Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 12 страница



87.Кылмыстын курамы мен белгилери.Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
- Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
- Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
- Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
- Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.

88.Мемлекеттин пайда болуынын экономикалык жане алеуметтик себептери.Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу , құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,Демокрит,Платон,Аристотелъ,Полибии,Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.

Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

 

89.Адам жане азаматтын кукыктын мартебесинин угымы.Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың мынадай бөлінуін ұсынуды қажет деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, саяси құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға жеке құқықтар мен бостандықтардың шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді.Қазақстан Республикасының Конститутциясының 11-бабында: «Республика өз азаматтарын республика аумағынан тыс жерлерде қорғайды және қолдау көрсетеді»..

90.Занды тулагын угымы мен турлери.Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.[1]

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.

Заңды тұлга ұғымы. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).

Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, қүрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: ''заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар"

 

91.Сыбайлас жемкорлыктын угымы. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

92.Сыбайлас жемкорлыкка байланысты кукык бузушылык субъектилери. Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.

Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі:

-жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

-заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар;

-еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;

-мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар.

93.Сыбайлас жемкорлыкка карсы курестин негизги принциптери.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;

2) мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мүндай қызметтің заңцылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік аппараттың қүрылымдарын, кадр жүмысын жеке және заңцы тұлғалар құқыктары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;

4) жеке және заңцы түлғалардың қүқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-қүқықтық үйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың қүкықтары мен бостандықгарын шектеуге жол берілуін тану;

6) жеке және заңцы түлғалардың бұзылған қүқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен қүқық бүзушылықгың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;

7) сыбайлас жемқорлықпен қүқық бузушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік міндетгерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың қүқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықгы түрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;

9) осындай қызметті жүзеге асыратын заңцы және жеке түлғапарға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;

10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықгау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңцастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;

11) осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу негізінде жүзеге асырылады, бүған мүндай қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген реттер қосылмайды.

.

94.Сыбайлас жемкорлыкка карсы куреске жардемдесетин адамдарга тииспеушилик кепилдиктери.Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске жәрдемдестін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кедендік және шекаралық қызмет, қаржы полициясы мен әскери полиция органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының заңдамасына көзделген тәртіппен көтермеленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 Қаулысымен

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітілді (әрі қарай Қағидалар).

Осы Қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша — 30 АЕК;

2.онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

4.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК;

5.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша — 100 АЕК

95.Сыбайлас жемкорлыкка жагдай тугызатын кукык бузушылыктар жане олар ушин жауапкершилик. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнге біздің қоғам үшін өткір мәселе болып табылады. Қоғам жүйесін ішінен жейтін дерт және де экономикаға нұқсан келтіреді, дүниежүзілік қоғамдастықтың көзінше мемлекеттің имиджіне апатты түрде әсер етеді. Бірақ бастысы, сыбайлас жемқорлық өкіметке деген халықтың сенімділігін жояды, еркін, демократиялық қоғамды жасауға бағытталған мәні бойынша шешімдердің барлығын жоққа шығарады. Көбіне сыбайлас жемқорлықтың мағынасын өзін байыту үшін мемлекеттік бюрократтардың пара алумен байланыстырады, азаматтарды қорқытып заңсыз түрде ақшалы табыс алады деп түсінеді. Бірақ көбінде жалпы мәнінде сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары мемлекеттік қызметкерлері ғана болуы мүмкін емес, мысалы фирманың менеджерлері, параны ақшалай беру ғана емес, басқа да түрде; сыбайлас жемқорлықтың бастаушылары көбіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ғана емес, жеке кәсіпкерлермен де болуы мүмкін.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.