарын уағыздауға арнағандықтан, халық «Қожа Ахмет Иассауи», – деп атап кеткен. Алғаш медреседе оқып, кейін Бұқарада білімін жалғастырып, сопылық ілімін ұстаған. Ақ өлеңдермен жазған хикметтерінен (нақыл өлеңдер) «Диуани хикмет», – деп аталатын ұзақ дастан жазған. Бұл кітап терең мұхиттың түбінен нұр шашқан асыл қазына. Сол дастанында жеті жасында Арыстанбабты кездестіріп, ол кісі «өзіне Мұхаммед пайғамбардың аманат етіп берген құрмасын тапсырғанын жырлаған. 63 жасқа келгеннен кейін, жер астына қилуетке түсіп, сопылық құрып, 10 жылдай ғұмыр шегеді. Кесенесі Әмір Темір бұйырығымен Түркістан қаласында тұрғызылған, әлемдегі ең әсем ғимараттың біріне саналады. Қожа Ахмет баба «түсіне еніп, аян берген адам көздеген мұратына жетеді», – делінеді. Бертінде Қожа Ахмет Иассауи түрік халықтарының рухани атасына, ал кесенесі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналды.

 

3. Айша бибі (ХI-ХII ғ.ғ.)

Айша бибінің көркіне ақылы да сай болған. Қарахан батырмен екеуі бір көргеннен бірін-бірі ұнатып, екі жас бас қосып, мәңгілікке бірге болуға уәделеседі. Қарахан 20 жастағы қылшылдаған жас жігіт батыр болған. 16 жастағы Айша Бибі екеуі бірін-бірі ұнатып, осы өңірде кездесіп, сөз байласып, қосылмақшы болады. Екі жастың қосылуына Айша Бибідің әкесі қарсы болып: «Сені қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді.

Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады.

Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабажа хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады.

Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты.

Қайғырған батыр жарының денесін арулап жерлеп, басына жерде жоқ әсем күмбез орнатады. Кесенесі Тараз шаһарының жанында.

 

Укаша ата

Мұхаммед пайғамбардың замандасы, сахаба. Біздің елге мұсылман дінін дәріптеп таратуға, дінге енгізуге жеткендердің бірі болған. Аңыз бойынша Укаша атаның денесін ешқандай қару алмайды екен. Тек таң намазын оқығанда, денесі босайтынын біліп алып, бір күні жаулары сырт арқасынан келіп, басын шапқан. Кесілген бас ешкімге ұстатпастан домалап қаша жөнеледі. Сәлден соң көз алдында Құдайдың құдіретімен жер жарылып, қуысқа түскен бас көзден ғайып болады. Сонда әлгі қуыстан сарқырап аққан су денесіз басты Меккеден бірақ шығарыпты. Ондағы сахабалар бастың Укаша екенін танып, сонда жерлейді. Ал денесін мұндағы мұсылмандар жерлеген. Кезінде Укаша ата: «Пайғамбардың қасында жерленсем», – деген екен, сол тілегі осылай қабыл болыпты. Тау жотасының беткейінде құдығы бар. Зиярат еткен адамдар шелек тастап, ерекше құпиясы бар құдықтан өздерінің ниетіне лайықты суды алады. Біреуі толық шелек су тартып алса, енді біреуі қанша тартқанмен, тамшы су да шығарып ала алмайды екен. Сағанасы Қаратау бөктерінде, Түркістанға 40 шақырымдай жерде.

5. Ысқақбаб

Ысқақбаб Араб елінен Сырдария, Түркістан өлкесіне әскер басқарып, 767 жылы мұсылман дінін тарату жолында жеткен. Ислам дінін күшпен емес, бейбіт жолмен, уағыздаумен енгізуді бастаған кісілердің бірі. Ысқақбаб Мұхаммед пайғамбардың қызынан тараған ұрпаққа жатады. «Әулие» тарихта түркі елін араб әлемімен жалғастырған алтын көпір саналады. Жауынгершілік жорықтар қажытқан Ысқақбаб Баладж шаһарында қалған өмірін бейбіт тіршілікке арнайды. Меккеге қажылық сапар шегіп, одан келісімен «Жоябыр» атты мешіт салдырады. Ысқақбаб қол астына қараған халықты асқан ақыл оймен басқара білген. Кесенесі Қазығұрт елді мекенінде, ескі Баладж қаласының орнында, «Баба ата» қорғанында орналасқан.

 

6. Баба Түкті Шашты Әзіз

 

Түркі елінде араб әскерлері ислам дінін алғашқы кезде көбінесе күшпен енгізгендіктен, көп қарсылыққа ұшыраған. Сондықтан олар жергілікті халықтың «беделділерін» дінге бейбіт жолмен уағыздап тартқан. Қаратау бөктерін жайлаған сондағы елдің көсемі Құмар Атаның жалғыз ұлын Ықыласты араб әскербасы Ысқақбаб уәзір етіп, жанына алады. Ықылас арабтармен тіл табысып, қан төкпей, елді аман алып қалушы, қорғаны бола білген. Денесін қалың түк басқандықтан халық «Түкті Шашты» деп атап кеткен. Едіге батыр 1400 жылы бабаның басына сағана орнатып, өзімнің бесінші ата-бабам деп айтқан кеткен. Тағы бір аңыз бойынша, өз қолымен жерлегендер айтуы бойынша бабаның мойнында зауза қоңыздың асыл тасынан белгісі және бойтұмары болыпты. Онда бүгін Орта Азия мекеніндегі қалалардың ешкі терісінен жасаған қағазға сызылған картасы болған. Кезінде Шыңғысханнан сәулетті кенттерді, қалың елді сақтап қалудың неше түрлі айла-тәсілдері жасалады. Соның бірі шолғыншы-барлаушылар. Оларға бойтұмар түрінде карта жасалып берілген, мойындарына бір-біріне ұқсамайтын белгілер тағылған. Бұл да бір бабадан қалған құпия сырдың бірі. Кесенесі Қаратаудың Құмкент елді мекенінде орналасқан.

 

7. Әбдуләзізбаб (Балгерден баб)

Сайрам өлкесіне 771 жылы Ысқақбаб бастаған араб әскерлерінің қолбасшысының бірі, ту көтерушісі болып, халықты ислам дініне енгізу мақсатымен жеткен. Сайыстың бірінде Әбдуләзізбаб 70 жерінен жараланып, қаза табады. Ислам жолында шейіт болған әулиенің басында айтқан тілегің «Алланың құлағына жетпей қоймайды», – деп жергілікті халық сенеді. Мазары Сайрам қаласында.

8. Қарабура (ХI-ХII ғ.ғ.)

 

Оғыз-қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері. Шыққан тегі Тама руынан, туып-өскен жері, ғұмыр кешкен мекені Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы. Қарабура әулие өмір сүрген заман Орта Азияда ислам дінінің салтанат құра бастаған кезі еді. Осындай өтпелі кезеңде қайраткерлік, ойшылдық, саясаткерлік қасиетімен ел тағдырына белсене араласып, халықтың қалыптасқан өмір салтының шырқын бұзбастан ислам дінін жерсіндіруде еңбегі сіңген. Жұрт жадында сақталған жаңғырықтарды Әзірет Сұлтан өмірден өткенде Қарабура әулие ақ жауып арулаған, жаназасын шығарған екендігін хабардар етеді. Топырақ бұйырған жері Қаратау етегі, Созақ мекені.

9. Асан Қайғы Сәбитұлы (ХY ғ.)

Ауылдағы жамандар,

Ел қадірін не білсін?

Көшіп-қонып көрмеген,

Жер қадірін не білсін!

 

Алғашқы тәуелсіз Қазақ хандығының рухани демеушісі ретінде танылған, бүгінгі қазақ мемлекетінің дербестігінің азаншысы болды. Аңыз әңгімелерде Асанның бұрынғы есімі Хасан қоса аталады. Асанның азан шақырып қойған аты – арабша Құрани – Хасан.

«Әйтеуір бір заманда, бір мекенде бақ-ырыс келеді, көптің ырысы болып келеді»,– деп көптеген болашақ туралы болжамдар айтып кеткен. Сондай-ақ, қазақ жерінде жатқан қазба байлықтардың да қай жерде жатқанын білген, аса көріпкелдік қасиетке ие болған адам.

Асан замандастары оны өз кезеңінің бірден бір кең танымал ғұлама тұлғасы деп бағалайды. Ол халық сүйіспеншілігіне бөленген әз-Жәнібекпен, оның бауыры, жақын көмекшісі Керей ханмен, атақты Жібек сұлтанмен, Жиренше шешенмен, оның қазақ Сапфосы іспетті, сұлу да парасатты жұбайы Қарашашпен болашақ билік иесі, көзінің тірісінде-ақ «Қазақ жерін кеңейтуші», «Екінші Жошы» атанған Қасым ханмен, «көшпелі өзбектер» ханы Әбілхайырмен, оның немересі Қазақ ордасының ата жауы Мұхамед Шайбанимен және басқа Орта Азия тарихының белгілі тұлғаларымен таныс-біліс болған, әрі халық пен мемлекет тағдырын шешуде олармен жиі кездесіп отырған. Асан Қайғы саясаткер ретінде, қазақ халқының келешегі үшін, шығыстағы Қытай мемлекеті мен қазақ хандары Әз-Жәнібек пен Керейдің достық қарым-қатынаста болуына зор ықпал жасаған.

Асан Қайғы күмбезі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, Қазақстан темір жолының 2-ші разьезінде орналасқан.

 

10. Қарахан әулие (944-1037 ж.ж.)

 

Қарахан қазақ тарихында үлкен із қалдырған Қарахандықтар әулетінен шыққан әрі хан, әрі батыр, әрі әулие. Қарахандықтар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулиеті. Аңыздың бірінде Мұхаммед пайғамбар Алламен жүздесуге келгенде, пайғамбарлар арасында пайғамбар емес бір адамды көреді екен. Мұхаммед пайғамбар Жәбірейілден бұл адам кім екенін сұрайды. Сонда Жәбірейіл бұл адамның алдағы уақытта түркі жұртын ислам дініне кіргізетін Қарахан әулие рухы екенін айтады. Кесенесі Тараз қаласында.

 

11. Майқы би

 

Төбейұлы Майқы би шамамен 12 ғасырда өмір сүрген. Бүкіл түрік тұқымдас халықтар «төбе биіміз» деп санаған. «Атадан түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз қалған. Түйінді даналы сөздің және би біткеннің көш басшысы саналған Майқы би қазақ халқының біртұтас ел болу, алғашқы ұлыс бірлігін құруда еңбек сіңірген. Қазақ руларын үш жүзге топтап, «Ұлытауда үш жүзге» ортақ хан сайлатқан. «Ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, сол таңбаны тасқа қашатқан», – делінеді. 9 ханды таққа отырғызған Майқы би «хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы» аталған.

 

12. Қорқыт ата

 

Туып-өскен жері деректер бойынша Қазығұрт, Түркістан өлкесі мен Сырдария бойы. Әкесі Қарақожа, оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан. Қорқыт ата қазақ елінде алғашқы бақсы, күй атасы және қобыз аспабын алғаш жасаушы болып есептеледі. «Арыстан баба», «Аққу», «Ұстаз» атты т.б. күйлері қазіргі күнге жеткен. Ежелгі бақсыны кейінгі барша бақсылар ұстаз ретінде пір тұтады. Ақын, әнші, күйші, жырау, қобызшы өз дәуірінің ойшылы болған адам. Аңыз бойынша 95 жасқа дейін жасаған. Мазары Сырдария бойында.

13. Махмудхан ата (Мамұт ата)

 

Сайрам мұражайындағы шежіре бойынша Ибраһим атаның әкесі, оныншы ғасырда өмір сүрген. Махмудхан ата оқымысты, үлкен ақыл ой иесі, ғұлама ұстаз болған. Ислам өркениетінде өз орны бар. Сайрамда жерленген.

14. Ибраһим ата

 

Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың әкесі Ибраһим ата ғұлама, өте сауатты, көзі ашық адам болған. Ислам қағидаларын, Құранды, хадисті жақсы білген. Өзі шырақшылық атқарған мешіттің медресесінде баласына алғаш білім беріп, жастайынан құлағына өнеге сөздерді сіңіре білген. Ахметтің 7 жас шамасында Ибраһим-ата дүние салған. Кесенесі Сайрам ауылының Ақсу ауылында.

15. Қарашаш ана

 

Қожа Ахмет Иассауидің анасы. Мұса шайықтың қызына Айша деп ат берілсе, кейінірек ол кісіні ел құрметтеп «Қарашаш ана» деп атап кеткен. Ел арасында көріпкелдігімен, жауырыншылдығымен танымал болған қасиетті ана. Сонымен қатар Қарашаш ана қыз-келіншектерге ислам тәрбиесін оқытқан. Ибраһим атадан кейін көп ұзамай дүние салған. Кесенесі Сайрам ауданында.

16. Гауһар ана

 

Қожа Ахмет Иассауидың қызы Гауһар жайында көп мәліметтер қалмаған. Жергілікті халық «әулие ана» ретінде қастерлейді. Күйеуінің ата Әли Қожа делінеді. Олардан тараған ұрпақтан шыққан Мақтым Ағзам Әмір Темір заманында Қожа Ахмет бабаның мешітінде шырақшы болған екен. Түркістанда жерленген.

 

17. Есенқожа ата (Ишан қожа) (Қазы Байзави)

(IХ-Х ғ.ғ.)

 

Жас кезінен-ақ Құран Кәрімді, хадистерді жақсы білген, өз заманының көп ғылыми жетістіктерін оқып үйренген, өте сауатты кісі болған. «Құран тәпсірлері» деген кітабы кейбір мұсылман елдерінде әлі күнге дейін оқу құралы ретінде қолданады екен. Өз өтініші бойынша тіп-тіке отырғызып, басын шығысқа қойып жерлеген. Жергілікті халық әулиені – заң саласында, билік айтушы, үкім шығарушылардың пірі, қолдаушысы санайды. Мазары Сайрам қаласында.

 

18. Мәрәлі баб

 

Мәлік шахтың тұяғы Мәрәлі баб өз дәуірінің жетік ғұламаларының бірі болған. Шариғатты терең білетін діндар, ел арасында ислам дінін уағыздау, мұсылманшылықты таратуда еңбек сіңірген. Екі ұлы да оқымысты болған. Сайрамда 2 ұлымен қатар жерленген.

 

19. Боздақ ата (ХII ғ.ғ.)

 

Шах Кәмали Байзави өз заманында білгір ғұлама, өз еңбегінің жемісімен, «Құдайға құлшылық етудегі үлгісімен Аллаға жақын уәли», – еді деп жазылған. (Рисалаи Сайрам Испиджаб). Сайрам жерінде қандай да бір ауыртпашылық болар кезде Әулиенің қабірінен «ботасын жоғалтқан түйе боздағандай дыбыс шығады» екен. Сондықтан халық «Боздақ ата» деп атап кеткен. Сайрам қаласында жерленген.

 

20. Мәриәм ана

 

Әулие ана жайында мәліметтер қалмаған. Сайрамда жерленген.

 

21. Қайрхан

 

Отырардың соңғы билеушісі. Қаланы моңғолдарға 5 ай бойы бермей қорғайды. Тек бір әскербасы сатқындықпен Суфихан қақпасын ашып, моңғолдарға берілгеннен кейін ғана, олар қалаға кіре алады. Қайырхан қаланың бас қамалында бекініп алып, тағы бір ай бойы, соңғы жауынгері қалғанша ерлікпен соғысады. Соңында моңғолдар батырды тұтқынға алып, қинап азаппен өлтірген, жерленген орны белгісіз.

22. Зұлқарнайын Құдды

 

Ежелгі Отырар қаласында тұрған әулие, абыз. Араб елінен келіп, ислам дінін тарату жолында еңбек еткен. Атының екінші бөлігі Құдды – Иерусалим қаласының арабша аты. Демек, әулие өз елінде сол жердің тұрғыны болған. Отырар қаласын монғол шапқыншыларынан қорғауда ерлікпен қаза тапқан. Зираты белгісіз.

23. Лашын баб. Қарға баб.

 

Арыстан бабаның мазарында, әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Бұл Лашын баб пен Қарға бабтың қабірі. Екі бабтың өмірі жайлы мәліметтер қалмаған. «Арыстанбабтың шәкірттері болған», – делінеді. Бір қолжазбада: «Арыстан баба дүние салған соң, оның моласының басына екі құс «бірі лашын, бірі – қарға» ұшып келеді екен деген. Әулиелердің «Баб» деп аталғандарына қарағанда дін жолында қызмет еткен болу керек.

24. Зеңгі баба

 

Зеңігі баба ірі қара малдың пірі саналады. Ол кісі малдың, құстың, жалпы жануарлардың тілін түсініп, білген екен. Әйелі Әнбар бибі бір аңыздарда Қарабура әулиенің қызы деп айтылады. Зеңгі бабаның мазары Әмір Темірдің әмірімен соғылған. Ташкенттен шыққан Самарқан жолында.

25. Ақ ата

 

Әулиенің өз аты Шахабитдін Испиджабі. Қожа Ахмет Иассауидің бірінші мұғалімі ұстазы. Білімі мол, оқымысты кісі болған. Халыққа ислам дінінің шарт-қағидаларын үйреткен, имандалыққа шақырған ғұлама-ұстаз. Мазары Сайрам қаласында.

 

26. Дәуітбек ата (?-1262)

 

Дәуітбек атаның мазарының маңдайшасында араб тілінде «Боздақ қылышпен қауырсын ұстаған, Құранмен әлсіздердің қорғаушысы болды», – деп жазылған. Аңыз бойынша Қарахан әулиенің күйеу баласы, әскербасы, ірі қолбасшысы, ерлікпен қаза тапқан. Кесенесі Тараз қаласында. ХIХ ғасырда жаңартылған.

 

27. Сұнақ ата

 

Өз аты Ысамиддин, Әбу Бәкірдің ұрпағы болып саналады. Қожа Ахмет Иассауидің имамы болып қызмет атқарған. Сауатты, ғұлама кісі араб, парсы, түрік тілдерінде сөйлей де, жаза да білген. Өмірінің соңында Түркістаннан өз еліне Сұнақ қаласына қайтып, дін жолында еңбек еткен. Қасиетті әулие болғандықтан Сұнақ атаның мазарының айналасында көптеген хандар мен белгілі адамдар жерленген.

28. Сұлтан Бейбарыс (1217-1277)

 

Жамақұлұлы Бейбарыс шыққан тегі түркі әулеті, қыпшақ делінеді. Кіндік қаны тамған жері Жайық өзенінің жағасы. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жас бала Бейбарыс қолға түсіп, құлдыққа сатылады. Жат елге құл болып сатылып барған ол, тектілігін танытып, қажымас қайратын, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтеріледі. Оның ерекше қабілетін байқаған иесі Сұлтан Салиһ оны жасағының бір бөліміне сардар етіп қояды. Сонымен 14 жыл жылдың ішінде құл болып барған Мысырдың Сұлтаны болып бірақ шығады. Бейбарыс жат жерде құлдықтан хандыққа жетіп, Мысырдай ұлы мемлекеттің шежіресінде із қалдырған, еліміздің ұланы. 17 жыл билік жасап, Мысырды шапқыншылықтан қорғап, елдің жағдайын ілгері бастырады. Өмір бойы туған елін аңсап өткен сұлтан Мысырдан Алтын-Ордаға елшілік жіберіп, екі ел арасында қарым-қатынас нығайтуға тырысқан.

29. Түлкібас ата

 

Аңыз бойынша Батыс Түрік хандығының басы болған. Естемес хан елде жау басқыны кезінде бір сайыста көп жерінен жараланады. Дегенмен жаудың соңынан қуғынға қалмай қатысып, әлсіреген көп қан жоғалтқан хан көз жұмар алдында айтқан екен: «Туғандарым, жерлестерім, өлсем мені осы төбеге жерлеңдер, солтүстікпен келетін жауға қарсы түрік болып жатайын». Ұлы кісінің сөзімен сол өңір «Түрік басы» болып қалады. Кейін өзгеріп, Түлкібас атанып кеткен. Мазары Сайрамның Азаттық ауылында.

 

30. Ақбура ата

 

Қазығұрт өңірінде ғұмыр кешкен әулие, бақсы. Қожа Ахмет Иассауидің замандасы болған деседі. Таудың оңтүстік батыс бауырында бұлақ басында қоныс құрған. Әулиенің Ақбура атанғаны «арқасы ұстаған кезде аузынан ақ жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болатын» көрінеді. Және өзінің мінезіне сай буырқанып жүретін ақ бурасы болыпты. Ел үнемі сол ақ бураның үстінен көретін болғандықтан, «Ақ буралы әулие» атап кеткен. Ақбура атаның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болыпты. Әулие таң намазын Қазығұртта оқыса, бесін намазын Түркістанда, қалған намазын Меккеде оқып жүре береді екен. Ол кісі дүние салғанда «бурасының көзінен жасы көл болып ағып, басына шөге кетіп, содан қайта тұрмай, тасқа айналған» екен. Сол тастың қуысынан шығып жатқан мөлдір бұлақ ақ бураның иесін жоқтаған көз жасы екен. Қабірінің басында «кәтіріңкі» дейтін киелі ағаш өседі. Ол аған жайында өзінше бір аңыз бар.

 

31. Ғайып Ерен Қырық Шілтен

 

Қазығұрт етегінде орналасқан ғажайып екен, періштелер түнеген жерлер саналады. Зиярат үш көзден аққан бұлақтың жанында Құран оқудан басталады. Әр бұлақтың суының жеке емдік қасиеті бар. Содан кейін Ата мен Ана аталатын шығысқа қарай түйісіп жатқан алып екі тастың арасынан өтеді. Зияратшы тілін кәлимаға келтіріп, оң жақ қырымен өту шарт. Бойындағы ауртпарлығы барлар содан айыруын ниет етіп өтеді. Екі тастың арасынан өте алмайтын екі жағдай бар: алдынан Қыдыр ата (яғни жылан) кездесіп қалуы мүмкін, екінші жағдай Ата мен Ана адамның басынан, кеудесінен не аяғынан қысып қалады. Өте алмағандар тәубеге келіп, Құран оқытып, қайыр садақасын атағаны дұрыс. Жылан кез келгенге көрінбейді, оны көрген адамға «қыдыр дарып, бақ қонады» делінеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.