Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 7 страница



Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

 

56.Мемлекеттин жане акимшилик-аумактык болинистердин каржылык кызметинин тусиниги жане кукыктык нысаны.Мемлекеттік каржы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі; экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттерін, қорғаныс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік борышты өтеу мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған мемлекеттік ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қаты- настары. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік каржы әр текті, онда: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. Ол мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік каржы атқарымының нысандары — мемлекеттік кіріс пен мемлекеггік шығыс.

«Мемлекеттік қаржылар» ұйымдастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни түрақты субъектісі мемлекет болатын қайта бөлу сипатындағы императив- тік экономикалық (ақша) қатынастарының жиынтығын білдіреді. Мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталады. Қаржылардың нақты мақсатты бағыты бар. Олар жалпы мемлекеттік мүдделер, сонымен қатар жергілікті басқару саласында нақты міндетттерді шешуге бағытталады

 

57.Кылмыс жасау сатылары жане кылмыска катысушылар.Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.

Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.

Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.

Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.

Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.

58.Каржы кукыгынын тусиниги, пани , адиси.Қаржы түсінігін өткенде, біз оның екі мағынасын ашып көрсеткен болатынбыз. Яғни, материалдық мағынада қаржылар мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын, ал экономикалық категория ретінде қаржылар мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыратын, бөлетін және пайдалануды ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді деп айтқанбыз. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарынан іс-әрекеттері мемлекеттің каржылық қызметі болып табылатынын білеміз. Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржы құқығының пәні болып табылады. Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық-экономикалық қатынастардың өздеріне тән белгілері бар, олар: біріншіден, бұл қатынастар ақшаға байланысты қатынастар болып табылады. Бірақ ақшаға байланысты қатынастардың бәрін бірдей қаржылық қатынастар деп айта алмаймыз. Мысалы, ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастар қаржылық қатынастарға жатпайды. Өйткені, «пайдалану» терминінің экономикалық мағынасына тоқталсақ, ол «пайда табу», «пайда қылу» деген мағынада айтылады. Ақшаның өзіндік тұтынушылық құны жоқ. Тұтыну құны деп белгілі бір заттың өзіндік пайдалылығын, адам мұқтажын қанағаттандырарлық мүмкіншілігін айтамыз.

Қаржылық құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жүріп түру қағидаларын белгілейтін сондай-ақ өздерінің мән-жайына байланысты материалдық және ұйымдастырушысы болып бөлінетін құқықтық нормалар жатады. Материалдық қаржылық – құқықтық нормалар материалдық объектісі ретінде акшалай қозғалысты білдіретін қаржылық қатынасты реттейді.Ал ұйымдастырушы қаржылық - құқықтық нормалар қаржылық қызметтің процедуралары мен нысандарын белгілейді және қаржылық құрылымдарын анықтайды.Сонымен бірге, өздерінің реттеуші ықпалын тигізетін әралуан қаржылық қызмет аяларына қатысты қаржылық құқықтық нормалар бюджеттік – құқықтық нормалар, валюталық – құқықтық нормалар,қаржылық – банктік құқығының норалары, қаржылық – шаруашылық құқығының нормалары, салық – нормалар деп нақтыландыруға болады.Осы қаржылық – құқықтық нормалар мына келесідей ерекше белгілермен сипатталады: 1.Олар мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік – өктем сипатта болады.2.Олар қаржылық қатынасқа қатысушылардың қайсы біріне субъективтік құқық беру , ал басқаларына заңи міндет жүктеу арқылы тек сол қатысушылардың жүріс – тұрысын реттейді.3.Олар тиісті заңи нысанды актілермен, яғни қаржылық заң актілерін шығару арқылы ғана белгіленеді.4.Бұлжытпай ,тиісінше орындалу мақсатында олар мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қаматмасыз етіледі.5.Олар мән – жайларының мұқият баяндалуымен, диспозицияларының толық құрылуымен және айрықша мазмұндаумен ерекшеленеді.6.Олар тиісті қатысушылардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерін туындатады және мемлекеттің материалдық мүддесін қамтамасыз ету себін тигізеді.7.Олар мемлекеттің құқық жүйесіндегі басқа құқықтық нормаларға қарағанда құрамдарында есептеу нормаларының болуымен айрықшаланады.8.Олар басқа құқық салаларының құқықтық нормаларымен салыстырғанда өздерінің тікелей мақсат бағдарымен және жүйесінде көбінесе императивтік және құзыреттер белгілейтін нормалардың болуымен ерекшеленді.Қаржылық – құқықтық қатынастар:бюджеттік ;қаржылық – банктік ; қаржылық – сақтандыру ; қаржылық – шаруашалық құқықтық қатынастар; материалдық қаржылық – құқықтық қатынастар; ұйымдастырушы қаржылық – құқықтық қатынастар;біржақты – өктем қаржылық – құқықтық қатынастар;шартты қаржылық құқықтық қатынастар;реттеуші қаржылық – құқықтық қатынастар;қорғаушы қаржылық – құқықтық қатынастар болып бөлінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастарының субъектілеріне: мемлекеттік бір тұтас өзі; әкімшілік – ауматық құрылымдар;мемлкеттік уәкілетті органдар; жергілікті басқару органдары;заңды тұлғалар / мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес,резидент және резидент емес/ жеке тұлғалар /азаматтар, шетел азаматтары және азаматығы жоқ тұлғалар/ жатады.

 

59.Кукык бузушылыктын тусиниги мен турлери.Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.2.Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:

1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.

2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.

Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.

 

60 Конституцияны қабылдау және өзгерту тәртібі ТОЛЫҚ ЕМЕС

Біріншісі, конституцияның үстемдігі – оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: Конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дерек көзі; нормативтік актілерді тек Конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы Конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституцияның өзімен бекітіледі.

Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді.

Үшіншіден, Конституцияның тура және тіке әрекеті. Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі.Конституцияның нормалары сотта құқық субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылады.

Төртіншіден, Конституцияны қабылдау не оған толықтылулар мен өзгертулер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзіреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.

Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауа жатады. Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы.

 

61.Азаматтык кукыктын кайнар коздери.Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияғатеңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.

6-бапта:

1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

· Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.