Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 5 страница



Өнім стандартын өзгертуді қолданыстағы стандарт бойынша дайындалған өнімді жаңамен ауыстырғанда сыйысымдылығы мен өзара алмасушылығы бұзылмайтын жаңа әлдеқайда прогрессивті талаптарды оған енгізумен жасайды.

Стандартты қайта қарауда қолданыстағы стандартты ауыстыратын жаңа стандарт әзірленеді. Бұл жағдайда қолданыстағы стандартты алып тастайды, ал жаңа стандартта қай стандартты ол ауыстырғаны көрсетіледі. Жаңа стандартқа ескінің белгісі беріліп, соңғы екі цифр (қабылдаған жылы) ауыстырылады.

Мемстандарт (ҚР Мемқұрылысы) белгіленген стандарт бойынша өнім шығару немесе жұмыс жүрісі (қызмет жасау) тоқтатылуына және басқа негізделген жағдайларға байланысты стандартты жою туралы шешім қабылдайды.

Сала, бірлестік, кәсіпорын стандарттарын әзірлеу ерекшеліктері «МСЖ. Мемлекеттік стандарттар әзірлеу тәртібі» 1.2 ҚР СТ белгіленген.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (НҚ) туралы ақпараттар - оларды қолдану (пайдалану) және сақтауды қажет ететін жағдайлар болып саналады.

Мемстандарт нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды пайдаланушыларға, оның ішінде шетелдіктерге де жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, мынандай ресми ақпараттарды жариялауды ұйымдастырады:

1) мемлекеттік стандарттар туралы;

2) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттар жіктеуіштері туралы;

3) Халықаралық, аймақтық стандарттар мен басқа елдердің ұлттық стандарттары туралы;

4) стандарттау жөніндегі ережелер, нормалар мен ұсынымдар туралы.

ҚР СТ, ССТ (басқа да бірмәнді құжаттар) мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатындықтан, ресми құжаттар болып табылады.

МСТ, ҚР СТ, ҚР ТЭӘАЖ арнайы жариялауға тек қана осы нормативтік құжаттарды қабылдаған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мемстандартына ғана құқық берілген.

ҚР СТ мен МСТ барлық ресми басылымдарының бірінші бетінде «Осы стандартты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе жартылай көбейтуге және таратуға болмайды» - деген жазу болуы керек.

ҚР СТ (МСТ) титул беті мен бірінші бетіне «Ресми басылым» жазуы орналасады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда Мемстандарт кінәлі жақтан азаматтық заңнама нормасына сәйкес шығындарды өтеуін талап етуге құқылы.

Пайдаланушылар қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен олардың жарамды мерзімі мен жасалынған өзгертулері туралы ақпараттарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары» ақпараттық нұсқаулықтары арқылы алып тұрады.

Салалық стандарттар (ССТ) мен бірлестіктер стандарттарын (БСТ) басып шығару мен қайта басып шығаруын оларды қабылдаған органдар, яғни сәйкес бекіткен кәсіпорындар атқарады.

 

3.3. Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі белгісімен өнімді маркілеу

Стандарттардың барлық талаптарының міндетті еместігі, сондай-ақ стандарттар ұсыныс сипатында болатындығына байланысты, кәсіпорынның нормативтік құжаттарға сәйкес өнім өндіруін ынталандыру мәселелері пайда болды.

Егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, онда сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі тұтынушы үшін оның қауіпсіздігінің кепілі болады. Сапамен қайтеді? Тауар сапасы туралы тұтынушыны ақпараттандыруға стандартқа сәйкестігі белгілерін пайдаланатын шетелдер тәжірибелерінің ізімен ҚР Мемстандарты сәйкес нормативтік құжат қабылдады. Егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, онда оны белгілермен маркілеу алмастыра алмайды.

Осы құжатқа сәйкес отандық та, сондай-ақ кез келген басқа мемлекеттер дайындаушы – кәсіпорындары, егер өнім ҚР СТ талаптарына сәйкес өндірілетін болса, ерікті өз қалауларымен сәйкестік белгісін пайдалана алады (1-сурет). Онда олар сәйкес нормативтік құжат ережелері мен тәртіптерін сақтауға міндетті /3/.

Осы белгімен өз өніміңді маркілеуге құқықты болу үшін ҚР Мемстандартының аумақтық органынан лицензия алу керек. Ол үшін бірқатар шарттарды орындау қажет. Бәрінен бұрын – аумақтық органға нақты өнімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігіне жеткілікті сенімді дәлелдер беру. Ол – техникалық шарттар, техникалық талаптар мен бақылау әдістері түріндегі нормативтік құжаттар болуы керек. Мемстандарттың аумақтық органы берілген дәлелдемелердің толықтығы мен шынайылығын бағалайды. Олардан да басқа, лицензия беру туралы өтінішке келесідей қосымша талап етіледі:

- стандарттың барлық талаптарына өнімнің сәйкестігі туралы дайындаушының декларациясы;

- міндетті сертификаттауға жататын өнім үшін – сәйкестік сертификатының көшірмесі (ерікті сертификаттау бойынша да сондай);

1-сурет. Стандарттарға сәйкестік белгілері: 1-Ресей; 2-Ұлыбритания; 3-Оңтүстік Корея; 4-Германия; 5-Франция; 6-Қазақстан; 7-Жапония

 

- сапа жүйесі сертификатының көшірмесі немесе өндірісті талдау нәтижелері туралы қорытынды;

- сынаулар хаттамаларының көшірмелері.

Атап өтілген құжаттар кәсіпорынның, бәрінен бұрын стандартқа сәйкестігі белгісін пайдалану құқығын алғанға дейін жасалуы қажет жұмыстар көлемінің көптігін көрсетеді.

Егер құжат талдауы өтініш беруші әрекетінің дұрыстығына аумақтық органның көзін жеткізсе лицензия беріледі. Керісінше жағдайда рұқсат берілмейді немесе өнімді қосымша қайтара сынау және аумақтық орган өкілдерін міндетті түрде қатыстыра өндірісті қайтара бағалауға ұсыныс беріледі.

Лекция

4.1. Өнім сапасына қатысты терминдер мен анықтамалар

Белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында жасалған материалдық құндылықтар адамның өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылады. Мұндай материалдық құндылықтар өнімдер деп аталады. Өнімдер бұйым немесе өнім түрінде болып келеді /1/.

Бұйым – бұл дана (штук, экземпляр) немесе басқа да есепті бірліктерде сандық мөлшермен сипатталатын өндірістік кәсіпорынның жұмыс нәтижесі.

Бұйымдарға машиналар мен приборлар, оның элементтері (бөлшектер, агрегаттар), тігін бұйымдары мен аяқ киімдер, торттар мен ювелирлік бұйымдар және тағы басқалары жатады.

Өнімдер- өндірістік кәсіпорындарда (металдар, ағаштар, мұнай өнімдері, маталар, көкөністер, бидай және де басқалары) киллограммен, метрмен, литрмен, шаршы метрмен тағы сол сияқтылар үзіліссіз мөлшерлерде сипатталатын жұмыстардың нәтижесі.

Қолдану әдістеріне қарай өнімдер екі сыныпқа бөлінуі мүмкін, олардың біріншісі – тұтынатын өнімдер, екіншісі – қолданатын немесе іске асыратын өнімдер.

Тұтынатын өнімдер қолданыста өздері шығындалады, яғни жанар – май жағылып, материалдар бұйымға айналдырылады, тағам өнімдері тамақтануға жұмсалады.

Қолданыстағы өнімдердің ресурстары жұмсалады да, олардың массасы қолданғаннан кемімейді. Бұл сыныпқа машиналардың, приборлардың және жабдықтардың барлық түрі жатады.

Ресурстардың жұмсалуы, физикалық мағынасы және оның заңдық процесімен машина сенімділігі жайлы ғылым айналысады.

Жоғарыдағы аталған сыныптардағы өнімдер бес топқа бөлінеді:

1) Табиғи шикізаттар мен отындар: пайдалы қазбалар, мұнай, газ, көмір, құрылыс материалдары;

2) Өнімдер мен материалдар: бірінші топқа енбеген қолдан жасалған отындар, пластмассалар, прокаттар, маталар, тағам өнімдері;

3) Жұмсалатын бұйымдар: мөлшерлі қапталған өнімдер, консервілер, бөшкелі ыдыстағы сұйық отындар мен майлау материалдары, орамдағы кабельдер, тағы да басқалар;

4) Жөндеуге келмейтін бұйымдар: приборлардың электрлі вакуумды және жартылай өткізгіштік элементтері, сыналы ремендер, бекіткіш бұйымдар және тағы да басқалары;

5) Жөндеуге жататын бұйымдар: ұзақ мерзімде қолданылатын машиналар, механизмдер, приборлар мен жабдықтар, оның ішінде мұнай-газ жабдықтары, автомобильдер, тракторлар.

Әрбір өнім түрлерінің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше спецификалық қасиеттері болады.

Өнімнің қасиеті (свойство продукции) - өнімді жасауда және оны қолданудағы өнімнің шынайы ерекшелігі.

Өнімнің белгісі (признак продукции) - өнімнің сандық немесе сапалық қасиеті.

Сапалық белгілер бөлшектердің бекіту әдістерін (пісіріп қосу, клепкалау, бұрандалау), түсін, пішінін, ретке келтіру немесе түзету әдістерін (қолдан, жартылай автоматтандыру, автоматтандыру) сипаттайды.

Сандық белгілер, немесе өнімнің параметрі (көрсеткіштері), жекелеген қасиеттердің сандық сипатын береді. Мысалы, материалдың химиялық құрамы, кескіштің (резец) ұштау бұрышын, тербелмелі станоктың жүк көтергіштігі.

Өнімнің барлық қасиеттері бірдей қажеттілікте бола бермейді. Оның біреуі өте қажетті болса, екіншісі қосалқы болып, ал үшіншісі өнімнің пайдалану тиімділігіне ешқандайда қатысы болмауы мүмкін. Мысалы, жүк таситын автомобиль үшін оның жүк көтергіштігі, жанармай шығыны ең қажетті қасиеттері болса, ондағы электр өткізгіштігі, азотты қышқылда ерігіштік қасиеттері оның негізгі жұмыс фукнциясына ешбір қатысы болмағандықтан бұйымның сапалық құрамына кірмейді.

ГОСТ 15467 – 70 стандартына сәйкес төмендегідей анықтама қабылданған: өнім сапасы – бұл атқаратын қызметіне сәйкес келетін қажеттіліктерді қанағаттандыратындай өнім қасиеттерінің жиынтығы.

Бұл анықтама бойынша біріншіден, өнімнің барлық қасиеттері бірдей «сапа» түсінігіне жатпайды. Екіншіден, өнімнің осы түріне қоғамның сұранысы арқылы анықталады да, егерде белгілі бір себептермен өнімнің осы түріне сұраныс болмай қалса, онда оның сапасы да керек болмай қалады. Үшіншіден, өнімнің осы түріне деген сұраныс оның атқарылатын қызметіне дәлме-дәл келуі қажет.

4.2. Сапаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Өнімнің сапасына деген шынайы бағаны, оның қасиеттерін сандық жағынан сипаттау арқылы ғана беруге болады /1/.

Квалиметрия – бұйымның сапасын сандық бағалаудың теориялық негіздері мен әдістерін жасаумен айналысатын практикалық және ғылыми жұмыстар саласы.

Өнімнің сапалық көрсеткіштері - өнімді жасаудың, қолданыстың немесе тұтынудың қолайлы жағдайын жасауды қарастыратын өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Басқаша айтқанда, өнімнің сапалық көрсеткіштері, сол өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

Өнім сапасының біржақты көрсеткіші, оның жалғыз ғана қасиетін білдіреді (өнімділігін, жүк көтергіштігін, ресурсын және де басқаларын).

Өнім сапасының кешенді көрсеткіші, оның бірнеше қасиетін сипаттайды.

Ондай көрсеткіштерге, мысалы, бұйымның дайын болу коэффициенті, яғни оның бір мезетте жөндеуге жарамдылығы және тоқтаусыздығымен сипатталады.

Бұл төмендегі өрнек бойынша анықталады:

 

Кд=Т/(Т+Тқ), (2)

мұндағы Т – тоқтауға дейінгі уақыт; Тқ – қалпына келтірудің орташа уақыты.

Сапаның интегралды көрсеткіші машина жасауда кең қолданысқа ие болған кешенді көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіш бұйымды пайдаланудағы пайдалы тиімділік қосындысының және оны жасау мен қолданыстағы жұмсалатын шығындардың қосындыларының қатынасын білдіреді. Мысалы, тасымалдау құралдарында сапаның интегралды көрсеткіші 1 т. км жүріске кететін меншікті шығынның мөлшерімен сипатталады:

 

Кс=(С+Э)/П, (3)

мұндағы Кс – сапаның кешенді көрсеткіші, тг/т.км; С – бір машинаны жасаудың өзіндік құны, тг; Э – күрделі жөндеуге дейінгі қолданыстағы шығыны, тг; П - өткен уақыт аралығындағы жүріс, т.км.

Сапаның қорытындыланған көрсеткіштері деп салыстырмалы өлшемсіз бірліктегі немесе әрбір көрсеткіштің қажеттілік коэффициентінің балдық өлшемдерінің біркелкі көрсеткіштер жиынтығын айтамыз. Сапа көрсеткіштері объективті(өлшеулік, тіркеулік, есептік) және субъективті (органдылептикалық, әлеуметтік, эксперттік) әдістердің көмегімен анықталуы мүмкін.

Өлшеулік әдіс - өнімнің сапалық көрсеткіштерін өлшеу құралдарының: таразы, спидометр, расходомер және тағы да басқалардың көмегімен анықтау.

Тіркеулік әдіс - өнімнің сапалық көрсеткіштерін орын алған оқиғалар мен объектілердің санын есептеу және байқаудың негізінде анықтау. Бұл әдісті техникалық құралдарды қолданбай-ақ (мысалы, машинаның бұзылып тоқтау санын тіркеу) және күшейткіш құралдар мен немесе техникалық тіркеу құралдарын қолдану (мысалы, қондырғының қосылу және ажыратылу санын тіркеу) арқылы пайдалануға болады.

Есептік әдіс – басқа бір әдістер бойынша анықталған көрсеткіштердің мәндерін қолдану арқылы есептеуге негізделген (мысалы, 1 км жүріске жұмсалған жанармай, пайдалы әсер коэффициенті, машина өнімділігі).

Органолептикалық әдіс - өнім сапасының көрсеткіштерін адамның сезіну органдарымен қабылдануы – көру, есту, дәмді сезінуін (балл арқылы) талдау негізінде техникалық өлшеу немесе тіркеу құралдарының көмегінсіз анықтау.Бұл әдіспен мысалы, тұтынушыға әсер ететін көкөністің дәмдік сапасын, эстетикалық көрсеткіштерін анықтауға болады.

Әлеуметтік әдіс - өнімді нақты немесе енді пайдаланатын тұтынушылардың ойларын ескере отырып жинақтауға негізделген.Бұл әдіспен негізінен халықтық тұтыну тауарларының сапалық көрсеткіштері анықталады.

Эксперттік әдіс - өнім сапасының көрсеткіштерін эксперттік – мамандар тобының қабылдаған шешімі негізінде анықтау. Бұл әдіс кешенді сапа көрсеткіштерін анықтау үшін жиі қолданылады. Мүмкіндігінше өнім сапасының көрсеткіштерін субъективтік әдістен гөрі объективтік әдіс бойынша анықтаған жөн.

Сапаның барлық техникалық–экономикалық көрсеткіштері төмендегіше топтарға таптастырылады: мақсаттық көрсеткіштер, сенімділік көрсеткіштері, технологиялық көрсеткіштер, эргономикалық көрсеткіштер, эстетикалық көрсеткіштер, унификациялау (біркелкілік) және стандарттау көрсеткіштері, патенттік – құқықтық көрсеткіштер.

Мақсаттық көрсеткіштер – бұйымның мақсаты, қолдану нысаны, өнімділігі, тасымалданулығы, құрылымдылығы сияқты ерекшеліктерін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің еңбір қажетті тобы. Машинаның әмбебаптылығын, өнімділігін, көлемдік материалдары мен көлемдік энергиясын білдіретін мақсаттық көрсеткіштер машина жасауда кең көлемде пайдаланылады.

Сенімділік көрсеткіштермашина жасаудағы түсімдер (өнімдер) үшін – еңбір қажетті топ болып табылады. Сенімділік – тасымалданымдылықты, жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді қолдану шарты мен берілген режимге сәйкес жасау мерзімі ішінде пайдаланудың көрсеткіш мәндерін қабылдау шегін сақтай отырып, берілген функцияны орындаудағы нысанның қасиеті.

Сенімділік – тоқтаусыз (отказсыз), ұзақ уақытты, жөндеуге жарамды және бұзылмау сияқты төрт түрлі құрылымдық қасиеттерімен анықталатын бұйымның күрделі қасиеті. Мұндағы әрбір төрт қасиеттің әрқайсысы жеке көрсеткіштері бойынша бағаланады.

Технологиялық көрсеткіштер машина мен оның элементтерінің жөндеу мен қызмет көрсетуді рационалды ұйымдастырылуына, өндірісті орталықтандыруды қолданудың ең жоғары мүмкіндігіне, өндірудің прогрессивті технологиялық әдісін қолдануға түсімнің бейімділігіне, конструкциялық материалдарды рационалды қолдануына, қазіргі өндірістің оптималды жағдайына сәйкестік дәрежесін сипаттайды. Бұйымның жинақталу коэффициенті, рационалды материалдарды қолдану коэффициенті, өндірудің меншікті көлемдік материалы түсімнің (өнімнің) ең қажетті сапалық технологиялық көрсеткіштері болып табылады.

Сапаның эргономикалық көрсеткіштері – айналадағы адамдар мен оператор үшін қажетті гигиеналық норма мен техника қауіпсіздігін сақтай отырып, машинаны тиімді басқару үшін оператор – кісі мен өзара қатынасында машинаның бейімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Сапаның эргономикалық көрсеткіштеріне қатысты терминдер мен анықтамалар төрт кіші топтарға таптастырылған: гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психофизиологиялық, психологиялық. Машинаның интенсивті жұмыс жасауына байланысты, оның құрылымдық күрделенуінің және олардың атқаратын функциясының қажеттілігінің өсуіне орай сапаның эргономикалық көрсеткіштері ерекше мәнге ие болуда.

Сапаның эстетикалық көрсеткіштері түсімнің (өнімнің) сыртқы түрінің қазіргі стильге сәйкестігін машинаның бөлек элементтерінің бір-бірімен үйлесімді орналасуымен және де бүтін машинаның қоршаған ортамен, машина пішінінің оның мақсатымен сәйкестігін, колористік (түстік) әрленуін, және де сыртқы беттік басқа да элементтерінің сапалы жетілдірілуін сипаттайды.

Унификаттау және стандарттау көрсеткіштерістандартталған және біркелкіленген бөлшектердің, агрегаттардың, блоктардың және де басқа құрамды элементтердің осы бұйымға ендірілу және қолданылу дәрежесін сипаттайды.

Патенттік – құқықтық көрсеткіштерекі өлшемсіз көрсеткіштерден тұрады: патенттік қабілеттіліктен және патенттік тазалықтан. Патенттік қабілетті бұйым ретінде, егер оның құрамындағы техникалық шешімдер, бір немесе бірнеше елде өнертапқыштық түрінде мойындалса ғана қабылданады. Бұйым патенттік таза түрінде, игеруде осы елдегі өнеркәсіптік үлгілердегі патенттер мен тауарлық белгілердің куәліктерінде бұрын-соңды тіркелмеген жағдайда болса ғана қабылданады. Мұндай техникалық нысан тек қана сол елде патенттік таза болып қабылданады да, ал басқа елде ондай мүмкіндігі болмайды.

 

4.3. Өнім сапасының деңгейін бағалау

 

Сапа деңгейін бағалау бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп отыру - өнім сапасын басқару жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Өнім сапасының деңгейі – сапалық көрсеткіштер жиынтығының нақ сондай базалық көрсеткіштер жиынтығына сәйкестігімен салыстырудағы өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы.

Базалық көрсеткіш – сапаны бағалауды салыстырудағы бастапқы өнімнің сапалық көрсеткіші. Базалық көрсеткішті, өнім көрсеткіштерінің эталоны ретінде қабылдайды. Эталон ретінде отандық немесе шет елдік жаңа жобаланған немесе өндіріске енгізудегі ең жақсы үлгілер алынады.

Өндіріс процесінің барысында өнімнің сапасын талдау үшін, өнімнің бастапқыдағы базалық көрсеткіштерінің мәндерін пайдаланады.

Біртекті өнімдердің сапалық деңгейі дифференциалдық, кешендік және аралас әдістермен сипатталуы мүмкін.

Сапалық деңгейді бағалаудың дифференциалдық әдісі, қарастырып отырған ұқсас базалық көрсеткішті бұйымдардың жекелеген сапалық көрсеткіштерін бөлекше салыстыру болып табылады.

Бұл әдіс, өнім сапасы деңгейінің бірыңғай сандық мәнін табуға мүмкіндік бере қоймағанымен, оның қарапайымдылығы және қолайлығының арқасында кең қолданыс табуда.

Дифференциалдық әдіспен сапа деңгейін бағалау үшін төмендегі өрнек бойынша сапаның салыстырмалы көрсеткіштерін анықтайды:

 

(4) ,(5)

мұндағы - қарастырып отырған бұйымның көрсеткіші;

- жекелеген базалық көрсеткіш.

Бірінші өрнек, көрсеткіштерді өсіруден бұйымның сапасының жақсаруын куәләндыру үшін қолданылса (өнімділік, қуат, ресурс), екіншісі – көрсеткіштерді кемітуден бұйымның сапасының артуын куәләндыру үшін қолданылады (өзіндік құны, материалдық сыйымдылық, энергиялық сыйымдылық).

Сапа деңгейін бағалаудың кешенді әдісі талданған сапа көрсеткіштерінің қолданылуын қарастырады. Бұл әдіс сапа деңгейін бағалаудың біржақты мәнін табуға мүмкіндік береді.

Егер өнімнің жекелеген сапа көрсеткіші бойынша балдық өлшеммен көрсетіліп, оған кейбір салмақты коэффициенті берілсе, онда талданған сапа көрсеткіші:

, (6)

мұндағы - қарастырылатын жекелеген көрсеткіштер саны.

Кешенді әдіс бойынша сапа деңгейін бағалау есептемей талданған көрсеткіштің алдын ала базалық талданып қабылданған көрсеткішінің қатынасына тең.

Сапа деңгейін бағалаудағы аралас әдіс - өнімнің барлық елеулі қасиеттерін кешенді әдіс кезінде қолданылған сапаның талданған көрсеткіштері толықтай ескере алмайтындай жағдайда қолданылады. Мысалы, эргономикалық, эстетикалық және патенттік – құқықтық көрсеткіштер.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.