Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 10 страница



3.ұйымның немесе оның бөлімшелерінің ары қарайғы қалыпты жұмысына әсер ететін жедел, алдын ала жоспарланған жұмыстарды шұғыл орындау үшін.

Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жұмысшының ықыласымен беріледі.Демалыс және мейрам күндері жұмыс кезінде жұмысшының қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі немесе жұмысшының күндізгі сағаттық төлемдерінен тыс, екі еселік мөлшерден кем емес төлем төленеді. Жұмысшыларды демалыс және мейрам күндері қызметке жұмылдыру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.

Еңбек демалысы

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату.

Демалыс түрлері

1.төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары;

2.әлеуметтік демалыстар:

- жалақысы сақталмайтын демалыс

- оқу демалысы

- аланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.

Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мыналарға ұсынылады:

1.ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;

2.бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.

Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.

 

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтіліне мыналар кіреді:

1.деректі өтелген уақыт;

2.жұмысшы фактілі түрде жұмыс істемей, оның орны және жалақысы толығымен немесе бөлшегі сақталған уақыт;

3.уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жұмысшының жұмыс істемеген уақыты;

4.жұмысқа орналасар алдындағы жұмысшының жұмыс істемеген уақыты.

Бірінші және келесі жұмыс істеген жылдары үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы екі жақтың келісімімен жылдың кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысы басталған уақытына дейін үш күнтізбелік күннен кем емес уақытта төленеді.

72.Экологиялык кукыгынын объектилери. Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

— меншік құқығын беру;

— еншік құқығын басқаға беру;

— меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1. мемлекеттік органдардың актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

73.Азаматтардын кукык кабилеттиги мен арекет кабилеттиги.Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);

2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).

74.Жардемакы тусиниги жане турлери, толемдери жане тагайындауды кукыктык камтамасыз ету. Жәрдемақы — азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 3 түрі бар. Олар

· мүгедектігі бойынша

· асыраушысынан айырылуына байланысты

· жасына байланысты берілетін жәрдемақы

Бұл Жәрдемақыларды Қазақстанның әрбір азаматы, сондай-ақ, азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Бір мезгілде әр түрлі мемлекеттік әлеуметтік Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға, олардың таңдауы бойынша бір ғана Жәрдемақы тағайындалады.

Бұл материалда біз Қазақстандағы алуан түрлі жәрдемақылар мен төлемақылар туралы ең қажетті ақпаратты ұсынамыз.

Төлемақылардың жәрдемақылардан айырмашылығы.Төлемақылардың жәрдемақылардан айырмашылығы – жәрдемақылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және қатыспайтын тұлғаларға бюджет қаражатынан төленеді, төлемақылар болса әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан жүзеге асырылады және тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлғаларға ғана төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар кімдер?Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңының 8-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиісті:

- қызметкерлер, жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасы аумағында табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қоса айтқанда.

Осылайша, пайдасына жұмыс берушісі немесе басқадай тұлға тарапынан әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жасалған жеке тұлға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылады.

 

· 75 Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу.

76.Акимшилик кукык бузушылык : тусиниги жане курамы. Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.

Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.

 

77 .Экология кукыгынын пани, адиси, жуйеси.Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді.Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі(2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.[2]

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

 

78.Енбек тартиби.Материалдык жауапкершилик.Енбек даулары.Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.[1] Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.

Материалдық жауапкершілік — еңбек құқығы бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы бір-біріне келтірген зиянды өтеу міндеті. Жұмыскерге келген зиян жұмыс барысында жарақат алудың, денсаулықтың зақымдануының, нашарлауының салдарынан еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқандықтан алып жүргентабысынан және емделуге жұмсаған шығындарынан тұрады. Өз кезегінде еңбек шарты бойынша жауапкершілігіне алған мүліктің заңсыз, басқа біреудің иелігіне кетуі, талан-таражға түсуі немесе бүлінуі бұл шығынды жұмыскердің өтеуіне апарып соқтырады. Өтемнің көлемі нақты жағдайдың мәнісіне, жұмыскердің қаншалықты кінәлі екендігіне қарай анықталуы мүмкін.Азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік түрлері бекітілген:

· құқығы бұзылған тараптың залалдарын өтеу,

· айып төлеу,

· кепілпұл сомасын төлеу,

· моральдік зиянның орнын толтыру.

Кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім біреуге зиян келтірсе, оны өз есебінен өтеуге міндетті, ал қаражаты болмаса не жетпесе, қосымша жауапкершілікке ата-анасы тартылады. Борышкер адам еркінен тыс күштердің салдарынан міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершіліктен босатылады. Б. Базарбаев

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.

Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелеген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.

Бұл субъективтік сипаттағы себептер: өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.

Еңбек дауларының жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.

Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) еңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; немесе басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу немесе қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.

 

79.Мемлекеттин сырткы жане ишки функциялары.Мемлекет функциясы Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. ° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады. ° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді". Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.