Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 4 страница



6. Ақпараттық функциясы. Стандарттау материалдық өндірісті, ғылым мен техника және басқа да салаларды нормативтік құжаттар, мөлшер эталондары, құнды техникалық және басқару ақпараттарын жеткізуші өнім эталондар, өнім каталогтары – үлгілерді қамтамасыз етеді. Келісімдегі (келісім-шарт) стандартқа сілтеме – келісімнің (келісім-шарттың) басты шарты сияқты, өнім сапасы туралы ақпараттың өте ыңғайлы формасы болып есептелінеді.

7. Норма жасау және пайдалану құқығы функциясы. Стандарттаудың бұл қызметі стандартталатын нысандарға қойылатын талаптарды міндетті стандарт (немесе басқа нормативтік құжаттар ) формасында заңдастыру және құжат заңды күшіне енгеннен соң жалпылама қолдану. Нормативтік құжаттың міндетті талаптарын сақтауды, тәртіп бойынша экономикалық, әкімшілік және қылмыстық сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен (сенкцияларымен) қамтамасыз етеді /3,14,15/.

 

Лекция

3.1. Стандарттау әдістері

Жоғарыда стандарттауға іс-әрекеттің түрі сияқты сипаттама берілген. Бірақ, ол сонымен бірге қайталана беретін мәселелердің оңтайлы шешімін қоюға және оны норма мен ереже сияқты заңдастыруға қажет әдістер кешені.

Стандарттау әдісі – стандарттау мақсатына жеткізетін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылымдық және арнайы әдістермен негізделген. Стандарттау жөніндегі жұмыстарда кеңінен қолданылатын әдістерге мыналар жатады:

- стандарттау нысандарын реттеу;

- параметрлік стандарттау;

- өнімді унификаттау;

- агрегаттау;

- кешенді стандарттау;

- озық стандарттау.

1. Стандарттау нысандарын реттеу. Реттеу - өнім, процесс және көрсетілетін қызметтерді стандарттауда қолданылатын әмбебап әдіс. Алуан түрлілікті басқару сияқты, реттеу бәрінен бұрын көптүрлілікті қысқартумен байланысты. Реттеу жөніндегі жұмыстардың нәтижесі, мысалы, соңғы дайын өнім үшін құрастырылатын бұйымдардың шектейтін тізімі; бұйымның типтік конструкция альбомдары; техникалық, басқарушылық және басқа да құжаттардың типтік формалары.

Реттеу, әмбебап әдіс ретінде жеке әдістерден тұрады:

- жүйелендіру;

- селекция;

- симплификация;

- типтеу;

- оңтайландыру.

Жүйелендіру. Стандарттау нысандарын жүйелендіру – стандарттаудың нақты нысандар жиынтығын ғылыми негізде ретімен жіктеу мен ранжирлеу (размері немесе салмақтары бойынша реттеу). Мысалы, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жіктеуіші (ҚР ӨЖ) - әртүрлі классификациялық топтар мен өнімнің нақты атауы бойынша барлық тауар өнімдерін (бәрінен бұрын салаға қатысты) жүйелендіреді.

Өнім жіктеуіші (ӨЖ) – жеткізілетін зат болатын өнімнің жүйелендірілген кодтары мен атауларының жиынтығы. ӨЖ класификациялық (К-ӨЖ) және ассортиментті (А-ӨЖ) бөлімдерден тұрады. Классификациялық бөлім – белгілі бір белгілері бойынша өнімді жүйелейтін кодтар мен классификациялық топтар (сынып-сынып түрі – топ – топша...) жиынтығы. Ассортиментті бөлім – нақты типтер, маркілер және тағы сол сияқтыларды идентификаттайтын кодтар мен өнім түрлерінің (атаулары) жиынтығы.

Классификациялық бөлімде (сынып – түр) - өнім жалпы белгілері бойынша (мақсаты және басқалары) көптеген нысандардың бөлінуі тәртібімен (целлюлоза – картон өнеркәсібі өнімі), ал ассортименттік бөлімде – жеке белгілері бойынша (конструкция және басқалары) ранжирленген.

Стандарттау нысандарының селекциясы - әрі қарай өндіруге және қоғамдық өндірісте қолдануға қажет екені мойындалатындай нақты нысандарды таңдау жұмыстары.

Симплификация - әрі қарай өндіруге және қоғамдық өндірісте қолдануға мүмкін емес екені мойындалатындай нақты нысандарды анықтау жұмыстары.

Селекция мен симплификация процестері қосақталып жүргізіледі. Олардың алдында, нысандарды жіктеу мен ранжирлеу және арнайы болашақтығын талдау және де нысандарды болашақта қажет ету талаптарымен салыстыру жүргізіледі. Симплификация жұмыстарына мысал: аллюминий ыдыстарының бірінші ГОСТ-ын әзірлеудегі сол кезеңдегі шығарылатын кәстрөлдер сыйымдылығы бойынша жіктеуде 50 типразмерлі болған. Талдау нәтижесі қосарланатын ыдыстарды алып тастап, номенклатураны 22 типразмерге дейін қысқартуға болатындығын көрсетті: номенклатурада сыйымдылығы 1,0 және 1,5 л ыдыстардың болуынан онша қажеттілік туындамайтын, яғни артық болып есептелінген 0,9; 1,3; 1,7 л сыйымдылықты ыдыстар алып тасталынды.

Стандарттау нысандарын типтеу – конструкциялардың, технологиялық ережелердің, құжаттама формаларының типтік (үлгілік) нысандарын жасайтын іс-әрекеттер. Селекциядан айырмашылығы, таңдап алынған нақты нысандарға сапасы мен әмбебаптығын жақсартуға бағытталған қандай да болмасын техникалық өзгертулер жасалынады.

60-шы жылдардың басында пайдалануда (бұрын өндірістен алынып тасталынғанды қосқанда) теледидардың 100-ден аса конструкциялық түрлері болды. Теледидар өндірісінің алдында тиімсіз алуан түрлі схемаларды жою міндеті қойылуына байланысты, барлық теледидар конструкцияларын жүйелеп, экран диаметрі 35, 47 және 59 см болатын теледидар схемаларынан – үш вариант бөліп алынды. Әрі қарай, әр варианттан өте сәтті жасалынған схемалар таңдап алынды да жөндеуге жарамдылығын арттыру мақсатында жетілдіре түсті. Нәтижесінде УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59 типтік (унификатталған) конструкциялар жасалынды.

Стандарттау нысандарын оңтайландыру (оптимизация) – оңтайлы (қолайлы) негізгі параметрлерді (мақсат параметрлерін), сондай-ақ сапа мен үнемділіктің барлық басқа мәндерін табу.

Қабылдайтын шешімдері күрделі емес әдістер – бағалау мен дәлелдеулерге негізделген селекция мен симплификация жұмыстарынан айырмашылығы, стандарттау нысандарын оңтайландыруды арнайы экономикалық – математикалық әдістер мен оңтайландыру модельдерін қолданумен іске асырады.

Оңтайландырудың мақсаты – таңдалған критерий бойынша қолайлы дәрежедегі реттілік пен өте жоғары мүмкіндіктегі тиімдіктегі тиімділікке жету.

2. Параметрлік стандарттау. Әдістің мәнін түсіну үшін параметр ұғымын нақтырақ қарайық. Өнім параметрі – ол өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Өте маңызды параметрлер - өнімнің мақсаты мен оны пайдалану жағдайларын анықтайтын сипаттамалар болып, мына параметрлер есептелінеді:

- размерлік параметрлер (түрлі киімдер размері, ыдыстың сыйымдылығы);

- салмақтық параметрлер (спорт жабдықтары жеке түрлерінің массасы);

- машина мен жабдықтар өнімділігін сипаттайтын параметрлер (желдеткіштер, еден жуғыштар өнімділігі, көліктер қозғалысының жылдамдығы);

- энергетикалық параметрлер (қозғалтқыш қуаты және басқалары).

Белгілі бір мақсаттағы, принциптегі және конструкциядағы пайдаланылатын өнім, яғни белгілі бір өнім типі бірқатар параметрлермен сипатталады. Параметрлер мәнінің орналасу жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Параметрлік қатардың бір түрі – размерлік қатар. Мысалы, маталар үшін размерлік қатар – маталар енінің жеке мәндері, ыдыс үшін – сыйымдылықтың жеке мәндері. Бір типті бұйымдардың (немесе өнім) әр размерлі типразмер – деп аталады. Мысалы, қазір ерлердің – 105, әйелдер киімінің 120 типразмері белгіленген.

Параметрлік қатарларды стандарттау процесі – параметрлік стандарттау – параметрлердің орынды номенклатурасы мен сандық мәнін таңдауы мен дәлелдеуі. Бұл міндет математикалық әдіс арқылы шешіледі. Мысалы, сырт киім мен аяқ киімдердің размерлік қатарын жасағанда, еліміздің түрлі аймақтарында тұратын әртүрлі жастағы көптеген ерлер мен әйелдерді антропометриялық өлшеулер жасайды. Сонан соң алынған деректерді математикалық статистика әдістерімен өңдейді.

Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарын геометриялық прогрессияда өзгеретін қатарласқан сандар жиынтығы – ұнамды сандар жүйесіне сәйкес тұрғызу ұсынылады. Бұл жүйенің мәнісі, сынау немесе жәй шешу нәтижесінде қабылданатын кез келген мәндер емес, тек қана белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынатын параметрлер мәнін ғана таңдау болып табылады. Осы ауқымның негізгі стандарты «Ұнамды сандар мен ұнамды сандар қатарлары» 8032 МСТ*. 8032 МСТ негізінде сызықтық размерлерді таңдауға арналған сан қатарларын қоятын «Қалыпты сызықтық размерлер» 6636 МСТ бекітілді. 8032 МСТ төрт негізгі ұнамды сандар қатарын қарайды:

1-ші қатар – R5** - 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00.... прогрессия бөлімі ;

2-ші қатар – R10 - 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; .... прогрессия бөлімі ;

3-ші қатар – R20 - 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; .... прогрессия бөлімі ;

4-ші қатар – R40 - 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; .... прогрессия бөлімі ;

1-10 аралықтарындағы сандар саны: R5 қатары үшін 5, R10-10, R40 қатарында 40.

Кейбір техникалық негізделген жағдайларда ұнамды сандарды дөңгелектейді. Мысалы 1,06 санын 1,05 дейін деңгелектейді; 1,12-1,1-ге дейін; 1,18-1,15 немесе 1,20 дейін.

Қандай да қатарда таңдауда өнім тұтынушының ғана емес, өнім дайындаушының да мүддесін ескереді. Параметрлік қатарлардың жиілігі қалыпты болуы керек: өте «жиі» қатар тұтынушылардың (кәсіпорындардың, жеке сатып алушылардың) қажеттілігін жоғары шекке дейін қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды, бірақ басқа жағынан өнімнің номенклатурасы шектен тыс кеңейіп (көбейіп) кетеді, оны өндіру шашырыңқыруынан көп өндірістік шығын болады. Сондықтан, R 5 қатары R 10 қарағанда, ал R 10 қатары R 20 қарағанда ұнатылады.

Ұнамды сандар жүйесін қолдану өнімнің белгілі бір типінің параметрін унификаттап қана қоймай, әралуан өнім түрлерін – бөлшектер, бұйымдар, көлік түрлері мен технологиялық жабдықтарын параметрлер бойынша байланыстырады. Мысалы, бөлшектер мен желілердің параметрлік қатарлары машина мен жабдықтардың параметрлік қатарына негізделуі керек екенін машина жасаудағы стандарттау тәжірибелері көрсетті. Онда да келесі ережелерді басшылыққа алу ақылға қонымды болады: R 5-гі машиналар параметрінің қатарына R 10-ғы бөлшектер размер қатары сәйкес, R 10 бойынша машина параметрлік қатарына – R 20 бөлшектер размер қатарлары және тағы сол сияқты сәйкес болуы керек.

Консервілер қауашағы үшін пайдаланатын ыдыс пен оларды тасымалдайтын көлік түрін өте тиімді пайдалану мақсатына теміржол вагондары мен автомашиналар жүккөтергіштік қатары, контейнерлер, жәшіктер және жеке консерві қауашақтары қатарын R 5 қатары бойынша тұрғызу ұсынылады.

Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) қабылдаған, Е қатарлары бойынша тұрғызылатын, ұнамды сандар ертеректен бері қолданылады. Е қатарлары – Е 3 қатары үшін ; Е 6 қатары - ; Е 12 болатын теориялық сандардың дөңгелектенген шамаларынан тұрады. Мысалы, тұрақты резисторлардың номинальді кедергілер қатарлары мен тұрақты конденсаторлардың номинальді сыйымдылық қатарлары (сәйкес 2825 МСТ пен 2519 МСТ қараңыз) Е 6 қатары бойынша таңдалады. Сонда конденсаторлар үшін сыйымдылық қатарлары мынандай болады: 1,5; 2,2; 3,3; 4,7; 6,8 (пф, мкф).

3. Өнімді унификаттау. Бірдей функция атқаратын бөлшек, агрегат типтерін тиімді қысқарту іс-әрекеттері - өнімді унификаттау. Ол дайын өнім элементтерін классификациялау мен ранжирлеу, селекция мен симплификациялау, типтеу мен оңтайландыруларға негізделеді. Унификаттаудың негізгі бағыттары мыналар:

- бұйым, машина, құрал-жабдық, аспап, желі мен бөлшектердің параметрлік және типразмерлік қатарын әзірлеу;

- біркелкі өнімдердің унификатталған топтарын жасауға арналған типтік бұйымдарды әзірлеу;

- салааралық қолданыстағы өнімдерге арналған өндіріс технологиясын қоса, унификатталған технологиялық процестер әзірлеу;

- бұйым мен материалдар пайдалануын рұқсат ететін номенклатураны орынды минимуммен шектеу.

Унификаттау жұмыстарының нәтижелері түрлі формада – бөлшек, желі, құрастыру бірліктері конструкцияларының типтік альбомдары және типтер, параметрлер мен размерлер, конструкциялар, маркілер және басқа стандарттар түрінде болуы мүмкін.

Унификаттау жасалыну ауқымына байланысты салааралық (екі немесе одан да көп өнеркәсіп салалары дайындайтын, мақсаттары бір немесе жақын бұйымдар мен олардың элементтерін унификаттау), салалық және зауыттық (өнеркәсіптің бір саласы немесе бір кәсіпорын дайындайтын өнімді унификаттау) болып бөлінеді.

Унификаттау іске асырылу әдістемелік принциптеріне байланысты: түрішілік (біртипті бұйымдар) және түраралық немесе жобааралық (түрлі типті бұйымдар, желілер, агрегаттар, бөлшектер) болуы мүмкін.

Унификаттау дәрежесі өнімнің унификатталу деңгейі – унификатталған өнімнің, оның ішінде стандартталған бөлшек, желі және құрастыру бірліктерінің молдығымен сипатталады. Унификаттау деңгейі көрсеткіштерінің бірі – қолданылу (унификаттау) коэффициенті Қ), мына өрнек бойынша есептелінеді:

100, (1)

онда, n – бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны, дана;

n0 – ерекше бөлшектер саны (бірінші рет жасалынған), дана.

Онда да бөлшектердің жалпы санына (ерекшеден басқа) стандартты, унификатталған және сатып алынатын бөлшектер, сонымен қатар жалпы машина жасаудағы салааралық пен салалық қолданыстағы бөлшектер кіреді.

Қолданылу коэффициентін жалпы машина жасаудағы (ЖМҚ) салааралық (САҚ) және салалық (СҚ) қолданыстардағы бөлшектерді унификаттауда есептеуге болады.

Машина жасау өнімдерінің унификаттау деңгейін көтеру жоспарына сәйкес, ерекше бұйымдар үлесін азайту және оған ЖМҚ, САҚ, СҚ бұйымдары (бөлшек, желі) үлесін көтеру қаралған.

Қолданылу коэффициенттері бір бұйымға, типразмерлік (параметрлік) қатар құрайтын бұйымдар тобына және конструктивтік-унификатталған қатарға есептелінуі мүмкін. Бұйымның типразмерлік қатарына унификаттауды қолдану мысалы 26678 МСТ тоңазытқыштардың параметрлік қатары. Стандартпен белгіленген параметрлік қатарда тоңазытқыштың 17 моделі мен мұздатқыштың үш моделі бар.

МСТ-да параметрлік қатар төңірегінде унификаттауға жататын құрамдас бөлшектердің тізімі (камерасының көлемі 270 және 300 см3 және төменгі температуралы бөлімінің көлемі 80 см3 болатын екі камералы тоңазытқыштардың мұздатқыш агрегаттары дейік) мен белгілі бір типразмерлі (мысалы, қосылатын размерлер бойынша тоңазытқыш агрегаты, конденсаторлар) мұздатқыш аумағында унификатталған құрамдас бөлшектер тізімі көрсетіледі.

4. Агрегаттау – геометриялық және функционалды өзара алмасушылығы негізінде, түрлі бұйымдар жасауда көп рет пайдаланылатын жеке стандартты унификатталған желілерден машина, құрал мен жабдықтар жасау әдісі. Мысалы, жиһаз өндірісіндегі 15 размерлі қалқалар мен 3 размерлі стандартты жәшіктерді қолдануда осы элементтердің түрлі комбинациясынан 52 түрлі жиһаз жасауға мүмкіндік болған.

Агрегаттау машина жасауда, радиотехникада өте кеңінен қолданылады. Машина жасаудың дамуы машиналар конструкцияларының күрделенуі мен жиі алмасуымен сипатталады. Көп мөлшерде түрлі машиналар жобалау мен дайындау үшін бірінші кезекте әр бөлшегі машинада белгілі бір функция атқаратындай машина конструкциясына байланысты емес құрастыру бірліктеріне (агрегаттарына) бөлшектеу қажет. Бұл барлық машинаға байланыстырмай жұмысын тексере беретін өзіндік бұйым ретінде агрегаттарды дайындауды мамандандыруға мүмкіндік берді.

Бұйымды конструктивтік аяқталған агрегаттарға бөлшектеу – агрегаттау әдісінің жетілуіне бірінші себеп болды. Әрі қарай машинаның конструкциясын талдау, құрылысы әртүрлі көптеген агрегаттар, желілер мен бөлшектер түрі машиналарда бірдей функция атқаратынын көрсетті. Унификатталған агрегаттар, желілер мен бөлшектерді әзірлеу арқылы жеке конструктивтік шешімдерді тұжырымдау, бұл әдістің мүмкіншілігін әлдеқайда кеңейтті.

Қазіргі кезде агрегаттар – модульдер негізіндегі техника өндірісіне көшу күн тәртібінде тұр. Модульдік принцип радиотехника мен құрал-жабдықтар өндірісінде кең таралған; бұл бейімделгіш өндіріс жүйесі мен работтехникалық кешендер жасауда негізгі әдіс.

5. Кешенді стандарттау. Кешенді стандарттауда нақты мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында кешенді стандарттау нысанының толық өзіне және де оның негізгі элементтеріне мақсат бағытында және жоспарлы өзара байланыстағы талаптар орнату мен қолдану іске асырылады. Өнімдерге қолданыста – бұл дайын бұйымдар сапасына, оларға қажетті дайындайтын шикізат, материал және желілер бөлшектеріне, сондай-ақ сақтау жағдайлары мен тұтынуына (эксплуатация) өзінің деңгейі бойынша өзара байланысқан талаптар орнату мен қолдануды атқару.

Мысалы, трансформаторлардың кешенді стандарттау бағдарламасын іске асыруда трансформаторлар жаңа МСТ әзірлеумен қатар, басқа 36 өзара байланысқан стандарттарды қайта қарау және жасау қажет болды. Атап айтқанда, трансформаторларды дайындауда қолданылатын бұйымдар мен материалдар стандарттары: электртехникалық жұқа болат қаңылтыр және оны сынау әдістері; электроқшаулағыш картон және оның беріктігі мен электроқшаулағыш қасиеттерін анықтау әдістері; электрсымның орам қағазы; фарфорлы оқшаулағыштар, оқшаулағыш материалдар (текстолит, шыны текстолит). Жұқа болат қаңылтырдың дәл геометриясын қамтамасыз ететін станоктың дәлдік нормасы стандарттары әзірленді және нақтыланды. Электроқшаулағыш картонының қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін сульфатпен жақсартылған целлюлозаның стандарты әзірленді. Сонымен, трансформаторлардың кешенді стандарттау бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруда өнеркәсіптің көптеген салаларының қатысуы қажет болды.

Өтпелі кезеңнің алғашқы он жылдығында стандарттау жұмыстарына қаржы бөлінуінің күрт қысқаруына байланысты, кешенді стандарттау жұмыстары шектеулі көлемде ғана орындалады.

Қазіргі кезде түрлі салалар бойынша көптеген кешенді стандарттау бағдарламалары жасалынып, оның жұмыстары іске асырыла бастады.

Кешенді стандарттаудың өзінше ерекше формасы – кешенді сертификаттау болып есептелінеді.

6. Озық стандарттау. Бұл әдіспен стандартта белгіленген норма мен талаптарға өндірістік тәжірибеде іс-жүзінде жеткен және сай нысандарға одан да жоғары норма мен талаптар дайындайтын стандарттау жұмыстары жасалынады.

Стандарттар тек қана ғылым мен техниканың жеткен деңгейін ғана іске асырмауы қажет. Олар көптеген өнімдердің моральді көнеруінің (ескіруі) жоғары қарқынынан техникалық алға басуды тежеуі мүмкін. Стандарттар техникалық алға басудың тоқтап қалмауы үшін өнеркәсіптік өндірісті қамтамасыз ету мерзімін көрсете сапаның болашақтағы көрсеткіштерін белгілеуі қажет. Озық стандарттар сериялық өндірісі әлі бастала қоймаған немесе бастапқы сатыдағы өнімнің болашақ түрлерін стандарттауы қажет.

70-80 жылдары озық стандарттар «сатылы стандарттар» - деп аталатын түрде жасалына бастады. Ол стандарттарда сапа көрсеткіштеріне бірте-бірте өсе түсетін талаптар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген бірнеше сатылар болды.

Сатылы стандарттарда бес және одан да көп саты болуы мүмкін. «Көпсатылы» стандартқа, АҚШ –та 60-шы жылдардың аяғында әзірленген жаңа шығарылатын жеңіл автомобильдер үшін міндетті пайдаланылған газдардағы негізгі уытты заттардың мүмкіндік шегінің мөлшері стандарттары мысал бола алады. Бұл стандарттар жанған өнімдегі уытты қоспалардың жыл сайынғы (1970 жылдан бастап) міндетті азаю мөлшерін ескеруінің нәтижесінде 1975 жылы анығында жету қажет болатын шекке жетті.

Озық стандарттауға біздің елімізде мемлекеттік стандарт ретінде қабылдауға дейін алға басқан халықаралық стандарттар мен кейбір шетелдер стандарттарын сала стандарттарында (кәсіпорын стандарттарында, қоғамдық мекеме стандарттарында) қолдануды жатқызуға болады /3/.

 

3.2. Мемлекеттік стандарттар әзірлеу тәртібі

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі 1.2. ҚР СТ белгіленген. Ұйымдастырудың ыңғайлығын қамтамасыз ету мен стандарттарды пайдалану (қолдану) мезгілін дайындауға жағдайлар жасау мақсатындағы стандарттау жұмыстары келесідей әзірлеу кезеңдерінен тұрады /20,21,22,23/:

1) стандарт әзірлеуді ұйымдастыру;

2) стандарт жобасын әзірлеу (бірінші және келесі редакциялар);

3) стандарт жобасын әзірлеу (соңғы редакция) және оны қабылдауға ұсыну;

4) стандартты қабылдау мен мемлекеттік тіркеу;

5) стандарт басып шығару.

Стандарттаудың халықаралық және ұлттық ұйымдары тұтынушылардың стандарттар жасау жұмыстарына қатысуына көп көңіл бөледі. Олардың кейбірі техникалық бақылау жұмыс топтары мәжілістеріне тұтынушылардың қатысуына қаражат бөлсе, кейбір мекемелер өкілдері шығынды өздері өтейді. Бұл жағынан әртүрлі салаларға арнап 10 мыңнан астам стандарт дайындаған, оның ішінде балалар тағамдарына да стандарттар жасаған американдық тәжірибе, нақты ASTM қызықтырады. Мысалы, ASTM-да тұтынушылар мүдделерін зерттеу мен нәтижелерді тиянақтауға арнап 50 мың доллардан аса қор жиналды.

Стандартты тұрғындардың, халық шаруашылығы мен ел қорғанысы сұраныстарына сәйкестігін сақтап тұру мақсатында тексеріп тұрады. Тексеру нәтижелерін ескере қажетті жағдайларда стандарттарға өзгертулер әзірлейді, қайта қарайды (қолданыстағы стандарттарды ауыстыруға жаңасын әзірлейді) немесе стандарттарды жояды.

Стандартқа өзгерту стандарттың кейбір жеке талаптарын ауыстырғанда, толықтырғанда немесе алып тастағанда жасалынады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.