Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 3 страница



Екі жағдайда да міндеттіге жататын техникалық шарт талаптары мен келісім жасауды қажет етпейді. Бұл жағдайда техникалық шарттарда сәйкес мемлекеттік стандартқа сілтеме келтіріледі.

Жоғарыда атап өтілген стандарттар категорияларына жалпының қолы жетерлік. Стандарттардың басқа категориялары – фирмалық немесе салалықтар ондай болса да, бірқатар елдерде олардағы құқықтық нормаларға сәйкес пайдаланылуы мүмкін /3,14,22/:

 

Стандарттар категориялары

Стандарттар қолданылу аясы мен шаруашылық қызмет басқарудың түрлі деңгейлерінде бекітілуіне (қабылдауына) қарай бөлінеді. Стандарт статусын – қолданылу аясы мен бекітілу (қабылдану) деңгейіне байланысты шартты түрде стандарт категориясы дейміз. Ол төмендегідей түрде болады /3/.

Мемлекеттік стандарт (ҚР СТ) – Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті қабылдаған стандарт. Құрылыс саласындағы стандарттарды ҚР Құрылыс істері жөніндегі комитеті қабылдайды.

ҚР мемлекеттік стандарттары (әрі қарай – мемлекеттік стандарт) нысандарына мыналар жатады:

- салааралық қолданыстағы ұйымдастыру - әдістемелік және жалпы техникалық нысандар;

- салааралық мақсаттағы өнімдер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.

Ұйымдастыру - әдістемелік және жалпы техникалық нысандарды стандарттауда өнімді әзірлеу, дайындау, пайдалануда және көрсетілетін қызметтерде техникалық бірыңғайлылықты қамтамасыз ететін шарттар орнатылады, мысалы:

- стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- өнімді өндіріске әзірлеу және қою;

- техникалық, басқарушылық және ақпараттық-библиографиялық құжаттамалардың рәсімделу ережелері;

- өнім сапасын қамтамасыз ететін жалпы ережелер;

- типтік размерлі қатарлар мен типтік конструкциялар;

- техникалық-экономикалық ақпараттарды жіктеу мен кодтеу;

- метрологиялық және басқа жалпы техникалық ережелер мен нормалар.

Өнімдерді (көрсетілетін қызмет) стандарттауда мемлекеттік стандарттарға кіргізіледі:

- тұтынушының өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім (көрсетілетін қызмет) сапасына міндетті талаптар;

- қоршаған ортаны қорғау, сыйысымдылық пен өзара алмасымдылық;

- міндетті талаптарға сәйкестілікті бақылау әдістері;

- өнімнің міндетті талаптары мен қауіпсіз пайдалану ережелерінің орындалуы туралы ақпарат сияқты маркілеу әдістері.

Мемлекеттік стандарттың белгіленуі: тіркеу нөмірі, сызықша және стандарттың қабылданған жылының соңғы екі цифры, индекс (ҚР СТ).

Стандарттар кешеніне (жүйесіне) кіретін мемлекеттік стандарттардың белгіленуінде – тіркеу нөміріндегі бірінші цифр нүктесімен мемлекеттік стандарттар кешені шифрын көрсетеді.

Мемлекеттік стандарттарды атқарушы биліктің федеральдік органдары мен шаруашылық қызмет субъектілері мына бағыттарда қолданады:

- өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (әзірленуінен бастап пайдаланылуына және кәдеге жаратуға дейін);

- өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (әзірленуінен бастап пайдаланылуына және кәдеге жаратуға дейін);

- жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындағанда;

- техникалық құжаттама әзірлеуде.

Мемлекеттік стандарттарды қолдану - бәрінен бұрын, олардағы міндетті талаптарды іске асыру. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша тапсырыс беруші мен орындаушы келісіміне өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет) стандарттарының міндетті талаптарына сәйкестігі туралы шартты кіргізуге міндетті. Келісімде сәйкестік туралы шарт кіргізілмесе де келісім жасаушыларға стандарттың міндетті талаптарына орындау міндеті жүктеледі.

Мемлекеттік стандарттаудың міндетті талаптарын толықтыратын талаптарды, егер олар келісім-шарт пен дайындаушының техникалық құжаттамасына енгізілген болса, шаруашылық-қызмет субъектілері міндетті түрде сақтауы (орындауы) қажет.

Қазақстан Республикасы пайдаланатын Мемлекетаралық стандарттар (МСТ) ел территориясында Мемстандарт қаулысы іске қосылысымен, құжаттарды қайта рәсімдемей-ақ қолданысқа енген.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, келісу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, қолданысқа енгізу, қолдану, сондай-ақ оларды жүргізудің тәртіптерін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілеттік орган белгілейді. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіміне тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолданылуға жатпайды.

Сала стандарттары(ССТ)* өздерінің құзыретінің шегі салалық мақсаттағы өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты болатын мемлекеттік басқару органдарымен (мысалы, министрлік) әзірленеді және қабылданады.

Аталған органдардың құзыреті, олар туралы қағидалар орнату және бекітумен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы туралы қағидалары мен бірыңғай нормативтік құжаттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану, күтіп-баптау және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы және тағы сол сияқтылар бойынша сала стандартын (ССТ) ауыл шаруашылығы министрлігі бекіту қаралған.

Сала стандарттарын (мемлекеттік стандарт сияқты) екі нысанға әзірлейді:

1) ұйымдастыру-техникалық және жалпы техникалық нысандарға;

2) өнімдер, процестер және көрсетілетін қызметтерге.

Бірақ, ССТ нысандары салалық мақсатта болады.

Ұйымдастыру-техникалық және жалпы техникалық нысандарға, мыналар мысал бола алады: салалық стандарттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; салада метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастыру; салада қолданылатын бұйымдардың (ерекше бекіткіш, құрал және басқалары) типразмерлік қатарлары мен типтік конструкциялары.

Сала стандарттары нысандары – салалық мәндегі өнімдер. Олардың мысалдарына мыналарды жатқызуға болады: балық өнімдеріне арналған картон қораптары (әдетте картон қораптары МСТ нысандарына жатады); ет-сүт кәсіпорындары жұмысшыларына арналған жұмыс аяқкиімі (әдетте былғары, резеңке аяқкиімдер МСТ нысандарына жатады).

Стандартты қабылдаған мемлекеттік басқару органдарына ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар салалық стандарттарды қолданады (сақтайды-мәнінде). Бірақ, салалық стандарттарды міндетті орындау шарты өнім шығарушының (жеткізуші) келісім-шартында немесе техникалық құжаттарында оған сілтеме жасалынуына байланысты. Басқа шаруашылық қызметтеріндегі субъектілер салалық стандарттарды еркіне қарай қолданады.

Сала стандартын белгілеу: министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі, тіркеу нөмірі, сызықшадан кейін стандартты бекіткен жылдың соңғы екі цифры және индекстен тұрады. Мысалы, «Негізгі ағаш және бұта өсімдіктерінің екпе және тікпе көшеттері. Техникалық шарттары» 56-98-93 ССТ. Ондағы 56 цифры сала стандартын бекіткен орман шаруашылғы қызметінің шартты белгісі, 98-тіркеу нөмірі, 93-стандарттың бекітілген жылы, ССТ – индекс.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық бірлестіктер стандарттары (БСТ). Бірлестіктер стандарты – тиісті қоғамдық бірлестігімен қабылданған құжат (1.1 ҚР СТ). Ескерте кететін жәйт, стандартта тиісті қоғамдық бірлестік атауын көрсетеді. Мысалы, «Инженерлік қоғам стандарты».

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер білімінің түрлі салаларында алынған нәтижелерін тарату мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданады. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың, техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек.

Бірлестіктер стандарттары техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітіледі және тіркеледі.

Бірлестіктер стандарттары нысандарына жатады:

1) өнім мен көрсетілетін қызметтің принципті жаңа түрлері;

2) сынаудың жаңа әдістері;

3) әзірлеу, дайындау, сақтаудың дәстүрлі емес технологиялары мен өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа принциптері және іс-қызметтердің басқа да түрлері.

Бірлестіктер стандарттары белгілі бір білім төңірегі мен кәсіби мүдделер шеңберінде алынған іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін динамикада көрсету мен тарату үшін әзірленеді.

Өнімнің (қызмет көрсетудің) принципті жаңа түрін, дәстүрлі емес технологияны және жаңа сынау әдістерін әзірлеу – ғылыми-зерттеу мекемелері жұмыстарының нәтижелері. Бұрын бұл стандарттарды әзірлеуді сала министрліктері ұйымдастыратын. Қазір көптеген салалық өнеркәсіп министрліктерінің жоқтығынан бұл функцияны ғалымдар мен тәжірибешілерді біріктіретін, белгілі бір ғылым мен техниканың төңірегіндегі ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар атқарып жүр.

Егер, жаңа химиялық әдістер әзірлеу міндеті тұрса, онда оның шешімін химия қоғамының, ал құрылыс төңірегіндегі мәселелерді ғылыми-техникалық мамандары шешуі тиіс.

Бірлестіктер стандарттары авторлық құқық нысаны болып есептелінеді және оны ой-саналық меншік ретінде стандартқа тапсырыс берушілерге сату ғылыми-техникалық қоғамның ғана емес, бірлестік стандартын әзірлеушілердің де материалдық жағдайларын жақсартады.

Бірлестіктер стандарттарында адам, мүлік және қоршаған орта қауіпсіздігі қаралатын шарттар болса, онда олар сәйкес қадағалау органдарымен келісілуі керек.

Бірлестіктер стандарттарының талаптары мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптары деңгейінен төмен болмауы қажет.

Бірлестіктер стандарттарының белгісі: қоғам аббревиатурасы, тіркеу нөмірі, сызықтан кейін стандартты бекіткен жылдың соңғы екі цифры, индекстен (БСТ) тұрады. Мысалы: ҚБҚ 10.1-95 БСТ, онда ҚБҚ – Қазақстан бағалаушылар қоғамы.

Стандарт ретінде өнім мен технологияның және оларды апробациялаудың жаңа түрлеріне бірлестіктер стандарттарын қолдану (пайдалану) барысында стандарттау нысандарына талаптар белгіленеді. Нәтижесінде бірқатар жағдайларда, өзін іспен көрсеткен БСТ негізінде мемлекеттік стандарт әзірлеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, Ресейдің бірлестік стандарты негізінде 1996-1997 жылдары мүлікті бағалаудың кешенді мемлекеттік стандарты әзірленді.

Егер отандық стандарттау үшін БСТ – стандарттың жаңа категориясы болса, шетелдерде бұл категория бұрыннан және кеңінен қолданылады.

Шетелдер бойынша бұл категория АҚШ-те кең таралған. АҚШ –ғы қолданыстағы ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар құрылымы мен пайдалануы бойынша біркелкі емес. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: мүшелері фирмалар, сондай-ақ жеке тұлғалар да болатын ғылыми-техникалық қоғамдар; тек қана жеке мүшелері болатын кәсіби қоғамдар. Осы қоғамдардың көпшілігі ғылым мен техниканың түрлі салаларында ғылыми-зерттеулердің дамуы арқасында пайда болды, ал стандарттаудың өзімен олар кештеу айналыса бастады.

Өте ықпалды инженерлік қоғам болып, тіпті 1989 жылы құрылған Американың сынау мен материалдар жөніндегі қоғамы (ASTM) саналады. Қоғамға жеке тұлғалар (мүше), компания, ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындары кіреді. Қоғам жұмысына директорлар Кеңесі мен Техникалық комитеттер жетекшілік жасайды. Әр комитет үш топ өкілдерінен тұрады: дайындаушылар, тұтынушылар және сарапшы ретінде қатыстырылатын тікелей мүдделі емес тұлғалар.

ASTM өздерінің стандарттарын жеке кітапша, толық жинақ қылып та және «Материалдар қасиеттерін зерттеу және стандарттар» журналы түрінде де басып шығарады. Әкімшілік аппарат ғылыми-зерттеу жұмыстары мен стандарттау жұмыстарының мүшелік жарнасынан және баспа материалдарын сатудан түскен қаражаттармен қаржыландырылады.

Кәсіпорын стандарттарын (КСТ) шаруашылық қызмет субъектілері мынандай жағдайларда жасайды:

1) кәсіпорында мемлекеттік стандарттар, сала стандарттары және басқа категориялар стандарттарын қолдануды қамтамасыз ету үшін;

2) сол кәсіпорында жасалынатын және қолданылатын өнім, процесс және көрсетілетн қызметтер (өнімнің құрамдас бөлшектері, құрал-сайман, технологиялық процестер және сол сияқтылар) үшін.

Кәсіпорын стандарттарын кәсіпорын (кәсіпорын бірлестігі) жетекшісі бекітеді. Кәсіпорын стандарты сол кәсіпорын қызметкерлері үшін міндетті, сондықтан оның МСТ, ҚР СТ, сондай-ақ ССТ-дан айырмашылығы жергілікті нормативтік акт болып саналады.

Сонымен, кәсіпорын стандарттарының негізгі мақсаты – ішкі міндеттерді шешу. Мысалы, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы процесін регламенттеу. Қазіргі кезде ол кәсіпорында қолданылып жүрген өнім сапасын қамтамасыз ететін жүйенің негізгі ұйымдастыру - әдістемелік құжаты болып саналады.

Кәсіпорын стандарттарының белгіленуі – стандарттың тіркеу нөмірі, сызықтан кейін оны бекіткен жылдың соңғы екі цифры және индекстен тұрады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңындағы нормаға сәйкес жеткізілетін өнімге (көрсетілетін қызметке) де кәсіпорын стандартын әзірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда өнімнің жеткізілуінің (қызмет ету) келісім-шартына сәйкес оған сілтеме жасалынады, ал осы стандарттар талаптарын келісуші шаруашылық қызмет субъектілері міндетті түрде сақтауы (орындауы) қажет. Сонда да Қазақстанның тәжірибесінде жеткізілетін өнімге кәсіпорын стандарттары таралмаған. Шетелдерде фирмалық кәсіпорын стандарттары (фирмалық стандарттар) шығарылатын өнімнің нормативтік құжаттар сияқты кеңінен қолданылады. Онымен қоймай фирмалық стандарттардың өнім сапасына қоятын талаптары басым. Тек қана өнім сапасының талаптары мемлекеттік және халықаралық стандарттармен салыстырғанда артық болғанда ғана фирма бәсекелестікте табысқа жетеді.

Стандарттарды халықаралық, аймақтық, ұлттық, әкімшілік-территориялық категориялары – деп те бөлуге болады. Олар стандарттау жөніндегі сәйкес халықаралық, аймақтық, ұлттық, территориялық органдармен қабылданады. Стандарттардың осы барлық категориялары тұтынушылардың кең шеңберіне арналған. Стандарттарды өзгерістер енгізуге және ИСО/МЭК терминологиясына сәйкес «техникалық танымал ереже», немесе ғылыми-техникалық прогресс деңгейіне талаптарының сәйкестенуі үшін олардың осы күнгі қолданыстағы нормаларын ауық-ауық қайта қарап тұрады /3,18,19,20/.

 

2.3. Стандарттау мақсаттары мен принциптері және функциялары

Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттаудың жалпы мақсаты - өнім, процесс және көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша тұтынушылар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау. Стандарттау қызмет ретінде мына мақсаттарға жетуге бағытталған:

1) өнімдер, процестер (жұмыстар) және көрсетілетін қызметтерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар (бұдан әрі – талаптар) белгілеу;

2) өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің адам өмірі, денсаулығы және мүліктерінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;

3) саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

4) өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

5) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

6) ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

7) елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

8) табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

9) өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

Стандарттау принциптері. Стандарттау ғылым және қызмет сияқты, белгілі бір түпкі қалыптар – принциптерге негізделген. Стандарттау принциптері – стандарттарды әзірлеу процесінің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, оның халық шаруашылығын басқаруға қажеттілігін дәлелдейді, тиімді пайдалану жағдайлары мен даму тенденциясын анықтайды.

Стандарттаудың маңызды принциптері мыналар:

1) Өнімді (көрсетілетін қызметті) әзірлейтін, орындайтын (жасайтын), ұсынатын және тұтынатын тараптар (жақтар) мүдделерінің теңдестірілуі. Стандарттау жұмыстарына қатысушылар өнім дайындаушы (шығарушы) мен қызмет көрсетуді орындаушы бір жағынан, тұтынушы талаптары екінші жақтан консенсус – ортақ келісім табуы тиіс, яғни, мүдделі жақтардың көпшілігі келелі мәселелер бойынша қарсы болмауы, барлық жақтың ойын ескеруге тырысуы және алшақ көзқарастарды сәйкестенуге жақындатуы керек. Консенсус-толық бірауызды ұйғарым емес.

2) Стандарттаудың жүйелілігі мен кешенділігі. Жүйелілік –ол, әр нысанды өте күрделі жүйенің бөліктері сияқты қарау. Мысалы, бөтелке тұтыну ыдысы ретінде, тасымалдау ыдысы – жәшіктің бөлігі болып кіреді, жәшік контейнерге салынады, ал контейнер тасымалдау көлігіне орналасады.

Кешенділік күрделі жүйенің барлық элементтерінің сәйкестілік ұйғарымы.

3) Стандарттың әрекеттілігі мен озық дамуы. Белгілі болғандай, стандарттар ел шаруашылығындағы шынайы бар заңдылықтарды модельдейді. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс техникаға, басқару процестеріне өзгертулеренгізеді. Сондықтан, стандарттар болып жатқан өзгерістерге бейім болуы керек.

Әрекеттілік – стандарттарды кезеңді тексерулермен, оларға өзгертулер енгізумен, нормативтік құжаттарды жоюмен қамтамасыз етіледі.

Қайтадан жасалынатын стандарт моральді ескіруге аз ұшырау үшін қоғам дамуынан озық болуы қажет. Озық даму стандартқа болашақты талаптарды өнім номенклатурасына, сапа көрсеткіштеріне, бақылау әдістеріне және басқаларға енгізумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, озық даму халықаралық және аймақтық стандарттарының басқа елдердің прогрессивті ұлттық стандарттарының нормативтік құжаттарын – стандартты әзірлеу этапында ескеру арқылы қамтамасыз етіледі.

4) Стандарттаудың тиімділігі. Нормативтік құжаттарды пайдалану экономикалық немесе әлеуметтік нәтиже (әсер) беруі қажет. Тікелей экономикалық нәтижені қорларды үнемдеуге, сенімділікті арттыруға, техникалық және ақпараттық сыйысымдылыққа апаратын стандарттар береді. Адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар әлеуметтік нәтижені қамтамасыз етеді.

Стандарттауға қаражат жұмсау мемлекетке тиімді: бұл жұмысқа бағытталған 1 доллар халықаралық тәжірибе көрсеткендей, 10 доллар кіріс әкеледі.

5) Өнім (көрсетілетін қызмет) қауіпсіздігін, сыйысымдылығын және өзара алмасушылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін стандарттарды әзірлеудің басымдылығы. Бұл мақсатқа стандарттар талаптарының заңнама нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету жолымен жетеді және ол мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын регламенттеу мен сақтау (орындау) жолымен іске асырылады.

Стандартқа қойылатын маңызды талап – оның сертификаттау мақсаттарына жарамдылығы. Міндетті талаптары мәтінде анық көрсетілген және олардың объективті тексеру әдістері мазмұндалған стандарттар «міндетті стандарттар» болып есептелінеді және көрсетілген талапқа жауап береді.

6) Үйлесімділік. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді қарайды. Халықаралық саудада кедергі келтірмейтін стандарттар әзірлеуге мүмкіндік беретін, бірақ біздің еліміздің, сондай-ақ шетелдік (аймақтық) стандарттау жөніндегі мекемелерімен қабылданған, бір және басқа да нысанға жататын құжаттардың бірізділігін қамтамасыз ету.

7) Стандарт ережесі мазмұнының айқындылығы. Норманың екі мақсатта түсіндірілу мүмкінділігі, нормативтік құжатта елеулі қатенің болғандығын көрсетеді. Стандарттың өрнектелуі анық, түсінікті болуы қажет.

Стандарттаудың функциялары. Стандарттау әлеуметтік және техникалық – экономикалық мақсатқа жету белгілі бір функциялар атқарады.

1. Реттеу функциясы – нысандарды жөнсіз көптүрліліктен арылту (өте ұлғайтып жіберген өнім номенклатурасы, қажетсіз көптүрлі құжаттар).

Бұл қызмет қарапайымдау мен шектеуге әкеледі. Тұрмыстық тәжірибе бойынша: нысан неғұрлым өте реттелген болса, ол соғұрлым мүліктік және табиғи ортаның талаптары және заңдарына үйлесіп тұрады.

2. Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнім (көрсетілетін қызмет) тұтынушылардың, дайындаушылар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өркениеттің техногендік әсерінен табиғатты қорғауға адамзат күшін біріктіру.

3. Қор сақтау функциясы. Стандарттаудың қор сақтау қызметі материалдық, қуаттық, еңбектік және табиғи қорлардың шектеулілігінен туындайды, сондықтан нормативтік құжаттарда қорлардың шығындалуына негізделген шектеулер қойылады.

4. Байланыстық (қатынастық) функция. Бұл функцияда адамдар қатынасы мен бірескен өзара іс-әркеттері қамтамасыз етіледі, жекелегенде, құжаттамалық құралдар, хабарлама беретін аппараттық (компьютерлік, серіктік және басқа) жүйелер мен арналарды пайдалану немесе жеке мамандар алмасу.

5. Өркениеттендіру функциясы. Ол жақсы өмір сүру үшін өнім мен көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Мысалы, мемлекеттік стандарттардың тағамдық өнімдер, ішетін су, темекілердегі зиянды заттардың мөлшеріне қатаң талап қоюынан еліміздің тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы байланысты болады. Бұл мақсатта стандарттар еліміздің қоғамдық даму дәрежесін, яғни өркениеттену деңгейін көрсетеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.