Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 12 страница



Оған пайда не қылдың жалғыз тиын? Шәкәрім

– Жұматай Нұртазаұлы, адамның нәзік болмысына нелер жатады?

– Адамның ішкі дүниесіне, яғни нәзік болмысына оның сезімдері, ақылы, есі және «мен» деген сезінуі жатады. Қоршаған ортамен пенде сезімдері арқылы байланысады. Хайуанаттарды олардың сезімдері басқарып, соларға толық тәуелді болады. Адамдарда, керісінше, олардың қалау-ниеттері сезімдерін басқаруға тиісті. Бірақ бұл барлық адамдарда бірдей емес. Көпшілік адамдар бұл деңгейге жете алмай, өз сезімдерінің ықпалынан шыға алмағандықтан өмірді жанталас күреспен өткізеді. Сезімдердің құлына айналып кететіндіктен Абай олар туралы «Ғылым да жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарсың» дейді.

 

ХII ТАРАУ. «Ақ анадан» шипа алған кейбір адамдардың пікірлері

 

«Ақ анадан» ем алған Тілеуберді Құлиев

 

1997 жылы біздің ауданымыз, яғни Күрте ауданы тарады. Осы кезге дейін өзім үлкен совхозда директор болғанмын. Сасқан үйрек артымен сүңгиді демекші, не істерімізді білмей, әбден састық, жұмыс жоқ. Құдайдың берген алты балам бар, оларға қалай нан тауып берермін деген ең басты мәселе осы болды.

Ол кезде үлкен ұлым Ерлан институтта оқиды, қалғандары жұмысқа жарамайды, сасқанымнан саудамен айналыстым, мал, ұн, балық саттым, бірақ бұрын саудамен айналыспағандықтан жақсы нәтиже көре алмадым. Ақыр аяғы қарыздың үстіне қарыз жамала берді, содан қарыздан құтылу үшін астымдағы машинамды сатып, қарызымнан құтылдым. Не де болса, Алматыдан бір жақсылық болар деп, Алматыға келдім. Жаяулап жүріп жұмыс іздедім, 50 жасқа келіп қалған кезде жұмыс табу өте қиын екен. Қанша талпынсам да, нәтиже болмады.

Бір күні жұмыс іздеп қаңғып жүргенімде көк базардың маңынан Бейсен деген кластас жолдасымды кездестірдім, ол бейшара да жұмыссыз жүр екен. Содан сөзден сөз шығып, ол маған: «Ақ ана деген кісіге барайық»,– деді. Мен: «Ол кім?»,– дедім. «Ақ ана» Қаскелеңде тұрады екен, қасиетті емші және адамдардың жолын ашады екен. Мен Бейсеннің сөзін құптап, ертеңіне оған ілесіп, Қаскелеңге «Ақ анаға» бардық. Барсақ, адам көп, үлкенді-кішілі адамдар қаптап жүр. Оларға ілесіп, көпшілікпен бірге үлкен залға орналастық.

Бір-екі күн өткеннен кейін «Ақ ана» Бейсеннің жанына келіп отырып, Бейсенге сөйлей бастады: «Ой, аға жан-жағыңыздың бәрі қамал сияқты, өзіңіз не істеріңізді білмей, қамығып жүрсіз ғой. Ой-ой-ой! Өзіңіз қанша әйел алғансыз?»,– деді. Шынында да мен білетін Бейсен бес-алты рет үйленген, солардан 2 ұл қалған. Соның барлығын «Ақ ана» жіпке тізгендей айтып берді. Мен жанында отырып, «Ақ ананың» айтқанына таң қалдым.

– Саспаңыз, аға, жұмыс таппай қиналып жүр екенсіз ғой. Қысылмаңыз, 4-5 күнде жұмысқа шығасыз, бәрі де жақсы болады,– деді. Ақ ананың айтқанындай болып, 4-5 күннен кейін шынында да Бейсен жұмысқа шығып кетті. Тағы 1-2 күн өткеннен кейін Ақ ана менің оң аяғымды басып, отыра кетті, өзі онша үлкен кісі болмаса да, аяғымды ЗИЛ машинасы таптап өткендей болды. Ол маған: «Ия, дархан аға, қалыңыз қалай?», – деді.

– Құдайға шүкір, аман-есенмін.

– Сіз мейірімді жақсы кісі екенсіз, ешкімге қиянатыңыз жоқ екен. 7 балаңыз бар, келіншегіңіз де жақсы адам, бірақ көзденіп қалыпсыз. Жауырыныңыздың астынан өзіңіз жақын тартып, туысқан санап жүрген адамдардың көзі тиген, біраз күнде жазыларсыз. Ой-ой-ой, аға, саудамен айналысам деп, әбден қарызға батыпсыз ғой, – деп күлді.

Өмірде болған оқиғалардың бәрін жанымда жүріп көргендей дөп басып айтты, мен таң қалдым, таң қалмасқа шарам жоқ, мұндай адамды бірінші рет көруім еді. Он шақты күн өткеннен кейін ол: «Ал, аға, енді сіздің жолыңыз ашылды, көп ұзамай жұмысқа шығасыз. Алдыңызда көп жақсылықтар күтіп тұр, саспаңыз, қамықпаңыз», – деп, мені қуантты.

Ақ ананың айтқанындай 1 айдан кейін жұмыс табылып, жағдайым дұрыстала бастады. Сол жерде жүргенімде неше түрлі тылсым дүниені байқадым: кейбір адамдар айқайлайды, неше түрлі қимылдар жасайды, аласұрып жүгіреді, кейде «Ақ ана» «43», – деп айқай салғанда, арақтан ауырғандар кірерге жер таппай, барлығы жүгіріп барып, қабырғаға жабысып, не істерін білмей, мөлейіп тұрып қалады. Сондай тылсым дүниені көргенде бұл өмірде мен білмейтін көп құбылыстардың бар екеніне көзім жетті. Ата-бабасының әруағынан айналайын, содан бастап-ақ «Ақ ана» – Зейнекамал қарындасымды үлкен құрмет тұтамын, ауық-ауық есіме алып, ырзашылығымды білдіріп жүремін.

 

«Ақ анадан» шипа алған Гүлнәр Болатқұлованың әңгімесі

1996 жылы желтоқсанның екісінде «Ақ ананың» алдына бардым. Мен өзім де Қопада тұратынмын. Алғаш рет келгенде «Ақ ана»: «Зейтіш деген кім болады? Әруағы артыңа келіп тұр ғой, сәлем бер!»,– деді. Сәлем беріп отырдым, «Ақ ана» келіп, аяғымды басты. «Ақ ана»: «Басыңның майда тамырларыңда ұйыған қан бар, келін болып түскеннен кейін ырым жасап, дуаланғансың, бәрі жақсы болады»,– деді. Емделіп бола бергенде басыма бетін алып тастасаң, ар жағынан су шығатын жара шыға бастады, қол тисе сұмдық ауыратын. «Ақ ана» ауруың бәрі осылай шығып жатыр деді. Қазір он екі жыл болды өте тамашамын.

Бауырынан тас түскен Айгүл Жексебаева

 

Жасым 32-де, екі қызым, жолдасым бар. Екі ай бұрын ораза ұстап жүр едім, кешке қарай бауырым ауыра бастады, сөйтіп емханаға түсемін де, бес күн ем алдым. Система құйғанда аяқ-қолым ісіп кете берді, хирургтер бауырыңдағы тас қозғалған, операция жасау керек деді. Өзім операциядан бас тартып, «Ақ анаға» келдім, себебі «Ақ ананы» 10 жыл бұрын білетінмін. Өзім «Ақ жолға» түсіп, он жыл бұрын емделіп, өзім де екі жыл бойы кісі емдедім, сонан кейін тастап кеткенмін. Жеті жылдан кейін ауырып, амалсыздан «Ақ ананың» алдына қайта келуге мәжбүр болдым. «Ақ ана» алақаныма қарап, пышақсыз да бауырыңдағы тасыңды түсіруге болады деді. «Ақ анадан» бір ай бойы ем алдым, содан кейін УЗИ-ге жіберді, түйіршіктей тас қалыпты. Ауырғанда өтім және өт жолым тасқа толып кетіпті. Екінші ай болды, әлі емделіп жүрмін. Алдында үлкен профессорлар, дәрігерлер тастың өз бетінше түсуі мүмкін емес деп маған уағыз айтып, ұрысқан. Дәрігерлер болмағаннан соң бүкіл жауапкершілікті өз мойныма аламын деп, қолхат жазып беріп, «Ақ анаға» кеткенмін. «Ақ ана» қолымен бауырымды ұстап, ем жүргізді, сол кезде кәдімгідей жіпсіп, терлеймін. Құдайға шүкір «Ақ ананың» қасиетінің арқасында дәрігерлер мен профессорлар жаза алмаған сырқатымнан құлан таза сауығып кеттім.

«Ақ ананың» көмегімен баласын өлідей, немере-шөберелерін тірідей тапқан кейуана Роза Хакімқызы Жақаева ананың тағдыры

 

Роза апайдың «Ақ анаға» арнаған өлеңі:

 

Құтты болсын мейрамың-ай!

Құрметтеген «Ақ анам-ай».

Шуақ берейін мен,

Аман жүрші ортамызда-ай.

Айналайын басыңыздан,

Қасиет толы жасыңыздан!

Гүлге қонған көбелектей,

Шыққым келмейді қасыңыздан.

Құтты болсын мейрамың-ай,

Сәтті болсын қадамың-ай!

Орындалып ана тілек,

Алдың ашық жол болсын-ай.

Денсаулығың зор болсын-ай,

Бақыт құсы кеп қонсын-ай.

Мына жалған дүниеде

Орындалсын арманың-ай!

Өлең айттым «Ақ анама»,

Құлақ салшы ақылыма.

Білгенімді айттым міне,

Риза болшы анаңызға.

Асыл таудай асылым-ай,

Биік таудай намысым-ай,

Ақылыңның арқасында

Бәрін жеңіп келесің-ай!

Дастарқанды жаясың-ай,

Елді қарсы аласың-ай.

Немереңді көргеніңде

Мәз боп, жаным, қаласың-ай.

Бере берсін Тәңірім-ай,

Бере берсін немерең-ай.

Немереңді өсіргенде

Сүйші, жаным, шөбереңді-ай!

Мен 1937 жылы туғанмын, Қаскелеңде тұрамын, Қаскелеңнің Әйтей деген жерінің қызымын, елім – Арғын. Әкем – Мұсабаев Хакім де, оның ағалары да әскери адамдар болған. Анам – Нұрқыз Нүсіпжанқызы үй шаруасында болған. Біз өзіміз 5 ағайындымыз: үш қыз, екі ұл. Қазір үш қыз бармыз. Өзімнен кейінгі сіңілім Нұрсұлу «Ақ ананың» ордасында емші.

1954 жылы оқуға түсемін деп, Алматыға барғанымда оңтүстіктің Созақ ауданының Құмкент ауылының балалары оқуын бітіріп бара жатып, Әнуарбек Дәніқұлов деген жігіт Алматының тегін қызын алып кетеміз деп, мені алып қашып кетті. Келін болып бір жыл екі ай жүрдім, азап көрдім, көрсетпеген қорлықтары жоқ, неше қабат қаштым. Бір жолы жүк артқан машинаға отырып, балам Айдарбекті алуға да шамам келмей қашып кеттім. Кейін анам екеуміз барғанда балаң өліп қалған деп, баланы бермей қойған.

Келгеннен кейін Алматыдағы құрылыс техникумының газдандыру бөліміне түсіп оқыдым. Үшінші курста оқып жүргенімде Жамбыл облысы тараздық Жақаев Шұғайып деген жігітке тұрмысқа шықтым. Сол кісімен 40 жыл отастым, бірақ Алла Тағала бала бермеді. Бала болмағаннан кейін қайын атам күйеуімнің тетелес туған інісінің қызын бауырыма салып берді, сонан кейін өзімнің бауырымның 4 айлық баласын асырап алдым. Күйеуім облыстық ауыл-шаруашылық басқармасының құрылыс бөлімінде бастық болып жұмыс істеді. Өзім облыстық балалар емханасының шаруашылық бөлімін басқардым. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін Тараздан Алматыға көшіп келдім. Бауырыма салып алған баламның аты – Айдар, қазір Қаскелеңнің қалалық әкімшілігінде қызметкер, одан үш немерем бар.

Өзім үйден жүгіріп шығатын ауруға душар болдым, бармаған дәрігер, қаралмаған тәуібім жоқ, ешкім де менің ауруымды дөп басып айта алмады. Содан Қошмамбеттегі Сыдық деген құмалақшыға сіңілім алып барды, ол кісі маған «Сіздің артыңыздан әруақ еріп келе жатыр, өз ауылыңда «Ақ ана» деген келіншек бар, соған барыңыз»,– деді.

1998 жылы «Ақ ананың» ескі ордасының есігін аштым, келгенде бір түрлі жынды сияқты болатынмын. Бір жерде отыра алмай, қараптан-қарап көзімнен жас төгіле беретін, далаға жүгіріп шығатынмын, жүрегім қысылғанда шалқалақтап, құлап қалатынмын. «Ақ ана» маған: «Алпыстан асқанша неге намаз оқымағансыз? Қандай қариясыз?»,– деп айтып, қарай бастады. Содан кейін намазға жығылдым, «Ақ жолға» бардым, жақсы болып кеттім. Бірақ та бала жоқтықтан ішім толған дерт, мұңымды кімге шағамын, кімге айтамын? Оны ешкімге айтпадым. Екінші тиген күйеуіме берген сертімді орындадым.

Ордаға барып жүргеніме жеті жыл өткеннен кейін «Ақ ана» елдің көзінше, бүкіл Орданың алдында «Апа, сіз өз балаларыңызбен табысасыз» дегенде «Ақ анаға» ренжідім. «Өз балам өз қолымда отыр, немерелерім бар» дегенде, «Ақ ана»: «Жоқ, Роза апа. Ол сіздің балаңыз емес, ол бала осы жерде ем жасап жүрген бір кісінің баласы»,– деп бетіме басты. Мен оған өкпелеп, бір ай сөйлемей қойдым. Бір айдан кейін Ордада отырғанымда жаныма бір әйел келіп отырды. Ол әйелге «Мына орында адам бар, неге отырасыз бұл жерге? Қазір қария кемпір келіп отырады»,– деп едім, ол кісі: «Ешкімнің сатып алған орны жоқ»,– деп менімен ұрсайын дегенде бетіме қарап, «Ойбай, сен Роза емессің бе?»,– деді. Сөйтсем, мені бірінші рет алып қашқан күйеуімнің туысы, қазір КИЗ-де тұратын Күлдән деген әйел екен. Екеуміз бір-бірімізді танып, құшақтасып тұрғанда «Ақ ана» келіп: «Роза апа, ренжіп едіңіз. Міне мына кісіні жаныңызға әруақ айдап келді. Ар жағын мына кісі өзі айта жатар»,– деді.

Сөйтсем, балам Айдарбек сәби күнінде өлмепті, менен жасырып қойыпты. Бұл балам жол полициясында қызмет істеп жүргенде 23 жасында жол апатынан қаза тауыпты, келінім бір ұл, бір қызбен қалыпты. Келінім соларды шырылдап жүріп, өзі оқытыпты, ұл немерем Бекайдар Керимов екі институтты бітіріпті, қазір Атырауда қызмет істейді. Ұл немеремді аталар бауырларына басып, арғы аталарының фамилиясын беріпті. Ал қыз немерем де жоғары оқу орнын бітіріпті. Содан кейін «Ақ ананың» арқасында осы немерелеріммен табысып, араласып кеттік. Бірақ мен мына балаларымды қиып, ол балаларыма бара алмадым, Қаскелеңдегі баламда да қызғаныш болып, араларымызда салқындық пайда болды. Осының салдарынан өзімнің туған немерелеріммен араласа алмадым, бәрі аман болсын деп, намаздан кейін Алладан тілеумен болдым. Бірақ туған балам Айдарбек көңілімде болды, туған немерем Бекайдардан екі шөберем бар. Бекайдар Атырауда қызмет істеп жүрген жұмысынан алған тиесілі ақшасына осы Қаскелеңнен зәулім үй салып алды, «Ақ ананың» арқасында ренжісіп жүрген немере-шөберелеріммен табыстым.

Туған ұлым Айдарбектің зиратының басына барғанда мынадай жағдай болды. Басымдағы орамалым өзінен-өзі ұшып кетіп, құлыптастың басына оралып қалды. Сол кезде жылап отырғанмын, бір уақытта баламның әруағы келіп, жүрегіме мына сөздерді салды: «Мама, тірі күнімде иісіңді иіскей алмап едім. Енді әруағым ең құрмағанда орамалыңды иіскеп жатсын».

Мен бұрын комунист, депутат, Әйелдер Кеңесінің төрайымы қызметтерін істегендіктен ешқандай дінге сенбейтінмін. «Ақ ананың» ордасын аттағалы неше түрлі күнделікті қайталанбайтын құдіретті көріп, имандылық жолына түстім.

 

Құрылысшы Рахымберді Төпенұлы Кәлетов

Жасым 47-де, асқазаным, бүйрегім, жүрегім ауырып, лақылдатып қара қан құсумен болдым. Тамақ батпады. Емханада болдым, дәрігерлер адам болмайсың деген соң, өмірден күдер үзіп, екі жыл бойы арақ ішіп жүрдім. Бір күні әкем: «Балам, «Ақ анаға» барсаңшы, елдің бәрі жазылып жатыр екен ғой»,– деді. Салып ұрып отырып «Ақ анаға» келдім. «Ақ ана» өлмейсің, намазға жығылып, менің айтқанымды істеп, тыныш жүрсең, жүзге келесің деді де, мені өзінің биотогымен 4-5 жыл үзбей емдеді. Мен «Ақ ана» айтқан шарттарды толық сақтадым, бірден намазға жығылдым. Қазір тоғыз жыл болды, денсаулығым жақсы, намаз оқып, ораза тұтып жүрмін. Имандылыққа біржола бет бұрдым. Былтыр УЗИ-ден тексерілдім, денсаулығымда ешқандай ауытқу жоқ. Қазір «Ақ ананың» жаңадан салып жатқан ордасының құрылысында құрылыс қоймасын басқарамын. Орда кірер аузы батырдың дулығасы сияқты, бұл орданың жобасы «Ақ анаға» түсінде аян арқылы берілген, тағы бір кереметі осы орданы салуға демеуші болған азамат Санкт-Петербург қаласында тұрады екен. Осы құрылысты салуды құдіретті тылсым күш бұл кісіге де аянмен берген. Бұл адамды «Ақ ана» да, осы құрылысты салып жатқан құрылысшылар түрін көрмек түгүл аты-жөнінің кім екенін де білмейміз.

 

Бүйрегінен тас түскен Штабаев Төребек

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының азаматымын, жасым 58-де, елім – Қоңырат. Мамандығым – инженер-механик. «Ақ ананы» туған інімнен естіп, емделуге келгенмін. «Ақ ана» маған үш күннен кейін: «Көзіңді емдей алмаймын, басқа жеріңді емдеймін. Бүйрегіңде тас бар, екі бүйрегіңнің де еті өскен, кистасы бар. Бір Аллаға сеніп емделетін болсаң емдеймін, УЗИ-ға түсіп кел»,– деді. Мен УЗИ-ға түсіп келдім, сол кезде «Ақ ананың» айтқан диагноздары тура келді. «Ақ ана» емшілерді бөліп-бөліп берді, маған Кенже, Гүлнәр дейтін емшілерді берді. Бүйректің сыртынан ұстап, биоток жіберіп, екі-екі жарым айдың ішінде толық жазылдым. Арасында екі мәрте алтын ине емін қабылдап, массаж алдым. Ем қабылдап болғаннан кейін қайта УЗИ-ға түстім. Ауруымның ізі де қалмапты. «Ақ ананың» айтуымен алты айдан кейін Республикалық көз емдеу орталығы емхансында дәрігерге барып, бір көзімдегі қарашығымды операция жасап, дәрігерлер ауыстырып берді. Бір аптадан кейін жазылып шықтым, қазір көзім көреді, «Ақ ана» егер операция жасамасаң, екі көзің де көрмей қалады деген.

Ауырған атеист – Оралхан Бапиновтың намазға жығылуы

 

Жасым 62-де Ресейдің Алтай өлкесінің Қосағаш ауданынан шыққанмын, 1991 жылы Қазақстанға, Алматының жанындағы Қырғауыл ауылына көшіп келдім. Елім – Найман, оның ішінде Қаратай. Негізгі мамандығым – зоотехник. Қосағаш ауданының бас зоотехнигі болып, райсполкомда қызмет атқардым.

Араққа салынып кеткен Ержан деген балдызым болды, апармаған жерім жоқ, бірақ ешқайсысынан нәтиже болған жоқ. Арақты қоюдың орнына ішуін одан әрі үдете түсті. Барар жер, басар тау қалмаған соң, Ержанды жетелеп, «Ақ анаға» алып келдім. 4 айдың ішінде арағынан да, темекісінен де ада болды. Одан кейін ойландым: «Әкем-ау, бүкіл дәрігерлердің шамасы келмегенді қалайша жазды?». Өз басым емшілерге мүлдем сенбейтінмін. Өзімнің ауруларымды түгелдей білетінмін, бауырымда арам ет (киста) болатын. Дәрігерлер операциядан басқа амал жоқ деп шарасыздықтан екі иықтарын көтеретін. Амалым құрыған соң биылғы жылы алты ай болды «Ақ анаға» келдім.

Бір ай өткеннен кейін «Ақ ана» УЗИ-ге барып, тексеріліп көріңіз деді. УЗИ-ге барсам, алдында екі арам ет(киста) болатын, біреуі жоқ. 4-5 ай өткеннен кейін жалғыз кистам, екіге бөлініп кетіпті, бірақ екеуі де кішкентай. «Ақ ана» біраздан кейін бұл да кетеді деді де, «Ақ жолға» жіберді. «Ақ жолдан» алған әсерім ол жақтан басқа Оралхан болып оралдым.

Әруақтардың бар екеніне шүбәсіз сендім, күмәнім қалмады. Келгеннен кейін екі аптаның аралығында намаз сүрелерін түгелдей жаттап алып, имандылық жолына түсіп, намазға жығылдым. Өзім орыс арасында өскендіктен Құран сүрелеріне тілім келмей ме деп қорықтым. Бірақ та Алла Тағала: «Сен Маған бір қадам жақындасаң, мен саған жүгіремін»,– деп айтқан ғой, құдіреттің күшімен екі-ақ аптаның арасында үйреніп алып, ораза да ұстадым. Бұрын өзім қызылкөз атеистің нақ өзі едім, қасиетіңнен айналайын «Ақ ана» менің жүрегіме Алланы ұялатып, санама төңкеріс жасады.

 

Әруақтарды бу, тұман түрінде көретін Бақыт Бөрізақұлы Мамажанов

1967 жылы көкек айының 15-жұлдызында тудым. Сүйегім Шапырашты. Жұбайым Жаңыл Кемалқызы, екі ұлым бар: Дамир, Тимур.

1997 жылы тамыз айында Қопаға бір жағдайлармен «Ақ ананың» алдына адамдарды қаратуға алып бардым. Өзім бұрын ешнәрсеге сенбейтінмін, бірақ «Ақ ана» менің анда-санда әруақтарды көретін қасиетімді біліп қойды, себебі өзімнің он екі-он үш жасар кезімнен бастап, артымда ылғи бір көлеңке еріп жүретін. Қазір де солай. 16 жасымда қатты ауырдым, дәрігерлер ауруымды таба алмады, осы ауруымды апам нанмен аластап, ол нанды итке бергеннен кейін жазылып кеттім. Сонан бері «Ақ ана» ордасына үзбей барып тұрамын, өзімнің жеке тіршілігім де бар. Ем жасаймын. Әруақтар маған анда-санда бу, тұман түрінде бұлдырлап көрінеді. Отырған адамдардың артынан, жанынан әруақтар көрінеді. Сондай-ақ орда ішінде басқа адамдар көре алмайтын әр жерде ілулі тұрған Құрандарды көремін. Бұл тылсым дүниені толық түсіндіріп бере алмаймын.

 

Бүйрегі қатерлі ісіктен (рак) жазылған Роза Бимағамбетқызы Жұбанышева

1940 жылы ақпан айының 19-жұлдызында Қостанай облысы, Орджанкидзе ауданында тудым. Елім Кіші Жүз Жағалбайлы, ішінде Біліш. Күйеуім Нұрсұлтан Қосмағанбетұлы Ержембаев, 11 балам бар, 12 немерем, 2 шөберем бар: Назымкүл, Жәнібек, Қарлығаш, Ақмарал, Айбосын, Марат, Шынар, Әлібек, Сәндібек, Мәлік, Бақытгүл. Бақытгүлдің екі баласы Әзиза мен Сүлеймен.

Бұдан 9 жыл бұрын қатты ауырдым. Дәрігерлер оң жақ бүйрегіңде қатерлі ісік(рак) бар, операция жасаймыз, оң жақ бүйректі алып тастасақ, әлі бір жарым жыл өмір сүресің деді. Оның үстіне сусамыр(сахарный диабет) ауырдым, қантым – 28. Операцияға бармай, үлкен бауырым Ертарғынға Алматыға Каскелеңдегі «Ақ анаға» кеттім дедім. Кеткенде олар жылап, еңіреп, бақұлдасып қалды: «Сен Алматыда өлесің», – деді. «Ақ ана» алдымен қантты, содан соң бүйректі емдеді де, өзімді керуенмен «Ақ жолға» жіберді, намазға жықты. «Ақ ананың» алдына бір жарым жыл сайын келіп тұрамын. Өзімді ажалдан арашалап алып қалған бірінші Құдай, екінші «Ақ ана» сіңілім.

«Ақ анаға» қарыздар Асқар Қалмұратұлы Жетпісбаев

1970 жылы қазан айының 21-інде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Сүйегім – Жеті ру, ішіндегі Табын. Анам Сұлухан мен туғанда қайтыс болып кетіпті. Бір анадан 3 ұл, 2 қызбыз: Баян, Зылиха, Саржан, Нұртас және мен. Екінші шешемізден Гүлнұр мен Аян. Жұбайым Айгүл Рахымберліқызы – «Ақ ананың» қасында емші. Үш қыз, бір ұлым бар: Анар, Жұлдыз, Сұлужан, кенжем Қадырбек.

2000 жылы үшінші қызым қояншық ауруымен ауырып, аузынан көбігі ағып, талып құлап қалатын. Ол кезде мен темекі, анаша шегіп, арақ ішетінмін, суық жүрістерге баратынмын. Бір күні түні бойы ішіп-ішіп, таң атқанда ауыратын 3 жасар қызымды «Ақ анаға» алып келдім. Сол кездері дәрет алу не екенін білмейтінмін. Отырмыз, бір уақытта «Ақ ана» сыра, шарап, арақ ішіп келгендерің шығып кетіңдер деп айтты. Мен оны қайдан біледі деп, былқ етпей отыра бердім. «Ақ ана» қуып шықты. Ертеңіне «Ақ ана» жолдас балаларыма қызын тастап, өзі келсін деп, сәлем айтып жіберіпті. Ордаға кіріп келгенімде «Ақ ана»: «Саған қыз керек пе, әлде осындай жүріс керек пе?»,– деді.

– Қыз керек.

– Қыз керек болатын болса, бес уақыт намаз оқисың, Алланың адал жолымен жүресің, арақ ішпейсің, шошқаның етін жемейсің, ойнас жасамайсың. Келісесің бе?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.