Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Келісе отырып бекітеді



2. Еңбек тəртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу

уақыты, еңбек тəртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын

реттеудің өзге де мəселелері белгіленеді.

3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тəртіптемесі Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен бекітілетін жарғыларда жəне

Ережелерде реттеледі.

4. Еңбек тəртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер

үшін міндетті болып табылады.

70-бап. Еңбек тəртібін қамтамасыз ету

Еңбек тəртібін жұмыс беруші жеке жəне ұжымдық еңбек үшін қажетті

ұйымдастырушылық жəне экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің

еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу

əдістерімен, сондай-ақ тəртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тəртіптік

жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

71-бап. Еңбегі үшін көтермелеу

1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез

келген түрін қолдануға құқылы.

2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тəртібі

Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек

шартында, ұжымдық шартта айқындалады.

72-бап. Тəртіптік жазалар

1. Жұмыс беруші қызметкердің тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің

бастамасы бойынша бұзу түріндегі тəртіптік жаза қолдануға құқылы.

2. Осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында

көзделмеген тəртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

73-бап. Тəртіптік жазаларды қолдану жəне оған шағым жасау тəртібі

1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тəртіптік жаза қолданады.

2. Жұмыс беруші тəртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша

түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас

тартуы тəртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған

түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.

3. Жұмыс беруші тəртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тəртіптік теріс

қылықтың мазмұнын, сипатын жəне ауырлығын, оны жасаудың мəн-жайларын,

қызметкердің оның алдындағы жəне одан кейінгі тəртібін, еңбекке деген

көзқарасын ескеруге тиіс.

4. Əрбір тəртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тəртіптік жаза ғана қолданыла

Алады.

5. Жұмыс берушінің қызметкерге тəртіптік жаза қолдану туралы актісі:

1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;

2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан

босатылған;

3) қызметкер демалыста болған;

4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

6. Тəртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні

ішінде тəртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады.

Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас

тартқан жағдайда, тəртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба

жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тəртіптік жаза қолдану туралы актісімен

жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге

Хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

7. Қызметкер тəртіптік жаза жөнінде осы Кодексте белгіленген тəртіппен шағым

Жасай алады.

74-бап. Тəртіптік жазаларды белгілеу мерзімі

1. Осы Кодекстің 73-бабы 5-тармағында жəне Қазақстан Республикасының басқа

да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тəртіптік жаза қызметкерге

тəртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен

бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

2. Тəртіптік жазаны - тəртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан

асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе

ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру

нəтижелері бойынша тəртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер

тəртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға

болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты

Кірмейді.

3. Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық

міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына

байланысты жұмыста болмаған уақытында тəртіптік жаза қолдану мерзімінің

барысы тоқтатыла тұрады.

75-бап. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі

1. Осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды

қоспағанда, тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап

алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тəртіптік жазаға

тартылмаса, оның тəртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

2. Қызметкерге тəртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен,

қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің

өтініші бойынша тəртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

7-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

76-бап. Жұмыс уақыты

1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған жəне толық емес жұмыс уақыты

болуы мүмкін.

2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма,

материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын

дайындау жəне жинау, дайын өнімді тапсыру жəне басқалар), еңбек

технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау

ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете

алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке жəне

демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік жəне еңбек шартында,

ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.

77-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін

төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

78-бап. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының

қысқартылған ұзақтығы

1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған

ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сəйкес белгіленеді.

2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе)

қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған

ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сəйкес белгіленеді.

3. Бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының

қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сəйкес белгіленеді.

4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында

көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін.

5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде

еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сəйкес жүргізіледі.

79-бап. Толық емес жұмыс уақыты

Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:

толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының

нормасын азайту;

толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын

қысқарту;

бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту

жəне жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс

уақыты болып есептеледі.

80-бап. Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары

1. Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін толық емес жұмыс

уақыты белгіленуі мүмкін.

2. Толық емес жұмыс уақыты белгілі немесе белгісіз мерзімге белгіленеді.

3. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы

Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл

сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге əкеп

соқтырмайды.

81-бап. Жұмыс аптасының түрлері

1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы

жұмыстың ерекшелігі ескеріле жəне жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы

сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

2. Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын

енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс

Аптасы белгіленеді.

3. Жұмыс беруші еңбек шартының жəне (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына

сəйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.

82-бап. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы

1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)

ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат

болғанда - 7 сағат 12 минуттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан

аспауға тиіс.

2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)

ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат

болғанда - 6 сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға

Тиіс.

3. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың

(жұмыс ауысымының) басталу жəне аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты

жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек

тəртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. Өнер жəне мəдени демалыс кəсіптік ұйымдарының шығармашылық

қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар,

жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс

берушінің актілеріне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сəйкес күнделікті

жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін.

83-бап. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу

1. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге:

1) жұмыс қарқындылығы əртүрлі болатын жұмыстарда;

2) егер бұл қызметкердің əлеуметтік-тұрмыстық жəне өзге де жеке

қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі.

2. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс

уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының)

белгіленген ұзақтығынан аспауға тиіс.

3. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері,

жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар

жұмыс үшін қызметкерлерге төленетін өтемақылардың түрлері мен мөлшері еңбек

шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.

84-бап. Ауысымдық жұмыс

1. Өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі

күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық

жұмыс белгіленуі мүмкін.

2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс

ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.