Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

ЭВФЕМИЗМ мен ДИСФЕМИЗМ

ФОНЕТИКА

ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП

1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.

2. Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы.

3. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

4. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.

5. Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).

Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.

6. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.

7. Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

8. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.

Қосымша:Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады. Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.


ДАУЫСТЫ ДЫБЫС

1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.

4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Тілдің қатысына қарай Жуан тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады а, о, ұ, ы, у
Жіңішке тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
       
Жақтың қатысына қарай: Ашық жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а, ә, о, ө, е, э
Қысаң жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы, і, и, у, ү, ұ
       
Еріннің қатысына қарай Еріндік еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады о, ө, ұ, ү, у
Езулік езудің кейін тартылуы арқылы жасалады а, ә, е, ы, і, и, э

6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).

Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа,йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.


ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

1. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.

2. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.

3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.

Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.

Ескерту: Ұ, ү, ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олар бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр, іңкәр, сірә, куә, мағлұмат, дүлдүл т.б.

4. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік.

5. Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалады:

а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық - халқым, орын - орның, көрік - көркі, әріп - әрпі т.б.

Ескерту:

1. құлақтың құлығы, ұстаның көрігі дегендегі құлық, көрік сөздерінде ы, і әріптері түспейді.

2. Ауыл, дауыс сөздеріне екі түрлі жазыла береді. (ауылы – аулы, дауысы – даусы)

ә) Ойын, орын, жиын, қиын сөздеріне туынды етістік жасайтын -а жұрнағы жалғанса: Мысалы, ойын + а = ойна, орын= орна т.б.

б) Кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса: алты-алтау, қорық-қорқу т.б.

в)Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса: оқы-оқу, тоқы-тоқу, ері-еру т.б.

6. Ы, і дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б.

7. Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің жұрнағы жалғанса, ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде жалғыз ғана и әрпі жазылады (ы+й=и, і+й=и). Мысалы: оқы-й+ды=оқиды, есті-й+ды=естиді т.б.

Ескерту:Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.

8. У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады:

1) у дыбысынан басқа дауыстыдан кейін келсе (тау);

2) сөз басында дауыстының алдында келсе (уақ);

9. И, у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады, яғни сөздегі басқа дауыстылар жуан болса, и, у дыбыстары жуан оқылады, сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и, у дыбыстары жіңішке оқылады.

Жуан дауысты болуы: бару, тиын;

Жіңішке дауысты болуы: жүру, киін т.б.

10. У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б.

11. Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию.

12. Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б.

13. Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.


ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС

1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Ұяң үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді салдырдан үні басым й, л, м, н, ң, р, (у)
Қатаң тек салдырдан тұрады к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

 

4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:

п – б ф – в к – г қ – ғ т – д с – з ш – ж

Себебі, бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.


ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

1. З, қ, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстары сөздің барлық буындарында кездесе береді. Мысалы: қазақ, заң, момын, мол, күрек, наным, рас, мұрап, шам, сот, нан, т.б.

2. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды (йод сөзінен басқасы), тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б.

3. В, ф, ч, ц әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда қолданылады. Мысалы: Автор, дифтонг, диспечер, концерт, цех, матрац т.б.

4. Щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана жазылады.

5. Х әрпі хат, хан, хабар, халық сияқты араб-парсы тілдері мен кейбір орыс тілінен енген жалпы есімдер мен кісі аттарында жазылады (техника, А.Шох).

6. Б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданылмайды, тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб, округ т.б.

7. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, ю болып жазылады. Мысалы: сой+у=сою, жай+у=жаю.

8. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп я әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а=жоя, жай+а=жая.

9. Орыс тілінен енген нд, мп, кт, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Шрифт+і+ге, штамп+ы+лау, факт+і+ге, киоск+і+лер т.б.

10. Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалып отырады. Мысалы: Прогресс–прогрестік, металл–металдар, грамм–грамнан т.б.

Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Себебі жер аты, мекеме аты және шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс–Кузбасста, Донбасс– Донбассқа.

 

 

11. Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: Трест+ке=треске, ведомость+қа= ведомосқа, подъезд+ге=подъезге, т.б.

12. Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геологі, педагогтер, парктен, ансамбльге, пункті т.б.

Қосымша:

Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б.

Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.

 


БУЫН

µ Буын– сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.

µ Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

µ Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын

 

түрі Мысал Ереже
Ашық буын 1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді. 2. Тек дауысты дыбыс-тан тұрады. А-ға, а-на, ә-ке, а-та ба-ла, қа-ла, ке-рі ша-на-ны, бо-са-ға
Тұйық буын Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді. (Көбінесе бірінші буында кездеседі.) 1-буында: ат, ет, ант, өрт 2-буында: ки-ік, ти-ын 3-буында: тұңғи-ық, ақи-ық 4-буында: әдеби-ет, мәдени-ет
Бітеу буын Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. 1. бал, таң, көз 2. тарс, төрт, қант, бұлт 3. штамп, класс, грамм 4. мек-теп, бал-дыр-ған,

Қосымша:

1.Сөз ішінде келгенүнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.

2.Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.

3.Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.


ТАСЫМАЛ

þ Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

þ Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады:ке – реге, кере – ге;

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә – ке, арми – я.)

2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)

4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)

5. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га)


ЕКПІН

µ Екпінсөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

µ Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.

µ Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

1.Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.

2.Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

3.Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.


ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

(Сингармонизм заңы)

Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.

Үндестік заңының2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

БУЫН ҮНДЕСТІГІ

1. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

2. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады. қаз-дар / қаз-дер (емес) тас-қа / тас-ке (емес)
Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады. үй-лер / үй-лар (емес) есік-ті / есік-ты (емес)

Ескерту:Мынадай сөздерде:

а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.)

ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.)буын үндестігі сақталмайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

1. Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.

2. Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.

3. -Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.


Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:

1. Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы:

араб тілі:кітап, мұғалім, құдірет т.б.

орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.

2. Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.

3. Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.

4. Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.


ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:

1. ілгерінді ықпал

2. кейінді ықпал

3. тоғыспалы ықпал

 

1. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ

µ Ілгерінді ықпал– қатар тұрған екі дыбыстың біріншісініңөзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1 2)

µ Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:

1) Сөз бен қосымша арасында: қаш-са (қашша)

2) Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)

3) Күрделі сөздерде:

а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)

ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)

б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)

µ Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:

1. Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады.

Терезе - лер Терезе - ге Терезе- ден Қаз - дар Қаз - ға Қаз – бен

Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді.

Мал - сыз Кір-сіз Кім - сің Кел - сін Құлын - шақ Тіл - ші

2. Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.

Кітап - тар Кітап - қа Орақ - тар Орақ - қа

µ Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:

1) (ш+сш)

Сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысының орнына қатаң ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Қаш-са Аш-са Іш-сін Қашша Ашша Ішшін

2) (п+б=пп)

Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Жүсіп-бек Кеңес-бек Қанат-бек Жүсіппек Кеңеспек Қанатпек

3) (п+б=пп)

Сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сөз ұяң б дыбысынан басталса, бұл дыбыс айтылғанда, қатаң п дыбысы болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Алып бер Тоқ бала Алып пер Тоқ пала

4) Біріккен сөздің бірінші сыңары немесе сөз тіркесінің бірінші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к, қ дауыссыздарынан басталғанда, бұл екі дыбыс ұяң г, ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Жиен - құл Көз-қарас Қара-көз Боз-көйлек Күз келді Ала кел Жиенғұл Көзғарас Қарагөз Бозгөйлек Күз гелді Ала гел

2. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

µ Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2).

µ Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:

1. Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы;

2. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)

3. Күрделі сөздерде:

а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)

ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)

б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)

 

µ Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:

1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )

Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады.


аяқ + ы = аяғы

күрек + і = күрегі

доп + ы = добы

жақ (жаға бастады)

төк (төге бастады)

сеп (себе бастады)


 

2) (п + -ып, -іп = уып, уіп)

Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады.

шап + ып = шауып

кеп + іп = кеуіп

сеп+іп = сеуіп

жап+ ып = жауып

µ Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:

1) (н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ,к = ңқ, ңк)

Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сөз немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда н дыбысының орнына ң дыбысы естіледі. Жазуылда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Жан + ғали сен + гім жан қайғы Жаңғали сеңгім жаң қайғы

2) (с+ш = шш), (з+с = сс), (з+ш = шш)

Сөз с, з, дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда с дыбысының орнына ш дыбысы, ал з дыбысының орнына с не ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Ас + шы Көз + сіз Жаз+шы Ашшы Көссіз Жашшы

3) (з+ж=жж)

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі з дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда з дыбысының орнына ж дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Бозжан Жүз жыл Боз жорға Божжан Жүж жыл Бож жорға

4) (н + /б,в,п/ = мб, мв, мп)

Сөз н дыбысына аяқталып, екінші сөз немесе қосымша б, в, п дыбыстарының бірінен басталса, айтылуда н дыбысының орнына м дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Жан + пейіс Тұрған + бек Есен + бай Он бес Жампейіс Тұрғамбек Есембай Ом бес

5) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі қ, к, п дауыссыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауысты не ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан басталса, бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Көк жиек Шолақ еді Шөп әкелді Көк ала Көг жиек Шолағ еді Шөб әкелді Көг ала

6) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Торы ала ат Сарыарқа Қара ешкі Келе алмайды Торалат Сарарқа Қарешкі Келалмайды

3. ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ

Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

1. (с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Досжан Жанқожа Тасжол Дошшан Жаңғожа Ташшол

2. (н + /к,қ/ = ңғ, ңг)

Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.

Жазылуы Айтылуы
Есен келді Жиенқұл Есеңгелді Жиеңғұл

ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ

1. Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы,

Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.

2. Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады. Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады:

Ü дыбыс үндестігі, яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі;

Ü еріндік дауыстылардың (ұ, ү, о, ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы, і, е) әсер етуі;

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге болады:

Жазылуы Айтылуы
Көзілдірік Көзүлдүрүк
Өлең Өлөң
Жұлын Жұлұн
Қара ала Қарала
Ақ ешкі Ағ ешкі

 


3. Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:

ð Фонетикалық принцип:

Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т. б.

ð Дәстүрлі принцип:

Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.

Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүні т.б.

 

ð Морфологиялық принцип:

Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.

Айтылуы Жазылуы
Шегара Жер-гөк Қоян-ғолтық Шекара Жер-көк Қоян-қолтық

 


ЛЕКСИКА

Лексика (грек."сөздік қор") мынадай тақырыптарды зерттейді:

1. Жалпы қолданыстағы сөздер күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б.
2. Қолдану аясы шектеулі сөздер 1. архаизм 6. кәсіби сөз 2. историзм 7. табу сөз 3. неологизм 8. кірме сөз 4. диалект сөз 9. эвфемизм 5. термин сөз 10. дисфемизм
3. Қанатты сөздер 1. тұрақты сөз тіркесі 2. идиома 3. мақал-мәтел 4. афоризм (нақыл сөз)
4. Сөздің лексикалық мағыналары 1. Сөздің тура мағынасы 2. Сөздің ауыспалы мағынасы 3. Сөздің көп мағыналылығы 4. Синоним 5. Антоним 6. Омоним

 

µ Лексиканың мынадай салалары бар:

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

Семасиология–тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.

Этимология–жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.

Фразеология -тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.

Диалектология–диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

Топонимика– жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.

Антропонимика–кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.

Лексикография–сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.


ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР

КӨНЕРГЕН СӨЗ

Көнерген сөз–қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.

 

1. Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.

Ескі атауы (архаизм) Қазіргі атауы (неологизм)
аэрофлот адрес рыноктық таможня станция әуежай мекен-жай нарықтық кеден бекет

2. Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.


ЖАҢА СӨЗ

Жаңа сөз (неологизм)–ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз.

Мысалы:

Қазіргі атауы (неологизм) Ескі атауы (архаизм)
кеден ұшақ жарнама делдал зейнетақы саябақ кешен құжат таможня самолет реклама посредник пенсия парк комплекс документ

ДИАЛЕКТ СӨЗ

Диалект сөз–белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Мысалы, «сым» сөзі Оңт. Қазақстанда ғана қолданылады.

Диалект сөз Әдеби баламасы
сым азанда бәдірен оттық көпшік шалбар таңертең қияр сіріңке жастық

 

J Диалект сөз бір жағынан көбіне кәсіби сөз бола береді. Мысалы, "атыз" сөзі - әрі диалект сөз, әрі кәсіби сөз.

ТЕРМИН СӨЗ

Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз. Термин бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

Мысалы: фонетика, грамматика, экология, бизнес т.б.

КІРМЕ СӨЗ

& Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Мысалы:

Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім т.б.

Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.

Орыс тілі: парта, кино, цирк т.б.

КӘСІБИ СӨЗ

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөз.

Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша т.б.

ТАБУ СӨЗ

þ Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.

þ Табу – индонезия тіліндегі “тыйым салу” деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.

ЭВФЕМИЗМ мен ДИСФЕМИЗМ

Эвфемизм–мағынасы тұрпайы (дөрекі) сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөз.

 

Мысалы:

Сыпайы түрі (эвфемизм) Дөрекі түрі (дисфемизм)
қоспайайт өтірік айтпа
бақиға аттанды өлді
ақ саусақ жалқау
қолының сұғанағы бар ұрлықшы
     

 


ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС (фразеологизмдер)

Тұрақты тіркес–сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

v Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.

 

Мысалы:

Тұрақты тіркес Мағынасы
ит өлген жер тайға таңба басқандай тепсе темір үзеді өгіз аяң жел аяқ тілді үйіреді көз шырымын алу су татиды алыс анық мықты жай басар жүйрік тәтті ұйықтау дәмсіз

v Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Оқуинемен құдық қазғандай.("Инемен құдық қазғандай" тұрақты тіркесі қандай? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы болып тұр.)


ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР

(күнделікті өмірде жиі қолданылатындары)

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес

Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды

Ажал оғы атылды – өлді, мерт болды

Ажары кірді – көріктенді

Азуы алты қарыс – қаһарлы

Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті

Айдар тақты – әйгілі қылды

Айдарынан жел еседі – асқақтап дәурен сүру

Айды аспанға бір шығарды – аты шықты, таң қалдырды

Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта

Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды

Айна қатесі жоқ (айна қатесіз) – дәл, тұп-тура

Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді

Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді – түсінбейді

Айы оңынан туды – жолы болды

Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары тарқады.

Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу

Ақ ауыз қылды – алдап кетті

Ақ жарқын – ашық көңілді

Ақ иық – айрықша асыл қыран

Ақ киізге көтерді – хан сайлады

Ақ саусақ – жалқау

Ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы

Ақыл (ой) таразысына салды – ойланды

Ақыл қосты – кеңес берді

Ақылға салды – ойланды

Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу

Ала ауыз(алты бақан) – бірлігі жоқ

Ала болды – араздасты

Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады

Алақанға қарады – дәмеленді

Алақанның аясындай – тар жер

Алақанына түкірді – іске дайын тұрды

Ал-дал болды – әуре-сарсаң күйге түсті

Алқам – салқамы шықты – тозығы жетті

Алқымынан алды – қинады

Алмасын қанға суарды – кектенді

Алпыс екі тамыры босады – елжіреп мейірімі түсті

Амал қылды – амал жасады

Араны ашылды – аш көзденді

Арасынан қыл өтпейді – өте тату

Арқа сүйеу – сүйеніш ету

Арқаны кеңге салу – асықпау, саспау

Арқасы мұздап қоя берді – сескенді

Арнасына (сабасына) түсті – ашуы тарқады

Артына сөз қалдырды – кейінгіге өнегелі сөз қалдырды

Ас аш өзегіне түсті – ішкен тамағы кеселге соқтырды

Ас қайырды – бата берді

Асығы алшысынан түсті – жолы болды

Ат арылту – әуре болу

Ат ойнатты – басынды

Ат салысу – көмектесу

Ат ізін салмау – хабарласпау

Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру

Атарға оғы жоқ – ашуланған адам

Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу

Аузы алты қарыс – қаһарлы

Аузын буған өгіздей - үндемейтін

Аузына құм құйылды – жағы қарысты

Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады

Аузынан салбырап түскендей – айнымай ұқсаған

Аузының салымы бар – несібелі кісі

Ауыз жаласу – жақтау, болысу

Аш көз – қомағай адам

Аяғы аспаннан келді – тас талқаны шықты

Аяқтандыру – үйлендіру

Әй дейтін әже қой дейтін қожа жоқ – бассыздық, тәртіпсіздік

Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу

Әпер бақан – шаш ал десе, бас алатын адам

Базары тарқады – дәурені өтті

Балақтағы бит басқа шапты – болмашы жұрт қорлады

Бармағын тістеді – өкінді

Бас білдіру – үйрету

Бас изеді – келісу

Бас имеу – келіспеу, берілмеу

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ

Басынан сөз асырмау – басындырмау

Бауыр басу – үйрену

Бес аспап – өнерлі

Бес саусақтай білу – жетік білу

Бет бақтырмау – бой бермеу

Бетке айту – шындықты көзіне айту

Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды

Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер

Биті торғайдай, мойыны ырғайдай – арық

Бұйым көрмеу – менсінбеу

Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару

Бүйідей тиді – әлек салды

Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп жүретін киелі бейнелер

Далаға кетті – босқа кетті

Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады.

Деміне(кеудесіне) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті

Дымын шығармау – үндемеу

Ділгір болу – өте мұқтаж болу

Екі аяғын (өкпесін) қолына алу– аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды– қорықты

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу

Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру

Еңбегін сауды – адал күн кешті

Еңсесі құру – сағыну

Ер қаруыбес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар.

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттану

Ернін шығарды – мазақтады

Ернінің емеурінін білу – көңілін табу

Есек құрты мұрнына түсу – баю

Етек-жеңін жиды – есін жиды

Етектен алу – кедергі жасау

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

Жағадан алу – қылғындыру

Жағасын ұстау – таңдану

Жағы сембеді(тынбады) – көп сөйлеу

Жағына пышақ жанығандай – арық

Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты

Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру

Жанары кетті – көзінің нұры кетті

Жанды жегідей жеу – қиналу, іші құса, уайым болу

Жаны зәр түбіне жету – қорқу

Жаны сіреден жаралған екен – мықты

Жанын қоярға жер таппау - әлек болу

Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау

Жауырынан жел өту – азап шегу

Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру.

Желкесін қасу – қысылу, сасу

Жеме-жамге келгенде – шешуші сәтте

Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Жер аяғы қиянда(ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс

Жер болу – ұялу

Жер жұту – жоқ болу

Жер қабу – өлу

Жер қаптыру – алдау

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Жүз тайысу – ұрысу

Жүзі қайту – тайсалу

Жүзі солу – жүдеу

Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу

Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау

Жүндей түтті – әбден сабады

Жүрегі алып ұшты(жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды

Жүрегінің түгі бар – батыр

Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады.

Жылан жалағандай – түк қалдырмау

Жыланның басы қайту – аштығы басылу

Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмей, абдырып қалғанда айтылады.

Жыртысын жыртты – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді.

Жібі түзу – дұрыс адам

Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу

Жілігі шағылу – беті қайту

Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу

Зәрі қайту – уы тарқау

Зәріне міну – қаһарлану

Зығыры қайнау – ашулану

Иегі қышу – дәмелену

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз

Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Иненің жасуындай – азғантай

Иненің көзінен өткендей – пысық

Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді

Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз

Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау

Ит болу – қор болу

Ит пен құстың арқасында – кім көрінгенні

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.