Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 10 страница



+ d max -d min = ТD+ Td (22)

Белгілі жолмен :

 

Т = N max - N min = (d max - D min) –( d min - D max ) = D max

-D min + d max -d min = ТD+ Td; (23)

Осыған орай, қондырудың дәлдік шегі тесік пен біліктің дәлдік шектерінің қосындысына тең:

 

Т = ТD + Td (24)

 

Дәлдік шегі аумағы деп ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің арасындағы штрихталған бөлікті айтамыз, оның биіктігі дәлдік шегіне тең.

Практикалық мақсат үшін ең қарапайым дәлдік шегі аумағының схемасы (3-сурет,б) қолданылады.

 

 

3-сурет. Бөлшектер қосылысының графикалық бейнесі:

а- бөлшектер қосылысының схемасы;

б- бөлшектер қосылысындағы дәлдік шегі аумағының орналасу схемасы

 

Мұнда шекті ауытқуларды алу үшін номиналды өлшемге тең нөльдік сызықты қабылдайды.

Оң мәнді ауытқуларды нөльдік сызықтың жоғарғы жағына, теріс мәнді ауытқуларды төменгі жағына масштабты сақтай отырып түсіреді.

Саңылаулы қосылыстардың дәлдік шегі аумағының схемасы 3- сурет, а – да көрсетілген. Цифр түрінде тесік пен біліктің шекті ауытқулары микрометрмен белгіленген . Осы схема бойынша қосылыстар төмендегіше анықталады:

 

 

4-сурет .Дәлдік шегі аумағының орналасу схемасы :

а- саңылаулы қондыру; б-керілулі қондыру

 

 

D max =40,025 мм; ТD = 25 мкм;

D min =40,000 мм; Td =25 мкм;

d max = 39,975 мм; S max= 75 мкм;

d min = 39,950 мм; S min =25 мкм;

D max =50,039 мм; ТD = 39мкм;

D min =50,00 мм; Td =39мкм;

d max = 50,109 мм; N max =109мкм;

d min = 50,070 мм; N min =31мкм.

 

Машина жасаудағы сызбаларда сызықтық өлшемдер мен шекті ауытқулардың өлшемдік бірліктері қысқартылған бірліктер бойынша да көрсетілмейді.

Шекті ауытқулар номиналды өлшемдерден кейін өз белгілері бойынша орналастырылады.Жоғарғы ауытқу төменгі ауытқудың үстінен жазылады. (5, а –сурет). Нөльге тең шекті ауытқулар көрсетілмейді, олардың орны бос қалдырылады. (5, б-суреті).

5,б-суретінде керілулі қондырудың дәлдік шегі аумағының орналасу схемасы төмендегідей өлшемдермен бейнеленген :

Дәлдік шегі аумағы нөльдік сызық арқылы симметриялы орналасса, онда оның абсолюттік мәні бірақ рет «±» - белгісімен көрсетіледі. Бұл кездегі ауытқу мәні шрифтысының биіктігі номиналды өлшем шрифтісімен бірдей биіктікте жазылады.(5, в-сурет).

 

 

 

 

5-сурет .Сызбадағы шекті ауытқулардың белгіленуі

Лекция

Өлшемдiк тiзбектердiң есептелуi

Өткен тақырыптарда екi бөлшектiң - бiлiк пен тесiктiң өзара қабысуларын қарастырғанбыз. Бiрақ машиналар мен механизмдердегi бөлшектердiң осьтерi мен беттерiнiң өзара орналасуы көптеген өлшемдер қабысуына байланысты. Бұл өлшемдердiң барлығының дәлдiк шегiн анықтау өте қиын. Сондыќтан бұл тапсырмаларды шешуде өлшемдер талдауы қолданылады. Осьтер мен беттердiң өзара орналасуының қонымды дәлдiк шегiн табу, олардың өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз етiп қана қоймай құрастыру процесiнде жеңiлдетiп, машинаны пайдаланудың сапасын арттыруға да себiн тигiзедi. Өлшемдердi талдауды қолданудың машина жөндеуде, яғни осьтер мен беттердiң бастапқы өзара орналасуын қалпына келтiруде үлкен мәнi бар.
Өлшемдiк талдау өлшемдiк тiзбектердi есептеу мен құрастыруға негiзделiп ГОСТ 16319-760 «Өлшемдiк тiзбектер. Негiзгi нұсқалар. Терминдер, белгiлеулер мен анықтамалар» бойынша қалыптастырылған. Өлшемдiк тiзбек деп бөлшектердiң, жалпы машиналар немесе механизмдердiң беттерi мен осьтерiнiң өзара орналасуы бойынша алға қойған тапсырманы шешуге тiкелей қатысты тұйықталған контурды құраушы өлшемдер жиынтығын айтамыз. Звенолар -өлшемдiк тiзбектi құраушы өлшемдер.Тұйықтаушыдеп тапсырма берiлуiндегi бастапқы және бөлшектердi жасауда немесе құрастыруда соңынан табылатын звеноны айтамыз. Қалған звенолар құрастырушылар деп аталады. Тiзбекке кiретiн звеноларды орыс әлiпбиiнiң бiр әрпiмен белгiлеу қабылданѓан. 6-суретте редуктор торабындағы әртүрлi бөлшектердiң осьтерi мен беттерiнiң өзара орналасуының анықталуы мен өлшемдiк тiзбектi құрастырудағы өлшемдерi көрсетiлген.

 

Технологиялық өлшемдiк тiзбекке мысал ретiнде сатылы бiлiкшенiң (7-сурет) өлшемдiк тiзбегiн алуға болады. Сатылы бiлiкшенiң өлшемдiк тiзбегiндегi қай звеноның тұйықтаушы болуын қабылдау, оны жасаудағы технологиясына байланысты. Егер бiлiкше алдымен d1 диаметрiнде Г1 ұзындығында, одан кейiн d2 диаметрiнде (Г12) ұзындығында, соңында d3 диаметрiнде (Г123) ұзындығында өңделетiн болса, онда ең соңында Г4 өлшемi табылады да, осы өлшем тұйықтаушы болады. құрастырушы звенолар тұйықтаушы звеноға әртүрлi әсер етедi. Мысалы, Б2 өлшемiн ұзартқаннан (6-сурет), басқа өлшемдерi тұрақты болып қалғанда, тұйықтаушы звено өседi. Егер Б1, Б3 немесе Б4 өлшемдерiнiң кез келгенiн өсiргенде, басқа звенолардың өлшемдерi тұрақты болып қалатын болса, онда тұйықтаушы звено кiшiрейедi.
6-сурет. Құрастырмалы өлшемдiк тiзбек

7-суретте сатылы бiлiкшенiң сызбасында бiр бөлшектiң осьтерi мен беттерiнiң өзара орналасуының өлшемдiк тiзбектi құрауы көрсетiлген.
Қойылған тапсырмаға байланысты өлшемдiк тiзбектер конструкторлық, технологиялық немесе өлшеулiк болуы мүмкiн. Констуркторлық өлшемдiк тiзбекке мысал ретiнде редуктордың өлшемдiк тiзбегiн (6-сурет) алуға болады. Редуктордың өлшемдiк тiзбегiнде тұйықтаушы звено ретiнде Б - червякты дөңгелек пен тiректi төлкенiң арасындағы саңылауды алуға болады. Себебi, ол барлық бөлшектердi Б1, Б2, Б3, Б4 өлшемдерiмен жасап, оларды құрастырғаннан кейiн табылады.

Звеноларды ұзартқаннан тұйықтаушы звенода өсетiн болса, онда оны үлкейткiш дейдi. Ал, егер звеноларды ұзартқаннан тұйықтаушы звено кiшiрейетiн болса, онда оны кiшiрейткiш дейдi.
Егер звенолар сызықтық өлшемдер ретiнде болса, онда оларды сызықтық өлшемдiк тiзбектер дейдi, ал егер олардың звенолары бұрыштық өлшемдер ретiнде болса, онда олардыбұрыштық өлшемдiк тiзбектер дейдi. Тағы да жазықты және кеңiстiктi өлшемдiк тiзбектер болады.

 

7-сурет. Бөлшектi өлшемдiк тiзбек

Жазықты өлшемдiк тiзбектердегi сызықтық өлшемдер бiр-бiрiне бұрыш жасап бағытталады да, бiр немесе бiрнеше параллельдi жазықтықтарда орналасады. Ал кеңiстiктi өлшемдер тiзбегi бiр-бiрiне параллельдi емес жазықтықтарда орналасады. Өлшемдiк тiзбектi құрастыру тұйықтаушы звеноны табудан басталады, себебi оның өлшемiнiң дәлдiгiне белгiлi бiр техникалық талаптар қойылады. Осыған орай берiлген механизмдер мен бөлшектердiң жұмыс сапасы анықталады. Тұйықтаушы звеноның өлшемi, құрастырушы звенолардың өлшемдерiне байланысты болғандықтан, тұйықтаушы звеноның дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр құрастырушы звеноның қажеттi дәлдiгiн анықтау қажет. Конструкциялау процесiндегi өлшемдiк тiзбектi есептеуде тiкелей жєне керiсiнше есептеулердi шешуге тура келедi.
Тiкелей есептеудебарлық құрастырушы звенолардың дәлдiк шегi мен шектi ауытқулары тұйықтаушы звеноның белгiлi дәлдiк шегi мен шектi ауытқулары арқылы шешiледi.Керi есептеуде тұйықтаушы звеноның дәлдiк шегi мен шектi ауытқулары барлық құрастырушы звенолардың белгiлi дәлдiк шегi мен шектi ауытқулары арқылы шешiледi. Бұл есептеу тiкелей есептеудi шешуде құрастырушы звенолар үшiн табылған дәлдiк шектерi мен шектi ауытқуларының дұрыс белгiленуiн тексеруде қолданылады. Өлшемдiк тiзбектердiң толық өзара ауыстырымдылықпен қамтылуындағы дәлдiк шектерi максимум-минимум әдiсi бойынша есептеледi. Максимум-минимум әдiсiмен есептелу өлшемдiк тiзбектердегi звенолардың тек қана шектi ауытқуларын және олардың ең қолайсыз қатыстарын ескередi. Толық өзара ауыстырымдылықпен қамтамасыз етуде құрастырушы звенолардың өлшемдерiнiң ең қолайсыз қатыстары болғанына қарамай тұйықтаушы звеноның өлшемдерiн берiлген шекте алу қажет. Бұл принциптiң негiзi максимум – минимум әдiсiмен есептеуде жатыр. Тұйықтаушы звеноның ең үлкен және ең кiшi мәндерiн табудың өрнегiн төмендегiше жазамыз:

;

 

(25)

Бiрiншi теңдiктен екiншi теңдiктi азайтып, оң жағындағы мүшелерiн өздерiнiң белгiлерiне қарай топтастырамыз, яғни

.

Мұндағы шектi өлшемдердiң айырмасы дәлдiк шегiн бiлдiредi, сонда

немесе . (26)

Яғни тұйықтаушы звеноның дәлдiк шегi барлық құрастырушы звенолардың дєлдiк шектерiнiң қосындысына тең.
Бұл түсiнiктi, себебi тұйықтаушы звено ең соңынан табылады және барлық құрастырушы звенолардың өлшемдерiнiң ауытқулары тұйықтаушы звенолардың өлшемдерiнiң ауытқуларына әсерiн тигiзедi. Сондықтан оның дәлдiк шегi құрастырушы звенолардың дәлдiк шектерiнiң қосындысынан кем болмауы немесе оның қосындысына тең болуы керек.
Тұйықтаушы звеноның ауытқуларын анықтауда шектi өлшемдердi номиналды өлшемдердiң алгебралық қосындысы және шектi ауытқулар түрiнде көрсетемiз:

;

топтастырғаннан кейiн

.

Себебi, оң жақтағы алғашқы үш мүшесiнiң қосындысы 0-ге тең болғандықтан, өлшемдiк тiзбектiң жалпы теңдеуi төмендегiше болады:

осыған сәйкес ,
. (27)

Белгiленген ауытқулар төмендегi шарттарды қанағаттандырулары қажет:

;

 

(28)

Егер жоғарыдағы шарт сақталмаса, онда ауытқу қайта түзетiледi. Егер дәлдiк шегiн аздап кiшiрейту керек болса, онда түзету ең оңай жасалатын және өлшенетiн звено арқылы iске асырылады. Егер түзету жолымен дәлдiк шегi ұлғайтылатын болса, онда оны ең қиын жасалатын звено арқылы iске асырады.
Тұйықтаушы звеноның және барлық (бiреуiнен басқа) құрастырушы звенолардың дәлдiк шектерi белгiлi болғанда, түзетушi звеноның дәлдiк шегi төмендегi өрнек бойынша табылады:

(29)

Егерде жоғарыдағы теңдеудiң дәлдiк шегi терiс белгiде немесе өте аз болса, онда құрастырушы звенолардың бiреуi немесе бiрнешеуi үшiн дәлiрек квалитет ќолданылуы керек. Төмендегi таңдау арқылы үлкейткiш түзетушi звеноның шектi ауытқулары табылады:

(30)

Осыған сәйкес төмендегi теңдеу арқылы кiшiрейткiш түзетушi звеноның шектi ауытқулары табылады:

(31)

Мысал. Берiлгенi: тұйықтаушы звено - Г =6 .

Құрастырушы звенолар – Г1=40 ; Г2=34 мм; Г3=60 мм;
Г4=150 мм; Г5=10 .

Шешуi:

8.1. Құрастырылу базасы бойынша өлшемдiк байланыстарды анықтаймыз. өлшемдiк тiзбекке тұйықтаушы звено -Г мен құрастырушы звенолар: Г1, Г2, Г3, Г4 жєне Г5 кiредi.

8.2. Өлшемдiк тiзбектiң схемасын саламыз (8-сурет).

8-сурет. Өлшемдiк тiзбектiң схемасы

Төмендегi өрнек бойынша өлшемдiк тiзбектiң дұрыс құрастырылуын тексеремiз:

бiздiң мысал үшiн

Г 4-(Г1235)=150-(40+34+60+160)=6мм.

8.3. Ауытқулары белгiсiз Г2, Г3 және Г4 звенолары үшiн дәлдiк шегi бiрлiгiн (i) 1-кестеден [анықтамалы материалдарды қараңыз] табамыз:

Г2=34мм; i2=1,71мкм;
Г3=60мм; i3=1,90мкм;
Г4=150 мм; i4=2,50 мкм.

Ауытқулары белгiсiз звенолар үшiн дәлдiк шегi бiрлiктерiнiң қосындысын табамыз:

.

8.4. Ауытқулары белгiлi звенолар мен тұйықтаушы звеноның дәлдiк шектерiн анықтаймыз:

ТГ =ESГ -EІГ =100-(-150)=250мкм;
ТГ1=ESГ1-EІГ1=100-0=100мкм;
ТГ5=ESГ5-EІГ5=0-(-100)=100 мкм.

8.5. Өлшемдiк тiзбектiң дәлдiк коэффициентiн (а) белгiлi дәлдiк шектердi ескере отырып анықтаймыз:

.

8.6. 2-кесте (анықтамалық материалдардан қараңыз) бойынша дәлдiк шегiн (квалитетiн) табамыз: яғни дәлдiк коэффициентi а=8,20 болғанда дәлдiк квалитетi ІT6-ға сәйкес келедi.

8.7. Ауытқулары белгiсiз звенолар үшiн ауытқулар белгiлеймiз. Бiрақ дәлдiк коэффициентi (а) кестедегi мәнмен толық сәйкес келмегендiктен бiр звеноны түзетушi ретiнде қалдырамыз. Түзетушi звено басқа звеноларға қарағанда негұрлым оңай өлшенетiн және жеңiл жасалатын болуы қажет.
Бiздiң мысалда түзетушi звено ретiнде Г2 звеносын қабылдап, ал басқа звенолар үшiн 6 квалитет бойынша ауытқулар белгiлеймiз:

Г2=34js6=34±0,008мм;
Г3=60Іs6=60±0,0095мм;
Г4=150H6=150 мм.

Ауытқулар негiзiнен қапсырылатын өлшемдер үшiн негiзгi бiлiк ретiнде, ал қапсыратын өлшемдер үшiн негiзгi тесiк ретiнде қабылдануы керек.

8.8. Түзетушi звеноның ауытқуларын, кiшiрейткiш звено ретiнде анықтаймыз:

;

;

 

 

 

.

8.9. Анықталған ауытқулардың дұрыстығын тексеремiз:

;

;


;

;

;

.

Шарт сақталды, яғни өлшемдiк тiзбек дұрыс құрылған және есептелген.

Лекция

12.1. Машина бөлшектерін қалпына келтірудегі және оны жасаудағы өңдеу дәлдігі

Машинаның сапасы, әсіресе оның сенімділігі мен ұзақ жұмыс жасауы көп жағдайда жөндеу процесіндегі қалпына келтіру мен бөлшекті жасаудағы өңдеудің дәлдігіне байланысты болып келеді. Машинаны әрі қарай жетілдіру мен конструкциясын күрделендіруде және оның меншікті жүк көтергіштігін өсіруінде бөлшектер сапасына және өңдеу дәлдігіне өте жоғары қатаң талаптар қойылады.

Конструктор машинаны жобалауда, қажетті пайдалану сипаттамасын қамтамасыз ететіндей және оның геометриялық беттерінің кешенді шектелуін қамтитындай, әрбір бөлшектің белгілі бір пішіндері мен өлшемдерін белгілейді. Бірақ, практикада станоктарда өңделген бөлшектердің бастапқы берілген өлшемдері мен пішіндерінен ауытқулары байқалады. Осыған байланысты бөлшек беттері сызба арқылы анықталған бастапқы немесе номиналдыжәне өңдеу жолымен жарамды дәлдікте өлшеніп алынған шынайы ( реалдық) беттерге бөлінеді.

Өңдеу дәлдігі деп берілген сызбадағы өлшемдік параметрлер мен нақты геометриялық өлшемдердің өзара сәйкестік дәрежесін айтамыз.

Өңдеу ағаттығы деп бастапқы өлшемдерден нақты өлшемдік параметрлердің ауытқуын немесе сәйкессіздік дәрежесін айтамыз.

Өңдеу ағаттығы бір беттің бойындағы әр түрлі қималар мен нүктелерде бір-бірімен ұқсамайды және әртүрлі жиіліктер мен амплитудалардың ауытқулар жиынтығын құрайды. Технологиялық процестерді жетілдіру үшін бөлшектердің геометриялық параметрлерінің ауытқулар сипатын зерттеуге контурограф пен профилографтардың жиынтығын пайдалануға болады.

Өндірістік жағдайда бөлшектер беріктігін бағалауда гормониялық талдауды пайдалану көптеген қиындық туғызады.Сондықтан, геометриялық параметрлердің ауытқуларын ірілендіре отырып, оларды төмендегідей таптастыру (классификациялау) қабылданған: өлшем ауытқулары; беттік орналасудың ауытқулары; пішіндердің ауытқулары; толқындық және кедір-бұдырлық.

Өңдеу дәлдігіне әсер ететін негізгі факторларға: станоктар, құрылғының, кесу сайманының, бөлшектердің дәл келмеуі; станоктың, құрылғының, кесу сайманының деформациялануы; бөлшектің деформациялануы; температуралық деформациялану; құрылғының өлшемге келтірудегі дәлсіздігі, қажетті өлшемді өлшеудегі дәлсіздігі.

Осы аталған факторлар сызба арқылы берілген бөлшектердің бастапқы параметрлерінде ауытқулар туғызатын себептер болып табылады. Бір мезетте жасалып жатқан бөлшектерді өңдеуде дәлсіздікті туғызатын себептер әрбір бөлшекті ауыстырғанда әртүрлі әсер етіп отырады. Барлық факторларды жеке-жеке бағалау үшін зерттеудің тәжірибелік – аналитикалық әдісі қолданылады. Бірақ бұл әдіс өте қиын және көп уақытты алады.

Сондықтан зерттеудің статистикалық әдісін қолдану жеңілдеу, әрі жұмысы аздау болып келеді және барлық факторлардың әсер етуін зерттеу операциясында бағалауға мүмкіндік береді. Сол себепті өндірістік жағдайда бұл әдісті кеңінен қолданады.

Өңдеуден кейін бір мезетте жасалынған бөлшектердің нақты өлшемдері бір-бірінен өзгешелеу ағаттықта болатындықтан, өлшемдердің таралуы пайда болады. Көп мөлшерде жасалып немесе өңделетін бөлшектерге көптеген реттеуге келмейтін факторлар әсер ететіндіктен бірдей бөлшектердің жасаудағы дәлдігін бағалау үшін ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін қолданады.

Ағаттықтар жүйелі түрдегі және кездейсоқ болатын болып бөлінеді.

Жүйелі түрдегі ағаттықтар мәні және белгісі бойынша тұрақты немесе бір бөлшектен келесі бөлшекке ауысқанда белгілі бір заңдылықты сақтай отырып өзгеріп отырады.

Мысалы үшін жүйелі түрдегі ағаттықтарға, станок бағыттағышының қисықтығы, өлшеу сайманының дәлсіздігі, өлшеу құрал – саймандарының дәлсіздікті жасалуы мен оның ретке дұрыс келтірілмеулері жатады. Жүйелі түрдегі ағаттықтардың белгісі мен мәндерін алдын ала болжауға болады немесе болдырмау мүмкін болмаған жағдайда оны ескеруге болады.

Кездейсоқ болатын ағаттықтардың мәндері мен белгілері тұрақты болмағандықтан, оларды алдын-ала белгілі бір жағдайларда байқау мүмкін емес. Себебі олар тұрақты бір заңдылықтарға бағынбайды.

Кездейсоқ болатын ағаттықтар негізінен станок-қондырғы- сайман-бөлшек жүйесінің деформациялануынан, материалдардың механикалық қасиеттерінің біркелкі еместігінен, өңделу өлшемінің дұрыс алынбауынан пайда болады.Мұндай ағаттықтарды тек қана ықтималдықтар теориясы әдісін қолдану арқылы ғана бағалауға болады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.