Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 2 страница



Техникалық шарттар құжаты (technical specification)* өнім, көрсетілетін қызмет, процеске техникалық талаптар орнатады. Әдетте техникалық шарт құжатында қажетті жағдайда сол нормативтік құжат талаптары сақталуын тексеруге пайдаланылған тәртіптер немесе әдістер көрсетілуі қажет.

Ережелер, біріншіден – стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу сферасында өндірістік процестердің белгілі бір түрін орындағанда сақтау міндетті болатын типтік-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелер, жалпы принциптер, сипаттамалар, нормалар, екіншіден – осы жұмыстар нәтижелерін рәсімдеуге міндетті талаптар болатын Мемстандартпен қабылданған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат /14,15,16/.

 

 


1-кесте

Қазіргі әлемдегі стандарттау жөніндегі құжаттар иерархиясы

Деңгейлер Құжаттар Құжаттар қабылдайтын ұйымдар мен органдар
Халықаралық ИСО халықаралық стандарттары, МЭК жарияланымдары, халықаралық ТЭА жіктеуіштері Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ИСО) Халықаралық электртехникалық комиссия (МЭК) және басқалары.
Аймақтық СЕН стандарттары мен СЕНЭЛЕК стандарттары (еуростандарттар). Мемлекетаралық стандарттар (МСТ) мен жіктеуіштер Еуропалық стандарттау жөніндегі ұйымдар (СЕН және СЕНЭЛЕК) және басқалары, ТМД Мемлекетаралық Кеңесі (ТМД МК)
Ұлттық Германия ұлттық стандарттары (ДИН) Жапондық ұлттық стандарттар (ЖИС) және басқалары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ) мен техникалық – экономикалық ақпараттар жіктеуіші (ҚР ТЭАЖ) Қоғамдар стандарттары (ҚСТ) Ұлттық стандарттау жөніндегі органдар (ДИН, ЖИС, БСИ, АФНОР және басқалары)   Қазақстан Мемстандарты Қазақстан құрылысстандарты     Ғылыми және инженерлік қоғамдар
Шаруашылықты субъектілері Кәсіпорын (КСТ), фирма стандарттары: кәсіпорын бірлестіктері, бірлестіктерге кіретіндер кәсіпорындар немесе оларға кірмейтіндер. Техникалық құжаттама (ТҚ): конструкторлық, технологиялық, жобалық-құрылыстық Кәсіпорындар (фирмалар) мен кәсіпорындар бірлестігі басшылығы     Кәсіпорындар (фирмалар) мен кәсіпорындар бірлестігі техникалық жетекшілері

 


Стандарттау жөніндегі ережелер ешуақытта өнім мен көрсетілетін қызметтердің өзіне әзірленбейді, тек қана мына жағдайларда ғана болмаса:

- сәйкес негіз қалаушы ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық стандарттардың міндетті талаптары жеке нақты болу қажеттілігінде;

- ондай стандарттар болмағанда (белгілі бір ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық қатынастарды өте жедел реттестіру үшін);

- сәйкес ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық стандарттар дәлелденген жағдайларда әзірлеу мен қабылдау дұрыс болатынында.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, техникалық регламенттер міндетті талаптарын орындауды мемлекеттік бақылау мен қадағалау, лицензиялау, акредиттеу, сертификаттау, метрология, стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару міндеттерін шешуге байланысты нақты өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді. Стандарттау жөніндегі ережелерді Қазақстан Мемстандарты мен Мемқұрылысы қабылдайды. Егер олар Қазақстан Әділет министрлігінде тіркеуден өткен болса, ондағы талаптар міндетті болады.

Стандарттау жөніндегі ережелерді құрастыру, баяндау, рәсімдеу мен олардың мазмұны 1.5 ҚР СТ бойынша іске асырылады /19/.

Ережелер – хабарлау, нұсқаулар, ұсыныстар немесе талаптар нысаны бар нормативтік құжаттың мазмұнының логикалық бірлігі.

Ережелер әдістемелік немесе сипаттамалық болып келеді.

Әдістемелік ереже – нормативтік құжаттар талаптары сәйкестігіне жету тәсілдерін көрсетеді. Осындай ережесі бар нормативтік құжатты «әдістемелік стандарт» - деуге болады.

Сипаттамалық ереже - өнім, процесс (жұмыс) және көрсетілетін қызмет сипаттамаларына қатысты мақсат сәйкестігі туралы ережелер. Одан басқа нормативтік құжатта стандарттау нысанын пайдаланғандағы, оның «тәртібі» сипатталатын пайдалану (эксплуатация) ережесі болады.

Ережелер жинағы алдыңғы нормативтік құжат сияқты, жеке өзінше стандарт немесе құжат және сондай-ақ стандарттың бөлігі болуы да мүмкін.

Әдетте ережелер жинағы жобалау, жабдықтар мен конструкцияларды құрастыру, нысандар, конструкциялар, бұйымдарға техникалық қызмет көрсету немесе пайдалану процестері үшін әзірленеді. Құжаттағы техникалық ережелер ұсыныс сипатында болады.

Жоғарыдағы барлық аталған нормативтік құжаттар ұсыныс түрінде болып келеді.

Регламент – міндетті құқықтық нормалары болатын құжат. Регламентті басқа нормативтік құжаттар сияқты стандарттау жөніндегі орган емес, билік органы қабылдайды.

Регламенттердің түрі – техникалық регламентте стандарттау нысандарына техникалық талаптар болады. Олар құжаттың тікелей өзінде беріледі, немесе басқа нормативтік құжатқа (стандарт, техникалық шарттар құжаты, ережелер жинағы) сілтеу жолымен көрсетіледі.

Кейбір жағдайларда техникалық регламент толық нормативтік құжатқа енгізіледі. Техникалық регламенттер, әдетте әдістемелік құжаттармен, тәртіп бойынша регламент талаптарына өнімнің (көрсетілетін қызмет, процесс) сәйкестігін тексеру немесе бақылау әдістері жөніндегі нұсқауларымен толықтырылады. Қазақстанда Техникалық регламенттер ретінде ҚР техникалық заңнамалары, техникалық сипаттағы талаптар болатын ҚР Президенті Жарлығы мен Үкімет қаулылары, міндетті талаптар болатын стандарттар, сондай-ақ техникалық нормалар мен арнаулы мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының ережелері қаралады /12/.

Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші – техникалық-экономикалық ақпарат нысандарының жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.

Ұсынымдар - жұмыстарды орындаудың ұйымдастыру-техникалық және (немесе) жалпы техникалық қағидаларының тәртіптеріне, әдістеріне арналған қолдануға ерікті мәндегі құжат.

Ұсынымдар – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және іске асыру міндеттерін шешумен байланысты нақты өндірістік процестер мен олардың элементтеріне әзірленеді.

Ұсынымдардағы болатын қағидалар ерікті болып келеді.

Ұсынымдар стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай да бір болмасын қызметтің түрін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейді.

Ұсынымдарды құруға, рәсімдеуге, мазмұнына, жазуға, оларды әзірлеудің, келісудің, бекітудің, тіркеу мен қолданудың тәртібіне қойылатын талаптарды техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

ҚР стандарттау жүйесі халықаралық тәжірибелер нәтижелерін жинақтай келе, олардың стандарттау ережелері, нормалары және тәжірибелеріне сәйкестене түсті, бірақ оның да халықаралықтардың талаптарына қайшы келмейтін отандық мол тәжірибесі ерекшеліктері де бар.

Еліміздің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен белгіленген және оларға мыналар жатады /12/:

1) халықаралық стандарттар;

2) аймақтық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары.

Қазір біздің елімізде ҚР заңнамаларына қайшы келмейтін бұрынғы КСРО стандарттарының барлығы қолданыста.

Өнімнің нормативтік құжаттарына ерекше талаптар қойылады. Және олар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттауға жатады. Нормативтік құжатта сертификаттау арқылы расталатын өнімнің талаптары және де өнімнің маркілену тәртіптері, сәйкестігін белгілеу үшін пайдаланатын бақылау (сынау) әдістері көрсетілуі қажет.

Қазақстанның нормативтік құжаттарының мазмұнын қарайық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) –уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт /3,14/.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртіптерін уәкілетті орган белгілейді.

Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;

2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді.

Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.

Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттік стандарттарда:

- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі қажетті талаптар;

- өнімді, көрсетілетін қызметті жіктеуге қойылатын талаптар;

- өнімнің бірізділік, үйлесімділік және өзара алмастырушылық көрсеткіштері;

- терминдер мен анықтамалар;

- өнімнің, көрсетілетін қызметтің тұтыну қасиеттері мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткіштері;

- қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелері;

- сапасы мен қауіпсіздігін сынау әдістері;

- қорлардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

- сапа менеджменті жүйелері мен экологиялық менеджментті енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- белгілі бір қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгіленуі мүмкін.

Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізіндегі стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескеріледі.

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың бекітілген бағдарламалары мен жоспарлары уәкілетті органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйесінде жарияланады.

Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік стандарттарды қажеттілігі салааралық сипаттағы өнім, жұмыс және көрсетілетін қызметтерге әзірлейді. Стандарттың бұл категориясын Қазақстан Мемстандарты, ал егер олар құрылыс, сәулет, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларына жатса – Қазақстан Мемқұрылысы қабылдайды.

Мемлекеттік стандарттарда стандарттау нысаны талаптарын орындауға арналған міндетті және ұсынылатын талаптар болады.

Міндетті талаптарға мыналар кіреді:

- адам денсаулығы үшін өнім, көрсетілетін қызмет, процесс, қоршаған орта, мүлік қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік және санитарлық нормалар;

- бұйымның техникалық және ақпараттық сыйысымдылығы мен өзара алмасушылығы;

- бақылау әдістерінің бірлігі және маркілеу бірліктері.

Қауіпсіздік талаптары ерекше маңызды бола бастады, олай болатыны өнім қауіпсіздігі - сертификаттау сәйкестігінің басты аспектісі. Міндетті сипаттағы талаптарды, мемлекеттік басқару органдары мен меншік формасына қарамай, барлық шаруашылық қызметті субъектілері сақтауы қажет.

Стандарттағы қауіпсіздік талаптарына мыналар жатады:

- электр, өрт, жарылыс және радиация қауіпсіздіктері;

- химиялық және ластайтын заттар концентрациясының жіберілу шегі;

- машина мен жабдықтарға көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі;

- қорғау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қоршау, машина қозғалысын шектеуіштер, апаттық сигнализация және тағы сол сияқтылар) шаралары.

Ал, өнімнің жеке түрлерінің стандарттарында мыналар келтірілуі мүмкін:

- қауіптілік сыныбы;

- жабдықтар жұмысында болатын өндірістің қауіпті және зиянды факторларының жіберілу деңгейі;

- заттың адамға әсері және тағы сол сияқтылардың сипаттамалары.

Стандарттар нақты өнім немесе біркелкі өнім топтарының жіберілу қауіпінің барлық түрі мен нормасын көрсетеді. Олар стандарттау нысаны қауіпсіздігін, оның барлық пайдалану кезеңін есепке алып әзірленген.

Тапсырыс беруші мен орындаушы, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына келісім затының сәйкестігі туралы жағдайларын келісім-шартқа қосуға міндетті.

Мемлекеттік стандарттардың басқа талаптары, өнімді дайындаушының (жеткізушінің) немесе көрсетілетін қызметті атқарушының техникалық құжаттамасында сәйкес нұсқау болса ғана келісім жағдайында міндеттіліктің мойындалуы мүмкін және ол талаптарға мыналар жатады:

- өнімнің негізгі тұтыну (эксплуатациялық) сипаттамалары және оларды бақылау әдістері;

- өнімді буып-түю, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату талаптары;

- өндіріс пен эксплуатацияны әзірлеуге қатысты ережелер мен нормалар;

- техникалық құжаттама толтыру тәртіптері;

- метрологиялық ережелер мен нормалар және сол сияқтылар.

Міндетті талаптарға сәйкестілік міндетті сертификаттау ережелері мен тәртіптері бойынша жүргізілетін сынаулармен мақұлданса, өнімнің (көрсетілетін қызметтің) басқа талаптарға сәйкестігі ерікті сертификаттау туралы заңнамалық ережеге лайық мақұлданады.

Кейбір жағдайларда отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің өте жоғары болуын қамтамасыз етуге (ол егер қажет немесе дұрыс болса), стандарттарда дәстүрлі технологияның мүмкіндіктерінен озатын болашақты (алдын-ала) талаптар қойылуы мүмкін. Бұл, бір жағынан жоғарыда айтылған алғашқы (алдын-ала) стандарттар туралы ережеге қайшы келмейді, басқа жағынан – отандық кәсіпорындарға жаңа,алдыңғы технологиялық процестерді енгізуге себеп болады.

Салалық стандарттар белгілі бір сала өніміне қолданылуға әзірленеді. Олардың талаптары мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына, сондай-ақ салаға белгіленген қауіпсіздік ережесі мен нормасына қайшы келмеуі керек. Бұндай стандарттарды ҚР Мемстандарты міндетті талаптарына салалық стандарттар талаптарының сәйкес болуына жауапты мемлекеттік басқару органдары (мысалы, министрлік) қабылдайды.

Салалық стандарттау нысандары болуы мүмкін:

- салада қолданылатын өнімдер, процестер және көрсетілетін қызметтер;

- салалық стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты ережелер;

- салалық қолданыстағы бұйымдардың типтік конструкциялары (құрал-саймандар, бекіткіш бөлшектер және тағы сол сияқтылар);

- саладағы метрологиялық қамтамасыз ету ережелері.

Салалық стандарттардың қолданылу аясы – осы стандартты қабылдаған мемлекеттік басқару органдарына ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындармен шектеледі. Бұл стандарттарды ерікті негізде басқаға бағыныстағы шаруашылық қызмет субъектілері пайдалануы мүмкін. Сала стандарты талаптарын сақтаудың міндеттілік дәрежесі, оны қолданатын кәсіпорынмен немесе дайындаушы мен тұтынушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады. Міндетті талаптардың орындалуын бақылауды осы стандартты қабылдаған ведомство ұйымдастырады.

Кәсіпорындар стандарттарын кәсіпорынның өзі әзірлейді және қабылдайды. Бұл жағдайда стандарттау нысандары болып, әдетте өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды құраушылар, ал оларды белгіленген деңгейге жетілдіру – стандарттаудың басты мақсаты. Одан басқа, кәсіпорындағы стандарттау, осы кәсіпорында өндірілетін өнімді де қамтуы мүмкін. Онда кәсіпорын стандарты нысандары - өнімнің құрамдас бөліктері, технологиялық жабдықтар мен құралдар, сол өнімді өндіру процесінің жалпы технологиялық нормалары болып саналады. Кәсіпорын стандарттарында ішкі сипаттағы алуан түрлі қызмет көрсетулер талаптары болуы мүмкін.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы, кәсіпорындағы стандарттауды – нақты сол кәсіпорынның мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттарды игеруге, сондай-ақ мекемелерден сатып алынатын, шикізат, әрі қарай өңдеуді қажет ететін бұйымдар және тағы басқаларына талаптарды регламенттеуге пайдалануды ұсынады. Бұл стандарттар категориясы осы стандартты қабылдаған кәсіпорын үшін міндетті. Егер өнімді әзірлеу, өндіру, жеткізу немесе қызмет көрсетуді ұсыну келісім-шартында кәсіпорын стандартына сілтеме болса, онда ол бұндай келісім-шартқа қатысушылар – шаруашылық қызметті субъектілерінің барлығына міндетті.

Қоғамдық бірлестіктер (ғылыми-техникалық қоғам, инженерлік қоғам және басқалары) стандарттары. Бұл нормативтік құжаттарды – тәртіп бойынша, өнімдер, процестер немесе көрсетілетін қызметтердің принципті жаңа түрлеріне, сынаудың алғы әдістеріне, сондай-ақ дәстүрлі емес технологиялар мен өндірісті басқару принциптеріне арнап әзірлейді. Осы мәселелермен айналысатын қоғамдық бірлестіктер іргелі және қолданбалы зерттеулердің назар аударуға тұратын және болашақты әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктерін өздерінің стандарттары арқылы таратуды мақсат етіп қояды.

Қоғамдық бірлестіктер стандарттары шаруашылық қызмет субъектілері үшін алғы жетістіктер туралы маңызды ақпарат көзі қызметін атқарады және кәсіпорынның өзінің шешімі бойынша, кәсіпорын стандарттарын әзірлеуде кейбір ережелерді пайдалану үшін олар ерікті негізде қабылданады.

Кәсіпорын стандарттары сияқты, қоғамдық бірлестіктер стандартары да Қазақстанның заңнамаларына қайшы келмеуі керек, ал егер олардың мазмұны қауіпсіздік аспектісіне қатысты болса, онда ол стандарттардың жобалары мемлекеттік қадағалау мекемелерімен келісілуі қажет. Жауапкершілік оны қабылдаған шаруашылық қызмет субъектілеріне жүктеледі. Қазақстан территориясында қабылданған стандарттарды тұрғызу, баяндау, рәсімдеу, мазмұндау мен белгілеулердің жалпы талаптары 1.5. ҚР СТ белгіленген /15/.

Стандарттау жөніндегі ережелер (Е) мен ұсынымдар (Ұ).

Олар өздерінің сипатына қарай әдістемелік мазмұндағы нормативтік құжаттарға сәйкес. Ережелер мен ұсынымдар нормативтік құжаттарды келістіру тәртібінде, ҚР Мемстандартына салалық, қоғамдық және басқа ұйымдар стандарттары туралы ақпаратты беруге, мекемеде стандарттау қызметін, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын сақтауды, мемлекеттік бақылау жүргізу ережелерін жасауға және басқа да көптеген ұйымдастыру сипатындағы мәселелерге қатыста болады.

Ережелер мен ұсынымдарды тәртіп бойынша, ҚР Мемстандартына немесе ҚР Мемқұрылысқа ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен бөлімшелер әзірлейді. Ол құжаттар жобасын мүдделі тараптар талқылайды, солардың комитеттері бекітеді және басып шығарады.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізімінде тіркелмеген ережелер мен ұсынымдар қолданылуға жатпайды.

Техникалық шарттар (ТШ). Техникалық шарттарды кәсіпорын және басқа шаруашылық қызметті субъектілер стандарт жасау қажет емес жағдайда ғана әзірлейді.

Техникалық шарттар нысаны – аз партиямен шығарылатын бір рет тұтынатын өнім, сондай-ақ көркем - өнер туындылары және тағы солар сияқтылар болуы мүмкін. Техникалық шарттарды қабылдау тәртіптері, жоғарыда атап өтілген басқа нормативтік құжаттардан ерекше.

Техникалық шарттар нормативтік құжатқа жатқанымен, техникалық құжат та болады. Егер өнімді жеткізіп беру келісімдері немесе келісім-шарттарында, оларға сілтеме болса, онда техникалық шарттар нормативтік құжаттар сияқты қаралады.

Техникалық шарттардың келісілу тәртібінің ерекшелігі, өздерінің талаптарына сәйкестеп шығарған жаңа өнімді қабылдау кезінде қабылдау комиссиясымен олардың соңғы келісімі болады. Бірақ, коммисияға қабылдау кезінде техникалық шарттарды ұсыну үшін техникалық шарттар жобасы мен оны толықтыратын құжаттамаларды өкілдері өнім қабылдауға қатысатын ұйымдарға алдын-ала жібереді. Егер тәжірибелік партияның қабылдау актісіне қол қойылған болса, техникалық шарт келісілген болып есептелінеді. Осылай өнім өндіру өнеркәсібі партиясының мүмкіндігі туралы мәселесі шешіледі. Кәсіпорын қабылдау комиссиясынсыз өнім өндіру туралы шешім қабылдайтын жағдайда, техникалық шарт тапсырыс берушімен міндетті келісілуі керек.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.