Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 1 страница



Лекция

1.1. Стандарттаудың анықтамалары мен негізгі ұғымдары

Халықаралық сауда мен ғылыми-техникалық байланыстардың өсуі экономикалық және мәдени байланыстардың нығая түсуі, біркелкі нормалардың, ережелердің, факторлардың орнығуын талап етуде, яғни халықаралық стандарттаудың дамуына әкеліп соғуда.

Ұлттық стандарттардың бір-бірінен айырмашылықтары, сауданы қиындатып, ғылыми-техникалық құжаттармен алмасуды тежеп,өндірістердің бірлесулерімен халықаралық маманданудың дамуына кедергі келтіруде.

Ұлттық ұйымдардың стандарттау бойынша өзара байланыстарын нығайту үшін және достастығын арттыруда бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.

Стандарттау бойынша алғашқы халықаралық ұйым 1926 жылы құрылып, «Стандарттау бойынша халықаралық федерацияның ұлттық ассоциациясы» (ИСА) деп аталып, оған 20 ұйым мүше болған. ИСА стандарттау саласы бойынша алғашқы халықаралық достастыққа жол ашты. 32 халықаралық стандарт оның жасауымен және ұсынысымен орындалды. Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты ИСА өз қызметін тоқтатты.

1946 жылы стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) құрылып, оған алғашында 25 мемлекет мүшелікке өтті. ИСО-ның жарғысына сай бұл ұйымның мақсаты – интелектуальды, ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтер аясындағы өзара достастықты дамытуға және халықаралық тауар ауысымын жеңілдету үшін дүниежүзінде стандарттаудың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Осы мақсаттан туындап ИСО кепілдемелер даярлай отырып, 1973 жылдан бастап халықаралық-экономикалық байланыстарды нығайту мен кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуда. Ұлттық және аймақтық стандарттарды жасау үшін халықаралық стандарттарды құрастыруда.

ИСО халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Кеңес беру статусын пайдаланады. ИСО-ның ресми тілдері ретінде орыс, ағылшын және француз тілдері қабылданған.

ИСО-ның жоғарғы органы – Бас ассамблея Стандарттау бойынша ИСО-ға мүше елдердің барлық ұлттық ұйымдардың өкілдері қатысудағы жалпы жиналыс) ережеге сәйкес, үш жылда бір рет жиналып отырады. Резолюция, көпшілік дауыстың қорытындысы бойынша қабылданады.

ИСО-ның негізгі қызметі - өз кәсіптеріне мамандандырылып арнайы құрылған техникалық комитеттермен орындалатын (ИСО/ТК/ПК) халықаралық стандарттар даярлау. Барлығы 150- ден аса техникалық комитеттер құрылған, оның ішінде ТК-3 «Дәлдік шегі мен қондыру», ТК-22 «Автомобильдер», ТК-44 «Пісіріп қосу» және тағы да сол сияқтылар /1,2,3,33/.

70 ел ИСО-ның мүшелері болып табылады.

Біздің еліміз ИСО-ға ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) мемлекеттік стандарты есебінде өкіл. Оның өкілдері ИСО кеңесі құрамына тұрақты түрде сайланып, көптеген техникалық комитеттердің жұмысына қатысады.

ИСО-ның жұмысына ТМД-нің қатысуы стандарт сапасының өсуінде қомақты рөль ойнайды, яғни шет елдік ғылым мен техникалық жетістіктері жайлы кең ақпарат алуға, отандық мемлекеттік стандарттарда ИСО тарапынан қабылданған кепілдемелер мен стандарттарды қолдануға, өзіміздегі ИСО-ның талаптарына сай қабылданған стандарттарды жария етуге мол мүмкіндік береді.

Өнімнің сапасын, оның техникалық деңгейін көтеру үшін, еңбек өнімділігін арттыру мен материялдық ресурстарды үнемдеу үшін халық шаруашылығының барлық саласында ғылымның, техниканың жетістіктерін ескере отырып, практикалық іс-тәжірибелердің негізінде стандарттау жүйесін тұрақты түрде дамытып, жетілдіріп отыру қажет.

Өнім сапасын жақсартумен, оның тиімділік деңгейін қамтамасыз ету үшін төмендегідей қажеттіліктерді шешу керек: өнім сапасы көрсеткіштерінің біркелкілік жүйесін сынау мен қадағалаудың әдістері мен құралдарын анықтау; өлшеудің біркелкілігі мен сенімділігін қамтамасыз ету; жоғарғы дәлдікті өлшеу құралдары мен әдістерін жасау және тағы сол сияқтылар.

Бұл тапсырыстардың барлығын мемлекет көдемінде олардың мазмұндары мен мақсаттарына қарай салалар бойынша өндірістік қоғамдар және кәсіпорындар деңгейінде шешуге болады.

Халықаралық стандарттау іс – тәжірибелерін ескере, Қазақстан Республикасы мемелекеттік стандрттау жүйесіндегі (ҚРСЖ) қазіргі қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: стандарттау, стандарттау нысаны, стандарттау жөніндегі нормативтік құжат (НҚ), стандарт (СТ), мемлекеттік стандарт (ҚРСТ), техникалық реттеу (ТР), техникалық – экономикалық инфрақұрылым жіктеуіштері (ТЭИЖ), ҚР техникалық – экономикалық ақпарат жіктеушісі (ҚР ТЭАЖ), сала стандарты (ССТ), кәсіпорын стандарты (КСТ), ғылыми – техникалық, инженерлік бірлестіктер стандарты (БСТ), стандарттау жөніндегі ережелер (Е), стандарттау жөніндегі ұсынымдар (Ұ), техникалық регламент, халықаралық стандарт, аймақтық (халықаралық) стандарт, мемелекетаралық стандарт (МСТ), ұлттық стандарт (ҚР СТ), үйлестірілген стандарт, стандарттар кешені, халықаралық стандарттау, аймақтық стандарттау, ұлттық стандарттау, стандартты қолдану (пайдалану), стандарттың құрылымдық элементтері, стандарттау теориясы, стандарттаудың обьективті (әділ) заңы және тағы сол сияқтылар /3,14,15,16/.

Стандарттау төңірегіндегі іс-әрекеттерде кездесетін негізгі терминдер мен ұғымдар /15/:

Аккредиттеу– аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу нысандарының белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.

Аудит(сәйкестікті растау саласындағы) – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.

Инспекциялық бақылау – сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерге белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеру.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзіреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемелекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай – ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы – аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты.

Мүдделі талаптар– қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай – ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар.

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетіліетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерге, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

Сәйкестік сертификаты- өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерге белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестікті бағалау- өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі.

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығаратын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Стандарт - уәкілетті орган көзделген тәріппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу нысандарына ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Норма – қанағаттандырылуы қажет сандық немесе сапалық критерийлерді белгілейтін шарт.

Стандарттау– нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – бекітілген стандарттау нысандары немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізгі экономика салаларында құралатын консультациялық – кеңесші орган.

Техникалық регламент- өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Техникалық кедергі – техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган.

Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Мысалы, Қазақстан Республикасы (ҚР СТ), Ресей Федерациясы (ГОСТ Р), Украина (ДСУ), Германия (ДIN) және тағы да сол сияқты ұлттық стандарттар.

Ұлттық стандарттау - әлемдік қауымдастықтағы бір ел деңгейінде жүргізілген стандарттау бойынша іс - әрекеттер.

Әлемнің бір елдерінде ұлттық стандарттау мемелекеттік басқару органдарымен іске асырылса (Ресей, Украина, Қазақстан, Белоруссия, Жапония, Қытай, КХДР, Куба), енді бірінде (Германия, Ұлыбритания, Финляндия) – мемелекеттік емес ұйымдармен атқарылады.

Ұйым стандарты – ұйым бекіткен стандарт. Оны «Техникалық реттеу туралы» Заңдағы көзделген мақсаттар үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.

Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртіптерін уәкілетті орган белгілейді.

Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

 

1.2. Стандарттаудың қысқаша даму тарихы

Адамзат қоғамының дамып жетілуі нәтижесінде адамның іс-әрекеттері де үнемі жетіле түсті. Олар түрлі заттар, еңбек құралдары, сондай-ақ жаңа еңбек тәсілдері жасалуынан көрінді. Адамдар еңбектену барысындағы өте сәтті болып шыққан нәтижелері қайта пайдалану мақсатында, оларды белгілеуге және таңдап алуға тырысты. Ерте дүниедегі стандартты размерлі құрылыс бөлшектерінің болуы, стандартты диаметрдегі су құбырларының бірыңғай өлшем жүйесін пайдаланғандығы – стандарттау қызметінің мысалы. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда: «жалпы және көп рет пайдалануға жағдай жасау үшін белгілі бір ауқымды оңтайлы дәрежедегі реттілікке жету» деп аталады.

Өрлеу дәуірінде мемлекеттер арасында экономикалық байланыстардың дамуына байланысты, стандарттаудың әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Венецияда көп мөлшерде су көліктерінің қажеттілігіне байланысты, алдын-ала дайындалған бөлшектердің (унификаттау әдісі қолданылу арқасында) көп ескекті галерлер (кемелер, қайықтар) құрастырыла бастады.

Машина өндірісіне өту кезеңінде стандарттау төңірегінде мынандай есте, көңілде қалатын жетістіктер орын алды: 1788 жылы француз Леблан әрқайсысы бір мезгілде жасалынған мылтықтарға алдын-ала түзетусіз (жөндеусіз) жарай беретін 50 мылтық құлыпын құрастырып шығарды; Германияда корольдің қару шығаратын зауытында мылтыққа – оны жаппай өндіруге көшу мақсатында калибрі 13,9 мм стандарт қойылды; Англияда 1845 жылы қатайтатын бұрам жүйесі енгізілді және сол кезде Германияда теміржол ізінің ені стандартталды.

1875 жылы 19 мемлекеттің өкілдерінің «Халықаралық метрлік конвенцияны» қабылдауы және «Өлшемдер мен салмақтар халықаралық бюросын» құруы – халықаралық стандарттаудың бастамасы болып саналады.

КСРО-да стандарттаудың дами бастауы «Өлшем мен салмақтың метрлік жүйесінің» енгізілуінен есептелінеді. 1925 жылы Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттаудың бірінші орталық органы – Стандарттау жөніндегі комитет құрылды. Комитеттің негізгі міндеттері: стандарттар жасайтын ведомствоның жұмысына басшылықты ұйымдастыру, сондай-ақ стандарттарды бекіту мен басып жариялау. Стандарттардың категориясы - ОСТ (жалпыодақтық стандарт) енгізілді. Комитет бидайдың селекциялық сорттары, шөген, қара металл бұйымдарына және халық тұтынатын кейбір тауарларға бірінші жалпыодақтық стандарттар жасады.

1940 жылы БКП (б) ОК мен КСРО Халық комиссариат Кеңесі 9 шілдедегі Қаулысымен Халықкомдардың стандарттарды бекіту тәртіптерін жойды және КСРО Халық комиссариат Кеңесі маңынан Бүкілодақтық стандарттау комитетін құрды. ОСТ және түрлі сала стандарттарының орнына Мемлекеттік жалпыодақтық стандарт (ГОСТ) категориясы енгізілді. Кейіннен Бүкілодақтық стандарттау комитеті КСРО Министрлер Кеңесіндегі Стандарттар, өлшем және өлшеу құралдары комитетіне айналды.

1968 жылы, 1965 жылдың 11 қаңтарындағы «Елімізде стандарттау жұмыстарын жақсарту туралы» КСРО Министрлер Кеңесі қаулысына сәйкес, дүниежүзілік тәжірибеде алғашқы болып «Мемлекеттік стандарттау жүйесі» (ГСС) мемлекеттік стандарттау кешені жасалынды және бекітілді. ГОСТ 1.0-68 сәйкес, стандарттардың төрт категориясы енгізілді: КСРО мемлекеттік стандарты (ГОСТ), республикалық стандарт (РСТ), сала стандарты (ОСТ) және кәсіпорын стандарты (СТП).

Стандарттау дамуындағы белгілі бір кезең – «КСРО-да стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру туралы» 1985 жылғы 7 қаңтардағы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы болды. Бұл қаулыдағы стандарттаудың басты міндеті: өнімге, оны әзірлеу, өндіру және пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін әзірлеу және де осы құжаттардың пайдаланылу дұрыстығын бақылау болып саналады.

1990 жылдың 25 желтоқсанындағы №1340 «Стандарттау жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру туралы» КСРО Министрлер Кеңесі қаулысында, ел экономикасының нарықтық қатынасқа көшкен жағдайындағы оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялануының міндеттері анықталды. Қаулыда мемлекеттік стандарттау жүйесі концепциясының негізгі шарттарын іске асыру келтірілді. Ондағы басты идея – ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық тәжірибеге сәйкестеп әзірлеу. Қаулының негізгі шарттары: стандарттарға өнім сапасы талаптарының екі категориясын қою – міндетті (міндеттіге өнімнің қауіпсіздігі, экологиялылығы, өзара алмасушылығы мен сыйымдылығын анықтайтын талаптар жатады) және ұсынылатын; мемлекеттік стандарт ретінде халықаралық және шетелдердің ұлттық стандарттарын, егер ол стандарттардың талаптары халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыратын болса тікелей пайдалануға көшу; 1991 жылдан бастап тәртіп бойынша, толық міндетті стандарттау техникалық комитеттері күшімен мүдделі кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері болатын мамандар жасақтаудың мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге көшу. Өкінішке орай, бұл міндеттер сол күйінде КСРО-ның ыдырауына байланысты іске асырылмай қалды.

1992 жылы бұрынғы КСРО территориясында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы стандарттау, метрология және сертификаттау төңірегінде осы елдермен қарым-қатынастың жаңа формаларын іздеуді талап етеді. ТМД-ға қатысты мемлекеттер үкіметі осы төңіректе келісімді техникалық саясат қажеттігін мойындай келе, 1992 жылы 13 наурызда «Стандарттау, метрология және сертификаттау ауқымында келісімді саясат жүргізу туралы» Келісімге сәйкес, стандарттау (және де метрология мен сертификаттау) жұмыстарын халықаралық деңгейде ұйымдастыру міндетін атқаратын стандарттау, метрология және сертификаттау Мемлекетаралық Кеңесі (ТМД МК) құрылды. Келісімге қол қою, сондай-ақ одан кейінгі Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік стандарттарының әзірлене бастауы Қазақстандық стандарттау жүйесінің құрылуының бастамасы болып саналады.

Еліміздің стандарттау тарихында өте маңызды оқиға 1999 жылы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының қабылдануы. Заңда стандарттаудың жалпы ережелері, мемлекеттік стандарттау жүйесі, нормативтік құжаттар туралы ақпарат, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау, стандарт туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық, дауларды шешу және мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру туралы мәселелер нақтыланды. Оның қолдану аясы – мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ еліміздің аумағында шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тараптар болатын.

2004 жылдың 9 қарашысында ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының шығуы, стандартау жөнінде жаңа міндеттер қойды, сондай-ақ Заңға сәйкес стандарттау жүйесі де қайта құрылды /1,3,12,13/.

Лекция

2.1. Стандарттаудың нормативтік құжаттары

Нормативтік құжат - әртүрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижесіне де қатысты ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамлары бар құжат (1.1 ҚР СТ).

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат (1.1 ҚР СТ).

Қазіргі әлемде болатын стандарттау жөніндегі құжаттар иерархиясы 1-кестеде көрсетілген /3/.

Стандарт – белгілі бір ауқымда қолайлы дәрежедегі тәртіпке (реттілікке) жетуге бағытталған, танымал орган бекіткен, консенсус негізінде әзірленген нормативтік құжат (2ИСО/МЭК).

Фирмалық стандарт – бір жеке немесе заңды тұлғамен әзірленген және тек сол жеке немесе заңды тұлға қолданатын нақты өнім, процесс (жұмыс), көрсетілетін қызмет түрлеріне талаптар белгілейтін стандарт /18/.

Фирмалық стандарттарды әзірлеушілер дербес бекітеді.

Фирмалық стандарттар Қазақстан Республикасы қабылдаған стандарттар мен техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

Белгіленген міндетті талаптардың сақталуына, оларды бекіткен жеке және заңды тұлғалар жауапты болады /18/.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган фирмалық стандартты әзірлеу, келісу, бекіту және тіркеу жөніндегі жалпы ережелерді белгілейді.

Стандартта түрлі іс-әрекеттер мен олардың нәтижелеріне қатысты жалпы және көп мәрте пайдалануға арналған жалпы принциптер, сипаттамалар белгіленеді. Стандарт ғылыми-зерттеулер, техникалық жетістіктер және іс-тәжірибелердің қорытынды нәтижелеріне негізделген болуы керек. Сонда ғана оны пайдалану қоғамға тиімді пайда әкеледі.

Нормативтік құжат, оның ішінде – стандарт, консенсус негізінде және кеңесу жолымен мүдделі жақтармен қызметтесуде әзірленсе, онда ол танымал техникалық Ереже (тәртіп) болып есептелінеді. Стандарттар, оларды қолдану мақсаты – қоғам үшін оңтайлы пайда алуға болатын ғылым, техника және іс – тәжірибелер жетістіктерінің жиынтықтары нәтижелеріне негізделеді. Олардың қатарына стандарттаудың өзі бойынша іс-әрекеттер нәтижелерін рәсімдеу үшін пайдаланылатын құжаттардың ең бұқаралық түрі стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер, ТЭАЖ, сондай-ақ бұйымдар, материалдар және заттар эталондары – натуралдық-заттық үлгілер кіреді.

Стандарттау бойынша іс-әрекеттердің соңғы маңызды нәтижелері стандарттау нысандарының, олардың мақсаты немесе функционалды мақсатына сәйкестену дәрежесін көтеру, саудада техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік прогреске және қызметтестікке ықпал ету болып табылады.

Оқулықта, стандарт-нормативтік құжаттардың бір түрі сияқты қаралады. Бірақ тәжірибеде «стандарт» (ағылшынша - standard) термині – норма, шама, эталон, үлгі немесе ол өнімді, процесті (көрсетілетін қызметті) сипаттауға қатысты да пайдаланылуы мүмкін. Мәнісі бойынша бұл принципті қате емес, бірақ эталонды – метрология саласына, ал «стандарт» терминін нормативтік құжатқа қатыстырып қолдану дұрыстау /3/.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.