Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Бап. Бітімгерлік комиссиясы



1. Бітімгерлік комиссиясын тараптар жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі

(олардың өкілдері) өз шешімін қызметкерлерге (олардың өкілдеріне) хабарлаған

не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келіссөздер барысында

келіспеушіліктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде

құрады.

2. Бітімгерлік комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінен тепе-тең

негізде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы шешім жұмыс берушінің

актісімен жəне қызметкерлер өкілдерінің шешімімен ресімделеді.

3. Бітімгерлік комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен

кешіктірмей қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) талаптарын қарайды.

Бітімгерлік комиссиясының талаптарды қарау, көрсетілген мерзімді ұзарту тəртібі

тараптардың келісімімен жүзеге асырылады жəне хаттамамен ресімделеді.

4. Бітімгерлік комиссиясы бітімгерлік рəсім барысында, қызметкерлермен

(олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмыс берушілер бірлестігімен

(олардың өкілдерімен), мемлекеттік органдармен жəне өзге де мүдделі

тұлғалармен консультациялар жүргізеді.

5. Комиссияның шешімі тараптар келісімінің негізінде қабылданады, тараптардың

өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді жəне оның тараптар үшін міндетті

күші болады.

6. Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жеткізілмегенде, оның жұмысы

тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек арбитражы құрылады.

293-бап. Еңбек арбитражы

1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік

комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде

əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе

өңірлік комиссия мүшелерінің

қатысуымен құрады.

2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын

қараудың тəртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде

бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық

бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар

мен басқа да адамдар енгізіледі.

3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан

Сайлайды.

4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары

өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі

адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды.

5. Дауды қарау рəсімін еңбек арбитражы белгілейді жəне ұжымдық еңбек дауы

тараптарының назарына жеткізеді.

6. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен

кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен

қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде

төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дəлелді əрі жазбаша түрде

болуға жəне оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.

7. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол

жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе

шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс.

8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға

Міндетті болады.

294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау

1. Ұжымдық __________еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тəртібі ұжымдық еңбек

дауы тараптарының келісімі бойынша айқындалады.

2. Тараптар өздеріне қатысты тəуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретінде

белгілейді. Əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық,

салалық, өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен

ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық жəне жергілікті

атқарушы органдардың, қауымдастықтардың жəне басқа да қоғамдық

бірлестіктердің басшылары мен қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ

тəуелсіз сарапшыларды тарта алады.

Делдалды таңдау жағдайларының бəрінде олардан делдалдық етуге жазбаша

келісім алынуға тиіс.

295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге қол

жеткізуінің салдарлары

1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен

немесе онсыз шешу туралы келісімге қол жеткізілген барлық жағдайларда

аяқталмай қалған бітімгерлік рəсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы

келісімнің талаптары дауды шешудің талаптары деп есептеледі.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде

Ресімделеді.

2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл

жарияланған болса, оның тоқтатылуына əкеп соғады.

296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер

Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі

келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі

жұмысынан босатылады.

Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге

қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тəртіптік жазаға

тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне

уəкілеттік берген органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы

бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.

297-бап. Тараптардың жəне бітімгерлік органдарының ұжымдық еңбек

дауларын реттеу жөніндегі міндеттері

1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рəсімдерге қатысудан жалтаруға құқылы

Емес.

2. Бітімгерлік __________комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек

дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге

Тиіс.

3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына байланысты

ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса,

қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан

Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке

немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар

ұйымдардың мүлік меншік иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына)

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.