Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 5 страница



l. Сайлау бостандығы.(Азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыра алады.)

Қазақстан Республикасының Президенті болып тумасынан республика азаматы болып, 40 жасқа толған , мемлекеттік тілді білетін еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы 15 жыл тұратын республика азаматы сайлана алады.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын жалпыға бірдей , тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассемблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар , тиісті облыстың , республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы 25-ке толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

36.Казакстан республикаснын салык жуйеси.Cалықтық құқықтық : салықтардың табиғаты, әлеуметтік-экономикалық мағынасы,объективті-субъективтік экономикалық қаржылық және құқықтық қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктері; салық салу процесінің мемлекеттің салық жүйесінде айқындалтын механизмдері;мемлекетіңисалық жүйесінің әлеуметтік- экономикалық басымдылықтары,тактикалық және стьратегиялық салықтық әуеуеті;мемлекеттің салықтықт қызметі негізіндегі салық әкімшілігін жүргізу тәсілдері, салық жүйесінің фиксальдық және реттеуші функцияларын іске асыру принциптері;салық құқықтың мемлекет билігінің әкімшілік және экономикалық әлеуетінің салық құзырындағы заңи және экономикалық мазмүнды құқықтық нормалардың жиынтығы тұратын құқықтық құрылым ретіндегі көрінісі; қазіргі заманғы салықтық құқықтық нормалардың салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін және инвестициялық процестердің салықтық ынталдандыратын сипаты;салықтық құқықтық өатынастардың материалдық және заңи мағынасы,объектілері және субъектілері; салық міндеттеменің жаңа құқықтық конструкциясының салықтық құқықтық катынастарда қатаң көрініс табуы; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолдану жолдары; салық салу аясында салықтық реттеудің салықтық ынталандыруға және мемлекеттік мәжбүрлеуге қатысты мән-жайлары; мемлекеттің салықтық құрлысының фискальдық , трансферттік және индикативтік қасиеттері, нормативтік – құқықтық және экономикалық негізінде қалыптастыру ерешеліктері; нарық жағдайындағы ҚР-сының мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырылу құқықтық мағынасы, соның ішінде салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың айрықша тұстары;салық салуды мемлекеттік басқару негізінде мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мән-жайы және оның корпорациялық салықтық жоспарлаумен арақатынасы; салықтық бақылау нысандары мен салықтық тексеру түрлері, олардың тәртібі мен тәсілдері; шет мемлекеттердің салық жүйесінің ерекшеліктері, халықаралық салық салу мән-жайлары мен халықаралық салықтық құқықтық маңызы ашып көрсетілген.

Салық құқықтық нақтылық салықтық құқықтық иниституттары салық салу теориясы мен практикасы тұрғысынан топтастырылғандықтан мемлекеттік салық жүйесінің құрылуы, жұмыс істеуі және дамуы барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

37. Кукыктык нормалардын тусинниги жане курылымдары. Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma - улгі) - Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.

Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады

Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар, басқа да заңдық нормалар сияқты екі түрлі: реттеуші және құқық қорғаушылық қызметтерін атқарады. Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғ Реттеуші нормалар—құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай нормалар Конституцияның II тарауында адам және азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер белгілеу арқылы көрінеді.

Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады. Сонымен қатар конституциялық-құқықтық нормалар өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді.аушылық нормаларына бөлінеді.

 

38. Казакстан Республикасындагы сайлау процесин уйымдастырудын кукыктык негиздери.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Конститутция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгендей республика Президентін, Мәжіліс пен Сенат депуттарын, ауылдық әкімдерді, төте немесе жанама сайлау тәртібін айтамыз. Сайлау жүйесінің екі түрі: тепе-тең және мажоритарлы.Тепе-тең сайлау жүйесі –сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет. Мажоритарлы сайлау жүйесі – бірінші және екінші қайта дауыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне егізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса сайлау өтті деп осы дауыстарды жинаған кандидат өтеді.

Сайлау құқығы қағидалары:

a. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы. (Қазақстанның 18 жасқа толған азаматтар сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар.)

b. Тең сайлау құқығы. (Әр кандидаттың бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауыс беруге құқығы бар.)

c. Төте сайлау құқығы.(Республика Президентін, депутаттарды азаматтар тікелей сайлай алады.)

d. Жанама сайлау құқығы.(Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар –мәслихаттардың депутаттары қатысады. )

e. Жасырын дауыс беру.(Әр сайлаушының еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.)

f. Сайлау бостандығы.(Азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыра алады.)

Қазақстан Республикасының Президенті болып тумасынан республика азаматы болып, 40 жасқа толған , мемлекеттік тілді білетін еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы 15 жыл тұратын республика азаматы сайлана алады.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын жалпыға бірдей , тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассемблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар , тиісті облыстың , республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы 25-ке толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

39.Акимшилик кукыктын пани,адистери жане жуйеси.Әкімшілік-құқықтық норма –бұл мемлекеттің өктем (заңшығару, атқару) органдары жағынан орнатылған және атқару билік саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуші, тиісті, заңды рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.

Әкімшілік-құқықтық нормалар төмендегі талаптарға жауап беру тиіс:

-заңшығару мен атқару органдардың өктем еркін білдіру нәтижесі болу;

-мемлекет мүдделерін заң приоритеті есебінде белгілей отырып, тиісті жүріс-тұрыс ережелерді анықтау;

-жалпы міндетті сипатта болу;

-мемлекет мойындайтын қайнар көздерден шығу.

Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.

Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінуі мүмкін, мысал, төмендегідей:1)мазмұны; 2)субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары; 3)мақсаты (тағайындалуы); 4)қолдану өрісі; 5)заң күші; 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша бөлінеді.

Мазмұны б/ша: материалды мен іс жургізу нормаларға ажыратамыз

Субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету жолдары б/ша: міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді.

Мақсаты (тағайындалуы)б/ша: реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді. Заң күші б/ша: заңшыгару мен заңдарды жүзеге асырушы нормаларға бөлінеді.

Қолдану өрісі б/ша: атқару билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін нормаларға бөлінеді.

Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері б/ша:жалпы міндеттілер мен жүйе ішіндегілерге бөлінеді (соңғылары – тек бағынышты субъектілер үшін ғана міндетті).

40.Мемлекеттин нысаны (баскару нысаны, мемлекеттик курылыс нысаны, саяси режим). Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері

*мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

*мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

*мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

*мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

*мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

41.Казакстан Республикасынын каржылык курылымы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (1999-2004)

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен[1] құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы қаулысымен[2] комитет туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Қаржы министрлігінің қүзіреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жүзеге асырған ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары болды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды:

- республикалық бюджетгің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудвщ және жергілікті бюджетгердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу.

Комитет және оның аумақтық органдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің біртүтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен[3] комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

*басшылық;

*үйымдастыру және кадр жүмыстары басқармасы;

*әдіснама, жоспарлау, есептілік және талдау басқармасы;

*сараптау және ішкі бақылау басқармасы; республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасы;

жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау басқармасы.

42.Табигатты пайдалану жане коршаган ортаны коргаудын негизги кагидалары. Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;

қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;

коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

43.Мемлекеттин угымы мен белгилери.Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Мемлекет құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.

3. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.

5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады

44.Азаматтык – кукыктык катынастардын тусиниги жане турлери.Азаматтық құқық қатынастар дегеніміз азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастарды айтамыз. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратамыз:

1) мүліктік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Материалды игіліктермен (мүлікпен,жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар д.а. Мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар.

Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады.М:бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын,ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.

45.Жумыс уакытынын угымы мен онын турлери.Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді (жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек шарттарында жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылуы мүмкін. Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты. Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық. Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.

Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы бар.

46. Мемлекеттин пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы жайлы теориялар:

Теологиялық – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды Патриархалды – мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен байланыстыра қарастырады

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.