Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 6 страница



Шарттық – мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды

Күштеу – мемлекет жəне сыртқы күштеу нəтижесінде пайда болады

Психологиялық – мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық арақатынас аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде пайда болды

Ирригациялық – мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі ирригациялық құрылымдарды салу қажеттілігімен байланыстырылады Материалистик (таптық) – мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстырылады.

Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Малшылық Жер игеру Өндірістік Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

 Экономикалық мәселелер Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

 Әлеуметтік мәселелерМемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

 

47. Азаматтык кукыктын объектиси жане онын турлери.Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Азаматтық

құқықтың қағидаларына:

*тараптардың теңдігі;

*шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

*еркіндік;

*тәуелсіздік;

*меншікке қолсұқпаушылық;

*біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

*азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

*бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

Азаматтық құқықтың жүйесі[өңдеу]

Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері[өңдеу]

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.

6-бапта:

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

 

48.Кылмыстык кукыктын миндеттери мен кагидаларыҚылмыстық құқық- қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мемлекеттің құзыретті, құқык қорғау органдары қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қылмыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы қажет.

Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.

49. Кукыктык мемлекеттин тусиниги мен негизги сипаттары.Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық-тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушы-лықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің белгілеріне мыналар да жатады:

-билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу;

-заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тəртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес;

- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі;

- азаматтық қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі

50.Конституциялык кукыктык бостандыктары мен миндеттердин жуйеси.Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

51.Шарттын угымы мен жасалу нысаны (формасы).Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

шартты жасау еркіндігі;

шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін

52.Конституциялык дамудын негизги кезендери. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

• I бөлім. Жалпы ережелер

• II бөлім. Адам және азамат

• III бөлім. Президент

• IV бөлім. Парламент

• V бөлім. Үкімет

• VI бөлім. Конституциялық кеңес

• VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

• VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

• IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

• I бөлім. Жалпы ережелер

• II бөлім. Адам және азамат

• III бөлім. Президент

• IV бөлім. Парламент

• V бөлім. Үкімет

• VI бөлім. Конституциялық кеңес

• VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

• VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

• IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

53.Некеге туру жане некенин токтатылуы.Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.

• некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;

• неке жасына жетпеген адаммен некелескен;

• іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;

• жақын туыстарымен;

• өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;

• бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады.

Некені бұзу, ажырасу:

• АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

«Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

Бiр атадан және бiр анадан тараған туыстар арасында (ата-аналары және балалары, атасы, әжесi және немерелерi), толыққанды және толық емес (ортақ әкесi немесе анасы бар) ағалы-iнiлiлер және апалы-сiңлiлер, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушылар мен бала (қыз) асырап алынушылар арасындағы некеге тыйым салынады.

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Ерекше жағдайларда неке жасын төмендете алады (жүкті болған, ортақ бала туған кезде 2 жылдан аспайды, келісімі болу керек),

Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса, сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

54.Каржы катынастарынын жалпы сипаттамасы.Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

· мемлекеттің бюджет жүйесі;

· арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

· мемлекеттік несие;

· жергілікті қаржы;

· шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

· халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

· мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

· шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

55.Казакстан Республикасынын Укимети.Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжілісалдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.