Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 8 страница



Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді.

Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуде де орындалуы қажет.

Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу (ҚР Е 3.24-94), химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа қалыптасып келеді.

Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принпипі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей (міндеттілігі және өз еркімен, үшінші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б.). Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтік әсері, уақыты, сапасы т.б.

Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес (қасиетінің өзгеруі, жасауы, т.б.) және моральдық-психологиялық, рухына әсер ету деп бөлуге болады.

Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:

- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;

- көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;

- қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;

- қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;

- қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;

- инспекциялық бақылау.

Қызмет етуді сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты таңдап алынады.

Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі.

Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады.

Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификатор пайдаланылады. ҚР СТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары құжаттары пайдаланылады.

Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.

Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.

7.2. Шет мемлекеттегі сертификаттау жүйелері

Америка Құрама Штатындағы сертификаттау - өнімдерінің көптеген түрлерінің қауіпсіздігі туралы заңдармен шектеледі. Осы заңдарға байланысты міндетті сертификаттауға мемлекеттік стандарты бар барлық өнімдер жатады, сонымен қатар, мемлекет сатып алатын барлық өнімдер. Міндетті сертификаттау мемлекеттік органдармен бақыланады.

Федералдық үкімет бекітетін үш сертификаттау бағдарламасы жұмыс жасайды:

І – дәрежедегі – тауарлар мен қызмет етудің қауіпсіздігі. Бұл бағдарлама жаппай міндетті болып табылады.

ІІ – дәрежедегі - өнім үлгілері мен өндіріс тексеру бағдарламасы, ол жаппай бақылауды алмастырады.

ІІІ – дәрежедегі – сатуға түспес бұрын сапаны және өндіріс жағдайын бағалау бағдарламасы.

Бірінші бағдарлама бойынша өнімді міндетті түрде сертификаттайды, соның ішінде, автомобиль, контейнер, кемелер, магистралдық тұрба құбыры, т.б. екінші және үшінші категорияны міндетті және өз еркімен сертификаттайды. Тағамдық өнімдер және емдік дәрілерді сертификаттау тек қана адам емес малдарға да тарайды, олардың тек қана қауіпсіздігі емес, жарамдылық тиімділігі де есептеледі. Екінші категориялық бағдарлама бойынша сертификатталған өнімдер негізінен мемлекеттік ұйымдарды (қорғаныс департаменті, сауда департаменті, селолық электрлендіру басқармасы т.т.с.), міндетті сертификаттау үкімет ұйымдарының үкімет қаржысына сатып алынатын өнімдерге.

Үшінші дәрежедегі бағдарлама негізінен өз еркімен сертификатталатын тауарлар (жұмыртқа, темекі т.б.). Тағамдық өнімдер сертификатталу деңгейіне байланысты «Таңдап алынған» және «А тобы» болып бөлінеді.

Сертификаттаудың нормалық базасы болып:

- сынақ материалдарының Америка қоғамы – аз тұтынатын тауарлар үшін;

- ұлттық электр жабдықтарын дайындайтын ассоциация;

- кең тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігінің комиссиясы;

- қоршаған ортаны қорғаудың федералдық агенствосы;

- стандарттаудың үкіметтік органы.

Алманиядағы сертификаттау базасы болып халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі, ресурстарды үнемдеу, тұтынушыларды қорғау болып табылады.

Алмания хабар агенствосының орталығы ГАТТ/ВТО жалпы ұлттық сертификация жүйесі бірнеше сертификаттау жүйесінен тұрады.

А – регламентке сәйкестік сертификат жүйесі;

А 1 – DIN стандартына сәйкес сертификаттау жүйесі;

А2 - VDE сертификаттау жүйесі;

А3 – DVZW сертификаттау жүйесі;

В – Алмания сапа кепіл институтының сертификаттау жүйесі және RAZ белгілеуі;

С - өндірістік технология GS белгісі сертификаттау жүйесі;

Д – құрылыс конструкциясының федералдық нормасының қадағалау жүйесіне сәйкестігі;

Е - өлшем және эталон сертификациялау жүйесі;

Ғ – Алмания өнеркәсіп заңдылығының 24 бөліміне сәйкесті сертификаттау жүйесі.

 

7.3. Халықаралық деңгейдегі сертификаттау

ИСО-ның сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастыру - әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде бұл аумақта сапа және сертификаттау Комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым ХЭК (халықаралық электр комитеті), ХСО (халықаралық сауда орталығы), БҰҰ сауда және өркендеу конфедерациясы т.б. ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау, принципімен тәжірибесі» арнаулы жасаған зерттеулері.

ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметі:

- әртүрлі елдердің өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;

- өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар, сынақ лабораториясының, сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды, сертификаттауды дайындау;

- ұлттық, регионалдық сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.

ИСО сертификаттау саласында МЭК-пен бірге жұмыс жасайды, негіз болатын ИСО/МЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланады.

ИСО/МЭК 38-40 басшылығында сертификаттаудың, инспекциялық бақылаудың жалпы талаптары берілген, олар:

- зертханалардың ұйымдық құрылымы;

- зертханалардың көмек көрсетудегі функционалдық міндеттері;

- сапа жұмысының жалпы үрдістері;

- әрбір сынақтың сапасын қамтамасыз ететін шаралары;

- стандарттар, анықтамалар, әдістемелік нұсқаулар, ұсынымдар т.б. болуы;

- келушілерден мәлімет алу;

- рекламацияны қарау тәртібі;

- жабдықтарды тексерудің жалпы бағдарламасы;

- әрбір құрал мен жабдықтардың үлгі ережелері;

- бірдейлігінің ережесі;

- сынақ хаттамасын дұрыс жасау тәртібі.

Лекция

8.1. Метрология саласының ұлттық сипаты

Қазақстан Республикасының метрология саласындағы ұлттық саясатының негізі – метрологиядағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын, келешектегі мақсаты мен мәселелерін, стратегиясын, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін метрологияның ғылым ретінде дамуын анықтау және оларды жүзеге асырудағы басты бағыттарын, жолдарын айқындау.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі метрология саласындағы ұлттық саясаты мемлекет пен қоғамды, стратегиялық ұлттық басымдықты қамтамасыз ететін өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау. Бұл ұлттық саясатының негізгі мәселелері нарықтық экономикалық принциптерге, халықаралық ережелер мен нормаларға үйлесе негізделіп өлшем бірлігін қамтамасыз ететін өлшем жүйесін құру. Қазақстан өлшем жүйесі өлшеуіш техникаларды, метрология мен өлшем ақпараттарының тұтынушыларын қамтиды. Бұл жүйенің өзегі Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе.

Барлық әлем елдеріндегідей Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті басқару заңды тәртіппен мемлекеттік деңгейде жүргізілуде.

Дүние жүзілік қауымдастық елдердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңдылықты жақындастыру үшін біржақтылық ғаламдастандыру мен халықаралық интеграцияны ескеріп, халықаралық, үкіметаралық метрологиялық ұйымдармен бірлесе Ғаламдық өлшем жүйесін құру мәселелерін қою қажет болды. Сондықтан өлшем жүйесін әрі қарай әлемдік өлшем жүйесінің Қазақстандағы бөлігі ретінде дамыту маңызды іс.

Өлшеу мен сынау нәтижелерін өзара тану үшін өлшем бірлігін әлем деңгейінде қамтамасыз ету оңды, олай етпеген күнде саудада техникалық кедергілер табыла береді, бұл Бүкіләлемдік сауда ұйымының принциптеріне қайшы келеді. Халықаралық заңдық метрология ұйымы, Мемлекетаралық кеңес, Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуразиялық ара қатынасы және басқа да халықаралық, аймақтық ұйымдардың жұмыстарына Қазақстанның араласа қатысуы, оларда пайда болған бағыттарды ескеріп, қабылданатын жалпы шешімдерге әсерін тигізуге мүмкіндік береді.

Метрология саласындағы ұлттық саясаттың стратегиясы билік және республикалық атқарушы мекемелер мен Қазақстан өлшем жүйесінің субъектілері күштерін заңмен реттеу жолында да және қажетті көрсеткіштерге аз мөлшерлі ресурспен жететін бағыттағы реттелмейтін салаларда да, олардың күштерін шоғырландыруы абзал.

Метрологияның заң шығару саласында да төмендегідей айқын тенденциялар байқалуда:

1. Өндірісте және басқа да қоғамдық қызметтер аясындағы техникалық мәселелердің кейбір басқару бөлімдерін тәуелсіз тұлғаларға, сонымен бірге қоғамдық ұйымдарға беріп, топтастыру, мониторинг, бақылау мен қадағалауды мемлекеттік функцияға қалдырып, мемлекеттік ықпалды азайту;

2. Соңғы жылдары Қазақстанда көптеген заңдар, ережелер, адам қызметі саласындағы нормалар қабылданды, оларды тура және тиімді қолдану өлшем нәтижелерінің айқындығын талап етеді. Сонымен бірге көптеген елдер мемлекеттік реттеудің әсерін азайтып, әкімшілік түрдегі реттеуді азайтуға едәуір күштерін салуда;

3. Елдер арасында өлшеу мен сынаудың нәтижелерін өзара тану принциптерін дамыту, сәйкестікті бағалау жөніндегі ұлттық мекемелердің жұмыс көлемін қысқартуға әкеп соғады. Бұл халықаралық техникалық мекемелер торабының рөлін жоғарылатады.

4. Қазіргі ақпараттық технологияны ендіру, ақпаратты беру, тіркеу және деректік базадан алынып тасталған өлшем нәтижелерін өңдеу сияқты қызметтерді қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық деңгейде метрологиялық қызметтің стратегиялық мәселерін шешудегі негізгі бағыттарға заңнамалар шығару, атқарушы және бақылау мен қадағалау жатады.

Заң шығарудағы бағыт – метрология жөніндегі қызметтер және оған сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкімет қаулылары, актілері және заңдық метрологияның нормативтік базаларының дамуы.

Атқарушы бағыт – Мемтекеттік метрологиялық қызмет, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері, метрологиялық қамтамасыз етудегі іргелі және қолданбалы сынақтар жүргізуден тұратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмыстарының қамтамасыз болуы.

Бақылау – қадағалаудағы бағыт – белгіленген метрологиялық ережелер мен нормаларды (өлшем құралдарының түрін бекіту, салыстырып тексеру, өлшем құралдарының күйі мен оларды дұрыс пайдалану, аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелері т.б.) сақтау мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу, осы мақсатта Қазақстан Республикасы әділет, сот арбитраждық сот мемлекеттік басқару мекемелерімен өзара байланысып тұруы.

Атқарушы қызметтің негізі Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметін құрайтын Мемлекеттік метрологиялық қызметтің, мемлекеттік басқару мекемелердің, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің, уақыт және жиілік, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттың анықтама – деректері мемлекеттік қызметтердің, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ететін өзге де мемлекеттік қызметтердің жұмыс істеп тұруы болады.

Атқарушы бағытта іргелі және қолданбалы метрология Қазақстан Республикасының ғылымы мен технологиясы және техникалары дамуының басымдық бағыттарымен тығыз байланысты, оларға /5/:

- ақпарат – телеқатынастық технология мен электроника;

- космостық технология;

- жаңа материалдар мен химиялық технология;

- өндірістік технология;

- нақты жүйелердің технологиясы;

- отын мен энергетика;

- көлік;

- экология және табиғатты тиімді пайдалану, сонымен қатар республикалық, аймақтық және салалық деңгейдегі дағдарыстық технологиялар жатады.

Еліміздің метрологиялық инфрақұрылымын құрайтын Мемстандарттың «Қазақстан метрология институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін жетілдіру талап етіледі.

Бақылау – қадағалау бағыттағы мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалаудағы форма мен әдістерді жетілдіру ғана емес, сонымен бірге заңды тұлғалармен жүргізілетін метрологиялық қызметтердің де формасы мен әдістерін жетілдіру көзделуде.

Қазақстан ұлттық стратегиялық басымдықтарын қамтамасыз етудегі техникалық саясатты іске асыру үшін бірқатар, мынадай төмендегі:

- халық өмірінің сапасын арттыру саласында экологияның, денсаулықты сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын, еңбек қауіпсіздігі мен қызмет көрсету;

- экономиканың даму саласында шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану, сапалы және бәсекеге жарамды өнімдерді шығару, сауда мәселелерін шешумен қатар;

- елді қорғау мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің метрологиялық қызметі, еліміздегі қауіпсіздіктің барлық түрін, онымен бірге ақпараттық қауіпсіздік, электромагниттік ұқсастық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуді метрологиялық қолдау болуда.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне негізделген қазақстандық өлшем жүйесін онан әрі дамыту үшін:

- техникалық регламентті ескеріп, өлшеуіш техника мен құралдар шығаруды дамытудың басымдықтарын анықтау;

- мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау мәселелерін қамтитын метрологиялық қызметтің мемлекеттік жүйесін жетілдіру;

- Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар мекемелерінің метрологиялық қызметін қамтитын метрологиялық инфрақұрылымды оңтайландыру;

- әлемдік өлшем жүйесіне (Қазақстанның метрология жөніндегі үкіметаралық халықаралық ұйымдарға қатысу жолымен) Қазақстан өлшем жүйесінің үйлесімді кіруінің шарттарын қамтамасыз ету жолдарын түпкілікті шешуді қарастырған жөн.

Қазақстан өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарына жататындар:

- еліміздің эталондық базасын оздыра дамыту, жетілдіру және оңтайландыру;

- өлшемқұралдарының әдістерін, отандық құралдар шығаруды дамыту мен жетілдіру;

- нормативтік базаларды (заңдар мен қаулыларға, стандарттардың техникалық тәртібін белгілеуге және басқа да ғылыми техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу) жетілдіру;

- халықаралық жұмыстарға, сонымен бірге шама бірліктерінің эталондарын салыстыруға Қазақстанның қатысуын тиімді ұйымдастыру.

Қорыта айтқанда, еліміздің метрологиялық инфрақұрылымы және оның әлемдік өлшем жүйелеріне қатысуы, Қазақстан Республикасының ғылымы мен технологиясы және техникасының дамуы басымдық нысанаға бағытталуы абзал.

8.2. Метрологиялық қамтамасыз ету ұғымы

Метрология - өлшеудің қажетті дәлдігін, оның тәсілдері мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі өлшеу туралы ғылым. Бүгінгі қоғамда оның алатын орны ерекше, себебі адамның атқаратын қайсыбір қызметін алмасаңда өлшеу нәтижесін пайдаланаалмайтын жері жоқ. Біздің елімізде күнделікті тұрмыста 20 млрд. Астам әртүрлі өлшеулер іске асырылады. өлшемдік ақпараттар, сапа жүйесін енгізудегі өнімнің сапасы, ғылыми тәжірибелер мен және де сол сияқты басқа да жағдайларда қажетті шешім қабылдауға негіз болып табылады және оның дәлдігі мен дұрыстығы ғана басқарудың барлық деңгейінде дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз етеді. Ал қателікті жағдай болса, онда ол өнім сапасының төмендеуіне, апатты жағдайдың қалыптасуына және бұрыс шешім қабылдауға әкеліп соқтырады /1,2,10,13/.

Қазақстан Республикасының көптеген заңдарының іске асуы үшін («тұтынушылар құқығын қорғау туралы», «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» және сол сияқты басқа да) дұрыс және салыстыруға келетін метрологиялық ақпараттарды қолдану қажет.

Басқа елдермен тиімді достастықты, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бірлесе жасау, саудадағы қатынастарды алға дамыту, яғни істің мәнісіне қарай ғылыми-техникалық қиындықтарды бірлесе шешу кезіндегі алмасудың негізгі нысаны және сауда операцияларындағы өзара есептесудің негіздері ретінде, жабдықтармен, бұйымдармен және материалдармен қамсыздандыру үшін келісімге отыру өлшемдік ақпараттарға деген өзара сенімділікті талап етеді.

Өлшемдік ақпараттардың біркелкілігін құру, өнімді сынау, өлшеу құралдарын және оның тәсілдерін стандарттау мен унификаттау мүмкіндіктерін өзара түсінісу кезінде халықаралық тауаралмасу жүйесінде кепілдік береді.

Әртүрлі көрсеткіштерді сандық жағынан анықтау үшін (өлшеуде), кез келген нысанды, яғни процесті, өнімді сипаттауда, бізді қызықтыратын нысанның қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді таңдауымыз қажет. Анықтау арқылы таңдалған көрсеткіштерге: дәлдік шектері, дәлдік нормалары және де басқа да дұрыстық дәрежесін қабылдау; қажетті дәлдікке жетуде, өлшеу аспаптары мен тәсілдерін таңдау; аспаптардың жұмыс жасау қызметтерін сәйкестік эталондарымен байланыстыра отырып, өлшеу аспаптарының даярлығын қамтамасыз ету (аспаптармен кезең сайын бақылау және калибрлеу); ағаттықтардың сипатын бағалау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеуді жүргізу үшін қажетті жағдайды жасау немесе есепке алуды қамтамасыз етулер жатады.

Жоғарыда аталған ережелер өзіне тән жүйеден тұратындықтан, ондағы кез келген звеноны алып тастау, қателікті ақпарат алуға әкеліп соғады, яғни экономикалық жағынан қомақты шығынға немесе қате шешім қабылдауға және де басқа да жағымсыз жағдайларға ұрындыруы мүмкін.

Өлшеу нәтижесінің қолдану мүмкіндігін дұрыс, әрі тиімді шешу үшін кез келген өлшеу төмендегі жағдайлар арқылы анықталады:

1. Өлшеу нәтижелерінің заңдастырылған бірліктерде көрсетілуі;

2. Өлшеу нәтижесінің дәлдік көрсеткіштері мәндерінің берілгендегі дұрыстықта болуы;

3. Өлшеу нәтижесінің дәлдік мәндері қойылған тапсырма шешімінің таңдалған критериясындағы оптималдық сәйкестігін қамтамасыз ету.

Егерде өлшеу нәтижелері алғашқы екі талапты қанағаттандыратын болса, онда олар туралы барлығы белгілі болып есептеледі де, пайдалану мүмкіндігіне негізделген қажетті шешімдерін қабылдау үшін оны білу қажеттігі туындайды.

Мұндай көрсеткіштерді салыстыруды, әртүрлі адамдар мен ұйымдардың әртүрлі байланыстарында қолдануға болады.

Бұл жағдайда өлшеу біркелкілігі қамтамасыз етілген деп айтылады, яғни оның нәтижесі заңдастырылған бірліктерде көрсетіледі де, ал оның ағаттығы берілген ықтималдылықтағы қабылданған шекарадан аспайды.

Жоғарыда айтылған үшінші талаптың жағдайында, өлшеудің төменгі дәлдігі бақылаудың қателігінің өсуіне және экономикалық шығындарға ұшыратса, ол жоғарғы дәлдікті өлшеуге жету – сапалы өлшеу құралын қолдануынан артық шығын жұмсауға соқтырады. Сонымен қатар, бұл метрологиялық қана емес, сондай-ақэкономикалық жағдай, яғни бұл өлшеудіжүргізуде қаржылай және басқа да шығындар жұмсалатындықтан экономикалық критерий болып табылады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.