Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 11 страница



80.Жер кукыгынын тусиниги, пани жане жуйеси.Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер.

81.Занды жауапкершиликтин тусиниги жане турлери.Заңды жауапкершілік жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.Заңды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мұддесін кор-ғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санк-циясын қолданудан тұрады.Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

1) Құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

2) Мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

3) Арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

4) Жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

5) Жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

6) Құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

7) Іс жүргізу нысанында жүктеледі;

8) Жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі — құқықбұзушылық; заңды негізі — құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі; мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны. Мақсаты — субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.Функциялары:

1) Айыптау — мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;

2) Құқықты қалпына келтіру — келтірілген зиянды, шығынды толтыру;

3) Тәрбиелік жеке превенция, жалпы превенция.

Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар. Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2. Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
3. Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
4. Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
5. Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
6. Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.

82.Конституция тусиниги мен турлери.Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда,Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның,Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, КолумбияныңКонституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, ТәжікстанныңКонституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

83.Мемлекеттик меншик пен жеке меншиктин тусиниги жане турлери.Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы.Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.

Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар. Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады. Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.
Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды.Бір сөзбен айтқанда
экономиканы мемлект иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес,ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру.

 

84.Кылмыстык жазанын жуйеси мен турлери.Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

· жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

· жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

· жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

Бұл – сотқа бұған дейін сот жұмысының тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады. Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні –осы жүйеге сүйене отырып, жазаның қайсысы –ең қаталы, ал қайсысы –жұмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында. Ал оның жаза тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдеу жаза түрінде ауыстырған кезде де пайдасы бар. Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да, сотталушыға ықпал жасаушы кешендер тәсілдерінен тұрады. Бұл – сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең ұтымды шараларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі –жасалған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін әсер ететін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Жазаның түрлері:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

85.Казакстан Республикасы демократиялык , тауелсиз , егеменди, кукыктык, алеуметтик, зайырлы – мемлекет.Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады

86.Салык кызметинин органдары.Салыктык бакылау нысандары.Салық төлеушілер мен салық қызмет органдары құқығы мен мінднттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады. Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенттің заң күші бар жарлығы « салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» .Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлері; Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің нормативтік актлеріСалық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалармен бөлімдерінен тұрады.Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлар және салық полициясы басқармасының бастығы Қазақстан Үкіметі тағайын даыды.Салық қызметінің негізгі міндеттірі мыналар:

— салық заңдарының орындалуын қамтамассыз ету, оның тиімділігін зерделеу ;

— заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ;

— салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актлер өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері:

1. салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау;

2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу;

3. салықты есепту мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;

4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;

5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;

6. мәліметтер құпиясын сақтау;

Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар:

1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың және басқа да құндылықтар есеп айырмаларын, деклорациямен бюджетке салықпен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;

2. ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;

3. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;

4. өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдармен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланатын кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызмет органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберілген бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;

5. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады;

6. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімдетөленбеген кезде салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық бакні мен оны бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуде ;

8. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операцияларды және шотындаға ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.