Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Молда мен жолаушы дауы

Кездеме дауы.

Автор: Ақсақ Темір заманында Түркістан шаһарында тұратын бір ноғай мен сарт мата сататын базарда кездемеге таласып, аяғы төбелеске айналыпты. Сарт баспен ұрып, ноғайдың тұмсығын бұзыпты. Екеуі Әзіреті Сұлтан мешітінің софысы Мақтым Ағзам қожаға жүгінуге барыпты. Сөйтсе, ол үйде Боралдай жағынан Бәйдібек би келіп түстеніп отырады. Мақтым Ағзам Бәйдібекке өтініш жасайды:

- Биеке, бұлар көршілерім еді; Екеуін де ренжітпей жанжалын шешіп беріңізші? Лажы болса, татуластырып жіберсеңіз, тіптен жақсы болар еді.

Бәйдібек би:

- Екі жағын бірдей риза ету оңай шаруа емес. Мейлі, келсін, сөйлесіп көрейін

Мақтым Ағзам:

-есік алдында тұрғандар үйге кіріңдер.

Сарт пен ноғай амандасқан соң, Мақтым Ағзам:

-Ал қандай шаруамен келгендеріңді айтыңыздар-дейді

Автор: Екеуі келіп, төрге отырған биге шағына бастайды. Шағынудың жайы белгілі, әрқайсысы өзінікін жөн деп санайды ғой баяғы.

Ноғай :

- кездемені мен сатып ала бергенімде, мынау сарт келді де, 40 сөлкебай артық төлеп тартып алды. Мен мұның қалай дей беріп ем, басымен сүзіп бетімді даладай қылды. Осыныкі жөн бе?- дейді.

Сарт :

-Алғашқы сауда менікі еді. Мынау ноғай келді де бүлдірді. Онысымен тұрмай мені «сарт, сарт, екі аяғыңды мойныңа арт» деп кекетті. Менің намысыма тиіп жатса, мен қарап тұрамын ба, ұрғаным рас,- депті.

Автор: Екеуін тыңдап болған соң Бәйдібек би былай депті:

- Екеуің де ересек адамсыңдар, осындай ұсақ-түйекке бола асыққа таласқан балаларға ұқсап төбелескендерің жараспай-ақ тұр. Бұл бір, онан соң сендер бір-біріңмен бұрыннан өштескен жау емессіңдер ғой. Екеуің де Әзірет Сұлтан бабамызға сыйынған мұсылмансыңдар. Бәріміздің түбіміз бір емес пе? Бір-бірімізді «сарт-март», «ноғай- поғай», «қазақ-мазақ» дей берсек, сырт дұшпанға күлкі болмаймыз ба? Оданда: ынтымақ, бірлік, достық, сыйластықты сақтайық -та!

Тірлік басқа болса да, Тілек бір,

Бармақ басқа болса да, Білек бір,

- Емес пе!- дейді.

Сонда сарт: - Дұрыс айтасыз, биеке, жөн сөз, бір түсінбестік болды.

Сарт: -Кешіріңіз,- депті де, екеуі қол алысып тарапты.

 

 

Автор : -Бұл жерде билік айтудан көрі, екі жақты татуластыру шеберлігі жатыр. Екі жақтың да ұстамсыздығы – екеуін де кінәлі етіп, ал түбі бір туысқан халық екендіктері, мұсылман 1 дінін ұстанатындығы оларды бітістірудің құралы ретінде пайдаланылған.

-Ал Мақтым Ағзамның «Екеуін де ренжітпей жанжалын шешіп беріңізші? Лажы болса, татуластырып жіберсеңіз, тіптен жақсы болар еді» деген сөздері бітімгершіліктің екі жақты бірдей риза қылуға бағытталғанының тағы бір айғағы. Ер татулығы – ел татулығы.-деген қазақ.

 

1-жүргізуші:Осылайша Бәйдібек атамыз істің мән-жайын анықтап екі жақты татуластырды. Билік мыкты болса, тірлік құгты болады дегенді осыдан көре аламыз.

 

2-жүргізуші: Бәйдібек би өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты.

Бәйдібек атамыздың жылқышыларына айтқан сөзімен ортаға Уалиханова Мадинаны шақырамыз.

Мадина :

Малды жақсы баққаның -

Өзіңе абырой тапқаның.

Малды жаман баққаның -

Келген бақты каққаның.

Кендірмен байлама!

Жыңғылмен айдама!

Кендірменен байласаң,

Жыңғылменен айдасаң,

Мал өсер деп ойлама!

Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ,

Таста тамыр жок,

Суда қаймақ жоқ.

Бір кісінің баласындай бол,

Бір қолдың саласындай бол.

Жылқышы жылқыны

баққанын айтар,

Қойшы қойына өріс

тапқанын айтар,

Түйеші түйесінің шаңдаққа

жатқанын айтар,

Аңшы қақпанының

қапқанын айтар,

Мерген аңшы атқанын айтар,

Саудагер матасын

сатқанын айтар.

Қасқыр мен ұры мінездес -

Екеуі де түнді аңдиды.

Бұлбұл мен гүл мінездес -

Екеуі де күнді аңдиды.

1-жүргізуші. Ал енді, Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан алқалы сөздерін Балтабай Алишер айтады:

Алыс жолға шығар болсаң,

Алдымен жолдасыңды сайла.

Жауыңды жығар болсаң,

Алдымен қолбасыңды сайла.

Керуен басы білікті болса,

Түйе азбайды.

Қолбасы білікті болса,

Сарбазы тозбайды.

1 жүргізуші: Ал енді, « Молда мен жолаушы дауын» тамашалаңыздар.

Молда мен жолаушы дауы.

2-жүргізуші: Рөльде: Автор: (Тлеубекова Куралай), Бәйдібек би (Ермат Нуриддин), Уй иесі:(Балтабай Алишер ) ,жолаушы (Кунчашев Иманжан ), молда( Бақытжан Қажымұқан) J

Автор:

Бай үйдің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" -деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап,кедейлерді кемсітіп, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жолаушысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады.

Жолаушы: - Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді.

Жолаушының бұл сөзі шымбайына батқан молда:

- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады.

Автор : Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 2 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады. Отырған халық орнынан тұрып амандасып болған соң, Бәйдібек би:

- Бұл не жанжал,- дейді,

үй иесі :-молдекең айтқан сөзге , менің жолаушым қарсы шыққан еді, арты дау болып кетті,- деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді.

Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:

- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз. - Ал, жігітім, - деп босағада отырған жолаушыға қарап: - Есікте отырып ұрыс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Осы үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын: 

- "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,

Есікте отырып керіс сөйлегеннен без"- деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті.

Өз әрекетінің дұрыс еместігінтүсінген молда барша халықтан кешірім сұрап, осылайша дауды Бәйдібек би арқасында шешеді.

1-жүргізуші:

Ел даусыз болмайды,

Ер жаусыз болмайды.- демекші осы көріністе біз көрген дау шешімін таба білетін Бәйдібек бидің сөзге шешен әрі әділ би болғанын көре аламыз.


2-жүргізуші:қорытындылай келе Бәйдібек би қазақ арасында болатын дауларға билік айтқан. Мақсаты етип осы дауларда бір жақты жеңіске жеткізіп, ал екіншісін айыптау емес еді, яғни билік айтуға емес . Керісінше лажы болса екі жақтытатуластыруды көздеді. Сонымен қатар шешімдерін дереу таба қоятындығын көріністерден көре алдық.

1-жүргізуші: Осымен Бәйдібек биге арналған танымдық кешімізді аяқтаймыз. Халқымызда қара сөзді қақ жарып айтатын, әділ билер қатары көп болсын ағайын.

1,2- Жүргізуші: келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

1-жүргізуші:Алаш Кәмилә; 2-жүргізуші: Жолжан Алмас.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.