Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 7 страница



мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;

сарапшы-аудиторларды аттестаттау;

сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;

сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы қабылдау;

құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рет рұқсат беру;

егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;

сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.

 

Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар

1. Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз (осы қызметтерді көрсететін және осы қызмет көрсетулерді тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз), өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертхана (орталықтары) бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Өнімді, процестерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары мен өкілдіктері, осы филиалдар мен өкілдіктер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелген жағдайда сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады.

2. Өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды тіркеу кезінде:

- сертификаттаудың объектілерінің айқындалуы;

- талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлерінің белгіленуі;

тіркеу саласына енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелері мен рәсімдерінің реттелуі тиіс.

Сертификаттау органдарын тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс.

3. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік сертификаттау тізімінде тіркелуге тиіс.

Сынақ зертханалар (орталықтары)

1. Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.

2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

3. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (орталығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.

 

Сәйкестік сертификаты

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатты береді. Сәйкестік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.

Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді

сертификаттаудың түрлері

Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

 

Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар

1. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге тыйым салынады.

Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.

2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.

Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Ақпараттар өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы) өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.

 

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.

Нормативтік құжаттарда регламенттелген сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.

Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару орындарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады.

Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.

3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

 

 

Лекция

6.1. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімдерге, үрдістерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге инспекциялық бақылау

Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталған өнімнің сапасын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау

1. Сертификаттау ережелерінің сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.

2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар (шетелдік ұйымдарды қоса алғанда) мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста (пайдалануда) болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады.

 

Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертхана (орталығының) қызметін мемлекеттік тұрғыда бақылау

1. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.

Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін /8/.

 

Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың;

Қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;

Жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар (талдаулар, өлшеулер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;

Стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.

 

Сертификатталған өнімді, үрдістерді, жұмыстардың және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау

Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.

 

Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдарды сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады.

 

Сертификаттау саласындағы даулар

Сертификаттау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана, 1999 жылғы шілденің 16-ы, №434-1ҚРЗ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі нормалық құжаттар

2 – кесте

ҚР СТ 3.0-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. 1.07.94 (өзгерістер: 1-1.01.95. -1.07.96).
ҚР СТ 3.1-93 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестік белгісі. Пайдаланудың техникалық талаптары және тәртібі.
ҚР СТ 15.1-98 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттау. Негізгі қағидалары.
ҚР 15.2-98 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сапа жүйесімен өндірісті сертификаттау. Сапа жүйесін сертификаттауды өткізу тәртібі. ЖҚ 3.4-94 орнына.
ҚР СТ 3.2-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сертификаттау органдарына қойылатын талаптар және оларды аккредитациялау тәртібі 1.07.94 (өзгерістер: 1-1.01.96, 2-1.08.96, 3-1.11.96, 4-1.01.99).
ҚР СТ 3.15.3-98 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау. Өндірісті сертификаттауды өткізу тәртібі.
ҚР СТ 3.3-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сынақ зертханаларына қойылатын талаптар және оларды аккредитациялау тәртібі. 1.07.94 (өзгеріс 1.09.96).
ҚР СТ 3.4-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнімді сертификаттау тәртібі. Жалпы талаптар. 1.07.96, (өзгерістер: 1-1.01.95, 2-1.01.98, 3-1.08.97, 4-1.09.97, 5-1.11.97, 6-1.01.98, 7-1.07.99).
ҚР СТ 3.5-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Қызмет етуді сертификаттау. Негізгі қағидалары 1.01.96.
ҚР СТ 3.6-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау. Бірінші рет 1.07.97.
ҚР СТ 3.7-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Туристік – экскурсиялық және қонақ үй қызметін сертификаттау тәртібі. Бірінші рет – 1.01.97.
ҚР СТ 3.8-97 ҚР мемлекеттік сертификаттау. Эксперт-аудиторға қойылатын талаптар және оларды аттестациялау тәртібі. ҚР ЖҚ 3.2-94, 1.08.97.
ҚР СТ 3.9-97 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Импорттық өнімдерді сертификаттау. Жалпы қағидалары. ҚР ЖҚ 3.3-94 орнына 1.08.97 өзгеріс 1-1.07.99.
ҚР СТ 3.12-98 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Байланыс жүйесінің құралдары мен теле-коммуникацияны міндетті сертификаттаудың жалпы қағидалары.
ҚР СТ 3.13-98 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Байланыс желісінің құралдары мен телекоммуникацияны сертификаттау.
ҚР СТ 3.10-97 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Шағым арызды қарау тәртібі. ҚР 50 ЖҚ. 3.5-94; 1.10.97. өзгеріс 1-1.07.99.
ҚР 50 ЖҚ 3.1-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Инспекциялық бақылау органдарына қойлатын талаптар және оларды аккредитациялау тәртібі.
ҚР 50 ЖҚ 3.6-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібі. 1.01.95.
ҚР 50 ЖҚ 3.7-94 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Жұмысқа ақы төлеу тәртібі. 1.05-95.
ҚР 50 ЖҚ 5-94 Нұсқау. Стандарттар, ТШ, метрологиялық тәртіптер мен нормалар талаптары. Мемлекеттік қадағалауды жұргізуді жүзеге асыру тәртібі. Негізгі қағидалары.
ҚР Е 50 3.8-96 Сертификаттау ережесі. Балалар ойыншығын сертификаттау. 1.07.96
ҚР Е 50 3.9-96 Сертификаттау ережесі. Косметикалық өнімдер және гигиеналық мақсатқа арналған консистентті заттарды сертификаттау тәртібі. 1.07.96.
ҚР Е 50 3.10-96 Сертификаттау ережесі. Медициналық иммунобиологиялық препараттарды сертификаттау. 1.07.96.
ҚР Е 50 3.11-96 Сертификаттау ережесі. Дәліздерді сертификаттау тәртібі. 1.07.96.
ҚР Е 50 3.12-96 Сертификаттау ережесі. Сертификаттау ережесі. Санитарлық-гигиеналыққа арналған медициналық техника мен құралдарды сертификаттау тәртібі. 1.07.96.
ҚР Е 50 3.13-96 Сертификаттау ережесі. Косметикалық өнімдердің микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштерінің нормасын анықтау тәртібі. 1.07.96.
ҚР Е 50 3.14-96 Сертификаттау ережесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісінің өнімдерін сертификаттау жүйесі.
ҚР Е 50 3.15-96 Сертификаттау ережесі. Сусындарды сертификаттау тәртібі. 1.10.96-дан арақ-шарап өнімдері және этил спирті.
ҚР Е 50 3.16-96 Сертификаттау ережесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісінің өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.10.96.
ҚР Е 50 3.17-96 Сертификаттау ережесі. Өсімдік майлары мен май-тоңмай өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.10.96.
ҚР Е 50 3.18-96 Сертификаттау ережесі. Емдік – профилактикалық, балалар тағамы және тағамдық қоспаларды сертификаттау тәртібі. 1.08.99.
ҚР Е 50 3.19-96 Сертификаттау ережесі. Міндетті сертификаттауды өткізуде пайдаланатын үлгілерді ұстай білу тәртібі. 1.11.96.
ҚР Е 50 3.20-96 Сертификаттау ережесі. Байланыс құралдарын сертификаттау тәртібі. 1.12.96.
ҚР Е 50 3.21-96 Сертификаттау ережесі. Механикалық тасымалдау көліктерін сертификаттау тәртібі. 1.04.97.
ҚР Е 50 3.22-96 Сертификаттау ережесі. Тұрмыстық электр құралдарын сертификаттау тәртібі. 1.05.97.
ҚР Е 50 3.23-96 Сертификаттау ережесі. Жиһаздар мен ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.07.97.
ҚР Е 50 3.24-96 Сертификаттау ережесі. Қызметті сертификаттау. Автомотокөліктерге техникалық қызмет көрсету жөндеуді сертификаттау тәртібі. 1.09.97.
ҚР Е 50 3.25-96 Сертификаттау ережесі. Тағам өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісі өнімдерін сертификаттау кезінде ұқсастығын танудың әдістемелік нұсқауы. 1.09.97.
ҚР Е 50 3.26-96 Сертификаттау ережесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісінің өнімдерін жүйесі. Кондитер өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.09.97.
ҚР Е 50 3.27-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Мұнай өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.10.97.
ҚР Е 50 3.28-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісі өнімдерін сертификаттау жүйесі. Темекі өнімдерін сертификаттау 1.10.97.
ҚР Е 50 3.29-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндірісі өнімдерін сертификаттау жүйесі. Жеміс, көкөніс және олардың өңделген өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.08.97.
ҚР Е 50 3.30-96 Сертификаттау ережесі. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау тәртібі.
ҚР Е 50 3.31-96 Сертификаттау ережесі. Ыдысты сертификаттау тәсілі.
ҚР Е 50 3.32-96 Сертификаттау ережесі. ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы өндіріс өнімдерін сертификаттау жүйесі. Астық және оның өңделген өнімдерін сертификаттау тәртібі. 1.03.97.
ҚР Е 50 3.33-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Қантты сертификаттау тәртібі. 1.11.97.
ҚР Е 50 3.34-96 ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Көмір өнімдерін сертификаттау. 1.12.97.

 

Лекция

7.1. Қызмет етуді сертификаттау

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (әрі қарай ДСУ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендеті, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде-шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.