Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Рухани жетілу дегеніміз не? 6 страница



Ал заттық әлемге келгенде жанға нәзік денесінен басқа тағы тұрпайы дене керек. Бұл – оның тәні. Сондықтан, жан фәни әлемге келгенде өзінің нәзік денесі арқылы, әлемдегі негізгі тұрпайы бес элементтерді тартып өзінің тәнін құрастырады. Бұл құрастыру оның жерге қандай әдіспен келуіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жан жерге жан-жануарлардың аталық ұрығы, жұмыртқа, немесе өсімдік дәні арқылы келуі мүмкін. Осыған байланысты ол өзіне тәнді құрастыруға керекті табиғаттың бес элементін ғарыштан ғана емес, сонымен бірге, жан-жануарлар ана құрсағынан, құс жұмыртқадан, өсімдік дәннен алады. Фәни әлемде барлық жан иелері осылай пайда болады.

– Мұрат Батанұлы, заттық әлемде бір-бірімен қатынас жасап, қоршаған табиғатты пайдалануы үшін жан иелеріне не беріледі? Оларға не жатады?

– Заттық әлемде бір-бірімен қатынас жасап, қоршаған табиғатты пайдалануы үшін жан иелеріне керекті материалдық элементтер беріледі. Оларға бес сезімдер, бес сезім мүшелері, бес сезім объектісі, тәннің өміріне керекті бес қозғалыс мүшелері жатады. Бес қозғалыс мүшелеріне қол, аяқ, ауыз, тік ішек және жыныс мүшелері жатады.

Жан иелері аяқтарымен бір жерден екінші жерге қозғалады, қолдарымен табиғат берген заттарды пайдаланады, аузымен тамақтанады, шығару мүшелерімен (тік ішекпен) асқазандағы қорытылмаған тамақтың қалдығын сыртқа шығарады және жыныс мүшелерімен артына ұрпақ қалдырады. Өмір түрлеріне байланысты бұл элементтердің сыртқы бейнесі, әрине, әртүрлі болып келетіні түсінікті.

Мысалы адам мен құстардың аяқтары, аузы, жыныс мүшелері әртүрлі екені белгілі. Табиғат берген осы элементтер арқылы барлық жан иелері өз өмірін қамтамасыз етеді. Табиғаттың бұл тұрпайы элементтеріне адамның нәзік болмысы болып табылатын тағы үш элемент – ақыл, ес және «мені» қосылады. Сонымен барлығы 23 элемент болады. Бұған жанды қосатын болсақ, барлығы 24 болып, олар қосылғанда материалдық әлемде өз бетімен өмір сүруге мүмкіндігі бар микрокосмды құрайды. Бұл 24 элементтің ең негізгісі, әрине, жан. Жан басқаларын біріктіріп, оларға өмір береді. Себебі, ол жан иесінің рухани болмысы болып табылады. Міне, қысқаша айтқанда, жанның бұл әлемге келуі осылай болуға тиісті.

 

Адам өмірінің үш бастауы

 

– Мұрат Батанұлы, адам тағдыры бұл дүниеге келгенде қандай жағдайларға тәуелді болады?

– Адам тағдыры оның бұл дүниеге келгендегі үш жағдаймен тығыз байланысты. Мұны адам өмірінің үш бастауы деуге болады. Яғни, адамның болашақта көретін қуаныш-қайғысы, жасайтын жақсы-жаман қылықтары мен істері, ой-өрісінің қалыптасуы, тіпті бүкіл өмірінің бақыты осы үш бастаудың сапасына, іске асу деңгейіне және олардың өзара үйлесімділігіне байланысты. Халық дәстүрінде бұл бастаулар жақсы ескеріліп, олардың үйлесімділігі келешек ұрпақ тағдыры үшін қатаң қадағаланып отырған. Бұл бастаулардың біріншісі – ата-анасының қасиеттері, яғни генасы; екіншісі – өскен ортасы, яғни алған тәрбиесі; үшіншісі – адамның жан дүниесінің ерекшеліктері.

Адам болмысының дұрыс қалыптасуына керекті бұл үш бастау кімнің болса да келешек тағдырын құрап, оның келешектегі көретін қайғы-қасіретіне, барлық ләззат-қуанышына себепкер болады.

– Мұрат Батанұлы, адам тағдырын құрайтын бұл негізгі үш шарт бір-бірімен байланысты ма? Біреуі екіншісін толықтыра ала ма?

– Әсет Ризаұлы, есіңізде болсын! Адам тағдырын құрайтын бұл негізгі үш шарт бір-бірінен бөлек, бір-бірімен байланыспайды, өзара тәуелсіз, сондықтан біреуінің әлсіздігін екіншісі толықтыра алмайды. Бұл табиғи заңдылық және барлық жан иелеріне ортақ. Мысалы, өсімдік дүниесін алатын болсақ, өсімдіктің дұрыс өсуі оның ұрығының жоғары сапалы, топырақтың құнарлы және оның күтімінің жақсы болуына байланысты екені белгілі. Егер құнарсыз топырақ болса, оған қандай жоғары сапалы ұрық егілсе де өнімі төмен болады. Ал қандай құнарлы топырақ болып, оған қандай жоғары сапалы дән себілсе де егер кезінде суару, не болмаса топырағын қопсыту тәрізді түрлі агротехникалық күтімдер болмаса, дұрыс өнім болмайтыны белгілі. Тіпті егілген тұқым өнім бермей, өліп қалуы да мүмкін. Сондықтан генетика ғылымы дұрыс өнім алу үшін ұрықтың сапасын жақсартумен, агрономия ғылымы жерді өңдеу, құнарлылығын арттырумен және өсімдікті дұрыс бағып-қағумен шұғылданады ғой.

Ендеше осы заңдылықты адам тәрбиесінде неге ұмытуымыз керек? Осыны ескермесек, мысалы, баланың туған ата-анасы жақсы болып, оның жан дүниесі басқалардан ерекшеленіп тұрса да, егер келешектегі өскен ортасы, алған тәрбиесі дұрыс болмаса, ол баланың өсе келе өзінің ерекше қасиеттерін жоғалтып, басқа қарапайым пенделерден айырмашылығы болмай, солардың бірі болып кетуі әбден мүмкін. Мұны бала тәрбиесімен шұғылданатын адамдар жақсы біледі.

Мектепте, бала бақшаларында тәрбие жұмысымен айналысатын педагогтардың айтуларына қарағанда қазіргі күндерде осындай өз қатарынан артып туған балалар баршылық. Қазіргі кезде ондай балаларды «Индиго» деп атап жүр. Олар өте талантты және талапты, барлық жағдайларда өздерін еркін сезінеді, қандай істі болса да тез үйреніп, игеріп кетеді.

Ерекше туған Индиго балаларды кезінде көре біліп, олардың ерекшеліктерін дұрыс түсініп, басқалардан бөлек тәрбие беру керек. Егер оларды көпшілікпен бірге тәрбиелесе, онда олар өздерінің ерекше қасиеттерін жетілдіре алмай, тіпті олардан айырылып қалып, басқа қарапайым балалармен бірдей болып кетуі мүмкін. Ал бұл балалар өздерінің зор қасиеттерін өсіріп, келешекте ата-анасының мақтанышы, халқының сүйенер тірегі, адамзаттың жарық жұлдызы, кемеңгер ойшылы, ірі ғалымы, не болмаса өнер қайраткері болуы мүмкін. Үлгі алатын, алға сүйрейтін жарық жұлдыздай жол көрсететін ондай адамдар болмаса халық қарапайым тобырға айналып, артынан іріп-шіріп, кері кетіп, өзін-өзі жоғалтып алуы да ғажап емес. Алға сүйрейтін зиялы қауымынан айрылып, ақыры тарих сахнасынан жоғалған халықтардың тағдыры бұған жақсы мысал болады.

– Мұрат Батанұлы, мұндай ерекше қабілетті балаларға қандай көңіл бөлінеді?

– Кейбір елдерде Индиго балаларға ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалады. Мысалы, Қытайда олар көпшілік назарынан тыс арнайы мектептерде оқиды. Олар елдің келешек басшылары, елдің стратегиялық ісін атқаратын іскерлері мен барлаушылары. Израилда мұндай балалармен білім министрлігі арнайы құпия жоспар бойынша шұғылданады. Францияда оларды басқа шет елдерге жіберіп оқытады. Ал Ресейде бұл балаларды тәрбиелеу жөнінде арнайы жоспар дайындалып жатыр.

– Мұрат Батанұлы, материалдық ғылым болмыстың тереңіне бара ала ма?

– Материалдық ғылым болмысты тар шеңберде қарастырып, оның тереңіне бара алмайды. Ол өмірдің тек қана беткі көрінісін ғана сипаттап, оны өте қарапайым да, қарабайыр етіп көрсетеді. Оның бергені біржақты және жеткіліксіз болғандықтан, ол өмірдің күрделі, түпкі мәселелерін ешуақытта толық шеше алмайды. Оның себебі – ғылымның негізгі жаратушы күшті жоққа шығарып, рух пен жанды білмеуінде. Ол тек қана таза материяны зерттейді. Ал жансыз табиғат – өлі табиғат. Өліде қозғалыс та, ендеше жетілу де болмайтыны белгілі.

Жан қай уақытта заттық әлемге жіберіледі?

Тәнді не үшін қолданады?

Мақтан үшін жан қалса ескерусіз,

Дұрыс-ақ қой дейсіз бе осынымыз?

Іздегенін таба алмай кетсе зарлап,

Жанның орны не болды, байқадыңыз. Шәкәрім

 

– Мұрат Батанұлы, жан қай уақытта фәни әлемге жіберіледі?

– Әсет Ризаұлы, жан өзінің Ержан Ғазиз Жанға (Алланың қуаты) емес, өзіне қарай бағыттағанда өзінің ниетін қанағаттандыру үшін ол заттық (материалдық) әлемге жіберіледі. Сонымен, жанның әуелгі таза рухы жалған «өзіммен» былғанып, өзгереді. Осы өзгерген рухымен жан материалдық әлемге келеді. Материалдық әлем нәзік және тұрпайы заттық болып екіге бөлінеді.

– Пенде қалай әруақ қалпына айналады? Қай уақытта «адам» болады?

– Нәзік әлемде жан рухымен және материалдық нәзік денесімен болады. Оның бұл қалпын «әруақ» дейміз. Ал ол заттық әлемге келгенде заттық тән алады. Жанның бұл қалпын «адам» дейміз.

Осылай адам болмысы рухани, нәзік және тұрпайы материалдық бөліктерден құралады. Осыдан адам қалпы жан үшін ең жақсы кез емес екенін, керісінше, оның Алла Тағаламен қатынасында ең ауыр кезінің бірі екенін көреміз. Бірақ осы ең ауыр кез жанға ең үлкен сабақ береді.

– Пендеге тән не үшін беріледі?

– Ол бұл әлемде өзінің тәнін қолдану арқылы жаман ниет-қалауларынан арылуға мүмкіндік алады. Бұл әлем оған күнәсінен арылатын, тазарып рухани жолға түсетін, Алла Тағаламен байланысын орнатуға мүмкіндік алатын орын болып табылады.

– Өмірде дұрыс жол табу үшін не істеу қажет?

Өмірде дұрыс жол табу үшін бұл әлемдерді бір-бірінен айыра біліп, олар туралы арнайы түсінік болу керек. Рухани әлемді тек қана рухани жолмен танып, білуге болады. Нәзік әлемдерді тылсым (эзотерикалық) ғылымдар, парапсихология зерттейді. Ал заттық әлемді зерттеу – материалдық ғылымдардың үлесі. Жоғарылар төменгіні жақсы көріп, жақсы түсіне біледі. Сондықтан олар төменгілердің кемшіліктерін түсіне біліп, оларды сынға алмайды. Ал төмендегілер керісінше. Олар жоғарғыларды дұрыс көріп, дұрыс түсіне алмайды. Сондықтан төмендегілер жоғарыдағыларды жиі сынға алып, оларды қабылдамауға тырысады.

Бірақ заттық әлемнің қиын сырлы көріністерін ашқан кейбір ойлы ғалымдар өздерінің қателіктерін көріп, жоғары мақсатқа заттық ғылым жеткізе алмайтынын мойындайды.

Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы

28 – Қасас сүресі, 83 аят.

Кім бір жақсылық келтірсе, оған да жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана ғана сазайы беріледі.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 395 бет.

– Мұрат Батанұлы, Жаратушының жасаған бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта қайыру заңын қалай түсіндірер едіңіз?

– Әсет Ризаұлы, есіңізде болсын: Жаратушының жасаған бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта қайыру заңы бойынша «не ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. Бұл – әлемнің әділет заңы. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да, жамандығы да тек өзіне белгілі бір мерзімнен кейін қайтып оралады.

– Алла Тағала пендесіне қанша ерік берген?

– Алланың адам баласына ерік бергені соншалық, өз тағдырыңды өзіңе берген, жаман болуың да жақсы болуың да өз қолыңда. Алла айтады ғой: «Сен маған бір табан жақындасаң мен саған қырық табан жақындаймын». Мәйітті шығарар алдында молдалар сұрайды: «Мына кісінің қарызы бар ма?», – деп. Егер адам кешірмесе Алла да кешірмейді. Сондықтан да біз үнемі Жаратушының бақылауында болғандықтан да жаман қылық түгіл, жаман ой ойлаудан да аулақ болуға тырысу керек. «Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең мағынылы сөзінің түп төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі.

Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

– Алла бізге алыс па, әлде жақын ба?

– Алла Тағала адамға қандай алыс болса, екiншi жағынан, Ол жүректе болғандықтан сондай жақын. Шыбын жан да, Ғазиз Жан да жүректе орналасқан. Олар үнемi байланыста. Сондықтан, Алла Тағала адамның барлық қалау-ниетiн, ой-өрiсiн бiледi. Онан ештеңенi жасыруға болмайтын, Ол – негiзгi куәгер. Сонымен бiрге, Ол ештеңенi де ұмытпайды. Қоғам өмiрiнде кейбіреулер түрлi заңсыз әдiстермен кейде жасаған қылмысы үшін жаза алмай, құтылып кетуі мүмкiндiк, бiрақ Құдай алдында жазадан ол ешуақытта құтыла алмайды. Әлемдік әділет заңы бойынша уақыт келгенде түбiнде әркім өз сыбағасын алады. Алладан ешнәрсенi жасыруға болмайтын болғандықтан, иманды адамдар ешкiмге зияндық келтірмейтін, таза көңiлдi болуға ұмтылады.

 

Алла Тағаладан еш нәрсе жасыра алмайсың. Біреуге жамандық жасасаң артынан жақсылық жаса, жасаған жамандығың үшін тірлігіңде жазаланасың, біреуден бір нәрсе сұрама, аманат алма. Екі кісінің ортасында қазылық қылма. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Осыны түсiнбегендер өзiнiң жүрегiнiң әмiрiне кейде құлақ аспай, өмiрдiң түрлi «жылтырағына» алданып, Құдайға қарсы (ұятына қарсы) көп әрекеттер жасайды. Ол соның нәтижесiнде бүкіл әлемдік әділет заңы бойынша оның зардабын тартып отырады. Бiрақ ол оның себебiн түсiнбейдi, сондықтан одан сабақ та ала алмайды.

Қарымта заңына сәйкес жазықсыз кісі өлтіргендер көп ұзамай өздері де ит өліммен өледі, не қалған өмірі азаппен, қиналумен т.б. жайсыздықтармен өтеді. Бұған нақақтан кісі қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар, алаяқтар, парақорлар, залымдар, өсімқорлар т.б. жатады.

Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорықпаңыздар

Пейіш адамдарға жақпайтын нәрселермен оралған болса, дозақ адамдар қызығатын нәрселермен оралған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.сғ)

– Мұрат Батанұлы, жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорқып жүруіміз керек пе?

– Жаратушының шапағат нұрына, одан пайда болған әлемдік тоққа сенбей, оны қабылдамаған адам ешуақытта дүниенің терең сырына жете алмайды. Дүние сырына көз жеткізу үшін адам қасиетінен жоғары қасиеттердің де бар екеніне сенім керек. Болмыстың сол көзге көріп-білінбейтін ғажайып қасиеттері әлемнің алғашқы элементтерін жасап, оларды біріктіріп, бүкіл ғарыштық көрініс құрайды. Бірақ, Оның бұл қасиеттерін адамның сезімдерімен анықтауға, немесе оймен ойлап түсінуге келмейді. Осыны мойындау керек.

Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорқып керегі жоқ. Олар нәзік болмыстың сырын білмейтін надандарды қорқытудан басқа, Жаратушының ықпалынан шығып адамға ешуақытта жамандық жасай алмайды. Жындардың Алла Тағаланың қасиетті есімдерінен өте қатты қорқатыны да осыдан.

– Әруақ келесі әлемге өткенде, оның өмірі қалай болады?

– Әруақ келесі әлемге өткенде, оның өмірі бұрынғыдай жалғаса береді. Осы өмірде оның өмірі қандай болса, келесі өмірде де оның өмірі сондай болады. Егер ол бұл өмірде рухани жетіліп, жаман қылықтардан арыла білсе, келесі әлемде де сондай жақсылыққа жолығып, өмірі ләззатқа толады. Оның өмірі періште дәрежесіне де жетуі мүмкін.

– Жындар, перілер, шайтандар дегеніміз кімдер?

– Әруаққа айналған пенделер фәни өмірде нәпсіге беріліп, жаман қылықтарынан арыла алмаса, онда келесі өмірінде де сол қылықтарын жасап, азап шегеді. Ол өзінің жердегі үйренісі бойынша біреуді алдауға, жәбірлеуге, мазақ етуге, қорқытуға дайын тұрады. Ондай әруақтарды жындар, перілер, шайтандар деп атайды. Олар әлі тазарып, жетілудің жоғары деңгейлеріне жеткен жоқ. Бірақ әділет заңдылығы барлық әлемге ортақ. Сондықтан өзінің жаман қылықтары үшін ол өзіне тиесілі қарымын алады. О дүниеде бұл дүниеде алмаған қарымын қосып алады. Сондықтан бұл дүниеде жасаған жаман қылықтары үшін жазасын алмаса да, о дүниеге барғанда ол үшін жазасын міндетті түрде алады. Бұл – әлемнің өзгермейтін әділет заңдылығы.

Төменгі әруақтар да болмыс заңдылығынан шыға алмайды. Әйтпесе олар фәни әлемнің өміріне аралысып, бұл өмірдің бейберекетін шығарар еді ғой. Олар өте сирек жағдайда ғана адам өміріне араласып, өздеріне ермек іздейді. Төменгі әруақтар тәжірибесі әлі жеткіліксіз емшілерді алдап, шатастыруы мүмкін. Бұл туралы көп айтылып, көп жазылады. Кейбір діни адамдар осы төменгі әруақтардың әсерінен қорқып, әруақтармен байланысты түгелдей жоққа шығарады. Бұл туралы кейінгі кезде газет бетінде мақалалар да пайда болды. Қоғам өміріне осылай бөгет болғаны үшін төменгі әруақтар, әрине, кезінде өз жазасын алады.

VII ТАРАУ. «Ақ ананың» шәкірті Ержан Ұзанқұлұлы Құлиевті ата-баба әруақтарының қолдап-қоршауы

Емші Ержан

Емнің қону қонбасы тағдырдан (Алла Тағала белгілеген). Алла Тағаланың бұйырумен болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

«Ақ ананың» шәкірті Ержан Ұзанқұлұлына қаралуға еліміздің түкпір-түкпірінен науқастар толассыз ағылуда. Кей-кездерде оралман қандастарымыз арқылы Түркиядан да науқастар келіп емделуде. Ол бәрін де қабылдайды, себебі олардың келе жатқанын аян алу арқылы, алдын-ала біліп отырады. Ауырып келген адам, емін қабылдағаннан кейін тәні де, жаны да сауығып, жайраң қағып, шексіз алғыспен ауылдарына, елдеріне қайтады.

Ержанның емдейтін аурулары: оташылық (сынықшы), омыртқадағы кеселдер (грыжа), еркектің белсіздігін, әйелдердің бала көтермейтін бедеулігін, сол сияқты бауыр, асқазан, бүйрек тастарын қуық жолдары арқылы үгітіліп түсіріледі. Өт жолындағы тастар үлкен дәрет арқылы түсіріледі. Кейбір қатты науқастар түстерінде Ержан туралы аян алып емделуге өздері іздеп келеді. Келетін адамдар Ержанға аян арқылы 3-5-15 күн аралығында белгілі болып тұрады. Науқастардың емделу мерзімі 3 күн өте белгілі бола бастайды. Ем қонбайтын адамдар 3-5 тәуліктен кейін белгілі болады. Ержан оларды қайтарып жібереді. Ержанға сондай-ақ бала көтере алмай жүрген келіншектер күйеулерімен бірге қаралады, нәтижесінде бала бітеді. Армандарына жетеді.

Бел қуаты төмендеген ер адамдар да Ержаннан келіп шипа тауып жатады. Қазір Ержанның емімен 50-ден астам сәбилер жарық дүниеге келді. Ержанға Аталар жолындағы болжау қасиеті де қонған. Ержан өзі емшілікпен шұғылданған 14 жылдың аралығында 5 шәкірт тәрбиелеп шығарды. Олардың 2-уі ғана емшілікпен шұғылданады. Емшілік қасиет Жаратушы дарытқан ерекше қабілет, кім көрінген ата-бабадан дарыған қасиет болмаса – емші бола алмайды.

Жаратушының қасиеті туа бітеді

 

Ержанға Жаратушының қасиеті туа біткен. Ержанды 2-3 жас сәби күнінде – ағасы Тілеуберді желкесіне мінгізіп жүрген бағып, ойнатады. Тілеуберді балалықпен құрбы-құрдастарымен футбол т.б. ойындарды ойнағысы келіп Ержанды жерге отырғызайын десе қорқып шырылдап жылап қоя береді. Өзінің айтуы бойынша сол кезде жан-жағынан көзге көрінбейтін аталар, апалар әруақтары пайда болып: «Ей, отырма! Сасық, бықсық жерге отырма! Тұр балам!», – деп көзге көрінбей құйрығынан ұрады. Жерге отырғызбайды. Әруақтарды Ержанның өзі көрмейді, бірақ болмысымен сезеді. Ержан солардан қорқып шырылдап жылайды.

Ержан апасымен қонаққа барса өзінің көрпесінен басқа көрпеге жата алмайды. Үйінде апасының қасынан басқа жерге жатпайды. Себебі, үйлеріндегі пештің үстінде кішкентай ағаш шығып тұратын. Кішкентай күнінде сол ағаштан 4-5 үлкен кісілер шығып Ержанға: «Әй, балам! Ұйықтай ғой!», – деп сылдырмақ ойыншықтарды сылдырлатып ұйықтататын. Біреуі әскери киінген соғыста қаза тапқан Сарайбай атасы, қалғандары аса салтанатты шапан киген Шілмембет, Төленді бабалары екен. Олар кезінде аса дәулетті, текті, қасиет қонған адамдар болса керек. Ержан мұны кейіннен, бабалар әруақтарымен тілдескеннен соң түсінеді. Бұл әруақтарды Ержан бала кезінде анық көретін, ал қазіргі уақытта тек түсінде аян бергенде ғана көреді, олармен тілдеседі, баталарын алады. Алдын ала болатын жайттар туралы ақпарат алады. Науқастардың шипасы жайлы мағлұмат беріледі.

8-9 жасында Ержанға Шолпанқұл ағасы менШәйзадажеңгесі кішкентай «Орленек» велосипедін алып береді. Осымен дүкенге барады, қайтып келе жатып Құрманғали деген ақсақалдың үйінің жанында су алатын құбыр болатын, қараса үйректер шомылып жүр екен. Осы жерде тайып жығылып, кір суға былш етіп құлайды. Үйге бара сала қызуы көтеріліп, ес-түссіз ауырады. Апасы арқалап Зияда Садырбаева деген тәуіп әжеге апарады. Кейін ол кісі 1987 жылдары 90-ға кеп қайтыс болды. Зияда әже кіріп келе жатқанда: «Әй, балам-ай! Сасық суда нең бар? Тоқтап жүрсең болмай ма? Саған ол жермен жүруге болмайды ғой», – деп ұшықтап, су оқып береді. Барғанда сұлқ жатқан бала, қайтарда шауып кетеді. Зияда әже апасына: «Шынтай, мына баланың кісісі бар бала, байқап жүрсін», – деп айтады.

Кейіннен осы Зияда әженің әруағы түсінде: «Әй, балам! Көз тиген бала келе жатыр, соны ұшықтап бер», – деп үнемі, аурулар келер бұрын аян беріп жүреді.

Ержан анда-санда әке-шешесінің басына, Зияда әжеге Құран оқып қайтады. Зияда әже өлерінде басыма белгі қоймаңдар деп кеткен. Бірақта, зиярат етуге барған ел, адасып кетпес үшін басына «Әулие Зияда» деген тақтайшаны іліп қояды. Зияда әженің әруағы: «Мына белгіні алып тасташы», – деп Ержанмен тілдеседі. Ержан алып тастаса да, көпшілік қайтадан іліп қояды. Ержан алудан, көпшілік ілуден жалықпайды. Ержанға әруақтар сөзін жүрегіне салады, өздері көрінбейді, аян бергенде (түс көргенде) кәдімгі тірі адам сияқты келеді, тілдеседі.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.